261
Жалқы есімдер жалпы есімдерге қарағанда, тарихтың әр кезеңіне байланысты
өткен оқиғалар жайлы нақты да қызықты дерек бере алады, өйткені тілдің
тірек үш тағанының бірі – «жер бетіндегі ескерткіші ономастика». Белгілі бір
уақыт өте келе,
көнерген есімдер қайта жаңарып, қайта қолданысқа ие болып
отырады. Орыс тілінде XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасыр басында Катерина,
Мария, Анастасия, Дарья, Федор сынды есімдер қайта жаңарды. Сол секілді
қазақ тіліндеде тәуелсіздік алғалы Абылай, Шыңғысхан,
Нұрсұлтан, Мағжан
сынды тарихи тұлға аттары жаңаруда.
Бұдан келіп шығатын қорытынды, ономастикалық кеңістік осы елде тұратын
индивидтің тілімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан
жалқы есімдерді: лингвистикалық, этнолингвистикалық және эстетикалық
жағын қамти алатын онимдерге жатқыза аламыз.
Бұлардың бәрі тығыз
байланыста субъектінің қоршаған ортаның ассоциациясын туғыза алатын
тұрақты бір бөлшегі болып саналады. Осы ассоциациялар бала туылып, оған ат
қойғандағы таңдауға әсер етеді.
Қазақ халқының рухани өмірінде айрықша орын алатын әзіл-сықақ, қүлкінің
сипаты танылатын юмор мен сатираның тілдік табиғатын этнолингвистикалық
тұрғыдан зерттеу қазақ ономастикасының қазіргі қалпын анықтауға мүмкіндік
береді және қазақ тіл білімі үшін маңызы ерекше. Сатира жанрында көрініс
табатын кейіпкер аттары арқылы халқымыздың рухани, мәдени өмірінің
тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық дүниетанымын жан-жақты ашып көрсетеді.
Қазақ тіліндегі кейіпкер аттарының табиғатын, сипатын, қызметін «тіл-ұлт-
мәдениет» үштік тұтастықта жан-жақты қарастыру
өзекті мәселе болып
саналады, себебі қазақ танымының когнитивтік болмысы қазақ ономастикасы
материалдары негізінде зерттелу енді басталып келеді.
Соңғы жылдары көркем шығармалардағы жалқы есімдер әлемі зерттеушілер
көңілін аудара бастады, өйткені олардың тілдегі рөлі, өзіндік құрылымы,
лингвистикадан тыс жатқан этнолингвистикалық факторлары халықтың
танымдық көзқарасына сәйкес әлем моделімен
анықталатын ономастикалық
кеңістік құрайды. Қазіргі поэтикалық ономастикалық кеңістік әлеуметтік,
психологиялық,
тарихи
жаңалықтарымен
тілдің
басқа
лексикалық
категорияларынан ерекшеленеді. Көркем мәтін кеңістігіне ономастикалық
лексиканы сараптау, автор ойына негізделген жалқы есімдердің мағынасының
прагматикалық компенентінің өзектілігі келіп шығады. Көркем мәтіндегі жалқы
есімдерді түрлі аспектіде қарастыру үлкен қызығушылық тудырғанымен, қазақ
тіл білімінде әдеби жалқы есімдер жайлы зерттеу еңбектер аз. Этностың ұлттық
таным әлемін өз бойына сіңірген жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға
сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына соны мақсаттар мен міндеттер
қойып, ономастиканың метатілдік теориялық
негіздерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Этностың ұлттық таным әлемін өз бойына сіңірген жалқы
есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының
алдына соны мақсаттар мен міндеттер қойып, ономастиканың метатілдік
теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ сатиралық-
262
юморлық кейіпкер аттарының жүйесін зерттеуге арналған концептологиялқ
бағыт қазақ поэтикалық ономастикасындағы
зерттеулердің ауқымын кеңейтіп,
жалғасын табуға негіз болатын еңбек. Көркем әдебиеттердегі жалқы есімдердің
қызмет ерекшеліктерін зерттеу В.И. Супрунның еңбегінде жан-жақты
баяндалып, ол негізгі үш қызметін атап көрсеткен:
1. маңызды мәтін қызметі – басты кейіпкерді атау;
2. ономастикалық ая жасайды;
3. қосымша таным белгісі ретінде қолданылады» [1, 8].
Проф.Т.Жанұзақтың айтуынша, «Жалқы есім бойында денатативтік мағынаның
басым екендігі, оның есесіне сигнификат жоқтығы анық байқалады» [ 2, 9].
Жалқы есімдердің мәдени-ұлттық табиғатына қатысты әртүрлі көзқарасты
талдай отырып, профессор Е.А. Керімбаев: «Әр халықтың онимиясында
мәдени-тарихи ақпарат жинақталған, қоғамның мәдени тарихына байланысты
жалқы
есімнің
ерекшеліктерін
және
типологиялық
ұлттық-мәдени
ерекшеліктерін зерттеудің маңыздылығын» [3, 14] ұғындырады. Ертегі-
аңыздардағы
Достарыңызбен бөлісу: