I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


15.  Алашорда көсемі болған Әз- 
Жәнібек ханның ұрпағы. 
А) Абылай хан 
В) Шоқан Уәлиханов 
C) Хақ-Назар хан 
D) Әз-Тәуке хан 
Е) Әлихан Бөкейханов 
14. Мәтін бойынша халық санасыида 
ақылды әрі әділетті әмірші ретінде 
таңбаланған хан 
A)  Әз-Тәукс хан 
B)  Кенесары хан 
С) Әз-Жәнібек хан 
D) Әбілкайыр хан 
Е) Абылай хан 
16.  Мәтіндегі онға сай мақалды 
анықтаңыз. 
A) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
Қараша екі айтса, ары кетеді. 
B)  Ұят - өлімен күшті. 
C)  Көргені жақсы кеш бастар. 
D) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас. 
Е) Ел ерімен, ер елімен мыкты. 
17.  2010 жылы Қазақстанда Қысқы Азняда ойындарының өтуі 
A) Елімізде еңбекқор жастардың көп екенін дәлелдейді. 
B) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді. 
C) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді. 
D) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді. 
Е) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді. 
18.  Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі 
бақытымызға мақтаныш білдіру 
идеясы 
А) «Мәңгілік Ел» 
B) «Қасым ханның қасқа жолы» 
C) «ЕХРО-2017» 
Э) «Қазақстан - 2030 стратегиясы» 
Е) «Қазақстан-2050» 
20. Мәтін мазмұнына сай тақырын 
A) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері. 
B) Тәуелсіздік тірегі - тіл. 
C) Тәрбие басы -тал бесік. 
D) Күшті бірді, білімді мыңды жеңер. 
Е) Ел боламын десең, бесігіңді тузе! 
19. Қозыбасы атауынын түп мағынасы 
A) Қозынын жайылым орынын білдірсе 
керек. 
B) Қозы көш жердем көрінгендіктен 
C) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек. 
D) Қозы өрбггкен жер болса керек. 
Е) Қозының басындай гана төбені 
білдірсе керек. 
1157 нұсқа 
1-мәтін 
Мінез 
Мінез - саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыган, адамның табиғи 
қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-әлпеті ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. 
Көркем мінез - адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілік, ұят, 
намыс сияқты ерекше қасиеттерді атаған жөн. 
Кез келген адамды бір көргенде-ақ онын көзі, қасы, беті, кұлақ-мұрны, дене бітімі саған 
әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол 
қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де калыптастырып үлгіресің. Бұл - адамды 
адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде- 
ақ: «Әдемі киінуді ұнататын сәнқой екен», «Күлкісі қандай жасанды», - деп те жатамыз. 
Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не жағымсыз әсер қалдырады, тіпті, 
таң-тамаша да қалдырады. 
1.  Мәтін мазмұнына сай мақал 
A) Көз көрсетеді, ой танытады. 
B) Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай. 
C) Жақсы болсаң - жақын көп. 

62 
 
 
D) Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді. 
Е) Талапты ерге нұр жауар. 
2.  Мәтіндегі адам мінезіне көркемдікті ұялататын қасиет 
A) Әдептілік 
B) Алғырлық 
C) Адалдық 
D) Білімділік 
2-мәтін 
Е) Еңбекқорлық 
Албанның Айжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған 
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалган. Жиендерінің жанарынан от 
байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолга 
ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба. нағашы 
жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. 
Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. Он жеті жасынан 
Көкойнағын ойнатып. қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің 
арасында ерекше аталатыны - қазірде Алматы- Нарынқол тасжолының 167 
шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалын қалмақгы жекпе-жекке шакырып, бөрі 
тиген қойдай дүрліктіруі. 
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеиілген қалмақ 
нояны Балам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін көп адам біле бермейді. Кеген 
деген жер атауын да қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни 
лауазым дейді. 
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, 
Богенбай сынды қазақ ерлерімен үзенгі түйістіре отырып, Сары Мыңжанын әскерін 
талқандаған. 
3.  Райымбектің ерекше ерлігін 
танытқан шайқас 
A) Гегенмен шайқас 
B) Сары Мыңжанмен шайқас 
C) Ойрантөбедегі шайқас 
D) Аңырақай шайқасы 
Е) Бадам-бахадүрмен шайқас 
4.  Баланын бәйгеде өз атын өзі 
ұрандаған әрекеті нені білдіреді? 
A) Баланын атаққұмарлығын 
B) Баланын бәйгеге деген сүйіспеншілігін 
C) Баланын өрлігі мен рухының биіктігін 
D) Баланың өзімшілдігін 
Е) Баланың бәйгеде озғандығын 
5.  Мәтіннін екінші азатжолы бойынша түйін 
A) Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген. 
B) Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп. 
C) Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі. 
D) Қазақтын кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылыгымен байланысты. 
Е) Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар. 
6.  Орақ батыр Райымбекке кім болады? 
A) Жиен 
B) Нағашы 
C) Әке 
D) Бала 
Е)Аға 
 
3-мәтін 
Бақытсыз бай 
Ертеде бір бай өмір с.рді. Оның туысқаны да, баласы да - жинаған мал- мүлкі мен 
ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді 
күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести 
алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. 
Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: "Мынау 
менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр,"- деген жаман 
ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын 
арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен. 
-  Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды 
ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! - деп ақырды. 
-  Қожайын. осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, 
сергіп қалам,-деп байыпты қалпынан жазбай жауал берді жалшысы. 
-  Нагыз ақымақ екен! - деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба 

63 
 
 
екен, ол ұрлаған акшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,’’-деп 
күдігінен арыла алмай-ақ қойды. 
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне 
қайтты. Бай сонынан бұқпантайлап барып тагы тың тыңлады. Құлағына шықырлаған 
акша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тагы 
да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жагына алып рахаттанып уйықтап 
жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. 
Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін 
мазақ қылып тұрғандай керінді. Бай ақыры: 
-  Менің казынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді 
жүресің, тыққан акшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы: 
-  Қожайын. жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. 
Менің байлығым - екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. 
Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме 
деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді. 
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды, “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. 
Мен сиякты қызганатын байлығы да жоқ. Байлық маган бақытсыздық үшін біткен бе? 
Басым ауырып кетті”. 
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Онын сыртынан қарап тұрган бай алдынан жүгіріп 
шыққан екі баласына қызыға карап калды... 
7.  Жалшының бақыты 
A) Жұмысы 
B) Қазынасы 
C) Ақшасы 
D) Балалары 
Е) Байлығы 
9. Байдың бақытсыздығынын себебі 
A) Кедейдің еңбегі 
B) Байлығының молдығы 
C) Кедейдін тілегі 
D) Жинаған мүлкі 
Е) Отбасының жоқтығы 
11. Кедейдің тілегі 
A) Бар байлығымнан айырма 
B) Байдың құлдығынан құтқар 
C) Өміріме жеңілдік бер 
D) Мол байлыққа жолықтыр 
Е) Жақсы жұмыс бер 
8. Әңгіменің түйіні 
A) Бай байға құяды, сай сайға құяды 
B) Қайырсыз байдан қайнаткан су артық 
C) Байға құл болгалша, байғұсқа ұл бол 
D) Жаңа бай мақтаншақ келер 
Е) Балалы үй - базар 
10. Байдың бойындағы қасиет 
A) Адалдық 
B) Тәкаппарлық 
C) Мақтаншақтық 
D) Қызғаншақтық 
Е) Еңбекқорлық 
12. Байға күдік тудырған нәрсе 
A) Сылдыраған күміс 
B) Көңілді күлкі 
C) Шықырлаған ақша 
D) Кедейдің сөзі 
Е) Кедей балалары 
4- 
мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір карт адам шаһарга барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді, 
Ол келе жатыл: 
-  Ата, жолды кыскартайык,- дейді. 
Қарт: 
-  Жол калай кысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
-  Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны.- 
дейді. Шал ішінен: 
-  Япырым-ай, мынау бір кесапатгы адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін 
қалай арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрган егінді көріп: 
-  Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт 
-Иә,-дейді. Жігіт: 
-  Олай болғанда, бұл желініп қойган егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тагы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынанын 

64 
 
 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездсесді. Бұл елдін адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара 
жатыр екен. Жігіт: 
-  Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
-  Өлмесе жерлемейді гой! - деп жігіттің бетін қайырып тастапды. Жігіт үндемейді. 
Олар кабірге бірге барады. Шыққаннан кейін: 
-  Ата, әлгі кісі өлмеген екен, дейді. «Я, кұдай, жерленген адам қалай тірі болады?»,- 
дейді карт ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын 
шақырып алып: 
-  Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде 
кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сойлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: 
«Япыр-ау, әкемнің айтканы осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де: 
-  Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
-  Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
-  Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат 
көрдіңіз? - дейді. 
Қарт: 
-  Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол 
қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз 
кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, 
мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім 
жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: 
«Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, 
жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін 
естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
-  Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз. 
Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,- 
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, 
кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады, желінбеген болып 
саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап 
жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен 
бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген 
адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт 
қателігін мойындап, жігіттің қолын алып: 
-  Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай 
емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті. 
13. «Ащы еңбекке - тұщы нан» деген 
мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас 
жігіттің «кесапатты сөзі» 
A) Төртінші «кесапатты сөз» 
B) Үшінші «кесапатты сөз» 
C) Екінші «кесапатты соз» 
О) Барлық «кесапатты сөз» 
Е) Бірінші «кесапатты сөз» 
15. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс- 
әрекетіне қатысты нұсқа 
A) Қысқа жіп күрмеуте келмейді 
B) Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр 
C) Көңілсіз жұмыс - өнімсіз 
D) Жолаушыны жол сынайды 
Е) Сабақгы ине сәтімен 
14. Байдың егініне сипаттама 
A) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
B) Желінбеген егін 
C) Борышты өтеуге берілетін егін 
D) Жалға алған жерге егілетін егін 
Е) Тұқымы қарызга алынган егін 
 
16. Қарияның «жігіттің сүйкімсіз 
мінезі бар» деуінің себебі 
A) Қонақ қылғысы келмегендіктен 
B) Жігітті жақтырмағандықтан 
C) Әңгімесін түсінбегендіктен 
D) Қызын сақтандырғандықтан 
Е) Жас жігіт болғандықган 

65 
 
 
17 Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздін» төртіншісінін мазмұнын анықтайтын 
макал 
A) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шыгады 
B) Бала - артта калған із, Бақыт - ұзатылған қыз 
C) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді 
D) Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа 
Е) Жарлынын аузы ақка тисе, мұрыны қанайды 
18.  Мәтін бойынша жігіттін «жол 
қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 
A) Бір-бірін қонақ ету 
B) Бір-бірін арқалау 
C) Басқа жолмеи журу 
D) Бір-бірімен әңгімелесу 
Е) Тынығып, демалу 
19.  Қарияның жігіт туралы ойын 
өзгерткен жағдай 
A) Қызының өтініші 
B) Шаһар жолының ұзақшғы 
C) Қазақтың қонақ жайлылығы 
D) Жігіттін көнілділігі 
Е) Қызының ақылдылығы 
20.  Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
A) Артында тұяқ қалған алам 
B) Жора-жолдасы көп адам екен 
C) Туысы жоқ адам екен 
D) Баласы жок адам екен 
Е) Ауылдастары көп екен 
 
1158 нұсқа 
1-мәтін 
Тасып жүргенім жок-.. 
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен 
мықтыны теңгере алмадын, біреу біреуді шауып жеп жатыр, 
ОНЫ 
басқара алмадың», - 
деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда 
Нұралы: 
-  Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым: 
-  Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштын басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті. 
1. 
Сырым Нұралы ханның қандай 
әрекетіне өкпелі? 
А) Өктемдігіне 
В) Тілінің қыршаңдығына 
С) Көпшілдігіне 
Д) Қаталдығына 
.  Е) Әділетсіздігіне 
2. 
Мәтінде қолданылмайтын қарама- 
қарсы ұғымдар 
A)Нашар мен мықгы 
B)Тасу-сасу 
C)Ақ пен қара 
Е)Тату мен араз 
Е) Аз бен көп 
2- 
мәтін
 
Марс ғаламшары туралы қызыкты деректер 
Марс — Күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың аты 
ежелгі римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылған. Оған себеп 
жұлдыздың қан тустес қызыл болғандығы деп айтылады. Ғалымдардың ұсынған 
болжамы бойынша. мұндай түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің оте көп 
болуымен байланысты. Өз өсінен айналуы бойынша Марс шамамен Жермен бірдей 
аиналым жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара-пар Марстың 
диаметрі Жерден екі есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл. 
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені - Олимп сөнген жанартауы 
Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар 
кездеседі. 
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім 
кұбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел - қазіргі кездегі ғаламшар бетінде 
қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек кана судың әрекет етуімен түзілетін 
минералдардың табылуы. 
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік 
етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендсгі соншалық, тірі жанның 
қан құрамындағы оттегі газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың 
ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстагы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 

66 
 
 
60 
0
С құрайды. Марста азон қабатының болмауы себепті, Күн шыгыстан шыға 
саласымсн ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация дозасын 
қабылдайды. 
3. 
Марстағы орташа тәуліктік 
температура  қанша  болады? 
A)-37'С 
B)- 68,7'С 
C)-24'С 
Д)- 22,7'С 
Е)- 60'С 
5.Марста азон қабатының 
болмауынын аламдарға тигізер зияны 
A) Күйдіріп жібереді 
B) Оттегі газга айналады. 
C) Дене қысымы темендейді. 
Д) Үсітіп жібереді 
Е) Қан кұрамын өзгертеді. 
4.Ғаламшардың қызыл түсті болуын 
ғалымдар немен болжайды? 
A) Өзен сағалары 
B) Тау массивіне не болуы 
C) Минералдардың  табылуы 
Д) Озон қабатының болмауы 
Е)Темір оксидінің көп болуы 
6.  Ертеде Марста судың көп 
болганының дэлелі , 
А) Ғаламшарда өзен сагаларының 
болмауы 
В) Судың әрекет етуімен түзілетін 
минералдардың табылуы 
С) Марста темір оксидінің көп болуы 
Д) Марста биік таулардың болуы 
Е) Қысымның өте төмендігі 
 
3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. 
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлтгық музыкалық аспаптарында 
орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ек көне куйлер - күй атасы 
Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық 
жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи 
оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), 
жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», 
«Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», 
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы 
мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, 
лирикалық күйлер, психологиялық қүйлер болып жіктеледі. 
Қазақ-тың аспаптық музыкасы XVIII гасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. 
Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжаи, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты 
күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX гасырда ежелгі күйшілік өнердің 
одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет. Тоқа, Абыл, Есір, 
Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сняқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар 
елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе 
және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екнін мен 
елшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалгыз дауысты болып 
орындалады. 
Ежелгі туркі тектес халықтарда қобыз куйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл 
енерді дамытуға Кетбұга, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас 
Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7.  Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A) Психологиялық, батырлық күндер 
B) Арнау күйлер, әлеуметгік күйлер 
C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер 
Д) Тартыс күйлер, саяси күйлер 
Е) Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
8.  Шертпе күйлері қалай орындалады? 
А) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
В) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
С) Жалғыз дауысты болып, қолдын тұтас сілтенуімен 

67 
 
 
Д) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
Е) Тұракты екпінмен, саусақтың ұшымен 
9.  Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ 
нұсқа 
A) Домбыра әуені 
B) Шертпе күй 
C) Дауыс ырғағы 
Д) Қобыз күйі 
Е) Орындау мәнері 
10.  Ең көне музыкалык шығармаларды 
жеткізген аспап 
А)Қобыз 
B) Домбыра 
C) Жетіген 
Д) Дауылпаз 
Е) Сырнай 
11.  XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйші 
A) Ықылас, Айрауық 
B) Махамбет, Даулеткерей 
C) Тәттімбет, Баламайсан 
12.  Мәтін мазмұнының реттілігі 
Д) Есжан, Байжігіт 
Е) Қазанғап, Дина 
1.  Домбыра күйлерінің құрылымдық ерскшеліктері 
2.  Күйлердің тақырыптары 
3.  Күйдің өрістеп дамуы 
4.  Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5.  Күй - аспаптық жанр 
A) 4,3,1,3,2 
B) 3,1,3,3,4 
С) 1,3,2,4,3 
Д) 5,2,4.3,1 
4- 
мәтін 
Е) 2,4,3,1,5 
 
1. 
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көніл бөлген. Қайда болмасын, бірін- бірі 
танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» дел амандык-саулық 
сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелтен. Ол қырық 
күн шөлге шыдамды, жук артса - көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар 
түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген. ол жеңіл әрі жұмсак сырт киім болған. 
Түйе өзінін өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, 
бура деп аталады. 
2. 
Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылкы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, 
дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, 
жуйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік. дулдул арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса 
жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол 
дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан 
жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аян журіс, жорға 
жүріс. жортақ журіс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де 
әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б. 
3. 
Сиыр малы момакан, қазақтар үшін көбінесе тамакка жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, 
май, құрт, ірімшік т.б. осы сйырдың берген берекесі болған. Сйырды кейде көіпке де, 
егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонакка 
сыйға тартпаған. тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, 
икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған егіздей», 
«мыңқыған бұзау сияқты» деп мазактайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас- 
ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қаран: бұзау, торпақ, тана, 
тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сныр, огіз. бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны, 
өгізді көлік ретінде пайдалапады, шанаға, арбага, мапға жегсді, салт та мінеді. 
4. 
Қой - төрт тұлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - 
қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол- 
ақ. ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қайрлы. Ешкінің еті жеңіл 
әрі сіңімді, сүті аса 
Ешкінін бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік өзіндік ерекшелігі 
бар.Дегенмен ешкіні қонаққа бөрте шыбын серке бөледі. 
5. 
Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда 
мал көбеймей калады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды 

68 
 
 
пайдаланып отырган. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқынын жалынан, 
кұйрығынан жасалатын арқан сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен 
жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса 
жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да қайнатып. емге пайдаланған. Мал 
осындай аса кұнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «қүлыным, қозым, 
қошаканым, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет