«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Дескриптор  - мәтіннің әр бөлігінен маңызды ақпараттарды іріктейді;
                        - мәтін мазмұнын сақтайды;
                        - аннотация жазады;
                         - жалқы есімдерді қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
   1.  Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен
        жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы  2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115
        бұйрығына 192-қосымша
   2.  Қазақ тілінен  5-9сыныптар бойынша  оқу жоспарлары
   3. Орта білім беру деңгейлері білім алушыларының сөйлесім әрекетінің түрлері
        бойынша   дағдыларды қалыптастыруға арналԑан қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі
        мәтіндер жинағы.  – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. 
   4. «Ұлан» газеті «Ұлан» газеті 2019жыл   № № 20,21
   5. «Айгөлек» журналы  2005ж. №5
* * * * * * * *
Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам
Бекітілді:  ОІМ: Калимова Ж.М.
Мұғалім: Гумарова Айымжан Суйугелиевна
Қатысқандар саны                       Қатыспаған оқушылар:
Күні: 22.11.18
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Тыныс алу құпиялары
Оқу мақсаты:
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
Сабақтың 
мақсаты:
Оқушылардың барлығы: адамның қалай  тыныс алатынын біледі;
Оқушылардың көбі: өкпедегі ауаның көлемін зерттейді.
Оқушылардың кейбірі:  өкпедегі ауаның көлемін зерттеп қорытынды шығара алады.
Бағалау
 критерийі
Өкпенің көлемін анықтап үйренеді;
Тыныс   алғанда   және   тыныс   шығарғанда   адам   денесінде   болатын   өзгерістерді 
сипаттайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Тыныс алу мүшелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді;
Мәтінмен жұмыс жасау арқылы сөздік қорларын дамытады.
Пәндік терминология мен тірек сөздер Көкет-диафрагма, кеңірдек-трахея
Құндылықтар
тазалықты сақтау 
Пәнаралық байланыс әдебиеттік оқу
64

АКТ қолдану 
дағдылары
презентация
Алдыңғы 
меңгерілген білім
Тыныс алу мүшелерін біледі
Сабақ барысы
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Жоспарланған уақыт
Сабақтың басы
1-6 минут
Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады. 
Ойсергек
Сәттілік біздер тілейік.
Мен саған, сен маған,
Күндей күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
«Иә, жоқ» 
Оқушыларды топқа бөлу. Сару ,қызыл, жасыл парқатарға жазылған  сөйлемдерді 
тарату. Оқушылар сөйлемдегі ойға «ия», «жоқ» деп өз пікірін қысқа ғана жеткізу 
керек.
1. Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ)
2. Ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше-мұрын. (иә)
3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ)
4. Оттегі таза ауа. (иә)
5. Асқорыту мүшесі – өкпе. (жоқ)
6. Ауамен тек қана адамдар демалады. (жоқ)
7. Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді. (иә)
8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян.(жоқ)
9. Дені сау адам аурушаң. (жоқ)
10. Өз денсаулығың өз қолыңда. (иә)
1.
Оң жақтағы өкпе сол жақтағы өкпеге қарағанда сәл үлкен (иә)
2.
Біздің өкпеміздегі ауа үнемі жаңарады. (иә)
Сабақтың ортасы
7-30 минут
1.Ауаның саяхаты.Өткен тақырыпты 3D форматта қайталау. Топтық жұмыс.
2. Сурттермен жұмыс.
Ауаны жұтқанда бірінші қайда барады?
Мұрынның суретін тақтаға ілу.
Мұрын қандай қызмет атқарады?
Мұрыннан кейін қайда түседі?
Кеңірдектің суретін ілу.
Ауа өкпеге не арқылы жетеді? 
Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі не? 
Тыныс алу мүшелерінің суреттерін ретімен жапсыру және жазу.
5.
Тыныс алуды бақылау.
Жұптық жұмыс. 
1-ші оқушы 10 рет отырып тұру.
2-ші оқушымен тыныс алуын салыстыру.
- Тыныс алу қалай өзгерді?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды:  қозғалыс   жасағанда   тыныс   алу   жиілейді,   тыныштанғанда 
ақырындайды.
6.
Зертте. Топтық жұмыс.
Эксперимент жасау №1
Экспериментке қажетті құралдар:су толтырылған стакан, түтікше Эксперимент 
барысы: 
 Ауамен терең дем алып, демді пластик түтікше арқылы бөтелкеге үрлеу. Бөтелкеден 
қанша су шыққанын анықтау. Соған байланысты өкпедегі ауаның көлемін білуге 
болатынын түсіндіру. 
Барлық топтан мәліметтерді жинақтап, қорытындысын шығару.
Қорытынды:түтікше   арқылы   бөтелкеге   кірген   ауа   суды   итеріп   шығарды.Шыққан 
судың деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшеуге болады. Әрбір адамның 
дем шығару көлемі әртүрлі болады.
Эксперимент жасау №2 Жеке жұмыс.
Экспериментке қажетті құрал:шар
65

Эксперимент барысы: 
Қалыпты дем алып, шарды үрлеу. 
Терең дем алып шарды үрлеу.  
Шарларды салыстыру. 
Не өзгергенін сұрау.
Қорытынды:шарды  үлкен көлемде үрілуі- бұл кеудеміздегі өкпенің терең дем 
алғандағы күйі;
 Шардың көлемі кіші болуы - қалыпты дем алғандағы күйі.
Эксперимент жасау №3. Жеке жұмыс
Экспериментке қажетті құралдар: пластик  түтікше, жіпке жалғанған қар   суреттері.
Жай деммен түтікшеге үрлеу арқылы көбелек немесе инелікті ұшыру.
Қатты үрлеп ұшыру.
Салыстыру.
Қорытынды:терең дем алғанда кеудеміз көтеріледі,  терең тыныс алғанда кеудеміз 
төмен түседі.
Сергіту сәті
Қолымды жерге созамын,
Гүлдер теріп аламын.
Отырған күйде қолымызды жерге созып, гүлді иіскегендей қалыпта терең тыныс 
аламыз. «Тамаша гүл!» деп айта отырып тынысымызды кері шығарамыз.
Сабақтың соңы
Қосымша тапсырма.
1.
Әр топтан бір оқушыдан шығады. Көздері байланып мұрындарымен иіскеу 
арқылы тағамнық иісін анықтау керек.
Қорытынды: Мұрын -  тыныс алумен қатар иіс сезу қызметін атқарады.
2.
Топтық жұмыс. Филвордта жасырылған сөзді тап.Оларды түрлі-түсті 
қарындаштармен боя. 1 минут уақыт беріледі.
Сен білесің бе? Адамның тыныс алуы  туралы ақпарат беру.
-
Ойлан!
Адам неліктен түшкіреді және жөтеледі сұрағына болжам жасау.
-
Қосымша тапсырма Жұмыс дәптері 37, 38-жұмыс парағы (39, 40 б.)
-
Сен білесің бе? Адам өкпесінің көлемі туралы ақпарат беру.
-
Ойлан!
-
Адам неліктен түшкіреді және жөтеледі сұрағына болжам жасау.
-
Қосымша тапсырма Жұмыс дәптері 37, 38-жұмыс парағы (39, 40 б.)
-
Рефлексия:
-
Өзін-өзі бағалау. «Оқу нысанасы»
-
Сабақ туралы ойланып, бүгінгі алған білімді  анықтайтын нысананы бояу. 
Саралау– оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді 
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай 
міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 
Бағалау   –   оқушылардың   материалды 
меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? 
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.
Қабілеті   жоғары   оқушыларға   одан   әрі   дамуы   үшін 
көмек   қажет   ететін   оқушыларға   қайта   түсіндіру 
арқылы қолдау көрсетіледі.
Қалыптастырушы бағалаулар негізінде өзін-
өзі   бағалау,   жұпта   бағалау   және   мұғалімнің 
бағалауы арқылы жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы № 2 Ленинград орта мектебі 
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Итжанова Асемгуль Каматаевна
  Сабақтың тақырыбы: “Қазақтың ұлттық тағамдары” 
Оқу мақсаты:7.2.4.2. Әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу 
және қолдау. 
 Ұйымдастыру кезеңі.
А. Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбер.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
66

Күннен қуат алайық,
Алақанға салайық.(Күн шуағын бір бірімізге сыйлайық.Алақандарын үрлеу.)
Топтастыру. тағамдар жайлы айтылды. Тағы қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
Түстер аркылы 
1 топ. Дастархан
2 топ.  Сүт тағамдары
3 топ.  Ет тағамары
ІІ.Қызығушылықты ояту. 
1.Ұйыған сүттен жасалатын қою сусын (Қатық).
2. Піспеген нан (Қамыр).
3. Жейтін заттың жалпы атауы (Тағам).
4. Түйе сүтінен жасалатын сусын (Шұбат).
5. Биенің сүтінен жасалатын сусын (Қымыз).
ІІІ. Жаңа сабақпен жұмыс.
Тақырыбын хабарлау. Қазақтың ұлттық тағамдары.
Мақсат міндеттерімен таныстыру. Әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын 
зерделеу және қолдану
  Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай 
қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге 
жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім 
түрлері. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы 
тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні 
«Шық бермес Шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса 
қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
Слайд көрсету.
«Бұл қандай тағам?»  Ата-аналар бірнеше ұлттық тағам түрлерін таныстыра отырып,дайындалу жолы 
бойынша оқушылырға мәліметтер береді.
Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық 
тағам. /Айран./
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, 
қарын/ Қуырдақ./
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, 
үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б./Бауырсақ./
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп 
майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі./Құрт/
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, 
ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады./Жент/
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе 
мұздатылған майдан әзiрлейдi.
/Шұжық/
ІҮ.Сергіту сәті. Ән : Дастархан.
Ү.«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып 
ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және 
сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
12Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де 
жатпайды.
ҮІ. Топтық жұмыс.
67

Әр топ оқушыларына ұлттық тағамдардың суреттері беріледі. Суреттердің ішінен әр топ өздеріне тиісті 
ет,ұн,сүт тағамдарын жинау керек.
Ет тағамдары Сүт тағамдары Ұннан дайынд. тағамдар.
ҮІІ.Сұрақ-жауап.
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
4. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
5. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
6. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
7. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
8. Құрт неден жасалады? (сүттен)
ҮІІІ.Мақал - мәтелдер. 
Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет
Ынтымақты үйдің асы тәтті.
Ат – адамның қанаты, ас - адамның қуаты
Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Ас - иесімен тәтті
Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен.
Ас - атасы нан, нан атасы – дән.
Аз ас, көп ниет.
Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
Ет етке, сорпа бетке.
Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар.
Айран ішкен, құтылады, шелек жалаған тұтылады.
Сиыр сауып ішшең, мың күндік.
Сойып жесең, бір күндік .
Сиырдың сүті тілінде.
Рефлексия.Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? 
жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
Х.Қорытындылау.
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым - тыйымдарды да білдіңдер. 
Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата - 
ананың айтқандарын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.
* * * * * * * *
МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ БАЛАЛАРҒА АРНАЛЫП СОҒАДЫ
БҚО, Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясының бастауыш
 сынып мұғалімі Сарсенгалиева Айжан Талаповна 
Мен ес білгелі  дастархан басындағы анам мен әкемнің арасындағы көбіне айтылатын әңгіме , мектеп жайлы 
болатын. Әкем өмірінің соңына дейін ағарту саласында қызмет қылды.Оның әрбір әрекеті әлі көз алдымда.
«- Дәмеш, бұзауға өзің жем-шөбін бере салшы.Мен пәленшенің баласы бүгін сабаққа келмей қалды, үйіне 
кіріп шығайын.Не жағдай болды екен? 
–Дәмеш,Баймұраттың сыймай қалған  ана қара бәтеңкесін тауып берші,жап-жаңа ғой ,пәленшенің баласының 
бәтеңкесі жыртық.Соған бере қояйын» деп үнемі біреудің баласының қамын соғып,соларды қамқорлап жүретін. 
Анамда кейде ренжіген кейіп танытқанмен әкемнің айтқанын бұлжытпай орындап,оның бүкіл қағаздары мен 
керекті   заттарын   үнемі   қорғаштайтын.   «Әкелеріңнің   қағазы.Әкелеріңнің   заты,   тимеңдер»   деп   біздерді 
жақындатпайтын және «Сен ауыл адамдарына , барлық оқушыларға үлгі болуға тиіссің» деп әкемнің киіміне бір 
қылау түсірмейтін.
Қазіргі таңда екеуі де бұл өмірде жоқ. Бірақ олардың әрбір әрекеттері мен істері менің жадымда мәңгіге 
сақталып   қалды.   Міне,   осының   бәрін   көріп   өскен   мен   үшін   ұстаздықтан   асқан   мәртебелі   мамандық   жоқ 
сияқты.Сол себепті де мен осы мамандықты таңдадым.Алғашқыда «мен мұғалім болам» дегенде анам қарсы 
болды,ал   әкем   «Қызым   ,   мен   қарсы   емеспін.Бірақ   ұстаз   болу   оңай   шаруа   емес.Баланың   болашағына   ар-
ожданыңмен, ұятыңмен жауап бересің. Сен соған дайынсың ба ?» деген болатын.
Сол   сұрақтың   төркініне   ұстаз   болғаннан   кейін   ғана   түсінгендей   болдым.»   Білім   негізі   –   бастауышта» 
демекші, қайсы ата-анада баласының алғашқы білім кірпішінің дұрыс қаланғанын қалап, баласын саған үлкен 
сеніммен   әкеліп   тапсырады.   Сенің   алдыңда   шүпірлеп   отырған   бапандар   ,ұстазынан   жақсы   білім   алғысы 
68

келеді.Сол себепті саған білімділік пен қоса  үлкен жүрек керек. Әр баланың жүрегінен орын таба білу үшін ,  
оларды түсініп,шынайы жақсы көру аса қажет қасиет.
Қазіргі таңда менің жүрегім балаларға арналған. Мен солар үшін қуанамын,солар үшін қиналамын.Санаулы 
ғұмырымның көп уақытын соларға арнап келемін.Тіпті әр айда алған табысымды қолыма ұстап тұрып «Мен 
осы табысымды адал алып тұрмын ба? » деп сол айда істеген жұмыстарымды  ой елегінен  өткізіп, жіберген  
олқылықтарым   мен   қателіктерім   болса   үнемі   орнын   екі   есе   толтыруға   тырысып   әрекеттенемін.   Осындай 
қиналыстар мен әрекеттерімнің бәрі де  мамандығыма деген сүйіспеншіліктен,балаларға деген махаббатымнан, 
ар-ожданымның алдындағы тазалығым үшін ғана туындайды.
* * * * * * * *
БҚО, Орал қаласы Казталов ауданы Жұлдыз ауылы А.Хұсайынов атындағы орта жалпы 
білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметқалиева Жанна Тасқалиевна 
Ашық сабақ жоспары
 Пән:  сауат ашу
 Ұзақ мерзімді жоспар   
бөлімі: 
 Саяхат
 Күні: 13.01.
 Сынып: 1
 Мектеп: А.Хұсайынов атындағы  ОЖББ  мектебі
 Мұғалімнің аты - жөні: Ахметқалиева   Жанна  Тасқалиевна
 Қатысқаны:12 оқушы
 Қатыспағаны:жоқ
 Сабақ тақырыбы
Табиғатқа саяхат.  Ө дыбысы мен әрпі
 Осы сабақта қол  
жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сілтеме) 
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны 
бойынша қойылған сұраққа жауап
Сабақ мақсаттары 
Барлық оқушылар:  ө әрпін таниды, ажыратады және оны дыбыспен 
сәйкестендіре алады.  Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады. 
Көптеген оқушылар:    ө дыбысы бар сөзді қатыстырып сөйлемдер құрайды. 
Кейбір оқушылар:  суретке қарап шағын әңгіме құрап айтады. 
Бағалау критерийлері 
Ө әрпін таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіре алады.  
Мәтіннің иллюстрациясы бойынша мазмұнын болжай алады. Каллиграфиялық 
талаптарға сай жаза алады. 
Тілдік мақсаттар 
Оқушылар орындай алады:    ө әрпін таниды, ажыратады және оны 
дыбыспен сәйкестендіре алады.  
Пәнге тән лексика мен терминология:  ө дыбысы мен әрпі
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
 - Табиғат деген не? 
- Сұрақтыңжауабын суреттерден тауып айт.
 - Табиғатқа тағын не жататынын тап. 
Құндылықтарды дарыту 
Білімді шығармашылық  тұрғыдан қолдана білу, өз пікірін дәлелдей білу 
дағдыларын дамыту. 
Пәнаралық байланыстар 
Дүниетану, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары 
Слайд 
Бастапқы білім 
Оқушылардың ө дыбысы туралы алғашқы түсінігі бар. 
Сабақ барысы 
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 
 
5  минут
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлінгенде «Пазл» әдісімен табиғат суреттері бөліктерін 
таңдап бөлінеді. 
Топ атауын оқушылар өздері қояды, суретті құрастырады. 
Оқу материалын жариялау үшін  «Миға шабуыл»  әдісі  
қолданылады. 
 - Табиғат деген не?
-Сұрақтың жауабын оқулықтағы суреттерден табуға болады.
-Табиғатқа   тағы   не  жатады?   Оны   өздерің   құрастырған   суреттерден 
іздеп көріңдер.
Табиғат 
суреттері 
пазл 
бөліктеріне 
бөлінген
69

– Бүгінгі сабағымызда немен шұғылданамыз, қандай дыбыс пен 
әріппен танысамыз деп ойлайсыңдар?
«Ой шақыру»Жұмбақ жасыру.
Шөлде бар,
Суда жоқ.
Көлде бар,
Буда жоқ.
Балалар ө дыбысы дейді
«Иә немесе жоқ» ойыны
 Балалар қазақ тілінде 42 әріп бар (иә)
 Дыбыстар үшке бөлінеді (жоқ)
 Дыбыстарды айтамыз, естиміз (иә)                                                 
 Әріптерді көреміз, жазамыз (иә)
 Қырық бір дыбыс бар (жоқ) 
Сабақтың 
ортасы 
13 мин
2  мин
15 мин
Оқылым
Шөл төл өрнек көрік көрме
Көл сөл өрмек өрмекші Көрік
Жазылым
Ө дыбысының жазылу ережесімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық
Өнер
Өркен
Ойлайық та, ойнайық
Түсіп қалған әріптерді
Табайық
К... мір,к...лік,....рік,...шіргіш, к...же, ш...л,т..л
 (Ұ) 1  - тапсырма  «Талдау жаса» әдісі арқылы  жүзеге асады. 
Оқулықта   берілген   суреттерге   қарап,   ө   дыбысы   бар   сөздерді   тап. 
Оларға дыбыстық талдау жаса. 
Күн, ай, дала, көл, тау, орман, шөл.
Дескриптор:
  - Ө дыбысы бар сөзді табады. 
- Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. 
Саралау тәсілі «Тапсырма » әдісі арқылы жүзеге асады. 
Кейбір оқушыға: 
  - Суреттегі заттардан  ө дыбысы бар сөзді қатыстырып сөйлемдер 
құра. 
ҚБ: «Бас бармақ»  әдісі 
Жоғары  - Ө дыбысы бар сөзді тапса, дыбыстық талдау жасай алса;
Көлденең - Ө дыбысы бар сөзді тапса, дыбыстық талдау жасауда 
көмек қажет етсе;
Төмен – Ө дыбысы бар сөзді табуда, дыбыстық талдау жасауда 
қиналса.
Сергіту сәті сәйкес қимыл жасау арқылы орындалады:
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
 (Д) 2  - тапсырма тақтамен және дәптермен жұмыс. 
Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту және каллиграфиялық 
талапқа сай жазуға қалыптастыру үшін:  
– жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату; 
–тақтада берілген ө әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді дәптерге жазғызу. 
Дескриптор:  
Тапсырмаларды орындайды. 
Оқулық
Бас бармақ 
суреттері
Жұмыс дәптері 
смайлик  суреті
70

Берілген сөйлемдерді көшіріп жазады. 
Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы  жүргізіледі. 
Қарқынды оқушыға: ойдан сөйлем құрап жаз. 
Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету. 
ҚБ: «Смайлик» әдісі 
Керемет  - Тапсырмаларды орындап, берілген сөйлемдерді талапқа 
сай көшіріп жаза алса;
Жақсы  - Тапсырмаларды орындап,  берілген сөйлемдерді көшіріп 
жазуда аздаған қателіктер болса;
Қалыпты  - Тапсырмаларды орындауда,  берілген сөйлемдерді 
көшіріп жазуда көптеген қателіктер болса. 
Сабақтың соңы 
5  мин
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Бес саусақ 
суреті
Саралау –оқушыларға 
қалай көбірек қолдау 
көрсетуді жоспарлайсыз? 
Қабілеті жоғары 
оқушыларға қандай 
міндет қоюды жоспарлап 
отырсыз?
Т1.  Саралау тәсілі 
«Тапсырма » әдісі 
арқылы жүзеге асады. 
Кейбір оқушыға: 
  - Суреттегі заттардан  ө 
дыбысы бар сөзді 
қатыстырып сөйлемдер 
құра. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет