Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет91/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

 
Бақылау сұрақтары 
1. Д.Релей теңдеуін түсіндіріңіз 
2. Дисперстік анализдің оптикалық әдістеріне талдау жасаңыз.
 
 
Дәріс №20. Дисперсионды анализдегі микроскопиялық жарық әдістері. 
Ультрамикроскопиялық. Электронды микроскопия. Нефелометрия. 
1. Электрондық микроскоптық әдіс 
2. Нефелометрлік әдіс 
3. Турбидометрлік әдіс 
4. Ультрамикроскоптық әдіс 
 
1 Электрондық микроскоптық әдіс
Қазіргі кезде бөлшектердің шамасын анықтаудың ең сенімді әдістерінің бірі-
электрондық микроскоптық әдіс. Бұнда жарық сәулелерінің орнына электрондар 
қолданылады. Соның нәтижесінде микроскоптың көру қабілеті үлкейіп, онда коллоидтық 


118 
бөлшектерді көруге және фотоға түсіруге болады. Бұл электрондардың әрі кванттық 
/материалдық/, әрі толқындық қасиеті болатын табиғатына байланысты.Электрондар 
ағынының толқын ұзындығы 0.02-0.05 A°, бұл атом шамасынан да кіші, осының 
арқасында электрондық микроскоп арқылы шамасы 5-10A° болатын бөлшектерді көруге 
және суретке түсіруге болады. 
Электрон шоғырларының электрондық микроскопта жүру жолдары 4 - суретте 
бейнеленген. Жалпы алғанда электронның жүру жолдары жәй микроскоптардағы сәуленің 
жүру жолдарына ұқсас. Тек мұнда электрондар шашырап, оңай жұтылатын болғандықтан, 
оларды фокустау үшін электрлік, не магниттік өріс тудыратын электромагниттік 
катушкалар қолданылады. Электрондық микроскоптың ішінде электрондардың 
шашырауын азайту үшін жоғарғы вакуум сақтайды. 
4 - сурет. 
Зерттеп отырған объектіміздің өте жұқа болу керек, олай болмаса объектіміз қызуы 
және бұзылуы мүмкін. Объектінің жұқа қабаты әртүрлі жұқа пленкаларға /көміртек, 
кварц/ төселеді. 
Электрондық микроскоптағы электрондардың жүру жолдарының сұлбасы. 1. 
Электрон көзі. 2. Конденсорлық линза. 3. Зерттеу объектісі. 4. Объективтің линзасы. 5. 
Аралық бейне. 6. Проекциялық линза. 7. Флуоренциялық экрандығы соңғы бейне. 8. 
Фототабақша. 
Электрондық микроскоптық әдістің кемшілігі сол-зерттеу объектісін даярлау қиынға 
соғады және жоғарғы вакуумды да ұстап тұру да оңайға соқпайды. Оның үстіне қарап 
отырған объектіміз вакуумда болғандықтан, біз коллоидтық жүйені емес, құрғақ 
коллоидтық бөлшектерді байқаймыз. Осысына қарамастан электрондық микроскоптар 
өмірде көп қолданылады. Өйткені олардың көмегімен бөлшектердің шамасын ғана емес, 
пішіні мен құрылысын да тексереді. Олар арқылы кейбір үлкен молекулаларды/ белок 
молекулаларын/, вирустарды байқауға болады. В.А. Каргин мен З.Я. Брестнева осы тәсілді 
қолдана отырып, зольдерді алу кезінде алдымен дисперстік фазаның бөлшектерінің 
атомдық агрегат күйінде кейінірек барып, олардың кристалдық күйіне ауысатынын 
көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет