педагогикалық қарым-қатынас- педагог
пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан
туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен
әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үдерісі
.
Педагогикалық қарым
-
қатынаста педагог жетекші рөл атқарады,
себебі ол баламен болатын қарым
-
қатынасты ұйымдастыру үшін алдын
-
ала
көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің
тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым
-
қатынасқа байланысты қойылатын
міндеттер
коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында
коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгікезеңдері анықталған:
-
қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың
қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай
оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін
анықтайды);
-
өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл
арқылы
-
кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу т.б.);
-
тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар дәрісханасындағы
қарым
-
қатынасқа жағымды психологиялық
ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
-
вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді
жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);
-
мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы,
монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы
аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты
проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін,
қабылдау
деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан
-
Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық