А.И.
Герценнің
(1812-1870
жж.)
әдеби-философиялық
шығармашылығының негізіне халықтық пен орыстың крестьяндық
социализмі теориясы жатты. Герценнің кӛзқарастары қалыптасуына
декабристердің кӛтерілісі әсер етті. 14 жастағы бала декабристердің
кӛзқарасынан кейін Мәскеуде І Николай-дің коронациясы кезінде қаза
болғандардың ӛшін алу үшін осы тақпен, осы альтармен күреске ӛз ӛмірін
арнауға ант берді («Ӛткендер мен ойлар»).
Ол Воробьев тауларында досы Огаревпен бірге ӛз ӛмірлерін
декабристер бастаған күреске арнауға ант етті.
Герцен ӛзінің рухани ӛсуі кезінде гегеляндыққа еліктеудің кезеңінен
ӛтті, ол оның философиялық сипаттағы еңбектерінде байқалды. Жас кезінде
ол Шеллингтің, романтиктердің, француз ойшылдарының (әсіресе
Вольтердің) және социалистердің (Сен-Симон), Фейербахтың ықпалында
болды.
ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында Сен-Симонның революциялық
кӛзқарастарын насихаттағаны мен оған еліктегені үшін тұтқындалып,
айдауға жіберілді. Ондаған жылдар ӛткеннен кейін Францияға эмиграцияға
кетіп, «Полярлық жұлдыз» және «Қоңырау» қоғамдық-саяси журналдарын
шығара бастады. Онда «сол заманның күңгірт кезеңдерін», самодержавие
мен православиені қолдайтын крепостнойлық құқық пен славянофилдерді
сынға алды.
«Қоңырау» журналының беттерінде «Русьті балтаға шақырыңдар!»
деген үндеуі дүние жүзіне тарап кетті.
Герценнің философиялық ойлары терең экзистенциальды болатын, ол
Еуропа мен Ресейдің тағдырларына қайғырды. Әлеуметтік әділетті іске
асыратын жаңа қоғамдық идеал жасауға діни-социалистік идеалдарды іске
асыру мүмкіншілігін таппады. Герценнің кӛзқарастары буржуазиялық және
социалистік революция қарсаңында орыс интеллигенциясының санасындағы
қарама-қайшылықты кӛрсетті.
«Ғылымдағы дилентантизм» мақалалары циклінде ол таным және
әлемнің революциялық ӛзгеруі (революция алгебрасы) мен қайта ӛзгеру
құралы ретінде гегельдік диалектиканы талдап, негіздеді.
Оның ойынша, адамның болашағы қоғамдағы антагонистік қарама-
қайшылықты революциялық жолмен «алып тастауға» әкеп соғуға тиіс еді.
Шындық ӛмірден алыс ғылыми және теориялардың орнына шындық ӛмірмен
тығыз байланысқан ғылыми-философиялық білім келеді, осындай дамудың
нәтижесінде «материя мен рухтың» қосылуы пайда болады.
Герценнің айтуынша, орталық шығармашылық күш «ӛмір пульсінің
әлемдік шындықпен соғуы», «мәңгілік қозғалыс» адам осы әмбебап үрдістің
«жалпыға ортақ парасаты» ретінде кӛрінеді.
Бұл идеялар оның философиялық шығармалары «Табиғатты зерттеу
туралы хаттарында» (1845-1846 жж.) дами бастады. Герцен социализмді
жақтаушы ретінде болса да оны сынға алды және қоғамдық қатынастың ең
үздік формасы ретінде қарастырды. Ол былайша болжады: «Социализм
ӛзінің барлық фазасында жӛнсіздікке дейін ӛрістейді...», «... қайтадан күрес
басталады, онда социализм қазіргі консерватизмнің орнын басады және бізге
белгісіз болашақ революция оны жеңеді».
Герцен ӛзінің шығармашылық жолының соңында Батыс Еуропаның
«ұсақ буржуазиялық рухына» түңіліп, 1848 жылғы революциясынан
жабырқап, қоғамдық ӛмірдің революциялық қайта құрылуының идеяларынан
наразы болып, бас тарта бастайды. Сонымен қатар ол «біртіндеп» әлеуметтік
реформаларын жақтай бастады. Ол орыстың деревнялық қауымдастығы мен
артеліне баса кӛңіл аудара бастады.
Герцен
кейіннен
ӛзінің
«Алыстан
жазылған
хаттарында»
индивидуализмге (эгоизм) негізделген жаппай сананың жаңа типін
тудыратын Батыс ӛркениетін пессимистік түрде бағалайды.
Қоғамдық ӛмірде тұлғалар ӛшіріліп кетіп жатты, ... Адамдар тауар
ретінде жаппай тарай бастады, бірақ олар кӛп те, күшті де еді. Жалпы
тасқындағы сарқыраманың шашыраған сулары секілді жеке тұлғалар жоғала
бастады. Осыдан келіп «жақыныңның ӛмірге селқос қарауы» біз үшін
жағымсыз, Батыс үшін табиғи нәрсе болып саналады.
Герценнің мойындауынша, еуропалық прогреске кӛңілінің қалғаны
«адамгершілігінің ӛлімінің шегіне» әкеп соқты, одан оны «Ресейге деген
сенімі» ғана құтқарды. Ол ӛз елінің жарқын болашағын «крестьяндық»
социализммен байланыстырады.
М.А. Бакунин (1814-1875 жж.) – ресейлік батыс радикалдардың
кӛрнекті ӛкілі. Оның философиялық білімі Кант, Фихте, Гегельдің идеяларын
меңгеруден басталды. Жас Бакунинге еуропалық мистиктердің, әсіресе Сен-
Мартеннің шығармалары әсер етті. «Германияға реакция» мақаласында ол
«революциялық күйреу және шығармашылық» үдерісі ретінде абсолюттік
рухтың гегельдік диалектикасы туралы жазды. Ол кезде оның философияға
деген қарым-қатынасы сыни түрде болды.
Бакунин: «ақырғы және шексіздік туралы логикалық және теориялық
қиялдау жойылсын: мұндай нәрселерді жанды іс ретінде ғана ұтуға болады»
– деді. Осындай «жанды іс» үшін ол революциялық утопизм мен экстремизм
пафосы оның барлық шығармашылығына ене бастады. Ол: «Қиратудың
қуанышы – бір мезгілде шығармашылық қуаныш та бола алады», – деді. Бұл
оның кӛп пайымдауларының бірі еді.
Бакунин – революционер ӛз ӛмірі мен басқалардың ӛмірлерін құрбан
ететін «Жарқын болашақ» атты оның жазбаларында ғаламат утопия ретінде
кӛрінеді. Ол: «Біз ұлы әлемдік тарихи тӛңкерістің алдында тұрмыз... Ол саяси
сипатта емес, бір беткей, діни сипатта болады...»
1873 ж. «Мемлекет және анархия» еңбегінде ол гегельяндікті
«сомнамбуликалық кӛрініс пен тәжірибе тізбегі» ретінде жазды. Ӛзінің
радикальды сындарында Бакунин философиялық идеализмді қабылдамауын
шектемеді, метафизикалық түрде ол Л. Фейербахты, философ-позитивистерді
тіпті Бюхнер және Маркс сияқты материалистерді де кінәлады.
Философиялық ойлардың ұқсас ақыл шабыт сияқтылар белгісіз бір
психологиялық бірлікте жинақталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
«жаңа адамдардың» алдыңғы ұрпақтан айырмашылығы ретінде бастан
ӛткізіледі. Осы кезеңнің материализмі мен радикализмінің ӛкілі және
идеялық кӛсемі Н.Г.Чернышевский болды.
Н.Г. Чернышевскийдің (1828-1889 жж.) радикалды кӛзқарастары
Ресейдегі империяның ӛтіп жатқан оқиғалардың және Л.Фейербах,
О.Канттың
философиялық
ілімдерінің
әсерімен
қалыптасты.
Н.Г.Чернышевский ӛзіндік материалистік кӛзқарастарын «Ӛнердің болмысқа
эстетикалық қатынастары» (1885 ж.), «Философиядағы антропологиялық
ұстанымдар» (1860 ж.), «Адам білімінің сипаты» (1885 ж.) еңбектерінде
жария етті. Ол «парасатты эгоизм» теориясын дәлелдеді. Оның негізіне
қоғамдық сәттіліктерге жету үшін адамға ӛзін-ӛзі құрбан қылу ұстанымы
жатты.
ХІХ ғасырдың ортасында Н.Г.Чернышевский Ресейдегі саяси ӛкіметтің
демократиялық қайта құрылуының бағдарламасын ұсынды. Ол Еуропада,
Ресейде үлкен тарихи болашағы зор қоғамдық дамудың заңдылықтары бар
екендігіне сенді. Крестьяндық социализмнің идеяларының авторы тарихи
уақыттың «сығымдалуына» себепші болған артта қалған халықта «қоғамдық
құбылыстардың дамуы алдыңғы қатарлы халықтың әсерінен орташалардан
аттап ӛтіп, алға жылжиды» деп есептейді. Оның Герценнен айырмашылығы –
циклді даму идеясы, «ескі» және «жаңа» халықтар идеясы болды.
Н.Г. Чернышевский диалектика заңына және қоғамдық дамудың
серіппелі түрі идеясына сүйеніп, бұл проблеманы шешеді. Ол адамдардың
ақыл-ой, ӛнегелі дамуына мүмкіндік туғызатын қоғамдық формалар мен
объективті жағдайлар ӛркендеуіне сенді.
Осымен қатар Чернышевский мына тезисті дамытты – қоғамдық
дамудың басты шарты – егер әрбір адам «ӛзіндік сенімі» бойынша әрекет
етсе, адамдар ӛз еркімен, ӛз қалауымен қызмет етеді.
9.5. Діни философия және космизм (В.С. Соловьев, Н.Н. Федоров, Э.
Циолковский, В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский)
Орыс философиясының даму шыңы – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың
басындағы діни философия. Оның бастауында орыс философы, мистик, ақын
әрі публицист В.С. Соловьев (1853-1900 ж.) тұрды. Оның ӛзіне тән діни
терминологиясының астарында: біртұтас, бұзылмайтын барлық адами және
ғарыштық саланы қамтитын ӛмір туралы, тұрмыс туралы философиялық ілім
жасырын жататын (А.Ф.Лосев). «Дерексіз бастамаға сын», «Батыс
философиясының құлдырауы» атты еңбектерінде ол антикалықтан Гегель,
Конт, Милль, Спенсерлерге дейінгі алдыңғы философияны спекулятивтік-
теоретикалық немесе діни болсын кез келген дерексіз ұстанымдарының
дәрменсіздігі туралы жазады.
Соловьев осы талдаулардың шеңберінде ымырасыз Гегельдік
философия Платонға дейін жоғары кӛтерілген абстрактылы рационализмді,
панлогизмді абсурдқа жеткізетінін кӛрсетті. Соловьев батыстың рационализм
дағдарысынан шығуды мистикалық және табиғи, ғылыми білімді жинақтау
жүйесі, ал «бірыңғай бірігу» ілімі «теософия ілімі» ретінде «жаңа
философия» жасау арқылы жасауға болатынын кӛре білді.
Соловьев жаңа философия мен теософияны «Ізгілікті ақтау. Мінез-
құлықтық философия», «тұтас білімнің философиялық негіздері», «Құдай-
адам туралы оқулар» атты еңбектерінде жасап шықты. Бұл еңбектерінде ол
соборлыққа, жалпы бірігуі мен адамның абсолюттік құндылықтарына ерекше
кӛңіл бӛлді.
Соловьев соборлық дегенді – адамдардың Құдайға және бір-біріне
махаббаты негізінде ӛз еркімен бірігуі. Бұл ӛз беттерімен ұйымдасқан
адамдар қауымы. Олар ӛздерінен жоғары сыртқы беделді білмейді – деп
пайымдайды. Жалпы бірігудің негізгі ұстанымы – «Барлық бірлік бәрі бірдей
бір Құдайда». Соловьевтің ұғымында Құдай – бұл мейірбан, еркі ӛзінде,
бәрін сүйетін абсолюттік тұлға. Ол әлемнің материалды және рухани бірлігін
қамтамасыз етеді. Ол Құдайды «ғарыштық ақыл-ес», «бәрінен биік тұратын
жоғары тұлға», «әлемдегі ерекше ең күшті ұйымдастырушы, әрі әрекет
етуші» деп сипаттайды.
Барлық бірлікті ол үш аспектіде қарастырады – гносеологиялық –
білімнің үш түрінің бірлігі: эмпирикалық (ғылыми білім), рационалдық
(философия) және дінге негізделген мистикалық (діни пайымдау).
Әлеуметтік – практикалық – православия, католицизм және
протестантизмнің бірігуі негізіндегі мемлекеттің, қоғамның және әлемдік
шіркеудің бірігуі.
Аксиологиялық – үш абсолюттік құндылықтардың – ізгілік,
сұлулық, ақиқаттың бірігуі.
Соловьевтың айтуынша, адамның абсолюттік құндылығы ӛз еркімен
Құдайды Құдайадамды бірігіп жаратушы болу үшін, яғни ақиқатқа бастапқы
шындықты басқару үшін ақылмен болмыстың мәнін тану. Соловьевтың
айтуынша, адамның абсолюттік құндылығы Құдайды (Құдай-адамды) бірігіп
жаратушы болумен, яғни ақиқатқа деген махаббатты бастапқы мәні ретінде
қарап, оны басшылыққа алу. Осылайша, Құдайдың – болмыстың идеалды
маңызын ақылмен таңумен шектелді. «София», «Әлемнің жаны» туралы ілім
оның философия ілімдерінің мистикалық жағы, оны Құдайға, әлемге,
адамзатқа тұтастықты білдіруші жаратушы мен жаратылған жандардың
арасындағы байланыстырушы буын деп қарастырады.
Оның айтуынша, Құдай адамзаттың шын және жетілдірілген түрде іске
асырылғандығының нәтижесі. Христиан догматы бойынша шын Құдай мен
шын адам болып табылатын Исус Христос. Оның бейнесі әрбір Құдайға
сенуші адам тырысатын идеал болып қана қоймай, бүкіл тарихи үрдістің
дамуының ең жоғары мақсаты болып табылады. Христос адамға жалпы
моральдық құндылықтарды ашты, оны ӛнегелі түрде жетілдіруге жағдай
жасады. Христостың ілімдерімен қарым-қатынаста бола отыруп, дінге сенуші
адамзат барлық тарихи кезеңдерін қамтитын рухтанған жолмен жүреді,
«әлемдік шіркеу» мен монархиялық ӛкіметтің бірлігі әлемнің салтанат
құруына, әділеттілікке, шындық пен ізгілікті паш етуіне әкеледі.
«Махаббаттың мазмұны» атты трактатында Соловьевтің этикасы анық
кӛрсетілген. Ол оның үш түрін кӛрсетеді: алғанынаң берері кӛп махаббат
немесе бәсеңдейтін махаббат (ата – ата-аналық, Отанды сүюден тұрады);
алғаны бергенінен кӛп махаббат немесе жоғары кӛтерілуші (бұл балалардың
ата-анасына деген махаббаты, ол отбасынан тыс жерде де рухани
құндылықтар туралы түсінікті туғызады); жыныстық махаббат ӛмірлік ӛзара
келісудің жоғары шегі болып табылады, ол «жеке ӛмірдің жандануы», ӛзіңе
басқа нәрседе кӛз жеткізе білу.
Махаббаттың мазмұны (тәңірлік және адамзаттық), Соловьевтің
айтуынша, бұл жаңа адамды жасау (тікелей және метафизикалық мағынада).
Махаббат – тек қана субьективті түрде қайғыру емес, біреудің ӛміріне
белсене түрде ену, бірге шығармашылықпен әрекет ету.
«Ғарыштық»
философияны
Н.Ф.Федоров,
К.Э.Циолковский,
В.И.Вернадский, Д.И.Чижевский сияқты ғалымдар дамыта бастады. Бірақ
олар «таза» философтар болған емес. Олардың еңбектері – адам мен
ғарыштың проблемаларын алғаш рет кӛтеріп, күн тәртібіне Адам мен Әлемді
қойды және оның қазіргі ӛмір үшін қажеттілігін кӛрсетті.
Олар жаһандық кӛлемде кӛптеген адамзат проблемаларын ұғынуға
ұмтылып, болашақтан не күтуге болатынын, адамзат ӛркениеті дамудың
қандай кезеңінде екендігін анықтауға тырысты. Н.Ф.Федоров христиандық
және «ғарыштық» философияда ерекше орын алады. Ол білімнің барлық
санасында зор ойсана мен феноменальды еске ие болды (сол кезде ол туралы
Мәскеуде түрлі аңыздар айтылып жатты). Ол аскетикалық кейіпте ӛмір сүрді
және ӛз ӛмірін тек қана қоғамға қызмет етуге арнады. «Жалпы істің
философиясы» атты еңбегінде ол адамзаттың экологиялық және ӛнегелілік
дағдарыстарын адамның табиғатын ӛзгерте отырып табиғат ғылымы мен
ғарыштың үрдістерді басқарып отырып жеңуге болады.
Адамның міндеті – «барлық ортақ істердің» және теориялық пен
практикалық ақыл-ойдың жинақталуын іске асыру үшін ӛнегелі ӛмір сүру.
Адам табиғаттың соқыр күштерін жеңе алады және оны қажетті құралына
айналдыра алады. Федоров метеорологиялық үрдістерді басқару туралы және
күн энергиясын пайдалануды, оны кӛмірдің орнына қолдануға болатынын
айтты. Электромагниттік энергияны меңгеріп, оның қозғалысын кеңістікте
реттеу үшін кемелерді ғарышқа ұшыруды және басқа планеталарға қоныс
тебуді ұсынды. Ол адамзат ғылыми танымы мен еңбегінің арқасында ӛзінен
тыс және ӛз ішіндегі апатты күштерді меңгере алып, меңгеру және қайта
ӛзгерту мақсатымен ғарышқа шыға алады. Сонымен қатар Болмыстың жаңа
ӛлмейтін статусын бұрынғы ӛмір сүрген ұрпақты (толық құрамда ғылыми
тұрғыдан қайта тірілту арқылы) іздеп тауып алуға болады деп есептеді.
Федоров ноосфера идеяларын болжап білді, экология және қайта
қоныстану мен аштық мәселелерін кӛтерді және оларды дүниежүзілік
кӛлемде қалай шешу керектігін ұсынды. Федоровтың ілімі К.Э.Циолковский,
В.И.Вернадский, А.Л.Чижевскийлердің еңбектерінде кеңінен дамытылды.
К.Э.Циолковский (1857-1935 ж.ж.) – ӛз бетімен болған ғалым және
ойшыл, теориялық негіздерін жасаған «орыс ғарышнамасының әкесі». Орыс
космизмінің философиялық проблемаларын ӛзінің жеке есебімен аз тиражбен
шығатын басылымдарда шығарды. Оның «Әлемнің монизмі», «Ғарыштың
себебі», «Жердің болашағы және адамзат», «Әлемнің еркі», «Белгісіз ақыл –
ой күштері», «Ғарыштың жан-жануарлары», «Ӛздігінен жаралу» сияқты
еңбектері бар.
Бұл еңбектерінде Циолковский адам мен ғарыштың ӛзара қарым-
қатынасының мәселелерін бірыңғай жүйенің элементтері ретінде
қарастырады. Ол Жерді адамзаттың бесігі деп атады. Ол ӛзінің атақты ой-
түйіндерінде: «Адамзат жер бетінде мәңгі қалып қоймайды, бірақ кеңістік
пен жарықты қууы атмосфераға именіп ақырын еніп кетеді де, содан кейін
Күн маңайында кеңістік құрады» – деді. Ғалымның айтуынша, тұтастай
алғанда материя мен материалдық ӛмірдің атрибуттары болып табылады.
Ғарыш бірыңғай физикалық заңдылықтарға бағынады және құрылысы
жағынан сезімталдықтың әртүрлі дәрежесі бар атомдардан тұрады:
«математикалық мағынада барлық ғалам тірі». Ол дамиды. Шексіздік пен
мәңгілік уақытындағы атомдар ақыл-ойға ғарыштық ажалсыздық кепілдігін
береді. Шындығында, ғалам – бұл жеке қуанышы мен кемелденгендікті
тудыратын, бақытсыздық пен ақылсыздықты білмейтін, бірыңғай ӛзін-ӛзі
басқаратын жүйе. Әлемді материалдық емес жоғары махаббат пен ақылдың
шексіз махаббаты болып табылатын Алғашқы себептер жасады.
Циолковскийдің пікірінше, адамзаттың ұжымдық ақыл-ойы мен
планеталық деңгейде танымдық еркі де адамдарды бақытты қыла алады.
Бірақ бұған кӛбіне құмарлыққа душар болатын адам табиғаты кедергі
болады. Барлық адамзаттың азап шегуінің бастапқы кӛзі – «Шаттықтан
агонияға дейін». Мұндай адамзаттық барлығына тән кемшілікті жеңуге
болады. Циолковский адамзатты жетілдірудің бағдарламасын ұсынады.
«Қазір және болашақта біздің бақытымыздан, яғни барлық тірі жандардың
бақытынан маңызды ештеңе жоқ». Оның ойынша, адамзаттың шексіз әрі
бақытты прогресі Жаһанның кең далаларында болашақта орналасып және
ғарыштың кеңістіктеріне шыққан кезде ғана іске асырылады.
Циолковский: адамзат ғарышта тұруға қабілетті, бірақ олар басқа
«энергетикалық» мақұлықтар болады. Ол
ӛз ӛмірінде осындай
мақұлықтармен үш рет кездескенін айтады. Олар дамудың ӛте жоғары
деңгейінде және олардың тұрпайы материалдық денелері болмайды. Олар
жетілген әрі энергетикалық тұрғыда «нәзік» болып келеді.
Циолковскийдің кӛзқарасы бойынша, адамзаттың ӛркениетінің жоғары
дамуы, эволюциялық үрдістер сияқты, әлемнің құрылымын ӛзгерту қабілеті
болып табылады. Ғалымның астронавтика мен зымырандық динамика
саласындағы ғылыми жаңалықтары оның ұсынған философиялық
тұжырымдарын экспериментті түрде растау үшін қабылдаған болатын.
Циолковский ӛмір мен ақыл-ой Әлемнің негізгі атрибуттары болып
табылады деп есептеді. Ол Жерден тыс ӛмір, Жерден тыс ӛркениет бар деп
күмәнданған жоқ. «Белгілі әлемде миллиондаған, миллиардтаған күнді
есептеуге болады. Бізде де Жерге ұқсас сонша планета бар. Олардағы ӛмірді
де жоққа шығарсақ адам нанғысыз болар еді».
В.И.Вернадский (1863-1945 жж.) «ноосфера», яғни ақыл-ой ӛрісі
идеясын ұсынды. Ол басқа ғалымдардың, негізінен Тейяр де Шарденнің
биосфера туралы түсініктерін әрі қарай нығайтты.
Биосфера – табиғаттың ерекше түрі, онда тірілер мен жансыз заттардың
ӛзара әсері туралы айтылады. Тірі ағзалар ӛледі де жердің қабығына
айналады. Ол: «тірі табиғат пен ӛлі табиғат арқылы сірескен материяның
«ӛзара әсері» биосфераны қалыптастырады».
В.И.Вернадский биосфераның дамуының жоғары деңгейі ноосфера
болып табылады, – деді. Ол: «... адам мәдениетінің салалары және адам
ойының кӛрініс табуы сияқты барлық ноосфера – шексіз, кішкене зат тәрізді
жоғалып кететін ғарыштық кеңістіктен тыс жатады».
Бұл термин арқылы жер бетінде болып жатқан ақыл-ойдың үрдістерге
әсері, оның үстемдік етіп, ӛзінің, тірі табиғаттың алдында жауапкершілігі
артқанға дейін күшейе түсетінін кӛрсеткісі келді. Ноосфера біртіндеп
жалпыпланеталық кӛлемде шын күш бола бастады.
Адам оның әрекеті планетаның кейпін толығынан ӛзгертетінін кеңінен
сезіне бастады. ХІХ ғасырда мұндай проблемалар болған жоқ, біздің қазіргі
кезімізде жағдаяттар түбірінен ӛзгерді.
Біз бәріміз ноосфера қызметтерінің жанама нәтижелері ретінде қазіргі
заманғы жаһандық проблемалардың кепілі мен жасаушысы боламыз.
Тірі мен ӛлінің, адам мен ғарыштың, психикалық және физикалық
нәрселердің бірлігі идеясы атақты орыс ғалымы А.Л. Чижевскийдің (1897-
1964 жж.) кӛтерген негізгі мәселелері болды және оның ғылыми
зерттеулерінің бағытын айқындады. Осындай батыл гипотезаларды алға
апару оның кейінгі эмпириялық тексерістерінен кейін, ол үшін табиғатты
ғылыми танудың негізгі әдісі болды.
Ол «Әлемнің негізгі бастамасы» еңбегінде табиғаттың бірлігі бірыңғай
табиғи субстрат пен бірдей ұстанымдармен қамтамасыз етілген деп жазды.
ХІХ ғасырдың аяғында ашылған электрондардың «субстрат – алғашқы негіз»
ретінде қарастырылды.
«Материалдық әлем бірізділіктің, заңдылықтың, комбинацияның,
бірыңғай субстрат – электрондардың аренасы», одан әрі: «... табиғаттың
механикасы бірыңғай, бәрін сыйдыратын ұстанымдарға, яғни барлық
құбылыстар бағынатын энергияның айналуы ұстанымына негізделіп
орнатылған».
9.6. Философия мен әдебиет (Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой.)
Орыс мәдениетінің екі алыбы – моральдық және ӛнегелілік
проблемаларды кӛтеруші Ф.М.Достоевский мен Л.Н. Толстой философиямен
шұғылданушы жазушылар болды.
Ф.Достоевкий (1821-1881 жж.) орыс мәдениетінің дағдарысы негізінде
туды. «Рухани құндылықтары бар сана оянса, оларға махаббат сезімі,
сонымен қатар ықылас пен сақтау мен қорғауды аңсау күшейеді»
(Н.Анцыферов).
Ол осы дәуірге ӛзінің жанын аямады және халықтың рухани жанын ӛз
шығармашылығымен байытты. Добролюбовтың анықтауы бойынша,
Достоевкий ӛзінің «Кедей адамдар» романында, ол гуманист ретінде – оның
негізгі кӛзқарасы «адам туралы ауру» екенін білдірді. Достоевкий ӛзінің
гуманистік идеяларын «Сұлулық әлемді сақтап қалады» формуласымен
танытты. Оның философиялық мазмұны «материалдық ӛмірде іске
асырылған сұлулық – ақиқат пен жақсылыққа» негізделген. Жақсылық пен
ақиқаттан тыс сұлулық зұлымдық құралына, адамды бұзуға, оның
трагедиясына айналады.
Достоевкийдің ӛмірі руханилықты іздеу мен трагедиялық жағдайларға
толы.
Ол
28
жасында
утопиялық
социализмді
насихаттаған
петрашевтіктердің үйірмесіне қатысқаны үшін ату жазасына кесілген еді.
Соңғы минуттарда «Ат! Жабыла ат!» деген командасын ӛзгертті, бұл үкімді
кӛп жылдық каторга мен алты жылдық әскерге бару қызметімен (Сібір мен
Қазақстанда) ауыстырды. Жазушы ол жақтан Құдайға сенгіш адам болып,
қоғамдық
ӛмірді
жақсарту
үшін
революциялық
акциялардың
мағынасыздығына кӛз жеткізіп оралды. Адам табиғатында басынан берілген
жамандықты революциялар жоя алмайды. Алайда, оны бұрынғыша «орыс
социализмі» идеясы қызықтырды. Ол оны қауымдық пен жақынына деген
махаббатқа негізделген алғашқы христиандық рухта түсіндірді.
Достоевкий «адамдар әлемі күшпен құтқарылмайды», – деді. Ол
революционерлерді «адамдарды зорлыққа итермелейтін әзәзіл» деп атады.
Әрбір адамда осы әзәзілдердің бір бӛлігі болады, бірақ жамандық пен
зорлықтың үстінен жақсылықтың басымдылығы ақиқат. Бір адамның
ӛміріне, бір тамшы қанға, бір баланың саусағы немесе кӛз жасына құрбан
болуды алдына мақсат етіп қоятын нәрсе жоқ, болмайды да.
Еуропа мен Достоевский сыни қарым-қатынаста болды. Ол: Батыс теріс
пиғылда, онда «ағайындық» бастау болмайды және индивидуализм, эгоизм,
утилитаризм ӛркендейді. Ол Батыстың әлеуметтік, рухани дамуының
болашағын кӛрмейді. Достоевскийдің бір кейіпкері Батыс Еуропаны «ең
қымбат зират» деп атайды.
Ойшыл XIX ғасырдың 60-жылдары Лондонда Герценде болды. Онда
ол капиталистік Батыстың «мещандық идеалының» орнына «жаңа орыс
идеясы» – «почвенничествоны» енгізді. Оның мәні қоғамның жоғары
қабаттарын орыс халқымен, қауымдық идеяны алға апарушы «барлық
туысқандарды бір махаббатқа, бейбітшілікке, революциялық емес түрде
біріктіру». Достоевский бұл идеяда католицизмнің, материалистік және
атеистік емес мұрасын, махаббатқа негізделген және «барлық әлемдік бірігу»
христиандық-православиелік социализмде «біздің орыс социализмінің»
тамырларын кӛреді.
ХХ ғасырдың 60-жылдары орыс жерінде В.Астафьев, В.Белов,
П.Проскурин, Н.Рубцов, А.Яшин сияқты үздік ӛкілдер қатысқан жазушылар,
ақындар, публицистер арасында осыған ұқсас «деревнялықтар» қозғалысы
пайда болды.
Достоевскийдің барлық шығармашылығы – діни-философиялық
тұрғыда Құдайды іздеуге және адам болмысын ашуға толы. Онда бір құпия
бар, оны ашу керек деді. Ол адам танымында ақыл-ойдың шектелуі
мүмкіншіліктерін кӛрсете отырып, тұлғаның маңызын «ақылды субъектіге»
түйістіруге болмайды, ол рационалды философияда қабылданған деді.
Жазушы рационалды білімге және иррационалды ерікке «орыс
руханилығын» – «уақтылы емес ойларға» және махаббаттың, міндеттің,
моральдық «архаикалық» ұғымдарына қарама-қарсы қойды.
Ойшыл адам жанының тереңінде бірінен-біріне ауысатын жапа шегу
және ләззәт алу, ұятсыздық және ар-ұят сияқты «демондық» және
«Құдайлық» бастамалар бар деді. Адам табиғаты екі жақты болады.
Жақсылық немесе жамандықтың жеңуі ӛзіне байланысты. Сенім мен
сенімсіздіктің
проблемаларын
қарастыра
отырып,
Достоевскийдің
кейіпкерлері: «Егер Құдай ӛлсе, онда бәріне рұқсат етілген», – деп, мәселені
турасынан қояды. Олар бірден: «Адамға Құдай керек!» деген жауапты
таңдайды. Құдай жоғалса, ӛмірдің мәні де жоғалады.
Достоевскийдің айтуынша, адамның күрделілігі оны қалыптастыратын
факторлардан (биологиялық және әлеуметтік) тұрады. Оның құрылымында
(саналы және санасыз), ал оның ӛнегелі салаларынан жақсылық пен
жамандық кӛрінеді. Адамның күрделі салаларынан байқалатыны –
сонғысында бәрін анықтайтын нақты нәрселер бар. Бұл адам тұлғасының
сипатын ашады.
Достоевский ӛз шығармаларында рухани тазару, ӛнегелі құндылықтар –
махаббат, намыс, ұят, әділдік, бақыт туралы кӛп айтады. Осы кезде ол
адамның ары ӛшпейтін нәрсе, тек сол ғана адамдарды бақытқа кенелтетініне
сенеді. Оның «Нақұрыс», «Қылмыс пен жаза» романдарында гумандық
дегеніміз – бұл кешіре білу және басқадан ӛзінің қабілеті жетпейтіндерді
талап ете алу. Гумандық, Достоевскийдің пікірі бойынша, алдында әлем де
тұра алмайтын ӛнегелі құндылық. Ол үшін бұл – аксиома.
Достоевскийдің айтуынша, әлеуметтік жамандықтан адамды оның
рухани еркіндігі мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін христиан этикасы
ғана құтқара алады. Оның ойынша, адам ӛз-ӛзіне, ӛзінің материалдық
табиғатына «қан тамырлары ақауы және күнәлары» болып табылады.
Сондықтан тыйым салынбаған адам табиғаты шексіз эгоизмді жеңеді. Оның
ойынша, шын сенім, «адамды қайта жасаумен», аскетизммен, моральдық
және ӛнегелілік ӛзін-ӛзі жетілдірумен кездеседі.
Ол батыс қоғамына тән сословиелердің жауласуынан қаша отырып,
еуропиялық ӛркениеттің нәтижелерін меңгеру керек деп есептеді.
Провославиемен тікелей байланысты этикалық идеалды жалпылай іске
асыруда Достоевский орыс халқының тарихи міндетті ісін кӛре білді.
Орыстың ұлттық идеалының «барлық адамилығын» дегеніне кӛндіре
отырып, ол Батысқа ешқандай жауласу жоқ деп түсіндірді. Достоевскийдің
ойынша, «Орыс идеясы» – бұл еркіндік пен бір ұлттың, бір индивидтің
кӛлемінде бір-бірінің қарым-қатынасына қарай жалпыға тән кешірім сұрауы,
ал болашақта – барлық халықтың рухани еркіндігінің шеңберінде бірігуі мен
ӛнегелі тазалығы жатыр.
«Ағайынды Карамазовтарда» ойшыл орыс халқының терең ӛнегелі
тамыры бар екенін, ішкі еркіндіктің моралін білдіруші екендігін баса
кӛрсетеді. Сондықтан ол Ресейден «бүкіл адамзаттың қайта тірілуі мен оның
жаңаруын» күтті. Ол орыс адамы ұлтына қарамай, «барлық адамзатқа жаны
ашиды», ӛйткені оның жалпы азаматтық инстинкті бар деп сендірді.
Сондықтан «орыс идеясы Еуропа ӛзінің және ұлттарында дамытып жатқан
барлық идеялардың жинақталуы болады», – деді .
Достоевский православиенің түпкі тамырында адамға берілген барлық
еркіндік сақталады, бірақ православие топырағында хаосты жеңу мүмкін
емес, – деп ӛзіне есеп берді. Әлеуметтік қарама-қайшылықтар адамзатқа
бірдей моральді күштеп жапсыру арқылы емес, барлық адамдарды шіркеуге
шақырып, жарастыру арқылы шешілуге тиіс. Бүкіл ӛмірін «шіркеулік ӛмірге»
арнауды ол Ақсүйектік ӛмірдің шіркеулік жарғыға бағынуы ретінде емес,
ӛмірдің еркін және ішкі христиандық бастамалардың жағдайы ретінде
түсінді. Шындығында бұл Вл.Соловьевтің литургиясына сәйкес келеді.
«Ағайынды Карамазовтар» романы – адамдардың саналы түрде жақсылық
пен жамандықты таңдауын Достоевскийдің философиялық тұрғыда
ұғынуының биік шыңы.
С. Моэм бұл шығарманы «барлық уақыттың және барлық халықтың ең
үздік, кӛрнекті кітабы» деп атады. «Ағайындылар» мәтініне Ұлы инквизитор
туралы аңызды қосады. Ол романның «шарықтау шегі» болып табылады.
Сонымен қатар ӛз бетінше Құдай – Адам – Христың жеке тұлғасы туралы
философиялық шығарма болып есептеледі. Аңыздың кӛпжоспарлы
концептуальды символикалық мазмұны онда теодицеяны кӛруге,
антихристиандық бағытталушылық туралы басқаларға айтуға мүмкіндік
туғызады.
Кәсіби
философ
болмай
тұрып-ақ
Достоевский
Ресейде
экзистенциализмнің негізін қалады және XIX-XX ғғ. аяғында діни
философиялық ойлар мен мәдениеттің қалыптасуына әжептәуір әсер етті.
Атақты
орыс
философы
Флоровский:
оған
идеялардың
кӛпжоспарлылығы жүйесін бере отырып: «нағыз метафизикалық тәжірибенің
тереңдеуі мен жан-жаққа қарай қозғалысы», – деп атады.
Достоевскийдің кӛзқарастарының күрделілігі мен қарама-қайшылығын
Т.Манн былай деді: «Барлық адамзаттың және оған деген махаббаттың
атынан: бүкіл тозақтық азап пен танымның тереңдерінен ӛткен және
риторикадан айырылған жаңа гумандықтың атынан».
Достарыңызбен бөлісу: |