релятивизмді жақтауы оларды біріктірді. Барлығы әр уақытта адамға
байланысты, ол барлық заттар – ӛлшемі деп есептеледі. Олар оңай үлкенді
маңызсызбен алмастыратын болған. Сондықтан софисттерді дана ғана емес
икемді деп те атаған. Философияның жаңа оқытушылары тезисті шегіне
дейін жеткізіп огностизмге жиі батқан. Философияның жаңа оқытушылары
барлық білімінің салыстырмалылығы туралы тезисті шегіне жеткізді.
Ең шарықтау кезіне софистика б.з.б. V ғ. жеткен. Ол кезде софылардың
үлкендер қатарына Протагор, Горий, Гиппий және Продин тәрізді
философтар енген. Олардың ішінде атақтысы Протагор (б.д.д. 481-413 жж.)
досы Перикла релятивист, скептик заттар ӛзгергіштігін зерттеген. Адам
барлығының ӛлшемі деген. Адам – барлығының ӛлшемі, сондықтан не жақсы
не жаман ажырататын адамның ӛзі. Ол ақиқат пен жалған, әділеттілік пен
әділетсіздікті айырудан бас тартқан. Бұл жағынан софистика басқа ілімдерге
қарсы шықпайды, ол тек бұрынғы натурфилософиядағы түсініктерді
аяқтайды. Натурфилософтар (Героклит, Элепедокл, Демокрит, Филолай және
т.б.) софистерге дейін-ақ әлемде болып жатқан барлық құбылыстар,
қозғалыстарды қасиеттілік деп таныған. Олар тек натурфилософтардың
скептецизмі мен релятивизімін айтып жазды және сократтықтардың дамуына
жол ашқан. Софистердің ой құдіреті мен тәрбиеге деген сезімі Платон мен
Аристотельге әсер еткен, бірақ олардың саяси этикалық ұстанымдарын
қабылдамаған. Мысалы, софистер заңдарға адамның бағынуына қарсы
болған. Олар адам сезімдері мен қалауларына жол ашқан. Олардың
айтуынша нағыз ӛмір заң мүлдем жоқ жерде дамыған Гиппий).
Протогор философияда үлкен ӛзгеріс ашты. Ел назарын табиғат пен
ғарыштан адамға ауыстырды. Мысалы: егер жел соқса, оның жылы не суық
екендігін адам қалай сезінсе, демек, ол сондай болады. Демек, ешнәрсе
жалған емес. Әр нәрсенің шындығы бар. Таза ақиқат жоқ, ол тек аз
мӛлшерде.
Адамның барлық ойы таза ақиқат еместігін айтқан Протогор заттарды,
түсініктерді орнымен алмастырмаған. Әр нәрседен адамға пайда шығаруға
болатындығын айтқан. Демек адам басқа затқа сүйенуі қажет. Протогор
адамға пайдалы нәрсені қандай жағдайда болсын қорғауды үйреткен. Ол
зардап шегуші адам емес, әрекет етуші адамды зерттеген.
Кіші софистер – Фразимах, Критий, Полемон, Алкидам,
Ликофронал барлық адам табиғатта тең деген ой айтады. Бұл кӛзқарастарда
құлиеленушілік айтылады. Фразимахтың айтуынша, әділеттілік – ол күші
басым адамның жеңісі.
Философияның бұрынғы сенімдерінің бәрін бұзып, софистер орнына
тұратын ештеңе бермеді. Адамды тек биологиялық тұрғыдан қарастырып,
жандүниесіне кӛңіл бӛлмеді.
Қоғам софистердің сендіру ӛнеріне зарық болды. Олар демографиямен
танылды. Олар демагогтарды тәрбиеледі. Және ол Сократ, Платон,
Аристотель кезінде кӛп орын алған. Софистердің білімі аз болған.
Философтар софистердің ӛз мақсатына қандай жолмен болса да жету
ұстанымын айыптаған.
Сократ (б.зд.д. 469-399 жж.) – үш танымал антикалық философтардың
бірі. Оның ӛмірі қайғылы, ілімі қарапайым. Ол ӛзін тек қана философ
(даналықты сүйетін) деп есептеген, ӛзін ешқашан «дана» санамаған. Сократ
ешқашан ештеңе жазбаған, ойларын достарының арасында айтып отырған.
Оның
пікірлері
оқушыларының,
бірінші
кезекте
–
Платонның
мазмұндамаларынан бізге жеткен.
Сократтың пайымдауы бойынша философия – табиғатты ойша
талқылау емес, қалай ӛмір сүру, жақсылықты қалай жасау мен танып білу,
қалай жанды ӛсіру туралы ілім. Оның ғылыми қызығушылықтары адам
болмысы мен білім болмысын ашуға және дәлелдеуге бағытталған,
сондықтан антикалық философиядағы антропологиялық бетбұрыс одан
басталады. Егер софистер «барлық заттың ӛлшемін» адам деп білсе, ал
Сократ үшін Гегель атап ӛткендей «барлық заттардың ӛлшемі ойшыл адам».
Сократ софылықтардың идеологиялық қарсыласы болды, афиналық
аристократияның жақтасы болып демократтарға сын кӛзбен қарады, бұл әлі
талқыланбаған заңдар шегімен ұстап тұрылмайтын басқару түрі Грекияға
пайдасынан гӛрі зиянын кӛп тигізеді және афиндік мемлекетке ӛлім қауіпін
әкеледі деп санаған.
Ӛзінің зерттеу пәніне Сократ танып білуші адамды таңдап, ӛзінің
ізденістерінің мақсаты жайында былай деген: «Афиналықтар, шынын
айтатын болсам, даналықты іздеуден басқа мені ештеңе де олай
басқармайды. Бұл қандай даналық болды екен? Бұл тура мағынасында
адамның даналығы (яғни адам адамға қатысты қандай мағлұмат білуі мүмкін
екендігі), осындай мағлұмат бойынша, мүмкін, мен дана шығармын».
Егер софистер ӛздерінің зерттеулерін риторика, физика математика,
астрономия сияқты ғылымдар аймағында жүргізіп және адам қызметінің
мәселелерімен айналысса, Сократ олардан әлдеқайда кӛпке барды. Ол
натурфилософиямен (онтологиямен) айналысуды сенімсіз әрі керексіз санап,
оны толықтай шеттетіп тастайды: әлем түсіндіріп немесе ӛзгертетін адамның
жұмысы емес, ол тәңірдің жаратылысы, ол үшін құдіретті сана керек. Оның
кӛзқарасы бойынша философия – ол білгішсіну емес, ол қалай ӛмір сүру
керек екендігі жайындағы ілім, ол ізгілікті адам мен әділетті мемлекеттің
қалыптасу құралы. Оның бүкіл интеллектуалды әрекеттері этика сферасында
шоғырланған. Сократ ӛзінің зерттеулерінің ортасына адам субъектісінің
мәселесін қояды.
Адам болмысы – оның жаны (түсінетін). Сократтың түсінуі бойынша
«жан» аясында «мен саналымын» яғни интеллект жиынтығы, ар-ұят, мораль,
адамгершілік мінез-құлық және белсенді ойлау шы. Бұл әлемде барлық
нәрсенің мақсаты – адам. Оның алдында тұрған ең қиын мәселе – ӛзін-ӛзі
танып білу. Ал тәрбиешінің, философтың мақсаты –адам «жандүниесін
байытуға» үйрету. Ӛзін-ӛзі тану кезеңіндегі ар-ұяттың (ішкі дауыстың)
рӛлін атап кӛрсетеді. Олардың есептеуі бойынша ар-ұят құдіретті жаратылыс
– шынайы ақиқатқа жетудің кепілі. Құдайлар адамды ар-ұяттандыра отырып
оған ерекше орын береді және бүкіл әлемге мағына береді. Адам
болмысының мақсаттылық концепциясын негіздей келе Сократ бұрынғы
ұсынылған натурфилософияға қарағанда жаңа, тамаша құндылық шкаласын
енгізеді. Оның басты түсінігі «рақымшылық» болады. Гректер үшін бұл
түсінік жан-жақты мағына береді. Ол қолданғанда нәрсені пайдалы және
шүбәсіз қылатын сапаның жинақтылығын кӛрсетеді. Ал бұл ӛз кезегінде
барлық тіршілікті және барлық құбылысты әбден жетілдіруге әкелетін
белсенді мақсаттылықты жобалайды. Сократ бойынша адам ізгілігі оның
жанын толық әрі адамгершілікті қылатындықта: «адамгершілік білім болып
саналады». Білімді құбылыстың мәнін түсіну арқылы алуға болады. Басқаша
айтқанда білім Сократ бойынша заттар мен белгілердің толық қатары үшін
жалпы бірыңғайды табу. Надандыққа білімсіздік пен адамгершіліксіздік
сәйкес келеді.
Сократ тақуа (аскет) емес. Ол ақырғылықты қабылдамайды және
қандай да бір ӛмірдің қуанышы мен қызығынан бас тартуға шақырмайды.
Сократ рақымшылдармен келісе отырып қана бәрін ретке келтіреді. Байлық,
билік, атақ, денсаулық, сұлулық сияқты кӛне дәстүрлер құндылықтары
«надандықпен бірге болса онда зұлымдыққа себепші болады... ӛз
табиғатынан қайырымды бола алмайды». Керісінше, ізгі мақсатпен
қолданылса, олар екі есе құнды бола түседі.
Сократтың рационалды этикасы екі парадоксальды мағынада
берілген: қайырымдылық ол білім (яғни даналық, бірқалыптылық, әділдік),
ал жамандық – білімсіздіктің белгісі («ешкім біліп тұрып күнә жасамайды»).
Адам табиғатынан ӛзіне пайда іздейді, яғни ол ӛз қателігінің құрбаны болып
жатады, бұл сананың қателігі. Тығырықтан шығар жол қайда? Ӛзіндік
танымда. Адам тек қана ӛзінің рухани сезімін ретке келтіру арқылы ішкі
дүниесінің үйлесімділігін тапқанда ғана бақытқа жетеді. Бұл жерде де Сократ
бақыт туралы түсінікті жалғыз айтпайды. Мысалы Гераклит, Демокрит,
Пифагор айта кеткендей, бақыт – моральдық категория болғандықтан ,
сыртқы ортадан іздеудің қажеті жоқ. Сократ қайырымдылық мұратқа жету
әдісін жетілдірді, жүйеге келтіріп тереңдетті. Сократ этикасының басты
айырымдық белгісі – қайырымдылықты біліммен байланыстыруы. Адам,
таным, ӛзін-ӛзі танумен айналыса отырып, қайырымдылық негізін
(ұстамдылық, ерлік, әділдік) үйренуге болатындығын айтты. Ол тек солай
ғана адамға айналады.
Сократтың философиялық әдісі шынайы білімге жетуге бағытталған.
Шындық таласта танылады. Ӛзімен-ӛзінің диалогындағы мақсат – ӛз
жандүниесін сезіну, оның мәнін түсіну. Индуктивті талқылауды пайдаланып
(қисын) пікірдегі қайшылықтардың нәтижесінде, солармен бетпе-бет келе
отырып, танушы әлдеқайда сенімді білімге ие болады. Бұл әдіс яғни жалпы
жалқы арқылы танылатын, бірліктің қарама-қайшылығын қалпына келтіру
жолы – диалектика деп аталады. Сократ осыны жетілдіре отырып, иронияны
(сылтаурату, қылымсыған надандық) және майевтиканы (жоққа шығару)
пайдаланады. Осындай тәсілдер кӛмегімен таласта шындық туады. Дұрыс
қойылған сұрақтар арқылы, яғни ирония (күдік, сылтаурату) кӛмегімен
«қарсыластың» әлсіз жерін анықтау – Сократ философиясының мәні болып
табылады. Ирониядан майевтиканы ажыратуға болмайды. Кіндік ӛнер –
сенімді және білімді игерудегі кӛмек. Барлық процесс дефинициямен
(тұжырым, анықтамамен) аяқталады. Сонан соң бәрі қайталанады. Осындай
үлгімен танушы заттың мәнін (ақиқат) аңғарады. Танымның осы тәсілін
Аристотель жоғары бағалады: «Сократтың басты қызметі сонда, ол
жалпының анықтамасын үйренуді алғаш қолға алды, зат мәнінің танымға
негізделетінін тұңғыш мойындады.
Әрине адамның мәні танымның раицоналды тәсіліне Сократтың шексіз
сенімін – ақиқат қайырымдылық ретіндегі ӛзін-ӛзі басқару, ақиқат шындық
ретіндегі таным адамның рухани мәні оның кӛрсетуінше берілмейтін
құндылыққа жатады. Субъект автономы мәселесін кӛтере отырып, Сократ
философия дамуындағы жаңа бетбұрысты дайындады. Ар және мораль
интеллект жиынтығы ретінде оның мәнін негіздеп, ойлы және иманды адам
мәселесінде философияда тӛңкеріс жасады. Полис формалы жатақханалы
құлиеленушілік қоғам үшін, индивидтің ӛз қаласының азаматы ретінде мәні
болды. Және оған бәрі міндетті болды. Бұл тұжырым жүйені іштен әлсіретіп,
қоғамды қопарды. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі
адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті
ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге
ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен ӛзіне дейінгі философтардың ой-
пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін кӛре білді. Сократтың
ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.
Сократ ӛзінің ақиқатты ізденушілігімен демократтар, аристократтар
үшін нағыз қауіп болды. Грек демократиясы ӛздерінің саяси бақталастарын
қатаң жазалады: оларды қуғынға ұшыратып немесе ӛлім жазасына бұйырды.
Оны құртуға себеп те табыла кетті. Ол екі жолдың бірін таңдауы керек болды
– ақиқатты немесе ӛмірді. Сократ ӛзіне сенімді болды. Оның ӛлім жазасы –
«әділетсіздікпен»
күрес.
Жүйе
ӛзін-ӛзі
солай
қорғады.
Сократ
алғашқылардың бірі болды.
Сократтың жасаған таңдауы оның ішкі еркіндігінің қалауы
болды. Оның оқушылары ондай қайсар болмады. Әйтсе де бірде-бір грек
философында мұншалықты кӛп әрі сенімді оқушылары болмады. Оның
таңдауы Диоген Лаэрцийдің сеніміне, Пифиидің «Сократ ӛзінің барлық
даналығынан да жоғары» деген мадақтауына ие болды.
3.4. Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық академия
Платон (б.д.д. 427-347 жж.) атақты және аса ауқатты бай жанұядан
шыққан. Оның шын есімі – Аристокл. Оның Платон деп аталуы денесінің екі
бӛлігі – кеудесі мен маңдайы кең кӛлемді болғандықтан. Оны Платон деп
атаған Сократ. Шыққан тегі бойынша аристократ, Аттиканың соңғы ханы,
Кодр ханның ұрпағы, 20 жасында Сократпен танысып, ӛмірінің соңына дейін
оның шәкірті болған. Ол басқа да сол заманның байларының ұлдары секілді
ӛзін мансапқа дайындаған. Бірақ аристократтар мен демократтардан кӛңілі
қайтып, Сократпен кездескеннен кейін, философияны ӛмірінің мақсаты деп
таңдады. Ұстазы қайтыс болғаннан кейін, 20 жылға Афинаны тастап кетіп,
Египет, Оңтүстік Италияны, Сицилияны аралап кетеді. Грециядан тыс оның
ғылыми және саяси-экономикалық кӛзқарастары қалыптасады. Сициялида
Платон ӛзінің идеал мемлекет жобасын жүзеге асырамын деп, оны ішкі саяси
істерге араласқаны үшін, құлдыққа сатып жібереді. Оны пифагориялық
Архит құтқарып алады. Достарының қарызын ӛтеу үшін жиналған ақшасын
Архит қабылдамайды. Сонда Платон ол ақшаны алып, ӛз Отанына оралады,
бақ сатып алып, оған Академ атауын береді және ӛзінің философиялық
мектебін ашып, оны Академия деп атайды.
Платон академиясы антикалық иделизмнің ортасы болды. Бұл уақытта
дейін Эллада да идеализмді ешкім орнықтырмаған еді. Диоген Лаэрцийдің
ескеруінше, Платонның еңбектерінде эллеаттардан бастап, Гераклит пен
Пифагор, Сократқа дейінгі аралықтағы философтардың барлық идеалистік
кӛзқарастары орын тапқан. Әйтсе де идеалистік жүйені ең бірінші қалаған
Платон болады. Ол бай философиялық мұраларын қалдырып кетті: диалог
түрінде қалдырған отыздан астам еңбегі – «Тимей», «Федр», «Заңдар»,
«Саясаткер», «Мемлекет» «Сократқа апология» деген еңбегінде ұстазының
атынан ӛзінің кӛзқарастарын ұсынады.
Платон және Сократ софистердің философиялық кӛзқарастарын
құлиеленуші мемлекеттің тұрақтылығын қорғайды деп есептейді. Олар мұны
Грекиядағы афиналық, анархиялық демократияның жабайы түрі деп
есептейді. Егер софистердің «жеке» бостандық идеясы ӛмірде жүзеге асса,
индивидтер мен жекелер арасында қарама-қайшылық туады. Құлиеленушілік
қоғамда азаматтардың бір бӛлігінің екіншісіне сӛзсіз бағынуы үлкен
қоғамдық апаттарға алып келеді. Платон мұны ӛмірден байқаған. Мұндай
құбылыстардан шығу жолы мемлекеттіің, демократияның заңдарды күшейту
емес, азаматтардың моральдық танымы мен саяс кӛзқарастарын қолдау
болып табылады.
Платонның сенімі бойынша Демокриттің атомдық ілімі біржақты.
Атом түсінігінде адам – ӛзін-ӛзі түсінетін атом (ежелгі грек тілінен латын
тіліне аударғанда атом – «бӛлінбейтін зат»). Мұның ӛзі құлиеленуші қоғамға
ӛте қауіпті. Платон үшін «атомшылар» мен «софистер» теория мен
идеологияның басты жаулары. Антистік философияны желдің бағытымен
жүретін, желсіз желкенді меңзейтін ой деп бағалады. Бұл бағытты ол
идеализм тұрғысынан түсіндіргісі келеді. Платон адам баласын тәрбиелеуді
этикалық тепе-теңдік рухында ұсынады. Ӛзі мемлекет идеалды болу керек
делінетін ұғымын ұсынады.
Платонның еңбектерін үш кезеңге бӛлуге болады: ол Сократтың
«этикалық рационализм» идеясын философиялық антропология, сонымен
танымның диалектикалық әдісі.
Танымның негізге мақсаттық ӛзіндік ерекшелігін тану үшін ерекше әдіс
керек. Платон оны диалектика «болмыс туралы ілім» («мемлекет») деп
атады. Бұл әдіс бойынша кӛптік бір, бірден бірнеше болмыстар болуы
мүмкін. Танымның келесі сатысын кӛптен жекеге бӛліну деп есептейді.
Платонның диалектикалық әдісі бойынша ой тӛменнен жоғары қарай
қозғалады, болмыстың бар екендігі идеяға апарады. Жоғарыдан тӛменге
идеямен жүзеге асады. Диалектиканың осы екі әдісін Платон ӛзінің
«Федресінде»: «жалпылықты тани отырып екі идеяға ұласады», басқаша
айтқанда болмыстың барлық түрін ажырата білу – оның табиғи бӛлшектерін
тану.
Платонның идеяларын гносеологиялық және логикалық тұрғыда
түсіндіруде мыналарды ескеру керек: болмыс жоқ, ол туралы ой мен түсінік
бар. Бұл ойдағы заттарға қатысты жалпы идея. Платонның диалектикасы,
анығырақ айтқанда, заттардың болмысын оған қарама-қарсы заттардың
болмысымен салыстыру.
Платонның айтуы бойынша, тек қана мәңгілік, ӛзгеріссіз ӛмір бар ой
әлемі бар. Ол ӛзін «біріккен материалдық Парменида болмысы» ретінде емес,
нақты құрылыс сияқты етіп кӛрсетеді. Онда иерархия биіктігінде Жақсылық
ойы тұрды. Біздің мәңгілік, материалдық әлеміміз – ой әлемінің тек қана
әлсіз жарығы. Ол ӛзгеріп, әрқашан ауысады және ешқашан тоқтамайды. Бұл
нақты болмыс емес ой ғана. Басқаша айтқанда біздің әлемнің заттары мен
құбылыстары идеяларға еліктеп, және оған жету мақсатында пайда болады.
Платон басқа жолмен келеді, бірақ оның ілімі қарама-қайшы.
Ұсынылған пікірлерді соңына дейін жеткізе алмаған кездері де болған. Оның
ойлары сан алуан, ал әрекет ӛрісі кең. Диоген Лаэрций Платонның
кӛзқарастарында осыдан ілгері идеалистік кӛзқарастар ықпалы жеңіл
шешімін табады деп айтқан. Бірақ бұл компиляция емес ақырында толық
жаңа бір нәрсе шығатын қайта шығармашылық ойластыру. Осылай Платон
философияға ең бірінші болып дәстүрлік, физикалық, сезімнен тыс, идеалдық
және ақыл жетерлік ой әлемін орнатқан. Айтып ӛткендей, Платонның идеясы
түсініктемені емес ойды білдіреді. Бұл «идея» категориясындағы ұғынудың
жаңа деңгейі. Платонның ӛзгермейтін эйдос әлемі перменойдтардың тұрмыс
жайлы оқуын еске салады. Сонымен Платонның тұрмыстық оқуында
мәңгілік әлем тұрмыстыққа және тұрмыссыздыққа қатысты. Мәңгілік
әлемнің құрылуы біріккен қарсылық болып саналады. Бұл тұрмыстық және
тұрмыссыздықтың диалекті.
Платон тұрмыстық, сезімдік және материалдық түсініктерімен
шеттенеді. «Тимейде» ол «әрқашан маңызды болатын нәрселерді таба білу
керек» деген тезис шығарады. Басқа сӛзбен айтқанда, ол екі түрлі тұрмыс
түрін қарастырады. Тұрмыс – барлық заттар мен құбылыстар әрқашан
ауысып отыратын материалдық әлем. Идеялар расында бар, олар
материалдық әлемнің заттары мен құбылыстарының мәні.
Идеялар әлемін Платон тӛлтума тұрмыс деп санайды, ал материалдық
әлемді екінші деп есептейді. Платонның ойынша идея мен формасыз
материяның қосылуы рас нәрсе. Сонымен, материалдық әлемде ағаштардың
болуы тек эйдос әлеміне ғана қатысты.
Платон бойынша сезімдік заттар әлемінде бір ғана немесе кӛп құбылыс
бар. Бұл ӛмірдің диалектикасы тұрмыстық пен тұрмыссыздықтың
арасындағы қарсылық қарым-қатынастары. Белгілі әлемде мәңгілік және
қозғалыссыз нәрсе жоқ. Идея диалектикасында тұрмыстық пен
тұрмыссыздықтың арасындағы қарсы қарым-қатынастардан құралады.
Сонымен, Платон ӛз-ӛзіне қарсы тұрып эйдос әлеміне қозғалыс пен
дамуды кіргізеді. Мәңгілік идеялар әлемі біртұтас. Бірақ бірлік ӛзіне кӛпті
кіргізеді, кӛпсіз бірлік болмайды, ал кӛптік тек бірлікте болады. Платон
иерархиялық идеяларын қолданып элеаттар ӛз уақытында шеше алмаған
диалектикалық қарама-қайшылықты шешуге тырысады. «Федр» мен
«Мемлекетте» бір-біріне тәуелді кӛп идеядан тұратын ой әлемі бар екенін
айтады. Заттар идеясы ӛзімен-ӛзі күнелтеді. Олар материалдық әлемнен
бӛлек тұрады және оған тәуелді емес. Платонның бұл оқуы объективті
идеализмнің ӛзегі болып есептеледі. Ол идея әлемін заттар әлемінен
ажыратады.
Заттар идеясы ӛздігінен, негізсіз, материялды әлемнен тыс және оған
тәуелсіз тіршілік етеді. Олар объективті. Бұл платондық ілім жайындағы –
ядро оның объективті идеализмінің және жалпы объективті идеализмнің
ережесі. Ол идея әлемін заттар әлемінен ажыратады. Шындығында, Платон
ӛзінің қызметінің соңғы кезеңінде атап ӛткендей ӛзінің заттар мен идеялар
қатынасы пайымдауларын қайта қарап, идеялар заттарда болатынын айтады.
Қарама-қайшылықтардың – болмыс пен болмаудың, жалғыз бен кӛптің
бірігуін қарастыра отырып, Платон диалектиканың негізін салады. Оны –
болмыс пен болмаудың байланысы қарама-қайшылықтың бірігуі болып
табылатын қалыптасуға әкеп соғатынын ары қарай Гегель жетілдіреді. Бірақ
Платон «диалектика» терминін басқа мағынада қолданады. Оның
диалектикалық әдіс-тәсілі екі операциядан – түсініктің бӛлінуі мен
жинақталуынан құралады. Жинақталу операциясы ойлардың тӛменнен
жоғарыға қозғалысын білдіреді – сезімдік заттардан олардың болмысын
түсінуге дейін, ал одан ойға дейін; бӛліну – біз бір нәрсені идея арқылы
түсіндіргендегі жоғарыдан тӛмен қарайғы қозғалыс.
«Софиста» мен «Федрада» ол диалектика заттарды және заттардың
түсінігін тектерге, оның ішінде түрлерге бӛлу ӛнерінің жоғары дәрежесі
екенін белгілейді. Кӛрініп тұрғандай, Платонның түсінігі бойынша
диалектика ол екі түрлі жолмен түсінуге болатын ғылым. «Федрадағы»
бірінші жолы гипотезадан ойға ӛтуді Платон «қосылу» деп атайды, ал екінші
жолды «бӛліну» дейді. Диалектика бірден барлығын байқап, бӛліп және
біріктіре алады.
Платон диалектикасы қарама-қайшылық арқылы дамыту туралы
гераклитті ілім ғана емес, түсініктерді анықтау әдістері, түсініктер түрлері
мен туыстары, категориялары туралы ілім, яғни түсіндірмелі
диалектиканың, таным теориясының дамуының қажетті кезеңдері, логиканы
дамыту кезеңдері деп айтуға болады. Таным туралы Платон ілімі болмыс,
диалектика, оның космологиясы, тылсымдылық ілімдерімен тығыз
байланысты.
Платон ӛзінің гносеологиясын жасаудағы шығармашылық кезеңінде
алғаш рет антикалық философтарды таным үдерісінде «ақылмен санасу
ойша қорыту» (интеллигибельді) түсінігімен байланыстырды. Оның
гнеосологиясы онтология секілді жан туралы ілімнің ажырамас бӛлігі
(«Менон», «Пир», «Мемлекет»). Платон болмыстың сәйкес түрлерімен,
білімнің алуан түрлері бар деген қорытындыға келеді. Материалдық әлемнің
пәні болып табылатын сезімдік таным Платон бойынша «болуы мүмкін емес»
деп есептелген, екіншіден, ол түпнұсқа туралы мәліметтерді емес, «кӛзге
кӛрінетін» болмысты сипаттайды. Ақиқат білім ақыл, санамен ал оның
зерттеу пәні идея әлемі, яғни кӛне болмыстың ақиқатын кӛрсетеді. Басқаша
сӛзбен айтқанда, Платон идеясы сезімтал әлемнің болжағыш себептері мен
бейнесі.
Білім түрлерін анықтай келе, Платон келесідей қорытынды жасайды,
болмыстың ақиқаттылығын тану үшін танымның екі түрімен, болмыстың екі
анықтамасы арасындағы қарама-қайшылықтарды – гераклиттық және
Достарыңызбен бөлісу: |