127
мұндағы ∆σ
— ерітінді мен еріткіштің беттік керілулерінің айырмасы;
А
және
В
—
тәжірибе кезінде табылатын тұрақтылар;
A
— әрбір гомологиялық
қатарға өзгергенде,
Траубе-Дюкло ережесіне орай өзгеретін шама. Демек, гомологиялық қатар бір буынға (-
СН
2
-) артқанда, ол орташа есеп бойынша 3,2-ге тең, карбон қышқылдары үшін тәжірибе
кезінде табылған тұрақты өлшем,
С
— концентрация.
Шишковский теңдеуін теорияға, тәжірибеге қайшы келмейтін жолмен де табуға
болады екен. Ол үшін Ленгмюр (5)- және Гиббс (6) теңдеулерін біріктіру қажет:
Ленгмюрдің адсорбцияны сипаттайтын изотермасындағы
Г
мәнін Гиббс теңдеуіне қояды.
dσ/dC=-RT(Г/C); dσ = -RTГ
∞
(dC/(С +B))
және мұндағы соңғы өрнекті концентрация 0-ден
С-ға дейінгі аралықта, яғни
концентрацияның нөлге тең кезінен бастап, берілген концентрацияға дейінгіде
интегралдаса:
σ= σ
0
-RТГ
∞
In
(C/B+1)
(8)
Енді бұл теңдеуді Шишковский теңдеуімен салыстырса
σ= σ
∞
— Bln
(AC+1),
онда Шишковский теңдеуіндегі
В
— константаның мәні туралы қорытындылай келіп,
B=RTГ
∞
(RT/N
A
S
0
)
(9)
екенін жазуға болады.
Мұндағы
N
A
—Авогадро саны;
S
o
—қаныққан қабаттағы бір молекула үлесіне тиетін
аудан,
В
константасы Шишковский теңдеуіндегі шекті адсорбция мәнімен анықталады
екен және оған осы, кезде қаныққан адсорбциялық қабат немесе осы қаныққан
адсорбциялық қабаттағы бір молекула үлесіне тиесілі аудан сәйкес болады. Ал
Шишковский теңдеуіндегі
А
константасының мәні Ленгмюр теңдеуіндегі
В
констасымен
мәндес.
БАЗ халық шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Олардың болмашы ғана
мөлшерін басқа заттарға косқанда, онымен жанасатын зат табиғаты өзгеріп, оның
көптеген қасиеті, беттік сипаты өзгереді. Олай болса БАЗ пайдаланып, дисперстік
системаның пайда болатын жағдайын ғана өзгертіп қоймастан, олардың тұрақтылығын да
реттеуге болады. БАЗ қосқанда көптеген заттарды ұнтақтау процесі жақсарып,
сұйықты
ұсақтап шашу жұмыстарын әрі жеңілдетеді, әрі өзі де ұсақтайды. Сол сиякты, кейбір
жағдайларда БАЗ қосымша қосу арқылы қатты денелер үйкелісті қозғалыста болғанда,
ондағы кедергіні азайтып, ұсақ белшектердің бір-біріне жабысқақтығын төмендетеді.
Кірленген бұйымдарды тазарту үшін БАЗ қатарына жататын сабын, түрлі жуғыш
ұнтақтар қолданылады. Мұнда да әуелі беттік әсер арқылы БАЗ
көбіктері керексіз кірді
қоршап, оны көздемеден ажыратады.
Синтетикалық
материалдарды өндіргенде күйе, каолин сияқты активті
толтырғыштар деп аталатын заттарды пайдаланады. Бұлар алынатын жаңа затқа үйкеліске
төзімділік, беріктілік, қыздыру әсеріне қаттылық қасиеттер береді. Мұндайда түрлі
толтырғыш ретінде қосылған БАЗ өзінің де, косылған ортаның да бір сыпыра қасиетін
жақсартумен қатар, олардың жалпы активтілігін де арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: