122
Егер дисперстік фазаның тығыздығы /
/
және салмақтық концентрациясы /с/ белгілі
болса, онда мынадай тепе-теңдікті жазуға болады:
V·
·У = с
Мұнда, V-бөлшектің орташа
көлемі.
Бұдан:
Егер бөлшектер шар тәрізді болса, оның радиусын былайша табамыз:
Егер куб тәрізді болса: l=
Коллоидтық
жүйелерді
ультрамикроскоптың
көмегімен
байқай
отырып,
бөлшектердің шамасы ғана емес,олардың пішінін де анықтауға болады. Егер қараңғы
өрісте бөлшектер жылтылдап тұрса, оны олар анизодиаметрлік бөлшектер деп атайды.
Жылтылдаудың себебі шар тәрізді емес бөлшектердің броундық қозғалыстың әсерінен
жарық сәулесіне әртүрлі жазықтықтан бұрылады да, әртүрлі шашыраған сәуле байқаймыз.
Егер бөлшектер жылтылдамай жәй ғана жарықтанса, олардың пішіні изодиаметрлік
болады.
Бөлшектердің шамасын ультрамикроскоппен анықтаудың кемшілігі сол, алынған
мәніміз бөлшектердің шамасының орташа мәнін көрсетеді. Оның үстіне айтып отырған
тәсіліміз адамды тез қажытады. Олай дейтініміз алынған мәліметіміз дұрысырақ болу
үшін жүз, не мыңдаған өлшемнің орташа мәнін есептеу керек.
Сол себептен Б.В. Дерягин мен Г.Я. Власенко арнайы ағындық /тасқынды/
ультрамикроскоп конструкциясын жасады. Бұл арқылы аэрозольдегі, не лиозольдегі
бөлшектердің санын жылдам анықтауға болады.Оның сұлбалық құрылысы 8 - суретте
көрсетілген.
Мұнда зерттеп отырған зольімізді белгілі бір жылдамдықпен кюветаның
121
микроскоптың /5/ осіне параллель түтікшесімен
жіберіп байқайды. Бөлшектер жарық сәулесі /3/
түсіп тұрған зонадан өте жарқылдайды.
Ондағыжарқылдаған бөлшектер санын мик-
роскоппен қарау арқы-лы санауға болады. Ол
санды зерттеп отырған зольіміздің жалпы
көлеміне
бөліп,
бөлшектердің
сандық
концентрациясынта болады.
Жалпы көлем есептегіш /1/ арқылы
өлшенеді.
Осының
нәтижесінде
кәдімгі
ультрамикроскопта болатын қателер болмайды да,
оның үстіне зерттеуге кететін уақыт өте аз болады. Зерттеуге кететін уақыт 100 және одан
да көп мәрте азаяды.
Бұл тәсілді автоматтандыруға да болады. Ол үшін сәулелерді фотокөбейткіштің
катодына түсіреді. Сонда сәуленің кюветадан өтетін бөлшектердің әсерінен беретін
жылтылдауы электр импульсін туғызады, ал оны күшейткеннен кейін есептегіш арқылы
тіркеуге болады.
Қазіргі уақытта ағындық /тасқындық/ ультрамикроскоптар ТМД елдерінде көптеген
зерттеу мекемелерінде, шахталарда,далалық және экспедициялық жағдайларда кең түрде
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: