Заман шындығЫ


Еліміздегі шайтани жолға шақырулар!



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата05.09.2024
өлшемі11,15 Mb.
#203879
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Заман шындығы

Еліміздегі шайтани жолға шақырулар! 
Өзін-өзі алдау не үшін қажет? Біз өзіміз 
бұқаралық мәдениет құралдарының қаражат 
табу көзіне айналдық. Шайтанин топ әндерін 
халыққа паш етіп, қалың қаржының астында 
қалады. Ал біз әлі күнге соларды қолдап, 
музыка тыңдауды жалғастырып келеміз. 
Музыка миды шынайы өмірді қызықсыз әрі 
қараңғы етіп көрсететін алдамшы құрал ғана.
Ал миымыз музыкаға әбден дағдыланып алған 
кезде біздің жүрегіміз иманды, Алланың 
аяттарын қабылдай алмайтын күйге жетеді.. 
Көзімізді ашып, шынайылықпен өмір сүруіміз 
қажет. Музыка беретін уақытша ләззәт пен 
уақытша стресстен шығуды өмірімізден 


158
алыстататын сәт жетті. Себебі бұл музыка 
индустриясының 
соңында 
шайтанның 
қолдаушылары мен оған табынып, байлық пен 
атақтың құрбандары тұр. Тіпті, елімізде де 
кейбір жұлдыздар шайтани әндер шығаруға 
көшті. 
Мысалы, 
Қайрат 
Нұртастың 
«Маскүнем» әні бізді жақсылыққа шақыра ма? 
Сонымен қатар «Ирина Кайратовна» тобының 
«біз масон емеспіз» деп алып, түрлі масондық 
мәдениеттерді халық арасына кеңінен таратып 
жатуы 
қалыпты 
жағдай 
ма?! 
Әндері 
мен 
клиптерінде 
саясатты, 
қоғамдағы шындықты баян етіп жатырмыз 
деген жалған мақсатпен халықты сендіріп
сеніміне кіріп, азғындық пен арсыздықты, 


159
жалаңаштанған әйелдерді, нашақорлық пен 
алкагольді кеңінен жарнамалауда. Бізге бұлай 
айтылған шындық қажет емес деп шығатын 
жандардың табылмағаны өкінішті. Елімізде 
саясат жайлы, коррупция сияқты түрлі 
былықтардың болып жатқанын білмейтін адам 
жоқ. Ал егер ол жайлы біреу әндеткен болса, 
ол адамды ағартушы, ұлы батырға балап, 
төбемізге көтереміз. Кезінде аталарымыз 
саясаттың былығын айтып, соны жөндеуге 
барларын салып, сол жолда жандарын да қиып 
жатты. Ондағы мақсат - иманды қазақтың 
болашағы 
осындай 
адамды 
аздыратын 
қоғамның қотырларынан тазалау еді. Ал бұл 
топтардың мақсаттары халық арасына анайы 
сөздер мен Аллаға ұнамсыз істерді дәріптеу, 
сол істерге шақыру. Бұлай деуімізге не себеп? 
Бұл сұраққа жауапты жай ғана клиптеріне көз 
жүгірту арқылы ұғынуға болады.
Елімізде бұл топтан асып түсетін, 
қазақтың сорына біткен бір әнші, рэпер сымақ 
бар. Оның есімі - Әділ Оралбекұлы Жәлелов. 


160
Лақап аты – Скриптонит. Бұл әншінің әндері 
бірден түсініп, байыбына бару қиынға 
соғатындай етіп жазылған. Әндері толы 
балағат пен анайы сөздер. Бір қызығы біздің 
қоғам осындай адамдарды биікке шығарып, 
басқаларға үлгі ретінде жоғарыға қойып 
қойғандай. Жастарға осыдан үйреніңдер, 
осындай болыңдар дегенді ашық айтпаса да, 
бұндай әншілерді қолдап, оларға барлық 
жағдайды жасап жатқандары азғындықты 
қолдайтындарын дәлелдей алады. 
Скриптониттің 
әндерінің 
барлығы 
шайтани азғындыққа шақыруларға толы.
Мысалы, «я не улыбаюсь» әнінің арасында «В 


161
спрайте Шайтан, я ни с кем не иду на 
контакт» деген тіркесті қосады. Спрайт деген 
біз ішіп жүрген сусындардың бірі деп ойлап
бұл мәтінге мән бермеген боларсыз. Алайда 
спрайт - ол компьютерлік графика. Яғни видео 
немесе фотолардың жиынтығы деген мағына 
береді. Бұл арқылы компьютер іші толы 
шайтан деп айтқысы келді ме? Бірақ расында 
да солай ғой. Ғаламторға кірген бетте сізге 
жарнамалар ұсынылып басталады. Және ол 
жарнамалар адамды дереу елітіп әкете 
алатындай етіп жасалған. Ең сорақысы 
елімізде 
порнографиялық 
бейнелер 
өте 
қолжетімді етілген. Себебі шайтан адамзаттың 
тек жамандыққа ұшырағанын қалайды. Көз 
зинасының қабірде тартар азабының қандай 
үлкен екені бәрімізге белгілі. Ал бізге 
ғаламторда 
осы 
азапқа 
душар 
ететін 
сайттардың бары - ғаламтордың іші толы 
шайтанның арбаулары мен оның құлдары 
жасаған бағдарламалар дегенді білдіреді емес 
пе?! 
Оны 
барлығымыз 
мойындаймыз. 
Сонымен Скриптонит ... Әнінің сөздері 
боқауыз сөзге толы болғандығы ақ, бұл 
рэпердің 
әндерінен 
бас 
тартуға 


162
жеткілікті...Қазіргі таңда елімізде бұндай әнші 
әйелдер мен ерлер саны өсіп келеді. Олардың 
болашағымызға келтірер залалы тым жоғары. 
Сол себепті бұл әншлерді әлем сахнасынан 
кетіре алмасақ та өзіміздің санамыздың 
сахнасынан бір жолата жоғалтайық.
Сонымен қатар елімізде ашылып жатқан 
түрлі азғындық бағдарламалар мен түрлі 
шоулар бар. «Астарлы ақиқат», «Қалаулым», 
«Жалаулым» сынды бағдарламалар қазақ 
халқына 
батыстық 
мәдениетті 
енгізу 
жолындағы жобалар. Зинақорлық пен 
ұятсыздықты 
жарнамалап 
жатқан 
бұл 
бағдарламаларға 
тоқтау 
салып, 
қарсы 
шықпасақ, жастардың сана сезімі, түйсігі 
төмен болып қалыптасады. Ең сорақысы 


163
ұяттан безінген халыққа айналамыз. Ата-
бабамыздың «ұят-иманнан», «ұят-иманның 
жартысы» деген ұлы сөздеріне қарсы жасалып 
жатқан 
жұмыстарды 
жоюымыз 
керек. 
Көзімізді ашып, көкіректегі шамды қайта 
жағар сәт келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет