7.Бұл күні Францияда мейрамханалар
адамдарды тегін тамақтандырып
қана қоймай, кетерінде сыйлықтар
беруінің себебі
A)
Адалдығын керсету үшін
B)
Достық, туыстық қарым-қатынасты
нығайту үшін
C)
Ұстамдылығын байқату үшін
Д) Ырымдарға сенгендіктен
Е) Қолы ашық екенін көрсету ушін
9.Жаңа жылдық мерекені ұзақ
тойлайтын мемлекет
A)Үндістан
B)Голландня
C)Ресей
Д) Қазақсан
Е) Қытай
8.Жана жыл дастарқанына құс етін
қоймайтын ел
A)Венгрия
B)Италия
C)Франция
Д) Эквадор
Е) Болгария
10.
Мерекелерде ашықхаттармен
құттықтау бізге қай елден келген?
A)Ұлыбрнтаниядан
B)Голланднядан
C)Ресейден
Д) Қытайдан
Е) Үндістаннан
11.
Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A)
Гвинея - Эквадор
B)
Қытай - Ұлыбритания
C)Голландия - Куба
Д) Венгрия - Эквадор
Е) Үндістан - Куба
12.
Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі
A)
Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
B)
Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен
C)
Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
Д) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
Е) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан
35
4-
мәтін
1.
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көніл бөлген. Қайда болмасын, бірін- бірі
танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» дел амандык-саулық
сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелтен. Ол қырық
күн шөлге шыдамды, жук артса - көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар
түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген. ол жеңіл әрі жұмсак сырт киім болған.
Түйе өзінін өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан,
бура деп аталады.
2.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылкы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал,
дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға,
жуйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік. дулдул арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса
жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол
дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан
жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аян журіс, жорға
жүріс. жортақ журіс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де
әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.
3.
Сиыр малы момакан, қазақтар үшін көбінесе тамакка жараған, ет, сүт, айран, қаймақ,
май, құрт, ірімшік т.б. осы сйырдың берген берекесі болған. Сйырды кейде көіпке де,
егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонакка
сыйға тартпаған. тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз,
икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған егіздей»,
«мыңқыған бұзау сияқты» деп мазактайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-
ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қаран: бұзау, торпақ, тана,
тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сныр, огіз. бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны,
өгізді көлік ретінде пайдалапады, шанаға, арбага, мапға жегсді, салт та мінеді.
4.
Қой - төрт тұлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті -
қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-
ақ. ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қайрлы. Ешкінің еті жеңіл
әрі сіңімді, сүті аса
Ешкінін бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік өзіндік ерекшелігі
бар.Дегенмен ешкіні қонаққа бөрте шыбын серке бөледі.
5.
Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда
мал көбеймей калады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды
пайдаланып отырган. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқынын жалынан,
кұйрығынан жасалатын арқан сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен
жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса
жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да қайнатып. емге пайдаланған. Мал
осындай аса кұнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «қүлыным, қозым,
қошаканым, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған.
13.
Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал
A)
Түйесі жоқа ауылға тайлақ атан көрінер.
B)
Есі кеткен ешкі жинар.
C)
Сиырдың сүті тілінде.
Д) Тайлы бие тайлақты түйедей.
Е) Ат - бнеден, аруана - түйеден.
14.
Бабаларымыздың төрттүлікке көңіл бөлу себебі?
A)Оқу, білім алудың бірден-бір кезі болған.
B)Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі.
C)Ас-ауқаты, әрі киімі, арі көлігі болған.
Д) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған.
Е) Малдыңтөлін балалар жақсы көргендіктен.
36
15.
Епсіз, икемсіз адамға теңейтін
түлік
A)Жылқы
B)Қой
C)Ешкі
Д)Түйе
Е)Сиыр
17.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Төрттүліктің ішіндегі ең сүйіктісі.
2.Сыйдың ен қадірлісі
3.Үндемейтін адамға қатысты теңеу
4.Амандасу әдебі
5.Төрттүлікке қатысты халық ырымы
16.Төрт түліктің ішінде түсіне қарай
сипатталатыны
A)Түйе
B)Ешкі
C)Сиыр
Д)Қой
Е)Жылқы
A)1.2.3.5.4.
B)1.2.5.4.3.
18.
Қойға қатысты сипаттама
С)4.2.5.3.1.
Д) 4.5.3.2.1.
Е) 4.2.3.1.5.
A)
Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған.
B)
Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған.
C)
Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөлінеді.
Б) Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған.
Е) Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы.
19.
Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған?
A)
Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған.
B)
Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болгандықтан
C)
Серке төрт тулік малдың ішіндегі ен шыдамдысы болаған.
Д) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан
Е) Серке казақтар ушін өсімтал малдың бірі болғандықтан
20.
Төрттүлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді?
A)Екінші
B)Үшінші
C)Бірінші
Д) Төртінші
Е) Бесінші
1132 нұсқа
1-мәтін
I.
Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы
ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас
құлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүнисін есіліп
жасалған иоқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі
күміс түймелердей қаз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздсген құлын ноқталанып,
бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.
II.
Қазак ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейдс мал сойып
немесс қыстан қалған сүрлсрмен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл
адамдарыкың басын косып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын
өткізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп,
мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.
1.
Бие байларда кандай ырым
жасалады?
A)
Қыстан қалған сурді пісіреді.
B)
Желі қазыққа, айғырдың сауырына май
жағылады.
C)
«Қымызмұрындық» тойын еткізеді.
Д)Жұмсақжүннен ноқта жасалады.
Е) Желіге құлын байланады.
2.
Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты
тақырып
A)Тартылған желілер
B)Жас құлындар
C)Жүннен есілген ноқталар
Д) Бие байлау
Е) Ноқталанған құлындар
37
2-
мәтін
Сократтың ақылы
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді.
- Токта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын.
- Үш сынақ?
- Иә, менің досым туралы сейлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен
өткізіп алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатынын
100 пайыз шындық екеніне сенімдісін бе?
-Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...
- Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің.
Екінші -‘‘Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?
- Жоқ, жақсы емес, керісінше...
- Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе
ме сонда? Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - ‘‘Керектілік сынағы.”Досым
туралы айтатының керегіме жарай ма?
- Білмеймін ғой енді, бәлкім...
- Түсінікті. Маған айтатының қиындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе.
Оны айтып несіне әуре боласың?
3.
Мәтін мазмұны бонынша 3 сынақтың
реттілігі
A)
Шындық, керектілік, жақсылық
B)
Шындық, жақсылық, керектілік
C)Керектілік, шындық, жақсылық
Д) Жақсылық, шындық, керектілік
Е) Жақсылық, керектілік, шындық
5.Сократқа әңгіме айтушының соңғы
әрекеті
A)Сократтың сынағынан сәтті өтті
B)Әңгімесін толық айтып берді
C)Сократтан алғыс алды
Д) Әңгімесін қызықты баяндады
Е) Әңгімесін айта алмады
4.
Мәтін бонынша әңгіменің
тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын
анықтаитын сынақ
A)«Керектілік сынағы»
B)«Адалдық» сынағы
C)«Жақсылықсынағы»
Д) Барлық үш сынақ
Е) «Шындық сынағы»
6.
Сократтың ақылының түйіні
А) Қолыңнан келсе жақсылық жаса
B)Досыңды бағалай біл
C)Тындай білу - әдептілік белгісі
Д) Танитын адам туралы ғайбат
сөйлеме
Е) Жаман әдеттен аулақ бол
3-
мәтін
Ырыс пен берекет
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан кырып, табыс
тауыпты. Үйіне дүниеиі қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының
берекесі болмалты, Бегайдардың үйлі-баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде
бес-алты ешкісі болады, Бірак тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Бір күні Бегайдар
көршісінен:
-Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес-алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ
отбасың берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол
ақша табамын. Бірак берекесі жоқ. Сыры неде? - деп сұрады.
Көршісі:
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - дел жауап берді,
Бегайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып келе жатып,
бір лашыкка тап болды. Ішіне кірсе. шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен.
Бегайдар сусын ішіп, дәм татканнан кейін шалға жағдайын баяндады. Шал:
-Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп
отыр. Соны қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар:
-Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да
ұзақжол жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде
38
бәйтерекке тіл бітіп:
-Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ
бұтақтарым жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Беғайдар оның да аманатын
арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең дегенде данышпанға жетгі. Данышпан:
-Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар:
-Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің
бес-алты ешкісі, кеп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Сонын сырын
іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да
тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап:
-Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні -
ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай
алтын көмілген. Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды
жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды.
Оны кыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы
тұрақтайды. Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті.
7.
Әңгіменің түйіні
A)
Ырыс алды - ынтымақ.
B)
Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.
C)
Ерте тұрган еркектің ырысы артық.
Д) Бас екеу болмай, мал төртеу
болмайды.
Е) Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
8.
Бойтеректің жеміс бермеуінің сыры
A)Ағаш кәрі болғандықтан
B)Суғатапшы болғандықган
C)Түбіндегі алтын өсірмегендіктен
Д) Тамыры тереңде болғандықтан
Е) Ауа райы қолайсыз болғандықтан
9.
«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы
A)
Әйел - қорғаушы, бақылаушы
B)
Әйел - әдемі, сұлу
C)
Әйел - үйретуші, тәлімгер
10.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Данышпан ақылы
2.Көршісінің кеңесі
3.Бәйтеректің өтініші
4.Лашықтағы әңгіме
Д)Әйел - сыншы, бағалаушы
Е)Әйел - үйлестіруші, үйдің құты
A)4,1,2,3
B)2,3,4,1
C)1,2,3,4
Д)2,4, 3,1
Е)3,4, 1,2
11.
Көрші үйдің берекесінің сыры
A)Бес-алты ешкісінде
B)Бала-шағасында
C)Мол табысында
Б) Қоңырқай тұрмысында
Е) Ақылды әйелінде
12.
Қыздың ата-анасына берілген нәрсе
A)Қалыңмал
B)Мал-мүлік
C)Жеміс ағашы
Д)Бес-алты ешкі
Е)Күміс
4-
мәтін
I.
Қазақ - күнлелікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе
малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе, Көшіп-
қону үшін жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - туйе
ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер»,
«Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ
түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтан түседі.
II.
Түйенің жүні меи терісі - киім, сүті – сусын, еті - ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде
бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе
шөлге, аштыққа шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан,
«шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас,
қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен
құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл
39
шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй
таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе
қүндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды.
Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III.
Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтустік
Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Туйенің шығу тарихы. Туйелер - ірі
табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір
түрі. Қолда есірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл
бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер -
шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың
башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының
ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және
астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қалталған. Сондықтан бұл жануарларды
контабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі,
түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүиелді жерлері ыстық құмның
әсерін сезбейді. Осыған байланысты туйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.
IV.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр
жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді
аймақтарда тіршілік етуге бейімделген, Сондықган халык туйені «шөл дала кемесі» деп
атайды. Айыр өркешті түйенің қолга уйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті
түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы туйе
жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолиянын Гоби шөлінде ғана
сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Туйенің пірін -
«Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
13.
Мазмұн реттілігін көрсетіңіз
1.Кисе - кнім, ішсе - сусын
2.Төрт түліктің төрссі
3.Түйенің қолга үйретілу тарихы
4.Қазақстандағы түйе шаруашылыгы
A)2,3,4,1
B)3,2,4,1
С)4,3,2.1
В)3,2,1,4
Е) 1,4,3,2
14.
Мәтін мазмұнына алшақ ой
A)
Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.
B)
Түйе малы кешке қолданылады.
C)
Түйс алпыс күн аштыққа шыдайды.
В) Түйе отыз күн шөлге шыдайды.
Е) Түйе көнтабандыларға жатады.
15.
Түйе өркешінен бөлінген суды
пайдаланатын сәт
A)
Алыс сапарға шыққанда
B)
Көшкен кезде тоқтамай жургенде
C)
Тікенек шөптерді көп жегенде
Д)Түнде күйіс кайырып жатқанда
Е)Сусызда қалып, бірнеше тәулік су
ішпегенде
16.
Халықтың туйені "шөл кемесі" деп атауы неліктен?
A)
Кемеге қатты ұқсатқандықтан
B)
Жабайы түйелерден тарағандықтан
C)
Шөлге шыдамды болғандықтан
Д) Ашатұяқ сүт қоректілерге жататындықтан
Е) Шөлде жолаушыларды көп таситындықтан
17.
Мәтіннің төртінші белімінде айтылатын ой
A)
Түйенің снпаты туралы
B)
Түйенің пайдасы туралы
C)
Түйенің азығы туралы
Д)Түйе туралы мақал-мәтелдер
Е) Түйенің төлі туралы
18.
Түйе малының халык үшін ерекше құндылығы неде?
A)
Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген.
B)
Сйрек кездесетін жануар болғандықтан.
C)
Өсімтал мал болғандықтан.
Д) Жуас мал болғандықтан.
Е) Көш көлігі ретінде бағалы болған.
40
19.
Түйенің жойылып кеткен түрі
A)
Сыңар өркешті жабайы түйе
B)
Жабағылы жас түйе
C)
Аныр өркешті түйе
Д) Қос өркешті түйе
Е) Ару ана түйе
20.2-бөлімге сәйкес түйе
шаруашылығының тиімді
саналуының себебі
A)
Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен
B)
Жүні мен сүті пайдалы болғандықтан
C)
Көшке жиі қолданатындықган
В)Суға, ыстыққа төзімді болгандықтан
Е) Тікенек шөппен қоректенетіндіктен
1133 нұсқа
1-мәтін
Тасын жүргенім жок...
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ нен қараны, нашар мен
мықтыны теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», -
деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда
Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым:
— Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмаіі сасып жүрмін, - депті.
1.
Мәтінде қолданылмайтмн қарама-
карсы ұғымдар
А)Тасу-сасу
В)Ақ пен қара
С)Тату мен араз
Д)Аз бен кеп
Е)Нашар мен мықты
2.
Сырым Нұралы ханның қандай
әрекетіне өкпелі?
А)Әділетсіздігіне
В)Қаталдығына
С)Өктемдігіне
Д)Көпшілдігіне
Е)Тілінің қыршаңдығына
2-мәтін
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған Жиендерінің жанарынан от
байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсірсге жүйріктін тұқымын, қолга
ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы
жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян.
Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермілді. Он жеті жасынан
Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің
арасында ерекше аталатыны - қазірде Алматы- Нарынқол тасжолының 167
шақырымында тұрған Ойрантебеде қалың қалмақты жекпе-жекке шақырып, бөрі
төген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер кеп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген калмақ
нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін кеп адам біле берменді. Кеген
деген жер атауын да қаламақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни
лауазым дейді.
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Кабанбай,
Бегенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжанын әскерін
талқандаған.
3.
Баланың бәйгеде өз атын өзі
ұрандаған әрекеті нені білдіреді?
A)Баланың атаққұмарлығын
В)Баланыңөрлігі мен рухының биіктігін
С)Баланың бәйгеге деген
сүйіспеншілігін
Д)Баланың бәйгеде озгандығын
Е)Баланың өзімшілдігін
4.
Райымбектің ерекше ерлігін
танытқан шайқас
А)Ойрантөбедегі шайқас
B)Гегенмен шайқас
C)Аңырақай шайқасы
Д)Сары-Мыңжанмен шайқас
Е) Бадам-бахадүрмен шайқас
41
5.
Орақ батыр Райымбекке кім болады?
А)Нагашы
B)Аға
C)Әке
Д)Жиен
Е)Бала
6.
Мәтіннің екінші азатжолы бойынша туйін
А)Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп.
В)Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты.
С) Қазақтың көптеген жер атауларына елін қоргаган батырлар есімі берілген.
Д) Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар.
Е) Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі.
3-мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлтгық музыкалық аспаптарында
орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ек көне куйлер - күй атасы
Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық
жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи
оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»),
жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық»,
«Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш»,
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы
мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер,
лирикалық күйлер, психологиялық қүйлер болып жіктеледі.
Қазақ-тың аспаптық музыкасы XVIII гасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді.
Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжаи, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты
күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX гасырда ежелгі күйшілік өнердің
одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет. Тоқа, Абыл, Есір,
Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сняқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар
елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе
және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екнін мен
елшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалгыз дауысты болып
орындалады.
Ежелгі туркі тектес халықтарда қобыз куйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл
енерді дамытуға Кетбұга, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас
Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Достарыңызбен бөлісу: |