120
Бөлшектер шамасын анықтау үшін коллоидтық жүйенің
жарықты шашырату
қабілеті ғана емес, шашырату нәтижесінде өткен сәуленің қарқындылығын азайту қабілеті
де қолданады. Бұған негізделген тәсілді турбидометрия деп аталады. Шашырататын
ортадан өткен сәуленің қарқындылығы мына формула бойынша
көрсетуге болады: I=I
0
e
-k·c
l
Мүнда, с-бөлшектер концентрациясы.
l-кюветаның (ыдысшаның)
қалыңдығы
к- лайлау коэффициенті.
Бұл үшін өлшеуді кәдімгі колориметр мен спектрометрлер арқылы ертіндінің
ылайлығын анықтайды. Турбидометрлік әдіс -коллоидтық
химияда көп қолданылатын
тәсілдердің бірі, ол туралы аналитикалық химияда толық жазылған. Коллоидтық
бөлшектер шамасы мен пішінін анықтайтын тәсілдердің бәрі золь түссіз
болғанда ғана
қолданылады. Түсті зольдер, әсіресе металдық зольдер үшін қолдану жөнді мәлімет
бермейді.
4. Ультрамикроскоптық әдіс
Аббеннің дифракциялық теориясы бойынша оптикалық микроскоптар тек
бөлшектердің шамасы λ/2
-ден жоғары болғанда ғана толық
мәлімет бере алады
/мұнда, λ- толқын ұзындығы, n-ортаның сыну көрсеткіші, α -бөлшекті көру бұрышының
жартысы/.
Осы теорияға сүйене отырып, есептеу микроскоптың қабілеті шамасы 2,5*10
-5
см
жоғары болатын бөлшектерге ғана жететінін көрсетеді. Ендеше, коллоидтық бөлшектерді
жәй микроскоптар арқылы байқауға болмайды .
1903 жылы Р. Зигмонди мен Г. Зидентоп коллоидтық бөлшектерді зерттейтін-
ультрамикроскоп деген құралды жасады. Олар ұсынған ультрамикроскоптың сұлбасы 6 -
суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: