Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ИББ диссертация


Зерттеу  мақсаты:болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  инклюзивті 
білім  беру  жағдайында  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды 
қолдану  даярлығын  теориялық  тұрғыдан  негіздеу  жасау  және  әдістемесін 
жүйелеу. 
Зерттеу  нысаны:жоғары  оқу  орындарында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін кәсіби даярлау. 
Зерттеу  пәні:болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  инклюзивті  білім 
беру 
жағдайында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануғадайындау үдерісі. 
Зерттеудің  болжамы:  балалардың  ерекше  қажеттіліктерін  және 
мектептегі білім беру жүйесінің талаптарын ескере отырып, болашақ бастауыш 
сынып  мұғалімдерінің  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияны 
қолдану 
даярлығының 
нәтижесін 
жорамалдауға  болады,  егер  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияныпайдалану 
даярлығының 
теориялық  негіздері  анықталып,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының 
құрылымдық-мазмұндық 
моделі 
мен 
оның 
тиімділігін 
бағалайтын, 
эксперименталды  түрде  дәлелденген  инклюзивті  білім  беру  жағдайындағы 
болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  қолдану  даярлығын  қалыптастыратын  арнайы  курс 
бағдарламасы  жоғары  оқу  орнында  педагогикалық  үдеріске  енгізілсе, 
ондастуденттердің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  пайдалану 
дағдылары  дамып,  кәсіби  шеберлігі  артады,  өйткеніосындай  модельдегі 
болашақ мамандыдайындау қоғам сұранысына сай сәйкестендіріледі. 
Зерттеудің  мақсаты,  нысаны,  пәні  және  болжамына  сәйкес 
келесідей зерттеу міндеттері анықталды: 
1.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияныпайдалану 
даярлығыныңтеориялық негіздерін анықтау. 
2.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің    ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 
даярлығының психологиялық, педагогикалықерекшеліктерін айқындау. 
3.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 
даярлығыныңқұрылымдық-мазмұндық моделін жасау.
 

13 
 
4.  Инклюзивті  білім  беру  жүйесінде  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 
даярлығыныңәдістемесін даярлау және оның  тиімділігін дәлелдейтін тәжірибе 
жүргізу, ұсыныстар дайындау.
 
Зерттеудің жетекші идеясы: инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  қолдану  даярлығы  жалпы  білім  беру  мен  оқыту  үдерісінің 
тиімді ұйымдастырылуына ықпал етеді.  
Зерттеудің  теориялық  және  әдіснамалық  негіздері:құзіреттілік  тұғыр 
(В.М.Авдеев,  Н.А.Бессмертная),  тұлғалық-бағдарлық  тұғыр  (В.А.Сластенин, 
Т.И.Шамова,  Т.М.Давыденко),  аксиологиялық  тұғыр  (Б.С.  Гершунский,  Ш.А. 
Амонашвили), 
іс-әрекеттік 
тұғыр 
(П.Я.Гальперин, 
А.И.Леонтьев, 
С.Я.Рубинштейн,  Д.Б.Эльконин,  Г.В.Бабина,  Н.А.Чевелева,  Л.А.Черкасова, 
С.Н.Шаховская,  А.Г.Шембель),контекстік  тұғыр  А.А.Вербицкий,  модульды 
тұғыр  (Т.И.Шамова,  Г.В.Селевко),  жүйелілік  тұғыры  (А.Т.Куракин, 
Л.И.Новикова,  В.Н.Садовский);  сонымен  қатар  инклюзивті  білім  беру  жайлы 
еңбектер,  АКТ-ны  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  кәсіби  даярлығына 
қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулер мен тұжырымдамалар. 
Зерттеу  көздері:ҚР  Үкіметінің  ресми  материалдары;  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  ЖОО  білім  беру  мәселелеріне  қатысты  көрсеткіш  (норматив) 
құжаттары  мен  оқу-әдістемелік  кешендері  (стандарттар,  типтік  оқу 
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы 
міндетті  білім  беру  бағдарламалары;  Білім  беру  саласын  ақпараттандыру 
тұжырымдамасы мен бағдарламасы; зерттеу мәселесібойынша философтардың, 
педагогтардың, 
психологтардың, 
ғалымдардың 
зерттеу 
еңбектері; 
педагогтердың  ғылыми  жетістіктері  мен  озық  тәжірибелері;  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  білім  беру  үдерісінде  қолдджану  туралы 
ғылыми зерттеулер мен еңбектер. 
Зерттеу кезеңдері: 
1  кезең  (2014-2015  жж.)  –  теориялық-ізденушілік:  зерттеу  мәселесі 
анықталып,  оның  мақсаттары  мен  міндеттері  айқындалды,  зерттеудің  ғылыми 
аппараты  дайындалды,  зерттеудің  теориялық  негізі  жасалды.  Зерттеу 
мәселесіне 
байланысты 
философиялық, 
әлеуметтік, 
психологиялық, 
педагогикалық және әдістемелік еңбектерге шолу және талдаулар жасалынды; 
зерттеу  мәселесіне  сәйкес,мұғалімдердің  озық  тәжірибелері  жинақталып, 
арнайы  осы  мақсатқа  лайықталған  дидактикалық  материалдар  іріктелінді, 
педагогикалық  эксперименттің  анықтаушы  кезеңі  орындалды.  Отандық, 
шетелдік  іргелі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  талдау  жасау  барысында 
қарастырылып  отырған  мәселенің  ғылыми-теориялық  негіздері  анықталды, 
ғылыми  мақалалар  жарияланды.  Зерттеудің  теориялық  және  әдістемелік 
бөлімдерін  сипаттауға  қажетті  материалдар  іріктелініп,  диссертацияның 
мақсаты мен міндеттері, құрылымы анықталды. 
2  кезең  (2015-2016  жж.)  –  тәжірибелік  эксперименттің  қалыптастырушы 
кезеңі орындалды. Эксперимент барысында зерттеудің ғылымилығы негізделіп, 

14 
 
жоғары  оқу  орны  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  қолдануының  құрылымдық-
мазмұндық  моделі  жасалды.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  даярлығының  әдістемесі 
әзірленіп, тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді. 
3  кезең  (2016-2017жж.)  –  эксперименттің  жұмыс  барысында  алынған 
мәліметтерінің  қорытындысы  шығарылды.  Зерттеу  нәтижелері  талқыланып, 
статистикалық-математикалық  өңдеу  жұмыстары  жүргізілді,  диссертацияны 
талапқа сай рәсімдеу жүзеге асырылды.  
Зерттеу әдістері. Алға қойылған мәселелерді шешу үшін келесі зерттеу 
әдістері қолданылды: 
1.  Теориялық  әдістер:  зерттеу  мәселесі  бойынша  философиялық,  
психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелікзерттеулер  мен  әдебиеттердішолу 
және  талдау,  білім  беру  стандарттарын,  білім  беру  бағдарламаларын,  басқа 
нормативтік  құжаттарды  және  педагогикалық  озық  іс-тәжірибелерді  талдау, 
индуктивті-дедуктивті талдау, жинақтау, салыстыру, модельдеу. 
2.  Эмпирикалық 
әдістері:  бақылау,  әңгімелесу,  сұрау,  тестілеу, 
педагогикалық 
эксперимент, 
эксперимент 
мәліметтерін 
өңдеудің 
статистикалық әдістері, математикалық статистика әдістері.  
Зерттеу  базасы:  зерттеудің  педагогикалық  эксперименті  бөліміне120-
дан  астам  студент  қатысты.  Оның  ішіндеАлматы  қаласындағы  Абай 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университетінен  5В010200-
Бастауышта  оқыту  педагогикасы мен әдістемесі  мамандығының  60студенті, 
Шымкент  қаласындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық 
институтынан  5В010200-Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі 
мамандығының 60 студент қатысты.  
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы: 
–  «инклюзивті  білім  беруде  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану  даярлығы»  ұғымына 
анықтама берілді; 
–инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының 
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері айқындалды; 
–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің АКТ-ны қолдану даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі 
жасалды; 
–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығының әдістемесі жасалып, оны жоғары 
оқу орындарына оқу үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстар берілді. 
Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы:  зерттеу  жұмысын  жүргізу 
барысында  қол  жеткізілген  ғылыми  және  практикалық  негізгі  нәтижелері 
арнайы  курс  пен  арнайы  әзірленген  оқу  бағдарламасында  жүзеге 
асырылды.Білім  берудегі  ақпараттандыру  құралдарын  пайдалануда  болашақ 
мамандарды  жүйелендірілген  және  кеңейтілген  түрде  дайындау  үшін  

15 
 
«Бастауыш  білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдану»  атты  базалық  цикл  таңдау  пәндеріне  арналған    арнайы  курсының 
бағдарламасы әзірленді.  
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:  
  «инклюзивті  білім  беруде  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
АКТ  қолдану  даярлығы»  бұл  тұлғаның  маңызды  кәсіби  сапаларының 
қалыптасуы  мен  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балалардың 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  ақпараттық-коммуникациялық  білім  беру 
ортасына  кіріктіру  арқылы  инклюзивті  жағдайда  оқытуды,  тәрбиелеуді, 
дамытуды  жүзеге  асыруының  оңтайлы  және  тиімді  етіп  пайдалану  алу 
даярлығы мен қабілеттілігі. Демек,  
  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  педагогикалық,  психологиялық 
ерекшеліктері негізделіп, айқындалады; 
  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  мотивациялық,  когнитивтік, 
еріктілік  критерийлері  мен  көрсеткіштердің  жиынтығын  құрайды  және 
элементарлық,  функционалдық,  жүйелілік  деңгейлеріне  сәйкес  жүзеге 
асырылады; 
  инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайында 
болашақ 
бастауыш 
сыныпмұғалімдерінің  АКТ-ды  қолдану  даярлығының  әдістемесі  (арнайы  курс 
бағдарламасы,  студенттердің  АКТ  құзіреттілігін  тексеретін  жаттығулар, 
тапсырмалар,  тренингтер,  педагогикалық  жағдаяттар)  және  тәжірибелік  – 
эксперимент нәтижелері алынады. 
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы.  
Зерттеу  жұмысының  негізгі  тұжырымдары,  теориялық  және  практикалық 
нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланды:Институционализация 
содержания  и  организации  условий  инновационной  образовательной  среды 
высшей  педагогической  школы»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференциясының  материалдары  (Павлодар,  2015);  «Қазақстан  халықаралық 
білім  беру  кеңістігінде»  атты  жас  ғалымдардың  VII  халықаралық  ғылыми 
конференциясының    материалдары.  (Алматы,  2015);  «Тенденции  развития 
психологии  и  педагогики»    атты  халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференциясының  материалдары  –(Уфа,  2015);  «Развитие  науки  среди 
молодого  поколения:  теория  и  практика»  атты  ХХ  халықаралық  ғылыми-
практикалық 
конференциясының 
материалдары 
(Новосибирск, 
2016); 
«Информационные  и  компьютерные  технологии    в  дошкольном  образовании» 
атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясының  материалдары; 
«Topical Problems of Modern Science and Possible Solutions» Proceedings of the III 
International  Scientific  and  Practical  Conference  (Dubai-UAE,  2016);  «Педагогика 
начального  образования:  традиции  и  инновации»  атты  Халықаралық  ғылыми-
практикалық конференциясының материалдары (Мәскеу, 2017). 
  ғылыми-педагогикалық  басылымдарда:    «Проблемы  интеграции 
информационной  и  коммуникационной  технологии  вначальном  образовании 

16 
 
РК»  (Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы  «Педагогикалық  ғылымдар» 
сериясы,  Алматы,  2015),  «Инклюзивті  қоғам  құруда  ақпараттық  және 
коммуникациялық  технологиялардың  қалыптасуы»  (Абай  атындағы  ҚазҰПУ 
Хабаршысы    «Физика-математика»  сериясы,  Алматы,  2015),  Роль 
информационно-коммуникативных  технологий  в  деятельности  учителей 
начальных  классов    (Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы  «Педагогикалық 
ғылымдар» сериясы, Алматы, 2015), «Подготовка будущих учителей начальных 
классов к использованию информационных и коммуникационных технологий в 
условиях  инклюзивного  образования»  (Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы 
«Педагогикалық  ғылымдар»  сериясы,  Алматы,  2016),  «Мүмкіндігі  шектеулі 
балалармен  жұмыс  жасауда  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  негіздері»  (Гумилев 
атындағы  Еуразиялық  ұлттық  университетінің  Хабаршысы.  «Гуманитарлық 
ғылым» сериясы, Астана, 2016), «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  құзіреттілігін 
қалыптастырудың 
педагогикалық 
шарттары» 
(Павлодар 
мемлекеттік 
университетінің  Хабаршысы,  «Педагогикалық  ғылымдар  сериясы,  Павлодар, 
2016),  «Аpplication  of  information  and  communication  technologies  by  the  future 
primary  school  teachersin  the  context  of  inclusive  education  in  the  Republic  of 
Kazakhstan»  (International  Journal  of    Environmental  and  Science  Education, 
Turkey,  2016),  «Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерді  кәсіби  іс-әрекетке 
оқытуды 
компьютерлік 
технологияларды 
қолдануға 
дайындаудың 
педагогикалық  шарттарын  айқындау  мәселелері»  («Web  of  Scholar» 
Multidisciplinary  Scientific  Journal,  Ukraine,  2016),  «Методика  использования 
информационно-комуникационных технологий в школе» («Tap Chi Khoa Hoc» 
Journal of Science,  Hanoi, 2016), «Programme and Summary of Research Work on 
ICT  Competence  Development  for  Future  Elementary  School  Teachers  in  the 
Conditions of Inclusive Education» («Espacios»,Venezuela, 2017). 
Жарияланымдар.  
Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша  барлығы  24 ғылыми жұмыс 
жарық көрген. Оның ішінде 6 мақала - ҚР БҒМ Білім және Ғылым саласындағы 
бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда,  2 мақала - Scopus базасына 
енген  шетелдік  басылымда,  3  мақала  -  шетелдік  ғылыми  журналдар 
басылымында,  4  мақала  -    халықаралық  конференциялар  материалдары 
жинақтарында,  5  мақала  -  алыс-жақын  шет  елдік  халықаралық  конференция 
материалдары жинақтарында, 1 мақала  - республикалық ғылыми журналда, 2 – 
«Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» 
оқу-әдістемелік 
кешен 
(оқулық, оқушы  дәптері, әдістемелік нұсқаулық) 
Диссертацияның 
зерттеу 
нәтижелерінің 
сенімділігі, 
мақұлдануы, 
тәжірибеге ендірілуі – талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, 
зерттеу пәнімен сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, педагогикалық эксперимент 
бағдарламасының  зерттеу  мақсатмен  сәйкестілігімен,  бастапқы  және  соңғы 
көрсеткіш  нәтижелерінің  қорытындыларымен,  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 

17 
 
даярлығын  қалыптастыру  жағдайында  олардың  тиімділігін  тексерумен 
қамтамасыз етілді. 
Диссертацияның  құрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  екі  тараудан, 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.  
Кіріспеде  зерттеу  тақырыбының  көкейкестілігі  негізделеді,  ғылыми 
аппараты:  зерттеу  нысаны,  зерттеу  пәні,  зерттеу  мақсаты  мен  міндеттері, 
зерттеудің  жетекші  идеясы,  зерттеудің  теориялық  негіздері,  зерттеу  көздері, 
әдістері,  негізгі  кезеңдері,  зерттеудің  ғылыми  жаңалығы,  теориялық  және 
практикалық  маңыздылығы,  ғылыми  болжамы,  қорғауға  ұсынылатын 
қағидалары ашып көрсетіледі. 
«Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының  теориялық  негіздері»  атты  бірінші  бөлімде  зерттеу  жұмысының 
құқықтық,  гуманистік,  аксиологиялық,  педагогикалық,  психологиялық 
бағыттағы  зерттеулер  мен  әдебиеттерде  инклюзивті  білім  беру,  болашақ 
маманның 
даярлық 
мәселелері, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың теориялық негіздерін жүйелеу мақсатында шолу 
мен  талдаулар  жүргізілді.  Зерттеу  жұмысының  теориялық  негіздерін  айқын 
танытатын  базалық  ұғымдар,  атап  айтқанда,  «инклюзия»,    «инклюзивті  білім 
беру», 
«құзіреттілік», 
«ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» 
ұғымдары талқыланып, жүйеленді. Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  қолдану  даярлығының  психологиялық,  педагогикалық 
ерекшеліктері  анықталып,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
құзіреттілігін 
қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық 
қағидалары  айқындалды.  Зерттеу  міндеттеріне  сәйкес,  инклюзивті  білім  беру 
жағдайында  болашақ 
бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  даярлығының  құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалып, ұсынылатын модельдің мазмұндық компоненттері 
мен деңгейлері анықталды. 
«Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлау  әдістемесі»атты  екінші  бөлімде  жоғары  оқу  орны  жағдайында 
инклюзивті білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып    мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының 
бастапқы  диагностикасы  анықталып,  педагогикалық  эксперименттің  мазмұны 
ашып  көрсетілді.  Сонымен  қатар  ұсынылатын  әдістеме  және  оның 
педагогикалық  эксперименттің  өткізілу  кезеңдері  мен  қол  жеткізілген 
нәтижелері  талданып,  түйіндер  жасалынды.  Зерттеу  нәтижесінде  инклюзивті 
білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдері  ретінде 
болашақта  қызмет  ететін  студенттерге  «Бастауыш  білім  беруде  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану» атты арнайы курс бағдарламасы 
дайындалды.  

18 
 
Қорытындыда  теориялық  және  педагогикалық  эксперименттік  жұмыстың 
нәтижелеріне  негізделе  отырып,  ғылыми  ұсыныстар  берілді,  тұтас  зерттеу 
жұмысы бойынша қорытынды тұжырымдар жасалады. 
Қосымшада  педагогикалық  эксперимент  барысында  қолданылған 
әдістеменің  компоненттері  ұсынылды:  қарым-қатынастың  түстер  тестісі 
(М.Люшер  тесті);  Тулуз-Пьерон  тесті;  Вильямстың  креативті  тесті;  «Отбасы 
және  компьютер»  сауалнамасы;  «Иинклюзивті  мектепте  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  қолдануға  деген  студенттердің  қарым-
қатынасы» 
сауалнамасы; 
«Студенттердің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану мотивациясы» сауалнамасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

19 
 
1  ИНКЛЮЗИВТІ  БІЛІМ  БЕРУ  ЖАҒДАЙЫНДА  БОЛАШАҚ 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
МҰҒАЛІМДЕРІН 
АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҚОЛДАНУ 
ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1    Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлау мәселесінің қазіргі жәйі 
Еліміздегі  білім  беруді  реформалау  жағдайында  туындап  жатқан 
әлеуметтік-педагогикалық  үдерістерді  түсінетін  жаңа  тұжырымдамалық  ойлау 
жүйесі  бар  педагогтерді  дайындау  қажеттілігін  жоғары  оқу  орындары  да  дер 
кезінде түсініп, туындаған мәселені шешуге жан-жақты кірісіп жатқаны белгілі. 
Инклюзивті  білім  беру  саласындағы  тәжірибе  мен  зерттеулерді  жинақтап 
талдау, қоғамның мүгедек балаларды қалыпты дамып жатқан қатарластарымен 
бірге  оқытуға  деген  оң  көзқарасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу 
орындарының  өздеріне  де  маңызды  орын  беріледі,  себебі  олардың  оқытудың 
жаңа үлгісіне дайындығы табыс өлшемдерінің бірі болып табылады.  
Қазақстанның білім беру жүйесіне ендігі ретте  тек дені сау балаларға ғана 
емес,  сонымен  қатар  әр  түрлі  әлеуметтік  факторларды,  әлеуметтену 
ерекшеліктерін есепке ала отырып, дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға 
да  білім  беріп,  тәрбиелейтін  жоғары  білікті  мектеп  мұғалімдері  ауадай  қажет. 
Бұл  мәселенің  маңыздылығы  сонша,  бұл  туралы  халықаралық  және  отандық 
құқықтық  құжаттарда  ашық  та  айқын  анықталған.  «Дүниежүзілік  мүгедектік 
туралы  баяндамада»  инклюзивті  білім  беруді  дамытуда  жалпы  білім  беретін 
педагогтің арнайы даярлығы шешуші мәнге ие екендігі айтылған [78].Аталған 
құжатта:  «Мемлекеттік  жалпы  мектеп  мұғалімдерінің  арнайы  оқытылуы  
олардың  сенімділігін  нығайтып,  мүгедек  балаларды  оқыту  дағдыларын 
жақсартуы 
мүмкін. 
Инклюзия 
қағидалары 
мұғалімдерді 
дайындау 
бағдарламаларына  ендірілуі  және  мұғалімдерге  инклюзивті  білім  беру 
саласында  кәсіби  білім  мен  тәжірибе  алмасуға  мүмкіндік  беретін  басқа  да 
бастамалармен  қосылуы керек», – деп көрсетілген. 
Біздің  еліміздегі  білім  беру  саясатының  өзекті    мәселелеріне:  кәсіптік 
даярлаудың  сапасын  жақсарту  мен  жетілдіру,  біліммен  қамтамасыз  етудің 
ғылыми-әдістемелік  жүйесін  түбегейлі  жаңарту,  оқытудың  формалары  мен 
әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері 
мен  қазіргі  қоғамның  сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі 
жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз 
етуде  оның  маңыздылығын  арттыру  және  қазіргі  заман  техникасы  мен 
технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу тағы басқа мәселелер енеді [79]. 
ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080 
қаулысыменбекітілген «
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартында:
«...ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  (мұқтаждықтар)  –  дене 
бітімінде және ақыл-есінде кемістігі бар балаларды қоса алғанда, білім алуда 
қандай  да  бір  себептермен  тұрақты  немесе  уақытша  қиындықтарға  тап 

20 
 
болатын балалардың қажеттіліктері», - делінсе, «инклюзивті білім беру – білім 
беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім алушылардың тең 
қолжетімділігін  көздейтін  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарды  бірге 
оқыту  мен  тәрбиелеу,  арнайы  жағдайларды  қамтамасыз  ету  арқылы  түзету-
педагогикалық және әлеуметтік қолдау», - деп көрсетілген болатын.  
Дамуында  ерекшелігі  бар  балалардың  білім  алу  бағдарламасының 
тиімділігі  адамның  жасы  мен  денсаулығындағы  қиындықтардың  бастапқы 
нүктесін анықтаудан басталады. 
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен 
ғылымды  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  мүмкіндігі  шектеулі 
балаларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда[3]. 
Бүгінге  дейін  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  балалардың  32%-ы 
инклюзивті  оқытумен    қамтылған.  Бұл  мекемелерде  арнайы  жағдайлар 
жасалып, мүмкіндігі шектеулі 25 985 бала (28%) дені сау қатарластарымен тең 
дәрежедебілім  алуда.  2019  жылға дейін  мектептердің  70%-ы  инклюзивті  білім 
беруге лайықталынуы көзделіп отыр.  
Мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  қолдау  көрсетуге    арналған  нормативтік-
құқықтық  құжаттарды  талдау  барысында  олардың    инклюзивті  білім  беруді 
дамытудың  негізін  қалаған  құқықтық  реформалар  болып  табылатыны 
анықталды.  Дүние  жүзіне  белгілі  арнайы  мекемелерде  әлемге  танымал 
инклюзивті  білім  беру  формалары    қолданылып  келеді.  Ондай  білім  беру 
формалары  әрбір  жекелеген  баланың  өзінің  тұрғылықты  мекен-жайында  білім 
алуына мүмкіндік туғызады. 
Арнайы  білім  берудің  даму  барысын  қарастыра  келеН.Н.  Малофеев 
бірнеше кезеңдерді анықтайды. Олар: 
1кезең–VIII  ғасыр  мен  ХII  ғасыр  аралығы–агрессия  мен  төзімсіздіктен 
мүгедектерге деген жиіркеніш сезім ұғымы; 
2  кезең  –ХII  ғасыр  мен  ХVIII  ғасыр  аралығы  –мүгедектерге  деген 
жиіркеніштік  сезімінің  тереңдеуінен  көзі  көрмейтін,  құлағы  естімейтін 
балаларды бөлек оқыту мүмкіндігін ұғыну; 
3  кезең  –  ХVIII  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басы  аралығында  – 
сенсорлық  кемшіліктері  бар  балаларды  оқыту  мүмкіндігінен  жалпы  даму 
нормасынан  ауытқыған балаларды оқыту құқығының мойындалуы; 
4  кезең  –  ХХ  ғасырдың  басынан  –  ХХ  ғасырдың  70-жылдарына  дейінгі 
аралықта    –  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  тек  жекелеген  категориялары 
үшін  арнайы  білім  беруді  айқын  ұғынудан  барлық  арнайы  білім  беруді  қажет 
ететін балаларды оқытуға  қарай өсу; арнайы білім берудің жүйесін дамыту мен 
саралау; 
5  кезең    –  ХХ  ғасырдың  70-жылдарынан  бастап  қазірге  дейінгі  аралық  – 
тең  мүмкіндіктен    тең  құқыққа,  сегрегациялаудан  (бөлектенуден) 
интеграциялауға (кіріктірілуге) өту кезеңдері [18]. 
Білім  беру  –  барлық  уақытта  да  мәдениеттің  даму  мен  қызмет  етуінің 
күрделі тарихи үдерісінің бөлігі болып қала береді. Н.Н. Малофеев қоғам мен 
мемлекеттердің  ауытқуы  бар  адамдарға  деген  қарым-қатынас  эволюциясын 

21 
 
барлай  отырып,  оны  5  кезеңге  бөліп  қарастырады  [18].    Ол  кестені  төменнен 
көруге болады (1-кесте). 
 
Кесте  1–Шетелдердегі  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  адамдарды  оқытудың 
пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері 
 
Кезе
ң 
дер 
Атауы 
Уақыт  
Батыс мемлекеттердегі кезеңдердің 
сипаттамасы 

Пайда болу кезеңі  Б.э.д  VIII  ғасыр– 
б.э.XII ғасыр 
Ауытқуы  бар  балалардың  құқықтық 
нормалары  мен  заңдылықтарын    бекіту 
қажеттілігін 
жете 
түсінуі 
мен 
мойындауы. 

Оқыту 
мүмкіндігін  жете 
түсіне бастауы  
XII  ғасыр  -XVIII 
ғасыр 
Сенсорлық  бұзылыстары  бар  балаларды 
оқыту.  Алғаш  арнайы  мекемелердің 
пайда болуы. 

Үш 
түрлі 
категориядағы 
балаларды  оқыту: 
есту  бұзылыстары 
бар, 
көру 
бұзылыстары  бар 
және ақыл-есі кем  
XVIII  ғасыр  –   
XX ғасыр 
Арнайы оқу орындарының  ашылуы мен 
арнайы  білім  беруді  кіріктіру  туралы 
алғашғы  заңдылықтар  мен  актілердің  
пайда болуы. 

Барлық 
бұзылыстары  бар 
балаларды  оқыту 
қажеттілігінің  бар 
екенін жете түсіну 
 XX 
ғасырдың 
басы  мен  –XX 
ғасырдың 
70-
жылдары 
Ауытқу  түріне  байланысты  көмек  қажет 
ететін  балалардың  барлығына  қолдау 
көрсету.  Интеграциялау  –  «Нормаға 
келтіру моделінің» жүзеге асуы.  

Арнайы 
білім 
беру 
үдерісінен 
балаларды 
қоғамға кіріктіру  
XX  ғасырдың  70-
жылдары 
мен 
қазірге 
дейінгі 
кезең 
«Нормаға  келтіру  моделінің»  жүзеге 
асуы.  Арнайы  білім  беру  үдерісінен 
жалпы білім беру үдерісіне енуі. 
 
«Инклюзивті  білім  беру»  ұғымының  мәні  ағылшын  термині  «inclusion», 
яғни  «кіріктірілу,  ендіру»  дегенді  білдірсе,  француз  тілінен  аударғанда 
«inclusif»    «өзіне  ендіру»,  латын  тілінен  аударғанда  «include»  -  «ену»  дегенді 
білдіреді.  Сөздіктерде  инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  –  жалпы  білім  берудің 
даму  үдерісіндегі  барлықадамдарды  оқыту,  сонымен  қатар  әр  түрлі 
қажеттіліктерге  ие  балаларға  қарай  бейімдеу  арқылы  ерекше  мұқтаждықтары 
бар балалардың білім алуына қол жеткізу екендігі көрсетілген. 
Қабылданған  халықаралық  құқықтық  актілер  адамның  жынысы,  нәсілі, 
діни,  мәдени-этникалық  немесе  тілдік  белгілері,  денсаулық  жағдайы, 
әлеуметтік  шығу  тегі,  қашқын  мәртебесі  болуы,  тағы  басқалай  белгілері 
бойынша  еш  кемсітушілікті  болдырмайтын  білім  алу  құқықтарын  белгілейді. 
Осы  ретте  зерттеу  нысанымызға  байланысты    біріншіден  «инклюзивті  білім 
беру» ұғымына берілген анықтама туралы тоқталайық.  
«Инклюзивті  білім  беру»  ұғымы  Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы»  Заңында  ашып  көрсетілген[6].Бұл  ұғым  ерекше  білім  алу 

22 
 
қажеттіліктері  мен  жеке-дара  мүмкіндіктері  ескеріле  отырып,  барлық  білім 
алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін үдеріс ретінде 
түсіндіріледі. Бұл жағдайда қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын 
қажет ететін тұлғалар (ҚР «Білім беру туралы» Заңының 1 бабы). Яғни, мәселе, 
ең  алдымен,  оқушылардың  шектеулі  отыр  («денсаулығына  байланысты  білім 
алуда  тұрақты  немесе  уақытша  қиындыққа  тап  болуда»).  Бұл  жағдайда 
дарынды  балаларды  емес,  пайдаланылады.  Яғни,  мұнда  да  ерекше  білім  алу 
қажеттіліктері түсінігі ауқымды емес. 
ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім 
беру  туралы  ұғымға  мынадай  анықтама  берген:  «Инклюзивті  білім  беру 
дегеніміз  –  барлық  балалар  дене,  психикалық,  зерде,  мәдени-  этникалық  және 
басқа  да  ерекшеліктеріне  қарамастан,  жалпы  білім  беру  жүйесіне  қосылып, 
тұрғылықты  көздейтін  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру.  Бұл  жағдайда 
мектептер  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктерді  ескеріп,  өз  оқушыларына 
қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады». 
 Ал,  Саламанка  Декларациясыныңқұжаттарында:«Бұл  жалпы  білім  беру 
мекемесі  жағдайында  білім  беру  қызметінің  жүйесі,  тұрғылықты  мекен-жайы 
бойынша  балалардың  білім  алуға  және  оқуға  толық  құқығы  бар    ұстанымы 
негіздемесінде жүзеге асады», –  делінген.(Саламанка, Испания 1994 жыл) 
«Инклюзив» 
терминінің 
анықтамасына 
отандық 
ғалымдардың 
еңбектерінде  де,  шетелдік  ғалымдар  еңбектерінде  де  түрлі  қырынан 
қарайтынын  көруге  болады.Зерттеу  барысында  28  ғылыми  анықтама  жіктеле 
отырып  қарастырылды.  Олардың  ішіндегі  ең  танымал  бағыттарды  қамтып 
көрсететін бірнешеуін төмендегі кестелерден көруге болады. 
Инклюзивті білім беруді түсіндіруде отандық зерттеушілердің де бірыңғай 
ұстанымы жоқ екендігі келесі кестедегі пікірлерден көрінеді (2-кесте).  
 
Кесте  2  -  Отандық  зерттеу  еңбектеріндегі  «Инклюзивті  білім  берудің» 
анықтамасы 
 
Автор 
Инклюзивті білім туралы берген анықтамасы  


Қазақстан Республикасында 
инклюзивті білім беруді 
дамытудың тұжырымдамалық 
тәсілдері 
Инклюзивті  білім  беру  –  баршаның  сапалы  білімге 
қол  жетімділігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған 
білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып 
табылады.  Ол  балалардың  дене,  психикалық, 
зияткерлік,  мәдениэтникалық,  тілдік  және  басқа  да 
ерекшеліктеріне  қарамастан,  сапалы  білім  беру 
ортасына  айрықша  білім  алу  қажеттіліктері  бар 
балаларды  қосуды,  барлық  кедергілерді  жоюды, 
олардың  сапалы  білім  алуы  үшін  және  олардың 
әлеуметтік 
бейімделуін, 
социумге 
кірігуін 
көздейді[13]. 
Сүлейменова Р.А. 
 
Денсаулық  жағдайына,  әлеуметтік,  этникалық  және 
экономикалық  жағдайына  қарамастан,  барлық 
балаларды  ақысыз  оқу  үдерісіне  қосуды  көздейтін 
білім беру үдерісінің құраушысы[26, б.56]. 

23 
 
2 кестенің жалғасы 
 


Мовкебаева З. А

 
 
Жалпы  білім  берудің  қолжетімділігін  және  барлық 
балалардың,  соның  ішінде  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  әртүрлі  білім  алу  қажеттіліктеріне 
бейімделуін  білдіретін  жалпы  білім  берудің  даму 
үдерісі[27, б.6]. 
Оралканова И. А. 
 
Балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктерін түсіну 
және  білім  беру  үдерісіне  толығырақ  қатысу, 
жұртшылықты  тарту  және  білім  берудегі  бөлектеу 
мен кемсітуді жою арқылы осы қажеттіліктеріне сай 
қызметтер көрсету[28, б.32]. 
Рсалдинова А. К. 
 
Білім беру, әлеуметтік, түзету-дамыту қызметтерінің 
сапасына  кепілдік  бере  отырып,  білім  беру 
ұйымдарының 
барлық 
түрлерінде 
мүмкіндігі 
шектеулі  тұлғалар  үшін  арнайы  білім  беру 
жағдайларын  жасауға  және  оған  қолжетімділікті 
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты[80, 
б.7]. 
Байтурсынова А.А. 
Инклюзивті  білім  беру  –    бұл  барлық  білім  беру 
ұйымдарында  арнайы  білім  беруге  жағдай  жасау 
үшін,  ондағы  кедергілерді  жою  арқылы  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  білім  беру  үдерісіне  ендіруді 
қамтамасыз ететін мемлекеттік саясат[81]. 
Құлсариева А.Т.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балалар  мен  жасөспірімдерді 
кәдімгі  білім  беру  ұйымдарының  білім  беру 
үдерісіне  белсенді  түрде  қосу,  және  барлық 
санаттағы  балалардың  білім  алу  қажеттіліктерін 
қамтамасыз  ету  мақсатында  жалпы  білім  беру 
жүйесі мен оқу-тәрбиеүдерісін қайта құру[82, б. 6]. 
 
Кестеде    берілген  анықтамалардың  түрлілігіне  қарап,  инклюзивті  білім 
беруді түрлі тұрғыдан түсіндіру тәжірибесін байқаймыз. 
Төмендегі  кестеден  шетелдік  ғалымдардың  инклюзивті  білім  беру 
анықтамалары  берілді.  Мұнда  да  бір  мәселенің  түрлі  қырынан  танылуын 
байқауға  болады.  Яғни    шетел  ғалымдарының  да  «инклюзияға»  анықтама 
беруде бірыңғайлылық жоқ (3-кесте).  
 
Кесте  3  –  Шетелдік  зерттеу  еңбектеріндегі  «Инклюзивті  білім  беру» 
туралыанықтамалар 
 
Автор 
Инклюзивті білім туралы берген анықтамасы 


Renzaglia A. 
әлеуметтік қоғам үшін әр баланың ерекшелігін тану [83]. 
Jackson R. 
ерекше қажеттіліктері бар балаларды басқа дамуықалыпты 
оқушылармен  бірге  оқыту  үшін  оқу  орнында    бірегей 
жағдай жасау [84]. 

24 
 
3- кестенің жалғасы 
 


Shemesh Y. R.  мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрғылықты жеріне жақын 
орналасқан  жалпы  орта  мектептерде  білім  алуы  және 
тәрбиеленуі [85]. 
VoltzD. L. 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардың    мектеп  кеңістітігінде 
басқа  оқушылармен  бірге  толық  ынтымақтастықта 
араласуы  және  сыныптан  тыс  іс-шараларға  бірге  қатысуы 
[86]. 
RyndakD. L. 
ерекше  қажеттіліктері  бар    балаларды    бір  оқу  жоспарына 
қосу,    олардың  мектеп  ұжымына  кірігуіне   көмек  көрсету,  
әлеуметтік бейімдеу, жағымды ахуал құру[87]. 
Bakke T. W. 
жалпы  білім  беру  үдерісіне  мүгедек  балаларды  да  толық 
қамту үшін жағдай жасау [88]. 
 
Шетелдік  түрлі  тәсілдерді  зерттеу  нәтижесі  «инклюзивті  бағдарланған 
білім  беруде  басты  рөл  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаға  беріледі»  деген 
тұжырым  жасауға  мүмкіндік  берді.  Осылайша,  инклюзияны  білім  беру 
үдерісімен емес, қоғамдағы баланың жағдайымен тікелей байланысты таныған 
дұрыс деп саналады. 
Инклюзивті  оқыту  мәселесімен  бірге    дербес  оқу  мүмкіндіктері  бар 
балалар туралы мәселеде бір қатарда қарастырылады. Дербес оқу мүмкіндіктері 
бар балалар жөнінде анықтамасы заңда келтірілмеген. Оксфордпсихологиялық 
сөздігінде  оқушының дербес мүмкіндіктері дегеніміз  – бұл нақты бір адамды 
басқалардан  құрылымдық  (конституционалдық)  ерекшеліктері,  миының 
нейродинамикалық 
өзгешеліктері, 
мидың 
үлкен 
жартышарыныңфункционалдық  ассиметриясының  ерекшеліктері  және  тағы 
басқа  белгілері  бойынша  ажырататын  психофизиологиялық  сипаттама  екені 
көрсетілген.     Оқушының  психофизиологиялық  сипаттамасының  өзгешелігі  - 
оның дербес мүмкіндіктері деп танылған.  
Зерттеу  жұмысының  мақсатына  байланысты,  ерекше  білім  беру 
қажеттіліктері  және  дербес  мүмкіндіктер  анықтамасын  «даму  ерекшеліктері» 
ұғымына біріктіруді ұсынамыз.  
Ресей  ғалымдарыинклюзивті  білім  беруді  анықтауда  инклюзия  мен 
интеграцияның  мағыналарының  шектері  түйісуіне  мән  береді.  А.А.Нестерова 
мен Ж.А.Максименко инклюзивті білім беруді интегративті оқытудың құраушы 
бөлігі  болып  табылады  деп  есептейді[89,  б.71].  О.Н.Ертанова«инклюзия» 
термині «интеграцияның» синонимі болып табылады деген тұжырым жасайды. 
Ғалым бұл екі ұғымныңмағынасы ұқсас деп санайды [90, б.18].Н.М.Назарова да 
екі  ұғымның  арасындағы  тығыз  байланысты  негізге  алып,  «инклюзия»  мен 
«интеграция» 
бір 
үдерісті 
сипаттайды 
деп 
анықтайды[91, 
б.78].Е.А.Екжанованың  пікірінше,  «интеграция»  -  «инклюзияның»  бастапқы 
кезеңі болып табылады[92, б.24]. 

25 
 
Философиялық  тұрғыдан  қарағанда,  интеграция  –бұл  негізгі  мақсаты 
біріктіру, қалпына келтіру, қосу, яғни тұтастық болып табылатын үдеріс немесе 
іс-шаралар  кешені.  Әрі  бұл  тұтастық  физикалық  кеңістікте  де,  моральдық 
түпнегізде де көрініс беруі мүмкін [93, б.158]. 
Елімізде  ортақ  тегін  білім  беру  жүйесі  пайда  болған  сәттен  мемлекеттің 
әрбір 
мүшесінің 
білім 
алуға 
қатысу 
құқығы 
туындады.                                                                                                                                                  
Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасынан» бастау алатын ізгілікті пеагогикадан 
басталатын  идеяға  сүйенсек,  [94,б.88]елдің  барлық  азаматтары,  соның  ішінде 
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар да білім алу құқығына ие.  
Арнайы білім берудегі интеграциялық үдерістер тек  ХХ ғасырдың  90-шы 
жылдарында,  ал  біздің  елімізде  20  жылдай  кеш  басталды.С.  Н.  Маслиева 
арнайы білім беруден бастап мамандандырылған білім беруге дейінгі жолды еш 
дайындықсыз келген жол деп атады. Оның айтуынша, кеңестік дәуірден кейін 
пайда  болған  елдердің  білім  беру  үдерісіне  интеграцияны  енгізу  әлеуметтік-
экономикалық құрылыстағы өзгерістерден туынған[95]. 
Интеграция  мәселесінің  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан  шешу 
жолдары  республикамызда  бірқатар  ғалымдар  да  айналысқанын  айқындадық: 
А.А.Бейсенбаева, 
М.Ә.Құдайқұлов, 
Қ.Б.Бөлеев, 
А.Д.Болтаев, 
Н.А.Оразахыновалар  пәнаралық  байланыс    негізінде  оқу-тәрбие  процесін 
ұйымдастыру  мәселелерін,  А.Р.Бектеньярова,  Р.К.Аббасова,  Н.Жапанбаева, 
О.К.Шайхеслямовалар жалпы білім беретін мектептегі  оқу-тәрбие процесіндегі 
интеграция 
мәселесінің 
педагогикалық 
негізін, 
М.А.Абсатованың 
еңбектеріндегі  интеграция  идеясының  қалыптасуы  мен  даму  тарихын,  
Ғ.К.Шолпанқұлова,  Г.А.Меңдіғалиева  жаңа  үлгідегі  мектептердің  ғылым  мен 
тәжірибе  интеграциясының  педагогикалық  негізін,  Ә.Мұханбетжанова 
бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін қарастырған. Бұл еңбектер 
республикадағы  қазіргі  білім  берудегі  және  педагогика  ғылымындағы 
интеграция құбылысын ғылыми тәжірибелік тұрғыдан айқындауға бағытталған 
алғашқы зерттеу жұмыстары еді[96]. 
С.К.Сейітқалиев 
атап 
өткендей, 
Қазақстандағы 
білім 
беру 
интеграциясының  пайда  болуы  келесі  факторларға  байланысты:  заңнамалық 
база  жеткіліксіз  және  қарама-қайшылықтар  болғанда,  экономикадағы 
дағдарыстарда  жүзеге  асырылады,  бірақ  ол  сау  балалардың  құқығын 
шектемейді [97, б.158]. 
О.А.Манаенкова  өз  еңбегінде  интеграцияның  жалпы  анықтамасын 
«денсаулық 
мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  жалпы  білім  беру 
мектептерінде жалпыға қолжетімді білім алу мүмкіндігі деп есептейді [98]. 
«Кірігу/интеграция»  ұғымына  қатысты  әртүрлі  көзқарастарды  талдай 
отырып,  интеграцияның  өзі  -  көпқырлы  болып  табылады  деген  тұжырым 
жасауға  болады.  Сәйкесінше,  оған  бірыңғай  анықтама  беруге  болмайды. 
Интеграцияның негізгі қырлары 1 суретте көрсетілген (1-сурет). 
 
 
 

26 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1– Білім беру жүйесіндегі   «интеграция» терминнің құрамы. 
 
Кіріктірілген  және  инклюзивті  білім  беру  мәселелері  туралы  талдау 
барысы    төмендегідей  тұжырымдар  жасауға  мүмкіндік  береді.Кіріктірілген 
білім беру жағдайында негізгі мақсат даму ерекшелігі бар баланы жалпы білім 
беру  ортасының  жағдайларына  бейімдеу,  ал  инклюзивті  білім  беруде–оқу 
үдерісін  осындай  баланың  қажеттілігіне  қарай  икемдеу  немесе  өзгерту  болып 
табылады. Бұдан шығатын қорытынды, интеграция мен инклюзия  –екі ілеспелі 
үдеріс (2-сурет). 
Интеграция 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Инклюзия 
 
Сурет2 – Кіріктірілген және инклюзивті білім беру 
 
Осылайша,  дамуында  ерекшеліктері  бар  бала  қалай  болғанда  да,  жалпы 
жағдайларға  икемделіп,  білім  беру  кеңістігіне  бейімделуі  керек.Осы  бейімдеу 
үдерісінде балаға көмек беру  – бұл кіріктірілген білім берудің міндеті. Екінші 
жағынан,  білім  берудің  әдістемелік,  материалдық,ақпараттық    аспектілерін 
құраушылардың  –қырларындатек  осындай  балаға  сай  икемделуі  тиіс  –  бұл 
инклюзивті білім берудің міндеті. 
Инклюзияға,  білім  берудің  тиімділігін  арттырудың  құраушысы  ретінде, 
табыстылықтың  әртүрлі  өлшемдері  тән.  Мысалы,  Н.М.Латыпова  мұндай 
Ин
тегра
ци
я 
арнайы білім берудің дамуындағы негізгі үрдіс 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балаларға 
арналған 
оң 
әлеуметтік-педагогикалық қыры 
 
қиындықтары  бар  тұлғаларға    өмір  тіршілігінің 
алуан  түрлеріне  қатысудың  тең  құқығын  бере 
отырып, оларды қоғамның әлеуметтік өміріне енгізу 
үдерісі 
 денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларды 
әлеуметтік салада әлеуметтендіру құралдары 
 
Дамуында мүмкіндігі 
шектеулі бала 
Қоршаған орта 

27 
 
факторлар  ретінде  мемлекеттің  демократиялық  құрылысын  құру,  жалпыға 
қолжетімді  мектептерде  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқыту  үшін 
арнайы  жағдайлар  қалыптастыру  (кабинеттерді,  баспалдақтарды  және  т.б. 
жабдықтау),  мектеп  базасында  түзету  қызметтерін  таңдау  мүмкіндігінің пайда 
болуы,  педагогикалық  құрамның  біліктілігін  арттыру  және  тағы  басқаларын 
бөліп көрсетеді [99, 41 б.]. 
Т.Л.Лещинская  атап  өткендей,  инклюзивті  үдерістер  тек  демократиялық 
қоғамда  ғана  табысты  болуы  мүмкін.  Дәл  осы  қоғамда  орташа  статистикалық 
адамдар  мен  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  арасындағы  барлық  кедергілер 
жойылып кетеді[100, 158 б.]. 
М.И.Никитина  заманауи  қоғамда  тез  бейімделудің  негізгі  шарты  ретінде 
мүгедек  балаларды  қалыпты  дамып  жатқан  қатарластарымен  бірге  бірыңғай 
мектеп  кеңістігінде  оқытуды  атайды.  Ол  инклюзияны  мынадай  қырларында 
қарастырады: 
–барлық  балаларды  білім  беретін  оқу  орындарында  оқытуға  бағытталған 
білім беру үдерісі ретінде; 
–ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың белгілі бір 
әдістемесінен тұратын психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде[101, 86 б.]. 
Т.А.Силантьева  білім  беру  мекемелерінің  денсаулық  мүмкіндіктері 
шектеулі  балалармен  жұмысының  төмендегідей  бесбелгісін  бөліп  көрсеткен. 
Олар:  
– мүгедек балаларға білікті түзетушілік көмек көрсету; 
–ерекше  бейімделу  қажеттіліктері  бар  баланың  мәртебесін  бөліп 
қарастыру; 
–  педагогтерді  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  істеу  үшін  қайта 
даярлау; 
–білім беру мекемелерін арнайы техникамен жарақтау; 
–қоғамдағы  денсаулығында  ақауы  бар  тұлғаларға  деген  төзімділікті 
насихаттау[102, 97 б.].  
Инклюзивті  білім  беру  саласындағы  зерттеулерді  шолу  және  талдау 
барысында  Қазақстанда  инклюзивті  білім  беру  кеңістігін  құрудың  ең  жиі 
аталатын және белгілі бір мөлшерде тұрақты болыр келе жатқан қиындықтарын 
анықтауға мүмкіндік болды. Оларға мыналар жатады: 
–мектептердің  материалдық-техникалық  жарақталуының  жеткіліксіздігі 
(кітаптар мен әдістемелік әдебиет, арнайы жабдықтар, техника); 
–сыныптардағы  оқушылар  санының  көптігі  (инклюзияны  қиындатады, 
денсаулығында ақауы бар балаларға ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік жоқ); 
–педагогтің  күн  тәртібінің  тиімсіздігі  (өз  бетінше  дайындалуға  уақыты 
жоқ); 
–  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  бойында  өзіне  деген  сенімсіздіктің 
қалыптасуы [103]. 
 З.А.Мовкебаеваның  тиімді  инклюзивті  білім  берудің  жолындағы  басты 
кедергі  –  білім  беру  мекемелері  педагогтерінің  осы  үдеріске  білікті 
дайындығының төмендігі деген ұстанымы маңызды болып табылады[104, 6 б.]. 

28 
 
Аталған  кедергілерді  жою  арқылы  ғана  тиімді  білім  беру  үдерісін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  туады.  Солкедергілерді  жойғанда  ғана  инклюзия 
жалпы және арнайы білім беру жүйелерінің біртіндеп тұтас бір жүйеге бірігуіне 
алып келеді.  
Бастауыш  мектепте  инклюзивті  білім  беруді  енгізуде  үлкен  қиындықтар 
ұшырасып  жатса  да,  оның  дамуында  ерекшеліктері  бар  тұлғалардың 
толыққанды  өмірін  қалыптастыру  үшін  маңыздылығын  кемімейтіні  белгілі. 
Түптеп  келгенде,  инклюзивті  білім  беру  -  қоғамдағы  әлеуметтендіру  құралы 
ретінде қарастырлуыкерек. 
В.В.Коркунов 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балалар 
мамандандырылған 
мектептегіге  қарағанда,инклюзивті  мектепте  сырт  адамдар  тарапынанкөбірек 
ынталандырылып  отырады.  Мұның  өзіинклюзивті  білім  берудің  қажеттілігіні 
тереңдете түседі. Автор жалпы мектептегі оқыту денсаулығында ерекшелігі бар 
балалардың  қажетті  білім  мен  дағдыларды  табиғи  ортада  игеруіне  мүмкіндік 
береді деп есептейді [105, 88 б.]. 
Н.А.Першина  инклюзивті  білім  берудің  басты  артықшылығы  деп  қарым-
қатынас  жасау  және  тұлғааралық  өзара  әрекеттестікті  қалыптастыру 
мүмкіндігін  ерекше  атайды.  Оның  пікірінше,  оқытудың  бұл  үлгісі 
коммуникациялық  дағдыларды  игеретін  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  да, 
қалыпты  дамып  жатқан  балаларға  да  оң  ықпал  етеді.  Қалыпты  дамып  келе 
жатқан  балалар  мүгедектерді  қоғамның  толыққанды  қатысушылары  ретінде 
қабылдауды  үйренеді.  Инклюзивті  оқытуда  бейімделу  қажеттіліктері  бар 
балалар  отбасылық  тәрбие  үдерісінен  ажырмайды,    өйткені  олар  тұрғылықты 
мекен-жайы орналасқан жерінде білім алады[106, б.70]. 
С.В.Алехинаның айтуынша, инклюзивті білім беру қоғамның толыққанды 
мүшесін  қалыптастырудың  өмірлік  маңызды  үдерісі  [107,  21  б.].Инклюзивті 
білім  беруді  тек  кедергілер  ғана  тежемейді,  әсіресе,  әлеуметтік  сипаттағы 
мәселелер  де  (ата-аналардың  білім  беру  жүйесіне  сенбеушілігі,  білім  беру 
мекемелерінің 
басқарушы 
қызметкерлерінің 
жаңалықтарды 
енгізуге 
құлықсыздығы) баяулатады.  
Инклюзивті 
оқытуды 
бастауыш 
мектептерге 
енгізу 
ісіосы 
жүйеніңтетіктерін    анықтау  үшін  нақты  және  жан-жақты  тәсілдеме  қолдану 
керектігін  дәлелдеп  келеді.  Нақты  және  айқын  ашып  айтатын  болсақ, 
инклюзияның күрделілігі ерекше қажеттіліктері бар балалардың табиғи мектеп 
кеңістігіне  бейімделуінен  емес,  білім  беру  мекемелерінің  өздерінің  осындай 
оқушыларға «икемделуінің» қиындықпен өтуінде болып отыр. 
Дамуында  ерекшеліктері  бар  балаға  жаңа  білім  беру  жүйесінде  табиғи 
үдерістерге бейімделуге тура келсе, қалыпты дамып келе жатқан оқушылар мен 
мұғалімдергеде «ерекше» оқушы оқитынына түсіністікпен қарауға қалыптасып, 
соған  тәрбиеленуі керек болады. 
Инклюзивті  білім  беруге  сәйкес  енгізілетін  өзгерістер  мектептің  ішкі 
үдерісіне  тұтастай    әсер  ететіні  белгілі.  Нақтырақ  айтқанда,  білім  беру 
мекемесіндегі  барлық  оқушылар  мен  мұғалімдер,  мектептің  басқа  да 
қызметкерлері 
өзара 
қарым-қатынас 
жасауда 
ендігі 
ретте 
жаңа 

29 
 
формаларынқұруы  тиіс  болады.  Түпкі  нәтижесіндеондай  өзгерістер  оқыту 
үдерісінің  барлық  салаларына,  соның  ішінде  оқушылардың  өзара  тұлғааралық 
байланысына да әсер  етеді.  
«Ерекше»  балаларға  арналған  білім  беру  жүйесінің  пәндік-дамытушы, 
материалдық-техникалық  және  білім  берушілік  деп  аталатын  құраушы 
компоненттері және олардың өзара байланысы назарда ұсталынып қалыптасуы 
тиісекендігін Е.А.Екжанова атап көрсетеді[108].   
Әрбір мектепте әр оқушының зияткерлік, әлеуметтік және рухани дамуын 
қамтамасыз  ететін  бірыңғай  білім  беру  кеңістігі  құрылуы  қажеттігіне                        
М.В.Кларин  маңыздылықпен  назар  аударады.  Ғалым  мектеп  -  мүмкіндігі 
шектеулі балалар үшін ең маңызды әлеуметтік жүйенің құрамдас бөлігі екенін 
атап көрсетіп, сол ортада балалардың  тұлғааралық қарым-қатынастарынқұруға 
мүмкіндік  беретін  еш  кедергісіз  ынтымақ  кеңістігін  құру  қажет  деп 
ұсынады[109]. 
Әлеуметтік  орта  –  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  үшін  маңызды  орпын 
алады.  Осыны  ескере  отырып,  мектепте  балалардың  тұлғааралық  өзара 
әрекеттесе  отырып  байланыс  құруына  арналған  кедергісіз  орта  қалыптастыру 
керек.  А.В.Жигайло  мұндай  орта  баланың  тұлғалық  қалыптасуының  негізі 
болып табылады депатап көрсетеді.  
В.В.Хитрюк  инклюзивті  білім  беру  ортасының  2  негізгі  фнукциялар 
топтарын бөліп қарастырады (3-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 3 – Инклюзивті білім беру ортасының функциялары 
 
Функциялар 
Жалпы 
Арнайы 
әлеуметтік-мәдени 
дамуқажеттіліктерін 
орындау 
шығармашылық әлеуетін 
ашу 
өз мүмкіндіктерін іске асыру 
өз тағдырына қатысты 
шешімдерді өзі қабылдау 
шу 
 
әлеуметтік қиындықтар 
мен мәселелердің 
алдыналу  
өз мүмкіндігіне, күшіне 
деген сенімін дамыту 
педагогикалық 
қиындықтарды жеңу  

30 
 
Модельде  көрсетілгеніндей,  инклюзивтік  ортаның  функциялары,ең 
алдымен,  оқушының  тұлғалық  әлеуетін  ашуға  бағытталған.  Инклюзивті  білім 
беретін мектепте осындай орта құрылмаса, дамуында ерекшелігі бар бала онда 
оқиды,  бірақ,  барлық  іс-әрекет  шынайылықтан  гөрі  сыртқы  формасы  ғана 
ұқсайтын,  ресмиленген түрде болады.  
Жоғарыда айтылған ойлар мен пікірлерді жинақтайкелгенде, шын мәнінде, 
инклюзияны 
ендірудегі 
кедергілерді 
жеңудің 
түпнегізінде 
саралап 
оқытужатқанын,  яғни  егер  білім  беруде  әр  оқушының  дербес  қажеттіліктері 
ескерілетін  болса,  инклюзия  кез-келген  кедергілерді  жеңе  алатынына  сенімді 
болу керек.  
Қазақстандық мамандардың көпшілігі инклюзивті білім беру елімізде жаңа 
аяғына  тұрып  келе  жатыр  деп  түсіндіреді.  Атап  кету  керек,  ол  мамандардың 
барлығы  дерлік  инклюзивтік  жүйені  оқу  үдерісіне  белсенді  енгізу  керектігі 
жөнінде  ортақ  пікірге  келген.  Себебі  білім  берудің  мұндай  үлгісі  мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  тұлғалық  дамуы  үшін  тең  жағдайларға  ие  болу 
мүмкіндігін  беретініне  сенім  мол.Мектептердетиімді  инклюзивті  білім  беруді 
қалыптастырудағы 
түзетуші-дамытушы 
кеңістіктің 
маңызды 
рөлін 
А.К.Жалмұхамедова өз еңбегінде айқын талдап көрсеткен [110, б.39]. 
Ортаның  дамытушы  және  кедергісіз  болып  қалыптасуы  үшін  оған  орта 
ресурстарының әсері тиеді деген түйін жасауға болады.  Баланың жеке басының 
психофизиологиялық ерекшеліктері ортаның мазмұндық құрамына да біршама 
әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. А.Т.Баймұратованың пікірінше, білім 
беру  үдерісіндегіинклюзиясының  табысқа  қол  жеткізуі    ортаның  пәндік 
құраушы бөлшектеріне, атап айтқанда,оқу сыныптарының санитарлық талаптар 
мен  қауіпсіздік  нормаларына  сәйкестігіне,  дербес  түзету  құралдарының, 
компьютерлік  бағдарламалардың,  әдебиеттің,  көру  мүмкіндігін  жақсартатын 
жабдықтардың  және  тағы  басқа  қажетті  құралдардың  толық  болуына 
байланысты[111, б.55]. 
Инклюзивті  білім  беруге  арналған  кеңістік  ресурстарына  мынадай 
маңызды 
құраушылар 
жатады: 
турникеттер, 
шектеуші 
сызықтар, 
жеделсатылардың  болуы,  оқу  сыныптарының  жарықтандырылу  деңгейі, 
сыныптардағы  және  жалпы  мектеп  бойынша  дыбыстық  белгі  беру  тіректері. 
Инклюзивті  білім  беруде  тұлғаны  тәрбиелеу  мен  дамытуға  арналған 
дидактикалық  және  түзетуші  жабдықтарға  айрықша  маңыз  беріледі. 
Оқушыларға  берілетін  сыныптағыдеген  түйін  жасауға  болады.    Баланың  жеке 
басының психофизиологиялық ерекшеліктері ортаның мазмұндық құрамына да 
біршама  әсер  ететінін  жоққа  шығаруға  және  сыныптан  тыс  жүктемені  дұрыс 
есептеу  аса  маңызды.  Өйткені  оқудан  бөлек,  толыққанды  тұлға  қалыптастыру 
үшін  және  олардың  қабілеттерін  ашу  үшін  оқушыларды  денсаулық  жағдайы 
мен дамуына қарамастан, сабақтан тыс іс-әрекеттерге де қатыстыру керек.  
Инклюзивті білім беру үдерісінің әлеуметтік-психологиялық ресурстары әр 
оқушының  бойында  мынадай  маңызды  қасиеттердің  қалыптасуына  тірек 
болады: 
- ынтымақтастықта жұмыс жасауға қабілетті болуы

31 
 
- білім беру үдерісіне және сабақтан тыс іс-шараларға белсенді қатысуы; 
- жетекшілік етуге  және жетекшіге еруге ынталы болуы; 
- сыртқы келбетінің қанағаттанарлық болуы; 
- қолайлы әлеуметтік мәртебеге ие болуы
- дене белсенділігі өсуі т.б. 
Мектептерде  бірыңғай  білім  беру  кеңістігін  құру  үшін  әлеуметтік-
психологиялық  ресурстар  пайдаланылады.  Мектепте  дамуында  ерекшелігі  бар 
балалардың  әлеуетін  ашуға  басты  назар  аударылуы  тиіс.  Мұндай  бағыт  жан-
жақты дамуға ұмтылған үйлесімді тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның әлі 
де  ашылмай,  жасырын  қалған  ішкі  қабілеттерін  ашу  үшін  жеке  тұлғаның 
болмысын белсенділікке негіздеп қайта құруға арналады.  
Осы  айтылғандарға  сүйене  келе,  инклюзивті  білім  беру  ортасын  –  бұл 
дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен 
дағдыларды  игеруге  деген  дербес  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 
құрылатын  құндылықты-бағдарланған  ортадеп  танимыз.Инклюзияның 
әлеуметтік  құраушысы  педагогика  саласына  қарағанда,  басым  артықшылыққа 
ие.  Білім  беру  инклюзиясының  тиімділігі  көп  жағдайда  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  әлеуметтік  бейімделуінің  нәтижелілігімен  айқындалатын  болады. 
Бұл  –  ерекшеліктері  бар  тұлғалардың  әрбір  санаты  үшін  белгілі  бір  орталар 
санымен жеке білім беру кеңістігі құрылуы қажет деген сөз. 
Қазақстан  Республикасының  адам  құқықтары  бойынша  заңдылықтары 
еліміздің басты құндылығы болып табылатын балалардың барлығының да білім 
алуға тең құқылы екендігіне негізделген.  
Қазақстан Республикасында өмір сүретін әрбір бала мектепте білім берудің 
талаптарына  сай  болуы  немесе  болмауына  қарамастан,  оның  жеке  басын 
сыйлау  және  оның  даралығын  гуманистік  тұрғыдан  түсініп-  қабылдауын 
қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру идеясы педагогтердің құзыреттілігіне 
заман дамуына сай жаңа  талаптар қойып отыр.  
Ендігі  кезекте  педагогтерге,  ұстаздарға,  мұғалімдерге  қойылатын 
талаптарданорындалуы  міндетті  болатын  көптеген  жаңа  жұмыс  түрлері 
туындап  келеді.  Мұғалімдер  дене  дамуы  жағынан,зияткерлік  дамуы 
жағынанзақымданған  балалармен,  қалада  не  ауылда  тұратын  түрлі  әлеуметтік 
топтағы  балалармен,  балалардың  басқа  түрлі  білім  беру  топтарымен  жұмыс 
істейтін педагогикалық технологияларды игеріп, өзінің жеке тәжірибесіне сай, 
ұстаздық  кәсібінде  шығармашылық  түрде  таңдай  алатын  және  шебер  де 
орынды, нәтижелі етіпқолдана алатын қабілетін жетілдіруі тиіс болып отыр. 
Гуманистік  білім  беру  жүйесін  зерттеу  барысында  ғалымдар  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  оқыту  мәселесі  мен  оларды  қоғамға  кіріктіру  туралы 
толыққанды 
идеялар 
әлеуметтік 
конструкционистік 
теорияларда 
қарастырылғанын  анықтады.  Бұл  теорияның  этикалық-философиялық, 
гуманистік  психология  мен  педагогика  және  арнайы  педагогикалық 
бағыттардағы  көптеген  зерттеулер  жүргізу  барысында    негізделіп 
қалыптасқаны  белгілі  болды.  Теориялар  мен  олардың  бастау  көздерін                              
4-кестедегі мәліметтерден көре аламыз (4-кесте). 

32 
 
Кесте  4  –Инклюзивті  білім  берудің  теориялық  негіздемесін  қалыптастырған 
идеялардың бастау көздері 
 
Білім 
саласы 
Инклюзивті  білім  берудің  теориялық  негіздемесінің 
қалыптасуы 
Философия  Экзистенциалдық  тұжырымдама.  Бұл  тұжырымдаманың 
іргетасын  қалаған    К.Ясперс,  А.Камю,  Ж.П.Сартр  адам  –  
қайталанбайтын бірден бір жалғыз ғана, еркіндікке ие тұлға 
деп көрсетеді.  
Мәдени-әлеуметтік  конструктивизм  теориясы.  Оның 
көрнекті  өкілдері:  П.Бергер,  Т.Лукман,  Т.  Парсонс, 
В.Дильтей.  
Этикалық-философиялық  білім  аясындағы  жекелеп  оқыту 
тұжырымдамасы.  Бұл  бағыттың  өкілдері:  В.В.Зеньковский, 
Б.С.Братусь, Л.Н.Толстой, С.Л.Братченко. 
Физиология  Жүйке  жүйесінің  теориясы  мен  оның  даму  қабілеттілігі. 
Көрнекті өкілі: И.П.Павлов. 
Психология  Л.С.Выготскийдің    жоғарғы  жүйке  жүйесінің  қалыптасуы 
мен психиканың мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы.  
Психикалық 
дамудың 
ауытқуы 
мен 
норма 
заңдылықтарының 
тұжырымдамасы. 
Бұл 
бағытты 
негіздеушілер: 
Л.С.Выготский, 
Л.Рубинштейн, 
В.В.Лебединский.  
Психиканың 
дамуындағы 
оқытудың 
жетекші 
рөлі 
тұжырымдамасы.  Бұл  бағыттың  негізін  қалаушылар: 
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин.  
Гуманистік  психологияның  тұжырымдамасы:  А.Маслоу, 
Ш.Бюллер, К.Роджерс. 
Педагогика  Гуманистік  педагогика  тұжырымдамасы:  Ж.Ж.Руссо, 
И.Г.Песталоцци, 
А.Дистервег, 
А.С.Макаренко, 
М.Монтессори 
В.А.Сухомлинский, 
К.Д.Ушинский, 
П.Ф.Каптерев, Р.Штайнер, С.Т.Шацкий, Ш.А.Амонашвили.  
 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесіндегі  инклюзивті  білім 
берудің  құқықтық  негіздерін  жүйелеуді,  сөзсіз,  осы  мәселені  жер  бетіндегі 
барлық    адамзаттың  парызы  ретінде  белгілеп,  халықаралық  деңгейде 
мойындатып,  мүгедектердің  тең  құқығы  мен  адам  баласының  гуманистік 
идеяны ту етудегі міндеттемесі ретінде белгілеп берген нормативтік-құқықтық 
актілермен танысудан бастайтынымыз белгілі. Олардың ішінде адам құқықтары 
мен  кез  келген  себеппен  кемсітушілікке  жол  бермейтін  мәселелерге  қатысты 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымы    мен  ЮНЕСКО-ның  басшылығымен  қол  қойылған 
Декларациялар мен Конвенциялардың орны ерекше. Атап айтатын болсақ: 
-  БҰҰ  1948  жылы  қабылдаған  «Адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ 
декларациясы»; 

33 
 
- БҰҰ 1959 жылы қабылдаған «Бала құқықтарының декларациясы»; 
-  БҰҰ  1960  жылы  қабылдаған  «Білім  беру  саласында  кемсітушілікпен 
күрес туралы» Конвенциясы; 
-  БҰҰ  1971  жылы  қабылдаған  «Ақыл-ойы  кешеуілдеген  тұлғалардың 
құқықтары туралы» Декларациясы; 
-    БҰҰ  1989  жылы  қабылдаған    «Бала  құқықтары  туралы»  Конвенциясы, 
бұл 
құжатты 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметі 
1994 
жылы 
ратифицикациялаған болатын; 
-  ЮНЕСКО  1990  жылы  Әлемдік  конференцияда  қабылдаған  «Жалпыға 
білім беру туралы» Дүниежүзілік Декларациясы, Джомтьен, Тайланд; 
-  ЮНЕСКО  2014  жылы  киберкеңістікте  мүгедектерге  ғаламтордағы 
ақпараттың 
қолжетімді 
болуы 
мәселелері 
туралы 
ұйымдастырған 
конференциясында  қабылданған    «Инклюзивті  АКТ  мүгедектер  үшін: 
практикадғы құқық пен мүмкіндіктердің кеңеюі туралы Дели декларациясы»;  
-  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  1993    жылы  қабылдаған  «Мүгедектерге  тең 
құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелер» резолюциясы; 
- Испания,  Саламанка1994  жылы  қабылданған«Ерекше  қажеттіліктері  бар 
тұлғаларға  білім  беру  саласындағы  ұстанымдар,  жүргізілетін  саясат  пен 
практикалық  қызмет  және  ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғаларға  білім  беру 
бойынша  көрсетілетін  қызметтер  аялары  туралы  Декларациясы».  Қазақстан 
Республикасында  инклюзивтік  білім  берудің  нормативтік  базасын  жасауда 
әдістемелік негіздері ретінде қолданылуға ұсынылған. 
- Дакар 
іс-әрекет  аялары:  Білім  бәрі  үшін:  біздің  ұжымдық 
міндеттемелеріміздің  орындалуы.  2000  жылы  Бүкіләлемдік  білім  бойынша 
форумда қабылданған; 
- БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  2006  жылы  қабылдаған  «Мүгедектердің 
құқықтары туралы» Конвенциясы. Конвенцияға және Факультативтік келісімге 
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2008 жылы қол қойған.  
Білім  беру  саласындағы  АКТ-ның  қол  жетімділігі  жөнінде  зерттеулер 
олардың 
әрбір 
балаланың 
индивидуалды 
қажеттіліктеріне 
сәйкес 
бағдарламаларды  құрастыруға  көмектесетіні  және  оқу  үдерісін  жеңілдететінін 
айқындады.  
АКТ  инклюзиясы  әдетте  қолданыста  даму  ерекшеліктері  бар  тұлғалар 
тарапынан  белсенді  интеграцияны  да  кездестіреді.  Мүмкіндігі  шектеулі 
тұлғалардың  әлеуметтендірудегі  жетістігі  тек  қоғам  мен  ғана  емес,  мүмкіндігі 
шектеулі  тұлғаның  өзінің  интеграциялануға  деген  талпынысына  байланысты. 
Бұл  арнайы білім  беретін  компьютерлік  бағдарламаларды үйренуге,  қоғамның 
баспа  өкілдерімен  икемді  қарым-қатынас  жасау  және  байланысқа  арналған 
жаңа  құрылғыларды  қолдануға  талпынысынан  көрініс  табады.  Мүмкіндігі 
шектеулі  тұлғалар  үшін  компьютерлік  бағдарламалар  олардың  заманауи 
қоғамда  интеграциялануының  құралы  екенін  түсініп  анағұрлым  тез  үйренеді, 
ақпараттық тапшылықты жою мақсатында қашықтықтан білім алады [112]. 
АКТ-ның  «ерекше»  балаларға  білім  беру  саласында  қолданылуы  әлемдік 
білім  беру  саясатында  универсалды  ұстанымы  болып  табылады.  Бұл  сұрақта 

34 
 
негізгі  халықаралық  құжат  БҰҰ-ның  «Мүгедектердің  құқықтары  жөнінде 
Конвенциясы» болып табылады. Құжатқа 2006 жылы қол қойылып 2008 жылы 
заңды күшіне енді. Ал 2010 жылда бұл Конвенцияға 145-тен астам ел қосылды. 
Оның  ішінде  90  мемлекет  бірден  ратификациялады.  Ол  елдердің  ішінде 
Қазақстан  да  бар[113].Осы  халықаралық  құжатқа  сәйкес  мүмкіндігі  шектеулі 
жандарға  шектен  тыс  назар  аудару  денсаулығында  ақаулар  болуына 
байланысты емес, қоғамдағы белгілі бір кедергілерге тәуелді. 
 БҰҰ  мүгедектердің  құқықтары  туралы  Конвенцияның  24-бабында 
инклюзивті  білім  алу  туралы,  мүгедек  балалардың  оқу  үдерісіне  бейімделуіне 
және АҚТ-ны қолданып үйренуі туралы ұсыныстар көрсетілген.  
Осы  бапта  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  денсаулық  ауытқуларын 
түзетудегі  және  әлеуетін  іске  асырудағы  педагогикалық  құрылымның 
маңыздылығы реттеледі.  Халықаралық құқыққа  сәйкес.  Конвенцияның  4-бабы 
құралдардың  дамуындағы  модернизациялану  қаупінің  алдын  алу  үшін  барлық 
АКТ-ны  арнайы  дизайнмен  жасаған  орынды  екенін  және  мүмкіндігі  шектеулі 
тұлғалардың  қажеттіліктерін  жобалау  және  техникалық  құралдарды  шығару 
кезеңінде ескеру керектігін айтады. 
Конвенцияның  мүгедектер  құқығы  жайындағы  9-бабында  мемлекет 
мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізуіне 
қолайлы  жағдай  туғызуға  және  замануи  АКТ-ның  цифрлық  теңсіздікті  жою 
үшін  қолдануды  жігерлендіруге  міндетті.  Осы  орайда  халықаралық  заңдар 
«цифрлық  теңсіздік»  ұғымында  ақпараттық  кемістікті  түсінетінін  айта  кеткені 
жөн. Осы критерийлерге сәйкес ол барлық адамдарды 2 топқа бөледі:  
- ақпараты көп; 
-ақпараты жеткіліксіз.  
Кедергілерді  жою  үшін  қосымша  қарым-қатынас  құралдары  жасалынады. 
Бұл  топқа  арнайы  пернетақталар  мен  тінтуірлер,  тірек-қимыл  құралдары 
зақымданған  мүгедектерге  арналған  манипуляторлар,  Брайл  принтері  және 
осыған ұқсас басқа да құрылғылар енеді.  
АКТ-ны  білім  беру  үдерісінде  қолдану  саясаты  жөнінде  ұсыныстары  бар 
өзге құжаттар төмендегі кестеде көрсетілген (5-кесте). 
 
Кесте  5–  Білім  беру  саласында  АКТ-ның  пайдаланылуын  сипаттайтын 
халықаралық құжат 
 
Құжаттың атауы 
Мазмұны 
Күшіне енуі 



Ақпараттық  қоғам  мәселелері 
бойынша  жоғары  деңгейдегі 
кездесу 
принциптерінің 
декларациясы 
және 
бүкіл 
әлемдік іс әрекеттердің жоспары 
Ақпараттық қоғамға барлық 
адамдардың  бірдей  қол 
жетімділігін 
насихаттау. 
Жалпы 
білім 
беру 
мектептеріндегі 
бағдарламаларға    білім  алу 
ресурстарына  
2003 ж. 

35 
 
5 - кестенің жалғасы 
 



 
денсаулығындағы 
ауытқуларға 
қарамастан 
барлық 
балаларға 
қол 
жетімділігі 
жөнінде 
мәселелерді енгізу.  
 
БҰҰ 
мыңжылдықтың 
даму 
мақсаты 
Бүкіл 
әлем 
балаларына 
бастауыш 
білім 
беруді 
қамтамасыз 
етуге 
қол 
жеткізу [114]. 
2000 ж. 
Білім,  Ғылым  және  Мәдениет 
мәселелері 
бойынша 
БҰҰ 
(ЮНЕСКО) 
1.  Инклюзивті  білім  беру 
жөнінде  ұсыныс  білім  берудің 
барлығына қол жетімділігі;  
2.  Инклюзивті  білім  беру 
саласындағы  саясаттың  басқару 
принциптері 
3.  Саламанка 
декларациясы 
және  ерекше  мұқтаждықтары 
бар 
адамдарға 
білім 
беру 
бойынша іс шаралар шеңбері 
Негізгі мақсаттар: 
-  бүкіл  әлем  тұрғындарына 
сапалы білім беру; 
-әлеуметтік 
интеграциялауда 
топтық 
мақсаттарға жету;  
-әрбіроқушының 
қажеттілігіне  байланысты 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды 
қолдануды дағдыландыру; 
-  оқу  үдерісін  жылдамдату 
құрамдас  бөлігі  ретінде 
ақпараттық 
технологияларды  қолдану 
[115]: 
1994-2005 
жж. 
 
Барлық  дерлік  халықаралық  құжаттар  АКТ-ны  денсаулық  мүмкіндіктері 
шектеулі балаларға арналған оқу үдерісіне енгізу міндетін сипаттайды. Алайда 
олардың  ешқайсысында  білім  беруде  АКТ-ны  қолдану  саясаты  жөніндегі 
ұсыныстар жоқ[116, б.218-219]. 
Осылайша,  баланың  денсаулығында  ақауы  немесе  дамуында  басқа  да 
ерекшеліктері  болған  жағдайда  білім  беру  қызметтерін  көрсетуден  бас  тарту 
заңға  қайшы.  Көптеген  заңнамаларда  денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі 
тұлғалар  үшін  бейімдеу  шараларын  жүргізу  қажеттілігі  көрсетілген.  Біздің 
елімізде  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  әлеуметтік  және  медициналық-
педагогикалық  түзетушілік  қолдау  көрсету  туралы»  заң  бар  .  Бұдан  бөлек, 
кейбір елдерде (Бельгия, Дания, Жаңа Зеландия және т.б.) мүгедектердің білім 
алу үдерісін суреттейтін оларға арналған заң бар. 
Барлық  дерлік  мемлекеттер  АКТ-ны  денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі 
тұлғалар  үшін  қолжетімді  етуге  ұмтылады.  Мемлекет  деңгейіндегі  негізгі 
қиындық инклюзивті құзыреттілігі бар педагогтарды қолдау құрылымдарының 

36 
 
жоқтығы  болып  табылады.  ТМД  елдерінде  инклюзивті  білім  алуға  кедергілер 
әлдеқайда көп. Олар мектептердің арнайы инфрақұрылымдармен материалдық-
техникалық  жарақтандырылу  деңгейінің  төмендігімен  және  денсаулығында 
ауытқушылықтары  бар  тұлғалардың  бастауыш  біліммен  қамтылуы  деңгейінің 
аздығымен байланысты.  
Женевада  2010  жылы  ЮНЕСКО-ның  кезекті  конференциясында  146 
мемлекет  өздеріндегі  білім  берудің  жай-күйі  туралы  есеп  берді.  Олардың 
талдауы  мүгедек  балаларды  бастауыш  біліммен  қамтудағы  болмашы 
ілгерушілікті  және  жалпы  білім  беру  мектептерін  АКТ-мен  жабдықтау 
саласындағы  едәуір  алға  жылжушылықтың  барын  анықтады.  Іс  жүзінде 
мемлекеттер  оқу  үдерісін  АКТ-мен  жарақтауды  стратегиялық  міндет  етіп 
қоймайды.  Алайда  бұл  берілген  есептерден  шығатын  қорытынды,  дәстүрлі 
орталық  механизмдерді  пайдалану  мүгедек  балаларды  білім  беру  ортасына 
толыққанды біріктіруді жүргізуге мүмкіндік бермейді. 
Бүкіл әлем үшін ортақ мәселелер мыналар: 
  АКТ 
құнының 
жоғары 
болуы 
(технологиялардың 
орташа 
статистикалық азамат үшін қолжетімділігінің төмендігі); 
  қызмет  көрсетуші  қызметкерлердің  білім  деңгейінің  төмендігі  және 
техникалық қолдаудың болмауы; 
  педагогтардың  білім  беру  үдерісінде  АКТ-ны  пайдалану  туралы  кері 
ұстанымы; 
  педагогтердің  денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  арналған 
негізгі  педагогикалық  құрал  ретіндегі  АКТ  туралы  білімінің  болмауы  немесе 
төмен болуы. 
Көбіне  АКТ  ретінде  мектептерде  компьютерлік  технологиялар 
қолданылады. Сол арада, ЮНЕСКО қабылдаған терминологияға сәйкес, АКТ-
ға тек компьютерлер ғана емес, сонымен қатар, қызметтік және сервистік білім 
беру  бағдарламалары,  сканерлер,  құлаққаптар,  бейнекамералар,  тірек 
сигналдары  және  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  өз  қатарластарымен  тең 
дәрежеде білім алуына мүмкіндік беретін басқа да құралдар жатады[117]. 
ЮНЕСКО-ның қолдауымен әзірленген «DATEC» жобасында АКТ-ның оқу 
үдерісінің  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкестігінің  9  өлшемі  келтірілген 
[118]. 
1 өлшем — оқу үдерісінде пайдаланылатын барлық АКТ үйретуші болуы 
керек.  Мұнда,  жеке  педагогикалық  тәжірибе  негізінде,  оқу  үдерісі  барынша 
тиімді болуы үшін тек жаңа білімдер мен дағдыларды игеруге ынталандыратын 
құралдарды  ғана  пайдаланған  жөн.  Егер  тапсырмаларды  компьютерлік  емес 
құралдармен  де  іске  асыруға  болатын  болса,  онда  мұндай  бағдарламалар 
пайдасыз.  Сондай-ақ,  білім  беру  үдерісінен  баланың  бойында  оған  өмірінде 
ешқашан 
қажет 
болмайтын 
тәжірибені 
қалыптастыратын 
зиянды 
бағдарламаларды да шығарып тастау керек.  
2  өлшем–АКТ  оқушылардың  мектеп  кеңістігіндегі  ынтымақтастығына 
көмектесуі  тиіс.  Ынтымақтастықта  әрекет  ете  білу  шеберлігі  ортақ  зейінді 

37 
 
қалыптастырады  және  коммуникациялық  қарым-қатынас  дағдыларын  игеруге 
мүмкіндік береді.  
3  өлшем–АКТ-ның  оқу  үдерісінде  пайдаланылатын  басқа  дәстүрлі 
құралдармен  және  тәжірибемен  біріктірілуі.  Бұл  жерде  мұндай  құралдарды 
нақты бір мақсаттарға жету үшін пайдалану керектігін түсіну маңызды. 
4  өлшем–барлық  АКТ  құралдарыойынға  қосуға  бейімделуі  тиіс,  себебі 
білімдер мен дағдылардың көп бөлігі тікелей ойын үдерісінде игеріледі.  
5  өлшем–АКТ  баланың  әрекеттерін  бақылау  жүйесін  қалыптастырмауы 
қажет. Бұл дегеніміз, оқушы технологияларды басқаруы керек, керісінше емес. 
Дегенмен,  әліппе  мен  санауды  үйрету  кезеңіндегі  оқушылардың  әрекеттерін 
бақылау жүйесінің оң ықпалы дәлелденген.  
6 өлшем–құралдардың нақты атқарымдық қызметі болуы керек және олар 
нақты  міндеттерді  шешуге  бағдарлануы  тиіс.  Бұл  1  операция  кезінде  тек  бір 
ғана  тапсырма  орындалуы  керектігін  білдіреді.  Жұмыс  үстеліндегі  нысанды 
тінтуірдің  пернесін  басу  жолымен  көшіруді  көрнекі  мысал  ретінде  келтіруге 
болады.  
7  өлшем–АКТ  құралдары  баланың  бойында  жағымды  сезім  күйлерін 
қалыптастыруы және зорлық-зомбылық жолдарын насихаттамауы тиіс.  
8 өлшем–барлықАКТ бала денсаулығы үшін қауіпсіз болуы қажет. Әрине, 
балаға  компьютерлік  ойындардан  гөрі  қозғалмалы  ойындар  көбірек  пайдалы. 
Педагогтар  мен  ата-аналардың  міндеті–  компьютердегі  жұмысты  рөлдік, 
қозғалмалы ойындарман кезектестіріп отыру.  
9 өлшем– педагогтер мен ата-аналарды АКТ-ны баламен бірге пайдалануға 
тарту.  Ересектермен  бірге  жұмыс  істегенде  оқушылардың  өнімділігі  арта 
түсетіні  дәлелденген,  себебі  балалар  осы  жағдайда  оқу  үдерісіне  көбірек 
беріледі.  
Бұл  өлшемдер  білім  беру  үдерісінде  пайдаланылатын  ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін бағалауға қызмет етеді.  
Инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  құқықтық  тірегі  болатын  Қазақстан 
Республикасының заңнамалық жүйесі де халықаралық талаптар үдесінен шыға 
алады. 
Ең  алдымен,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  және  30-
бабында:«1.Азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына 
кепілдік беріледі», - депатап көрсетілді. 
Қазақстан  Республикасының  2007  жылы  қабылданған  (2011  жылы 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген)  «Білім  туралы»  Заңында 
денсаулығында  ақауы  бар,  мүмкіншіліктері  шектеулі  оқушылар  туралы 
инклюзивті  білім  беру  туралы  мемлекетіміз  кепілдік  беретін  көптеген 
мүмкіншіліктер мен қолдау түрлерін көреміз.  
Осының  ішінде  11-бапта  айтылған  «14.Мүмкіндіктері  шектеулі 
тұлғалардың  білім  алуына  арналған  арнайы  жағдайлар  жасау»  көрсетілген. 
Заңдағы  14-бапта;  «Мамандырылған  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары 
негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 
негізінде әзірленеді...» - деп нақты атап көрсетеді. 

38 
 
Ал 15-бап тұтасымен «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына 
арналып», ондағы 1,2,3 тармақшаларда арнайы оқу бағдарламалары «мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білдім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің  психологиялық-медициналық-педагогтік  консультациялар 
ұсыныстарын»  және  оқушылардың  «психикалық-физикалық  ерекшеліктерін 
және танымдық мүмкіндіктерін» ескеретіні нақты аталып берілген. 
Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  қабылданған  (2007  жылы,  2009 
жылы, 2010 жылы, 2013 жылы, 2014 жылы, 2015 жылы, 2016 жылы өзгертіліп, 
толықтырылып  отырды)  «Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары 
туралы»  Заңында:  «4-бап.  Балалардың  тең  құқықтылығы.  1.  Тегіне,  нәсіліне 
және  қай  ұлтқа  жататындығына,  әлеуметтік  және  мүліктік  жағдайына, 
жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық 
жағдайына,  балаға  және  ата-анасына  немесе  басқа  заңды  өкілдеріне  қатысты 
өзге  де  мән-жайлдарға  қарамастан,  барлық  бала  тең  құқыққа  ие»,  -деп  айқын 
көрсетілген. 
Ал Заңның 15-бабында былай деп айқын көрсетілген: «15-бап. 3. Арнаулы 
педагогикалық тәрбиені қажет ететін кемтар балаларға мемлекеттік бюджеттен 
белгіленген  стандарттар  деңгейінде  олардың  білім  алуына  кепілдік  беретін 
қосымша қаражат береді». 
Осы Заңның 6-тарауы «Мүгедек баланың құқықтары» деп аталады. 31, 32, 
33-баптарында  мүгедек  баланың  толымды  өмірге  дені  сау  балалармен  бірдей 
құқы бар екендігі, білім алуға, кәсіп таңдауға, шығармашылықпен айналысуға, 
қоғамдық қызметке аралсуға, медициналық-әлеуметтік көмек алуға, жұмыспен 
қамытылуға, мемлекеттені көмек алуға құқылы екені атап көрсетілген. 
31-баптың  2-тармақшасын  таратып  көрсететін  болсақ:  «Мүгедек  бала 
өзінің  дене  бітіміне,  ақыл-ес  қабілетіне  және  тілегіне  сай  білім  алуға,  қызмет 
түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық пен қоғамдық қызметтерге қатысуға 
құқылы», - деп айқын айтылған. 
Қазақстан  Республикасындағы  мүгедек  балаларға  мемлекеттік  әрдайым 
қолдау  көрсетіп,  жағдай  жасауға  ұмтылып  отыратынын  біз  көптеген  Заңдарда 
осы мәселенің арнайы қарастырылуынан көреміз.  
Ондай  Заңдар  қатарында  Қазақстан  Республикасының  2001  жылы 
қабылданған  «Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы  және 
құрылыс  қызметі  туралы»  Заңын  атауға  болады.  Ондағы  11-баптың  2-3 
тармақшасында мүгедектер мен іс-қимылы шектеулі басқа да топтарға арналған 
қол  жеткізуін  оңтайлы  жағдайлармен  және  құралдармен  қамтамасыз  етілетіні 
айтылған. 
Ал  Қазақстан  Республикасының  2005  жылы  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасындағы  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы  Заңында» 
мүгедектерге  білім  беру  мен  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мәселесіне  де  заңды 
кепілдік берілген. Заңның 29-бабындағы «Мүгедектерге тегін бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта білім беруге кепілдік берілетіні» атап көрсетілген. 
Бұл  аталғандардан  басқа  да  көптеген  нормативтік-әдістемелік  құжаттар 
Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беруді ұйымдастыруға мемлекет 

39 
 
тарапынан  берілетін  кепілдіктердің  сенімд  арнасы  болып  табылады.Бұл 
құжаттардың  құрамында  Білім  беруді  дамытуға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламалар,  Білім  және  ғылым  министрілігінің  инклюзивті  білім  беруге 
тікелей  қатысты  әдістемелік  нұсқау  хаттары,  әдістемелік  құралдары,  типтік 
ережелер  сияқты  құжаттарды  молынан  атауға  болады.  Олардың  барлығында 
инклюзивті  білім  берудің  құқықтың  жүйесі  уақыт  артқан  сайын  дамып  келе 
жатқаны айқын танылады.  
Ойымызды  жинақтай  келгенде,  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті 
білім  беруге  байланысты  құқықтық-нормативтік  негіздеме  бар  екендігін  және 
алдағы  уақытта  бұл  саланың  толықтырыла  түсетінін  нақты  деректер  көрсетіп 
отырғаны анықталды. 
Ендігі  талдау  барысы  инклюзивті  білім  берудің  гуманистік  негіздемесі 
бағытында жүргізіледі.  
Әлеуметтік-мәдени саясаттың даму стратегияларыоның бір саласы  болып 
табылатын  –  білім  беру  саласын  да  қамтитыны  белгілі.  Әлемдік  және 
қазақстандық қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен даму ұстанымдары 
білім беру саласына тікелей ықпалын тигізуде. Оның нақты көріністерін білім 
беруді  дамытуды  тұтас  қоғамның  және  әрбір  жекелеген  оның  мүшесін,  әр 
адамның  даму  жолы  ретінде  тану  қажеттілігінің  күн  тәртібіне  ашық  қойылып 
отырғанынан көруге болады. Жарық дүниеге келіп, көзін ашып, тыныс алатын 
әрбір сәбиден бастап, есейген, жетілген, қартайған әрбір қартқа дейінгі барлық 
адам өзінің бар мүмкіншіліктерін өмір сүру барысында жүзеге асыруға құқылы 
және ол үшін қажетті жағдайдың жасалғанын қалайды. 
Осындай  ізгі  идея  білім  инклюзивтік  білім  беру  жүйесін  дамытудың 
түпмәнін,    мақсатын,  оның  құндылығын,  даму  бағдарларын  да  айқындайтын 
қуатқа  ие  болып  табылады.  Қазақстандық  инклюзивтік  білім  беру  жүйесінің  
табысты  болуы  қазақстандық  қоғамда  қалыптасқан  дүниетанымның  ізгілікті 
бағдарлы болуына ғана байланысты болмақ. Инклюзивтік білім беру жүйесінің 
әрбір  кірпішінің  қалануы  –  әрбір  жекелеген  қоғам  мүшесінің  ізгілікті 
дүниетанымынан  инклюзивті  білім  беруге  деген  гуманистік  көзқарасына 
байланысты.  Денсаулығында  ақауы  бар,  мүмкіншіліктері  шектеулі  қоғам 
мүшелерінің қоғамдағы орны қайсы және қандай болуы тиіс? Бұл сұрақ  әрбір 
қоғамда  бел  алған  философиялық-гуманистік  ойға  сүйеніп  өзіне  жауап  таба 
алады. 
Қазақстандық қоғамда орныққан адамгершілік, ізгілік, гуманистік идеялар 
мен  ұстанымдар  қазақстандық  білім  беру  жүйесіндегі  инклюзивтік  білім 
берудің орнын айқындап, оның қалыпты балаларға білім беру жүйесінен өзіндік 
орнын табиғи жолмен табуына сенімді тұғырлар қалап келеді. 
Ұлттық  даму  жолымыздың  бастауын  сонау  ежелгі  замандардағы 
гуманистік ой-пікірдің бесігі болған фольклордан таба аламыз.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қолдауға,  оларға  қалыпты  балалармен 
бірге білім алып, тәрбиеленуіне жол ашуға, олардың жағдайларын жайлы етіп, 
дүниені  тануына,  болашақта  өзінің  ешкімге  тауқымет  әкелмей,  барынша  өз 
күшімен өмір сүруге тырысуына сенімді ететін білімге негізделген дағдыларды 

40 
 
қалыптастыруда  фольклордың  әлеуеті  зор,  дидактикалық  мүмкіндігінің  ұшы-
қиыры  шексіз.  Қазақ  фольклорының  барлық  компоненттері  –  қазақ  ұлттық 
педагогикасының  негізгі  құралы.  Мұндағы  барлық  мазмұн  баланы  оқытуға, 
тәрбиелеуге,  оның  ішінде  адамгершілік  ережелері  мен  нормалары,  идеалдары, 
жақсылық  пен  жамандықтың  күресінде  жақсыға  жақ  болу  ды,  махаббат  пен 
зұлымдық  шайқасқан  кезде  махаббаттың  жеңуіне  қолдау  беру  жолдары 
үйретіледі.  Сөйтіп,  инклюзивті  білім  берудің  негізгі  тұтқасын  –  ізгі 
дүниетанымды қалыптастырады.  
Инклюзивті  білім  берудің  гуманистік  тұғырының  бастауы  ұлттық 
фольклорымыздың  барлық  жанрынан  табылады.  Бірақ,  түйінді,  парасатты 
ойлар  синтезделген  мақалдар  мен  мәтелдерді,  эпостар  мен  ертегі-аңыздарды 
талдай  отырып,  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуы  мен  теориялық 
және практикалық негіздерінің сенімді тұғыры ретінде қаланатынын түсінеміз. 
Халық  даналығында  «Жақсының  алдында  жазыларсың,  жаманның  алдында 
тарыларсың» дегеніндей, жақсылықтың жолы жайылғанда, кез келген мүгедек 
бала  өзінің  қалыпты  баладан  айырмашылығын  ұмытып,  жүрегінің  нұрлы 
қазынаға  айналуына  өзіне  мүмкіндік  сыйлайды.  Кейін  ол  нұрлы  жүрек,  Абай 
аңсаған «толық адамның» қатарын толтыруға бағдар ашуы мүмкін. 
Қазақ  ұлттық  фольклоры  -  қазақ  ұлттық  педагогикасының  тарих  түбінен 
келе  жатқан  тұмасы  болса,  оның  сабақтастығы,  дәстүрлілігі,  толығып  тұруға 
бейімділігі,  көркемдік  жетілгендігі  қазіргі  қазақстандық  қоғамда  бүр  жарып 
келе жатқан инклюзивті білім беру жүйесінің де өркендеуіне  берер қуаты мол 
болатынына дау болмасы анық. 
Қазақ  ұлттық  дүниетанымының  бастауы  болған  фольклордың  қазіргі 
дүниетанымымызбен 
сабақтастығын 
шынайылықпен 
танытар 
кезеңі   
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
мақаласымен  тығыз  байланысты  деп  санаймыз.  Елбасымыздың:  «Жаңғыру 
атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден 
қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық   дәстүрлерді 
табысты  жаңғырудың  маңызды  алғышарттарына  айналдыра  білу  қажет.  Егер 
жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол  адасуға 
бастайды.Сонымен  бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  полюстерін 
қиыннан  қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды.Бұл  –  тарлан 
тарихтың,  жасампаз  бүгінгі  күн  мен  жарқын  болашақтың  көкжиектерін  үйле-
сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.  Мен халқымның тағылымы 
мол  тарихы  мен ерте  заманнан  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт-дәстүрлерін 
алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете  отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын, 
болашаққа  сеніммен  бет  алуын  қалаймын»,  -  деген  сөздері  инклюзивтік  білім 
берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің 
маңыздылығын дәлелдейді.  
Осындай  жаңашыл  бағытты  ұстана  отырып,  инклюзивті  білім  беруде, 
ендігі  ретте,  қазақстандық  қоғамда  да  «адам  және  өмір»,  «адам  және 
құндылық»,  «адам  мен  оның  мүмкіншіліктері»,  «мүгедек  адамдардың 
денсаулығының  шектеулі  болуына  байланысты  қоғамдағы  орнынан  тысқары 

41 
 
етпеу»  деген  түсініктерге  құқықтық,  гуманистік,  құндылық  көзқарастар 
тұрғысынан жаңғыратынына сенімдіміз. Сол жолмен жүретін инклюзивті білім 
беру  жүйесінің  жаңғырған  философиялық  негіздемеден  сусындап,  сенімді 
теориялық  тұғырлардан  табысты,  өміршең  әдістемелік/  практикалық  жүйелер 
құралады.  
Қазақстандық  қоғамдағы  инклюзивті  білім  беру  мәселесінің    түпмәнісі  –
гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып,денсаулығына байланысты 
мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, 
жұмыс  жасап,  табысты  болуына  мүмкіндіктер  жасалуы  тиісті  екендігі  терең 
ұғыныла түсініледі. 
Қоғамдық  санада  қалыптасқан  заманауи  гуманистік  парадигмалардың 
ішіндегі  білім  беруді  ізгілендіру  (гуманизация)  бағдарына  тоқталатын  болсақ, 
бұл  бағыттың  мазмұнында  этикалық  нормалар,  өзін-өзі  ұстау  нормалары  мен 
ереже-талаптары қарастыралытыны белгілі. Адамдардың бірігіп білім алуында, 
қызмет  етуінде  бір-біріне  деген  қарым-қатынасының  жауапкершілігін  бірдей 
арқалауы  керек  екендігі  туралы  мәселе  де  осы  салада  қарастырылады. 
Инклюзивтік білім берудің гуманистік негіздері осылардан туындайды.  
Алайда,  қоғамдық  сана  өз  болмысын  жаңартып,  әр  адамның  өмірлік 
жүйедегі  орны  мен  құндылығы  бар  екенін  түсінгенде  ғана  бұл  идеяның  қанат 
жайып  дамитынына  сөз  жоқ.  Қазіргі  Қазақстан  Республикасында  бағдар  етіп 
ұстанып  отырған  рухани  жаңғыру  бағыты  инклюзивтік  білім  беру  жүйесінің 
жаңа әрі сенімді теориялық және практикалық тұғырына айналады.  
Осы  салада  қызмет  етушілер  мен  зерттеушілер  осы  рухани  тұманы  дер 
кезінде  және  инклюзивтік  білім  берудің  маңызды  тірегі  ретінде  зерттеп,  қол 
жеткен жаңа нәтижелерін инклюзивті білім беру жүйесінің іргетасын қалайтын, 
ожан  әрі  нығайтатын  тұғырға  айналдыруға  ұмтылуы  керек.  Уақыттың  өзі 
инклюзивті білім беру жүйесіне жайлы жағдайды туындатып отырғанын түсіне 
білгенде ғана қарқынды зерттеулер мен практикалық нәтижелер жасалынатыны 
белгілі.  Сондықтан  «рухани  жаңғыру  және  инклюзивті  білім  берудің 
гуманистік бастау  көздері»  бағытында үлкен  істер өз  шешімін  күтіп  отыр  деп 
айтуға болады. 
Жалпы білім беру, оның ішінде, әсіресе, инклюзивті білім беру  – адамзат 
дамуының маңызды мәселелерінің қатарында күн тәртібінен ешқашан түспейді, 
сондықтан  да  инклюзивті  білім  берудің  гуманистік  негіздері  уақыт  артқан 
сайын дамып-жетіле түседі. 
Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беру  және  осы  салада 
қызмет  ететін  мұғалімдерді  дайындау  мәселесі  басымдыққа  ие  болып  келе 
жатқанына  Қазақстандағы  жоғарыда  келтірілген  мемлекеттік  құжаттар  мен 
бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан әзірленіп, таратылып жатқан 
нормативтік-әдістемелік құжаттар дәлел бола алады [119-122]. 
Осылармен қатар, ғалымдар мен мұғалімдердің жарияланымдарын талдау 
барысы  қазақстандық  инклюзивтік  білім  беру  жүйесінің  гуманистік  болмысы 
мынадай бағытта дамып келе жатқанын көрсетті: 

42 
 
-  жарық  дүниеге  келген  әрбір  баланың  оқып-білім  алуға,  ата-баба 
жинақтап, мұра еткен, адамзаттың жинақтаған өмірлік тәжірибесінен, мәңгілік 
рухани қазынадан өз үлесін мүмкіндігі келгенінше алуға құқы да, мүмкіндігі де 
бар екенін толыққанды түсіну бағыты; 
-  қоғам  өмірге  келген  әрбір  баланың  денсаулығы  мүмкіндік  бергенінше 
білім алуына жағдай жасауы қажет
-  инклюзивтік  білім  беру  жүйесінде  маңызды  орын  алатын  мәселе    - 
жоғары  оқу  орындарынан  бастап  болашақ  мұғалімдер  мен  тәрбиешілерді, 
әдіскерлерді  арнайы  дайындау  және  ол  үшін  қажетті  оқу  бағдарламаларын 
әзірлеу; 
-  оқушыларға  инклюзивтік жаңашыл білім беру  тәсілдері мен  жаңа  оқыту 
модельдерін көптеп енгізу; 
-  инклюзивті  білім  беру  барысында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлемдік ғаламтор 
жүйесіндегі білімдік ресурстар қолжетімді болуына жағдай жасау; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану арқылы 
инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жаңа  сапалы  оқу-дидактикалық  қамтамасыз 
етуге көшу; 
- инклюзивті білім беруде оқушыларға білімдік-дамытушылық орта құрып, 
ол  үдеріске  психология-педагогикалық  және  медицина-әлеуметтік  қолдау 
жасау; 
-  мұғалімдер  мен  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  арасындағы 
серіктестік  пен  ынтымақтастық  орнауы  керек,  осындай  ынтымақтастыққа  ата-
аналарды да тарту маңызды болып табылады; 
-  инклюзивті  білім  беруде  оқушыларды  өзімен-өзі  томаға-тұйықталып 
қалған  адамды  емес,  есесіне,  ізгі,  шынайы,  адамгершілігі  мол,  мейірімді,   
рақымды,  өзін  сыйлау  арқылы  басқаларды  да  сыйлай  алатынтұлғаны 
қалыптастырып, тәрбиелеу, дамыту маңызды болып саналады; 
-  инклюзивті  білім  беру  арқылы  оқушылардың  өздері  дүниеге  келген 
отбасыларында  тәрбиелену  мен  тұру  құқының  орындалуын  қамтамасыз  ету 
жұмысы да қарқынды орындалады
Инклюзивті  білім  берудің  осындай  бағдар  ұстанып  дамуы  гуманистік 
инклюзивтік  білім  беру  жүйесін  қалыптастырып,    негізін  құрайды.  Сонымен 
қатар,  біздің  ойымызша,  маңызды  саланың    қалыптасуына  үлкен  сеп  тигізеді, 
Ол  маңызды  саланы  мүмкін  ішкі  саралануынан  туындайтын  «инклюзивті 
гуманистік  педагогика

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет