160
жағымды жаңалық елімізде математиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін
жетілдіруге үлкен үлес қосты.
«GeoGebra» бағдарламасы – қиын да, қызықты математика пәнін оқытуда
компьютерді пайдалану арқылы пәнге қызығушылық тудыратын бірден-бір
ақпараттық-коммуникациялық құрал. Ол –
еркін таралған динамикалық
геометриялық ортa, яғни циркуль мен сызғыштың көмегімен «тірі сызбалар»
жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның функциялармен жұмыс жасау
мүмкіндігі де зор (графиктер құру, түбір есептеу, экстремумдар, интегралдар,
т.б.). «GeoGebra» – Маркусом Хохенвартердің Java тілінде жазған
бағдарламасы. Онда жұмыс
істеу қарапайым болғанымен, ол көптеген
операциялық жүйелерде жұмыс атқарады.
«GeoGebra» бағдарламалық ортасын компьютерде жұмыс жасау дағдылары
төмен адамдар да тез меңгере алады, бұл оның артықшылығы болып табылады.
Оны пайдалану өте қолайлы, яғни офистік қосымшаларға оңай кіруге болады:
барлық сызбаларды алмасу буфері арқылы ары қарай қолдану үшін
мәтіндік
редакторға немесе суреттермен жұмыс жасайтын графикалық редакторларға
aуыстыру мүмкіндігі бар. Бұл мұғалімдерге заманауи техниканы пайдаланып
сабақ өтуде үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Сондықтан да, мақалада «GeoGebra» бағдарламасын қолдана отырып,
параметрлері өзгермелі болатын жағдайда
геометриялық фигураларды
кескіндеуді қарастырамыз.
Параметрлері бар геометриялық есептердің белгілері:
есептің шартында әріппен берілген немесе белгісіз геометриялық шамалардың
бар болуы;
есеп талаптарына мүмкін болатын шешідерінің санын анықтау, шарттарды
айқындау, тәуелділік сипатын анықтау сұрақтарын енгізу.
Компьютерлік шешімі аналитикалық шешімнен тәуелсіз алынуы мүмкін
есептер параметрлерлі есептерді шешуді оқытудың бірінші кезеңдерінде
қолданылуы мүмкін, өйткені олар есепті шешу нәтижесінің параметр мәнінен
(немесе параметрлер мәндерінің арақатынасынан) тәуелділігін көрнекі етеді
және де "параметр", "параметрдің бақылау мәні", "параметрлі
есепті шешу
нәтижесі" ұғымдарының мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: