Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет112/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
228 
Жақыптың екінші сөзі: жер беріп паналық етсе, қысылып отырған малды-
басты ауылдар бар, соған ету керек. Күндердің күні керекке жарайды. Мыналар 
кім? Бұлардың бәрін жисаң, тым құрса, бір аттың сауырын, бір түйенін қомын 
да бере алмайды деген еді. Бұл сөздің шетін Жұмабай да айтқан. 
Оған Абай тағы да көнген жоқ. Жақыптың айтқанын «Құда тамырмен 
істейтін алық-берік» деп бағалады. Оның аты қайрым емес, жақсылық емес. 
Көпке мәлім сауда деп таныды. 
Абай дау айтып болмады. Сөнан соң, Жақып қатайып алып, салмақ салды. 
- Сен өзің мал иесі, жер иесі ме едің осы? Сен тапқан не бар еді? Мынау 
ісіңмен әкеңнің жиған-тергенін шашқалы отырған жоқпысың? Осы ауылдағы 
мал мен Тәкежан қолындағы мал ертең қоса жұтайды. Тым құрса, мына 
шешелеріңнің талшығын аясаңшы! - деді. 
Бұл да жаңа сөз емес. Бірақ кеше Тәкежанға айтқан сөзді Жақыпқа айтуға 
болмайды. 
- Сөзіңіз дұрыс. Мен тегі шешелердің ырзығын шашып, қиянат етіп 
отырмын ғой! - деп, кекетіп койды. Зереге қарап, - ал, мына отырған жалғыз 
менің шешем емес. Әкемнің де шешесі. Мал-дүниенің шын иесі осы кісі. 
Ендеше бәріміз де әжемнің төрелігіне тоқтайық. Не дейді екен? Қазір өз 
аузынан естіңіз! - деді де, Абай әжесінің қасына таман сырғып келді. 
Әжесінің бұл күнде өңі қуарып, қатты жүдеген. Ажым атаулысы біртүрлі 
молайып кеткен. Абай жақындағанда, ол құлағын түрді. Немересі айғайлап 
сөйлеп, барлық жайды айтып берді. Қысқа айтса да, ұғымды айтты. Бұйрық пен 
байлауды бір өзінен күтетінін білдірді. 
Зере күрсініп отырып, қабағын түйді де, Жақыпқа қарап: 
- Балама сәлем айт! Көп өмірім қалған жоқ! Зарлаған аш-арықтың 
қырғынын көрерім қалды ма? Жегім-жесір, кәріп-кәсердің телегей теңіз жасын 
көрерім қалды ма? «Мені енді ал» деп тілеп отырмын жаратқаннан. Жаназаға 
жиылған жұртты да ас беріп асырайды ғой. Тимесін, қумасын! - деді. 
Жақып бұны естігенде іркіліп, үндей алмай қалды. Кәрі әжесін осындай зар 
тілекке жеткізген мінездерге Абай күйіп кетіп: 
- Әнеки, шешенің қамын жегендерің шын болса, жылатпасаңдаршы! 
Қуғызбаймын! - деп, бір-ақ байлады. 
Жақып Зере сөзінен соң қайтыңқырап қалса да, Абайға ызғар тастап кетпек. 
- Не деп отырсың өзің? Біреудің бетінен алайын дегенбісің? Сөзіңнің 
аңғарын мен ұнатқам жок. Тіліңе уақып бол! - деді. 
Абай бұл тұста да ашуынан қайтқан жоқ. 
- Не деп отырғанымды түсініп отырсыз. Мұндағы жұрт қызыл қарын жас 
бала емес. Өлмесін білетін болған. Өз қамын өздеріне ойлатсын да, тыныш 
жатып анау қызығын көрсін! - деп салды. 
Бұл күнге шейін Құнанбайға қарсы мұндайлық сөз қатқан ЬІрғызбайды 
Жақып көрген жоқ-ты. Абайдың тұспалын ұқса да, қазір ол жас жігітті аса 
тентек санады. 
- Доғар! Доғар, шырағым ендігіні! Мына сөзіңді мен айтып бармаспын! 
Бірақ, исі Ырғызбайдың жүрегін шайлықтыратын суық сөзді сенен есіттім деп 
кетермін!.. Сол да жетер болды! - деп, атқып тұрып кетті. 


 
229 
Абайдың жаңа кейіндеп кеп айтқан тұспал сөзінде көп мән болатын. Ол 
Құнанбайдың осы қыс ішінде істеген бір ерекше мінезін ауызға алған-ды. 
Жақып кеткеннен кейін Жидебайға қайта оралған кісі болған жок. Басқа 
уақыт болса, сөз аяғы бұлай аяқталмас еді. Үнсіз, жым-жырт қалуына да сол 
Құнанбайдың жаңағы оқшау ісінің өзі себеп болды. 
Тегі, соңғы екі айдан бері Абай менен Ұлжандар Құнанбайға өкпелі, 
салқын болатын. Үйткені, Құнанбай осы қыста жасы алпыстың ішіне кіргеніне 
қарамай, жас тоқал алған. Жидебайдағы екі әйелі Ұлжан мен Айғыз болса, 
Қарашоқыдағы бәйбішесі Күнке болса, солардың үстіне төртінші қатын етіп 
Нұрғаным деген қызды алды.
Нұрғанымның жасы Құнанбай түгіл, Абайдан да кіші. Сондайлық 
баласынан кіші қызды аларын Құнанбай үй ішінің ешқайсысына білдірген жоқ. 
Бұл жөндегі әңгіме, байлау Қаратаймен екі арасында ғана болған. Жұмыс 
басталғанда да оқыс басталды. Бас себебі Қаратай болатын. 
Өткен жазда Қаратайдың қатыны өлді де, кәрі ақылшы қатынсыз жүрді. 
Соған Құнанбай бір күн кездескенде: 
- Қатын алуды ойлаймысың? Неге алмай жүрсің? - деген. 
Қаратай бұл жайды өз ішінен ойлап, шешіп қойған екен. 
- Құнанжан-ау, өзім қатынмын, мен қатынды қайтемін?! - деп еді. 
Құнанбай ол байлауын мақұл көрмеген. 
- Олай емес кой, Қаратай. Жас күніңде жолыңдағының бәрі саған қатын. 
Күтім керек, көрік болатын шақ дәл осы кәрілік қой. Қатынның шын керегі осы 
шағың, - деген. 
Сүйтіп, Қаратайға қатын алғызды. 
Сол Қаратай өзі алған күні Құнанбайға да қозғау салып, «енді айтқаның 
шын болса, өзің де ал! Саған да сол айтқаның енді керек. Бардың бәрі баламен, 
өз қақымен кетті. Саған енді «өзің» деп отыратын оңаша бір жас иіс керек» 
деген. 
Осының артынан екеуі ақылдасты да, Құнанбай алатын қызды тапты. 
Онысы Нұрғаным болған. 
Нұрғаным Бердіқожа дейтін қожаның қызы. Бердіқожа Тобықты іші емес, 
Сыбан арасында, Арқат деген тауды мекен ететін. Ол бұл Арқаға беріде келген. 
Әуелде Қаратауға Түркістаннан шығып, көп туысқан шоғырмен келіп еді. 
Қаратаудан Арқаға көшкен ұзақ жолында осы Нұрғаным бес-алты жасар, 
кебежеге мінген бала болатын. 
Бері келе Бердіқожаның бірталай туыскандары Түркістанға қарай қайта 
тартып кетті. Арқаны жерсінбей және «ақ патшаға бодан болған елде 
тұрмаймыз» деп кетіп еді. Өзі қартайып, балалары жас болған Бердіқожа, 
азынаулақ үйлермен қозғалмай қалды. Сыбан мен Тобықты ішіне беделі бар 
қожа болды. 
Құнанбай, Қаратайлармен әсіресе сыйлас еді. Өзі бірбеткей қыңыр және 
ойдағысын ірікпей сөйлейтін қатқыл мінезді адам. Көргені мен түйгені көп. Дін 
жайына жетік, молда кісі. Құнанбай сонысын ұнатып, әрдайым әңгімелес, 
мәжілістес бола беретін. Сол Бердіқожаның Бурахан деген баласын өз аулына 
шақырып, бірталай уақыт қонақ етіп те жіберетін. Қарқаралыға барған бір 
сапарында, қасындағы нөкерлерінің ішіне қосып, ертіп те жүрген. Құнанбай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет