Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Зеррттеу логикасы деп нені айтамыз?
2. Зерттеудің негізгі обьектісін ата?
3. К. Левиннің қандай ғылыми зерттеулерін білесің?
4.Қисынсыз бақылау неше процеске бөлінеді?
№5 Дəріс.
Тақырып: Психологиядағы зерттеу əдістері.
Дəрістің мазмұны:
1.Ұйымдастырушылық əдістер.
2. Эмперикалық əдістер.
3. Коррекциялық əдістер.
Мақсаты:
Психологиядағы
зерттеу
əдістерінің
топтары;
ұйымдастырушылық,
эмперикалық,
коррекциялық əдістерімен таныстыра отырып оның жекелеген түрлерінің қалай жүргізілуін үйрету.
1.Ғылым – алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пəнін анықтау, оның сипатамасын
жоққа шығармайды, оған оның əдістарін анықтау да енеді. Əдістер – ғылым пəнін таныстыратын тəсілдер.
Психология – жеке əдістері немесе əдістемелері бар біртұтас жүйе. Ғылым əдістері заңдылықтарына сүйенеді.
Сондықтан ғылымның даму барысында оның əдістері дамып, түрленіп отырады.
Зерттеу əдісіəрқашанда қандай да бір əдістемені білдіреді. Ғылым, Ғылыми психологиялық зерттеудің
объективтілігіне жалпы талаптар қояды:
1.Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пəнінің ерекшеліктеріне тəуелді болатын,
əртүрлі əдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі жəне сыртқы көріністерімен бірге
зерттеледі.
2.Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін көрсетеді, сондықтан, кейде
психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зерттеу
оған енбейді.
3.Біз психиканың материалдық негіздерінің органикалық негіздеріне теңелмейтінің байқадық, адамдардың
ойының үлгісін олардың өмір үлгісі, адамдардың санасын қоғамдық тəжірибе көрсетеді.
4.Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес,
сонымен қатар, психологиялық зерттеудің арнайы əдісі болып табылады. Генетикалық принцип біздің
əдістемеміздің негізгі принципі болдады.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, əртүрлі əдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология
əдістерінің төрт түрлі тобы атап көрсетейік:
51Ұйымдастыру əдістері: салыстырмалы əдіс (жас ерекшелік, іс-əрекеті бойынша əртүрлі топтарды
салыстыру); лонгитюдтік əдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік əдіс (зерттеуге
əр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні əртүрлі амалдар арқылы зерттейді).
2.Эмпирикалық əдістер. Оған бақылау жəне өзін-өзі бақылау, эксперименттік əдістер (табиғи,
қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық əдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия,
əңгімелесу, сұхбат); іс-əрекет нəтижелерін талдау; биографиялық əдістер енеді.
3.Мəлімметтеріді өндеу əдістері: сандық (статистикалық) жəне сапалық (материалдарды топтарға бөлу,
талдау).
4.Коррекциялық əдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық əсер ету əдістері, оқыту.
Ұйымдастыру əдістері
Зерттеу екі негізгі түрлі арқылы психика дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын білуге болады:
көлденең жəне бойлық (лонгитюдтік). Екеуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Қазіргі
лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық жəне психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді.
Р. Готтштальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық
жəне əлуметтік факторлардың əсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мəселе егіздер
əдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті /4/.
Көлденең кескін əдісіне қарағанда, лонгитюлдтік əдістің ерекшеліктері көбірек:
- лонгитюдтік зерттеу жееклеген жас кезеңдері бойынша мəліметтерді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
- ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Логитюдтік
зерттеулер əрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
- тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоненттері арасындағы байланыстар мен
қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мəселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға жəне жасауға көп уақыт қажет.
Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мəні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы
қорытындылар, əртүрлі жастағы, əртүрлі даму деңгейіндегі, əртүрлі тұлғалық ерекшеліктер, клиникалық
реакциялары жəне т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде
жасалады. Бұл əдістің негізгі негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы – қысқа уақыт ішінде
нəтижелерге жету мүмкіндігі.
Алайда, таза көлденең кескіндегі зерттеулер статикалық болып қалып, даму үрдісінің динамикасы, оның
үздіксіздігі жайлы қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді, ал осылайша алынған көптеген даму заңдылықтары
жуық шамада ғана болады.
Салыстырмалық əдістің мəні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық
механизімдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл əдіс «салыстырмалы
генетикалық» деген атаққа ие болып, В.А.Вагнердің, Л.С.Выготский жоғары психологиялық функциялардың
тарихын зерттей отырып, салыстырмалы генетикалық əдісті жас шамасының психологиясы мен жалпы психология
(əсіресе, тіл мен ойлауды зерттегенде) мəселелерін шешуде қолданды /4,9/.
2.Психологиядағы эмпирикалық əдістер.
Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эмпирикалық əдістерінің тобы негізгі
болып саналады. Эмпирикалық əдіс өзіне бақылау жəне өзін-өзі бақылау, эксперименталдық əдістерін енгізеді.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе инторспекция жəне сырқы,
немесе объективтік бақылау. Дəстүрлі инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз
немесе негізгі əдіс деп есептеді. Бұл, психиканы өз-өзіне тұйықталған ішкі əлемге айналдыратын жалпы
принциптің зерттеу əдістерінеде қолданылумен байланысты болды.
Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы əрекеттің бақылауы арқылы,
жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз əдісіне
айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік əдістер арқылы жүргізілген жөн.
Объективтік бақылау. Бақылау əдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтіліг пен
субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік əдістерінің ішіндегі ең
қарапайымы жəне кең қолданылатыны. Бақылау ғылыми əдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы
тиіс.
Бірінші негізгі талап-нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқаруы керек. Мақсатқа
байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы жəне жүйеленуі, оны
ғылыми əдіс ретінде сипаттайды.
Бақылау
айғатарды
тіркеумен
ғана
шектелмей,
қайта
бақылаулар
арқылы
жорамаларды
қалыптастыратындықтан, ғылыми танымдық əдіс болып табылады.
Объективтік бақылау əдісінің басты ерекшелігі: психалық үрдістерді табиғи жағдайларда зерттеуге
мүмкіндік береді. Бірақ бұл əдіс зерттеудің басқа əдістерімен толықтырылуы керек. Бақылау тəртібін төмендегідей
талаптар қойылады:
а) мақсат пен міндетті анықтау;
ə) объектіні жəне жағдайды таңдау;
б) зерттелетін объектіге барынша аз əсер ететін жəне қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін таңдау;
в) бақыланатын объектіні тіркеу əдісін таңдау;
г) алынған ақпаратты өндеу жəне нəтижелеу.
Бақылау əдісінің негізгі кемшіліктері: бақылаушының көз қарасы, мақсат, психологиялық күйі, тұлғалық
ерекшеліктері бақылау нəтижесіне ықпал етуі мүмкін; мəліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау
көп уақытты қажет етеді.
3.Психокоррекциялық əдістер.
Аутогендік жаттығулар əдісінің пайда болуы жəне енгізілуі неміс психотерапевті И.Г.Шульцтің атымен
байланысты . Аутогендік жаттығулар –психогигена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ төтенше жағдайдағы
адам күйін басқарудың əрекетті амалы. Бұл əдістің танымалдығы өмір жылдамдығына, жүйке жүйесіне түсетін
жүктеулердің артуына байланысты.
Аутогендік жаттығуларда жүйке жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы
белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды.
1-ші жолы қаңқаның бұлшықеттері мен демалу тонусының орталық жүйке жүйесіне əсер ету ерекшелігімен
байланысты. Жүйке жүйесімен тонус арасындағы байланыс бұлшықеттердің тонусын саналы өзгерту арқылы
психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді.
2-ші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі- адам
денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінщі жолы айтылып қана қоймай, сөздің
реттеуші жəне бағдарламашы ролімен де байланысты. Ішкі сөздің бұл қасйеті жаттығулардың тиімділігін арттыру,
жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін, спортта ертеден қолданылады.Аутогендік жаттығулары адамның
резервтік мүмкіншіліктерінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарламашы
механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.
Топтық немесе басқаша айтқанда əлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынассаласындағы
білім беру жəне іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сəйкес коррекция түрлерін түсінуге
болады. Əлеметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
-əлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған( пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды
шешу)
-қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тəжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Əлеуметтік психологиялық тренинг екі үлкен салаға бөлінеді;топтық пікір сайыс жəне ойындар.
Топтық пікір сайыс əдісі көбінесе белгілі бір тжағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде
пайдаланылады.Ал ойын əдісіндеəрбір қатынасушы белгілі бір ролге еніп соған сай білік, дағдыларды меңңгереді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Психологиялық зерттеу əдістерінің топтарын ата?
2. Ұйымдастырушылық əдістерді ата?
3. Эмперикалық əдістер топтарына қандай əдістер жатады ?
4. Коррекциялық əдістер қандай мақсатта жүргізіледі?
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Ұйымдастырушылық əдістер дегеніміз не?
2. Эмперикалық əдістер дегеніміз не?
3. Коррекциялық əдістер дегеніміз не?
№6 Дəріс.
Тақырып:Психологиядағы эмперикалық əдістер.
Дəрістің мазмұны:
1.Бақылау.
2.Əңгіме.
3.Архивті əдіс.
Мақсаты: Студенттерге психологиядағы эмпирикалық əдістер жөніндегі түсініктермен таныстыру,
бақылау, əңгіме, архивтік əдістерді таныстыру.
1.Эмиперикалық əдістер қатарына бақылау əдісі жатады. Психологияда бақылаудың 2 негізгі формасы өзін-
өзі бақылау жəне гентроспекция.
Өзін-өзі бақылау немесе гентроспекция өзінің ішікі психологиялық проценттерін бақылау олардың сыртқа
көрінісі үздіксіз жүзеге асырылады. Психологияда өзін-өзі бақылау арқылы жанамалы түрде жүріп жатады. Кейбір
жағдайда түйсік, қабылдау, ойлау 2 түрлі бағытқа бөліненді. Сыртқа жəне ішкі объективті жəне субъективті
бірлігінде объективті бақылау негіз болып саналады. Сондықтан сананың біздің түсінігіміз бойынша өзін-өзі
бақылау біз психологияның негізгі əдісі деп таба алмаймыз. өзін-өзі бақылауды психологияның негізгі əдісі деп
тану бұл Рене Декарт жəне Джон Лооктың психологиядағы психиканы түсіндіруде негіз болады.
Идеалисттік психологияның өкілдері адамның психикалық құбылыстың зерттеуде оның өзі берген
мəліметтерді орын алады.
Психологияны зерттеу барысында бақылау негізін объективті əдістер мен жүргізулер керек.
Объективті бақылау яғни сыртқы бақылау зерттеудің барлығын да көп тараған түрі жəне қарапайым түрі.
Бұл əдіс психологияда жəне басқада ғылымдар арасында кеңінен қолданылады.
Психологиядағы объективті бақылау реакцияға жəне сыртқа іс-əрекетке емес ол психологияның мазмұнына
бағытталған.
Объективті бақылау əдісінің негізігі артықшылығы психологиялық процестерді шынайы жағдайда зерттеуге
мүмкіндік береді.
Бақылау – «ішкі жəне сыртқы эксперимент» лабараториялық , психолог педогогикалық деп бөлініп
қарастырлған. Ол іс-əрикет өнімнін зерттеу тəсілдерін бөліп көрсетті. Олар əңгіме (клиникалық) жəне анкета.
Бақылау – бұл объектінің мінез-құлқы арнайы мақсат көзден, ұйымдастырылған қабылдау жəне тіркеу.
Бақылау психологиялық əдістердін ескі əдісі бағыты табылды . Ғылыми əдіс ретінде Б ХІХ ғ. Аяғынан бастап
клиникалық, əлеутетік, педогогикалық психологияда жəне даму психологияда қолдана бастады.
ХХ ғ. Басынан бастап бұл əдіс еңбек психологияда, яғни адамның мінез-құлқының ерекшелігі ерекше мəнді
болған салаларда қолданыла бастады.
Сондай-ақ «сыртқы басеттілік сақтаудың ерекшелігі бар. Жүйелі емес жəне жүйелі бақылау деп
ажыратады.
Жүйелі емес бақылау – балалық зерттеу кезінде жүргізеді. Этнпсихологияда, даму психологияда, əлуметтік
психологияда кең қолданды.
Жүйелі бақылау – белгілі жоспар бойынша жүргізеді зерттеуші мінез-құлықтың тіркелетін ерекшелеуін
көрсететін, немесе сыртқы ортаның шарттарын топтасьырады жүйелі бақылау жоспары квази эксперименті жəне
корреляциялық зерттеу сəйкес келеді.
Бақылаудың бəрін бірдей (сплашной) жəне таңдап алып бақылау деген түрлері де бар. Бəрін бірден
бақылауда зерттеуші бақылауға қажет мінез-құлқының ерекшелігінің барлығын бірдей тіркейді.
Таңдап алып бақылау- ол мінез-құлықтын белгілі бір параметріне, типіне назар аударады. Бақылау-
приборлар қолдану арқылы жүргізіледі аудио-видио аппаратар схема карта т.б. жату мүлкін .
Бақылау қорытындысын тіркеу бақылау процестерінде уақыт өткеннен кейде жүзеге асырыла береді. Сонғы
жағдай бақылаушының есте сақтауына байланысты.
Бақылау жүргізудің екі варианты бар: 1. Бақылаушылар мінез – құлқының тіркеліп отырғандығын
біледі. 2. Тіркеліп отырғандығын білмейді.
Мысалы: айнасы жалпы камерадағы қылмыскерлердің тобы.т.б.
Қандай жағдайда болмасын психологиялық тұлғасының ролі ерекше. Оның кəсіби маңызды сапалары.
Ашық бақылау жүргізілген кезде адамдар психологиялықа үйреніп кетеді де өздерін көрсетуде жасанды
тəсілдер қолданбайды.
Бақылау жүргізу процесінде мына этаптардан табылады.
1. Бақылау объектісі таңдалады (объекті немесе ситуацияға)
2. Бақылау тəсілі жəне мəліметтерді тəсілі таңжал
3. Бақылау жоспары құрылады (ситуация – объектісі)
4. Қорытындыны өңдеу əдісі таңдалады.
5. Алынған информация, интерпритацияларды жəне өңделеді.
Бақылау кемшіліктері:
1 Қолданғанды бұрмалауы мүмкін, яғни өзінің гипотизасын дəлелдеу үшін.
2. Ол шаршап ситуацияға байамай қалады жазу барысында қателер жібереді
А.А.Ершов бақылаудың мынадай қателерін бөліп көрсетті.
1. Голоэффект. Бақылаушының жалпыланған əсері мінез-құлқы дөрекі қабылдауға əкеледі жəне қарапайым
өзгешеліктерді байқайады.
2. Кешерімділік – эффектісі болып жатырғанға əрқашанда жағымды баға беру тенденциясы
3. Орталық тенденция қателігі бақыланатын мінез-құлқа орта баға беруге ұмтылу.
4. Корреляция қателі мінез-құлықтың бір белгісіне баға, екінші белгісінің негізінде беріледі.
Мыс: интелектке баға сөйлеу жылдамдығымен беріледі.
5. Констраст қателігі – бақылаушылырының бақылаушыларды өзінің бітістеріне бітітерді
көрсетуі.
6. Алғашқы əсер қателігі гендивид туралы аяғынан əсер əрі қарайғы мінез-құлықты бағалауды жəне
қабылдауды анықтайды.
2.Əңгіме əдісі – басқа жаратылыс ғылымдарында зерттеу субъектісі мен объектісі арасында қарым-қатынас
мүмкіндігі болмағандықтан бұл əдістер психологиядағы адамның мінез-құлықы зерттеуде қолданатың ерекше əдіс
болып табылады.
Екі адам арасындағы делосы барысында адамдарның біреуі екіншісін психологиялық ерекшеліктерін
анықтауын əдіс-психологияда
Əртүрлі бағыттағы жəне əртүлі мектеп психологы бұл əдісті өз зерттеулгенде кеңінен қолданады. Ол жерде
жəне оның мектебінің өкілдерін, яғни гуманлитік психияторды айтып кетуге болады. Эксперименталдық
эксперимент əдісінің құрылымына қосымша жəне ретінде кіреді. Экспериментін бірінші этабын зерттеуші
зерттелушіге зерттеуші туралы информация жинағанда оған нұсқау бергенде жəне эксперименттің соңғы
этабында эксперименттен кейінгі митерьно қолданады. Зерттеушілер «клиникалық əдістің» құрамды бөлігі
«клиникалық əңгіме» жəне «бетпе-бет» мақсатқа бағытталған сауалнама-интервюді ажыратады.
«Клиникалық əңгіме» тек клиника ғана жүргізілмейді бұл термин тұлғанның тұтастығын зерттеу əдісінен
кім бекітілді. Бұл əдіс барысында зерттеуші зерттелуші туралы жəне оның индивидуальдық тұлғалық
ерекшеліктері туралы өмір жолы оның санлы жəне бейсаналы əрекетінің мазмұны туралы толық мəлімет алуға
ұмтылады. Клиникалық əңгіме ерекше жабдықталған бөлмеде өтеді. Клиникалық əңгіме əдісі психологиялық
кеңестің жəне тренингтің құрамына кіреді. əңгіме барысында зерттеуші тұлға мінез-құлқы мен ерекшеліктерін
туындауына болжам ұсынады жəне оны тексереді. Болжамды тексеру барысында зерттелушіге тапсырма немесе
тесттер беруге болады. Бұл жағдайда əңгіме клиникалық экспериментке айналады.
Клиникалық əңгіме барысында алынған мəлімет экспериментатордың өзі немесе эксперименттен кейін
есінде сақталған мəліметтер негізінде ассистентжаза алады.
Сауалнаманың мақсаты; сыналушыдан обьективті жəне субьективті айғақтар туралы ақпарат алу.
Психологиялық зерттеулерге қолданылатын əдістері екі негізгі түрге бөлінеді: 1) «бетпе-бет сауалнама алу
–белглі бір жоба бойынша зерттеуші жүргізетін сұхбат; 2)сырттай сауалнама алу-өз бетінше арналған анкеталар.
Ауызша сауалнама алу психологиялық зерттеулерде дəстүрлі қолданылатын əдіс болып табылады, əртүрлі
ғылыми мектептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдалануда.
Саулнамалар қолданылатын психологиялық зерттеулер аумағы;
-зерттеудің алғашқы кезеңінде, барлау жобасы бойынша жұмыс үрдісінде, сұхбат ғана қолданылады. Сұхбат
мəліметтері арқылы зерттелетін мəселеге қатысты айнымалылар белгіленіп, жұмыс жорамалдары ұсынылады;
- сауалнама зерттелетін айнымалылардың байланысын өлшеуге мүмкіндік беретін мəліметтерді алу үшін,
бастапқы ақпараттарды жинаудың негізгі амалы болады;
-Басқа əдістер, сауалнаманың басқа бір түрі арқылы алынған мəліметтерді ұлғайту жəне қадағалау, нақтылау
үшін қолданылады.
Сұхбат екі түрге бөлінеді: стандартты ждəне стандартты емес. Стандартты сұхбаттың сауалдары мен
олардың реті алдын-ала анықталады, олар барлық сыналушылар үшін бірдей. Зерттеуші сауалнамаларды өзгерте
алмайды. Ал стандартты емес сұхбатта, керісінше сауалдарды өзгертуге болады.
Əңгімелесу əдісі – жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін, мінез-құлқын, қызығушылықтары мен
биімділік деңгейін, іс -əрекет түрткілерін талдау арқылы терең тануға мүмкіндік береді. əңгіменің өзі жоспардың
еркін құрылуы мен пікірдің алмасуымен ерекшеленеді. əңгімелесу көмегімен зерттелушінің өмір сүру жағдайы,
болып жатқан оқығалар мен қоршаған ортаға деген қатынасы, ұмтылыстарымен жетістіктері туралы көптеген
мəліметтерді жинақтауға болады.
Əңгімелесуді тиімді жүргізу үшін көптеген талаптарды ескеру керек. Əңіме барысында зерттеуші
зерттелушімен ашық қарым-қатынас орнатып, эмоциялық реакцияларын еркін көрсетіп, сенімділікпен, өзара
түсіністік байқауы керек.
Зерттеуші əңгіме барысында мейірімді достық қарым-қатынас ұстанып психологиялық оқшаланумен қарым-
қатынас кедергісінің пайда балуына жол бермеуі керек. Қойылған мақсатқа жету үшін, бірінші зерттеушіні
қызықтыратын мəселелер туралы сөз қозғап, содан соң зерттеу қажет ететін мəліметтерді алған жөн.
Əңгіме басқа əдістер көмегімен алынған мəліметтерді дəлелдеу немесе жоққа шығару үшін жоспарланады.
3.Архивті əдістің материалы ретінде , хаттар, күнделіктер, өмірбаяны, бала шығармашылығын туындылары,
қолтаңбалары, жəне тағы басқалары қолданылады. Американыдқ ғылыми əдебиеттерді архивті деген термин жиі
қолданылады. Бұл əдіс те зерттеушінің өзекті мінез-құлқын бақылап өлшемейді.Ол оның күнделікті жазғандарын,
еңбек, оқу жəне шығармашылық іс-əрекет өнімдерін талдайды. Көп жағдайда бұл əдісті іс-əрекет өнімін талдау
немесе проксиметрикалық əдіс деп те атайды. Зерттеуші тексті іс-əрекет өнімін əр түрлі мақсатпен зерттеу
жүргізеді. Бұл əдіс қатарынабиографиялық əдіс жатады. Бұл шығармашылық тұлға психологиясында
қолданылады. Ол əдіс барысында өмір жолдарының ерекшеліктері зерттеледі. Архивті əдістің бір түрі контент
анализ. Бұл құжатты талдау қатал талдау жəне өңделген түрі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Психологиядағы эмпирикалық əдістерге нелер жатады?
2.Əңгіме жіне бақылау əдістері қалай жүзеге асады?
3.Архивті əдіс дегеніміз не?
№7 Дəріс.
Тақырып:Проективті əдістер.
Дəрістің мазмұны:
1.Тұлғалық ерекшеліктерді зерттеудің проективті əдістеріне жалпы сипаттама.
2.Проекция принципінде құрылған əдістемелердің түрлері.
Мақсаты: Проективті əдістер жөнінде түсініктерін қалыптастыру, тұлғалық ерешеліктерді зерттейтін
проективті əдістерді талдау, əдістемелердің түрлерін анықтау.
Прективтік жеке тұлғалық тестер алғашында клиникалық психологтың көмегімен диогностикада пациенттің
мінез-құлқы мен күрделі эмоциональды бұзылушылықтарына арналады.
Проективті тестердің пайда болуына негіз ретінде Фрейдтің теориялары яғни психопатологияны түсінуге
түсініксіз пролцестер маңызды. Сəйкесінше проективті бағалау тұлғадағы түсініксіз конфликтерді, оның
қорқыныштары мен мазасыздық ақиқатын ашу мақсатында қоладынылады.
Прективті əдіс терминін алғаш ұсынған Л.Франк яғни бағалау əдістерін белгілеуде зерттеулуші
анықталмаған и стимул бергенде, мазмұны нақты, маңызды жауаптар ұйғарылмаған жағдайда қолданылады.
Осындай əдістер, жеке тұлғаны бағалауда тура емес əдіс-амал əкеледі, адамдарға өздерінің сезімдері
анықталмаған материал құрастыруға, талап қоюушылық , өмірге деген қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Тестік көрсеткіштердің жауаптарында импульстердің түсіңкі белгілері тұлғаның қорғаныш механизмдері
жəне басқа ішкі аспетілер айқындалады.Барлық проективті тестілер маңызды ерекшеліктілермен айрықшаланады.
Олардың барлығы анықталмаған немесе құрлымды емес тестік көрсеткіш бола алады.
Зерттеуші ешқашан да зерттелушіге тестілеу мақсатының ақиқатынын айтпайды,оның жауаптарын санайды
немесе қорытындылайды.Құрлымдар да дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар болу мүмкін емес жəне зерттелуші
өзінің еркі бойынша жауап беруге құқылы. Соңында зерттелушінің жауаптары қорытындыланып зерттелушінің
субьективті пікірлері мағыналы көрсеткіштерді негізделеді , яғыни өзінің Клиникалық тəжірибесіне сүйенеді.
Проективті əдістердің көптеген түрлері бар. Линусей келесі 5 категорияға бөлінеді :
1.Ассоциативті əдіс,басқа 1-ші келген оймен немесе сезімнің пайда болуын көрсетеді жəне жауап бередуді
талап етеді. Мысалы; «Лисенгердің ауызша ассоциативті тестісі жəне Роршахтың сия дағы тестісі»
2. Конструктивті əдіс. Бір нəрсені ойлап шығару мен тудыруды талап етеді. Мысалы « тақырыптық
аперцепция тестісінде зерттелушігі жай көріністер бейнеленген сұр картиналар ұсынылады жəне де соған
байланысты əңгіме құрастыруын , əлгі көріністе не болып жақандығын жəне кейіпкерлер қандай сезімде
отырғанын бақыланады.»
3. Аяқтау əдісінде басты материалды көрсеткіште көрсетілген, зерттелушіге ойды аяқтау керек. Яғни
аяқталмаған сөйлемдер берілу мүмкін. Мысалы; Мені ашуландыру мынадай жағдайда . Сонымен қатар
Розенцвейгтің сүреттелген фрустрация тестісі жəне Ротттердің аяқталмаған сөйлем тестісі.
4. Экспресивті əдіс- өздерінің сезімдерін картинадағы немесе психодраммадағы суреттер арқылы білдіруді
ұсынады. Мысалы; Адамды сал əдісінде К.Маховер зерттелушілерден адамның суретін салуды, содан соң қарама-
қарсы жынысты адамды сұрайды.
5. Таңдау əдісі немесе тəртіпке келтіру, зерттелушіден көрсеткіштер жиынтығын таңдау немесе ретке
келтіруді талап етеді. Мысалы Сонди тестісі адамдар бейнеленген сөйлемдерден өздеріне ұнаған жəне ұнамаған
адамдарды таңдау құлылымы бар.
Айта кету керек бұл проективті əдістің 5 категориясы өзара қосынды болып табылады, көптеген тестерде екі
немсе одан да көп қолданылады.
Проективті тестілердің ішінде көп тараған түрі «Роршшахтың сия дағы əдістемесі.»
Герман Роршах атақты швейцар психиатры 1921 жылы сия дағы тестісін ойлап тапты. Тест 10 картинадан
тұрады. Кратинада симметриялық дақтар бейнесі бар яғни қағаздың бетіне сияны тамызып жəне тең етіп бөлуді
Роошах ұсынды. Бес картина қара-ақ, бесеуі түрлі-түсті. Тестіні сол зерттеушіге 2 этап бойнша жүргізеді.
Зерттелушіге была деп нұсқау береді. « Міне сізге сия дақтарын көрсетемін жəне сіз олардың əрбіреуінен не көріп
тұрсыз? Зерттелуші əрбір картинаны қолына алады, рет-теімен қарайды жəне ол дақта не көріп тұрғанын, ол
дақтың оған нені есіне түсіретінін айтып беруі керек. Зерттеуші əрбір дақ туралы айтқанын жазып отырады.
Барлық картинаның жауаптары алынғаннан кейін зерттелушіге сол баяғы ретпен картинаны көрсетеді.
Зерттеушіден бұл стадиясында зерттелуші дақтарға мінездеме берерде зерттелушінің жауаптары ескеріледі. Егер
мысалы; зерттелуші 1ші карта маған пілді есіме түсіреді десе, онда бұл дақтар сізге пілді еске түсіретін не? Деп
сұрақ қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |