Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет11/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Константин Николаевич Вентцель
(1857-1947) едi. Ол 
1917 жылы дүниеде алғашқылардың бiрi болып бала құқықтары 
декларациясын түзiп, жариялады. 1906-1909 жж. аралығында 
Мәскеуде ол ұйымдастырған “Еркiн бала Отауы” жұмыс iстеп 
тұрды. Бұл ерекше оқу мекемесiнде басты кейiпкер – бала 
аса құрметпен танылды. Тәрбиешiлер мен мұғалiмдер бала 
қызығуларына икемдесiп, оның табиғаттан берiлген қабiлеттерi 
мен дарынының дамуына жәрдемдесу қызметтерiн атқарды. 
Қазан төңкерісiнен кейiнгi кеңестiк педагогика жаңа қоғамдағы 
адам тәрбиесi идеяларын өзiндiк түсiнiм жолымен дамыта 
бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық iз-
денiстер аймағында белсендiлiкпен қатысқан белгiлi педагог 
ғалымдар: 
С.Т.Шацкий
(1878-1934),
П.П.Блонский
(1884-
1941), 
А.П.Пинкевич
(1884-1939) болды. Социалистiк дәуiр 
педагогикасын танымал еткен 
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, 
В.А.Сухомлинский
еңбектерi. 
Надежда Константиновна 
Крупскаяның 
(1869-1939) теориялық iзденiстерi жаңа кеңес 
мектебiн қалыптастыру, сыныптан тыс тәрбиелiк жұмыстарды 
ұйымдастыру, ендi пайда бола бастаған пионер қозғалысы 
мәселелерiнің төңірегiнде шоғырланды. 
Антон Семонович 
Макаренко
 
(1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық 
басшылық, еңбек тәрбиесi, саналы тәртiп қалыптастыру және 
балаларды отбасында тәрбиелеу әдістемелерiне байланысты 
идеяларды қорытындылап, оларды тәжірибеде iске асыру при-
нциптерiн ұсынды, әрi өзi оларды тәжiрибе тексеруiнен өткiздi. 
Василий Александрович Сухомлинский
(1918-1970) өз зерт-
теулерiн жастарды тәрбиелеудің моральдық мәселелерiмен 
байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестерi мен нақты да 
дәл бақылаулары қазiргi педагогикалық ой дамуы және қоғамды 
қайта түзу дәуiрiндегi мектеп тағдыры жөнiндегi ұсыныстары
өз маңызын әлi де сақтауда, сонымен бiрге бiлiм саласын 
жаңаша түсiнуде үлкен жәрдемiн тигiзiп отыр. 


16
Халыққа бiлiм беру аймағында 40-60 жылдары белсендi 
еңбек еткен педагог-ғалымдардың бiрi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет