119
отырған зольдің бөлшектерінің шамасын анықтау үшін /егер
пайыздық концентрация
тұрақты бола отырып, қалыпты /стандартты/ зольдің пайыздық концентрациясы тең
болатын болса/ қолданылады.
Нефелометр зерттеп отырған коллоидтық ерітінділердің жарық шашырату
қарқындылығын стандарттық
ерітіндегі жарық
шашырату
қарқындылығымен
салыстырмалы
түрде анықтайды. Оның құрылысы 5-суретте
көрсетілген. Нефелометр бірдей 2 цилиндр тәрізді
ыдыстан тұрады, оның біріне стандарттық ерітінді,
екіншісіне зерттеп отырған коллоидтық ерітінді
толтырады. Ыдыстарға, бір жағынан күшті
шоғырланған параллель сәуле түсіріп, Фарадей-
Тиндаль
эффектісін
байқауға
болады.
Ал
шашыраған
сәулелер болса, ыдыстардың
жоғарғы жағына араласқан ыдыстардың
оптикалық бөлігіне түседі. Егер
зольдерге бөлшектер шамасы бірдей болып,
олардың
концентрациясы
әртүрлі
болатын
болса,онда шашыраған
сәуле қарқындылығы
бірдей болмайды; яғни окулярда жартылай
шеңберлердің түстерінің әртүрлі- бірі
қараңғылау, бірі жарықтау - болатынын көреміз.
Жарықтың шашырауқарқындылығы бірлік
көлемдегі бөлшектер санына басқаша
айтқанда
зольдің концентрациясына про-
порционал. Сондықтан жартылай
шеңберлердің жарықтылығы бірдей болу үшін,
оны шашыраты тұрған бөлшектер саны стандарттық және зерттеп отырған
ерітінділерде бірдей болу керек.
Егер ерітінділер әртүрлі концен
трациялы болса, онда төменгі концентрациясы
ерітіндінің жа-рықталынған бөлігінің биіктігі екінші ерітіндідегі биіктіктен көп болу
керек. Ол биіктікті нефелометрдің арнаулы тетігімен реттеуге болады. Егер екі
ертіндіден шашыраған жарық қарқындылығын бірдей етіп реттесек / I
1
=I
2
/ онда жарық
түсірілген биіктік пен ерітінділердің концен-трациясы арасындағы
байла-нысты былай
көрсетуге
болады:
Ал стандарттық ерітіндінің концентрациясын /с
1
/ біле
отырып, зерттеп отырған ерітіндідегі бөлшектер концентрациясын былай жазуға
болады:
C
2
=C
1
Егер екі ертінділердің концентрациясы бірдей болса, онда зерттеп
отырған ерітіндідегі бөлшектің көлемін осыған ұқсас мына өрнек бойынша, =
былайша табуға болады: V
2
=v
1
мұнда V
1
- деп отырғанымыз стандарттық зольдің
бөлшегінің көлемі.
Нефелометрдегі кей-кезде жарықты аз шашырататын
заттардың концентрациясы
мен көлемін анықтау үшін де қолдануға болады. Ол үшін көрінетін жарық емес,
ультракүлгін сәулесін қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: