Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет11/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
22 
Жалғыз жан күйері мынау қайғыдан сөніп бара жатқан, санадан солған 
бишара келін. Оның алды немене? Не болады? Бұны шешуге тоналып қалған 
көңілі баспайды. Батылы бармайды. Бөтен боп кете ме деп ойлай бастаса, 
Құтжаны бір өлген емес, екі өлгендей көрінеді. 
Келіні Қамқа мен Құтжан арасының тәттілігі өзгеше еді. Бұл бишара жетім 
қыз екен. Құтжан сонау алыстағы Сыбан ішіндегі нағашыларын іздеп барып, 
содан алып қашып келген. Бұнда да артына оралар, не шығар туыс жоқ. 
Сондықтан ба, әйтеуір Қамқа Құтжан мен осы үйдің тілеуіне бар ынтасымен 
құлаған еді. Қодар соны танып, Қамқаны дәл өз ішінен шыққан Құтжаннан 
бірде-бір кем сүйген емес. Оның да, бұның да тең ортақ әкесі болды. 
Бір тоға, кесек мінезі бойынша осы көңілін өле-өлгенше сақтаумен, көрге 
бірге әкетемін деп сенуші еді. 
Бірталай күн болды, Жәмпейіс тауда, көрші ауылдардың койшыларымен 
кездесіп, сондағы естіген сөзінен бірдемені бықсытып айта бастағанда, Қодар 
толық түсінбей, түсінгеніне ыза боп, түсінгісі келмей тойтарып тастаған, 
айтқызбаған. Естіген сөздеріне қарағанда, басы аман өсекші-ағайын тек отыра 
ма? Соның шырғасы ғой: 
- Бұл Қодар неге қыстаудан шықпай, інге кіргендей жатып алды? - деседі 
дейді. 
Тағы бір кезде: 
- Осы Қодардың келіні нені үміт қылып отыр? Не ойлаған ойы бар? - деп 
сұрастырады дейді. 
Осындайға келгенде, Қодар мұндай жыбырдың ішкі зәрін, суығын 
сезгендей болған. Оның өз топшылауы бойынша, бұндайдың арты жесір 
қатынға әменгер іздеу. Мал шығармай біреудің үйіне тегін қатын кіргізіп беру. 
Қодар малына ие болатын мұрагерді іздеу, соны табу. Бұндай жай, өтірік 
ағайын болмыс, жан күйер атқамінер қулардың құлшына кірісетін сыпсыңы. 
Қодар елге жоламай, елдің келуін де тілемей қойғанда, әсіресе, осындайдан 
қорқатын. «Тым құрмаса, баламның жыл уақыты жетсін» деп, оның ар жағын 
тіпті ойламай, жауып қоюға тырысатын. 
Енді міне, өмір аязының алдыңғы лебі болып, Жәмпейіс арқылы, 
қойшылар арқылы келіп жатқан сұм салқын сол ғой деп ұққан-ды. 
Қодар қиналып, қатуланған соң Жәмпейіс өз естігенін тегіс айтқан жоқ. 
Және айтам десе де, өзі сөз білмейтін, сөзін кісіге ұғымды қып айта алмайтын 
аса бір орашолақ адам еді. Сонысынан тағы жасқанып, Қодарды қинамайын деп 
қойған-ды. 
Бірақ бір күні далада бір кәрі қойшы бұған сұмдық айтты. 
- Қодар келінімен жақын дейді. Сен не білдің? - деген-ді. 
Бұған Жәмпейіс жаман түршігіп: 
- Оңбай кетейін, естіген сұмдығым емес. Тарт... Тарт, кәпір, мына сөзіңді, 
тарт! - деген. Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Біліп болмайды. 
Бірақ жаңағы сөзді бастаған кәрі қойшы өзі де сұмдықтың адамы емес-ті. 
Өз ішінен: «Мына бақыр білсе, бүйтпес еді. Тегі, не аналар аман да, не мынау 
түк біліп сезбеген ғой» - деп ойлаған. Кейін де осы көрші қойшы Әйтімбет 
Қодарға анда-санда қатнасатын кедей-кепшіктен жағалатып, сұрау салып, 
жаңағы жаладан Қодарды аман деп ұйғарды. 


 
23 
Бірақ жақындағы жарлы-жақыбай солай дегенмен, осы өсекті қайта-қайта 
шығара беріп, көпке жайып кеткен бір «көз» тағы бар. 
Не қылса да Әйтімбет Жәмпейістен алғаш сұраған кезден бастап, осы жала 
Қодарға оралып соға беретін бітпес жала болды. 
Қодарда соңғы күндерде Құтжан дертінен бөлек өзгеше бір ыза бар. Оның 
себебі, осыдан үш күн бұрын Сүйіндік бір кісі жіберіпті. Оңаша алып сөйлескен 
Бектен деген бір сөзуар көсе бұған әрнені шарлап кеп: 
- Ел аузына кім қақпақ болады? Қап көтеріп әкетіпті. Жаны ашыған жақсы 
да сол өсекті басам десе, баса алмапты, - деп, Сүйіндікті атап, оны бір мақтап 
қойған. Содан тағы біраз орағытып кеп: 
- Жаман айтады... Сені мен мына келініңді жаман атқа тағады! - деп былш 
еткізгенде, Қодар: 
- Өй, жаным, не шатып отырсың? - деп, Бектен көсені таптап тастардай 
болады. Анау бірақ безбүйрек қайтпас екен. 
- Сол сөзге иланып алған Құнанбай, саған катты жаза бұйыратын түрі бар. 
Сүйіндік өз бауырын қисын ба? Саған мені әдейі жіберіп отыр. Сөз айқындап 
ашылғанша тая тұрсын, бір жерге жалтара тұрсын дейді, - деп келгем. 
Қодар ыза мен қорлықтан өлердей боп булығып, орнынан атып тұрып: 
- Уа, кет, жоғал! Құдайдың кәрін көріп болған Қодар Құнанбайдың кәрінен 
қорқар деп пе ең? Жоғал әрман! - деп айдап жіберген. 
Осы сөз бүгін де Қодарды ызаменен қайнатады. Бірақ Қамқамен бұл жайды 
сөз қылуды ойлаған емес. Өзінің әкелік жүрегі өзіне мәлім. Балалық 
жақындығы Қамқаның да өзіне мәлім - берік. Сол қайғы үстінде, күндегі бір-
біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, екеуін әбден келін мен ата 
халінен кетіріп, ортақ қайғыдағы ене менен келіндей, немесе әке мен баладай 
жақындатқан. Адам мен адам боп танысып, табысқан-ды. Бірақ өзге көп жайды 
екеуі де ірікпей, бүкпей ашық сөйлессе де жаңағы сұмдықты, жарылмаған 
уыздай, сорлы шерлі баласына айтуға, бір беткей Қодардың батылы да бармас 
еді. 
Екеуі ақырын аяңдап бейіт басына келді. Қодар құран оқи білмейді. Қамқа 
да оқыған емес. Бірақ екеуі де өзді-өзі ішінен Құтжанға тілеуін, зар болғанын, 
арманда қалдырғанын айтады. Әрқашан жан күйер жақын қабырына ыстық-
ыстық жастар төгеді. Қайта-қайта бас қояды. Үндемей иіндері тиісіп, көздерін 
алмай, ұзақ-ұзақ отырысады. Бұл қабырдың әр тасы екеуіне санаулы. 
Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастап, немесе, 
топырағының ойсыраған, қопсыған жері болса, соны қайтадан түзеп оңдай 
отырысады. Тағы да бірталай уақыт отырып қалып еді. Бір кезде бұлардың сырт 
жағынан дүрсілдетіп келіп қалған бірнеше аттының дабыры естілді. 
Қодар да, Қамқа да бұрылған жоқ. Аттылар мінбелеп кеп түсіп жатты. 
Бұлар бес кісі екен. Бастығы Майбасардың қарасақал атшабары - Қамысбай. 
Қалғанының екеуі Бөкенші, екеуі Борсақ, Қамысбай аттан түсе бере: 
- Қөрдің бе, жәдігөйді! - деп күңк етті. Қодар мен Қамқаны бұл күйде 
көреміз деген жоқ еді. Мынадай сарылып отырған қайғыны көргенде, өзге 
болса жүрегі шайылар еді. Қасындағылар аттан түсуден де іркілгендей болатын. 
Бірақ, Қамысбай «шаш ал десе, бас алатын», Майбасардың өзінен асқан бүлік, 
бұзақы, қанқұйлының өзі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет