Абай Құнанбаев (1845-1904 жж.) – ұлы ақын, жазушы, ағартушы,
қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Оның ӛмірі
мен шығармашылығы руханилықтың жоғары үлгісі болып табылады. Әлі
күнге дейін халық Абайды ұлттық ар-ұжданы деп есептейді. Ӛмірінің
соңында ол барлық адамдар секілді ӛзіндік тоқтамға келеді. Адам қылып
жүрген ісінің баянсызын, байлаусызын, қоршылық екеніне күші кетіп, жаны
қажыған кезде кӛзі жететіндігін айтады. Оның шығармашылығының басты
ұраны «Адам бол!» қағидасына құрылады.
Адам Құдайға тән барлық қасиет-сапаларға әуел бастан ие болып
дүниеге келеді. Бұл қасиет-сапалар ӛсіп-ӛнетін қасиетке ие. Оны саналы
түрде дамытса, адам Құдайға жақындай алады және – толық Адам болу
арқылы Құдайға жақындауы тиіс. Толық адам болып ӛзіңді-ӛзі жетілдіруде
ең бастысы – ешкімге зияныңды тигізбеу. Ол адамның басты міндеті – жақсы
кӛру арқылы іске асқанда ғана мүмкін болады. Абайдың ойынша, адам
Құдайдың сүйіктісі болғандықтан да, адам да ең алдымен Құдайды, содан
кейін – адамзатты, сосын – әділдікті шексіз сүюге үйренуі тиіс. «Шын
мәнісінде Абай үшін Құдай – бәрінен де жоғары тұрған адамгершілік заңы
болып саналады» (Ә. Қодар). Құдай туралы ойларында Абай исламды және
мұсылмандық фатализмді дәріптеуден аулақ. Ол макро- және микрокосма,
әлем және адамның тұтастығын сопылық-тәңірлік тұрғыдан түсіндіруге
жақын.
Абайдың
«Адам
бол!»
деген
идеясындағы
«адамдық
...
адамгершілікпен, рухпен бірегей ұғым және ол «боқ дүниеден» бӛлек нәрсе,
бұл ойлары адамның қайшылықты, әрі екі жақты табиғатына меңзейді»
(М.С.Орынбеков). «Идеалдылық ұғымын қозғаушы күш ретінде және
материалдылықты идеалдылықпен біртұтас» (А.Ф. Лосев) деп түсіндіру
арқылы Абай орыстың діншіл философтары Вл. Соловьевтің, П.
Флоренскийдің, Н. Бердяевтің кӛзқарастарына жақындайды.
Абай әлемдік қана емес, ең алдымен кӛшпенділер мәдениетінің ӛкілі
ретінде сӛз қадірін терең түсінеді. Оның ӛлеңдері «бата» – ӛсиеттерімен,
ӛнегесімен құдіретті. Бүгінде оның қарасӛздері (ойшылдың ӛзіндік «бата-
тілектері») ӛзінің ӛзектілігін жоғалтқан жоқ, ол әлі күнге халыққа жақын.
Абай онда қазақ халқының мәдениетіне негізін құрайтын сӛз құдіреті мен
ата-бабалар рухын – даналықтың кӛзі екенін шебер жеткізе алған. Ол
мәдениеттің осы екі қазығын құштар, қайратты, адамгершілікті, әрбір ерікті
кӛшпенді сияқты ӛзін әлемнің және Аспан мен Жердің арасын
байланыстырушысымен деп сезінетін толық адамның образымен байытты.
Тағдырдың бұйрығымен ХІХ ғасырдағы ӛмірге «куә» болған бұл эпикалық
кейіпкер Абайдың ойынша, Ақылы мен Қайратына, Жүрегіне бағынып, қазақ
мәдениетіндегі ғарыштың орта, жоғары және тӛменгі деңгейлеріне жетеді,
сӛйтіп, микро- және макрокосмостың үйлесімділігіне ие болады. Ӛз
ӛлеңдерінде осыны бағдарға алған Абай замандастарына бұл ӛмірде қайтсе
тірі қалып, «толық адам» болудың жолын кӛрсетеді. Сонымен қатар, ол ескі
рулық-таптық
қоғамның
қалдықтарын,
адам
болмысының
толық
жетілмегенін, адам баласының құлдық сезім мен жалқаулықтан, біреулерінің
сараңдықтан, ал екіншілерінің уайымсыз, салғырттықтан арыла алмай
жатқанын тура айтады. Абай ата-бабаларымыздың жақсы мінездерін
дәріптеп, әлем мәдениетіне жетеледі, лайықты ӛмірге шақырды.
Ойшылдың кӛзінің тірісінде ешбір шығармасы баспа бетін кӛрмеді.
Ақын дүниеден озғаннан кейін 5 жылдан соң ғана Петербургте оның ӛлеңдер
жинағы басылып шықты, ал әдебиеттің ерекше жанры – «ғақлият» немесе
қарасӛздер жанрында жазылған прозалық шығармалары тек кеңес заманында
ғана жарияланды.
Абайдың ойынша, адам дүниеге келгенде екі түрлі мінезбен туады.
Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деген тәннің құмары, онсыз сәбидің тәні
жанға қонақ үй бола алмайды, ӛзі де ӛспейді, қуат таппайды дейді. Екіншісі –
білсем екен демек. Адам дүниенің кӛрінген һәм кӛрінбеген сырын түгелдеп,
ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайтынын айтады. Адам
жанының хайуан жанынан басты айырмашылығы да осында, ақыл мен ерік-
жігерге ие болуында. Абайдың сӛздеріне жүгінетін болсақ, адам ӛзге тіршілік
иелерінен ӛзінің ақылымен, ерік-жігерімен және табиғи, әлеуметтік
табиғатымен ерекшеленеді.
Адамның білімге, ғылымға, даналыққа құштарлық адамгершілік қасиет-
сапаларға негіз болады. Себебі тек «Құдайға деген шынайы сенім, иман кӛзі
бар адамның жүрегіне ғана ұялайды», сенім діни екіжүзділік, алдау және
тұрпайылық бар жерде болмайды.
Дүниені ақылмен тану арқылы адам діндегі алдамшы Құдайды емес,
ғылымдағы Құдайдың мәнділігіне кӛзін жеткізе алады. Сол арқылы нағыз
адами болмысқа ие болады. Махаббат пен әділеттілік Құдайдың ең жоғары
формасы болғандықтан да, адам үшін олар ерекше мәнді болуы тиістігін
түсінетін белсенді адамға айналады.
Абайдың «жиырма жетінші қарасӛзі» Сократ пен шәкірті Аристодемнің
диалогі түрінде жазылған. Онда Құдай адамды қандай жоғары қасиет-
сапалармен жаратқанын және Құдайдың «махаббатын кӛргені үшін» адам
Құдай алдында «қаншалықты қарыздар» екендігін талқылайды.
Абай қарасӛздерінде халықты қанап отырған болыстар мен билер
туралы жиіркенішпен айтады. Жиырма екінші қарасӛзінде «Болыс пен биді
құрметтейін десең, Құдайдың ӛзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып
алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ»
дейді. Бірақ Абай ӛзі біраз жыл би болып, халықтың шексіз сенімі мен
махаббатына, құрметіне ие болды.
Шоқан Уәлиханов сияқты Абай да болыстар мен билерді сайлаудың
ӛзіндік реформасын ұсынды. Ол болыс билеушісінің қазақша да, орысша да
білім алған адам болса екен деп армандады. Оның халықпен ұзақ мерзімге
сайланып, халықтың мүддесін қорғағанын, пайдалы еңбекпен, кәсіппен,
ағартушылықпен айналысқанын қалады.
Оқу мен білімді, ғылымды Абай ең бірінше орынға қойды. Ғылымсыз
екі дүниеде де жетістікке жету мүмкін емес деді. Қырық бесінші мынадай
сӛздермен аяқталады: «Ғаделет, махаббат, сезім кімде кӛбірек болса, сол кісі
– ғалым, сол – ғақил».
Ал қырық бірінші сӛзінде «Ғылымның жолдары бар, әрбір жолда
үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға
салып, мұндағы халыққа шығынын тӛлетіп жіберсе, хатта қыздарды да ең
болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе,
сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып кӛзден қалғанда түзелсе болар
еді» дейді.
Абай ӛзінің ӛлеңдерінде патша отаршылдары мен олардың саясатын
орыс халқынан және оның демократиялық мәдениетінен ажыратып қарауға
үйретті. Абай туған халқына пайда әкеліп, әлем мәдениетімен үндесу үшін
орыс тілі мен мәдениетін, ғылымын үйренуге шақырады. Экономика мен
мәдениет салаларында жетістікке жетудің жолы адамның, халықтың,
Отанның игілігі үшін адал еңбек ету. «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби», яғни
еңбекпен табылады дейді қырық үшінші қарасӛзінде.
Абайдың философиясы қоғамда сенім, махаббат пен ақыл,
адамгершілік, арлылық, жауапкершілік, ӛзгені құрметтеу, адамды сүю,
бірімге
талаптану
сияқты
гуманистік
құндылықтарды
нығайтуға
бағытталады.
Ыбырай Алтынсарин (1842-1889 жж.) – қазақтың кӛрнекті
ағартушысы, ақын және демократ. Саяси кӛзқарастары жағынан ол халықтың
ӛзін-ӛзі басқаруын жақтады, бірақ социализм идеяларына үзілді-кесілді
қарсы болды. Себебі халыққа білім беру ісінің инспекторы үшін орыс
қоғамындағы, әкімшілік ортасындағы социализм идеялары қоғамның
болашағы үшін қауіпті әрі тиімсіз деп ойлады.
Ыбырайдың ойынша, халықтың кӛзін ашу қазақ халқының
болашағының кепілі болып табылады. Қазақ даласында жаңа мектептер
ашудың қажеттілігін сезінген Ыбырай ол мектептер адамды қоршаған заттар
мен әлемдегі құбылыстар жӛнінде білім беру тиістігін де жақсы түсінді.
Тек жаңа үлгідегі білім ғана халықтың экономикалық және
адамгершілік дамуын қамтамасыз ете алады. Ол «толығымен ғылымға
негізделген білім арқылы халықтың кӛзін ашуға» (О.А.Сегізбаев)
болатынына сенді. Қазақ ағартушысының бұл идеялары сол кездегі
прогрессивтік ойлардың бірі болып еді.
Алтынсарин ӛзінің ӛмірінің соңына дейін халық ағартушысы ретінде
адал қызмет етті, білім, саясат, мәдениет салаларында «қоғамның тұрмысына
тұсау болып жатқан әділетсіздіктермен...» күресуге тырысты. Халық
кітапханалары мен кедей отбасыларынан шыққан қыздарды оқытуға
арналған пансионаттары (тегін жатақханасы мен тамағы бар) бар орыс-қазақ
мектептерін ашу үшін елден ақша жинады. Әдебиетті тамаша білетін
Алтынсарин орыс әдебиеті бойынша бастауыш сыныптарға арнап оқулықты
жазды, қазақ әліпбиін кирилл әліпбиіне түсірді. Қастық ойлаған адамдар оны
ауыр қылмыстармен қаралауға тырысты. Социалистік идеяларды ұстанды
дегеннен үкіметке қарсы әрекеттер жасады деген айыптауларға дейін барды.
Оларға Ыбырай: «Құдайдың маңдайға жазғаны болады, мен ӛзімнің
кӛзқарастарымнан бас тартпаймын» былай деп жауап берді.
9.2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
қазақ ақындары мен жазушыларының әлеуметтік-философиялық,
қоғамдық-саяси және этикалық-гуманистік кӛзқарастары (Ш.
Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж.
Аймауытов, М. Жұмабаев)
Ш. Құдайбердиев (1858-1931 жж.) – ағартушы, ғалым, публицист. Ол
«Үш анық» кітабында адамның дүниедегі алатын орны туралы айтады.
Оның ойынша, алғашқы анық – сенім, ол Жаратушы мен жанның мәңгілік
екенін мойындаудан тұрады. Бірақ ол ғылыми негізделмей, соқыр сезіммен
түсіндірілгендіктен, кӛпшілік оған аса кӛңіл бұра қоймады. Екінші анық –
ғылым, ол сезіммен қабылдауға және рационалды, яғни парасатты ойға
негізделеді. Бірақ ғылымның дәлелдері тура болмағандықтан, ол кӛп уақыт
бойы қабылданбады. Сол себепті ол адамзаттың жанының ізгі бастауларын
қалыптастыруға негіз бола алмады. Үшінші анық – жан, оның
субстанционалдық негізін ар-ұят құрайды. Ар-ұят адам жанының
қажеттілігі, адамның жанын адамгершілік кемшіліктерден тазартып, әділ
жолға салады.
«Ұмытылғанның хаттарында» Шәкәрім жақсы ӛмірге адал еңбек
пен нұрлы ақыл және таза жүрек қана негіз болуы керек деп кӛрсетеді. Бұл
үш қасиет барлығынан үстем, себебі оларсыз ӛмірде бейбітшілік пен бірлікке
қол жеткізу мүмкін емес. Ӛзіндік кӛзқарастарымен жұртшылықты ӛзіне
қаратқан ойшылдың философиясы «шынайы сенім мен ғылымды, білімді
және дінді салыстыру негізінде қалыптасты» (О.А.Сегізбаев). Кеңес
заманында мұндай кӛзқарас бүлікшіл кӛзқарас деп саналды және ол
кӛзқарасты бӛліскен кез келген адам қауіпті адамдар қатарына қосылды.
Бірақ Шәкәрімге ол кедергі болмады. Ол жазып қана қоймады, ӛзінің
еңбектерін газет-жорнал беттерінде жариялап тұрды. Оның еңбегін
әділеттілік үшін және халқы үшін істеген азаматтық ерлік деуге болады
(О.А.Сегізбаев).
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) – белгілі қазақ ағартушысы,
ақын, түркітанушы, ғалым, аудармашы, педагог, публицист және қоғам
қайраткері.
Оның әкесі – Байтұрсын Шошақов халық батыры Үмбетейдің ұрпағы
болатын және батыр, дана, ӛзіндік кӛзқарасы бар дана адам болды. Ол қазақ
ауылдарындағы тәртіпсіздікпен, бассыздықпен келісе алмайды, жергілікті
билеушілермен жиі жаға жыртысып жүретін. 1885 жылы Байтұрсын мен
оның ағасы уезд басшысының басын жарғаны үшін 15 жылға бас
бостандықтарынан айырылып, Сібірге жер аударылады. Биліктің әкесін,
туысқандарын, ауылдастарын жазалауы болашақ ақынның жүрегіне жара
салған еді. Семей абақтысынан Анасына жазған хатында (1909)
А.Байтұрсынов бұл оқиғалар жӛнінде: «13 жасымда қайғыға батқан
жүрегімде жазылмайтын жара мен ӛшпес із қалды» деп жазады.
Ахмет ауыл молдасынан сауат ашады. 1886 жылы Торғайдағы
екікластық училищеге оқуға түседі, сосын Орынбордағы қырғыз мектебінде
оқып, оны 1895 жылы бітіріп шығады. Байтұрсынов ауылдар мен
болыстардың мектептерінде, сондай-ақ Ақтӛбе, Қарқаралы уездеріндегі,
Қостанай қаласындағы екікластық орыс-қазақ училищесінде ұзақ жылдар
бойы мұғалім болды. «Жиған-терген» деп аталатын кітабындағы ӛлеңдері
осы кезеңде жазылды.
Байтұрсынов ағарту мен білім әлеуметтік ӛзгерістерден кейін ғана
пайда әкелетінін түсінді. Жергілікті билеушілердің зорлық-зомбылығы мен
патшаның отаршыл саясатына қарсы боды.
1905-1907 жылдардағы революция қоғамдық ӛмірді ӛзгертуге сенім
ұялатты. Ол халықтық толқуларға белсенді қатысып, жиындарда жиі
сӛйлейді, қазақ зиялыларының басын біріктіріп, Петербурге үкіметтің атына
петиция жазады. Реакцияшыл бағыттағы толқулар жиілеген кезде ол
астыртын ұйымдарда жұмыс істейді. 1909 жылы жандармдар оны
жолдастарымен бірге тұтқындап, Семей абақтысына жабады. Онда ол 8 ай
бойы тергеуде болады. Содан кейін оны қазақ даласынан аластатылып, ұзақ
уақыт бойы полицияның бақылауында болады, бірақ ол халықтың еркіндігі
жолындағы күресін тоқтатпады.
Осы жылдары ол ӛлеңдер жазып, орыс классикасын аударумен
айналысады. 1909 жылы Петербургте оның «Қырық мысал» жинағы жарық
кӛреді. Жинақ А.Байтұрсыновты ақын, аудармашы және халқының
жанашыры ретінде танытты. «Маса» ӛлеңдер жинағы 1911 және 1914
жылдары Орынборда басылып шықты. Байтұрсынов халыққа білім беріп,
жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау арқылы мәдениетті кӛтеруге
болатынын жақсы түсінді.
1913-1917жж. – А.Байтұрсыновтың ӛміріндегі есте қаларлық жылдар
болды. Ол «Қазақ» газетінің редакторы болып қызмет етті. «Қазақ» газеті сол
кезеңде қазақ тіліндегі жалғыз газет еді, ол Орынбордан шығарылып тұрды.
Газетте ол білім беру, әдебиет, тіл білімі мәселелері бойынша кӛптеген
мақалаларын жариялап, оқырмандарды халқының бай мәдени мұраларымен
таныстырады, білімге, рухани жетілуге шақырады.
Ақпан және Қазан революциясы жылдарында басқа да қазақтың және
орыстың зиялылары сияқты А.Байтұрсынов жағдайдың мәнісін бірден
аңдамады. 1919 жылы кеңес үкіметінің жағына ӛтіп, оған Лениннің қолы
қойылған мандат беріледі. Қазақ ӛлкесін басқару бойынша Революциялық
комитеттің жұмысына қатысады. Қазақ кеңес республикасы құрылғаннан
кейін А.Байтұрсынов халық ағарту ісінің наркомы болып, үкіметтің
құрамына енеді. Халық ағарту ісінің комиссариаты жанындағы Қазақстанның
академиялық орталығынан шығатын «Ақ жол» газетінде оның тіл білімі мен
әдебиетке қатысты бірқатар еңбектері жарияланды.
Репрессия жылдары А.Байтұрсынов басқа да мемлекет және мәдениет
қайраткерлермен бірге негізсіз тұтқындалып, түрмеге отырғызылады, сосын
Архангельскіге жер аударылады. 1934 жылы М.Горький мен оның әйелі
Е.П.Пешкованың араласуымен және Халықаралық Қызыл Крест ұйымының
кӛмегімен түрмеден босатылады. Бірақ ол еркіндікте ұзақ жүрмеді, 1937
жылы Ахмет Байтұрсынұлы екінші рет тұтқындалып, ату жазасына
тартылды. Әділдік тек жарты ғасыр ӛткен соң ғана орнады, 1988 жылы кеңес
сотының шешімімен ол дүниеден озғаннан кейін ақталды.
М. Дулатов (1885-1935 жж.) – саяси әрі қоғам қайраткері, ақын және
жазушы, Алаш ұлттық-демократиялық партиясының мүшесі, 1928 ж. басқа
да алшордалықтармен бірге ату жазасына кесіліп, қылмысы дәлелденбеген
соң, 10 жыл абақтыға тоғытылды, сол жерде қаза болды.
Қазан революциясына дейін М.Дулатов ӛзінің «Оян, қазақ!» атты
атақты поэмасын жазды. Ол зиялылар қауымына, халқына осылай танымал
болды.
М.Дулатов ӛзінің шығармашылығында қоғамдық қатынастарға,
адамның мінез-құлқына үлкен мән берді. Ол «Бақытсыз Жамал» деп
аталатын әлеуметтік-психологиялық романында анық байқалады. Романда
адамдардың түрлі әлеуметтік-психологиялық типтеріне, олардың ішкі жан
дүниесіне талдау жасалады.
Белгілі ақын-демократ С. Торайғыров (1893-1920 жж.) ғылыми-
техникалық прогресс дәуірінде адам мәселесіне ерекше мән беру керек деді.
«Қамар сұлу» романында ол қоғамдық қатынастарды ізгілендірудің
қажеттілігін
кӛрсетеді,
рационалдық
ойлаудың
мүмкіндіктерін
абсолюттендіруді қолдамайды. Техника мен ӛркениеттің жетістіктеріне бас
ұрудың қажетсіздігін айтып, адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға
шақырады.
Ж. Аймауытов ӛзінің шығармаларында адамгершілік мұраттарды
насихаттайды,
масайраған
адамның
тоғышар
мінезін
сынайды.
Тоғышарлықтан ақылдың күшін кӛбейту, ақиқатты іздеу арқылы арылуға
болады дейді.
М. Жұмабаев (1893-1938 жж.) ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік
шындықтың қайшылықты тұстарын поэтикалық формада жеткізуге тырысты.
Оның шығармашылығына қазақ, орыс, сол сияқты батыс пен шығыс
мәдениеті
ықпал
етті.
«Жұмабаевтың
образдар
әлемі»
атты
Б.А.Жетпісбаеваның еңбегінде былай делінген: «кӛптеген шығармалары
оның тек ӛз халқының ғана емес, шығыс поэзиясы мен тарихының,
философиясының, орыс және батыс әдебиетінің тамаша білгірі екендігін
дәлелдейді, себебі ол ӛз заманындағы рухани ізденістердің қайнаған
ортасында
жүріп,
О.Шпенглердің,
Ф.
Ницшенің,
В.Соловьевтің,
П.Флоренскийдің, Н.Бердяевтің және басқалардың еңбектерінде дамытылған
философиялық ойларды зерттеді».
Ол М.Жұмабаевтың «Шолпан» ӛлеңдер жинағында, «Педагогика»
кітабында және басқа да поэтикалық және прозалық шығармаларында
лайықты кӛрініс тапқаны сӛзсіз. Оның «Түркістан», «Кӛктемде» ӛлеңдер
циклінен, «Батыр Баян», «Қорқыт» поэмаларынан, « Шолпанның күнәсі»
әңгімесінен символизм мен экзистенциализмнің элементтерін кӛруге болады.
Мысалы, «Батыр Баян» помасында ол тек махаббат туралы ғана емес, ӛмірдің
мәні, қоғам мен табиғаттың дамуы, адамдық парыз бен намыс туралы айтады.
Оның гуманистік идеяларында адамның бақытқа және теңдікке құқығы
кӛрсетіледі.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі болып
жатқан ӛзгерістерді түсініп, ӛзінің халқына пайдасыне тигізе алатын жігерлі,
білімді, мақсатшыл зиялылар кӛп болды. Бұл тарихи уақыт ішінде қазақтың
нағыз оқымысты, зиялы қауымы қалыптасты. Олар қоғамдық саланың нақты
бір саласында үлкен жаңалықтар ашпады. Оларға басқа міндет жүктелген еді
– ол халқының кӛзін ашып, білім беру, мәдениетке жетелеу, әлемдік тарих
сахнасында ӛз орнын табуға ұмтылдыру, ӛзінің заманы алға тартқан
«қитұрқы» мәселелерге жауап іздеу.
9.3. XVIII- XIX ғасырдағы орыс философиясы: Ағартушылық
философия, славянофильдік және батысшылдық, славянофильдік және
еуразияшылдық; историософия мен діни-философиялық дәстүрлер
(М.В.Ломоносов, А.Н.Радищев, Г. Сковорода, П.И.Пестель, П.Я. Чаадаев,
И.В.Киреевский, А.С.Хомяков, К.Н.Леонтьев, Н.Я.Данилевский, С.Н.
Трубецкой, Л.Н.Гумилев және т.б.)
Орыстың ағартушылық философиясында негізгі екі бағытты анық
кӛрсетуге
болады.
Біріншісі
–
орыстың
ежелгі
ортағасырлық
алғыфилософиясынан бастау алып, Феофан Прокопович, Дмитрий мен
Антиох Кантемировтардың және т.б. еңбектеріндегі ой-толғаныстар мен
«Құдайға сыйыну», ақыл-ӛсиет, уағыз мәтіндерінің қолжазбалары негізіндегі
діни кӛзқарас аясында қалыптасқан дәстүрлі бағыт. Онда Құдайдың
табиғатпен байланысы; теизм мен пантеизмнің қатынасы; діндардың ұлтына
қарамастан, тұлғаға рухани еркіндік, рухани қабілеттілік беретін береке-
рақаттың әмбебаптық мәнін негіздеу; «даналыққа» ӛзін-ӛзі билеуді және
этикалық шектеуді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде жалпы түсінік
беру; адам баласының этикалық мінез-құлық нормалары; шіркеу билеушілері
мен патшалық биліктің ӛзара қатынасы жӛніндегі саяси мәселелер және т.б.
ӛзекті мәселелер қарастырылды. Екіншісі – Петр реформаларының
бастамасымен қалыптасып, Русьті жедел еуропаландыруға – зайырлы Ресей
империясын құруға бағытталған жаратылыстық ғылыми бағыт. Ресей
«еуропалықты оқып білуге» ұмтылуда қалыптасқан осы дәуірдің орыс
ӛміріне жат қайшылықтарынан әлі күнге арыла алмай келеді. Осының
салдарынан орыс мәдениеті жікке бӛлінді. Империя мен халықтың арасы
алшақтап кетті. Оның нәтижесі революцияға әкелді. Дегенмен орыс
ғылымының тамаша жетістіктері осы дәуірдің еншісіне тиді. Сӛйтіп ол
классикалық орыс мәдениетінің «алтын ғасырына» бастау болды.
Бұл кезеңдегі философиялық ойлаудың негіздері М.В.Ломоносовтың,
А.Н.Радищевтің, Г.С.Сковороданың еңбектерінде кӛрініс тапты.
М.В. Ломоносов (1711-1765 жж.) – ерекше дарынды орыс ғалымы,
философ-деист, Ресейдегі жаратылыстық ғылыми бағыттағы философиялық
кӛзқарастың негізін салушы.
А.Н. Радищев (1749-1802 жж.) – аса жоғары мәдениетті адам болған
(Н.Лосский). Әділетсіздікке қарсы ӛткір сын айтып, «Петербордан Мәскеуге
сапар» деп аталатын еңбегінде теңсіздік, адамдық намыс, адамдардың
рухани, әлеуметтік бостандығын сипаттады.
Елдің саяси ӛмірінде Новгород вечесінің атақты басқару жүйесі
келмеске кеткен соң, Ресей саяси басқару жүйесін баяу және кеш жүзеге
асырылса да «жоғарыдан» ғана реформалап қана қойған жоқ, «тӛменнен» де
реформалауға талпынды. Оған Радищевтің самодержавалық езгіден ада,
«еркін», құқықтық мемлекет турасындағы зерттеулері бастау болды.
Жиырма жыл ӛткен соң, Радищевтің бұл зерттеулерін декабристер дамытып,
Ресейдегі жағдайды ӛгерту бағдарламасының негізіне алынды. Ол
бағдарламаны декабристер самодержавиеге қарсы қарулы кӛтеріліс жолымен
ӛмірге енгізуге тырысты.
Сол кездегі құрылысты сынағаны үшін Ұлы Мәртебелі Екатерина
Радищевті Сібірге айдады. Айдауда жүріп ол «Адам туралы, адамның
Достарыңызбен бөлісу: |