125
Бұл теңдеудің
екі жағын да көлемге
(V)
бөлсек, көлемнің бірлік өлшеміне тиесілі
жалпы энергия қорын немесе беттік меншікті эпергияны
(E
V
) өрнектейтін формула
шығады:
E/V=E
V
=KV/V+σS/V
(4)
немесе
E
v
=K+σS/V
(5)
Бұл теңдеуден
егер бөлшек көлемі
(V)
үлкен болса, онда теңдеудегі екінші
мүшенің мәні азаяды,
оны ескермесе де болады, немесе дисперстілік дәрежесі
жоғарылаған сайын бөлшек көлемі кішірейе түседі де бөлшек энергиясы негізінен беттік
энергиямен байланысады.
Дисперсті фазаны онан әрі молекулаға немесе ионға дейін ұсақтаса, онда мұның
салдарынан фазадағы жанасу шегі жоғалып, беткі қабат жойылады. Мұндайда (5)
теңдеудің оң жағындағы екінші мүше мәні нөлге теңеледі.
Сондықтан да коллоидты-
дисперсиялық системаларда өте үлкен мәндегі беттік бос энергия болады. Өйткені олар
тіпті аз концентрацияның өзінде де, мысалы, концентрациясы 0,001%
болатын бір литр
коллоидты ерітіндідегі бөлшектердің жанасу шегінің қосынды беті ондаған шаршы
метрмен өлшенеді.
Термодинамиканың екінші заңына орай бос энергияның артық қоры болатын
системалардағы процестер осы энергия қорын төмендету бағытында өздігінен жүре алады.
Беттік энергия екі шаманың көбейтіндісі
арқылы өрнектелгендіктен, беттің бірлік
өлшеміне тиесілі энергия қоры азайғанда беттік энергия да азаюы мүмкін. Коллоидты-
дисперсиялық бөлшектердің
қосынды бетінің азаюы, белшектердің бірігіп, өздігінен
үлкеюіне әкеледі, яғни ол коагуляцияланады.Сол сияқты беттік керілу күшінің
азаюы
дисперсті ортадағы атомдар мен молекулалардың беткі қабатқа тартылу салдарынан
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: