235
Әсіресе
Шыңғыс асып, көп елдің күйін көргенде, біртүрлі жат, жаңа дерт
тапты. Байқаса, бұрынғы қыруар елдер кішірейіп, бір-ақ уыс болып қалған.
Өлкеге сыймайтын малдың орнына оқта-текте көрінетін, шашылып жатқан
бесті-онды ғана қара бар. Малы аз болған соң, талай ауылдар бірігіп кетіпті.
Шыңғыс сыртының ен қоныстары,
мол адырлары, иен жайлаулары кебінше
қаңырап тұр. Сонымен қатар ел ішінде күңірену кеп. Жоқ-жітік, қайыршы
көбейіпті. Абайдың өз анасы өлгенде, ел ана да төсек тартып, дертке
шалдыққан сияқты.
Осыны көріп, ойланған сайын Абай өзгеше бір айықпас зарға батты.
Қаралы көңіл ашылмастай боп екі иығынан басып алды. Үстіне киген киімге,
мінер атқа, ішетін асқа да бейілі жоқ.
Көп
адаммен тіл де қатпай, үнсіз боп барады. Бірақ, енді өз анасы Зерені
ойлаумен бірге, халық деген ананы қатар ойлап кетеді. Әрберден соң екі шер
бір қосылып, бір жырға, бір зарға айналды.
Абай әжесінің қырқына жетті. Жайлаудағы көп ел жиылып, Зерені соңғы
рет естеріне алды.
Ұлжан Абайдың осы уақытқа шейін аса бір қатты ойға түсіп, азып кеткенін
байқап жүрген. Әженің қырқын беріп, жұртты таратқан соң, баласын оңаша
алып отырды да:
- Сен осы бір қалың шыңға батып кеттің-ау! Жүдеп кеткеніңді
байқаймысың? Жас адам
уайым соңына өйтіп сарылса, пайда таппайды. Енді
тоқтал. Бойыңды жи. Ерболды шақыртып ал да, атқа мін, ел қыдыр. Сергіп
қайтшы! - деді.
Ербол Абайға келгенде Асылбектің бір сәлемін ала келді. Бірталайдан бергі
сыйластық бойынша, Сүйіндіктің Асылбегі Абайды қонаққа шақырыпты.
- Шешесі қайтыс болғалы үйден шықпады ғой. Біздің ауылға келіп, қонақ
болып қайтсын! - депті. Сонымен екі жігіт Сүйіндік ауылына сый қонақ боп
келді.
Баяғы Жәнібекте, сол белгілі әдемі көк өзекте
отырған ауылға Абайлар
жақындап келгенде, үй сыртына бұларды қарсы алып Асылбек, Әділбек шықты.
Қастарында Дәркембай бар екен. Қонақ жігіттер әуелі Сүйіндіктің үлкен үйіне
кіріп, сондағы кәрілерге сәлем берді.
Бәйбішесі мен Сүйіндік осыдан он шақты күн бұрын, Зереге бата оқып
қайтқан. Қазірде Ұлжанның денсаулығын сұрастырып, аз сөйлесіп, амандық
білісті. Содан кейім: «Жастар кең отырсын, еркін сауық етсін» деп, Асылбектің
отауын әзірлетуге бұйрық берісті.
Отау онсыз да әзір еді. Абайлар сонда келді. Тыста да, отауда да Абайды
көрген үлкен-кіші жылы сөйлейді. Сыйлағысы келгендей. Соның бірі
Асылбектің келіншегі Қарашаш. Үлкен жағынан, әсіресе,
сондай жарқын
жүзбен қарайтын Дәркембай. Ол Зеренің аруағынан айналып, Ұлжанды мақтап,
Абайдың кішкене балаларының аттарын атап, амандықтарын сұрап, оралып
жүр. Жазғытурғы жұттан бері Абайды аса жақсы білген Борсақ, Бөкенші бұл
ауылда бірталай адам екен. Бәрі де Жидебай, Мұсақұлдың қонағы боп өткендер.
Бәрінін де қазіргі ажарында ырзалық пен алғыс, құрмет бар. Борсақтын бір
шалы: