126
бөлшекті сыртқа итеру күшінің әсерінен су беті осы гидрофобты топпен қанығады. Осы
бағытта жүргізілген көптеген тәжірибелер көрсетіп отырғандай, БАЗ радикал құрамына
енетін көмірсутекті тізбектің ұзындығы арткан сайын, оның судағы ерігіштігі нашарлай
түсіп, оның басым көпшілігі сұйық бетіне орналасады.
Мұның салдарынан олардың
адсорбциялау қабілеті артады. Ендеше гидрофобты топтың сұйық бетіне молырақ
жиналғандығынан да оның беттік керілуі азаяды.
Сондықтан да заттардың беттік активтілігі және соған орай адсорбциялау
қабілеті полюсті топтың табиғатына, молекула құрылысы мен көмірсутекті тізбектің
ұзындығына тәуелді болады екен. Бұл пікірді дәйекті дәлелдеу мақсатымен жүргізілген
зерттеулерге
қарағанда, қосылыс құрамына енетін кемірсутекті тізбек ұзындығы артқан
сайын (мысалы, органикалық карбон қышқылдарын алса), олардың судағы ерігіштігі
нашарлай береді.
Қаныққан карбон қышқылдарының судағы ерітінділерін зерттегенде, қышқыл
құрамындағы көмірсутекті тізбек әрбір — СН
2
—
тобына көбейген сайын, олардың
адсорбциялау қабілеті шамамен 2—3 есе артады екен. Бұл Траубе-Дюкло ережесі деп
аталады:
карбон қышқылындағы тізбек ұзындығы арифметикалық прогрессиямен өссе, ал
олардың беттік активтілігі геометриялық прогрессиямен артады.
Траубе-Дюкло ережесі тек аса сұйық, төменгі концентрациядағы ерітінділер үшін
ғана қолданылады. Осы тұста Траубе-Дюкло ережесінің қалыпты температура үшін
қолданылатынын айта кету қажет. Өйткені адсорбция кезінде температура жоғары болса,
онда десорбция құбылысы басымырақ болып, адсорбция нашарлайды, мұның нәтижесінде
беттік активтілік төмендейді.
Беттік
Достарыңызбен бөлісу: