Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ИББ диссертация


 
Сонымен жоғарыдағы контент-талдау көрсеткендей, инклюзивті білім беру 
жағдайында  болашақ  мамандардың  мәселесі  жан-жақты  қарастырылғанын 
көрдік.  Оның  ең  негізгі  анықтамаларына  тоқталсақ  Е.Г.Самарцеваның 
педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім беруді 
нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға 
бейімділігі  мен  қажеттілігі  белсенді  түрде  болатын  ұстанымдарымен 
сипатталатын,  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын  арнайы  білімдер, 
іскерліктер мен дағдылар ретінде көрінетін динамикалық, интегративті, кәсіби 
тұлғалық білім. 
Ю.В.Шумиловскаяның  пікірінше  инклюзивті  білім  беру  жағдайында 
болашақ  мұғалімнің  білім  алушылармен  жұмыс  жасау  даярлығын  мүмкіндігі 
шектеулі білім алушылардың ерекшеліктері туралы білімдердің жиынтығы мен 
осы білім алушылармен жұмыс жасау тәсілдері мен жолдарын игеру, сонымен 
қатаросы  іс-әрекетке  деген  мотивациясын  қалыпты  етуін  қамтамасыздандыру 
үшін  қажетті  жеке  тұлғалық  сапаларының  қалыптасуы  деген  тұжырымдарын 
ерекше атап айтуға болады. 

89 
 
Ең алдымен зерттеушілер мен мамандардың көмегімен қазіргі заманға сай 
мемлекетіміздің  кадрлық  саясатының  талаптарына  жауап  беретін  инклюзивті 
білім  ортасының  педагогтарын  дайындау  мәселесі  анықталып  отыр. 
Инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асырып  жатқан    барлық  қызметтер  саласына 
қажет 
педагогикалық 
кадрларды 
дамыту 
мен 
дайындаудың  жаңа 
механизмдердің  тенденцияларын  тәжірибеге  ендіру.  Инклюзивті  білім  беру  –
бұл  болашаққа  бастайтын  тамаша  жол,  онда  барлығы  білім  алып,  өзіне  және 
қоғамға  пайда  келтіріп,  білімнің  арқасында  өмірдің  жаңа  сапасына  көтеріліп, 
қарапайым  өмірде  білімін  қолданып,  өзінің  армандарын  іске  асырады,  бүкіл 
әлемге,  айнала  қоршаған  адамдарға,    өзі  сияқты  жандарға  қол  ұшын  беріп,  өз 
үлесін қосады. 
С.Л.Мищенконың ойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кіші 
мектеп  жасындағы  оқушыларды  оқытуда  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың  кәсіби  даярлығы  дегеніміз  мұғалім  өзінің  кәсіби  іс-әрекетін  кіші 
мектеп  жасындағы  оқушылармен  арнайы  таңдалған  дидактикалық  тұрғыдан 
өңделген  оқу  бағдарламасының  материалдарды  компьютердің  көмегімен  іске 
асыру қабілеттілігі. 
Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беру  тәжірибесін  
алғашқылардың  бірі  болып  ендірген  және  құқықтық-нормалардың  негіздерін 
салған  профессор  Р.А.Сулейменова  болды[26].Осы  идеяны  ары  қарай 
дамытқан,  және  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  педагогикалық  кадрларды 
дайындау  мәселесімен  айналысқан    зерттеушілердің  бірі  З.А.Мовкебаева 
болды[27].  Сонымен  қатар  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру 
мектебінің  оқу  үдерісіне  кіріктірудің  ұймдастырушылық-педагогикасының 
ғылыми-әдістемелік  аспектілерін  айқындаған  ғалым  А.А.Байтурсынова  болды 
[81].ҚР    БжҒМ  2006-2008  жж.  бекіткен  ғылыми  жобалардың  аясында 
А.К.Кусаинов  бастаған  бірқатар  ұжым  авторларымен  (А.Х.Аргынов, 
П.Ш.Маханова,  С.С.Оразахынова)бірлесе  отырып    «Инклюзивті  білім  беру 
аясында  ересектерді  кәсіби  тұрғыдан  оқытуды  ұйымдастырудың  ғылыми-
әдістемелік  негіздерінің  әзірлемесі»  тақырыбында  зерттеу  жұмысы  жүргізілді 
[180].2013  жылы  «СОРОС  Казахстан»  жобасының  аясында  бірқатар  авторлық 
ұжым бірлесе отырып [181]. 
З.А.Мовкебаева өз зерттеулерінде болашақ педагогтарда дамуы бұзылған 
әрбір  баланың  мүмкіндіктері  мен  арнайы  ерекшеліктеріне  сәйкес  мектеп 
пәндерінің  бағдарламалық  мазмұны  мен  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру 
стандарттарының 
талаптарын 
бейімдеу; 
жекеленген 
оқытуды 
ұйымдастыруда және бағалау критерийлерін таңдауда нақты әдістерді қолдану; 
дамуы  қалыпты  балалармен  және  басқалармен  нәтижелі  тұлғааралық  қарым-
қатынасты  орнату;  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  нәтижелі  оқыту  мен 
дамытуды  қамтамасыз  ететін  дидактикалықматериалдарды  жасау  бойынша 
кәсіби біліктілікті қалыптастыру қажеттілігін алға тартады [27]. 
И.А.Оралканованың    пікірінше,  инклюзивті  білім  берудің  құндылығын 
саналы түсінумен сипатталады. Бұл компоненттің көрсеткіштері: 1) инклюзивті 
білім  беру  идеясын  құндылық  ретінде  қабылдау;  2)  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

90 
 
балалардың  тең  құқықтығын  мойындау  және  балаларды  құндылық  ретінде 
қабылдау;  3)  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  істеу  үшін  өзін-өзі 
дамытуға  және  оқуға  дайындығы.  И.А.Оралканова  өзінің  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  істеуге  даярлығын 
қалыптастыруға 
арналған 
диссертациялық 
зерттеуінде 
мұғалімдердің 
инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастырудың 
келесі  компоненттерін,  критерий  мен  деңгейлерін бөліп  көрсетіп,  сипаттайды: 
адаптивті, репродуктивті, оптималды [28]. 
Отандық  және  шетелдік  тәжірибелерге  талдау  жүргізе  отырып,  біз 
инклюзивті 
білім 
беру 
аясындағы 
педагогтардың 
құзіреттіліктерін 
айқындайтын кәсіби көрсеткіштердің тобын жасадық:  
–инклюзивті  білім  беру  аясындағы  теориялық  білімдердің  нормативтік-
құқықтық негіздері;  
–инклюзивті  білім  беру  жағдайындағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісін 
құрудың ерекшеліктерін білу; 
–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың тәжірибеде қолдану негіздерін білу
–мүмкіндігі  шектеулі  балалар  мен  олардың  ата-аналарымен  бір-бірімен 
өзара  әрекеттесу  және  барлық  субъектілермен  қарым-қатынастарын  дұрыс 
құруды білу;  
–дамуында  ауытқуы  бар  балалар  үшін  және  дамуында  ауытқуы  жоқ 
балалар  үшін  психология,  дефектология,  психологиялық  заңдылықтардың 
теориялық және әдістемелік негіздерін білу;  
–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
тәрбиелеу, дамыту, оқыту мәселерінде  кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру  
–білім  беру  үдерісінде  этикалық  нормаларды  сақтау,  «кедергісіз»  орта 
құру,  рухани-адамгершілік қасиеттерін таныту[182]. 
Жоғарыдағы  айтылған  теориялық  ой-түйіндемелерді  зерделей  келе,  біз, 
зерттеу тақырыбымыз бойынша,   инклюзивті білім беруде болашақ бастауыш 
сынып мұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығы деп тұлғаның маңызды кәсіби 
сапаларының  қалыптасуы  мен  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар 
балалардың  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  ақпараттық-коммуникациялық 
білім  беру  ортасына  кіріктіру  арқылы  инклюзивті  жағдайда  оқытуды, 
тәрбиелеуді,  дамытуды  жүзеге  асыруының  оңтайлы  және  тиімді  етіп 
пайдалану алу іскерлігі мен қабілеттілігідеп өзіміздің анықтамамызды береміз. 
Сонымен  жүргізілген  педагогикалық  талдаудың  нәтижесінде    инклюзивті 
білім беру ұғымы жан-жақты қарастырылғанымен оның теориялық-әдістемелік 
негіздемесі  толыққанды  өз  шешімін  таба  алмай  жүргенін  байқауға  болады, 
сонымен қатар инклюзивті білім беру жағдайындағы болашақ мұғалімнің АКТ-
ды қолдану дайындығының шарттары мен жолдары жеткіліксіз қарастырылған, 
болашақ  мамандарды  кәсіби  тұрғыдан  дайындауда  АКТ-ның  рөлі  мен 
позициясы анықталмаған десек те болады. 
 

91 
 
1.3Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
Педагогті  кәсіби  қызметке  дайындау  оқу  орнында  білім  алу  барысында 
қалыптасады және болашақ маманның  кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші болып 
табылады. Әсіресе, бастауыш білім беру аясында жұмыс жасайтын педагогтер 
үшін  бұл  аса  маңызды,  өйткені  баланың  білім  алу  үдерісінің  алғашқы 
қадамдары мектептің бастапқы сатысында қалыптасатыны белгілі. 
Алдыңғы  бөлімде  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш 
сынып 
мұғалімдерді 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдануға  даярлаудың  қазіргі  жәйі,  мазмұны,  даярлықтың  педагогикалық, 
психологиялық ерекшеліктері айқындалды. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлау  моделін  әзірлеу  анықталған  әдіснамалық  негізге  сүйеніп  жүзеге 
асырылатыны белгілі. 
Модель объектіні біртұтас құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Модель – бұл «... зерттеу объектісін бейнелеп немесе жарыққа шығара отырып 
оны  меңгеру  бізге  осы  объект  туралы  жаңа  ақпарат  алатындай  етіп  түсінудің 
орнын алмастыруға септігін тигізетін ойша ұғындырылатын немесе материалды 
жүзеге  асырылатын  жүйе»  [183,  б.10].  Үлгінің  көмегімен  объектінің 
құрылымдық бөліктерінің өзгерістерін алдын ала болжауға болады. Сөйтіп, үлгі 
бастауыш  сынып  мұғалімдерді  дайындау  үдерісін  көз  алдымызға  айқын 
елестетуге септігін тигізеді. 
Модельдің  мақсаты  –  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау үдерісін жүзеге асыруға 
теориялық негізді құрастыру.  
Болашақ  педагогті  кәсіби  даярлауда  үлгілеудің  әртүрлі  тәсілдері  бар 
(Н.В.Кузьмина,  М.И.Дьяченко,  Л.А.Кандыбович).  Біз  солардың  ішінен  екі 
компоненті:  құрылымдық  (үдерістің  мазмұны,  мақсаты  мен  нәтижесі)  және 
функционалды(ұстанымдар, кезеңдер, критерийлер, деңгейлер т.б.) біріктірілген 
үлгіні таңдап алдық. 
Модельдің  мазмұнында  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  бастауыш 
сынып 
мұғалімдерді 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдануға  дайындау  үдерісі  үшін  барынша  тиімді  болып  табылатын  тәсілдер 
көрініс  тапты.  Бастауыш  сынып  мұғалімдерді  кәсіби  іс-әрекетте  оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындау үдерісіне 
оң ықпал ететін тәсілдің бірі – құзіреттілік тұғыр. 
 В.М.Авдеев құзіреттілік тұғырды «білім беру үдерісінің мақсаты, мазмұны 
мен  логикасын  айқындайтын,  хабардар  болу,  дағды,  мағыналық  бейімделу, 
бейімделу  мүмкіндіктері,  өзгермелі  іс-әрекеттің  тәжірибелері  мен  тәсілдерінің 
жүйелі  кешенін  дамытуға  бейімделген  жалпы  ережелердің  жиынтығы»  деп 
түсіндіреді  [184,  б.239].  Құзіреттілік  тұғыр  педагог  кадрларды  дайындау 
барысында  студенттерге  білім  беру  үдерісінде  арнайы  қасиеттердің  – 

92 
 
біліктіліктердің  жиынтығын  қалыптастыруды  білдіреді.  Алайда  бұл  қасиеттер 
«білімді  игеру»  тұжырымдамасына  қарама-қайшы  болып  көрінеді.  Шын 
мәнінде,  құзіреттілік  –  білім  алушылар  әртүрлі  типтегі  дағдыларды  игеріп, 
болашақтағы  кәсіби,  тұлғалық  және  қоғамдық  өмірдегі  туындаған  әрқилы 
жағдайларда  тиімді  әрі  дұрыс  әрекет  етуге  мүмкіндік  беретін  ақпараттар 
жиынтығы болып табылады [185, б.17]. 
А.  Мұхамбетжанованың  пікірінше,  «Модель  –  материалдық  нысан  түрінде 
құрылымды  имитациялайтын  программа  күйінде  құрастырылады  да 
қарастырылатын  нысанның  жұмыс  жасауын  зерттеу  үшін  қолданылады. 
Модельге койылатын негізгі талап – оның қасиеттерінің негізгі нысанға сәйкес 
келуі, яғни барабарлығы». 
Педагогтің  кәсіби  біліктілігін  қарастыруда  Н.А.Бессмертнаяның:  «... 
педагогтің  білім  беру  үдерісіндегі  әртүрлі  мәселелерді  шығармашылық  
тұрғыдан  шеше  білуге  әлеуметтік-психологиялық  дайындығын  білдіретін 
жүйелі білім, дағды және шеберліктер, тұлғалық қасиеттер, көзқарастар мен ой-
пікірлердің, тәжірибелердің жиынтығы болып табылатын компоненттердің кең 
диапазонынан  тұратын  күрделі  интегративті  білім»  –  деген  анықтамасына 
сүйенеміз [186, б.18]. 
Осылайша,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  қолдануға  дайындаудағы  құзіреттілік 
тұғыр бітіруші түлектің қарқынды өзгеріп отыратын жағдайларда туындайтын 
кәсіби  мәселелерді  шешу  үшін  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларының  құралдарын  пайдалана  отырып,  инклюзивті  білім  беру 
жағдайында АКТ құралдарын қолдану дайындығын қалыптастырады. 
Қазіргі таңдағы жоғары білім беру жүйесі айқын гуманистік бағытта дамып 
келеді. Бұл өзара қарым-қатынас жасаудағы авторитарлы сипаттан шығып және 
болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімі  тұлғасының  белсенділігі  мен  құндылығын 
мойындауға, жеке тұлғалық білімге деген қажеттілік мен тұлғалық дамуға деген 
қажеттілікті  қанағаттандыратын  тек  білім  мазмұнына  бағдарлы  дайындықтан 
ауытқудан көрініс береді.  
Шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыру  психология  (П.П.Блонский, 
И.С.Кон,  Д.Б.Эльконин  және  т.б.)  және  педагогика  (В.А.Сухомлинский, 
В.А.Сластенин  т.б.)  бойынша  ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылған. 
Педагог  кадрларды  дайындаудың  тұлғалық-бағдарлық  үдерісі  білім 
алушылардың  өз  бойындағы  тұлғалық  әлеуетін  ашу,  дамыту  және  басқаларға 
көрсетуіне ықпал етуге бағытталған (Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко). 
Өз тұлғасының әртүрлі жақтарын терең түсіну –болашақ  бастауыш сынып 
мұғалімінің  ерекше  білім  алуға  деген  қажеттілігі  бар  балаларға  адамгершілік 
қарым-қатынасына  қажетті  алғышарт,  педагогикалық  іс-әрекет  барысында 
туындаған  қиындықтарды  жеңу  үшін  мүмкіндіктерді  жұмылдыру  болып 
табылады.  Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арнайы  білім  беруде  бастауыш 
сынып мұғалімінің кәсіби дағды мен білім секілді жоғары тұлғалық қасиеттері 
аса қарқынды сұранысқа ие болып отыр (Т.Л.Корженевич, Л.А.Ястребова т.б.). 

93 
 
Аксиологиялық  тұғыр  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  
жалпыадамзаттық 
құндылықтарға 
бағдарынан 
байқалады, 
адамды 
жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайтын қабілетті ең жоғарғы құндылық 
деп  мойындау  және  оның  тұлғалық  және  қоғамдық  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру.  
Қазіргі  таңдағы  педагогикалық-психологиялық  ғылымдарда  жалпы 
рухани-адамгершілік  тәрбие  парадигмасы  өзгерістерге  ұшырады,  адам 
тұлғасын  жетілдіруге  негізделген  модельден  биологиялық  және  әлеуметтік 
деңгейлерге,  болмыстың  рухани  деңгейінің  тіршілік  етуін  мойындайтын, 
адамды  тұтастай  түсіну  моделіне  көшу  орын  алды  (Б.С.Гершунский, 
Ш.А.Амонашвили,  В.И.Волынкин,  В.П.Зинченко,  Д.М.Маллаев,  М.Щетинин, 
Е.В.Бондаревская, Т.И.Петракова және т.б.). 
Ізгілік  педагогикасы  бойынша  Мәскеу  қаласында  өткен  (2012  ж.) 
«Мұғалім,  мені  шығармашылыққа  шабыттандыр!»  атты  11-ші  Халықаралық 
педагогикалық  оқуларда  Ш.А.Амонашвили  өзінің  баяндамасының  өзекті 
мәселесі етіп «рухани ізгілік» ұғымын енгізудің маңыздылығына тоқталды: «Өз 
санамызға  руханилықтың  өлшемін  қабылдап,  соның  негізінде  ойлау  өте 
маңызды.  Материалистік  философия  ойлау  негіздері  ретінде  үш  өлшемді 
құптайды  –  уақыт,  материя,  кеңістік.  Ұлғайған  сана  осы  өлшемдердің  алдына 
тағы  бір  өлшемді  –  руханилықты  қояды,  оның  өзегі  жоғары  бастауға  деген 
сенім болып табылады. Рухани өлшем педагогиканы даналықпен толықтырады 
және болашаққа бағыттайды. Педагогикадағы жаңа ұғым – бұл рухани ізгілік. 
Ол  бүкіл  білім  беру  жүйесі  арқылы  өтіп,  оның  негізі  болуы  тиіс.  Руханилық, 
ізгілік, сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, игілік ұғымдарының негізінде 
педагогикалық  сананы  өзгерту  ғана  білім  берудегі  кедергілерді  –  қоғамдағы 
рухсыздық пен өнегесіздікті жеңуге мүмкіндік береді» [240] 
Ғалымдар  педагогика  ғылымында  қазіргі  заманғы  білім  берудің  жаңа 
парадигмасы  тәжірибеде  аксиология  тұғыры  бойынша  адамның  ішкі  әлеміне 
бағдарланып, оның құндылығын, түрткісін, еркін сезінуге әсер етеді.  
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға 
кәсіби 
даярлауында, сол секілді тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетте қолдану білім 
алушылармен өзара қарым-қатынас жасаудың тұлғалық-бағдарлы стилі дегенді 
білдіреді.  Мүмкіндігі  шектеулі  тәрбиеленушілермен  тұлғалық  бағдарлық 
қарым-қатынас  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларының 
мүмкіндіктерін іс-әрекеттің педагогикалық түрінде толыққанды жүзеге асыруға 
қабілетті.  
Іс-әрекеттік 
(П.Я.Гальперин, 
А.И.Леонтьев, 
С.Я.Рубинштейн, 
Д.Б.Эльконин)  және  тұлғалық  бағдарлы  тұғырлар  өзара  тығыз  байланысты. 
Білім  алушы  оқу  іс-әрекетінің  субъектісі  болып  табылады.  Ол  осы  іс-әрекетті 
жоспарлап,  ұйымдастырып,  түзетіп  отырады.  Сондай-ақ,  адам  баласы 
тәжірибелік  іс-әрекеттер  арқылы  тұлғалық  дамып  отырады.  Бұны  ғалым 
С.Л.Рубинштейн  сана  мен  іс-әрекет  байланысы  ұстанымы  деп  атады.  Осыдан 
келіп  педагогика  мен  психологияда  іс-әрекеттің  субъективтілігі  туралы 

94 
 
ұстаным 
қалыптасты 
(К.А.Абдульханова-Славская, 
В.В.Давыдов, 
А.В.Петровский). 
Оқу әрекетінің субъектісі – болашақ бастауыш сынып мұғалімі өзінің жеке 
тұлғалық  белсенді  іс-әрекеті  арқылы  әлеуметтік,  педагогикалық  іс-әрекеттік 
тәжірибе  жинақтайды.  Іс-әрекет  барысында  оның  кәсіби  қабілеттері  дамып, 
кәсіби іс-әрекеттің біртұтас құрылымы қалыптасады. 
Іс-әрекеттік  тұғыр  болашақ  маманның  кәсіби-педагогикалық  әрекетін 
қалыптастырудағы  теориялық  және  тәжірибелік  дайындықтың  бірлігін 
көрсетеді.  Білім  беру  жүйесінің  тәжірибеге  бағдарланған  мазмұны  дайындау 
пәндері  бойынша  теориялық  білімдердің  әрекеттің  педагогикалық  түрінің 
дағдыларымен  өзара  байланысын  қамтамасыз  етуге  септігін  тигізеді.  Іс-
әрекеттік  тұғырды  педагог  кадрларды  дайындауда  жүзеге  асырумен 
байланысты  студенттердің  педагогикалық  іс-тәжірибесінің  мәселелері  кең 
қарастырып, бірінші курстан бастап әртүрлі іс-тәжірибе түрлерін өту мәселесі 
сөз  етіліп  келеді  (Г.В.Бабина,  Н.А.Чевелева,  Л.А.Черкасова,  С.Н.Шаховская, 
А.Г.Шембель т.б.)[187]. 
Н.Ф.Талызина  білім  беру  жүйесі  іс-әрекеттік  тұғыр  теориясына  ғана 
негізделетінін  дұрыс  айтып,  «...  білім  беру  үдерісін  оқушылардың  таным 
әрекетін  қалыптастыру  ретінде»  түсінеді  [29,  б.53].  Мұндай  бір  жақты  тұғыр 
білім беру жүйесінің білімдік бағдарлы парадигмасын нақтылауға әкеп соғады. 
Қазіргі  заманғы  отандық  білім  беру  жүйесінде  дайындау  техникасы  кәсіби  іс-
әрекетке  дайындықтың  ең  жоғары  деңгейіне,  «нәтижеге  қол  жеткізуге» 
байланысты болғанда, теориялық білімнің маңызды рөлін, ғылымдардың басты 
негіздерін  нақтылау  кәсіби  даярлықтың  тәжірибелік-бағдарлық  үдерісімен 
орын  алмастырды.  Дәл  осындай  талаптар  негізінде  оқытудың    ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  қолдануға  даярлау  үдерісі  қалыпты  және 
қалыпты  емес  жағдайда  туындаған  кәсіби  мәселелерді  шешуге  оқытуға 
негізделуі тиіс. 
Іс-әрекеттік  және  тәжірибелік-бағдарлық  тұғырларды  оқытуда  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  қолдану  мен  дайындықты  тікелей  жүзеге 
асыруды  мақсат  еткен  пәндерді  оқыту  барысында  жүзеге  асыру  тәжірибеге 
барынша  жақын  педагогикалық  ситуацияларды  арнайы  құрастыру  дегенді 
білдіреді. Дәл осындай тұғыр ғана студенттердің кәсіби мәселелерді оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларының 
құралымен 
шешуге 
дайындаудың операциялық-әрекеттік ортасын құрастыру мүмкін болады. 
Мәнмәтіндік  тұғыр-    іс-әрекеттік  тұғыр  теориясының  одан  әрі  дамуы 
болып  табылады.  Ол  оқу  әрекетінен  кәсіби  әрекетке  өту  дегенді  білдіреді. 
Мәтінмәтіндік -контекстік тұғырға негізделген педагогикалық технологияда «... 
оқытушының  оқыту  немесе  білім  беру  әрекетінен  студенттің  таным  әрекетіне 
ауысуы жүзеге асады, ал білім беру үдерісі ..., мақсатты біріктіру  – теориялық 
және  практикалық  ойлау,  болашақ  кәсіби  маманның  тұлғасын  дамыту 
бағытында ұйымдастырылған тұлғаралық өзара қарым-қатынас пен диалогтық 
қарым-қатынас ретінде қарастырылады» [187]. 

95 
 
Мәнмәтіндік  оқытудың  мынадай  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Ол 
ерекшеліктер зерттеу жұмысымыз үшін маңызды болып табылады: 
– студент белсенді іс-әрекеттік ұстанымды басшылыққа алады; 
– болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімі  тұлғалық  белсенділігінің  әлеуеті 
енеді; 
– студент  оқу  ақпараттарын  өзінің  іс-әрекеттерін  реттеп  отыру  құралы 
ретінде қолдану тәжірибесін жинақтайды
– білімді  игеру  болашақ  кәсіби  іс-әрекет  контексінде,  яғни  педагогикалық 
үдерісте  жүзеге  асып,  кәсіби  дайындаудың  мотивациялық  компонентін 
қалыптастырып,  білім  беру  үдерісінің  тұлғалық  мәнге  ие  болуына  септігін 
тигізеді; 
– кәсіби дайындау үдерісінің ортасында – студенттің тұлғасы тұрады, және 
оның шығармашылық жеке тұлғасының қалыптасуына аса мән беріледі. 
Бұл  зерттеу  жұмысымызда  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ 
бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын 
қолдануға  даярлау  үдерісі  студенттердің  іс-әрекетінің  екі  басты  формасына 
сүйенетіні сөз етіледі. Олар:  
Біріншіден,  кәсіби  іс-әрекетке  дейінгі  (кәсібиге  дейінгі)  форма  – 
аудиториялық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды құрастыру және 
оның шешілу жолдарын талдау. 
Екіншіден,  оқу-кәсіби форма, атап айтқанда, болашақ маманның кәсіби іс-
әрекетінің ортасы болып табылатын педагогикалық тәжірибе. 
Арнайы курстың аясы мен пәнаралық байланысты күшейту модулды тұғыр 
мен оның басты ерекшелігі – оңтайлығын пайдаланудың маңызына негізделеді.  
Т.И.Шамова  модулды  тәсілді  –  оқыту  үдерісін  білім  алушы  модулден 
тұратын  оқу  бағдарламасымен  жұмыс  жасайтындай  етіп    ұйымдастыру  деп 
түсіндіреді  [188,  189].  Г.В.Селевконың  ойынша,  модуль  –әдістемелік 
материалдарымен  бірге  оқу  курсы  мазмұнының  қатысымды  автономды  бөлігі 
[190].  
Әрбір  модуль  біртұтас  мазмұннан  алынбаған,  керісінше,  оқу  ақпаратының 
біртұтас  бірлігі  болып  табылатын  ақпараттың  бір  бөлігі  болып  табылады. 
Модулды  технологияның  дәстүрлі  технологиядан  маңызды  айырмашылығы  – 
жеке бағдарламаларды құрастыру және болашақ мамандардың өздігімен әрекет 
етуін белсендендіру мүмкіндігі. 
Зерттеу  жұмысымызда  дайындықтың  мазмұнын  модулды  ұйымдастыру 
студенттерге  білім  беруде  пәнаралық  тәсілдің  маңыздылығын  түсінуге 
негізделген. Модулдерді қасиетті мазмұны бойынша интегративтермен толтыру 
студенттердің жүйелі білімді жалпыға бірдей білім беру және пәндік дайындық 
пәндеріне қарай пайдалануды талап етеді. Айталық, үшінші курс студенттеріне 
бағытталған  модулдердің  бөлігінің  мазмұны  бастауыш  сынып  мұғалімдердің 
қызметінде  кәсіби  іс-әрекетінің  ерекшелігін  бейнелеуі  керек.  Оған  негіз  – 
«Бастауыш  білім  берудеАКТ-ны  қолдану»,  «АКТ-ны  оқыту  әдістемесі», 
«Инклюзивті білім беру» сияқты пәндері бойынша білімжүйесі болуы. Осының 
негізінде  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялары  туралы 

96 
 
жүйелі  білімдер  пәнаралық  байланыс  пен  пәннің  мазмұнының  интеграциясы 
деп айтуға болады.  
Модулды  тұғыр  тұлғалық    бағдарланған  тұғырды  жүзеге  асырады,  себебі 
компьютерлік  сауаттылықтың  қалыптасқан  деңгейін  ескере  отырып,  саралау, 
когнитивті  дайындыққа  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  оқытудың  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын пайдалануға мотивация болып табылады. 
Болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерін 
оқытудың 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  қолдануға  даярлауды  жүйелілік  тұғыры 
тұрғысынан  қарастыруды  да  жөн  деп  санаймыз  (А.Т.Куракин,  Л.И.Новикова, 
В.Н.Садовский).  
Бір  жағынан,  жүйелілік  тұғырдың  кәсіби  дайындықта  көрініс  беруі  іс-
әрекеттің  педагогикалық  түрінде  студенттерді  білім,  дағды  мен  оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдану 
тәжірибесінің 
қалыптасуынан көрінеді.  
Екінші  жағынан,  студенттер  жинақтаған  тәжірибелерін  педагогикалық  іс-
тәжірибе барысында жүзеге асырады. 
Л.П.Назарова кәсіби дайындықтың бұл жақтарын білім беруші (жоғары оқу 
орнында  жүзеге  асырылатын  дайындық  мазмұны)  және  оқыту  (студенттердің 
арнайы  білім  беру  мекемелеріндегі  тәжірибелік  әрекеті)  дидактикалық  жүйесі 
деп  түсіндіреді.  Білім  беруші  және  оқыту  жүйелердің  екіжақты  байланысы: 
студенттерді  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын 
қолдануға  теориялық-әдістемелік  дайындаудың  сапасы  тәрбиеленушінің 
ерекше білім алуға деген қажеттіліктерін дамыту мен әртүрлі ауытқудың алдын 
алу, түзетудегі біршама алға қадам басылғанын көрсетеді. 
Ерекше  білім  алу  қажеттілігі,  ауытқу  құрылымының  ерекшелігі, 
тәрбиеленушілердің  жеке  тұлғалық-типтік  ерекшеліктері  бастауыш  сынып 
мұғалімдерді  ерекше  білім  алуға  деген  қажеттілігі  бар,  сондай-ақ  дамуында 
ауытқу  жоқ  қалыпты  балаларға  да  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын қолданудың әдістемесін тереңдеп игеруге түрткі болады. 
Тәрбиеленушімен  кері  байланысты  орнату  оқытудың  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  қолданудың  ең  тиімді  шарты  болып 
табылады.  Мұндай  байланыстың  болуы  оқыту  үдерісін  заманға  сай  түзетуді 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Ол,  әрине,  компьютерлік  технологиялар 
көмегімен жүзеге асырылып келеді. 
Тәрбиеленушімен  кері  байланыстың,  олардың  білім  алуға  деген 
қажеттіліктерінің мазмұнына қарай бейімделудің маңызы шетелде де бастауыш 
сынып мұғалімдерді дайындау барысында да кең қарастырылып келеді (P.Laccy 
және  т.б.).Жүйелілік  тұғырда  инклюзивті  білім  беру  үдерісінің  екі 
дидактикалық  жүйесін  қолдану  тұлғалық-бағдарлық  тұғырдағы  субъект-
субъективті  қатынастарды  қалыптастыруды  талап  етеді.  Теориялық-
тәжірибелік  дайындық  пен  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдердің  тұлғалық 
қалыптасуын  біріктіретін  дайындық  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын арнайы білім беруде пайдаланудың маңызына сәйкес келеді. 
Болашақ  педагог  маманның  тұлғалық  дамуы  оның  өз  кәсібіне  деген 

97 
 
құндылықты 
қатынасы 
мен 
инклюзивті 
білім 
беру 
үдерісінің 
қатысушыларының  гуманистік  көзқарастарын  көрсетеді.  Сонымен  қатар, 
оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларының  көмегімен 
көрініс беретін білім мазмұнын дұрыс таңдауға септігін тигізеді. 
Жүйелілік тұғыр студенттердің білімін мықты, жүйелі етіп қоймай, арнайы 
курстың модулдері арасындағы байланысты нақтылап, дайындықтың мазмұнын 
мақсатты компонентпен біріктіреді. 
Оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  қолдануға 
дайындаудың  біртұтастығы  мен  білімнің  жүйелілігі  пәнаралық  тұғырдың 
енгізілуін  қамтамасыз  етеді  (Б.С.Гершунский,  В.Д.Шадриков  т.б.).  Пәнаралық 
байланыстың  дидактикалық  ұстанымы  туыс  пәндерге  ортақ  таным  теориясы, 
заңдары,  ұғымдары  мен  тәсілдерін,  әдістемелік  ұстанымдарын  өзара  келісімді 
меңгеру  дегенді  білдіреді.  Сондай-ақ,  бұл  ұстаным  туыстас  пәндерге  ортақ 
әрекет  түрлері  мен  қатынастар  жүйесін  қалыптастырады.  Ұстаным  әртүрлі 
пәндердің  білімдері  мен  дағдыларының  синтезін  қолдануға  бағытталған 
оқушылар  үшін  тапсырмалар,  мәселелер,  талаптар  мен  міндеттерді 
қалыптастыруды мақсат етеді. 
М.В.Носков  пен  В.А.Шершневаның  қарастыруындағы  пәнаралық  тұғыр 
білімдік-бағдарлық көзқарасқа негізделген. Авторлар оның жоғары кәсіби білім 
берудің  заманауи  үрдістеріне  сәйкес  келмейді  деп  әділ  бағалайды.  Мәселені 
шешу  үшін  бұл  авторлар  «...  пәнаралық  байланыс  ұстанымын  пәнаралық 
интеграцияның  динамикалық  ұстанымына  дейін  кеңейтіп,  белгілі  бір  нақты 
пәннің басқа пәндермен байланысын мақсатты түрде күшейту туралы ережені 
ендіріп, жаңа байланыстарды орнату» керектігін айтады [191, б. 24]. Пәнаралық 
интеграция  ұстанымы  оқытудың  компьютерлік  технологиясын  қолдануға 
дайындау  мақсатында  пәндер  арасындағы  байланысты  нығайтуға  құрылған. 
Соңғы  ұстанымның  мамандар  дайындаудағы  артықшылығы  айқын  көрінеді: 
болашақ  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдері  инклюзивті  білім  беру 
үдерісінде  туындаған  ситуацияларда  білім,  дағды  және  шеберлікті  қолдану 
тәжірибесін 
қалыптастырады. 
Іс-әрекеттің 
шынайы 
жағдаяттарында 
интегративті  сипаттағы  кәсіби  міндет-мақсаттар  жиі  кездеседі.  Дайындық 
кезеңінде  білім,  дағдыны  пәнаралық  қолдану  ситуациясының  шешімін  табу 
болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдердің  дайындықтың  барынша  жоғары 
деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Пәнаралық  тұғырдың,  әсіресе,  пәнаралық  байланысты  мақсатты  түрде 
күшейтудің  маңызы  мынада  –  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерді 
инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын  қолдануға  даярлаудың  анықталған  кезеңдері  мен  мазмұнын 
белгілеу. 
Сөйтіп,  оқыту  жүйесінде  қолданылуға  болатын  біз  көрсеткен  тұғырлар 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерді 
оқытудың 
компьютерлік 
технологиясын  қолдануға  даярлаудың  педагогикалық  үдерісінде  бірін-бірі 
толықтырып отырады. 

98 
 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді инклюзивті білім беру жағдайында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға 
даярлау 
компоненттердің  сомасына  келіп  тірелмейді,  керісінше,  болашақ  маманның 
тұлғалық құрылымындағы интегративті білімнің қалыптасуы болып табылады. 
Осы интегративті білімді жүзеге асыруға даярлықты қалыптастыру үлгісі – 
біртұтас  білім.  Оның  құрамына  мынадай  блоктар  біріктірілген  (Сурет    7  – 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдану 
даярлығының 
моделі): 
1. Сараптамалық  блок  –болашақ  мамандарды  даярлаудың  жай-күйі  мен 
олардың даярлығының қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтау. 
2. Мазмұндық – мақсатқа қол жеткізудің педагогикалық технологиясы. 
3. Диагностикалық – мақсатқа қол жеткізуді бағалау. 
Одан ары қарай блоктардың мазмұнын айқынырақ ашуға тырысамыз: 
1. Сараптамалық блок– жүйені қалыптастырушы болып табылады. Себебі 
үлгінің  басқа  блоктарын  біріктіріп  тұрады.  Бұл  блокта  дайындық  үдерісінің 
мақсаты  айқындалады.  Мақсатты  құрастыру  барысында  біз  инклюзивті  білім 
беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерді  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының сапасына қойылған 
талаптар  мен  әлеуметтік  тапсырыстарды,  даярлықтың  теориялық-әдістемелік 
негіздемесін  басшылыққа  алдық.  Мақсат  –  кәсіби  іс-әрекет  немесе  қызмет 
барысында 
оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын 
қолдануға даярлау. Аталған мақсатты жүзеге асырудың әлеуметтік тапсырысы 
–  педагог  мамандарды  даярлаудың  жоғары  деңгейіне  және  кәсіби  іс-әрекетке, 
туындаған 
кәсіби 
мәселелерді 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларының көмегімен тиімді шешу қабілетіне  қойылатын талаптар (7-
сурет). 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет