Қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі



Pdf көрінісі
Дата26.12.2019
өлшемі336,61 Kb.
#54880
Байланысты:
Домбыра — Уикипедия


Домбыра

Домбыра — қазақ халқының ең кең

тараған екі ішекті, көп пернелі

музыкалық аспабы. Ол – қазақтар

өмірінде маңызды орын алатын,

өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.

Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде

жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге

қолданылған домбыра кейін

аспаптық шығарма – күй жанрының

қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі

кезде домбыра жеке әнді


сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-

фольклорлық музыкада, классикалық

шығармаларды

 орындауға

қолданылатын, мүмкіндігі кең

музыкалық аспап болып табылады.

Домбыра ежелде қазақтың тарихын

баяндаған музыкалық аспаптардың

бірі.


Домбыра

Жіктелуі

екі ішекті (кейде үш

ішекті) музыкалық

аспап


Туыстас аспаптары Қобыз

Музыканттар

Құрманғазы

Сағырбайұлы, Дина

Нұрпейісова, Сүгір

Әліұлы Дәулеткерей

Аспаптың дыбысы

 

 Домбыра ортаққорда



XIX ғасырда қазақ халқының

тұрмысында анағұрлым кең тараған

Музыкалық аспап екі ішекті домбыра

болатын. Егер бұрынғы заманда көне

аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды

сүйемелдеу үшін ғана қолданылған

болса, енді домбыра жеке шығарма

орындауға арналып, күрделі

аспаптардың қатарына қосылды.

Домбыраның тарихы



Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ

этнографтардың жазып қалдырған

еңбектеріне жүгінсек, домбыра және

өзге халықтардың осы тектес

аспаптары тіпті сонау орта

ғасырларда белгілі болған екен.

Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің

еңбектерінен тамбур аспабы жайында

оқимыз.

Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі



ішекті дутары алғаш рет әл-

Хусейнидің «Музыкалық канон» деген

трактатында ауызға алынды.

Қазақтың халық аспабы домбыра XIV



Пошта маркасындағы домбыра

ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның

бастағы түрі мен құрылысы қазақтың

домбырасынан аумайды, осындай

аспап аттарының ұқсастығы да

олардың түпкі шығу тегі бір екекін

көрсетсе керек.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық

композиторы Құрманғазымен бірге

Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек,

Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ

күйшілер дүйім жұртты аузына

қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал

тамған майталман домбырашы

болуымен бірге нелер бір ғажап күй де

шығарған шын мәніндегі өнер иелері-

тін. Солардың арқасында домбырада



тартылатын күйлердің музыкалық

формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-

ді. Домбыраның техникалық

мүмкіндіктері артқан сайын домбыра

тарту өнері де едәуір өрге басып, байи

түсті.


Қазақстанның батыс аудандарында

домбыра тартудың өзгелерге

ұқсамайтын бөлек дәстүрі

қалыптасқанын айту керек. Батыс

аудандардағы домбыраның негізгі

өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді,

сондай-ақ шанағы сопақ, мойны

жіңішке, перне саны көбірек.

Сондықтан мұндай домбыраны

тартқанда қолданылатын



техникалық, тәсілдерді шанағы

жалпақ домбыраға қолдану қиын,

өйткені бұл соңғы домбыраның

мойны едәуір енді және ондағы перне

де аз.

Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше



нұсқасы кең тараған. Егер батыс

аудандардағы домбыраларға 12—14

перне тағылса, ал шанағы жалпақ

домбыраға не бары 7—8 ғана перне

байланған. Перне санын арттыру

процесі өте баяу жүрді және оның өзі

орындалатын репертуарға тікелей

байланысты еді. Әдетте, жаңа перне

онымен алғаш орындалатын күйдің

атымен аталынды. Пернелердің бірі



домбырада «Түрікпен күйін»

орындағанда байланды да, «Түрікпен

пернесі» деп аталды. Бейтарап терция

интервалын беретін басқа бір перне

Қазақстанның батыс аудандарында

«Сарыарқа пернесі» деп аталады.

Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы

жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны

жайында айтылады. Жаумен

шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп

әбден қалжырап келе жатқан батыр

жолшыбай демалуға аялдайды.

Сайдың ішіндегі саялы жерде

жайғасып отырған соң талдан бір

шыбық кесіп алады, оған жылқының

қылын керіп байлайды да, дыбыс



шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан

жасаған тым жұпыны аспаптан

ешқандай үн шығатын емес, тым-

тырыс, меңіреу күйінде қала береді.

Батыр оны жанына тастай салады да,

өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол

жанындағы өзі жасаған аспаптан

шығып жатқан дауыстан оянады.

Қолына алып қараған батыр

аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш

тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің

астынан келтіріп орнатып қойған

екен. Батыр: «Е, бұл сайтанның ісі

болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім

содан бері қалған сөз болса керек,

халық арасында жоғарғы тиекті

«шайтан тиек» деп атайды. Ішекті


жылқының қылынан тағу, жоғарғы

тиектің болмауы көне аспаптарға тән

сипат.

Домбыраның түрлері



Домбыра-контрабас

Кішкентай домбыра

Қазақ даласының әр өңірінде

кездесетін домбыралар жергілікті жер

жағдайына, тұрмыс-салты мен

дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр

өнерпаздың орындаушылық

мәнеріне, аспапшы шеберлердің

ісмерлігіне байланысты әртүрлі

пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.

Ән, жыр айтуға арналған домбыраның

пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-

ке жетсе, күй домбырасына 20-дан

астам перне тағылады. Олардың

құлақ бұрауы да қажетіне қарай

(кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра,

негізінен, екі ішекті және кейде үш


ішекті болып келеді. Домбыра тартуда

қағыстардың түрлері өте көп.

Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу»,

«шертіп ойнау», т.б.

Қазіргі кезде домбыраның 20-дан

астам түрлері бар. Олардың ішінде

ән мен күй домбырасы

торсық


тұмар

кең шанақты (екі нұсқасы)

балдырған

балашық


шіңкілдек

аша


үш ішекті

қуыс мойын

шертер

оркестр домбыралары:



қоңыр дауысты (альт)

жіңішке дауысты (прима)

ащы дауысты (секунда)

бас домбыралар (екі нұсқасы)

[1]

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен



тұрады: басы, құлақтары, пернелер,

мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және

ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген

қосымша бөлшектері бар (

тиек

, кемер


Сипаттамасы

ағаш, 

тұжым ағаш

, бастырма, ойық,

қалқа, түйме, өрнек, желкелік).

Домбыра тиегі үш түрлі болады

(шайтан тиек, негізгі тиек,

табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары

қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар

тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен

секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі

түрлі әдіспен – құралып немесе

ойылып (шауып) жасалады. Құрама

домбыралардың шанағы жұқа

тілшелерден құралып жасалса, бітеу

домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби

өнердің туып-қалыптасуына,



өркендеуіне негіз болған. Байжігіт,

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет,

Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б.

даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй

дәстүрлерінің тууы, дамуы осы

Домбыра аспабымен тікелей

байланысты. Олардың дәстүрін,

мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина

Нұрпейісова, Ә. Хасенов, 

Науша


Қашағанов

Махамбет Бөкейхановтар



,

Төлеген Момбеков, М. Хамзин, Қ.

Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л.

Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар

болса, қазіргі майталман

орындаушылар – Қаршыға

Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С.

Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат



Тілеуханов, 

Айгүл Үлкенбаева

, А.

Райымбергенов, т.б.



Домбыра – тек күй тартуға ғана емес,

ән айтқанда сүйемел үшін де

қолданылатын аспап. Біржан сал,

Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди,

Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев,

М.Ержанов, Ж.Елебеков,

Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б.

белгілі әншілер домбыраның әнге әр

беріп, әншіге демеу болатынын

дәлелдеді.

Домбыра аспабының дәстүрлі

үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне

Домбыраның дамуы


байлау, домбыра баптау, күй ойнау,

домбыра жасау жөнінде зерттеулерді

Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т.

Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д.

Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен

кездестіреміз. Домбыра

құрылымдық, сапалық дәрежесінің

кемел деңгейге жетуі барысында

бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:

1932 – 1934 жылдары домбыра

аспабын жетілдіру бағытында

белгілі аспапшы шеберлер

Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И.

және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев,

т.б. еңбек етсе,


оны 1960 – 1970 жылдары

Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы

жалғастырды.

1934 жылы Халық аспаптар

оркестрінің (Қазақ мемлекеттік

халық аспаптар оркестрі)

құрылуымен байланысты

домбыраның 

прима

, альт, тенор,



бас, контрабас сияқты түрлері

дүниеге келді.

1990 – 2000 жылдары аспап

жасаушы-қолөнерші шеберлердің

республикалық «Үкілі домбыра»

сайыстары өткізіліп, соның

ықпалымен домбыра аспабы


жаңаша зерттеу, даму, жетілу

бағытына бет түзеді.

Шоқпарұлы, С.Ділманов,

Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б.

домбыра жасаушы шеберлер шоғыры

пайда болды. Олар дамытып,

жетілдіріп жасаған домбыралар сырт

нұсқаларына, бөлшектері мен ішек

сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне,

дыбыс ауқымына және басқа да

қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш

ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын»,

«бүктемелі», «желбезекті», «тұмар»,

«қос шанақты» немесе «қос мойын»,

«үшем», т.б. деп аталып, халықтық-

аспаптық музыка дәстүрін байыта

түсуде. Домбыра тектес аспаптар


Орта Азиядағы түркі халықтарының

барлығында дерлік бар. Мысалы,

башқұртта «думбыра», қырғыздарда

«қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».

[2]

Қазақтың музыка мәдениетін



зерттеушілер күні кешеге дейін өткен

ғасырдағы этнографтардың көп ішекті

домбыралар жайында жазып

қалдырған еңбектеріне жөнді мән

бермей келген еді. Ал Семей

облысынан үш ішекті аспаптар мен

үш дауысты бірегей күйлер

кездескеннен кейін ғалымдар бұл

мәселедегі көзқарастарын өзгерте

Көп ішекті домбыралар



бастады. Қазақтарда бұрын өзінің

қүрылысы жағынан үш ішекті көне

шертерге ұқсас көп ішекті домбыра

болғаны жайында бұл күнде қосымша

деректер табылып отыр.

Бұрынғы кезде көп ішекті

домбыралар Қазақстанның түрлі

облыстарында болыпты. Мұны А.

Алекторовтың, Д. Исаевтың, П.

Юдиннің және басқа этнографтардық

мәліметтерінен көреміз. Осындай

мақалалардың бірінен мынадай

жолдарды кездестірдік.

«Қырғыздардың музыкалық

аспаптары қызығарлықтай


Үш ішекті, кейде шанағының ішінде

тартылған қосымша ішектері тағы

бар, өте көне домбыралар Семей

облысының Абай, Шұбартау және

Жақа Семей аудандарында жиі

кездесетін.

Семей облысында үш ішекті домбыра

тартудың тамаша шеберлері көп

болған. Солардың бірі 

Тілеулі


Мамырбековтің

 репертуарында



емес. Олардың бар болғаны

бубен, джибизги және

думбралар (думбра — үш

немесе төрт ішекті аспап,

біздің балалайкаға ұқсайды)».

ондаған күйлер болыпты. Ол кісі,

мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға»,

«Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт»,

«Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты

күйлерді нәшіне келтіре орындаған.

Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен

немересі Исраил үш ішекті

домбыраны шебер тартқан екен.

Исраилдің өзі де бірнеше күй

шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер

бізге жетпеді. Қазір Семейдегі

республикалық әдеби-мемориалдық

Абай музейінде үш ішекті домбыра

сақтаулы:

Олардың бірі Исраилдің

домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып



жасалған. Бет қақпағы ағаш

шегелермен бекітілген, оған

тарамыс перне байланған.

Екінші домбыраның шанағы бөлек-

бөлек тақтайдан құрастырылған.

Жоғарғы және төменгі қақпақтары

фанерден жасалған. Он екі пернесі

бар.


Үшінші домбыраны ұлы ақын-

ағартушы Абай Құнанбаев пен оның

досы Н. Долгополов Семей

өлкетану музейіне 1885 жылы

тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан

ойып жасалған. Ағаш шегелермен

бекітілген бет қақпақта үш шағын


ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ.

Мойынға бес перне байланған.

Құрманғазы атындағы Алматы

мемлекеттік консерваториясының аға

ғылыми қызметкері А. Серікбаева

басқарған фольклорлық экспедиция

1965 жылы жазда Семей облысы

Абай ауданындағы М. Әуезов

атындағы совхозда болды.

Экспедиция мүшелері үш ішекті

домбырада М. Әзімханов орындаған

жеті бірегей күйді жазып алған.

Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі»,

«Панкратов», «Қазақтың би күйі»,

«Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі

және «Сылқылдақ» бар.



Кейін консерваторияның фольклор

кабинетіне осы ауданнан үш ішекті

домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның

шанағының ішіне даусын күшейту

үшін квартаға келтіріліп екі металл

қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас

ағашты ойып жасалынған. Ағаш

пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек

үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны

сақтау үшін істелген. Аспап квинта

мен квартаға келтіріліп бұралады.

Көп ішекті және екі ішекті

домбыралардың құрылысында

ұқсастық көп. Көп ішекті

домбыралардың мойны қысқа,

пернелері жылжымалы болған.



Шығыс облыстарда кездесетін екі

ішекті домбыралардың да мойны нақ

осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі

ішекті домбыралар да кездеседі.

Кейбір домбыраға сым ішек тағыла

бастайды. Кейін жылжымалы

пернелер тұрақты мыс пернелермен

алмастырылды. Қосақталған екі сым

ішекті және пернелері тұрақты бірегей

домбыра 1967 жылы Талдықорған

облысының Панфилов ауданынан

табылды. Ол бұл күнде автордың

музыкалық коллекциясында

сақтаулы.

Екі ішегі аспаптың шанағының және

мойнының ішінен өтетін домбыралар



да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ

болады. Құлақ екеу болғанда ішектер

мынадай ретпен тағылады: екі ішектің

ұштары мойынға шалынады да

мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі

шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик

арқылы сыртқа шығарылады, одан

соң сырттан керіліп екі құлаққа

бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты

бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер

бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина

Нүрпейісова атындағы халық

аспаптары оркестріне қатысушы

Қапар Темірәлиев 1960 жылы

жасаған домбырада төрт ішек бар.

Олардың екеуі шанақ пен

мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ


болуы арқасында әр ішек жеке күйге

келтіріледі. Ішкі ішектер

сыртқылармен унисон түрінде күйге

келтіріледі де, аспаптың даусын

күшейте түседі. Мойынның

сағасының бір бөлігі ашық

қалдырылады, ол ішек үзілген кезде

жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы

үшін қажет.

Домбыраға қосалқы ішек тағылуы

және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі

музыкант орындаушылардың

аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп,

үнемі ізденіс үстінде болғанын

көрсетеді. Қостанай облысының

Боровское ауданында шанағының



ішіне қоңыраушалар ілінгек

домбыралар да кездесті. Мұндай

домбыра жасаушы шебердің бірі —

Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай

автономиялы облысының Қосағаш

ауданында бұрын халық композиторы

Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш

дауысты күй шығарыпты.

Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп

көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше

әуезділігі байқалады. Музыка

зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты

«Сылқылдақ» күйікің ладо-

тональдық, метрикалық,

құрылымдық және басқа сипаттарын

талдай келіп: «бұл күй бізге бұған



дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде

өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш

дауыстылығы, осы үш дауыстың

нәтижесінде өте бір ерекше

комплекстер, қазақ музыкасы үшін

мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге

келген».

Көп ішекті домбыраларды тарту

мәнері Қазақстанның, шығыс

облыстарындағы домбырашылардың

тартысына ұқсайды. Яғни күйлер

ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау

тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл

республикамыздың бұл

аймақтарында үш ішекті домбыраның

сақталуына себепші болған. Үш ішекті



домбырада орындалатын күйлер

өзгеше естіледі және олардың

орындалу тәсілі де басқаша.

Екі ішекті және үш ішекті

домбыралардың көп ішекті

жетігенмен және үш ішекті шертермен

үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті

домбыра тартудың қалыптасқан

дәстүрін қазақтың аспаптық

творчествосы дамуының неғүрлым

ертеректегі кезеңіне жатқызуға

болады. Домбыраның жетілдірілуі

аспаптық музыканың дамуымен

тығыз байланыста жүріп отырған.

Бірі-біріне ұқсамайтын

орындаушылық екі дәстүрдің орын



алуын құрылысы және сыртқы түрі

жағынан басқа-басқа екі түрлі

домбыра жасалуына себепші болды.

Осының бәрі қазақ халқының музыка

мүрасын байыта түсті. Қазақстанның

орталық, оңтүстік және шығыс

облыстарының орындаушылық

дәстүрі әлі күнге дейін жете

зерттелінбей отырғанын айта кету

керек.


Советтік заманда Қазақстанның

аспаптық музыкасы дамытылуына

байланысты екі ішекті домбыра

жетілдіріліп қайта жасалды да оны

тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді.

1943 жылы Құрманғазы атындағы



Қазақтың халық аспаптары оркестрі

ұйымдастырылған шақта

домбыраның бірнеше түрі бірден

жасалынған-ды. Оркестрге әр

жылдары жетекшілік еткен А.

Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский,

Ш. Қажығалиев, сондай-ақ музыка

аспаптарын жасаушы шеберлер И.

Романенко мен Қ. Қасымов

домбыраны жетілдіру және

домбыраның мүлде жаңа үлгілерін

жасау жолында қажымай-талмай көп

еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз

Осакаровка музыкалық аспаптар

фабрикасында және Алматыдағы

мебель фирмасының музыкалық

аспаптар цехында жасалынуда. Ал


оларда жасалынып шығып жатқан

аспаптардын, саны да, сапасы да

аспапқа қойылатын талаптан көп

төмен. Аспаптарды көптен шығару

ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни

сапалы аспаптың тапшылығы

көркемөнерпаздар үйірмесінің кең

қанат жайып дамуына, жас

музыканттарды тәрбиелеп баулуға

кедергі болып отыр.

Қазақ КСР Министрлер Советі

музыкалық аспаптарды шығару және

сапаларын жақсарту жөнінде 1968

жылы 27 ақпанда қаулы қабылдаған

болатын. Осы қаулыға сәйкес

аспаптардың қолданылып жүрген



түрлерін қайта жасауды және көне

аспаптарды қалпына келтіруді қолға

алған эксперименттік лабораториялар

жұмыс істей бастады. бұл кезеңде

ағаштың физикалық-механикалық

және акустикалық қасиетін зерттеп

анықтау барысында біраз жұмыстар

атқарылды. Аспаптарды жобалау

қазақ аспаптарының көне үлгілерін,

сондай-ақ халық шеберлерінің

тәжірибелері мен дәстүрлерін,

этнографиялық материалды зерттеп-

игеру негізінде жүргізілді.

Домбыраны зерттеу

нәтижелері


Әр түрлі үлгідегі домбыралардың

қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың

жеке бөлшектерін құрастырып

жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу

үшін кергіш орнатылады. Қақпақты

шанаққа отырғызғаннан кейін топты

жаңғырық пайда болады. бұл шанақ

пен қақпақтың арасындағы бір тұтас

жаңғырық болып саналады.

Қақпақты өңмеу жұмыстары оның

тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді,

сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп,

біржола өңделгеннен кейін тербеліс

жиілігі қандай болатынын күні бұрын

білуге болады. Оның үстіне ағаштық

физикалық ерекшелігіне байланысты

көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік


үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай

бола тұрса да қақпақты қажетті

интервал шамасында дыбыстайтын

етіп күйге келтіруге болады.

Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың

қалыңдығын анықтау және серпінді

орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне

байланысты, бұл іске аса мұқият

болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін

қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің

де маңызы бар. Қақпақ

құрастырылғаннан кейін

тақгайшалардың санына қарай

реттей отырып қажетті үнді алуға

болады.


Зерттеу жүмыстарын жүргізу

нәтижесінде анықталғандай, егер

қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек

болса, ағаштың тербеліс қасиеті де

соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты

құрастырған және күйге келтірген

шақта, сондай-ақ онын,

параметрлерін белгілегенде осы

жайларды ескерудің маңызы өте зор.

Ағаштың тербеліс жиілігі оның

физикалық қасиетіне де байланысты

дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың

физикалық қасиеттері әр түрлі болса,

олардан алынатын дыбыстың

айырмашылығы да үш жарым тонға

дейін алшақтайды. Жас ағашқа



қарағанда кептірілген ағашты күйге

келтіру оңай.

Қақпақ бірнеше шағын тақтайды

желіммен біріктіру арқылы

жасалынады. Қақпақты құрайтын

тақтайлардық физикалық қасиеттері

мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша

ағаштың табиғи жолақтары бойынша

бір бағытта жымдастырылып

біріктіріледі. Ені —250 мм, ұзындығы

— 400 мм және қалыңдығы —2,5 мм

етіп құрастырылған қақпақтың

тербеліс жиілігі ағаштың физикалық

қасиетіне қарай 207,64—233,08 гц

шамасында болады. Егер қақпақтың

қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс



жиілігі 233>08—277,12 гц шамасында

болмақ.


Қақпақты күйге келтіру кезінде

ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш

орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне

орнатылған кергіш қақпақтың

тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін

болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін,

ені—5 мм, ал биіктігі—6 мм болса, онда

қақпақтың үні бір тон шамасында

жоғарылайды. Тәжірибе

көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы

кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін

серіппені бірте-бірте аласарта беру

керек. Сынақ жүргізілгенде

байқалғандай, қақпақтың тербеліс



жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар

мыналар:


1. ағаштың физикалық қасиеті,

2. қақпақтың қалыңдығы мен

жұқалығы және жанама түрде

әсер ететін факторлар:

қақпақтың сәл ұзартылуы мен

қысқартылуы,

өрнектеу.

Қақпақ үнінің тазалығы оның

жақсылап жымдастырылуына,

құрастырылуына және қалыңдығына

байланысты.

Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру

әдісінде ортақ жайлар көп


болғанымен әрбір қақпақты жекеше

алып қарау керек. Домбыра қақпағын

күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ

күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың

қақпағы тербеліс жиілігі —233, 08—

261,6 гц шамасында дыбыс алуға

қолайлы келеді, өйткені мұндай

жиілік домбыраның мензурасына,

оның құлақ күйіне және дыбыстау

сипатна сәйкес келеді. Аспапта

жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс

пайда болады. Егер қақпақты

құрастырғанда оның күйге келтірілуі

ескерілмесе, онда, практикада

бақыланғанындай, қақпақтың

тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2

гц шамасында болады. мұндай


жағдайда аспаптың даусы нашар

шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз

келеді.

Қазір домбыраның қақпағы 2—5



бөлек тақтайдан құрастырылып жүр.

Тақтай бөлшектерінің санына қарай

қақпақты құрастырудың және күйге

келтірудің жолдары өзгеріп отыруға

тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана

құралса, онда оларды бір тонға

келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен

құралатын болса ортадағы тақтай

күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен

құрастырылса ортадағы екі

тақтайдың күйге келтірілетін болуы


маңызды, өйткені негізгі тонды

беретін солар.

Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл

процесін оны күйге келтірумен бір

мезгілде жүргізу қажет, яғни:

қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді

оны әзірлеудің бастапқы

сатысында-ақ алу керек;

егер қақпақтың үні құрастыру ісі

басталған кездің өзінде-ақ, тым

жоғары болса, келесі тәжірибе

үстінде де қажетті үнді ала

алмайсыз, сондықтан оны күйге

келтіріп және аспаптың шанағына

орнатып текке әлектенбеу керек;


аспаптың даусы жақсы болуы үшін

қақпақтың үнін си-ге немесе си-

бемольға жеткізу қажет;

егер бөлек тақтайшалардың арасы

дұрыс желімделмесе қақпақ

біртектес ағаштан құрастырылмаса,

талшықтардың бағытталуы қисық

болса, жарықшақ сызат

түссе, домбыраны күйге келтіру

қиындайды.

Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-

тенордын, қақпағының үніне қарап

аспаптың тембрлік даусын күні бұрын

білуге болады. Ал мұның, өзі

аспаптарды көбінесе сапалы етіп

жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың



үні жақсы болса — тембрі жүмсақ, ал

үні жоғары болса — тембрі ащы

болады.

1970 жылы Осакаровка музыкалық



аспаптар фабрикасында жасалған бес

домбыраға лабораторияда талдау

жасап көрген кезде, зерттеу мынаны

көрсетті. Қалыңдығы 3,1 мм-ден - 4,1

мм-ге дейінгі қақпақтарды ашып

қарадық. Артқы пружинаның биіктігі

5,2—5,6 мм шамасында екен. мұндай

көлем тербелістің қасиетті жиілігін

және дұрыс күйге келтіру үшін керек

болатын шарттылыққа сай емес.

Қақпақтың қалыңдығын бір мм-ге

жұқартқан соң және пружинаның



биіктігін тағы бір мм-ге кеміткен соң

тербеліс жиілігі азайды. Қақпақтың

үні жарты тоннан астам төмендеді.

Егер бұрын тербеліс жиілігі 138,56 гц

болған болса, енді ол 128,8 гц кеміді.

Мұнан қорытарымыз, көптеп

шығарылатын домбыралардың дауыс

шығару мүмкіндігін жақсарту үшін

тэжірибе жүргізудің нәтижесінде

алынған параметрлерді сақтау қажет

екендігіне көз жеткізу қиын емес.

Халық шеберлері аспаптың үнін

жақсарту жолында үнемі ойластырып,

көп ізденіп келген. Сондықтан да

олар домбыраның формасы мен

құрылысына ерекше назар аударған.



Қолға алып зерттеген бірнеше

домбырамыз тұтас ағаштан ойып

жасалған. Сырт қарағанда бұл

домбыралар жалпақ сияқты, алайда,

шанақтың қуысы тостағанша

дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі

аспаптың даусы жақсы шығуына

мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе

орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы

қақпақтың үні бір қалыптан

өзгермеуіне көмектеседі екен.

Белгілі шебер И. Романенко және

басқа да шеберлердің қолымен

жасалынған бірнеше домбыраға

көрнекті музыканттар талдау жасады.

Мысалы, атақты орындаушы Дина



Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің

қақпағын ашып көрдік. Дина

Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын

көзімен қарап ең сапалысын ғана

таңдап алған болуы керек. Оның осы

домбырасын 1939 жылы шебер Ермек

Арыстанов жасапты.

Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы

қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге

тең. Домбыра-альт қақпағының

көлеміне қарағанда (ені —195 мм,

ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс

ең жақсы болып саналады.

Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп

алғанда да сол күйінде қалдық

Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм



шамасында, артқы серіппенің биіктігі

—2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм,

алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7

мм, оның ені — 4 мм.

Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц.

Шанақтың көлемі: оны құрайтын

бөлшектердің қалыңдығы 2,0—2,3 мм,

шанаққа қондырылатын

контробичайканың қалыңдығы 2.0—

1,7 мм шамасында,

контробичайкалардық ені — 1,2 мм,

бөліктер мен контробичайкалардың

жалпы қалыңдығы 4,0 мм. Аспаптың

шанағы жаңғақ ағашынан, мойны —

қайыңнан, қақпағы — шыршадан

жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес



домбыра үшін ең қолайлы қақпақ

қандай болуы керек екені белгілі

болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі

шыршаны кептіру арқасында

алынды. Серіппелердің көлемдері

қақпақтың үніне нұқсан

келтірмейтіндей етіп жасалған.

Шанақтың, бөліктері мен

контробичайкалары да тиісті көлемде,

сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін

де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы

қалпында сақтап қалды.

Құрылысы мен даусының түпкі

ерекшеліктері сақталып қайта

жасалған домбыра оркестрдің

құрамында домбыра-тенор қызметін



атқара бастады. Нақ осы

домбыраның, арқасында дәстүрлі

аспаптық музыка — күйлерді

орындағанда оркестр даусы ұлттық

өзгеше рең танытады. Домбыраның

репертуары орыс классикасы

шығармаларымен және қазіргі

заманғы музыкалық

шығармаларымен де байып отыр.

[3]


Аңқылдап алтын күрек

домбырадан, Құйып тұр жазғы

жылы жауғандай боп!  

(І.Жансүгіров,Күйші )

Қолымдағы қу ағаш, сөйлеп

тұрған бұл ағаш. Қолымдағы

ағашым-алып жүрген

домбыра.домбыра күнә деген сөз

- Тек бір айтқан домбыра 

(Қапшаған)

Домбыра сияқты екі ішекті

музыкалық аспаптың мүмкіндігі зор.

Солардың бірі домбырада шетелдік

шығармаларды орындау болып

табылады. Паганинидің төрт ішекті

скрипкасында үлкен қиындықпен

немесе басқа да әйгілі шетел

композиторларының шығармалары,

Домбырада шетелдік

шығармаларды орындау


қазақтың киелі домбырасында оңай

және әсем ойналады. Бұл қасиет

әрбір музыкалық аспаптың үніне

салына алмайды. Мысалы:

Моцарттың “

Түрік маршы

” өте күрделі

әрі жоғары темппен орындалатын

шығармалардың бірі. Оның барлық

вариациясын 

күй-сандықпен

 ойнап


шығу тек қана нағыз шебер

адамдардың қолынан келеді. Алайда,

қазақтың домбырасында осы

іспеттес вариациялар аса қиындық

туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының

қос ішекті домбырасында дәстүрлі

қазақ композиторларының

шығармаларымен қоса, шетелдік

шығармаларды асқан шеберлікпен


әсем орындауға болады. Бұның өзі

домбыраның ерекшелігінің бір дәлелі.

1. Киелі домбыраның 20-дан астам

түрлері бар,

http://www.today.kz/kz/news/cultur

e/2012-06-13/29138

2. Қазақ мәдениеті.



Энциклопедиялық анықтамалық.

Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

ISBN 9965-26-095-8

3. Мәдениеттану негіздері: Окулық. -



Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN

9965-485-34-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


Kasymov бұрын /wiki/%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B:History/%D0%94%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B0 соңғы рет өңдеді

Мәлімет CC BY-SA 3.0  лицензиясы аясында

жетімді басқа жағдайда белгіленеді.

Malimetter.kz Домбыра реферат

(қазақша)

[1]


«

https://kk.wikipedia.org/w/index.php?

title=Домбыра&oldid=2666907

» бетінен



алынған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет