Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет22/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
treatise20490


кітабында» ол ескірген кӛзқарастарды жеңіп, ӛзінің құндылықтарына қайта 
баға бере алған рухы еркін адамдар туралы айтады. Ницше әлемді танудағы 
ғылымның  жетістіктері  мен  мораль,  дін,  мәдениет,  мемлекет,  отбасы  және 
адам  туралы  түсініктерді  қайта  бағалау  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Ғылымдағы 
кӛпшілікке белгілі жетістіктер, қоғамдық сананың формалары мен қоғамдағы 
әлеуметтік институттар туралы түсініктердің қалыптасу себебі – әуестік пікір 
тудырады, ал ескірген рух пікірге нандырады, ол нанымды қайта бағалаудан, 
сүзгіден ӛткізу керек.  
Ӛзінің  шығармашылығының  үшінші  кезеңінде  Ницше  нанымды 
ӛзгертудің  жолдарын  табуға  тырысты.  «Кӛңілді  ғылым»  еңбегінде 
Шопенгауэр  қайта  оралу  идеясын  бейнелеу  үшін  құм  сағаттың  образын 
пайдаланады,  Заратустра,  адамнан  да  жоғары  әлем,  Құдайдың  ӛлімі 
туралы  айтады. Сондай-ақ,  ойын семантикасы  мәселесін кӛтереді, ол  сӛздің 
тіркесімділігі  мен  мағынасына  үңілу,  ену  және  ықпал  етуден  тұрады.  Бұл 
еңбектегі ойын тақырыбы И.Хейзингтің, Л.Витгенштейннің, М.Хайдеггердің, 
М.Фуконың, Ж.Делезаның, Ж.Деридтің ойларына әсер етті.  
«Есуас  адам»  атты  үзіндісінде  ол  ӛзінің  атақты  «Құдай  ӛлді!  Біз  де 
оны ӛлтірдік!» деген сӛздерден тұратын пайымын ұсынады. Ницше біз үшін 

бүгінде  рухтың  дамуы  ӛте  маңызды  болғандықтан  да,  «Құдайға  лайықты 
болу үшін біз ӛзіміз оған бет бұруымыз керек» дейді. Адами кӛзқарастарды 
ауыстыру идеясы «сенімсіздікке сенуді» уағыздайды. Сенімсіздік, яғни ӛлім 
мен  іштей  ойран  болу  сырттан  мәжбүрлеумен  келген,  қоғамдық  сананың 
әсерінен  қорытылмаған  кӛзқарастардан  бас  тартып,  құндылықтарды  қайта 
бағалауға әкеледі.  
Осы  мәселелер  «Заратустра  депті»  деген  кітабында  жан-жақты 
қарастырылады.  Бұл  кітап  Ницшенің  философиялық  ғұмырындағы  үлкен 
бетбұрыс  әкелген  туынды  болып  есептеледі.  Ол  бұл  кітабын  «адамзат  қол 
жеткізген  барлық  кітаптардың  ішіндегі  ең  мазмұндысы»  деп  бағалайды. 
Заратустраның образы – адамның санасынан жоғары қалыптасушы адамның 
бейнесі болып табылады.  
Ницше рухтың адамға айналуының үш сатысын Заратустраның сӛзімен 
жеткізеді:  «рух  –  нарға,  нар  –  арыстанға  айналған  соң,  арыстан  сәбиге 
айналады».  Рух  еркіндігіне  жету  жолында,  ең  алдымен,  әлсіздігіңді  жеңу 
үшін  қиындықты  кӛру  керек.  Ендеше  «менменділігіңді  басу  үшін  қорлық 
кӛру  керек  дегенді  білдірмей  ме  бұл?  Тӛзімі  мықты  рух  қандай  қиындыққа 
болсын тӛтеп бере алады, ол жүк артылған нар сияқты ӛте тӛзімді... ол ӛзінің 
шӛл даласына асығады», сӛйтіп ӛзін жалғыздыққа душар етеді.  
Дәл  осы  сияқты  адам  да  «қиындықтың  бәрін  кӛтерем  деп»,  ӛзімен-ӛзі 
күреседі.  Бұл  күресте  ең  соңғы  қарсыласы  –  адамгершілік  заңдарды, 
«міндеттісің»  деген  моральдық  императивті  жеңуі  керек.  Ол  адамның  ең 
соңғы қарсыласы – соңғы «аждаһа» да, «тӛре» де, «Құдай» да. Бұл майданда 
адам арыстанға айналады: «арыстанның рухы: мен осыны қалаймын» дейді». 
Осылайша,  ол  ӛмірдегі  құндылықтарын  қайта  бағалап,  жаңасын 
қалыптастыру  құқығын  жеңіп  алады.  Бала  болу  деген  сӛз  –  бұрынғы 
қалыптасқан  кӛзқарастарды  қабылдамай,  «жасампаздық  ойынына»  деген 
ықылас-талғамға  қайта  ие  болу  дегенді  білдіреді.  Әлемді  және  ӛзіңді  ойын 
деп  қабылдап,  онымен  бала  сияқты  ойнау  дегеніміз  –  ӛзіңдегі  дионистік 
бастауларды  ояту  деген  сӛз.  «Иә,  бауырларым,  жасампаздық  ойыны  үшін, 
наныммен  айтылатын  қасиетті  сӛзіңізді  табуыңыз  керек:  енді  рух  ерікті 
болғысы  келеді,  адасқан  рух  ӛзінің  орнын  тапқысы  келеді».  Жоғары  Адам 
болудың жолы осы.  
«Билеу еркі» кітабында Ницше ӛмірде ӛз орнын табуға ұмтылдыратын 
ең басты жасампаз күш ерік дегенді айтады. Билеу еркі – кӛптеген еріктердің 
мәңгілік  шайқасы,  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге  деген  ұмтылысы.  Ӛзінің  іліміндегі 
негізгі ұғымдарды ескі философияның тыйымдарынан тазалайды. Сӛйтіп, ол 
еркіндік ұғымына ерекше мән береді. Жоғары Адам ерікті жүзеге асырушы 
ең жоғары орталыққа айналған кезде еркіндік ӛмірдің жалғыз ғана мақсатына 
айналады.  
Ӛзіңе деген еркіндік пен ӛзіңді-ӛзі жек кӛру – ӛмірде ӛз орнын тапқысы 
келетін  жоғары  Адамға  тән  басты  ерекшелік.  Жоғары  Адам  туралы 
түсініктерді  ақиқатты  мойындау  еркі  деп  те  қарастыруға  болады.  Ол 
«Жақсылық пен жамандықтың екінші жағы» деген еңбегінде осы туралы 
айтады.  

Жоғары  Адам  идеясы  «ӛмірге  қайта  оралудың  қатаң  заңы»  болып  та 
есептеледі. Заратустра айтқандай, «Ӛмір, мен сені сол күйіңде қабылдаймын: 
сен маған мәңгілік берілдің, маған қуаныш болып, менің қалауларым болып 
қайта ораласың; тағдырымды сенімен қосқан дӛңгеленген шексіз дүние мен 
сені шексіз сүйемін». «Ӛмірдің мәңгілік қайта оралуы» заңы ӛмірден босау, 
таңдау,  жаңару  және  жақсару  дегенді  де  білдіреді.  Құдайдың_ӛлімі»_пайымы_«ерікке_тұсау_болатын_адамилықтың_ӛлімі»'>«Құдайдың  ӛлімі» 
пайымы  «ерікке  тұсау  болатын  адамилықтың  ӛлімі»  туралы  идеясымен 
үндеседі. Күнделікті ӛмірдің мәніне айналып, құндылықтардың сыртқы түр-
тұрпатына  айналған  нәрсе  ғана  ӛледі.  Құдайды  ӛлген  соң  Жоғары  Адам 
алмастырады,  сонымен  бірге  алдағы  ӛзгерістердің  жақсы  нышаны  болып 
мереке, мейрам да біртіндеп енеді.  
«Жақсылық 
пен 
жамандықтың 
екінші 
жағы. 
Келешек 
философиясының  нышандары»,  «Моральдың  генеалогиясына  орай» 
(1887)  деп  аталатын  еңбектерінде  Ницше  бірқатар  мәселелерді  кӛтереді: 
Жақсылық  пен  жамандық  туралы  ұғым  қашан  және  қандай  жағдайда  пайда 
болды?  Құндылықтардың  құндылығы  неде?  Моральдық  құндылықтар 
адамның  ӛмір-тіршілігіне  сүйеу  бола  ма,  әлде  оның  ӛмірін  жақсартуға 
кӛмектесе ме? Ол дерт пен қайғы арқылы парызды түсініп, ол жадыда, санада 
орныққанда,  беруші  мен  алушының  арасындағы  қарым-қатынаста  ӛзін-ӛзі 
кінәлау  сезімі  пайда  болатынын  кӛрсетеді.  «Қатыгездіктің  дәріптелуі»  осы 
себептен.  Ӛзіне-ӛзі  еге,  ерікті  адам  (тӛре),  ӛзіне  лайықты  және  құлшылық 
моральдан жоғары тұрады, ӛзінің жадысын, санасын ӛзі қалыптастырады.  
Осыған дейінгі философияны Ницше «қалай болса да ақиқатқа жетуге» 
тырысқан,  догмаланған  философия  деп  атады.  Соның  ішінде,  «субъект» 
ұғымын  бүркене  отырып,  «Менді»  адами  қатынастардың  жалпыланған 
логикалық формасы ретінде қарастыру арқылы тек жанның жоққа сенгіштігі 
мәселесін ғана айтты деді. Ақиқат пен жалғанның, шын мен қатенің қарама-
қайшылығы  ақиқатқа  еріктілікті  кӛрсетпейді.  Таза  рух  пен  жақсылықты 
мадақтау үшін оларды бір-біріне қарама-қайшы қою ӛте үлкен қателік және 
ол қауіпті. Философия ӛмір шарттарын қарастыруы керек. Кекшілдік пен 
ызақорлықтың  орнын  махаббат  басуы  керек,  ол  адамның  еркін  нығайтады 
деді.  Ницшенің  ойынша,  демократия,  социализм,  феминизм  сияқты 
құндылықтар  рухтың  еркіндігіне  кедергі  болады.  Олар  қалың  кӛпшіліктің, 
әлсіздер  мен  әйелдердің  жасампаздыққа  ие,  ӛмірдің  заңымен  бекітілген 
адамдармен бірдей тең дәрежеде билік құруына жол береді. Жасампаздық ол 
қайғыдан арылу, ӛмірді жеңілдету болып табылады.  
«Антихрист»  деген  еңбегінде  философ  моральдық  және  діни 
құндылықтардың шарттылығын айтады. Ол ескі нанымдардың шығу тарихын 
зерттеумен айналысатын толықтай жаңа пән – «Генеология» пәнін жасауды 
ұсынады.  Дәстүрлі  философияда  моральдық  құндылықтарға  негіз  болған 
априорлылық, логикалық, гипотезалық ұғымдары құндылық ұғымына ӛлшем 
бола алмайды. Құндылықтардың ӛлшемі ӛзіндік айқындылық болуы тиіс.  
Осы ретте негізгі үш мәселе ең басты болып табылады – рессентимент, 
кінә  және  ар-ұжданы  таза  болмау,  аскетизм.  Рессентимент  әлсіздіктің 
салдарынан  пайда  болатын  жағымсыз  эмоциялардың  рефлективтік  жолмен 

сыртқа шығуын білдіреді. Адамдарда күншілдік, қызғаншақтық, ӛшпенділік 
және кекшілдік сезімдердің пайда болуы осы себепті. Адамның әлсіздігінен, 
жасанды  тыйымдар  мен  нормаларға  тәуелділігінен  ол  сезімдер  ӛмірде  іске 
аспайды  да,  адамның  ӛзіне  деген  іштей  наразылығын  туғызса  да,  ӛшпенді 
бейнесін  тақуалық  пен  моральдықтың  маскасымен  бүркемелейді.  Егер 
рессентимент  сыртқа  бағытталса,  «моральдың  құлы  болмау  жолындағы 
кӛтерілісін»  білдіреді.  Ал  егер  ол  ішке  бағытталса,  ол  аскетизмді  білдіреді. 
Кӛтеріліс  пен  аскетизм  идеясы  социализм  мен  христиандықтың  идеясын 
бейнелейді.  Ал  соңғысы  Ницшенің  ойынша,  рухтың  азуының  басты  себебі 
болып табылады.  
Христиандықтағы  ӛзінің  күшін  әбден  «сарыққан»  тиімсіз  моральдың 
орнына «Жоғары Адам» һақындағы жаңа моральды негіздеу идеясы шынайы 
ӛмірде  Ницшені  ұлықтық  маниясы  мен  қатерлі  ауруға  соқтырды.  Алайда 
адами  тұлғаны  жақсартуға  бағышталған  жаңа  діни  сананы  қалыптастыру 
жолындағы  ізденістері  А.Бергсонның  интуитивизм  туралы  зерттеулерінде, 
О.Шпенглердің 
мәдениет 
философиясында, 
К.Юнгтің 
архетиптер 
теориясында,  М.Хайдеггердің  экзистенционалды  феноменологиясында, 
М.Шеллердің 
антропологиясында, 
П.Рикер 
мен 
Г.Гадамердің 
герменевтикасында,  К.Ясперстің  және  Ж.-П.Сартр  мен  А.Камнің 
экзистенциализмінде,  М.Фуконың  билік  метафизикасында,  Р.Барттың 
мәтіннен  рахаттану,  Ж.Делездің  жазықтың  саналуандылық  бейнесі 
һақындағы  зерттеулерде,  Ж.Бодриярдың  елігу  тұжырымдамасында  ӛзінің 
жалғасын  тапты.  Сонымен  қатар  оның  Жоғары  Адам  турасындағы 
бұрмаланған 
идеялары 
Гитлердің 
«жоғары 
ақсүйектер 
тұқымы» 
тұжырымдамасы мен нацистік идеологиясына негіз болды.  
Анри Бергсон (1859-1941жж.) ӛмір философиясы мен интуитивизмнің 
ӛкілі.  Ол  қазіргі  заманғы  материалистік-механистік  және  позитивизм 
үрдісімен тартысқа түсіп, мәнділікке ие болудағы интуицияның рӛлі туралы 
ілімін  жасап  шығарды.  Ол  мәнділік  екі  бӛліктен  тұрады  деді:  интуитивтік 
жолмен ұғуға болатын – ӛмір; және материя, яки интеллект материя ретінде 
қарастыратын  инертті  «зат».  Бергсонның  ойынша,  күллі  әлем  бір-біріне 
қарама-қайшы  осы  екі  қозғалыстың:  тұтастыққа  ие  әрі  «жоғарыға 
ұмтылатын»  субстанция  ретіндегі  ӛмір  мен  «тӛменге  бағытталған» 
материяның соқтығысуы мен шиеленісуінен тұрады. Ӛмір әуел бастан адамға 
бір рет берілетін, үлкен қуат беретін ұлы күш; ол материяның қарсылығына 
ұшырап, оған тӛтеп береді.  
Бергсон  ӛмір  туралы  ілімін  мәнділікке  жетудегі  шығармашылық 
эволюция  мен  интуиция;  уақыт  пен  еріктің  және  жадының  оның  уақытқа 
қатынасы  тұрғысынан  еркіндігі  жӛніндегі  бірқатар  тұжырымдарымен 
толықтырды.  Эволюцияны,  Бергсонның  ойынша,  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Себебі  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  эволюция  «қоршаған  ортамен 
интенсивті жанасу» салдарынан болады.  
Рационалды 
метафизикадағы 
механицизм 
мен 
телеология 
(Құдайшылдық мақсаттыр туралы ілім) екеуінің де бірден бір кемшілігі бар: 
олардың  ойынша,  әлемде  айтарлықтай  жаңа  еш  нәрсе  жоқ  және  болуы 

мүмкін  емес.  Материалистік  механицизм  болашақты  «алып  дүниенің 
мазмұнын»  құрайды  десе,  телеология  жетуге  тиіс  мақсатты  алдын  ала  тану 
мүмкін дейді. Олардың екеуі де бір нәрсені қарастырды – нәтижеде (қандайы 
болсын) ешқандай жаңалықтың болуы мүмкін емес.  
Бергсонның  ойынша,  суретшінің  жұмысы  сияқты  эволюцияның  да 
шығармашылық негізі бар. Әрекетке ұмтылу, белгісіз бір нәрсені қалау әуел 
бастан адамға беріледі, бірақ қалау-тілектер қанағаттандырылмаған жағдайда 
оларды не нәрсе қанағаттандыра алатынын және оның табиғатын алдын ала 
білу мүмкін емес.  
Жер  ғаламшарындағы  ӛмірдің  дамуы  туралы  ӛзінің  түсініктерін  бере 
отырып, Бергсон ӛмір ағымы алдымен жануарлар және ӛсімдіктер деп екіге 
бӛлінеді дейді. Ӛсімдіктер қуатты резервте сақтауға арналған, ал жануарлар – 
қуатты  кездейсоқ  және  белсенді  әрекеттерге  пайдалануға  арналған.  Бірақ 
жануарлар ӛз ішінде интеллект пен инстинктің кӛбірек және азырақ болуына 
қарай да іштей тармақталады. Бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы Бергсон 
олардың  бірінсіз  бірі  ӛмір  сүрмейтінін,  бірақ  негізінен  интеллект  адамның 
бағы емес, – соры, ал ең жоғары инстинкт интуиция деп аталатынын айтады. 
Интеллектінің  назарын  ӛзіне  бұрып,  ондағы  ұйықтап  жатқан  интуицияның 
әлеуетті мүмкіншіліктерін оятуға мәжбүрлеу керек. Инстинктің интеллектіге 
қатынасын кӛру мүшесінің түйсінуге қатынасымен салыстырады.  
Интуицияның  ең  басты  айырмашылығы  –  ол  да  интеллект  сияқты 
әлемді  жекелеген  заттарға  бӛледі.  Интуиция  саналуандылықты  тұтастықта 
қарастырады,  бірақ  мұндағы  саналуандылық  кеңістіктегі  заттардың  сыртқы 
түрінде  емес,  ӛзара  байланысты  процестердің  сан  алуандығында.  Интуиция 
ол  үшін  –  ӛмірді  ӛз  бетімен  танудың  құралы.  Интеллектіге  басқа  міндеттер 
жүктеледі.  Ол  түрлі  материалдық  нысандарға  сүйенеді,  ал  интуиция  заттар 
мен құбылыстардың «жанды тұтастығына» негіз болатын мәнді терең сезеді. 
Шын  мәнісінде  бұл  ӛмірде  «заттар  жоқ»,  тек  «мәнді  тұтастықтардың 
үздіксіз»  байланысы  бар.  Бергсонның  ойынша,  ӛмірге  бұлайша  қарау 
интеллект  үшін  ӛте  қиын  әрі  жасанды  сияқты  кӛрінгенімен,  интуиция  үшін 
қарапайым әрі табиғи нәрсе.  
Заттарды  Бергсон  бойынша  бӛлшектейтін  интуиция  түстің  бір  түрі 
болып  табылады:  біздің  бүкіл  ӛміріміз  сияқты  ол  да  белсенді  емес,  тек 
жасампаз. Біз ұйықтаған кезде біздегі «Мен» шашыраңқы күй кешеді, ӛткен 
ӛміріміз бӛлшектерге бӛлінеді; шындық ӛмірді ӛзара байланысты заттар жеке 
заттарға ажырайды.  
Бергсонның интуитивизмі мен ӛмір философиясына уақыт пен кеңістік 
туралы  ілімі  негіз  болды.  Ол  ілімі  кӛп  жағдайда  Эйнштейннің  қатыстылық 
теориясымен  үндесіп  жатыр.  «Еріктің  уақыты  мен  еркіндігі»  атты 
еңбегінде  интеллект  кеңістікпен  байланысты  болса,  ал  инстинкт  немесе 
интуиция  уақытпен  байланысты  деп  кӛрсетеді.  Бергсон  үшін  кеңістік  – 
материяның  белгісі  –  тұтастықтарды  ажырату  барысында  ол  жоқтан 
жасалады: ол практикада айтарлықтай пайдалы болғанымен, теория жүзінде 
адастырады.  Уақыт,  керісінше,  ӛмірдің  немесе  ақылдың  ең  басты  белгісі 
болып  табылады.  Бірақ  уақыт  –  бұл  математикалық  уақыт  емес,  сондай-ақ 

бірімен-бірі  байланысты  сәттердің  біртектес  жиынтығы  емес.  Бергсонның 
ойынша,  «математикалық  уақыт»  шын  мәнісінде  кеңістікке  тән  форма;  ал 
ӛмірге мән беретін уақытты ол  ұзақтық деп атайды. Бұл – «жанды» уақыт. 
«Жанды» болуы уақыттың басты белгісі болғандықтан да ұзақтық (оқиғалар 
мен  құбылыстардың  ұзақтығы)  ретінде  танылады.  Ол  жадыда  да  ұзақ 
сақталады, себебі «ӛткен ӛмір осы ӛмірмен қатар ӛмір сүреді».  
Бергсон  «жады»  категориясы  әдетте  түп  негіздері  бӛлек  екі  нәрсенің 
басын біріктіреді. «Жады» негізінен материяға абсолютті тәуелсіз күш болуы 
тиіс.  Егер  рух  дегеніміз  шынайы  ӛмір  дейтін  болсақ,  Бергсонның  ойынша, 
нақ осы тұста жады арқылы «біз онымен тәжірибеде жанаса аламыз». Біздің 
миымыз – алынған ақпаратты сұрыптап, орналастыратын пассивті құрылғы, 
қабылдағыш  сияқты.  Осыған  қарағанда,  Бергсонның  ойынша,  егер  ми 
болмағанда біз кез келген нәрсені қабылдауға қабілетті болатын едік, себебі 
«шындығында  біз  тек  ӛзімізді  қызықтыратын  нәрсені  ғана  қабылдаймыз». 
Ӛмір  бұл  бір  ӛмірлік  ұмтылыс,  ол  әлсіреген  кезде  семіп,  бытырайды  да, 
сіресіп қалған жансыз материяға (жансыз затқа) айналады.  
 Жадымызда  ӛткен  ӛмір  бүгінгімен  астасып  ӛмір  сүреді.  Ақыл 
болмағанда,  әлем  мәңгілік  ӛліп-тірілетін  қасиетке  ие  болар  еді  де,  ӛткен 
ӛмірдің шындығы жойылып, ӛткен ӛмірдің ӛзі де болмаған болар еді. Оның 
ойынша, жады барлық нәрсені байланыстыруға бейім, сол себепті ӛткен мен 
бүгінгінің шындығын растайды, сӛйтіп шынайы ұзақтық пен уақытты жады 
жасайды.  Тек  интуиция  ғана  ӛткен  мен  бүгіннің  ара  жігін  ажырата  алады; 
интеллект үшін ол «танылмайтын», сыртқы белгілер ғана.  
Бергсонның  пайымдауынша,  еріктің  еркіндігін  жоққа  шығаратын 
дәлелдердің  кӛпшілігі  психикалық  жай-күйлердің  белсенділігін  тым 
болмағанада теория жүзінде ӛлшеуге болатын сандардың кӛрсеткіші дегенге 
сүйенеді.  Бұл  кӛзқарасты  жоққа  шығара  отырып,  ол  шынайы  еркіндіктің 
болуын мүмкін дейді. Бергсон былай деп жазады: «Суретші мен суретшінің 
туындысының  арасындағы  қатынас  секілді  біздің  қылықтарымыз  да  біздің 
даралығымызды кӛрсетіп, даралығымызды дәл бейнелегенде, даралығымызға 
сондай жақындаған кезде біз еркін боламыз».  
Осылайша,  ӛмір  философиясы  мен  интуитивизмнің  ӛкілі  Бергсон 
уақыттың  мәні  мен  «адамның  ол  уақытты  басынан  ӛткеру»  табиғатын  ХХ 
ғасырда алғашқылардың бірі болып зерттеді.  
 
     Бақылау сұрақтары: 
 
1.Неміс классикалық философиясы.  
2.Марксизм философиясы. 
3.Позитивм философиясы: Конт, Спенсер, Милль, Мах. 
4.Неокантшылдықтың  негізгі  мектептері,  олардың  танымдық  және 
әдістемелік мәселелері.  
5.Шлейермахер,  Дильтейдің  философиялық  герменевтикасының 
негіздері қандай?   
 

 
ІХ Бӛлім 
ХІХ ғасыр мен  ХХ ғасырдың басындағы қазақ және орыс 
философиясы 
 
9.1. ХІХ ғасырдағы қазақтың классик-ағартушыларының 
философиялық кӛзқарастары, антропоцентризмі мен гуманизмі  
(Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев) 
 
Қазақ  халқының рухани  мәдениетінің дамуында  ХІХ  ғасырдың екінші 
жартысы  ӛзгерістерге  толы  болды.  Қазақ  даласындағы  Ағартушылық 
мәдениеттің  дамуы  да  осы  кезеңде  жүзеге  асқан  болатын.  Бұл  кезеңнің  ірі 
ӛкілдері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев болды.  
Ш.  Уәлиханов  (1835-1865  жж.)  –  қазақтың  тұңғыш  ғалымы  әрі 
ағартушы-демократ. 
Ол 
география 
мен 
этнография, 
тарих 
пен 
фольклористика,  дінтану  және  шығыстану,  философия  мен  әлеуметтану 
салаларында кӛптеген ғажап туындылар жазды.  
Зерттеуші-ғалым  ретінде  Ыстықкӛлге  жасаған  сапарынан  кейін  ол 
ӛзінің  «Ыстықкӛл  күнделіктері»,  «Қытайдың  Батыс  провинциясы  және 
Құлжа  қаласы»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  атты  тарихи-этнографиялық 
шығармаларын  жариялап,  ол  Ресейдің  географиялық  қоғамының  жоғары 
бағасына  ие  болды.  Сӛйтіп  ол  1857  жылы  ақпанда  Ресейдің  географиялық 
қоғамына  мүше  болып  сайланады.  Сол  жылы  Ш.Уәлиханов  Алатау 
қырғыздарына  тағы  да  сапарға  шығады.  Кӛшпенділердің  арасында  жүріп, 
олардың  ӛмірі  мен  тұрмысын,  тарихын,  этнографиясын,  халықтың  ауызекі 
шығармаларын  зерттейді.  Осы  сапарында  ол  қырғыздың  «Манас» 
дастанының кейбір бӛлімдерін жазып алады.  
Кӛрші  халықтардың  тарихын  зерделеу  қазақ  халқының  ежелгі  және 
орта  ғасырдағы  тарихын  зерттеуге  де  кӛмектесті.  Алғашқы  сапарында 
жинаған  материалдарын  талдап,  салыстырғаннан  кейін,  Шоқан  «орта 
ғасырларда отырықшылық (Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстігінде) Іле 
жазығында кең тарады» деген пікір айтады.  
1858  ж.  Шоқан  Уәлихановтың  Қашқарияға  жасырын  сапары  оның 
ғылыми  шығармашылығындағы  жаңа  кезең  болып  саналады.  Ш.Уәлиханов 
Марко  Поло  мен  иезуит  Геостан  (1603)  кейін  осы  жабық  елге  аяқ  басқан 
бірден-бір  ғалым  болды.  Жат  жұрттықтар  үшін  жабық  елдегі  сапарынан  ол 
«Алтышаһар  немесе  Қытайдың  Нан  Лу  провинциясының  алты 
шаһары»  (1858-1859  жж.)  деп  аталатын  ӛзінің  атақты  еңбегін  жазды. 
«Ӛлкенің  басқару  жүйесі  және  жағдайы»  атты  тарауында  ол:  «Шығыс 
Түркістан  Қытай  империясының  бір  бӛлігі  ретінде  Батыс  ӛлкенің 
ведомствосына, яғни Іле цзянь-цзун ӛлкесіне қарайды» деп жазады.  
Осы  сапарында  Ш.Уәлиханов  ең  үлкен  тартыс  белогориялықтар  мен 
черногориялықтар деп аталатын партиялар арасында жүріп жатқанын және 
оны тоқтату мүмкін еместігін анықтайды. Ертеден келе жатқан «бӛліп ал да, 
биле»  деген  әдісіне  сүйеніп,  қытай  отаршылдары  территорияны  бір-біріне 

тәуелсіз  кӛптеген  ведомстволарға,  ал  тұрғындарды  түрлі  діни-саяси 
партияларға әдейі бӛлу арқылы алауыздықты күшейтіп, араларына от салып 
отырғанын  айтады.  «Жергілікті  басқаруда  Кіші  Бұқараның  батыс  қалалары 
ауылдарымен  біріктіріліп,  біріне-бірі  тәуелсіз  жекелеген  ведомстволарды 
құрайды.  Жаркент,  Қотан,  Қашқар,  Ақсу,  Янысар,  Туфан  –  бұл  алты  қала 
айналасындағы ауылдарымен алты тәуелсіз ӛлкені құрайды. Әрбір қаладағы 
үкімет келесі құрамнан тұрады: хакімбек  – ӛлкенің бас билеушісі, ишкага  – 
оның  кӛмекшісі,  шанбегі  немесе  қазынашыбек  –  бас  қазынашы:  барлығын 
басқаратын осы адамдар».  
Қытайлықтар  ӛзінің  басқару  ісін  осылай  ұйымдастыруда  екі  мақсатты 
кӛздегенін айтады. Бірінші мақсаты Шығыс Түркістанның жергілікті басқару 
ісін  қытай  отаршылдарының  қолына  беру:  «Қытайлықтар  жергілікті 
шенеуніктерді  тағайындап,  сайлайды  және  бекітеді,  оларды  ең  басты 
толғандыратын  да  осы  нәрсе.  Жоғары  шен  богдахан  билеушісіне 
адалдығымен  кӛрініп,  сыналған  тұлғаларға  ғана  беріледі».  Екінші  мақсаты 
Қытайдың  отаршыл  әкімшілігі  жергілікті  халықты  «ӛзін-ӛзі  басқаруға» 
қызметтерді үлестіру арқылы оны ӛзінің жеке басының игілігіне пайдаланып, 
баю. «Қызметтерді үлестіру қытай мандариндерінің ашкӛздікпен пайда кӛру, 
табыс  табу  кӛзіне  айналған».  Шоқанның  зерттеулері  сол  кездегі  жағдайдың 
кӛлеңкелі  жақтарын  ашып  қана  қоймайды,  бүгінгілер  үшін  үлкен  сабақ 
болары хақ.  
Уәлиханов  далалықтарды  жергілікті  басқаруды  қайта  құру  жӛніндегі 
үкіметтің істеріне де тікелей қатысып, бірқатар практикалық ӛзгерістер мен 
ұсыныстар  енгізді.  Негізгі  ойлары  оның  билікке  жазған  «Далалықтардағы 
мұсылмандық  туралы»,  «Кӛшпенді  қырғыздар  туралы»,  «Сот 
реформасы жӛнінде хат» деп аталатын «Хаттарында» баяндалады.  
Шоқан  Уәлихановтың  қызметіне  Ресей  географиялық  қоғамы  мен 
ғалымдарының  атынан  баға  бере  келіп,  ірі  шығыстанушы-ғалым 
И.И.Веселовский:  «Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  шығыстану  әлемінде 
құйрықты  жұлдыздай  жарқ  етті.  Орыс  шығыстанушылары  оның  ерекше 
құбылыс  болғанын  бірауыздан  мойындады  және  одан  түркі  халықтарының 
тағдыры  туралы  әлі  де  ұлы  әрі  маңызды  жаңалықтарды  күткен  еді:  бірақ 
Шоқанның мезгілсіз қазасы бізді осы үмітімізден айырды» деп жазған еді. Ол 
30 жасқа жетпестен құрт ауруынан қаза болды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет