Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет11/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер
Назарбаев Н.Ә. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
арттыру. Қазақстан халқына Жолдау. 5 қазан, 2018 жыл. 
.Братченко С.Л. Развитие у студентов направленности на диалогическое общение в условиях 
групповой формы общения: дис. канд. психол. наук. - Л., 1987. - С. 116.
.Трофимова Г.С. Педагогическая коммуникативная компетентность: теоретический и 
прикладные аспекты: монография. – Ижевск: УдГУ, 2012. - С. 116. 
Абрамова Г.С. Практическая психология: Учебник для студентов вузов. - М.: Академический 
проект, 2002. - С. 496. 
Колпачников В.В. Человекоцентрированный подход в практике психологического 
консультирования персонала организаций // Вопросы психологии. - 2000. - №3. 
Рыжов В.В. Психологические основы коммуникативной подготовки педагога. – Нижний 
Новгород: ННГУ, 1994.
 
 


38 
УДК 371.035.6 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУДАҒЫ КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫН
 ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
Турсынбаева А.З –магистр.,
Эргешова Д. ПМНОк 17-1 тобының студенті 
Баймаханова А. ПМНОк 17-1 тобының студенті 
Мардан.Сапарбаев институты, Шымкент, Қазақстан 
Резюме 
В 
статье 
рассматривается 
использование 
технологии 
кейс-обучения 
в 
профессиональном образовании. Разбираются особенности внедрения кейс-метода в 
практику высшего профессионального образования 
Summary 
The article discusses the use of case-learning technology in professional education. The 
article deals with the specifics of implementing the case method in the practice of higher 
professional education 
Қазіргі білім берудің басты мақсаты шығармашыл тұлға қалыптастыру. 
Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, 
ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны 
ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту 
мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Оқушының 
шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің 
мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат оқушылардың іскерлігі мен 
дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-
өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет-оқушылардың шығармашылылық 
қабілетін дамыту,жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын 
қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы 
жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға 
ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз - оқушының белсенділігі мен дербес іс-
әрекетінің ең жоғарғы түрі. Қосымша білім беру мекемесі әр оқушыға еркін 
шығармашылық жолын таңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі замандағы қосымша 
білім беру ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің 
барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс -әрекетіне қабілетті, 
еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.[1]. 
Қазақстанның білім беру жүйесінде рухани адамгершілік пен жалпы 
адамзаттық құндылықтарды, рухани ұлттық мұраларды бойына сіңірген тұлға 
тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Әрбір өсіп келе жатқан келешек 
ұрпағымыздың заман талабына сай білім алып, бойына барлық адамгершілік, 
адалдық, еңбексүйгіштік, ізденімпаздық, кез-келген жағдайда дұрыс әрі 
ұтымды шешім қабылдай алатын, көшбасшылық қабілеті қалыптасқан, 
әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын, белгілі-бір орынды иелене алатын, жан-
жақты, шығармашыл тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Қазіргі 
әлеуметтік-экономикалық кеңістікке, кәсіби жетістікке арнайы білімділік


39 
қабілеттілік, мақсат қою білу және табандылық, шығармашылық арқылы ғана 
жетуге болады. Сол себептен ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа 
міндет тұрады: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны 
дамыту, сол арқылы олардың болашағына бағыт беру. Аталған мәселенің 
өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оған 
қолдау көрсету аса маңыздылықты қажет етеді. 
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырым-дамасында» еліміздің ғаламдық әлемде өзіндік орын алуы ұлттық 
білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты екендігі ескертіліп, 
білімін өзгермелі жағдайға пайдалана алатын еңбекқор, өзін-өзі дамытуға және 
өздігінен жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, шығармашыл тұлғаны 
қалыптастыру міндетін қояды[2].Осы айтылған тұжырымдарға сәйкес 
шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәніндегі оқу-тәрбие 
үдерісінде жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны 
меңгеруі ғана емес, танымдық, интеллектуалық және шығармашылық қабілетін 
дамыту қажеттігі туындайды.
Тұлғаның шығармашылық дамуы жөніндегі пікірлер ежелгі грек 
философтары Аристотель, Р.Декарт, И.Кант және еліміздің философтары 
Н.А.Бердяев, Д.Кішібеков және т.б. еңбектерінде қарастырылған.[2]. 
Психологиялық әдебиеттерде Л.С.Рубенштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец 
еліміздегі М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков С.Балаубаев, Қ.Б.Жарықбаев, 
Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, Ж.Ы.Намазбаева, және т.б. еңбектерде 
оқушылардың шығармашылық қабілеті және оның психологиялық аспектілері
тұжырымдалған.[3]. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі 
Ш.А.Амонашвили, И.Я.Лернер еңбектерінде әр қырынан зерттелген. 
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті М.А.Құдайқұлов, Ә.С.Әмірова, 
Ә.Ә.Сағымбаев, А.Б.Мырзабаев, А.Ш.Орақова, Қ.Қ.Әбдібекқызы, және т.б. 
зерттеуші ғалымдардың ғылыми жұмыстарында қарастырылған.
Педагогика ғылымында жеке мәселе ретінде қарастырылған жоқ. 
Оқушылардың шығармашылқ қабілетін жаңа инновациялық технологиялар 
арқылы дамытуға қатысты қоғам ұсынып отырған талаптар мен бұл мәселенің 
теориялық және практикалық тұрғыдан жан жақты қарастырылмауы зерттеудің 
өзектілігін тағы да дәлелдеп, оқушылардың шығармашылық қабілетін 
педагогикалық тұрғыдан түсіндіру және оқушылардың шығармашылық 
қабілетін дамытуға әсер ететін педагогикалық жағдайларды анықтау 
қажеттілігін көрсетеді.
Осы мәселені қарастыра отырып,оқушылардың шығармашылық қабілетін 
дамытуды кейс технологияны қолдануды жөн көріп отырмыз. Өйткені, «Өзін-
өзі тану» сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың 
барысында жаңа инновациялық технологияларды қолдану заман талабына сай 
әсер берері сөзсіз. Осы тұрғыда, білім берудің жаңа технологияларын сабақ 
үрдісінде барынша қолдану қолға алынып жүр. Солардың ішінде дәл осы күні 


40 
модульдік технология, оқытудың интерактивті әдісі кең көлемде қолданылып 
отыр. Әсіресе, гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде кейс технологиясын 
қолдану 
қарастырылмаған. 
Көбінесе, 
оқытудың 
Кейс 
технологиясы 
шетелдердің өзінде тек бизнес мектептері мен экономикалық ғылымдарды 
оқытуда ғана қолданысқа түсіп отыр. [4]. 
«Кейс 
технологиясы» 20 ғасырдың басында АҚШ-тағы Гарвард 
университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Бұл кезде ол заңгерлерді 
дайындайтын технология ретінде қалыптасқан. Әдістің басты ерекшелігі 
студенттерді өткен оқиғаларға, жағдайларға зерттеу жүргізетіндігі болып 
табылады. Мұнда ең әуелі студенттің өз бетімен жұмыс жүргізуіне талап 
қойылды. 1910 жылы профессор Копленд ең алғашқылардың бірі болып, бизнес 
өмірінен алынған нақты жағдайлардың талданған қорытындылары бойынша 
студенттік пікірталастардың әдістерін қолдана бастады. 
Нақты жағдайлардың алғашқы жинағы 1921 жылы АҚШ-та шығарылған. 
Сол кезден бастап Гарвардтың бизнес мектебі нақты жағдайлардың әдісін 
таратушылардың лидері болып келеді. Өткен ғасырдың орта шенінде нақты 
жағдайлардың әдісі технологиялық алгоритмді иеленді. Ол тек американдық 
қана емес, батыс еуропалық білім жүйесінде де белсенді түрде қолданыла 
бастады [3]. Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды 
немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы 
жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі 
т.б.Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. 
Кейс әдісінің көмегімен оқытудың мақсаты жағдайды дұрыс талдай 
білетін, яғни мәселенің белгілерін анықтап, олардың туындауына түрткі болған 
себептерді тауып, соның ішіндегі басты себепті көре біліп, мәселені шешудің 
жолдарына талдау жасап,оның ең тиімдісін таңдап, әрі қарай оны іске қосып 
және бақылау орната білетін шығармашыл адамды қалыптастыру болып 
табылады. Бұл үшін оған білім, белгілі бір әдісті қолдана білуі және тәжірибе 
қажет. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңнен 
тұрады. Бірінші кезең-кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған 
шығармашылық жұмыс.-жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; -мақсат 
пен міндетті анықтау;-жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең -
оқытушының аудиториядағы іс-әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану 
кезеңі.-кейске кіріспе;-жағдайдың талдануы (шағын топтарда);- пікірталас; - 
қортынды шығару. [5]. 
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, 
оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.Кейс 
әдісінің ерекшелігі:- Оқыту өмірдегі нақты жағдаймен байланыстырылады;-
Оқытуда кейс әдісін пайдалану студентке проблеманы шешудің жолдарын
іздеуге еркіндік береді;-Кейс жағдайын талдау үдерісінде студенттер өмірдегі 
нақты, бір-бірімен байланысқан процестерді көрсетеді;-Нақты жағдайды талдай 
отырып, студент негізгі білімді жинақтайды, қорытынды жасайды. Сабақты 
кейс әдісімен өткізілу барысында келесі жетістіктерге оңай қол жетуге болады:-


41 
студенттердің сабаққа деген ынтасы анағұрлым артады; - дискуссия барысында 
бейтарап отырып қалатын студенттердің қатары азаяды, я болмаса мүлдем 
болмайды;-пікір 
талас 
барысында 
студенттің 
пәнге 
деген 
қызығушылығы айтарлықтай артады;-сабақтың жоспарланған материалдарын 
студенттер толық меңгеруге мүмкіндік алады.Кейспен жұмыс істеудің 
жоспары:-Студенттің кейс жағдайын зерттеуі;-Оқытушының көмегімен кейстің 
негізгі мақсаттарын анықтау;-Шешім қабылдау үшін шағын топта талдау;-
Топта презентация жасау; -Жалпы топтағы пікірталас, олардың ойларын 
тыңдау; -Мұғалімнің қорытынды сөзі, жағдайды талдауы;-Проблеманы талдау 
бойынша баға беру, кемшіліктерді көрсету. [6]. 
Кейспен жұмыс жасау адамның білімге деген ынтасын барынша арттыра 
түседі, шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл жағдайда біздің алдымызда 
білімге әуесқойлық, салыстырушылық әлемі ашылады. Кейс әлемі оқушыларды 
қуанышқа бөлеп, олардың табанды түрде білім алу, шешім шығару жұмысын 
қолға алуға дем береді. Ең бастысы, біз заман талабына сай жан-жақты 
қалыптасқан, дамыған шығармашыл тұлғаны дамытуға қол жеткіземіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет