Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


Валюталық  бақылау  (валютный  контроль) – резиденттер  мен 
бейрезиденттердің  валюталық  құндылықтармен  жасалатын  валюталық 
операциялардың,  бекітілген  заңдылықтар  мен  нормативтік  актілерге  сəйкес 
жүргізілуін  тексеру  мақсатында  Орталық  банк  пен  кеден  ұйымдары 
тарапынан жүзеге асырылатын бақылау түрі. 

 
 
219
Валюталық  тəуекел  (валютный  риск) -  шетел  валютасының 
бағамының 
өзгеруіне 
байланысты 
валюталық 
құныдылықтармен 
операциялар жасау барысында туындайтын қауіп. 
Валюталық  тəртіпті  ырықтандыру    (либерализация  валютного 
режима) – валюталық  операциялар  бойынша  жасалатын  валюталық 
шектеулерді  алып  тастау  жəне  валюталық  нарық  субъектілеріне  еркіндік 
беру. 
Венчурлық операциялар (венчурные операции) – ғылыми техникалық 
жаңалықтарды  жəне  өнертапқыштықты  несиелеу  жəне  қаржыландырумен 
байланысты жəне жоғары тəуекелді операциялар. 
 Вексель  –  белгілі  бір  соманы  алдын  ала  келісілген  мерзімде  жəне 
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борыш қордың қарыздық міндеттемесі. 
Вексель дисконты (дисконт векселя) – 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға 
дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу;2) вексельдерді есепке 
алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы. 
Вексель валютасы (валюта векселя) - вексель төлеуге берілетін валюта; 
халықаралық  айналымда  вексельге  несие  беруші  елдің,  борышқор  елдің, 
сондай-ақ үшінші бір елдің валютасында вексельді төлеуге берілуі мүмкін. 
Варрант – оның иесіне, алдын ала тіркелгенген бағада белгілі бір мерзім 
ішінде  қандайда  бір  компанияның  белгілі  бір  санда  бағалы  қағазын  сатып 
алуға  құқық  беретін  бағалы  қағаз.  Варранты  шығарушы  эмиттетін – бұл 
негізгі бағалы қағаз шығарушы компания болып табылады. 
 
Г 
Гэп  –  берілген  уақыт  аралығында  пайыздық  мөлшерлемелер 
өзгерісіне  сезімтал  активтер  мен  пайыздық  мөлшерлемелер  өзгерісіне 
сезімтал пассивтер арасындағы айырма. 
 
 
Д 
Даму банкі (банк развития) – мемлекеттің инвестициялық  несие қаржы 
институты ретінде құрылатын мамандандырылған несиелік ұйым.  
Домицилиант – вексельде  көрсетiлген  төлемдi  жүзеге  асыратын, 
вексельде делдал ретiнде қатысатын банк.  
Дебеттік  карточка  (дебетовая  карточка) – карточкалық  шот  иесіне 
банкоматтан  қолма-қол  ақша  алуға  жəне  карточкамен  қызмет  көрсететін 
сауда  үйлерінде,  мейрамханаларда  жəне  т.б.  орындарда  сатып  алынған 
тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы. 
Дүниежүзілік банк (Всемирный банк) – Халықаралық қайта құру жəне 
даму  банкін  (ХҚДБ),  Халықаралық  қаржы  корпорациясын  (ХҚК), 
Халықаралық  даму  бірлесітігігін  (ХДБ)  қамтитын  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының мамандандырылған ұйымдарының бірі. 

 
 
220
Деноминация  –  ақша  айналысын  қалыпқа  келтіру  мақсатында  ұлттық 
валюта құнын ірілендіру. 
Дебеттiк  (төлем)  карточка  (дебетовая  карточка) - банкте  арнайы 
карточкалық  шотынды  қаражаты  бар,  клиент  пен  банк  арасындағы  өзара 
келiсiм-шартқа  сəйкес  шоттағы  қаражатты  пайдалануға,  банкомат  арқылы 
қолма-қол  ақша  алуға,  сондай-ақ  тауарлар  мен  қызметтер  үшiн  төлеуге 
арналған төлем құралы. 
Дебеттік  аударымдар  (дебетовые  переводы) – төлемді  жасау  үшін 
бенефициардың  ақшаны  жөнелтуші  банкке  төлем  құжаттарын  беру  жолымен 
жүзеге асатын қолма-қол ақшасыз төлемдер.  
Делистинг – құнды  қағаздарды  олардың  қамтамасыз  ету  деңгейінің 
төмендігі  анықталғаннан  кейін  қор  биржасындағы  сауда  саттық  тізімінен 
шығарып тастау. 
Депозитарий  қызметі    (депозитарная  деятельность) – бағалы  қағаздар 
иелерін  құқықтарын  есепке  алу  жəне  растауға,  бағалы  қағаздармен  мəміле 
жасауда  техникалық  жағынан  қамтамасыз  етумен  байланысты  банктердің 
қызметі. 
Депозит – бұл  клиенттердің  (жеке  жəне  тұдғалардың)  банктегі  белгілі 
шотқа салған жəне өздері пайдалана алатын қаражаттары. 
Депозиттік  сертификат  (депозитный  сертификат) – заңды  тұлғаның 
банкке салған қаражатын куəландыратын жəне оған салым мерзімінің өтуіне 
қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сиақы 
мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз. 
Депозитарлық  қолхат  (депозитарная  расписка) – депозитар-банкте 
сақталатын,  шетел  компанияларының  акцияларына  шығарылған  туынды 
бағалы қағаз. 
Мұндай  бағалы  қағаз  сертификат  немесе  құжатсыз  формада  айналысқа 
шығарылады.  Шетел  тəжірибесінде  екі  депозитарлық  қол  хат  кеңінен 
қолданылады: 1) АДР – американдық депозитарлық қол хат, яғни тек америка 
қор  нарығына  айналысқа  жіберілген. 2) ГДР – ғаламдық  депозитарлық  қол 
хат,  онымен  Еуропа  қор  нарығына  жəне  өзге  елдерде  операциялар  жүзеге 
асыруға болады. 
Демонетизация  –  несиелік  ақшалардың,  банк  билеттерінің  қолма-қолсыз 
ақшалардың,  чектердің  кеңірек  қолдануына  байланысты  ақша  құралы  ретінде 
бағалы  металдарды,  соның  ішінде  алтын  мен  күмісті  пайдалануды  қысқарту, 
яғни олардың қызметтерін атқармауы. 
Дефляция – инфляцияның  қарқынын  төмендету  жəне  айналыстағы  ақша 
массасының  өсуін  тежеу  мақсатында  айналыстағы  ақша  массасының  бір 
бөлігін  алу.  Дефляция  салықтарды  ұлғайту,  еңбек  ақының  өсуіе  тежеу, 
мемлекеттік  бюджет  шығыстарын  қысқарту  жолымен,  мемлекеттің  бағалы 
қағаздарын сатуды ұлғайту есебінен жүзеге асырылады. 
Дефляциялық саясат (дефляционная политика) – бұл ақша-несие саясаты 
арқылы ақшаға деген сұранысты шектеудi, салық механизмiн қолдану арқылы 

 
 
221
мемлекеттiк  шығыстарды  азайту,  несие  үшiн  пайыз  мөлшерiн  реттеу  жəне  
ақша массасын шектеу əдiстерiнiң жиынтығы.  
Дивиденд – акционерлерге  қолында  бар  акцияларының  құндылықтарына 
қарай  жылсайын  төлеп  отыратын  жəне  акционерлер  (акция  иелері)  арасында 
бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі. 
Дисконт – төлеу мерзімі жеткенге дейін вексельді есепке алу жəне қайта 
есепке алу барысында алынатын пайыз. 
 
Е 
Еншілес  банк  (дочерний  банк) – жарғылык  капиталдың  елу  пайыздан 
астамы бас банкке тиселі жəне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды 
тұлға. 
Есеп  айырысу-кассалық  бөлім  (расчетно-кассовое  отделение) – ҚР 
аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал 
немесе  өкілеттік  мəртебесі  жок,  заңды  тұлга  емес,  ҚР  Ұлттық  банктің 
келісімі негізінде кұрылатын банктік аумақтық бөлімшесі. 
Еркін  өзгермелі  бағам  (сбоводно  плавающий  курс) – бұл  валюталық 
нарықтағы  сұраныс  пен  ұсыныс  негізінде  белгіленетін  нарықтық  бағамды 
білдіреді. 
Есеп  айырысу  балансы  (расчетный  баланс) – елдің  шетелге  қатысты 
талаптары мен міндеттемелері. 
Еуропа  валюталық  жүйесі  (Европейская  валютная  система) – Еуропа 
қауымдастығына  кіретін  бір  қатар  елдермен  қабылданған,елдер  арасындағы 
экономикалық 
қатынастарды 
жеңілдететін,олардың 
экономикаларының 
бірігуін ынталандыратын, валюталарының ықпал ететін валюталық қатынастар 
мен валюталар айырбасын ұйымдастырудың нысаны. 
 
Ж 
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы 
белгілі  бір  уақытта  немесе  мəлімдеуге  байланысты  төлеу  туралы  вексель 
берушінің міндеттемесін сипаттайтын вексель. 
Жалпы  провизия  (общие  провизии)-  арнайы  провизия  құруылуға 
міндетті  активтерден  басқа  барлық  активтері  бойынша  мүмкін  болар 
зияндарды жабуға арналған ақшалай резервтер. 
Жол  чегі  (дорожный  чек) – туристік  сапарларда  қолданылатын  төлем 
құралы. 
Жер  банктері  (земельные  банки) – жерді  кепілге  алып,  ұзақ  мерзімді 
несие беретін банктер.  
Жеке шот (лицевой шот)- жеке тұлғалар мен есеп айырысу үшін банкте 
немесе өзге несиелік мекемелерде ашылатын шот түрі. 
Жинақ  кассасы  (сберегательная  касса) – жинақ  салымдары  түрінде 
халықтың  ақшалай  қаражаттарын    тарататын      жəне    оларға    пайыз  төлейтін 
несиелік мекеме. 

 
 
222
Жирочек  (ағыл. girochegue) - чек  ұстаушының  шотына  белгілі  бір 
соманы  чек  берушінің  жирошотынан  аударуы  туралы  банкке  берген 
бұйрығынан тұратын чек. Жирочек бір банкте жирошоты бар чек беруші мен 
чек ұстаушының арасында ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланады. 
  Жироцентрали – коммунальдық  жинақ  кассалары  үшін  Орталық 
банктердің  қызметін  атқаратын  несиелік  мекемелердің  бір  түрі. 
Жироцентралилер Германияда кеңінен тарған. 
  Жинақ  сертификаты  (сберегателный  сертификат) – жеке    тұлғаның 
банкке салған қаражатын куəландыратын жəне оған салым мерзімінің өтуіне 
қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сиақы 
мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.  
Жинақ  банкі  (сберегательный  банк) – халықтың  жинағын  тартумен 
айналысып, халыққа тұтыну жəне ипотекалық несие беретін несиелік мекеме. 
Жаңартпалы  аккредитив  (револьверный  аккредитов) – аккредитивті 
төлеген сайын тез арада жаңартылып отырылатын аккредитив түрі. 
 
 
И 
Инфляция  (латын. inflatio, аудармасы - “қабыну”, “iсiну”)  - бұл 
бағаның  өсуiнен,  тауарлар  тапшылығынан  жəне  тауарлар  жəне  қызметтер 
сапасының  төмендеуiнен  туындайтын  ақшаның  құнсыздануы,  сондай-ақ 
ұлттық валютаның сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi. 
  Инвестициялық банк (инвестиционный банк) - ірі жобаларға күрделі 
қаржы 
жұмсау, 
ұзақмерзімді 
несиелер 
беру 
жəне 
өндірістік 
корпорациялардың  акцияларын  сатып  алу  арқылы  инвестициялық  саясатты 
жүргізетін  маманданған  банк.  Инвестициялық  банктің  ресурстары 
облигациялар  шығару  жəне  меншікті  акцияларын  сату  есебінен  құрылады. 
Инвестициялық  банктердің  басты  ерекшелігі  олар  халықтан  салым  салуға 
маманданбайды. 
  ҚР-ғы  инвеститциялық  банкке  Қазақстан  Даму  банкін  жатқызуға 
болады.  Оның  қызметі - ҚР  Үкіметінің бағдарламасына енген ірі  жобаларға 
ұзақ мерзімді несиелер беру болып табылады. 
  Инвестициялық 
саясат 
(инвестиционная 
политика) - 1) 
инвестициялық  қызметті  жандандыру  экономиканы  дамыту,  өндірістің 
тиімділігін  арттыру  жəне  жəне  əлуметтік  мəселелерді  шешу  мақсатында 
барлық шаруашылық субъектілері үшін қолайлы жағдай жасауға байланысты 
мемлекеттің  шараларының  жиынтығы; 2) негізгі  құралдарды  жаңарту  жəне 
олардың техникалық деңгейін арттырудың қажеттігін ескере отырып, оларға 
қажетті  күрделі  қаржының  ауқымын  анықтап,  тиімді  пайдалануға 
байланысты  мемлекет  пен  кəсіпорындардың  жүргізетін  экономикалық  жəне 
əлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі. 
  Инвестициялық  ахуал  (инвестиционный  климат) (ағыл. Investment 
climate) - елдің  экономикасына  ішкі  жəне  сыртқы  инвестициялардың 

 
 
223
ағылуына  ықпал  етуші  экономикалық,  саяси  жəне  қаржылық  жағдайлар. 
Қолайлы  инвестициялық  ахуал  саяси  тұрақтылықпен,  заңдық  базаның 
болуымен,  тиімді  салықтар  мен  инвесторларға  жасалатын  жеңілдіктермен 
сипатталады. 
Инвестициялық  қоржын  (инвестиционный  портфель)  пайдалы 
объектілерге капитал салумен байланысты активтік операциялар барысында 
банктің сатып алған бағалы  қағаздарының жиынтығы.  
Инвестициялық  қоржын  корпорациялардың,  компаниялардың  бағалы 
қағаздарына  салынған  меншікті  инвестицияларды  жəне  екінші  реттегі 
резервтер ретінде мемлекеттің бағалы қағаздары түріндегі өтімді активтерден 
құрылуы мүмкін. 
Индексациялау  (индексация) - акшаның  құнсыздануы  нəтижесінде 
халықтың  жəне  кəсіпорынның  шеккен  зиядарының  толық  немесе  жартылай 
орнын  толтыру.  Индексациялау  зейнет  ақы,  степендия,  еңбек  ақы,  жəне  ең 
төменгі  əлеуметтік  кепілдемелерді  қайта  қарауда  білдіреді.  Бірақта  тұтыну 
тауарлары    мен  қызметтер  өндірісінің    құлдырауы  жағдайында  мемлекет, 
мемлекеттік бюджетте толық индексациялауды жүргізе алмайды, себебі оның 
соңы  ақшаны  əрі  қарай  құнсыздандырады.  Сондықтан  да  табыстарды 
жартылай индексациялау ғана жүргізіледі. 
Инкассатор  -    банктің  кассасынан  ақшаларды    кəсіпорындардың, 
ұйымдардың,  мекемелердің  кассаларына  жеткізуші,  сондай-ақ  олардың 
кассаларындағы  ақшалай  түсімдерді  жинап,  банкке  өткізуге  құзіретті 
лауазымды тұлға. 
Инкассо  (лат. inkasso)   - банк  клиеттің  тапсырмасы  бойынша 
төлеушіден  төлемді  немесе  төлемге  беретін  келісімді  алуға  міндеттеме 
алатын  банктік  операцияның  түрі.  Инкассо – қалааралық  есеп  айырысудың 
біршама  тиімді  формасы,  өйткені  ол  жабдықтаушы  мен  төлеуші  үшін 
қолайлы:  жабдықтаушы  үшін  тиімділігі,  төлеушіден  ақшаны  алып,  оны 
жабдықтаушының  шотына  есепке  алу  міндетін  банк  өзіне  алса,  ал  төлеуші 
үшін тиімділігі, ол төлемде өзі бақылау жасайтындықтан да, оның төлеуден 
толық  немесе  жартылай  бас  тарту  мүмкіндігі  бар.  Инкассоның  кемшілігі- 
өнімді  жөнелту  жəне  ол  үшін  төлемді  алу  арасындағы  уақыт  аралығында 
біршама    үзіліс  болады,  сол  себепті  осы  алшықтық  қосымша  заемдық  
қаражаттарды талап етеді. 
Инкассалық өкім (инкассовое распоряжение) – заң актілерінде көзделген 
жағдайда  ақшаны  жөнелтушінің  келісімінсіз,оның  банктік  шотынан  ақшаны 
алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты. 
Инспекциялық (іштей) кадағалау (инспекторский надзор) – банктерді 
орналасқан  жерінде  тексеру  аркылы  олардын  жағдайлары  туралы  нақты 
мəліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің кызметін реттеу əдісі. 
Ипотека  (грек. hypotheke – кепіл)  ипотекалық  сауда  алу  мақсатында 
жылжымайтын  мүлікті,  ең  бастысы  жерді  жəне  құрылысты  кепілге  қою. 
Ипотекада  кепілге  салынған  мүлік  несие  берушінің  қолына  берілмей, 

 
 
224
борышқордың қолында қалады. Ипотека – деп, сондай-ақ  ипотекалық несие 
бойынша қарызды жəне мүлік актісін түсінуге болады. 
Ипотекалық несие  (ипотечный кредит)  - жылжымайтын мүлікке (жер, 
өндіріс  жəне  үй  ғимараттары,  құрылғыларға)  банктерден  берілетін  ұзақ 
мерзімді займ. 
Ипотекалық  облигациялар  (ипотечные  облигаций) – жылжымайтын 
мүліктермен қамтамасыз етіліп шығарылған ұзақ мерзімді құнды қағаздар. 
Ипотекалық  банк  (ипотечный  банк) - жылжымайтын  мүлікті  кепілге 
алып,  немесе  жылжымайтын  мүлікті  сатып  алуға  ипотекалық  несиелерді 
берумен  айналысатын,  депозиттік  емес  маманданған  коммерциялық  банк. 
Ипотекалық  банк  ұзақ  мерзімді  несиелер  береді.  Банктің  ақшалай 
қаражаттарына  бастапқы  жарналар,  ипотекалық  несиені  алғысы  келетін 
клиеттердің  төлемдері,  сондай-ақ  банктің  меншікті  капиталы  жатады. 
Несиелеу бағыттарына байланысты ипотекалық банктер жерді кепілге алып, 
несие  беретін  жер  банктері    жəне  қалалық  жылжымайтын  мүлікті  кепілге 
алып, несие беретін коммуналдық банктер деп бөледі. 
Инсайдер – жалпы халыққа қолжетімсіз, ішкі қызметтік ақпартаттарды, 
құпиялы мəліметтерді білетін, компанияның ішінде жұмыс жасайтын немесе 
компанияның 10
% дауысты акциясын иеленетін тұлға. 
Индоссамент  –  бір  тұлғадан  (индоссанттан)  екінші  бір  тұлғаға 
(индосатқа) беруге құқық беретін вексельдің, чектің, коносаменттің жəне өзге 
бағалы  қағаздардың  келесі  бетінде  көрсетілген  аударып  жазу  туралы 
таңбасы.   
Индоссант – вексельдің  артқы  бетінде  аударып  жазуды  жүзеге 
асыратын  жəне  вексель  бойынша  төлемді  алу  құқығын  өзге  тұлғаға  беруші 
тұлға. 
Индоссат  - аударып жазу арқылы вексельді алушы (ұстаушы) тұлға. 
 
 
 
 
К 
Кастодиан  (ағылшын. custodian – сақтаушы) - клиенттің  тапсырмасы 
бойынша  құнды қағаздарын  сенімгерлік сақтауға қабылдайтын банк, немесе 
қаржы  агенті;  сақтаушының  қызметінде  клиеттің  құндылықтарымен  сауда-
саттық операцияларын жүргізу қарастырылмайды.  
Кассалық  операциялар  (кассовые  операции) -  қолма-қол  ақшаларды 
қабылдау, 
беру 
жəне 
қайта 
санаумен 
байлынысты 
банктердің, 
кəсіпорындардың жəне фирмалардың операциялары.   
Кассалық  мəміле  (кассовая  сделка) - мəміле  жасаған  күні  немесе  бір 
аптадан  аспайтын  мерзім  ішінде  құнды  қағаздар  төленетін  жəне  сатып 
алушыға  берілетін  өзіндік  ерекшелігі  бар  қор  биржаларындағы  құнды 
қағазбен жасалатын операция. 

 
 
225
Комиссиондық сыйақы (комисионные вознаграждение) - 1) мəміленің 
сомасынан  пайыз  түрінде  есптелетін,  коммерциялық  операцияны,  мəмілені 
жүзеге  асыруға  байланысты  делдал-агент  ретінде  атқарған  жұмысы  үшін 
төлемақы; 2) белгілі  бір  банктік  операцияларды  жүргізу  барысында  банктің 
алатын комисиондық қызмет көрсеткіне үшін клиенттен алатын төлемі. 
Контокорренттік несие (итал. сonto corrent – ағымдық шот)- клиенттің 
барлық  түсімдері  мен  төлемдері  есепке  алынатын  банктегі  бірыңғай  есеп 
айырысу  (контокоренттің)  шоты  бар,  өзінің  тұрақты  клиенттеріне  банктің 
беретін несиесі. 
Кепiлденген  чек  (гарантированнй  чек) - чек  берушiнiң  банкiндегi 
шотындағы  қаражаттың  көлемiне  байланыссыз  чекте  көрсетiлген  соманы 
төлеуге қызмет көрсетушi банктiң беретiн кепiлiн көрсететiн чек. 
Коммерциялық  несие  (коммерческий  кредит)  -  бұл  қарыз  берушiнiң 
қарыз алушыға қарызға берген тауарын бiлдiредi.  
Коммуналдық  банк      (коммунальны  банк)  -  тұрғын  үй  жəне 
коммуналды  шаруашылықты,  тұрмыстық  қызмет  көрсететін  кəсіпорындарға 
несие  беру,  есеп  айырысу;  касса  өзге  банктік  операциаларды  орындауға 
маманданған банк. 
Корреспондеттік  қатынас  (корресподентские  отношения) – банктік 
қызмет  көрсетумен  байланысты  операцияларды  жүзеге  асыру  мақсатынды 
банктер бір бірінде өзара корреспондеттік шот ашумен байланысты жасалған 
келісім-шарттық қатынасты сипаттайды. 
Кооперативтік  банк    (кооперативный  банк) - бірінші  кезекте 
кооперативтің  қатысушыларына  (шағын  жəне  орта  кəсіпкерлерге) 
жеңілдікпен  банк  қызметін  көрсетуге  бағытталған,  кооператив  формасында 
құрылған мамандандырылған несиелік мекеме. 
Корреспондент  банк  (банк  корреспондент)-  клиенттерге  қызмет 
көрсетуге  байланысты  операциялар  мен  банкаралық  операцияларды 
корреспонденттік  келісім-шарт  негізінде  өзге  банктің  тапсырмасын 
орындаушы банк. 
Корреспонденттiк шот (корреспондентский счет) – бұл коммерциялық 
банктердiң  өзара  есеп  айырысуларды  жүргiзуге  арналған  елдiң  орталық 
банкiнде  жəне банктердiң бiр-бiрiнде ашатын шоты.  
  Контокоррент  (итал.  соnto corrente- ағымдық  шот) - 1) клиенттің 
барлық  операциялық  есепке  алынатын  біртұтас  банктік  активті-пассивтік 
шот. 2) Контокоррент  салымдарды  сақтау  үшін,  сондай-ақ  клиенттің  есеп 
айырысуы  үшін,  қызмет  етумен  қатар  ағымдағы  шот  пен  қарыз  шотының 
біріккендігін,  яғни  дебеттік-кредиттік  есеп  айырысу  шотын  білдіреді. 
Контокорренттің  кредиттік  қалдығы  клиентте  бар  бос  ақша  қаражатты 
дебеттік қалдығы-клиенттің банкке деген қарызы көрсетеді. 
  Конверсиондық операциялар  (конверсионные операции) – қандай да 
бір  елдің  елдің  қолма-қол  жəне  қолма-қолсыз  ұлттық  валюталарына  қолма-
қол жəне қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу жəне сату мəмілелері.  

 
 
226
Кредиттiк  карточка  (кредитные  карточка) – карточканы  шығарушы 
мен  карточка  иесi  арасындағы  келiсiм  шартқа  сəйкес,  несиелiк  лимит 
көлемiнде тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдi жасауға, не қолма-қол ақша 
алуға арналған карточка.  
Кредиттік 
корпоративтік 
банктік 
карточка 
(кредитная 
корпоративная, банковская карточка) - клиентпен (заңды тұлғамен) жасалған 
келісім-шартқа  сəйкес  эмитенттің  белгілеген  пайдалану  шегінде  жəне 
эмитенттің берген  несиелік желі мөлшерінде операцияларды жүзеге асыруға 
өкілетті  заңды  тұлғаларды,  ұстаушыларға  пайдалануға  мүмкіндік  беретін 
банктік карточкасы. 
Кредитттік  аударымдар    (кредитовые  переводы) – ақшаны 
жөнелтушінің    төлем  құжаттарын  алушы  банкке  төлем  тапсырмасын  беру 
арқылы жасайтын қолма- қол ақшасыз төлемдері.  
Күмəнді  несиелер  (сомнительные  кредиты) – қайтарылу  уақыты 
кешіктірілген,  мерзімі  ұзартылған  жəне  банк  үшін  тəуекел  туғызатын 
несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сəйкес, күмəнді 
несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмəнді, 2-санатты күмəнді, 3-санатты 
күмəнді, 4-санатты күмəнді, 5-санатты күмəнді.  
Күндізгі  қарыз  (дневной  заем)–  банктік  жұмыс  күні  ішінде  екінші 
деңгейдегі  банктердің  ҚР  Ұлттық  банктегі  корреспондентік  шоттарында 
уақытша  қаражат  жоқтығына  немесе  жетіспеуіне  байланысты  ақшалай 
аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие. 
Кук коэффициенті – банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері 
арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. 
Кепіл-хат    (гарантия) - қарыз  алушы  төлеуден  бас  тартқан  жағдайда, 
үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. 
Корпоративті  клиент  (корпоративный  клиент) – қызмет  көрсетуде 
ерекше  басымдықтарды  иелентін  жəне  даму  барысында  ынтымақтасуға 
болатын банк клиенті. 
Конгломерат – 1) көп салада бірдей қызмет етін ұйым немесе банк; 2) 
банктік холдинг немесе холдингтік компания. 
Квази  ақша  (квазиденьги) – 1) мінетемені  өтеу  мақсатында 
пайдалынылатын  өтімділігі  жоғары  жəне  бос  ақшалар; 2) қолма-қол  ақшаға 
жеңіл айналатын активтер; 3) өтеу мерзімі жетпеген облигациялар. 
Коммерциялық  вексель  (коммерческий  вексель) – тауарды  несиеге 
сатып  алу,  сату  мəмілісінің  жасалуы  барысында  туындайтын  қарыздық 
міндеттеме. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет