245
от» деген сияқты жайларды араластырып, тұспалдай береді. Қыз болса:
«сыпайы кұда, сый азамат, келген сапарыңды кұрмет етем. Затың жақсы, өзің
жақсы. Әншейін бір әлдекім емессің. Екеумізге де жарастығы сыпайы
сыйластық», деп бейнелейді.
Көп көзінше ашық айтысқан әзіл құрметтері осы. Бірақ жай отырып,
ақырын сөйлескенде, сұлу қыз бен мәнді жігіт осы кеште көбірек ұғысып еді.
Оған басшы болған Қуандық. Жұрттың дырду-думаны молайып, бір жерде
ән шырқап, бір жерде күлкі-тартыс басымдап, керіс боп жатқанда Қуандық
Абайға мойын бұрып: - Өлең байғұс көп орамға келе бермейді.
Жұрт көзінше
не дейін, Абай? Қөңілімнің айтпағын әнім іркіп қап еді. Шын сөйлессем, саған
айтар сырым көп! - деген. Осы сөзінің өзін де күліп отырып, жұрт көзінше
сезікті етпей айтты. Ашық сөйлеп, батым келіп, Абайға өзгеше көңіл бөлетінін
білдірген. Екеуінің іштей ұғысулары бұл кеш емес, алдыңғы күндерде-ақ мәлім
сияқты еді.
Абай Қуандықтың ақ саусақтарын қатты қысып отырып, екі бірдей
жүректің жан тамырлары бір соққанын сезді.
- Екеуміздің жүрегіміз бір соғады-ау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым.
Мені де өзіңдей көр! - деп қалды.
Осыдан соң бұлардың әрбір күлкісі, әзіл сөздері, қабақ қимылдары -
барлығы да сондайлық бір тәттілік, қуаныш белгісін көрсетіп отырды. Ойынды
сылтау етіп бір рет сүйіскенде, бұлардың жүздері де шын ләззәттан белгі беріп,
бір-біріне ып-ыстық боп тиісті.
Осы түннің қылаңдап атқан таңында, қонақтар тарай бастаған шақта,
Қуандық Абайды шеткі үйге қарай жөнелтті.
Жұрттың
бәрін таратып, жайғастырып болған сон, сол үйге өзі де келген
еді. Шеткі үй оңаша екен. Ішінде бір ғана төсек бар. Иесі қартаң әйел ерте
тұрып кеткен сияқты. Екі жас ыстық құмарлықпен, жалындап табысты. Тығыз
жерде, тар уақытта кездескендіктен екеуі де үнсіз еді. Қалтқысыз келіп,
іркілмей қосылғам құшақтары бұларды сол үнсіз, жым-жырт толқын ішіне
ілезде тартып әкетті.
Осыдан соң тағы да бірнеше күн ойын-сауық болды.
Абай мен Қуандық
арасы тең жастардың жақсы достығына айналды. Бірақ бары сол ғана. Екеуі
іркілмей табысқанмен, жалындаған махаббат тумады. Абайға Қуандық оңаша
кездескеннен көрі, жұрт көзінше көп ұнайды. Оқшау жерде Қуандықтың
ашықтығы әлдеқандай кекселік сияқтанып, жігіт жүрегіне қатан тиеді.
Қуандықтың Керей ішінде қайын жұрты бар. Күйеуі бірнеше рет келіп
кеткен екен. Өзінің бұрын алған қатыны бар. Қуандық соған тоқал боп бармақ.
Қайындап келген кездерінде қалыңдық оны сүйе алмады. Әрқашан салқын
қалатын. Сол мұңдарын Абайға сөйлеп кеп,
сұлу қыз өзгеше бір тілек
ойлағанын айтып еді. Абай жауап айтпай ойға түсті. Бірнеше баланың анасы
болған Ділдә бар. Рас, Қуандық Абайдың теңі. Тәрбиесімен, өнерімен, ақыл
парасатымен де өзгеше жан. Сөз жоқ.
Әлі күнге өз өмірінде кездескен әйелдердің ішінде Абайдың өнерлі, сұлу,
қайратты қыз көргені осы.
Бірақ Қадырбайдың ренішінен аттап өту, Ділдәнің балаларын ұмыту, оңай
істер емес. Осының бәрінің үстіне, Қуандықты ақылы сүйсе де, жүрегі оншалық