Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет56/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

1.Есептің шартын талдау.
Бұл кезеңде физика пәні бойынша есептің берілуін 
оқушы жақсы түсінуі қажет. Ол үшін есептің шартын қайта-қайта оқып, қажет 
болса сызба түрінде, эскиз түрінде сызып көрген дұрыс. Мәтіндік есептердің 
алдын-ала талдаудың нәтижелерін анықтап, жазу керек. Жазудың ауызша түрі 
қолайлы емес. Қозғалысқа, жұмысқа, қоспаға берілген мәтіндік есептерде 
есептің шартын кесте түрінде жазу өте қолайлы. Мұндай жазу өте ықшамды
көрнекті, бастапқы берілген есептің тұжырымдамасын толық ауыстыра алады.
2.Белгісіз шамаларды анықтап, олардың есептің шартындағы белгілі 
шамалармен арасындағы тәуелділіктерін табу.
Көптеген жағдайларда 
есептің шартында берілген анықталуға тиісті шаманы белгілеген тиімді. 
Сондықтан мұндай нұсқаны бірінші кезекте қарастыру керек, бірақ бұл ереже 
қатал емес, кейде есептің шартына енетін басқа шамаларды қатыстыру арқылы 
теңдеу құрған тиімді. Негізгі мәселе белгісіздердің санын анықтау болып
табылады: белгісіздердің саны неғұрлым көп болса, соғұрлым теңдеуді (немесе 
теңсіздікті) оңай құруға болады, бірақ мұнда есепті шешудің өзі қиындай 
түседі: егер қандай да бір шама бұрын белгіленген шама арқылы оңай
өрнектелетін болса, онда жаңа айнымалы шамаларды енгізудің қажеті жоқ.
3.Теңдеу (кейде теңсіздікті) құру.
Теңдеулер жүйесін құрғанда
есептің шартын толық пайдаланған (шамалардың өзін емес, олардың 
арасындағы арақатысты анықтау қажет болмаған жағдайда) маңызды. Сонда 
теңдеулердің саны ондағы белгісіздердің санымен бірдей болуы керек. 
5.Теңдеуді шешу. 
Бұл кезеңде оқушы алгебра курсынан игерген


166 
білімдері мен есеп шығару біліктіліктерін қолданады.
6.Теңдеудің шешімдерін зерттеу. 
Егер есепті шешу барысында кейбір
түбірлерді алып тастау қажет болса, оны есептің шартына сәйкес орындау 
қажет. Бұл кезеңде табылған шешімдердің ішінен есептің шартына сәйкес 
келетінін іріктеп, таңдап алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет