6.4. Реформация (Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Ульрих Цвингли,
Эразм Роттердамский, Жан Кальвин)
Реформация – XV-XVI ғғ. Еуропа халықтары қауымының кӛтерілісі.
Реформалар жаңа протестанттық шіркеулер пайда болып, буржуазиялық
революция қарсаңында толығымен қалыптасып бітті.
Реформация мен ренессансты схоластикаға деген байлануышылық пен
діни жаңартылымға, бастаңғы қалыпқа қайта оралуға деген зар
байланыстырады. Басқа жағынан алғанда, Реформация – ренессанстыққа
қарсы тұру. Оған – Реформацияның ұлтбасшысы Мартина Лютердің және
голландық гуманист Эразм Роттердамскийдің кӛзқарастары дәлел.
Реформацияның негізін қалаушы – богослов докторы Мартин Лютер
(1483-1546 жж.) шіркеу монополиясына адам мен Құдай арасындағы
байланыстырушы ретінде қарсы шыққан. Ӛзінің «Римдіктердің жолдауына
пікір», «Индульгенция туралы 95 тезис», «Христианның бостандығы
туралы», «Еркіндіктің құлдығы туралы» еңбектерінде шынайы дінилікті
жаңартуды баяндайды. Лютер Құдайдың мәртебесі бәрінен де жоғары, ал
шіркеу қызметкерлері мен папалар, епископ пен соборлар, барлық католиктік
әдет-ғұрыптар бұрмалаушылыққа әкеп соғады дейді.
Ол шіркеуді күнәлардан арылу адамдардың қолында деп білетін
адамдардан құралған одақ деп қабылдаған. Біздің әрқайсысымыз ӛзімізге
кінәлі сезіммен ауырлық түсіреміз, сондықтан да әркім ӛз күнәсына
Құдайдың алдында ӛзі жауап беруі тиіс. Одан құтылу мүмкіндігі сырлардан,
шіркеудің құрметіне құрбандық шалудан тұрмайды, Құдайдың берген таза
сенімінен тұрады.
Реформацияны «бастапқыға оралу» принципімен зерттей отырып
Лютер, барлық салт Евангелиемен байланыстырылатындығын айтады. Оның
ілімі 3 бӛлімнен тұрады: 1) адамды сенім тұрғысынан ақтау ілімі; 2)
ақиқаттың бұлағы Писаниенің ілімі туралы; 3) Писанияны ӛзіндік
талқылаудың Құдайға қызмет етумен байланыстылығы;
Протестантизм негізі тәңірлік махаббат адамдарға қулықсыз беріледі
деген тезисті қалыптастырды. Сенім осы тәңірге сенуден басталады: «сенім
барлық затты ақтайды». Құдай мен адам арасында, тәңірлік пен адамдық
арасында делдал болмауы керек.
Адам монахтар сияқты ӛмірден безінбей, керісінше ӛз міндеттерін
атқару керек. Кез келген дүние егер күман туғызбаса, қадірлі болып
табылады. Осыған байланысты Лютер еңбек этикасын ұсынған.
ХХ ғ. Неміс саясаттанушысы Макс Вебер, Еуропа елінің
протестанттық еңбек этикасын бағалай келе, табиғи шаруашылық,
құндылықтарды белгілі деңгейде бағалау, капиталисттік қарым-қатынастың
дамуы шешуші рӛл атқарғандығын айтады.
Неміс «плейбейлік» реформациясының кӛсемі Томас Мюнцер (1490-
1525 жж.) Евангелия заңдары бойынша адамдардың ӛмірлік заңдылықтарын
қалыптастыруға атсалысты.
Оның онтологиялық ілімі әлемді жеке деп қараудан, ал Құдайды
жалпыға ортақ деп қараудан тұрды. Ғарыштық саты оның ойынша тәңірлікті
тану басты қағида деп біледі. Жетілудің гармониясы болып Тәңірлік әлем
табылады. Оқшау тұрғыда болып кӛрінетіннің барлығы жергілікті әлеммен
байланысты, ал қалғандары Құдайға жақын, онымен байланыс үзілуі екі
әлемнің айырмашылығы болып табылады. Адамның күнәлі атануынан
бастап, оның ұрпақтары да ӛз дегенімен жүреді. Сондықтан да
христиандықтың басыты мақсаты Құдайға мүмкіндігінше жақын болу деп
есептеледі. Тек осындай жағдайда ғана әлемде ортақ қызығушылық пайда
болады. Оның ақиқатты танытудағы екінші жағы тәңірлік шындықтың мәнін
ашу болып табылады.
Мюнцер Қасиетті Писаниені тәңірліктің ақиқаттың жалғыз бастауы деп
қабылдай алмады,себебі адамды жаратушы Құдай оны басқарудан бас
тартып, түсініксіз библияны қалдыруы мүкін емес еді.
Ол Құдай адамдармен үздіксіз байланыста және ӛз сӛзін олардың ішкі
жан-дүниесімен білдіреді, бірақ оны есту барлығының қолынан келмейді
деген. Құдайдың сӛзі жанға кіру үшін ол дайын болуы керек: адам жаны ӛз
күнәсін сезініп, оған қайғыруы керек. Мюнцер: «егер адам тәңірлік ақиқатты
білгісі келсе, ақиқатты білуге дайын болуы креек» деп жазған. Демек,
Құдаймен қатынасқа түсу арқылы ғана шын мәнінде Библияны талдап
түсіндіре алады.
Ульрих Цвингли (1484-1531 жж.) Швейцариялық реформатор
католиктік ілімдерді кӛп сынаған. Діни сезімді білдірудің кері әсерлерін жаңа
пайда болған шіркеулер ӛзгертті. Басқа реформаторлар секілді Цвингли де
Христосты Құдай мен адамды байланыстырушы деп ойлаған. Оның осы
жалғыз сенімі адамды адасушылыққа әкеледі. Айналасындағыларға :
«Құдайды басқа жерде емес, дәл осы храмда екендігіне сенбеңдер. Ол сендер
қайда болсаңдарда кӛреді, естиді, егер тілектерің шынайы болса, оны қабыл
етеді. Сендерді байлық та, әсем де кӛркем табыттар да тәңірлікке әкелмейді.
Жақсылық жасаңдар, күнадан аулық жүріңдер, ӛздеріңді сабырлы ұстаңдар,
кӛмекке мұқтаждарға кӛмек кӛрсетіңдер,сонда ғана сендер Құдайдың
рахымын аласыңдар...»
Швейцарияның шіркеу реформаларына Цюрих елінде тәжрибе жасап,
67 тезистен тұратын бағдарламасын 1522 ж. баяндаған. Монахтар мен
монахиняларға монастырьдан шығуға, ал оның ӛкілдеріне отбасын құруға
рұқсат етілді. 1524 ж. мамыр айындағы қаулы бойынша суретке, мессаға,
органды музыкаға және ӛлген адамның артынан қоңырау шалуға тыйым
салынды. Құлшылық ету пслам айтумен шектелді.
Цвинглидің ілімі католицизм тұрғысынан кӛп нәрсеге шектеу қойды.
Тек екі әдет – шоқыну мен
причащение
ғана сақталды.
1529 ж. Цвинли Ле Юдпен бірлесе отырып, Библияны неміс тіліне
аударып шығады.Осы уақыттан бастап, Қасиетті Писание әрбір сенушінің
үстелінен табылатын болды, ал реформаторлық ілім Швейцарияның әр
жерінде ӛз орнын алды.
Эразм Роттердамскиий (1469-1536 жж.) – нидерландық философ-
гуманист, шіркеу ӛмірін сынға алушы ретінде жақсы таныс. Ӛзінің
«Ақымақтықты мақтау» атты сол заманғы адамдардың қол кітабына
айналған еңбегінде Эразм жамандықты, қулықты, жанкештілікті мазақ етіп
жазған. Ол, христиандық ақылдың сыры – ақиқи сенім, қулықсыз
мейірімділік жасау, яғни Христаның ізбасарлары мен Қасиетті Писаниеде
дейді. Христиандықтың бастауларына келгенде Эразм ежелгі грек халқы мен
рим халқының тіл мәдениетін христиандық мәдениетпен байланыстырады.
Оның бір дәлелінің ӛзі басқа дәлелдің ӛзінен пайда болған. Осылайша, ол
Сократтың жан үшін күш жұмсауын Хрисостың ержүректілігімен
байланыстырады.
Эразм тәңірлікті танудың, христиандық шарапатты тіл мәдениеті
сатыларының арқасында дейді. Ол: «... Егер ӛзіңді Писаниеге толығымен
арнасаң,..сен дұпаныңа қарсы тұра аласың. Келешекте осы дінді
ұстанушылар осы әскери ӛмірге дайын болып, философтар мен ақындардың
шығармаларымен таныс болуы керек».
Ӛзіміз байқағандай, Эразмның ойлары Лютердің ойларына ұқсас:
католигтік ирерхтардың кӛзқарастарын және римдік тәңірді танудың ерекше
түрін қолдану. Бірақ олар еркіндік тақырыбын талқыға салғанда ойлары бір
жерден шықпады. Лютер Құдайдың алдында адамдың оған еркіде, жігері де
лайықты емес, абзалдығы да жоқ. Тек, адам ӛзінің тағдырын құраушымын
деген пікірден арылса ғана құтқарылады. Ал одан аман қалудың жалғыз
жолы сенім. Эразм үшін осы еркіндік Құдай мағынасына сай еді. Қасиетті
Писание ол үшін – Құдайдың адамдарға үндеуі, ал оған қосылуды әркім ӛзі
таңдайды.
Жан Кальвин (1509-1564 жж.) «Христиандық діннің ұстанымдары»
атты кітабында бұл ӛмірде аман қалудың жолы деп табады. Бұл ӛмірде
сабырлы бола білу керек, тәңірлік еркіндікті ұтымды пайдалана білу керек,
ал кім құтқарылатындығын осыған баланыстырса, бәрін Құдай шешеді деген.
«Егер Құдай бізбен бірге болса, бізге кім қарсы шыға алады» деген тезисті
ұстанған. Оның бұл кітабы Реформациялау дәуірінің ең кӛрнекті кітабы
болып табылады. Оның ілімінің негізінде Қасиетті Писаниенің қасиеттілігін,
абыройын мақұлдау жатыр. Ол, Құдай еркіндік туралы бибилялық кітаптарда
ашып-кӛрсеткен, адамзаттың барлық ғұмыры – діни тұрғыда ғана емес, саяси
және шіркеулік бағытта да заңдастырылуы керек деп ойлған.
«Христиандық сенімнің мекемесі» атты кітабында Ж.Кальвин
Писаниедегі Тәңірлік сӛздің арқасында ғана аман қаласың. Басқаша
айтқанда, Құдай адамды жаратпай тұрып, оның тағдырын белгілеп қойған,
біреулерге – жұмақ, енді біреулерге – тозақ оты дайындалған, Құдайдың бұл
шешіміне ешкім қарсы тұра алмайды. Адамның бұлардан құтқарылуы тек
Құдайдың қолында, еркіндіктің жоқтығын айтады. Оның пайымдауынша,
адам Құдайдың әмірлерін орындаушы, ол жақсылық жасағандарды құтқарып,
басқаларына ӛзінің әділ шешімін тауып жамандық жібереді. Басқаша
сӛздермен айтқанда, тек таңдаулы адамдар үшін ғана дұға тілеудің, сенудің,
қорқудың орны бӛлек, ал ӛлім кітабына жазылғандар Құдайдың ӛзгермес
тамыры болып, қарғысқа ұшырайды, тіпті оның жасаған жақсылықтары
теріске шығарылып, қанша жерден сенсе де ол оған еш кӛмектеспейді.
Кальвин кімнің оған құлшылық етіп, жұмаққа жол тартатынын, ал
кімнің ақиқатқа кӛзі жетпей соңында азап шегетіндігін Құдай адамды о баста
жаратқанда – ақ белгілеп қойған дейді. Кімде-кім бір істі бастағанда жол
тауып, алдынан тек сәттіліктер шықса, оған ерекше құрметпен жаратқан
Құдай кӛмектесуде, келешекте оған жұмақ есіктері айқара ашық деп
түсіндіреді. Егер де адамның соңына жамандық, сәтсіздіктер түссе ол тозаққа
жол тартуда.
Бұл догмат адамзатты адамгершілікке шақырады. Бұл аскетизмнің мәні
әрбір христиан дінін ұстанушы адам ӛз міндетіне берік болып, Құдай ӛз
заңында кӛрсеткендей адал, үлгілі болуы керек. Бұдан байқағанымыз,
буржуазия қоғамда бірінші орынға шығуы керек. Адам байлыққа басқа
адамдардың немесе қулық пен қорлықтың арқасында кенелмейді, оған Құдай
кӛмектесуде. Сондықтан да бай адамдарға жаман кӛзбен қарауға, оларды
сӛгуге болмайды, себебі бұл Құдаймен дауласумен тең. Англия мен
Голландиядадағы
буржуазиялық
революцияның
қалыптасуына
кальвинизмнің берері мол. Кальвинизм о бастан-ақ әрбір дүниеге
шыдамсыздық танытудан тұрған. Кальвинизм осылайша христиандық
мәдениетті шіркеулік қоғамға бұрды. Католиктік салттардың (икона, шам,
т.б.) барлығы жат деп табылды.
6.5. Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің
қалыптасуы: Н.Кузанский, Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей, Г. И.
Кеплер
Н. Кузанскийдің (1401-1464 жж.) ғылыми зерттеулері мен
натурофилософиясын орта ғасыр мен Қайта ӛрлеу дәурінің алтын кӛпірі
десек те болады. Кардинал Кузанский негізінен Қайта ӛрлеу дәуірінің ӛкілі.
Бірақ ол схоласт емес. Ғалым, теолог ретінде ол «ғылыми білімсіздік» деп
аталатын математикаға негізделетін таным ілімін ойлап тапты. «Қарама-
қайшылықтың сәйкестігі» концепциясына жүгіне отырып, әлем мен Құдай
мәселесін шешеді.
Н.Кузанский
неоплатонизмнің
қағидаларына
сүйенген.
Бірақ,
неоплатониктердің ойларына ортақ ұғымды тереңірек зерттеді. Бұл
мінездеме ортақ нәрсені бӛлуші пифагорлықтар мен элеаттарға тән еді.
Осыдан ол: біртұтастыққа барлық ұғым кіреді деген қорытынды шығарады,
бұл формула пантеистік және пантеистікті дамытушы Дж.Бруноның ойына
ұқсас.
Н.Кузанскийдің ойынша, Құдай әлемнен тыс нәрсе емес, ол онымен
бірге. Сондықтан да, «әрбірі әрбіріне» деу, Құдай барлығына, барлығы
Құдай арқылы» деумен тең. Құдайды тануға ұмтылу сенімнің емес, ақыл-
ойдың ілімі. Бірақ танудың мүмкіндіктері шектеулі: жоғары білімге тек
математикалық деңгейдегі символикамен, жеке жетістіктермен белсенді ӛмір
салтымен жетуге болады. Құдайға жету мүмкін емес, ол ӛзін бар деп білетін,
мойындайын әлемнен табылады. Табиғат Құдайдың жаратылысы, шексіздік
шексіздіктен, бірлік кӛпшіліктен ал мәңгілік уақытпен ұштасады.
Шексіз әлем туралы тезис астрономияға қайта жаңғыру әкелді. Егер
геометрия мен философияда шексіздік ұғымы білімімізді соңғы қатынасқа
шамаласа,
астрономияда
бұл
жаңа
ӛлшем шекті
қатынастарды
байланыстырады. Шынымен де әлемдегі ӛлшемдердің нақты ӛлшемі шексіз
десек, оларда ортақ нүкте болуы мүмкін емес.
Кузанскийдің тұжырымдамалары әлемнің орталығы туралы ескі
пікірлерді және философиялық категориялардың арасындағы балансты
түзуге кӛмектеседі. Платон мен Аристотель ғана емес, Птоломей мен
Архимед ұстанған ғарыштық бейнені бұл тұжырымдама жарып шықты.
Антикалық ғылым және философия үшін ғарыш ӛте үлкен, бірақ соңғы
жаратылыс болып табылады. Ал дененің шексіздігінің белгісі – оның
орталығын білудің соңғы мүмкіндігі, яғни «басы» мен «соңы». Кузанскийдің
ойынша ғарыштың орталығы және айналысы – Құдай, сондықтан да әлем
шексіз болмаса да, оны шекті деп ойлауға болмайды.
Оның осы ойлары аристотельдік физикаға қарсы келеді. Олар
антикалық және ортағасырлық ғылымдағы ғарыштық шек туралы
түсінігімізді ӛзгертеді. Осылайша, ол бізді коперникалық астрономия
революциясына, яғни аристотель мен птоломей картинасындағы әлемге
дайындады.
Қайта ӛрлеу дәуірі мәдениетінде антикалық философиядан және ӛзін-
ӛзі тануға ұмтылудан жаңа философиялық әдістер пайда болды. Жаңа әлем
картинасының пайда болуына натурофилософияның кӛрнекті ӛкілдері Н.Коп,
Дж.Бруно, Г.Галилей, И.Кеплер ӛз үлестерін қосты.
Н.Коперниктің (1473-1543 жж.) «Аспан сфераларының қарым-
қатынасы» еңбегінде гелиоцентрлік концепция ғылымға үлкен тӛңкеріс
әкелді, әлемді тануда жаңа кӛзқарас пайда болды. Н.Кузанскийден кейін ол
қатынас принципін (қағидасын) қолданып, жаңа астрономиялық жүйенің
негізін салды.
Коперниктің ілімі бойынша жер біріншіден ӛз осінен айналатындығын,
күн мен түннің ауысуын, аспан жұлдыздарын қозғалысын түсіндірсе,
екіншіден Жер күнді айналады деп тұжырымдады. Осылайша, Коперник
аристотельдік физика мен ғарыштанудың маңызды қағидасын бұзады,
сонымен қатар ғарыштың шегін жоққа шығарады. Кузанскийдің ойларын
дамыта отырып, Коперник ғарыштың ӛлшеусіз, шексіз екендігін кӛрсетеді,
«осындай шексіздік» деп атап, Жердің ӛлшемін ғалам ӛлшеуінен де кіші
екендігін кӛрсетеді.
Коперниктен Ньютонға дейінгі кезеңді әдетте поляк астрономынан
бастау алған «ғылыми революция кезеңі» деп атайды.
Дж. Бруно (1548-1600) Н.Кузанскийдің ойларын тереңірек зерттеді.
Бұл зерттеуінде жаратылысты жаратушымен байланыстыра түсті. Ол
пантеистік ілім құрып, ортағасыр тезисіне қарсы мағынада болды. Дж.Бруно
тек қана Н.Кузанскийдің іліміне ғана емес, Коперниктің гелиоцентрлік
астрономиясына да сүйенді. Ол Кузанскийдің Жердің күнді айналуы туралы
идеясын қолдап, зерттей түсті. Белгілі болғандай коперник жұлдыздарды
жерден алыста тұрған күндер деді. Жұлдыздардың айналасында Күннің
айналасындағыдай планеталар айналып жүреді, тіпті кейбіреулерінде
тіршілік бар. Бруно осылайша, ғаламның шексіздігі мен әлемнің кӛптігі
туралы идея қозғады. Осы саланы зерттей келе, Бруно жаңа космология
ашты, ол әлемнің гелиоцентрлік картинасы ретінде философиялық
шешімдерге сүйенді. Философиялық деңгейде ғана ғаламның шексіздігін
оның физикалық бірлігі мен басқа планеталарда ӛмір сүру мүмкіндігін
түсіндіре алады деп есептеді. Бруно адам ой-санасы арқылы ғаламшарды
зерттеуі керек және зерттей алатындығына сенімді болған.
Жаратушы мен жаратылыстың шекарасын бұза отырып, форманың
қарама-қайшылық заңына қарсы пікір айтты. Бруно табиғаттың ӛзіне
ортағасырда Құдайға тән деп таныған нәрсені тиесілі етті. Осы бағытпен
Аристотель мен Платон кезеңінде тек формаға тән деп оқытылған
дүниелердің қасиетін материяға жатқызды. Бруноның айтуынша, «Құдай
заттарда бар».
Бруно діннің филосоияға, ғылымға, қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ
деп тапты. Осы ойы үшін Бруно флоренциялық платон Академиясының
шіркеуі тарапынан кӛп жылдар бойы қуғынға ұшырады. 1660 жылы ол
тұтқындалып, Рим қаласындағы «гүлдер алаңында» тірідей ӛртелген
болатын.
Материя мен форманың жаңа байланыстылығы, материя туралы жаңа
түсініктер XVI ғ. антикалық ілімнен де жақсы қалыптасты.Егер
ортағасырлық философ үшін жоғарыдағының шегі қалыптасқан әрі олардың
барлығы бірге қалыптасқанан да жақсырақ болса, Қайта ӛрлеу дәуірінің
философы үшін мүмкіндік ӛзектіліктен қымбатырақ, қозғалыс пен қалыптасу
ӛзгермейтін дүние деп есептелді. Осы кезеңде шексіздіктің мәні туралы ілім
ӛзіне бағындыра білгені де бекер емес: шексіздіктің ӛзектілігі туралы ілім тек
Николай Кузанский мен Джордано Бруноның ғана зерттеулерінде айтылып
қоймай, XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында ұлы ғалым Галилейдің де
еңбектерінде кездеседі.
Галилео Галилей (1564-1642 жж.) – теологиялық әлемтануға
астрономиялық және математикалық есептеулермен тәжірибе жүргізу
арқылы гелиоцентрлік теория ӛлшемінің дәлдігін дәлелдеп, теориялық
әлемтануға үлкен ӛзгеріс әкелді. Ол сенім мен ғылымның арасындағы
байланысты Қасиетті Писанияның автономды ғылымы арқылы түсіндірді.
Галилей әлем туралы жалпы білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми
тәжірибелер ойлап тапты. Тәжірибенің бақылаудан ерекшелігін Галилей
қорытынды шығаруға немесе қандай да бір гипотеза жасауға
болатындығымен түсіндірді. Ол іс жүзінде орындала бермейтін
тәжірибелерді ойлау жүйесі арқылы да жасаған. Оны ғылыми танымдағы
гипотетикті-дедуктивті әдісті теорик деп атауға да болады.
Г. И. Кеплер (1571-1630 жж.) жиырма жыл бойы зерттеген «Жаңа
астрономия» атты еңбегінде Күнді айналатын ғаламшарлардың қозғалысы
туралы тәжірибиелік зерттеуін баяндаған. Ол ғылымға айналым сӛзінің
орнына эллиптикалық орбита ұғымын енгізе отырып, Коперниктің теориясын
біраз түзеді. Математик-неоплатоник бола отырып, Кеплер Құдай әлемді
математикалық гармониямен жаратқан, ал ғалымдардың міндеті сол
жұмбақты шешу деп есептеген.
«Коперниктік астрономияның қысқаруы» (1618) және «Әлем
гармониясы» (1619) атты еңбектерінде Кеплер ғаламшар қозғалысының осы
күнге дейін сақталып келе жатқан үш заңын айтады. Осы заңдарды ашу –
нағыз ғылыми ізденісті талап етеді. Ӛзінің кӛруі нашар болғандықтан, ӛз
тәжірибиелерінде кӛбіне Тихо Брагтың нақты ӛлшемдерін қолданған.
Кеплердің арқасында ғаламшарлар қозғалысында гелицентрлік жүйенің мәні
арта түсті.
Қайта ӛрлеу дәуірін қорытындылыай келе, бұл дәуірдің ортағасырлық
схоластикадан бӛлініп, Жаңа дәуір философиясына енуімізге үлкен сепігі
тигенін айтуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Данте, Петрарка, Леонардо да Винчидің гуманистік философиясы.
2.Н.Макиавеллидің саясат пен моральға кӛзқарастары.
3.Т. Мор және Т. Кампанелланың әлеуметтік утопиялары.
4.Әлемнің жаңа ғылыми бейнесінің қалыптасуы.
5.Қайта ӛрлеу дәуірі адамының дүниеге кӛзқарасының (Эпоха
Возрождения) басты сипаттары қандай?
VII Бӛлім
Жаңа дәуір философиясы
7.1. Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм
және идеализм
Жаңа уақыт (XVI-XVIII ғғ.) – бұл кезең капиталистік ӛндіріс әдісінің
қалыптасуының, сауданың, ғылыми уақыт және буржуазялық революцияның
дамуы. Саяси алаңда озық қалыптасқан буржуазия класы, ғылыми қисында
ойластыру және ӛзінің мүддесінің құқықтықтың қамсыздандыру, ылғи
жалдама жұмысшылардың мүддесімен түйіспеген.
Жаңа уақытта ғылымның рӛлі қоғамдық ӛмірде артады: экономиканың
қарқынды дамуы және ӛндірістік қатынастар ғылыми зерттеулерді
ынталандырды, ал ғылымның ӛзі ӛндірістік күшке айналады және ӛз
кезеңінде ӛңдеулермен, әдіснама танымына мұқтаж болады.
Жаңа уақыттың философиясы ғылыммен тығыз байланыста болды.
Оның басты міндеті актуализация танымының тәжірбиесі, ортақ әдіснама
танымының және әлемнің ғылыми сипатының қисыны болып табылады.
Табиғи ғылымдағы жетістіктері, танымға бағдарлауы, практикалық
тәжірбиеге сүйенетін және ақылдың тәжірбиесіне – бұның бәрі механикалық
әлем сипатының және метафизикалық таным әдісіне байланысты болады.
Философияда басты принцип «субъект-объект» қатынас болып табылады,
зерттеу объектісі (әлем) ғана емес сонымен қатар (адам) субъектісі
қарастырылады.
Жаңа заман философиясында тұтас қағидалы пішінде мүддені және жас
буржузия кӛзқарасын ӛзінің пайда болуы туралы тарихи алаңда «еркіндік,
абатшылық,бірлік», ұранымен білдірген. Іргелі философиялық мәселемен
осы кезде субстанция-мәселесі нағыз нақтылық болады, онтологиялық
мәртебесі Құдай, адам және табиғат болды. Ӛзге сӛзбен философия дінмен
жаңа қатынастарға кіреді және ғылыммен, ӛзінің тәуелсіздігін бекіту арқылы
ерекшеленді.
Бірақ
бұл
ретте
негізгі
философиялық
жӛн-
жоралғылар,антикалық жаңа дамуы үзілмейді.
Жаңа заманда негізгі акцент философиялық зерттеулерде онтологияға
(ілім туралы болмыста) емес, гнесиология (ілім туралы танымда) және
зерттеме жаттығуларға бӛлінді. Гносеология шегінде, бастама қалпында,
тиянақты білімнің ізденіс кезінде екі жолды қолдануға болатын еді:
индуктивті әдісті (меншіктіден ортаққа) немесе оған керісінше дедуктивті
(ортақтықтан меншіктіге). Екі таным әдісі де үлкен немесе кіші дәрежеде
антикалық философияда ұсынылған болатын. Алайда, жаңа заманда олар
анықталуда, жаңа мазмұнмен толықтырылуда, эмпиризм және рационализм
сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |