287
— олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға
дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп
оқыту және оқушылардың танымдық қабілетін дамыту арқылы жүзеге асады.
Баланың шығармашылық жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегі
анықтамаларға терең мән беру:
Оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерін ескеру;
Жан-жақты ақпараттандыру;
Коммуникативті бейімдеу;
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс
түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдалану.
Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
Өнер сабақтарын оқытуда баланың көркем ойлауын дамыту;
Оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
Оқушының өнерге деген қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
Шығармашылық жұмыс көрмелерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай
мәселелерге баса назар аударулары керек:
Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу;
Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін
пайдалану;
Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарды өнерге баулуда- пәндік
олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен
шығармашылық байқауларға дайындау
.
Визуалды өнер арқылы көркемдік идея - суретшінің ойы, оның идеялы -
шығармашылық концепциясы, оның әлем мен адамға деген қарым -қатынасын
білдіретін өнер шығармасында іске асырылған түсінік. Өмір көрінісінің
эстетикалық бағалығы мен көркемдік идея көркемдік шығармалар
мазмұнының бір компоненті болып табылады. Ол шектен тыс емес, көркемдік
образда, көркемдік форманың барлық элементінде нақты ойды іске асырады.
Көркемдік идея көркемдік шығарманың барлық тұтастығымен, оның
тақырыбы, сюжеті, бейнелеу және түстік, композициясы, бейнелеу – мәнерлік
тәсілдер жиынтығымен беріледі [5].
Достарыңызбен бөлісу: