Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет110/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
224 
Өз ойының ауыртпалығы Абайға барлық тірлікті соншалық татымсыз
жалған етіп көрсетті... 
Малдарын күресін қардың арасына тығып, қоянның кеуегіндей оптың ішін 
паналаған жандарға жаны ашыды. 
Әрбір ауылдың үлкендеріне соңғы рет қайтадан соғып: 
- Тоңғандарың мына тұс-тұсыңдағы ауылдарға барып, жылынып 
қайтыңдар. Бір-бір мезгіл ыстық ішіңдер. Осы қорықтарда отырған ауылдардың 
бәрі де ағайын ғой. Қумайды. Жасқанбаңдар!.. - деді. 
Онсыз да малдары үшін Абайға алғыс айтып жатқан кәрілер енді біржолата 
жұттан құтылғандай көтеріліп калды. 
Абай осы бетінен аттан түспей жортып отырып, үш қорыктағы бар 
қыстауды аралап шықты. Әр ауылдың Ызғұтты сияқты үлкендерін және әсіресе, 
ас иесі кексе қатындарын тысқа шақыртып алып: 
- Мынау апатпен алысып жатқан ағайынға қайырым етіңдер! Ауылда неше 
қазан болса, соның бәріне ыстық істеп, күніне бір-бір рет қорек беріңдер! - деп, 
қадағалап, тапсырып шықты. 
Осымен әр ауылдың күтетін аш-арығы белгіленіп, тұс-тұсындағы 
түтіндерді меншіктеп алды. 
Абай мен Ерболдың ең соңғы келгені Мұсақұлдағы Тәкежан аулы. 
Тәкежан өзі жоқ екен. Ол түнде Жұмағұлдың хабарын естісімен Абайға бармай, 
тура Қарашоқыға тартыпты: «Содыр, сотқар» Абайдың үстінен Құнанбайға 
арыз, шағым әкеткен. 
Енді Тәкежан қорасының алдына келіп, өзі аттан түспей тұрып, Ерболды 
үйге жіберді. Қайнысының шақыруымен тысқа шыққан Тәкежанның келіншегі 
Қаражан тістеніп, сұрланып келеді. Ұзын бойлы, кесек мұрынды қарасұр 
келіншек тегінде зілді, зәрлі болатын. Өз күйеуіне қыжал мінез көрсетіп, 
қысып-қымтап ұстаушы еді. Жас та болса, қытымырлығы айқындап, ас пен 
дүниеге сараң бола бастаған. Ол мінезі күйеуіне сай келіп, осы кезде бұл үй тез 
байып келе жатыр. Ұлжан үйінің молқолдығын ұнатпай, ертерек сөз шығарып, 
елшіні тез алғызған да осы Қаражан. 
Ол Абайдың Тәкежаннан кіші бола тұра, жақсы атты жігіт боп бара 
жатқанын жақтырмайды. Қызғанып жақтырмайтын. Абай да жеңгесінің сол 
ішін біледі. Қаражан тақап келсе де, Абай амандасқан жоқ. 
Азғана тебіне түсіп, көк аттың тұмсығын түндегі Жұмағұлдың кеудесіне 
тірегендей, бұған да тақап қойды. Келген жұмысына тура кірісті. 
- Күйеуің менің үстімнен шағым әкетіпті ғой. Мен өз жазамды өзім тартып 
жатармын. Ал, қазір саған міндет тапсырма әкелдім, соны бұлжытпай 
орындайсың, білдің бе? 
- Не міндет? 
- Мынау маңайдағы ел жұтап, қырылып жатыр. Бас аманда пішеніңді 
шабатын, құдығыңды қазатын, малыңды суаратын, барып-келіңе жүретін сол 
ағайын болатып. Қазір қысылып, басына күн туып кеп тұр. Малдарына 
жайылыс бердік. Өз қыстаулары алыста. Күн болса суық. Осы маңдағы барлық 
ауылға кісі үлестіріп беріп келеміз. Біздің ауылда 40-50 жан болады! Орын 
жетпей жатыр. Жаңа өздеріне атап тапсырдым. Сенің аулыңның тұсында 


 
225 
жиырма кісі бар. Төрт ауылдың адамы. Соларға күніне бір мезгіл ыстық істеп 
беріп отыр... 
- Өй, шырақ-ау, о не дегенің?.. Біздің үйімізде өзіміз ішерлік азықтың өзі 
жоқ? 
- Өтірік айтпа! Әнеу күні ақ шомшыдан алғызған үш қап ұның бар. Тіреліп 
тұрған бес қап бидайың бар. Соғым етің бітпек түгіл, орталаған да жоқ. 
Барынды түгел санап кеп тұрмын... Бұл жолы қалжыңым жок, бар шыным. 
Үлесесің мынау аш-арық жұртпен! Қарсылассаң, жақсы болмаймыз. 
- Е, өзіміз аш қалсын дейсін бе? - деп, Қаражан қырыстана берді. Абай 
қатты долданып, ақырып жіберді: 
- Аш қалмақ түгіл, қырылып қал!.. Бересін!.. Бермей қырыстанып көр 
осыдан! Күнде кешке кеп тексеріп тұрамын. Орындамасаң, өзіңнен көр! Мені 
тап осы өңірден айдатып жібермесе, сендік әлім бар. Масқара қып тұрып 
көндіремін! Білдің бе!.. Қолымнан алатын Тәкежан жоқ. Көзіңді ашып қара! 
Орындайсың, сол! - деп қадалып қарап, үндемей тұрып қалды. 
Оң қолы ұзын қамшысын қымтып ұстай бастаған еқен... Қаражан соны 
байқады да, жауап айтқан жоқ. Түнде Тәкежан аулының үстіне кеп орнаған 
Дәркембайлар. Абай жаңа Дәркембайдың өзін ере жүр деп шақырған-ды. Қазір 
сол да кеп жеткен екен. Анадайдан құлақ салып, Абайдың ашулы үнін естіп 
келе жатыр. 
Қасына Дәркембай келгенде, Абай Қаражанға тағы түйіле қарап тұрып: 
- Міне, сенің аулыңнан ас ішетін кісілерді мына Дәркембай бастап кеп 
тұрады. Жалғыз өз үйің емес, осы ауылда неше түтін, неше қазан бар, соның 
бәрін асқызып отыр. Бар аулың қызмет етсін! - деді. Қаражанда әлі де үн жоқ. 
Абай атының басын бұра беріп, Дәркембайға: 
- Сен бұл ауылдың күйеуі емессің! Күмілжіме, білдің бе? Жұмысыңнан 
келгенде, тура: «Ас бер!» де... Бермесе, бөгесе менің тап өзіме қолма-қол кеп 
айтып тұр. Осыдан айтпай, жасырып қалсаң, Дәркембай болмай, қатын боп қал! 
Ұқтың ба? - деді де, Абай жүріп кетті. 
Таңертеңнен тыным алмаған Абайлар Жидебайға екіндіде жетті. Келсе, 
шешелердің үйінде Тәкежан мен жорға Жұмабай тосып отыр екен. Тәкежан 
түнделетіп шауып отырып Құнанбайға жетіп, енді Қарашоқыдан Абайға арнап 
бұйрық әкелген. 
Абай Ұлжанның шақыртуымен үйге келді. Жолшыбай даланнан, 
шошаладан, ауыз үйден етіп келе жатып, Абай бұл ауылдың неше алуан 
қамдарын көрді. Бар жерге қазан асылып, ыстық істеліпті. Үш жерге үлкен 
ағаш келіні орнатып алып, жұмысшы қатындар келі соғып, бидай түйіп жатыр. 
Піскен қазандардан астау-астау көже мен азнаулық ет түсіріп, үй-үйлерге 
әкетісіп барады. Аш-арықты күтуге Абайдың шешесі кіріскен көрінеді. 
Көктемде азық азайған кезде, бір үйден мол тамақ табу оңай емес. Күту де бір 
күн емес, бірталайға баруға мүмкін. Сондықтан, бидай түйгізіп, көже істеуді 
өнімдірек көрген тәрізді. 
Қарсы үйде бір кезек боп келген он бес-жиырмадай еркек-ұрғашы, сол 
ыстық асты ішіп жатыр екен. Абай, астарын қымсынбай ішсін деп, ол үйге 
бармады. Үлкен тамға кірді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет