Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет24/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Әбу 
Насыр әл-Фараби 
еңбектерінде мұғалім бойында шыншылдық, шәкірттеріне де , өзіне де 
талап алушылық, ықыластық, қаталдық, күш жігер және педогогикалық такт сияқты 
қасиеттердің сақталуын қажет деп саналады. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, 
күрделеніп отыруы профессиографикалық тұрғыдан зерттерулер орын ала бастады. 
В. А. 
Слостени
ұсынған мұғалім 
профессиограммасында 
ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын 
және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып, төрт тараудан тұратын 
мұғалімнің профессиограммасын береді. 

1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік – 
педагогикалық, танымдық бағытын жатқызады. 

2. Мұғалімнің 
психологиялық – педагогикалық
дайындығына қойылатын талаптар. 
Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді. 

3. 
Арнайы 
даярлықтың 
көлемі 
мен 
құрамы. 
Бұл 
тарау 
болашақ 
мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми 
негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықтың қалыптасатын нақты білім
білік және дағдыны біріктіреді. 

4. Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге 
қойылатын жалпы әдістемелік талаптар және жеке пән мұғалімдеріне қойылатын 
арнайы әдістемелік талаптар енгізілген. 

Жалпылап 
қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім 
профессиограммасын
 
құруда үлкен 
тәжірибе жинақталған. Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға 
талаптар да күшейе түсті. Бүгінгі күні мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, 
реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі шәкірттермен арадағы қарым-
қатынасты оқыту әдістерінің оңтайлы қолданылуы тілге тиек болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет