128
Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің табиғаты мен өзара әрекеттесу сипатына орай,
сорбция құбылысын физикалық және химиялық деп бөледі. Физикалық сорбция әлсіз
және қайтымды. Ол тек молекулааралық, яғни ван-дер-ваальстік күш әсерімен жүзеге
асады. Ал химиялық сорбцияны көбіне хемосорбция деп те айтады және ол қайтымсыз,
өйткені ол артық не бос валенттілік арқылы іске асады. Хемосорбцияның өзі онан әрі
жіктеле келіп, абсорбциялық және адсорбциялық болып бөлінеді. Бұл бөлулер тек шартты
ғана.
Капилляр
(жіңішке түтікше)
конденсациялы
сорбциялық процестер деп
аталатын құбылыстың негізгі мәні тек сіңіруде ғана емес, мысалы, активті көмірдің өз
бойына газдар мен буларды сіңіретіні сияқты, жеңілдетілген қатты қуыс сорбенттердің өз
бойына конденсациялануымен де ерекше мәнде болады. Капиллярлы конденсация ең
әуелі оңай да жеңіл қысылатын (сығылатын) газдарда жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: