Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет119/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
242 
Садық Қадырбайдың айтуында жай ақын емес. Өзінше бір көреген жан 
сияқты. 
Абай осы орайда Қадырбайдың сол Садықпен айтысқанын сұрап еді. 
«Садық пен баланың айтысы» дейтін Арқаға мәлім айтыс. Сондағы бала осы 
Қадырбай болатынын Абай жақсы білуші еді. Бірақ Қадырбай ол сөзге көп 
тоқтаған жоқ. 
- Біздің Садакеңмен айтысар шамамыз кәне? Әншейін бір жалғыз ауыз 
сөздің тұсында болымсыз тосқауыл айтқаным ғой. «Айтысты, жеңді» дейтін сөз 
емес. Тек қана Сыбанның Шүмек бастатқан он алты ақынын жеңіп отырған соң, 
мұндағы елдің намыс етіп, көтеріп әпкеткені... - деді де, басқа әнгімелерге 
көшіп кетті. 
Қадырбайда үлкен мінезділік, кеңдік бар. Өзімшіл емес. Мақтан сөйлеген 
«шыға шаппа» емес. Сонысы, және, жалғыз Қадырбайдың өзінде емес. Осы кәрі 
ақын есіне алып отырған Садықта, Шүмекте, Барласта да бар сияқты. Қадырбай 
өсиеттерінің түбіне бойласаң ақындық - дарыған күш, үлкен қасиетті жақсы 
ақыннан қалған айшықты сөз тегінде заманның қасіретін айтады екен. 
Көргені мен естігеніне көз салып, көп ойлап кеп топшылағанда, Қадырбай 
осыны түйіпті. 
- Сол сарынның бәріне кейде ақырын жатып, құлақ салып байыптасам, бір 
шерге бір шер ұласып, қосылып жатады екен өзі. Көкейкесті күйін тыңда 
күңіренген жырын тыңдашы. Абай, сен кешелер бір орынды сөз айттың, балам. 
Осы елдің өткенінің бәрі де тегінде өзі кешкен өміріне сүйсіне алмай кеткен 
екен. Көп сарынның ішінде басымдап, өктеп келіп жататын бір сарын бар. 
Сонысы қуаныш пен шат-шадыман, мәре-сәре емес-ау! Көптен көбінше заман 
уайымы, заман дерті-ау. Арыдағы арманын айт, кешегі осы елде болып өткен 
мамырдың жұтын айт. Бұл туралы да осы күні кеп ақын зар төгеді... Бәр-бәрі де 
шат болған елді аз көреді. Шаңырағы күйреп жатқан күйзеулікті айтады ғой. 
Сол текке айтылып жатқан жоқ. Сен айтқандай панасыз, айласыз болғандықтан 
туып жатыр. Жалын атқан көптің дерті айтқызып жатыр ғой! -деп Қадырбай, 
бір үлкен түйін түйді. 
Содан кейінгі әңгімелерде Абай мен екеуі, жас-кәрі демей, аса жақсы 
ұғысып кетті. 
Арғы-бергіден тағы да көп сөздерді сұрастырып кеп, Абай Қадырбайды 
енді анық таныды. Сонау бір жас күндерінде Абайдың аса жақсы көрген ақыны 
Барлас еді. Беріде Шөжені білді. Балтаны көрді. 
Қазір бірнеше күннен бергі әңгімелер тұсында Абай Қадырбайды солармен 
көп салыстыратын. Ойы дана, мінезі майда, жолы даңғыл қарт ақын Абайдың 
бұрын көрген ақындарына кейде ұқсап, кейде ұқсамай кететін сияқты. Енді кеп 
екшегенде, солардың бәрімен Қадырбайдың шындап барып, тереңдеп туысып 
жатқанын ұқты. 
Осыны ұққан сайын, барлық осы кәрілерді жанындай жақсы көре бастады. 
Өз халқының ішінде өзгеше бір ғазиз, жақсы жандар осылар сияқты. 
Жаңа Қадырбай айтқандай арғыдан бері қарай терсе, елдің үлкен арқалығы 
осылар сияқты. Бір сәтте мынау сұлу қартты Абай өзінің әкесіндей түсініп, 
іштей тағзым етіп, шындап тұрып бас иді. 


 
243 
Жай әке емес. «Малыңды бақ. Дәулетіңді асыр. Ұрпағыңды өсір. Өзгеге 
өктем бол!» дейтін әке емес. Ой-сананың әкесі. Тағлым мен таза жолға 
бастайтын әке сияқты. 
Абай Қадырбайға алғыс айтты. Ұстаз алдында алмаған азық алғанын айтты. 
Бірнеше күн осындай келелі, кеңеспен еткен еді. Абай бұл уақытта 
Қадырбай қасынан екі елі айрылған жоқ. 
Бірақ енді дәл Абайдың өзі болмаса, Асылбек пен Ерболдар және, әсіресе, 
Қуандық, Қарашаштар да басқа ермек іздей бастаған. Олар «Отауға барайық. 
Азырақ сауық құрып, көңіл сергітейік» дескен. 
Қадырбай өзі де жастарды өз мәжілісінен «азат» етуді ойлаған екен. 
Төртінші күн кешке жақын, қолына домбыра алып отырып: 
- Шырақтарым, сендермен сөйлесіп өзім де сергіп қалдым. Бірақ біз от 
орнына шегіп қалған қарт бауырдай болдық. Қанша айналып қармансақ та, кәрі 
әженің бала уатқан көй-гөйіндей күй басады. Сендер оған қашанғы мүлги 
бересіңдер? Тілегің, талабың алдыңда. Біздің ту болса, жиырылып ойға түскен. 
Енді дөң басына да шыға алмайды. Сендерге ол жол емес. Өрлейтін өр, 
қиялайтын қияларың алдыңда. Соған бас, содан қайтпа!.. Үнемі уайым ойлама!.. 
Сауық та құр! Шалқып қал! Көрмегеніңнің бәрін көр!.. Тек беттерің қайтпасын! 
- деп, біраз отырды да... - Енді сауық құрыңдар! Мен сендерді аз сөзбен 
шығарып салайын! - деп, домбырасын кұңренте тартып жөнелді. 
Жастар тегіс телміре қарап, үн тыңдай қап еді. Аздан соң Қадырбай әндетіп 
кетті. Дауысында аса бір кең тыныс бар екен. Боздаған нардай үлкен толқын 
шығады. Жас шағында бұл ақынның ірі әнші болғаны сезіліп тұр. Бүгінгі 
сазында кешеден бері өзі айтқан «көкей кесті» толғау бар. Арман салқыны 
келеді. 
Жастарға қазіргі айтқан сөздері «Әз ағаның» тілек батасы сияқты. Жақсы 
балам, асыл інім ,адам бол! Артыңа өнеге қалдыр! Қысылған халқың, 
қаумалаған қарындасың бауырыңнан пана табар бәйтерек болыңдар!» деп 
сөйледі. 
Қоңыр кеште, осындай саналы бір сөз тартқан қарт ақынның әні де өзгеше 
болатын. Әсіресе, қайырмасы басқа. Ол Қадырбайдың көп жылдан бергі тауып 
алған, аумас, айнымас қайырмасы. 
Күңірене толқып, нақыстап кеп, анда-санда: «Елім! Елім!.. Елім-ау-елім! - 
деп қайырады. 
Абай осы қайырмадан қатты әсер алды. Барлық үлкен тұлғалы Қадырбай 
сол бір қайырмадан танылғандай, өзінің асыл жүрегін анық ашқандай. Қасиетті 
аға, халық атасы боп биіктеп шығып, шарықтай түсті... Абайдың жүрегі 
алғысқа толы. Қарт ағаның әні тоқтағанда, жас жігіт сұп-сұр боп, қатты 
толқынып қалды. Осы халінен айыға алмай, Қадырбайдың жүзіне қадалып 
қапты. Тамағына лықсып кеп тұрған шер толқыны бар. 
Абайдың қатты өзгерген жайын Қуандық байқап отыр екен. Әкесінің 
домбырасын ептеп сусытып алды да: 
- Шығарып салар әніңіз «Сауық құр!» деп тұрған жоқ. Тағы да «Сарыла 
түс!» - деді ғой, әке! Дәл бұл жолы сол тіліңді алмаспын. Біз енді ойын 
ойнаймыз. Білдің бе? - деп күліп жіберді. 
Осы мінезі үй ішін тегіс көңілдендіріп, сергітіп әкетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет