МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ
26
ОК Қызыл Туымен, және республика мен облыстың 24 жалауымен марапатталды. Тұрақты 80-ші жыл-
дары Семиозер ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды болды. 1987 жылы ауданда 49
жалпы білім беру метебі, 2 профтехмектеп жұмыс жасады. Медициналық қызметті 9 аурухана, 33
ФАП, 4 дәрігерлік емхана және 10 дәріхана жүргізді. 250 орындық аурухана кешені іске қосылды.
1987 жылы Семиозер ауданы уақыттан тыс ет, сүт және жүн тапсырысы бойынша және маңыз-
ды жем түрлері бойынша жылдық жоспарды орындады. Сондықтан, малдың қыстан аман-сау шыққа-
ны, қыста шаруашылық ӛнімдердің ӛндірістік ұлғаюы үшін 1986-1987 жылдары Тұрғынбаев Қ.Қ. Бүкіл-
одақтық социалистік жарыстарда Жеңімпаз аталып, КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесімен, БКККО
және БЛКЖК ОК Құрмет марапаттау қағазымен марапатталды.
Зейнеткерлікке шыққан соң аудандық мемлекеттік тұқым инспекциясының бастығы болып
еңбек етті.
Отанымыз Тұрғынбаев Қабидолла Қобланұлының жетістіктерін жоғары бағалады. Еңбектегі
жоғарғы жетістіктері мен ауылшаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Социалистік Еңбек Ері
атағын алып, Ленин, Қазақ Революциясы Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Құрмет грамоталарымен
марапатталды.
1997 жылы 9 шілдеде ауыр науқастан 68 жасында қайтыс болды [4].
ТОО «Мәскелеу» директоры З.А.Жанбуршинов Тұрғынбаев Қабидолла Қобланұлы туралы
былай деген: «Мы учились у него как у первого секретаря райкома партии. Это был самородок, беско-
рыстный рыцарь труда и порядочности, не крикливогоне рекламного, а в высшей степени полезного
служения своему краю, своему народу» [5].
Целинный селолық округына Тұрғынбаев Қабидолла Қобланұлының есімі берілді. Сонымен қатар
Әулиекӛл ауылында кӛше есімі берілді.
2012 жылда Қ.Қ.Тұрғынбаевтың 90 жылдық мерейтойында орталық алаңда Социалистік Еңбек
Ері мүсіні тұрғызылды. 2012 жылы 14 шілдеде Мәдениет үйінде Әулиекӛл мұрағатының қызмет-
керлері ауданының құрметті азаматы Қабидолла Қобыланұлы Тұрғынбаевты еске алуғаа арналған
«Труд – есть жизнь» фотоқұжаттық кӛрме Қостанай облысының әкімі Н.М.Садуақасов, Қостанай қала-
сының әкімі – Г.Т.Нұрмұхамедов, Әулиекӛл ауданының әкімі – Ж.М. Нұрғалиев және Қ.Қ. Тұрғын-
баевтың ұлы – М.К. Тұрғынбаевтың назарында ӛтті.
2015 жылы 23 қазанда С.Баймағамбетов атындағы Әуликӛл орта мектебінің оқушыларымен
«Парад достижений» атты экскурсия ӛткізілді, оған жеке тектік құжаттар қор-коллекциясы кірді. Соны-
мен қатар, 2015 жылдың 27 қазанында Әулиекӛл мұрағатының қызметкерлері С.Баймағамбетов атын-
дағы Әулиекӛл орта мектебінің оқушыларымен «Человека красит труд» атты мектеп сабағын ӛткізілді.
Қостанай облысының 80 жылдығына байланысты Әулиекӛл аймақтық мемлекеттік мұрағат ма-
мандары бірқатар іс-шаралар ӛткізді. «Еңбек даңқы» кітабының ғана емес, сонымен қатар әртүрлі
мерекелер, мектеп сабақтары, экскурсиялар және де кӛрмеде қолданылатын қолда бар жеке тектік
құжаттардан мәлімет жинауды ұйымдастырды.
Әулиекӛл аймақтық мемлекеттік мұрағаты жеке тектік қор құжаттарын толықтыруды әлі де
жалғастырады, дамытады.
Қорытындылай келе, былай дегім келеді. Ӛмірге келу де бар, кету де бар. Ӛмірдің мәні оның
ұзақтығында емес, адамның тыңдырған ісі, қалдырған ізімен ӛлшенеді. Олай болса, Қабидолла Қобла-
нұлы Тұрғынбаев атамыздың ісі мол, қалдырған ізі сайрап жатыр. Оны атын шаң, кір басуға тиісті
емес. Ол мәңгілік дегім келеді. Сӛзімді Әулиекӛл ауданының құрметті азаматы С.Досмағамбетовтың
Тұрғынбаев Қабидолла Қобланұлына аранаған ӛлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:
Абзал жан, Әулиекӛл азаматы,
Еңбекпен кӛтерілген ғажап аты,
Пәктік пен адалдықтың бейнесіндей,
Атанды партсъездің делегаты.
Қуанды дархан дана, туған елі,
Атанды дара шығып Еңбек Ері.
Әдебиеттер:
Дело фонда № 219 коллекция документов Героев Социалистического Труда Семиозерного
района филиала ГУ «ГАКО» «Аулиекольский региональный госархив».
1. Тургумбаев Кабидолла Кублан-улы. Әулиекӛл аудандық газеті: Әулиекӛл тынысы, 1997 жыл
12 шілде. 3-бет.
2. С.Досмагамбетов. Менің Қабекем. Әулиекӛл аудандық газеті: Әулиекӛл тынысы, 1997 жыл 19
шілде. 3-бет
3. Черныш П.М., Филиппов Ф.И., Досмагамбетов С.К. Слова о Родине. – Костанай, 2005, 423 с.
4. Жанбуршинов Зейнулла Абаевич. «Мәскелеу» - Костанай, ТОО полиграфия «Шапақ», 2012 ж.
5.
Информация по выполнению Плана мероприятий к 80-летию Костанайской области по ис-
пользованию документов, находящихся на государственном хранении в Аулиекольском региональном
госархиве за 2015 год.
МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ
27
ТУҒАН ӚЛКЕНІҢ ӚР ТҦЛҒАСЫ
Жанабаева М.К. - «Лисаков аймақтық мемлекеттік мұрағаты» «ҚОММ» ММ филиалының
жоғары дәрежелі маманы, 1-санаттағы мұрағатшысы
Мақалада ӛлке тарихын танып-білу, туған жердің қадір–қасиетін ұғыну, туған жер тұлғала-
рына құрметті арттыру - ұрпақ парызы екендігі айтылады. Сонымен бірге Лисаков топырағында
туып, Ыбырай мектебінің түлегі, алтын медаль иегері, ғылыми атағы бар, қазіргі таңда ұрпаққа
қалдырған мол еңбегімен артына із қалдырған Қабдеш Жұмағазыұлы Наурызбаев ӛнегелі ӛмірі мен
қызметі туралы ақпараттар береді. Мақаланың негізгі мақсаты - профессор Қабдеш Жұмаға-
зыұлы Наурызбаевтың жарқын ғұмыры мен ғалымдық жолын, еңбектерін жан-жақты зерттеу
арқылы кӛпшілік қауымға, ӛскелең ұрпаққа үлгі ретінде таныту, ғалым ретіндегі еңбегі мен, қала
тарихында алатын орнын кӛрсету.
Кілт сӛздер: Қабдеш Жұмағазыұлы Наурызбаев, қазақ, профессор, ұстаз.
«Жалпақ жұртыңды, иісі
Алашыңды құрметтеу
алдымен ӛзің тұрған ӛлкеңнің
тарихын, табиғатын
танудан, адамдарын ардақтаудан
басталады»
Нұрсұлтан Назарбаев.
Жас ұрпақты біліммен сусындату олардың ғылымды меңгерулеріне, ғалым болуларына құштар-
лықтарын оятады. Ӛмірде білімнің арқасында талай белестер мен асуларды бағындарыған дара-
боздар аз емес. Қазақтың ар-намысы, тіреуі, ақылы болатын кӛп қырлы талантты тұлғаның жарқын
ғұмыры жайлы айтқым келді. Оның жинаған білімі, рухани байлығы, тәжірибесі бізге үлгі, ауадай
қажет. Абай атамыз айтып кеткендей «Болмасаң да, ұқсап бақ, Бір ғалымды кӛрсеңіз» дегендей туған
жеріміз Лисаков қаласынан (бұрынғы Наурызбай ауылынан) шыққан ғалым атамның ӛмірін зерттеп,
тереңірек біле отырып, қолымнан келгенше ұқсап бағу – біз секілді ӛскелең ұрпақтың парызы.Тобыл
ӛзенінің оң жақ жағалауындағы Наурызбай ауылы (қазір ол жерде Лисаков қаласы орналасқан).
Қазақ даласындағы ұжымдастыру саясаты. Қазақ елінің тӛл тарихында шаруалар арасындағы
құбыластар ерекше орын алды. Сондықтан елдегі индустрияландыру саясатымен қатар шаруаларды
ұжымдастыру саясаты қатар жүргізілді. Ұжымдастыруда да әміршіл- әкімшіл жүйенің жоғарыдан жі-
берген жарлықтары ешбір ойланып-толғанусыз-ақ, қолма-қол екпінді қарқынмен орындалып отырған.
Шаруаларды ұжымдастыру желісімен билеуші сатылардың атқамінерлері жазықсыз мыңдаған
ары таза, жаңа үкіметке ниеті дұрыс адамдарды түрлі әбігерге салды. Тәркілеу идеологиясы
шаруаларға келгенде кең кӛлемдегі репрессиялық шараға айналып кетеді.
1930-
1950 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. Еуразиядағы ең ірі елдің ХХ ғ. Тари-
хындағы аса маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық оқиға – оның ауыл шаруашылығын ұжымдас-
тыру болды. Ұжымдастырудың саясатын орындаудағы тағы бір жалпы адамгершілікке оның
гуманитарлық рухына қайшы кӛрініс – зорлық-зомбылық, жойқын күштің басым болуы.
Қазақ елінің экономикасының құлдырап тӛмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас
келді. Осындай елді арылмас қайғылы жағдайға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен
табиғаттың рақымсыздығынан екі жылда республикада аштықтан ӛте кӛп адам қырылып, Қазақ елі
орны толмас қайғыға ұшырады.
Ол кезде кішігірім 10-15 шақты ауыл бар болатын. Кеңес (Совет) үкіметінің қаулысымен ауылды
ұжымдастыру және байлардың мүлкін тәркілеу кезінде сол ауылдарды қосып, алдымен 5 ауыл, сонан
соң 3 ауыл қалды. Байларды тәркілеу бұл ауылға 1930-1931 жылы ӛте байларды, 1934жылдан
орташа байларды тәркілеуді бастады. Қабдештің әкесінде 15 жылқы, 2 түйе, 10 сиыр, 20-30 бас қой,
оған қоса шӛп оратын американский «Деринг және Мак-Кормик» деген техникасы, тұқым себетін, соқа,
жалпы айтқанда жеке кәсібі, егіншаруашылығы болған, сондықтан әке-шешесін, бүкіл туысқандарын
«кулактар» деп қуғындаған. Үлкен кісілерге тиіскен жоқ, ал жастар кеңес үкіметіне кірсе армияға алып
кетеді, ал кірмесе отырғызып тастайды ма деп қорыққан.Әкесі бүкіл малын заттарын туысқандарына
тастап Қамысты ауданы, Ливановкаға қашып барып тұрады.Ол жақтан да қудалайды, сосын қайтадан
ауылға қайтып келеді. Бір күні әкесінің досы Лукитин Николай Васильевич: «Жумагазы, никуда не
уезжай. Даже не думай. Теперь советская власть установилась, встала твердо на ноги. Я вам дам
совет: «Продай все хозяйство. Преврати его в деньги или еще во что нибудь. Брички, плуги,
лобогрейки сдай в ТОЗ». ТОЗ (Трудовое Объединение Земледельцев)- деген сол кездегі 3-4 ауылдың
жериеліктердің еңбек бірлестігі. Ең алғашқы ТОЗ Лисаковта құрылған. Бірлесіп жер жыртады, егін
егеді, бірге еңбектенеді.1937жылы ТОЗ-ға мүше болып кіреді. Ол кезде ауыл орталығы Қызылжар
болған, әкесі 1937 жылы Қызылжарға кӛшіп барады.
МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ
28
Соғыстан кейінгі 1946-1950 жылы бесжылдықта халық шаруашылығын қалпына келтіру мен
дамытудың жедел жоспары жасалды. Тарихта ерекше орын алатын оқиғалардың бірі – тың игеру.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды. КСРО-ның еуропалық бӛлігін
қамтыған қатты қуаншылыққа байланысты елді астықпен, мал ӛнімдерімен қамтамасыз етуде Қазақс-
танға үміт артылды, тың жерлерді игеру әдісімен шешуге кірісті.
Қазақстан ұжымшыларына түрлі ұйымдардың 214 млн сом берешегі, кӛптеген мал, техника
және заңсыз алынған 540 мыңга жер қайтарылып берілді.
Тың игерушілер кӛтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс жоғары болды. Еңбек озаттары кӛптеп
шығып, социалистік жарыстар ұйымдастырылып жатты. Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың ӛзге
түрлерін ӛсіруге де игі ықпал етті. Сондай-ақ индустрияландыру, кен-қазба байлықтарын зерттейтін
экспедициялар қазақ жерінде кӛптеп жүргізілді. Кеңес үкіметі кезінде жағдай жақсарды, бірақ
тарихымыз бұрмаланды. Қазақ мектептері жабылды. Қоғамдық орындарда ана тіліңде сӛйлеуге тиым
салынды.Тек бір тілде, орыс тілінде сӛйлеуге. 50-60 жылдардағы балалар ана тілін ұмытып қала
жаздады.Мақаланы жазу кезінде осы жердің әрбір тасының тарихын білетін Қабдеш атаның ағасы
Қапыш Наурызбаев атадан 1909 жылғы Санкт-Петербург экспедициясының біздің ӛлкемізге жасаған
геологиялық картасын кӛру мүмкіншілігіне ие болдым. Осы жылдарда Лисаков қазіргі ЛОГК-тң
орнында салынған. Лисаковта тек бір ғана, бір жарым шақырымдық кӛше болған, адамдар жерке-
пелерде тұрған. Қазір ол ауыл бұзылып кеткен. Біздің қаламыз «Наурызбай» деп аталар ма еді... Бір
күні Жумағазының (Қабдештің әкесі) ағалары аңнан келе жатса әр жерде тігілген палаткалар,білу үшін
жақын барып кіреді, ішінде орыстар. Аздап орысша біледі, сұрастырады: «Кто вы такие?» «Земле-
меры, здесь будет поселок, если дадите нам две казари (утки), мы поселок,который здесь будет,
назовем в вашу честь Наурызбаевским». Үлкен ағасы молда болған, келіспейді: «Бұл жерде орыстар
тұратын болады, сосын олар шошқа ұстайды. Шошқаның жүрмейтін жері жоқ, ал біздер мұсылманбыз,
сондықтан әкемнің атын қойсақ,біз жақсы болмаймыз», -дейді.
Ал енді қалай «Лисаков» деп аталды... Алдымен «Лысаков» деп аталған. 1889 жылғы 13 шіл-
дедегі жаңа заң бойынша патша үкіметі қазақ ӛлкесіне орыс-украин шаруаларын Тобыл, Том губер-
нияларына қоныстандыру бойынша келген бірыңғай украиндықтар осы қаламыздың орнында ӛзеннің
бойында тұрып жатты. Сол ӛзенде үйрек-қасқалдақ (уток-лысух) кӛп болған. Қасқалдақты «лысуха»
демей украинша «лысак» деп, ӛзенді «лысаково озеро» деп атаған. Сӛйтіп поселканы да Лысаковка
деп атаған, кейін Лисаков деп аталып кеткен. Ең алғашқы ТОЗ Лисаковта құрылған. ТОЗ-дың тӛреаға-
сы болып Илья Григорьевич Молибеженко тағайындалады 1, б. 1 .
Сол кездегі Ленинград экспедициясы келіп, қаланың сұлбасын (жобасын) сызған. Кӛне кӛз
қарияның айтуынша, 1909 ж. дейін қала салынғанға дейін Тобылдың оң жақ жағалауында Наурызбай
ауылы болған. (Картада сызылып кӛрсетіліп тұр.)
Наурызбай деген кісі Қабдештің туған атасы. Ол ӛз заманында арабша білімді зергер, ұста
болған. Жанұяда сегіз адам болған. 1940 жылы үлкен апасы, 1942 жылы екінші апасы, ал 1943 жылы
анасы, әжесі, 1944 жылы әкесі қайтыс болады. Отбасында әке-шещесіз үш бала қалады. Екі ағасы жә-
не Қабдеш. Үлкен ағасы Қапыш бауырларына пана болды. Солар үшін 17 жасында үйленіп, бауырла-
рына қарайласты. Мектепті жақсы бітірсе де Қапыш әрі қарай оқуға бармай қалады. Қабдеш Жұмаға-
зыұлы Наурызбай ауылында дүниеге келген. Бүгінде ол ауыл орнында Лисаков қаласы 2, с.114-118
Қабдеш ата туралы зерттеу нәтижесінде алдымен ағайдың отбасылық шежіресін ӛмір жолын
тануға ден қойғанымда
.
Ӛмірі, еңбек жолдары, марапаттарынзерттеу кезінде еңбектерімен таныстым,
маңызды деректер кӛптеген мағлұматтар жинақтай отырып, тіпті, Лисаков қаласының салынбай
тұрғанға дейінгі геологиялық сызба картасын кӛріп, туған ӛлкемнің тарихы мен онан шыққан тұлғалар
жайлы білуге қызығушылығым артты. Қабдештің балалық шағы ұжымдастыру кезеңіне тұспа-тұс
келеді. Онан әрі мені қызықтырған Қабдеш Жұмағазыұлының оқушы кезі. Бес ауылды қосып, бір ауыл
болғанда 1-4 сыныпты(мектеп 4 жылдық) Қызылжар ауылында оқыған. 5-сыныпты Сарыкӛл мектебін-
де жалғастырады.Сол мектептің директоры Қабдештің зеректігін, алғырлығын біліп, келесі жылы 6-
сыныпты оқытпай 7-сыныпқа кӛшіріп жіберген. Бұл мектепте 7 жылдық болғандықтан, Қостанай қала-
сындағы (ол кезде Жамбыл атындағы) Ыбырай мектебінде 8,9,10 сыныпты оқып, алтын медальмен
бітіреді. Мектепте сегіз қырлы, бір сырлы болған,дәлелі ретінде тарқатып айтсам, қоғам жұмысына
белсене араласып, мектеп қабырға газетінің редколлегия мүшесінен редакторлыққа дейін атқарған.
Домбыра үйірмесін үздік бітірген. Драма үйірмесіне қатысып, М.Әуезовтың «Абай» пьесасында Абай
рӛлін ойнаған.
1952 жылы бозбала Қабдеш арман қуып Мәскеудің М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік
университетінің механика-математика факультетіне түсіп, оны 1957 жылы аяқтап, Ресейдің (қазіргі
Тверь) Калинин қаласындағы елдің Әуе қорғанысы ғылыми-зерттеу институтына жолдамамен барып,
онда бір жыл кіші қызметкер болады. 1958 жылы КСРО Ғылым академиясының Мәскеудегі В.А.
Стеклов атындағы Тәрбиелік: жас ұрпаққа, тіршілік негізі - еңбек екенін, халқының ӛткені мен бүгінін
салыстыра білуге жетелейтіні. Кӛрнекілігі: фотосуреттер, құжаттар, кітаптар арқылы жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалана алуға үйретті.
МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ
29
Шығармашылық: жауапкершілікті сезіну, ізденімпаздыққа, білімді болуға жол ашты. Математика
институтына аспирантураға түседі. Аспирантураны сол институттың функциялар теориясы бӛлімінде,
белгілі математик профессор, кейін академик С.М.Никольскийдің жетекшілігімен оқыды. Ғылымның
қыр-сырын жан-жақты меңгеріп, маманданады. Шет жерде жүріп,ӛзінің, қазақ баласының дарынды-
лығын тағы бір дәлелдеді. Ӛз мақсат-мүддесінен шыққан Қабдеш Наурызбаев ӛз республикамыздың
әр түрлі жоғары оқу орындарында қызмет етеді.1960 жылдары біздің республика үшін математиканың
функциялар теориясы мен функциялдық анализ саласы мүлдем тың бағыт болатын. Алдынан қан-
шама студенттер дәріс алып, оқыған шәкірттері Қазақстанның ғылымы мен біліміне үлкен үлес қосып,
жетістіктерге жетті. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей шәкірттері ӛзінен бұрын ғылым кандидаттары
болып шықты. «Ағамыздың ӛте еңбекқор, шыншыл, принципшіл екендігін, басшылардың ойынан шыға
бермейтіндігінен, 5-6 ғылым кандидатын дайындап шығарса да, 1992 жылға дейін ӛзінің еңбегі баға-
ланбағанын» бір мектептің түлегі болған, ҚР ҰИА академигі Жанкелді Отарбаев мақаласында айтып
еске алады. 1996 жылдан ӛмірінің соңына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
функционалдық анализ және ықтималдықтар теориясы кафедрасының профессоры болып жұмыс
атқарады. Қабдеш атамыз сәулет-құрылыс академиясында қызмет атқарып жүріп, мектеп оқушыла-
рына, тӛменгі курс студенттеріне арнап талай әдістемелік семинарлар ӛткізген, оқу-құралдарын
дайындаған. «Нақты анализ» Алматы. 2004ж. «Функционалдық анализ» (2007жылы) атты еңбектері
біздің қаламыздың музейінде тұр 3, с. 1- 9 .
Ғылымның қыр-сырын жан-жақты меңгеріп, маманданады. Шет жерде жүріп, ӛзінің, қазақ
баласының дарындылығын тағы бір дәлелдеді. Ӛз мақсат-мүддесінен шыққан Қабдеш Наурызбаев
республикамыздың әр түрлі жоғары оқу орындарында қызмет етеді.1960 жылдары біздің республика
үшін математиканың функциялар теориясы мен функциялдық анализ саласы мүлдем тың бағыт
болатын. 1996 жылдан ӛмірінің соңына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
функционалдық анализ және ықтималдықтар теориясы кафедрасының профессоры болып жұмыс
атқарады. Ӛмірдің сан-саласында жүрген шәкірттері оның баға жетпес қасиетін ерекше бағалап,
ризашылық сезімін білдіреді. Еліміздің ғылымын дамытуда үлес қосып, сан ұрпақты ғылым биігіне
жетелеген жақсы ұстаз ӛзі дүниеден ӛтсе де, аты мен кейінге қалдырған ӛнегесі біздей ұрпақтары
барда ешқашан ұмытылмақ емес.
Қазақ деген ұлттың әрбір ұлы ұлтының алдындағы перзенттік парызын Қабдеш атадай атқарса
екен деймін. Кезінде ӛзі үлес қосқан математика ғылым саласы күн санап даму үстінде. Дана
қазақтың «Жақсының аты ӛлмейді, ғалымның хаты ӛлмейді» деген аталы сӛзі Қабдеш Наурызбаевтай
ұлы ұстаздарға айтылса керек.
БАҚ беттерінде мақалалары жарияланды. Математиканы меңгерудің қыр-сырларын, бұл пәннің
техникалық мамандықтарға аса қажеттілігін насихаттап, дәлелдеп кетті. Ӛмірдің сан-саласында
жүрген шәкірттері оның баға жетпес қасиетін ерекше бағалап, ризашылық сезімін білдіреді. Еліміздің
ғылымын дамытуда үлес қосып, сан ұрпақты ғылым биігіне жетелеген жақсы ұстаз ӛзі дүниеден ӛтсе
де, аты мен кейінге қалдырған ӛнегесі біздей ұрпақтары барда ешқашан ұмытылмақ емес.
Қабдеш ағайдың еңбек жолын зерттеу барысында, елі үшін еңбек еткенін, бар ғұмырын ел
мүддесіне арнағанын, білім саласына зор үлес қосқанын біліп, Қабдеш Наурызбаевтың ӛнегелі ӛмір
жолдарын ӛз жұмысыма осылайша арқау еттім. Осы мақала арқылы «Туған жер» деген ұғымды
тереңірек сіңіріп, келешекте олардың арасынан ұлтжанды тұлғалар қалыптасуына үлес қосамын деп
болжаймын.
Деректер тізімі:
1.
ЛАММ Қ.3. Т.1. І.1. П.1. Куәландырылған кӛшірмесі.
2.
«Родная моя сторона», Лисаков 2014 жыл, 114-118 бет.
3.
«Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы»КММ қорындағы естелік
құжаттар, 1-9 беттер.
ЗНАТНЫЙ АГРОНОМ
Ибатулина К.Н. - специалист высшего уровня квалификации, архивист 2 категории филиа-
ла ГУ «Государственный архив Костанайской области» «Карабалыкский районный государст-
венный архив»
В статье рассказывается о почетном гражданине Карабалыкского района, ветеране тру-
да Штольце Филиппе Яковлевиче, коллекция документов личного происхождения которого нахо-
дится на хранении в Карабалыкском районном государственном архиве.
Ключевые слова: агроном, полеводство, организатор, директор.
|