Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
19 Асанбаева


Пайдаланған әдебиеттер

1. 
Мәдиева  Г.Б.,  Иманбердиева  С.Қ.,  Мадиева  Д.Б.  Ономастика:  зерттеу  мәселелері.  – 
Алматы, 2016. – 160 бет. 
2.  Султаньяев  О.А.  Казахская  ономастика.  Лингвистический  анализ  топонимов  и 
микротопонимов.  –  Кокшетау,  1998.  –  152  с.  9  Махпиров  В.У.  Имена  далеких  предков. 
Источники  
3.Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ə. Нысанбаев 
 
4.Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998  
 5.http://ibirzha.kz/a-zhajy-irini-onomastikaly-kelbeti/ 
6.Ахметжанова  Ф.Р.,  Дүсіпбаева  Қ.С.  «Қасиетті  сандар  қатысқан  ескіліктері»  ғылыми 
басылым, Өскемен 2001 ж. 
7.Ахметов З., Шаңбаев Т. Əдебиеттану терминдерінің сӛздігі. - Алматы, 1996.-240 б. 
8.  Жаңғырған  салт-дәстүрлер.  //Ред.  басқар.  М.Қазыбеков.  –  Алматы:  Қазақстан,  1991.  - 
Б.124-139.  
9. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1971. -218 б.  
10.Киелі  сан  есімдер  әлемі  //  «Шоқан  тағлымы»-8.  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференцияның  материалдары.  -Көкшетау:  Ш.  Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттікуниверситеті, 2003. 28-33б. 
 
 
ӘДЕБИ ТУЫНДЫЛАРДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Алимхан А.А., ф.ғ.к., , С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті; 
Ертарғынова А.Е., , С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 6M011700 «қазақ тілі мен 
әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты. Өскемен қаласы 
 
Ономастиканың  дербес  саласы  ретінде  қалыптасқан  поэтикалық  ономастика  көркем 
әдебиет  пен  халық  ауыз  әдебиетіндегі  онимдердің  қолданылуын  зерттейді.  Көркем 
шығармалар  мәтіндеріндегі  одан  тыс  басқа  да  мәтіндердегі  барлық  жалқы  есімдердің 
қолданылу  ерекшеліктерін  әдеби  ономастика  зерттейді.  Поэтикалық  ономастика  дегеніміз–
көркем  мәтінді  зерттеудегі  ономастиканың,  стилистиканың,  поэтиканың,  мәтін 
лингвистикасының,  семиотиканың,  лексикалық  семантиканың  т.б.  әдістәсілдерін 
қолданылатын  бағыт.  Поэтикалық  ономастика  көркем  шығармалардағы  жалқы  есімдердің 
жанрлық,  стильдік,  тақырыптық  және  идеялық  заңдылықтарына  сәйкес  қолданылады. 
Көркем  мәтіндегі  сатиралық-юморлық  аттар  өзінің  негізгі  номинациялық  (атауыштық) 
қызметімен қатар, аталу  уәжділігі мен ерекшеліктеріне, поэтикасы мен стилистикасына сай 
бірқатар  қызмет  атқарады.  Поэтикалық  ономастикада  жалқы  есімдерді  зерттеудің  барлық 
аспектілері  мен  бағыттары,  қазіргі  ономастикадағы  олардың  топтастыру  ұстанымдары, 

82 
 
жанрлық  ерекшеліктері  мен  семантикалық  құрылымы,  көркем  мәтіндегі  кейіпкер  аттары 
ономастикалық  кеңістікте  мәтіндегі  онимдік  бірліктермен  эстетикалық  байланыста 
қарастырылады.  Қазақ  ономастикасында  көркем  шығармадағы  онимдер  мәселесіне  көп 
уақыттан  бері  назар  аударылып  келеді.  Қазіргі  ономастика  кешенді  білім  болып  табылады. 
Əртүрлі  гуманитарлық  филологиялық,  жаратылыстану  ғылымдарының  әдістері  мен 
зерттелуін  қамтиды.  Ономастика  дамуына  тілші  ғалымдар,  тіл  тарихын  зерттеушілер, 
әлеуметтанушылар,  тарихшылар  қатысады.  Дегенмен,  ол  ең  алдымен  тіл  біліміне  қатысты, 
мұны  ономастика  жеке  ғылым  ретінде  қалыптасқан  соң  ХХ  ғасырда    ғана  мойындалған 
болатын.  Адамды  атау-есім,  ат  түріндегі  жалқы  есім  болатын  лингвистикалық  категория. 
Ежелгі  гректер  ат  қою  өнерін  «ономастика»  деп  атап,  бұл  термин  ғылымда  б.д.  V–IV 
ғасырларда  қалыптасқан.  Антикалық  философияның  өкілдері,  стоиктер  (I−II  ғ.ғ.)  Плутарх, 
Цицерон,  Сенека,  М.  Аврелий  сөзді  атау  жүйесін  «лектон»  деп  атаған  [1,  77б.]. 
Философиялық лингвистиканың алғашқы өкілдерінің бірі Кратил заттарды атамай−ақ нұсқау 
керек  деген  пікір  ұстанған.  Антикалық  философиядағы  филологиялық  лингвистиканың 
алғашқы  өкілдерінің  бірі  софист  Продик  сөздің  номинативтік  аталым  функциясын  зерттей 
келе  семантика,  синонимияны,  яғни  сөздердің  мағыналары  бір−біріне  сәйкес  келуі–
идентификациялар туралы ой қозғаған [1, 48б.].  
Кейінірек  көне  Рим  империясында  бүкіл  зат  атауларын  атау  қарастырылған.  Ғалым 
Б.Қасымның  пайымдауынша  зат  не  құбылыс  адамның  сезім  мүшелерін  тітіркендіріп,  оған 
әсер  етеді,  сол  себепті  атау  қажеттілігі  туады.  Атау  негізінде  ассоциацияға  сүйенеді.  Атау 
заттың  түрлі  қасиеті,  қызметі  мен  ассоциативтік  ұқсастықтарымен  тікелей  уәжделеді  және 
оның  түрлі  ерекшелік  белгілері  ескеріледі.  Когнитивтік  тұрғыдан  жаңа  түсініктер  мен 
ұғымдарды  атау  үшін  оларды  зат  немесе  құбылыспен  байланыстырады  да,  сол  ұғымдар 
негізінде аталымдар туындайды [2, 103б.].  
Зат атаулары әлем филологиясында жалқы және жалпы есімдер болып ұғынылады [2, 
8б.].  Палеотрит  дәуірінде  жалқы  есімдерді  атау,  қола  дәуірде  жалпы  есімдерді  атау  пайда 
болған.  Жалқы  есімдердің  мағыналық  түрлерін  зерттейтін  лексикологияның  бір  саласы–
ономастика жеке ғылымдар қатарына XX ғасырдың бірінші жартысында ғана қосылды. Атап 
айтсақ,  ономастика  жеке  ғылым  ретінде  XX  ғасырдың  60–70  жылдары  дами  бастады. 
Ономастика  жалқы  есімдердің  мағыналық  аясына  қарай  жеті  түрге  бөлінген.  Олар: 
антропонимдер, топонимдер, зоонимдер, космонимдер, хрононимдер, хрематонимдер. Соңғы 
кезде ғалымдар сурет атаулары−аркионимдерді қосады [3, 10б.].  
Тіліміздегі жалқы есімдер саны жалпы есімдер санынан асып түседі, себебі олар жаңа 
аталым  ретінде  қоғам  мүддесіне  сәйкес  туындап  отырады.  Антропонимика  (грек  antro  pos–
адам  және  onyma–есім,  ат)–ономастиканың  антропонимдерді,  яғни  адам  есімдерін, 
фамилияларын,  лақап  және  бүркеншік  аттарын  зерттейтін  саласы.  Адам  есімдерінің  жалпы 
жиынтығын антропонимия деп атайды. Ал оларды зерттейтін ғылым саласы–антропонимика 
болып  табылады.  Осы  антропонимика  аясында  қолданылатын  антропоним,  антропонимия 
терминдері  тіліміздегі кісі аттары, төл есімдер туралы материалдар  деген ұғымды білдіреді 
[4, 107б.].  
Ономапоэтика  немесе  поэтикалық  ономастика  көркем  әдеби  туындылардағы  жалқы 
есім  атаулыны,  олардың  құрылым  принципін,  мәнерін  (стиль),  мәтіндегі  қолданысын 
зерттейтін,  оқырманның  қабылдауы  мен  қаламгердің  эстетикалық-идеялық  көзқарасын 
білдіретін,  мақсатын  айқындайтын  ономастиканың  бір  тармағы.  Орыс  ономастикасының 
сөздігін түзіп шыққан Н.В.Подольскаяның анықтамасы бойынша, «поэтикалық ономастика–
көркем  шығармадағы  атауыштық  қана  емес,  кейіпкер  аттары  арқылы  шығарманың 
стилистикалық,  идеологиялық,  экспрессивтік  жүгі,  әлеуметтік  мәнін,  антропонимдердің 
қалыптасу, қолдану ерекшеліктерін зерттейтін антропонимиканың бір саласы» [2, 96б.].  
Поэтонимдердің қызмет ерекшеліктерін зерттеу В.И.Супрунның еңбегінде жан−жақты 
баяндалып, ол негізгі үш қызметін атап көрсеткен:  
1. Маңызды мәтін қызметі–басты кейіпкерді атау. 
2. Ономастикалық ая жасайды.  

83 
 
3. Қосымша таным белгісі ретінде қолданылады [3; 8б.].  
Ономастика  мәселелері  алғаш  қарастырыла  бастаған  кезеңнен  бері  көркем 
туындылардағы  жалқы  есім  мәселелері  В.Н.Михайлов,  Э.Б.Магазаник,  Л.Н.Андреева, 
Н.В.Ботвина,  В.М.Цыбикова  т.б.  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  Əдеби  шығармалардағы 
онимдік  лексика,  оның  ішінде,  әсіресе  жиі  қолданыс  табатын  антропонимдер,  топонимдер, 
зоонимдер  мен  эргонимдерді  зерделеген  ізденістер  жарық  көрді.  Əдеби  ономастика 
мәселелерімен  шұғылданушылар  көбіне  әдеби  есімдерді  қалыптастырудың  қағидалары, 
онимдік  лексиканың  көркем  шығарманың  стильдік  ерекшеліктеріне  әсері,  онимдік 
құрылымдардың  функционалдық  сипаты  сияқты  мәселелерді  қарастырған.  Əдеби 
ономастика  зерттеушілері  жалқы  есімдерді  тілдің  құрамдас  бӛлігі,  әрі  аса  маңызды 
қарым−қатынас құралы ретінде дәйектеп отыр. Есім адамға телінеді. Бұл дүниеде өмір сүріп 
жатқан  адамдар  арасында  атаусыздар  болмайды.  Бұл−өмір  шындығы.  Халық  нақылы  «Ит 
екеш  иттің  де  аты  бар»  дейді.  Американдық  психолог  Д.Карнеги  «Адамның  өз  есімі−ең 
жағымды естілетін мелодия» дейді. Адамның есімін атағанда (естігенде) сол адамның бүкіл 
болмысы  көз  алдымызға  елестейді.  Сонымен,  поэтонимдер  көптеген  еңбектердің  зерттеу 
нысанына  айналған.  Мәселен,  Ə.Қайдаров  пен  А.Мұқатаеваның  зерттеулеріндегі  «Қозы 
Көрпеш–Баян  сұлу»  дастанында  кездесетін  онимдерді  қарастыруда  үш  мәселе  көтеріледі:1. 
Поэманың  «дүниеге  келу»  дәуірі.2.  Таралу  географиясы.3.  Оларды  жалпы  түркі 
ономастикасының тарихи даму кезеңдері мен тілдік ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру.   
Профессор  Т.Жанұзақ  М.Əуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  онимдерге  толық 
талдау жүргізіп, В.У.Махпиров көне тарихи ескерткіштердегі онимдік бірліктерді зерттеген. 
Сондай−ақ, Е.Жанпейісов «Абай жолы» эпопеясының тілін арнайы зерттеп, ономастикалық 
материалдарды анықтап, ондағы тікелей кейіпкерлерге статистикалық талдау жүргізген. Ал 
К. Еспаева бұл эпопеядағы онимдерге лексика−семантикалық, құрылымдық, шығу төркініне 
талдау  жүргізген,  сонымен  қатар  Семей,  Орал,  Алматы,  Омбы  т.б.  астионимдердің  жазылу 
үлгісін  қарастырған,  эпопеяда  макротопонимдерден  гөрі  микротопонимдер  көп  орын 
алғандығы  мен  екінші  компоненттері  географиялық  терминнен  тұратындығын  айтқан  [4, 
65б.].  
С.Сәкенов  «Қырымның қырық батыры» эпопеясындағы топонимдер мен этнонимдер» 
атты мақаласында кейбір топонимдер мен этнонимдер арқылы тарихқа көз жүгіртіп, таралу 
арелалын  анықтауға  тырысқан.    А.Жұбанов  пен  Е.Жұбанов,  Ш.Уәлихановтың  «Манас» 
қырғыз  эпосын  талдауы  жөнінде  мысал  келтіріліп,  қазақ халқының эпикалық  жырларының 
бірі «Қобыланды батыр» ономастикасын қарастырылған [5, 126б.].  
Сонымен  қатар  К.З.Жаппардың  жалқы  есімдердің  қызметі,  Г.Оразғалиеваның 
прозадағы  түркі  тіліндегі  топонимдер,  Д.М.Керімбаевтың  жалқы  есімдердің  құрамы  мен 
лингвостилистикалық  қызметі  эпопея  онимдерінің  лексика−семантикалығы,  К.Еспаеваның 
құрылымдық  сипаты,  С.Сәкеновтың  топонимдер  мен  этнонимдердің  таралу  ареалы 
анықталып,  Г.Е.Исабекованың  орыс  тіліндегі  шығармалардағы  онимдердің  қазақ  тілінде 
берілуі, С.У.Тәукеевтің  басты кейіпкер есімдерінің уәжі мен стильдік қызметі  анықталған. 
Көркем  мәтін  ономастикасы  бойынша  көптеген  мақалалар  мен  еңбектердің  жарық  көруі 
оларды  зерттеу  заңдылықтары  мен  жаңа  бағыттарын  ашуға  және  зерттеу  бойынша 
теориялық  концепциялар  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ресей  ономастикасы  мен  ТМД  елдері 
бойынша  көркем  әдебиет  пен  фольклордағы  онимдік  қолданыстарды,  яғни  поэтонимдердің 
сан  алуан  қырына  арналған,  терең  және  жүйелі  түрде  зерттеген  көптеген  ғалымдардың 
еңбектерін  (И.И.Алиев,  В.А.Аникин,  С.В.Веселовский,  В.И.Болотов,  Н.М.Ведерникова, 
Ф.Г.Гарифова, 
А.Г.Гафуров, 
Ю.А.Карпенко, 
Т.Н.Кондратьева, 
Э.Б.Магазаник, 
Е.М.Мелетинский, В.Н.Михалков, В.А.Никонов. Ройзензон, Г.Ф.Саттаров, А.В.Суперанская, 
В.Е.Сталтмане,  В.И.Супрун,  Т.В.Топорова,  Ю.Федосюк,  О.И.Фонякова,  Л.М.Щетинин, 
К.Конкобаев  т.б.)  т.б.  атауға  болады.  Орыс  тіл  біліміндегі  ат  қою  теориясы 
этнолингвистиканың  алғашқы  үлгілерін  құрады  деуімізге  негіз  бар.  Бұл  бағыттың 
шеңберінде  адамның  ат  қою  әрекеті  сөйлесім  мен  ойлау  әрекеттерінің  тоғысуы  арқылы 
жүзеге  асатын  ерекшелік  деп  танылады.  Ономасиологиялық  жұмыстар  қазіргі 

84 
 
этнозерттеулерді  жаңаша  қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Бүгінгі  қазақ  ономастикасының 
өзіндік қол жеткен табыстары бар, дербес пән ретінде қалыптасқан ғылым саласы деуімізге 
толық негіз бар, 40−тан астам докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалған. Қазақ 
ономастикасында  қазақ  жалқы  есімдерінің  этнолингвистикалық  аспектілері  Е.Ə.Керімбаев, 
Б.М.Тілеубердиев, 
К.Аронов, 
А.Ə.Əлімхан, 
К.М.Семби, 
С.Е.Керімбаева, 
Д.М.Керімбаевтардың еңбектерінде зерттелді. 
Көркем  шығармалардағы  онимдердің  қызметі  жалпы  жалқы  есімдерге  қарағанда 
ерекше,  себебі  ол  тек  жекелеуіштік,  атауыштық,  яғни  адрестік  емес,  сонымен  қатар  сол 
мәтіннің  ономастикалық  кеңістігін  құрап,  стильдік,  мәтін−түзушілік  қызметтерін  де 
атқарады. Қазақстанда жалпы ономастикалық зерттеулер бойынша соңғы елу жыл ішінде елу 
еңбек қорғалды десек, соның ішінде тек саусақпен санарлығы ғана көркем шығармалардағы 
онимдерге  арналған  екен.  Олар:  К.З.Жаппардың  «О.Сүлейменов  поэзиясындағы  жалқы 
есімдердің  эстетикалық  қызметі»  атты  кандидаттық  диссертациясы,  Г.Оразғалиева  «А.С. 
Пушкин  прозасындағы  түркі  тілді  топонимдер»  атты  кандитаттық  диссертациясы, 
В.Махпиров Махмұд Қашғаридың «Дивану−лұғат ит−түрк» ескерткішіндегі ХІ ғасыр жалқы 
есімдерін  зерттеп,  кандидаттық  диссертациясын  қорғаған  болатын.  Дегенмен,  көркем 
мәтіндегі жалқы есімдер көптеген зерттеулер ішінде және мақала түрінде қарастырылған.  
Сонымен, ономастика ғылымы ХХ ғасырдың 60−70 жылдары дамығаны белгілі болды. 
Көркем  шығармалардағы  онимдердің  қызметі  жалпы  жалқы  есімдерге  қарағанда  ерекше 
болып  табылады.  Көркем  шығармалардағы  онимдердің  қызметі  ақын  немесе  жазушы 
шығармаларын терең түсінуімен, стильдік, поэтикалық талдауларымен ерекшеленеді. Себебі, 
ол  тек  атауыштық,  яғни  адрестік  емес,  сонымен  қатар  мәтіннің  ономастикалық  кеңістігін 
құрап, стильдік, поэтикалық  мәтінтүзушілік қызметтерін де атқарады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Подольская  Н.В.  Словарь  русской  ономастической  терминологии.  /  Н.В  2.Подольская 
−Москва: Наука, 1988.–192 страниц 
3.Супрун  В.И.  Ономастические  поле  русского  языка  и  его  художественного−эстетический 
потенциал: диссертация в виде научного доклада на соискание ученой степени д.филол.наук/ 
В.И. Супрун– Волгоград, 1997.–76 cтраниц 
4.Подольская  Н.В.  Словарь  русской  ономастической  терминологии./  Н.В  5.Подольская–
Москва, 1988.−192 страниц 
6.Ахметжанова  З.К.,  Антропонимы  русского  и  казахского  языков:  функциональная 
мотивация: / З.К.Ахметжанова, У.А.Мусабекова.−Алматы: КазУМОиМЯ, 2006.–128 страниц 
7.Еспаева К. М.Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы топонимдердің  қолдану аясы. Қазақ 
ономастикасының мәселелері. / К. Еспаева −Алматы: Ғылым, 1986.−136 бет 
 
 
АСТАНА ТОПОЖҮЙЕСІНДЕГІ ОНИМДЕНУ ҮДЕРІСІ* 
 
Жарқынбекова Ш.Қ., Қоңыратбаева Ж.М., Әбдуәлұлы Б., Тусупбекова М.Ж. , Л.Н. 
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы 
 
Белгілі  бір  тіл  өзінің  өмір  сүру  барысында  екі  түрлі  жолмен  толығып,  дамып,  байып 
отыратындығы белгілі. Бірі – ішкі мүмкіндіктің есебінен болса, екіншісі – сыртқы күштердің 
әсерінен.  Қазақ  мемлекетінің  елордасы  –  Астананың  топожүйесінде  бұл  аталған 
интралингвистикалық та, экстралингвистикалық та факторлардың ықпалы аса зор болды.  
Мақаланың  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасының  елордасы  –  Астананың 
урбанонимдік  кеңістігіндегі  топонимдену  үдерісі  нәтижесінде  қалыптасқан,  яғни, 
жалпылықтан  жалқылық  сипатқа  өткен  атаулардың  этимологиялық  негіздерін  қарастыру. 
Оның  ішінде  бастауын  түркілік  негізден  алатын  онимдер  қатарының  кейбірінің  шығу  тегі 
жайындағы ғылыми пікірлерді талдап сипаттау.  

85 
 
Астананың  урбанонимдік  (оның  ішінде  көше,  даңғыл,  орам,  тұрғын  үй  кешені 
атаулары) ансамблінің көп бөлігінің көне түркі тілдік қабаттан құралғандығын көрсетуде біз 
этимологиялық  ізденістерге  барамыз.  Себебі  жалқылық  атауға  ие  болған  сөз  бірліктерінің 
тарихи  тегін  қарастыру,  ономизациялауға  ұшыраған  оның  қай  мағынасы  екендігін  анықтау 
ономастика ғылымы үшін аса маңызды. Жалпы,  «жалқы есімдердің қай-қай түрі болмасын, 
мейлі  ол  тұлғалық  атаулар  (антропонимдер),  құдай  аттары  (теонимдер),  жағрапиялық 
атаулар  (топонимдер),  тайпа  мен  халық  атаулары  (этнонимдер)  және  т.б.  болсын  –  бәрі  де 
этнографиялық  мәнге  ие.  Олар  барлық  сөз  бірліктері  секілді  тіл  заңына  бағынып, 
лингвистика  ілімінің  зерттеу  нысаны  болып  табылса  да,  өзіндік  сипаты  этнографиядан  қол 
үзіп  кете  алмайды.  Сондықтан  онимдер  жүйесін  зерттеу  өз  кезегінде  түрлі  этнографиялық 
мәселелерді шешуге көмектеседі» [1, 25 б.]. 
Қазақстанның  жер-су  аттарын  этимологиялық  тұрғыдан  зерттеуде  Т.  Жанұзақ  жалпы 
қазақ топонимдерінің құрамында ежелгі заман мен ерте орта ғасыр, ортағасырлық және жаңа 
замандық топонимдердің бар екендігін тарихи құбылыс ретінде атап өтеді. Ғалым бұл ретте: 
«Бұл  атаулардың  кейбіреулері  Сақ,  Қаңлы,  Үйсін,  Ғұн  дәуірлеріне  тән  болса,  біразы  Орал-
Алтай тіл бірлестігі кезеңіне, енді бір тобы көне түркі тіліне, ал басым көпшілігі қазақ тіліне, 
байырғы  сөздерімізге  хас  болса,  шағын  тобы  араб,  парсы,  монғол,  славян  (орыс,  украин, 
поляк,  т.б.) тілдерінен енгендер»,  –  дейді  [2,  13  б.].  Ал  А.  Əбдірахманов  қазақ  топонимдер 
қабатын  былайша  жіктейді:  «Өзінің  құрамы  жағынан  топонимдер  біздіңше  екі  үлкен 
бөлімнен  тұрады:  1)  ана  тілінің  негізінде  жасалған  топонимдер,  2)  басқа  тілдер  негізінде 
жасалған  топонимдер»  –  деп  екіге  жіктейді  де,  оның  ішінде  ана  тілінің  негізінде  жасалған 
топонимдер  деп  шартты  түрде  атап  отырған  жер-су  аттарын  а)  алтай  дәуіріндегі,  б)  көне 
түркі дәуіріндегі, в) көне қазақ тіліндегі және г) жаңа қазақ тіліндегі атаулар деген топтарға 
бөліп  қарайды.  Оның  ішінде  алтай  дәуіріндегі  атаулар  түркі-монғол  тіл  бірлестігі  заманын 
қамтитындығын  атап  өтеді  [3,  31  б.].            Б.  Əбдуәлиұлы  қазақ  ономастика  ғылымындағы 
басты  топтастыруларды  негізге  ала  отырып,  жалпы  қазақ  топожүйесін  «1.  жалпытүркі  тілі 
қабаты: а) көнетүркі тілі қабаты; ә) қазақ тілі қабаты. 2. Араб-парсы тілі қабаты. 3. Моңғол 
тілі қабаты. 4. Славян (орыс) тілі қабаты» деп төрт түрлі қабатқа бөліп топтастырады [4, 15 
б.].  Яғни,  Елорда  топожүйесінде  түркілік  негізден  тараған  ішкі  ресурстың  орны  ерекше 
екендігін нақты талдаулар арқылы бергіміз келеді.   
Түркі тілі қабаты негіз болған осы онимдер қатарының кейбірінің шығу төркініне көз 
жіберіп көрсек:      
Айдын (орам атауы). Көне түркі тілінде айдың – «айдың сәулесі» мағынасын береді [5, 
47  б.].  Академик  Р.  Сыздық  бұл  сөздің  ескі  халықтық  жырлардағы  мағынасының  өзгеше 
екендігін нақты тілдік деректер бойынша талдайды. Бұл сөздің орта ғасыр ескерткіштерінде 
«жарқыраған, анық, ашық, айқын» мағынасы бар екендігін әрі ол сөздің «айдын» тұлғасында 
да келетіндігін көрсететін Ə. Құрышжанов пен Э. Фазыловтың пікірлеріне сүйенеді. Қазіргі 
түркі  тілдерінің  бірқатарында  (түрік,  әзірбайжан,  т.б.)  айдын,  айдынлық  сөздері  «жарық, 
жылтырауық, айқын» деген мағына береді. Түрік тілінде бұл түбірден жасалған айдынламақ, 
айдынланмақ  етістіктері  бар:  айдынламақ  «жарық  түсіру»,  айдынланмақ  «1)  жарқырау, 
жалтырау,  анықталу,  айқындалу;  2)  жарық  бола  бастау,  таң  ата  бастау.  Айдың  сөзі  қазіргі 
түрікмен тілінде «дұрыс, анық, ұнамды» және «белгілі, мәлім» деген мағыналарға да ие» [6, 
21  б.].  Автор  айдын  лексемасының  этимологиясын  талдау  барысында  К.К.  Юдахин 
келтіретін қазіргі қырғыз тіліндегі бұл сөздің «сәулеттілік, ұлылық» мағынасын да көрсетеді. 
«Осылардың  барлығына  қарағанда,  айдын/  айдың/  айдун  сөзінде  «жарық,  нұр»  мағынасы 
барлығы  көрінеді.  Осыдан  «нұрлы,  нұр  шашқан,  сәулетті»,  одан  барып  «ұлы»  деген 
мағынасы  пайда  болған  тәрізді.  Бұл  мағына  тек  қырғыз  тілі  емес,  қазақ  тілінде  де  орын 
алған» – деп түйіндейді ғалым [6, 21 б.]. Қазіргі қазақ тілінің сөздіктеріндегі түсіндірмелер 
академик Р. Сыздықтың пікірімен үндес келеді. Əдеби тіл сөздігінде айдын сөзінің үш түрлі 
мағынасы көрсетіледі: 1) «жайылып, шалқып жатқан су алабы, үлкен көл»; 2) «айбар, айбат, 
қайрат, айбын»  3) «айқын, ашық, даңғыл» деген ауыспалы мағынаны танытады [7, 147 б.]. Т. 
Жанұзақ топоним құрамындағы айдын сөзінің мәнін «теңіз, көл сияқты көлемді су беті» деп 

86 
 
таниды [2, 22 б.]. Сонда топонимизация үдерісіне «жайылып жатқан су алабы» деген басты 
мағынасы негіз болса керек.   
Алаш (тасжолы) – ежелгі түркі сөзі. Ол көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған 
қауым  кезінде  дүниеге  келген  ұғым.  «Алаш  ұғымы  «қазақ»  сөзінің  баламасы  ретінде 
берілген.  «Атамыз  –  Алаш,  керегеміз  –  ағаш»  деген  қазақ  халқы  ұлттық  тәуелсіздік 
жолындағы  күресінде  ежелгі  «Алаш»  ұғымына  қайта  оралып,  оны  бостандық  пен  бірліктің 
ұраны  етіп  алды»  [8,  261  б.].  Р.  Сыздық  «Сөздер  сөйлейді»  еңбегінде  алаш  сөзінің  тарихи 
шығармаларда екі-үш мағынада жұмсалғанын көрсетеді. «Бірі – ел, жұрт, байтақ сөздерінің 
синонимі ретінде. Екіншісі – белгілі бір этникалық құрам (айталық, хандық немесе тайпалар 
одағы), қауым» деген тар мағынада, «қазақ елі, қазақ қауымы» деген нақты терминдік мәнде 
қолданылған.  Үшінші  мағынасы  –  «жау,  жат»  деген  алдыңғы  мағыналарға  қарама-қарсы 
мәні. Алаш сөзінің жағымсыз бұл мағынасы монғол, қалмақ тілдерінде бар. Ал қазақ тілінде 
бұл  күнде  алаш  сөзі  көбінесе  «қазақ  халқы»  ұғымында  жұмсалатын  сияқты»  [6,  33-37  б.]. 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  алаш  сөзінің  төрт  түрлі  мағынасы  тіркелген:  1)  «Қазақ 
тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы». 2) «Ерте замандағы қазақ руларының 
ұраны». 3)  «Ел-жұрт, қауым, көпшілік» 4)  «Қазақ зиялыларының алғашқы саяси партиясы» 
[9, 39 б.]. Ал 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» алаш сөзінің мағыналары кеңейтіліп 
ашылады: 1. а) «Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы, «қазақ» 
деуден бұрынғы елдің жалпы аты» деген тарихи мағынасы, ә) «қазақ, қазақ ұлты», б) «қалың 
ел, жалпық жұрт, халық», 2. «қазақ руларының ерте замандағы ұраны» деген көне мағынасы; 
3.  «Қазақтың  ұлтжанды  оқығандарына,  зиялыларына,  қайраткерлеріне,  Кеңес  өкіметі 
жылдарындағы жамалған жағымсыз атау» деген қоғамдық-саяси мағынасы; 4.  «Жат, бөтен, 
дұшпан» деген көне мағынасы [7,  377-380 б.]. Бұл онимнің жалпылық мәннен жалқы есімге 
ауысуында «қазақ елі, қазақ қауымы» деген негізгі мағынасы ұйытқы болғаны анық.  
Ашутас (орам атауы)  – түркі сөзі. М. Қашқаридың сөздігінде  ажмuқ (ажмұқ) түрінде 
келіп,  «таздың  басын  соған  ұқсатып  ажмuқ  taz  –  ажмұқ  тас»  дейді.  Өйткені,  таздың 
басындағы жаралар ажмұқ жаққанға ұқсап тұрады» [10, 129 б.]. Қазіргі тіліміздегі түсіндірме 
сөздікте  бұл  лексема  ашудас  түрінде  тіркеліп,  екі  түрлі  мағынасы  берілген:  1)  Алюминий, 
хром, темір және басқа бір сілтілі металдың қоспасынан алынған екі се күкіртқышқылды тұз; 
түссіз,  мөлдір  кристалл»  деген  химия  саласындағы  мағынасы;  2)  «Тіл,  ауыз  уылғанда 
басатын  ашудас  сынығы»  деген  жалпылық  мағынасы  [11,  273  б.].  Сонда  ажмұқ 
тас→ашудас→ашутас «қазақтың емшілік дәстүріндегі дәрі іспеттес тас» дегенді білдіретін 
сөз болып шығады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет