Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет134/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
 

Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Құнанбай балалары 
қалаға келсе, Тінібек байдың үйінде жатушы еді. Семейге Абайдан бұрын 
келген Тәкежан сол құданың үйіне түскен екен. Қасында Майбасар мен тілмәш, 
атшабарлары бар. Қоршап жүрген топыры көп. Соны көріп Абай мен Ербол 
Семей қаласының өзі ішінен пәтер алды. Орталық тұста Кәрім дейтін момындау 
саудагер бар еді. Балалары жоқ, ерлі-қатынды екі бас. Үш бөлмесі бар екен. Сол 
үйге түсті. 
Қала арасы салт аттыға соншалық қолайлы емес. Бұрын баларақ кезінде 
қалада өскен Абай, сол қаланың ыңғайына икем, салт атты қойды да, шана 
жегіп жүретін болды. 
Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар 
отырып, сар желдіріп келеді. Күн ашық болғанмен, шытқыл аяз екен. Көше 
бойының шыныланып қалған қалың қары, көк аттың тағасы тиген сайын 
сықырлай түсіп, кірш-кірш етеді. Бұлар Семей қаласының даңқты адвокаты 
Ақбас Андрейдікіне келеді. Алғаш келе жатқаны осы. 
Жігітек адамдарының ісіне Абай Семейге келісімен белсене кірісті. Бұл 
уақытта қала толған Тобықты. Әсіресе, қуғын көрген Жігітек пен қуғын 
салушы болыстар жағы қаптап жүр. Болыстар бұрын көрсетілген отыз кісінің 
жайындағы сөздерін «расқа шығарамыз, барарына барғызамыз» деп, сотқа да, 
ояз бен «жандаралға» да қағаз тоғытып жүр екен. 
Жігітек кісілерінің әзіргі бастығы Бөжейдің баласы - Әділ. Бірақ оның өзі 
де, ақылшылары да кеңсе тәртібі мен қағаз тартысын білмейді. Ерте келсе де, 
жөн таба алмапты. Абай ең алдымен солардың ісін түзу беттетті. Ұстауда 
жатқан Балағаз, Әділхандардың қатын-баласы атынан арыздар жолдады. Болыс 
кағаздары баратын жерлердің бәріне енді жарыса түскен қарсы сөздер бар. 
Тәкежан да есік-тесікті көп білмейді. Онысы Абайға мәлім. Бірақ оған 
кіріс-шығысты оңайлататын кісі Тінібек. Абай жақын арада сол Тінібекке кісі 
салып: 


 
273 
- Тәкежан Құнанбай баласы болса, менің де жөнім сол. Біздің болыс осы 
жолы абырой алатын, жақсы ат табатын іспен келіп отырған жок. Өзін де, 
әкесін де жаман атқа ұшыратып, қарғыс алатын іске басты. Тінібек орынды 
кезде болысқан. Бірақ дәл бұл жолы жалған намыс дегенді айтып, ағайынның 
обалына қалғалы отырған Тәкежанға болыспасын! Шын достык ойласа, қайта 
тыюға себепші болсын! - деген. 
Мұнысы Тәкежан жағын әлсіретем деген іс. Тінібек Абайға өзі кеп 
сөйлесіп, біраз іркіліп қалды. 
Осымен қатар Абай істеткен бір жұмыс: адвокат жалдау. Облыстың үлкен 
адвокаты Ақбас, казірде Балеғаздардың ісін алып, жоқтаушылардан арыздар 
жиып, соны өзі өңдеп жазып, тиісті жерлерге беттетіп жатқан. 
Абай мен Ербол Ертіс жағасындағы жалғыз қабат тас үйдің терезесінің 
алдына келіп тоқтады да ішке кірді. 
Ақбасты бұлардың алғаш көргені осы. Бет ажарында оншалық кәрілік 
белгісі болмаса да, шашы аппақ, сақал-мұрты бурыл кісі екен. Бойы зор, бас 
бітімі ірі кел-ген, келбетті. Түсі ойлы кісідей салқын. Көзілдірік арқылы 
көрінген мөлдір көк көздері салмақты сабырымен, барлай қарайды. 
Бұл үйде Ақбастан басқа, қара мұрт, таңқы мұрын тілмәш отыр екен. 
Абаймен уақыт байласып, әдейі кеп тосып отырған. Ол мінезі жеңіл, білімге 
шолақ адам. Бірақ облыс сотының тілмәшы осы. Бір тәуірі, орысшаға жүйрік 
деседі. 
Абай Ақбаспен амандасып отыра беріп, үлкен бөлменің ішіндегі кітаптарға 
қарады. Мол үйдің төрт қабырғасы бірдей иін сүйесіп тұрған көрікті кітаптар. 
Барлық әңгіме бойында Абай осы көріністен көз ала алмай, қайта-қайта 
айналып қарап отыр. Бір үйден, бір кісінің қасынан мұншалық көп кітап көргені 
осы. 
Ақбасқа Абай арыз ұсынды. Ерболмен екеуі қол қойып, Жігітек кісілерін 
ақтаған екен. Бұлардың, әсіресе, арашалайтыны - Базаралы, Қаумен, Үркімбай 
сияқты жандар. 
Тілмәш арыз жайын айтып болған соң, Ақбас Абайдың аты-жөнін сұрады. 
Жас жігіт өзін Құнанбаевпын дегенде, адвокат жалт қарап, таңданыңқырады да, 
алдыңғы арыздарды қолына алып, бірдемені іздей бастады. 
Оны таңдандырған нәрсе, болыс пен бұл жігіттің ортақ фамилиясы. Осы 
жөнін айыра сұрап кеп, Абайдың Тәкежан болыспен туысқан екенін білгенде, 
адвокат, әсіресе, таңырқай түсті. 
- Сенің туысқаның бұларды қуып отырса, сен кеп ақтайсың да қорғайсын! 
Бұл қалай? - деді. 
Абай тілмаштан ұғынды да: 
- Рас, болыс менің бірге туған ағам. Сондай жақын кісі болғандықтан 
қасында отырып, жаман істерін анық көріп, толық таныдым. Жұртка істеген 
әділетсіз зорлық, қиянатын көрген соң, үндемей отыруға шыдамадым. 
Адамшылық қарызы осы деп, әдейі өзім тіленіп келдім. Ұлық та емеспін, ақы 
алған қуғыншы да емеспін. Жауапкер Қаумеповпен бірде-бір ілік жалғасым да 
жоқ. Мына жолдасым Ербол да солай. Екеуміз тура көлденең, бөгде кісінің 
куәлігін айтпаққа келдік. Арызымыз соның жайы. Егер ұлықтар, соттар барлық 
істің хақиқатын білем десе, осы біз сияқты көлденең, қалыс ағайыннан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет