89
болатын: «Қазіргі жүйе – онлайн оқыту емес, қашықтықтан оқыту. Мысалы,
онлайн режимінде мұғалім барлық оқушыны бір жүйеге қосып, тікелей
байланыспен сабақ өткізсе, онда нақты бір сабақ кестесі болатын еді. Бірақ,
қазіргі формат басқаша, қашықтықтан оқыту интернет пен теледидар арқылы
жүргізіледі. Ондайда нақты бір сабақ кестесінің қажеттілігі жоқ».
Демек,
біз алдымен онлайн оқыту мен қашықтықтан оқытудың
айырмашылығын пайымдап алуымыз керек. Онлайн оқыту үлгісінде ұстаз бір
мезгілде белгілі бір платформада сыныптағы 25 баланың барлығымен сабақ
өткізеді. Ал, біз үшін қазіргі оңтайлы мүмкіндік – қашықтықтан оқыту. бұл –
мұғалім бір уақытта барлық балаға тапсырмаларды жібергенімен, оқушылар
оны бір мезгілде орындамайтынын білдіреді. – Бұл жүйенің өзіне тән
артықшылығы мен кемшілігі бар. Артықшылығы – оқушы өздігімен жұмыс
істеуді үйренеді. Тапсырманы орындауға уақыты жеткілікті болады.
Интернеттегі түрлі платформаларда жұмыс жасау дағдысы қалыптасады», –
дейді Қарағандыдағы Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Жібек Кәкімова. – Ал, кемшілігі – көп тапсырмалардың
игерілмеуі. Бала ағзасына интернетте шұқшиып көп отыруының кері әсерін де
ұмытпауымыз
керек.
Сондай-ақ,
біздегі
интернет
провайдерлерінің
жылдамдығын да ескерген жөн. Міне, қашықтықтан оқыту жайлы тараптардың
ой-пікірлері – осындай. Көпшілікті мектеп жасындағы балғындарға ноутбук
пен гаджеттің жетіспеуі, бір-екі бөлмелі пәтерде тұратын көпбалалы
отбасыларда балалардың бірбіріне кедергі келтіруі Әрине, кез келген оқыту
түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері
де болады.
Достарыңызбен бөлісу: