Музыкалық-ырғақтық жаттығулар
Музыка әуеніне қарай әртүрлі қимылдарды, түрлі ырғақпен орындау: ырғақты
жүру, жеңіл жүгіру, тез және ырғақпен секіру, шыр айналу.
Жай, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау.
Ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру.
Бір аяқпен жеңіл, әдемі қозғалыс жасап секіру.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары кӛтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.
Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез кӛтеру және және түсіру, артқа
жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу,
қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды
кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп,
айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене
отырып, қолды екі жақтан жоғары кӛтеру. Таяқты, құрсауды жоғары кӛтеру,
иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен кӛтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға ӛкшемен, сонан
кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі
қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты
тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу,
табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды
бір орыннан екінші орынға қою. Ӛкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың
ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен
75
орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ
ұшын айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу
(жұлқып және бір қалыпты).
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею,
қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және кӛтеру. Екі қол белде,
екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты ӛз айналасында
домалату. Бір аяқты алға түзулеп кӛтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші
қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары
кӛтеріп, бүгу және жазу, тӛмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру.
Жүрелеп тұрып, арқаны тӛмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге
және жаза отырып, кӛтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен
шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы
иығын, басын, қолдарын алға созып кӛтеру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Тӛбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен
тӛбешікке кӛтеру, тӛмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау. Ӛз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан бос
жерлермен жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай
шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап тӛбешікке шығу.
Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дӛңгелекті
велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.
Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде
отырып аяқты жоғары кӛтеріп, тӛмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде
(аяқты кӛлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, кӛзге дейін
суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып
отыру. Ӛз еркімен жүзуге талпыну.
Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;
Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет;
Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.
«Біз мектепке барамыз» бағдарламасында 5-6 жастағы балалардың
тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға
бағытталған білім берудің базистік мазмұнын анықтайды. Бағдарламада бала
дамуының негізгі заңдылықтары мен оның психикалық, физиологиялық ӛсуіне
жағдай жасау мәселелері қарастырылған.
Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың
жеке жас ерекшелік қабілетінің ашылуына жағдай жасап, жалпыадамдық және
ұлттық құндылықтарға негізделген баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз
ететін білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас
жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге негізделген оқыту мен
тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.
76
Бағдарламаның мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты, әрқайсысы ӛзіндік
бӛлімдерден тұратын, белгілі бір мақсат кӛздейтін негізгі білім беру
салаларының жұмысын іске асыру мәселелерін кӛздейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму
стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бӛлігі
болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының
кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының
қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге кӛшуіне байланысты жаңа
мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық
үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен
қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек
жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау
— уақыт сұранысына айналды. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы мектепке
дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық-
педагогикалық
және
мазмұндық
аспектілерін
ашады
және
негізгі
құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды
ұйымдастыру мынадай негізгі педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:
- мәдени сәйкестілік ұстанымы – аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени
құндылықтарды пайдалану арқылы балалар ұйымының жұмысын мәдени
орталық қатынас жасау арқылы ұйымдастыру;
- тәрбиелей отырып оқыту – баланың нақты ақыл-ойы мен тәжірибелік
әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, тәртіптілік,
ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты қатынас
жасау – балалардың жасы мен субъективті тәжірибесіне сәйкес тақырып
мазмұны мен жұмыс тәсілдерін таңдау;
- жүйелілік – оқу материалын таңдау мен оны дұрыс жеткізу, оқыту мен
тәрбиелеу мазмұнын байыту;
- түйсіну мен белсенділік ұстанымы – балалардың оқу материалын дұрыс
түсінуі, қабылдауы мен ақыл-ойының, танымдық үдерісінің даму мәселелерін
қарастырады;
- қызметтік қатынас ұстанымы – оқыту мен тәрбиелеу үдерісін бала
әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формаларына танымдық компоненттерді
кірістіре отырып жүргізуді кӛздейді;
- адамгершілік ұстанымы – педагогтің бала пікірімен санасып, оның
сезімі мен кӛңіл күйін ескеріп, ӛзіне тең құқылы серіктес ретінде қабылдай
отырып, бойына жоғары адами құндылықтар – отаншылдық, туған жерге деген
махаббат сезімін дарыту;
- кӛрнекілік ұстанымы – оқытудың эмоционалдық және кӛрнекілік
технологияларын үйлесімді қолдану арқылы қоршаған әлемді қабылдау мен
тануға мүмкіншілік туғызу;
77
- креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын
қалыптасқан
дағдыларын
ӛзіндік
іс-әрекет
жағдайларында
қолдану
мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы
қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін ӛздігінен
таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.
Бағдарлама бес білім беру саласын қамтиды және мектепте білім алуға
бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды кӛздейді.
Әр саланың мазмұны тӛмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға
бағытталған:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативтік-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік.
5-6 жастағы балалар үшін «Денсаулық» білім беру саласының базалық
мазмұны бойынша дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
тӛмендегідей жүзеге асады:
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын
жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға
тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Міндеттері:
- денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялық жетілуін
жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру,
жағымды эмоционалды кӛңіл күй ортасын жасау;
- күнделікті ӛмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау
дағдыларын қалыптастыру;
- физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту,
шыдамдылығын шыңдау;
- балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы
ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту;
- балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру,
құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;
- жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға
бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай
жасау;
-
белсенді
қимыл
іс-әрекеттеріне
және
оған
қажеттілікке
қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың,
негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және бекіту.
Негізгі қимыл жаттығулары
Жүру:
78
- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, ӛкшемен
жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;
- бүгілген тізені жоғары кӛтеріп, жартылай отырып;
- заттарды аттап, заттар арасынан;
- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);
- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;
- қозғалыс бағытын ӛзгертіп, заттар арасымен;
- шашырап, заттар арасымен;
- жүгіруді алмастыра;
- адымдап алға қарай жүру;
- «жыланша» ирелеңдеп;
- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа
қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен;
- 3-4 м жерге дейін кӛзін жұмып жүріп ӛту.
Жүгіру:
- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;
- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап;
- заттарды аттап, тізені жоғары кӛтеріп майда және кең қадаммен заттар
арасымен;
- заттар арасымен шашырап;
- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен;
- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып;
- кедергілерден ӛтіп;
- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен
тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;
- ұстап және айламен тосып алып;
- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;
- қиылысқан жерге дейін 320 метрге;
- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м)
жүгіру;
- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен
алмастыру;
- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20
метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);
- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;
- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу);
- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).
Секіру:
- бір орында, алға қарай;
- тізенің арасын қос аяқтап қаппен;
- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттар арқылы
(биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;
- жіптің үстінен;
- түзу бағытта (арақашықтығы 6 м)
79
- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3
м);
- оң және сол аяғын кезектесіп;
- 20 см-ге дейін жоғарыдан;
- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);
- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес);
- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес);
- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес);
- шахмат тәрізді қойылған қырлы бӛрене арқылы (арақашықтығы 50
см), доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;
- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа
алға жылжып;
- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ытқып-ытқып, бір аяқтан
екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып
алға, артқа секіру;
- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен;
- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;
- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос
аяқтап;
- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180
градусқа бұрылып секіру.
Лақтыру, қағып алу, домалату:
- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен
ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес)
допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;
- допты заттар арасымен және түзу бағытта домалату;
- 3-4 м арақашықтықта допты, қапты, тасты, асықты нысанаға дәлдеп
лақтыру;
- 3-4 м арақашықтықтан қапты тігінен иықтан асырып оң және сол
жағымен лақтыру;
- қапшықтарды себетке, алысқа кӛздеп тастау, бір қолымен қапшықты,
екі қолмен допты тӛменнен құрсауға лақтыру;
- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра
лақтыру;
- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты екі қолымен бір-біріне басынан
асыра лақтыру;
- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты тӛменнен қос қолдап, кеудеден
және тӛменнен лақтырып, тосар алдында қолды шапалақтау;
- допты қос қолдап заттар арасымен (4-5 м арақашықта) алға қарай
алып жүру;
- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып қайта қағып алу
(арақашықтығы 4-5 м);
- сақинаны лақтыру арқылы таяққа кигізу;
- допты қос қолмен себетке лақтыру;
- шағын допты бір қолымен лақтырып, қос қолдап тосып алу;
80
- допты бір қолмен еденге ыршытып, қос қолмен тосып алу, бір
қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен тосып алу.
Еңбектеу және ӛрмелеу:
- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен
еңбектеу;
- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;
- еңкіш басқышпен ӛрмелеп гимнастикалық қабырғаға ӛтіп, одан қайта
түсу, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу;
- биіктігі 50 см доға астымен қолына допты ұстап, қатарынан қойылған 3-4
доғаның астынан еңбектеу;
- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей топталып шеңбердің ішіне кіру
(биіктігі 50 см);
- кеглилер арасымен допты басымен итеріп еңбектеу;
- арқаға қапшық қойып еңбектеу;
- гимнастикалық қабырғаның басына дейін бір және бірнеше тәсілмен
ӛрмелеп, басқа аралыққа ауысып тӛменге түсу;
- доғаның астымен допты басымен итеріп еңбектеу;
- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу;
- шығыршықтарды айналдырып, олардың ішіне кіру;
- сатының қырына қойылған тақтайшалар арасынан ӛту.
Тепе-теңдікті сақтау:
- заттар арасымен аттап жүру;
- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;
- орындық үстімен, текшелерді аттап, толтырылған доптармен, әр қадам
сайын допты алға қойып, қолды арқаға немесе алдына ұстап, басына қапшық
қойып жүру;
- арқан бойымен қырынан, қосымша қадаммен (ӛкшені арқанға, аяқ
ұшын еденге);
- қабырғалы тақтай үстімен жүру;
- еңкіш тақтай үстінен сымбатын бұзбай жүру және жүгіру;
- еңкіш тақтай үстіне жүгіріп шығып тӛмен қарай адымдап түсу;
- еңкіш тақтай үстімен бір қырымен қосымша адымдап жүру;
- арқан бойымен басына қапшықты қойып, бір қырындап, қосымша
адымдап жүру;
- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам
алыс қойылған толтырылған доптардан аттау арқылы жүру;
- кӛлденең және еңкіш бӛрене бойымен жүру және жүгіру;
- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу;
- «Қарлығаш» жаттығуын орындау.
Сапқа тұру, сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру:
- сапқа бір қатармен тұру;
- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру;
- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу;
- қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда –
қолды жан-жаққа созып тік тұру;
81
- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу;
- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру;
- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, адымдап қадам басу, бұрылу;
- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру;
- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып саптағы бір қатардан үш
қатарға жүру, жүгіру кезінде ауысу, қимылдар жасай отырып екі қатардан
бір қатарға сапқа тұру;
- саптағы бір қатардан үш, тӛрт қатарға қайта сап түзеп тұру.
Музыкалық-ырғақты жаттығулар:
Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Ӛздеріне
таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау.
Аяқты ӛкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Адымдап жүрелеп (тізесін
бүгіп) жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Жұптасып
шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар
ойластырып, шығармашылық таныту.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Кеуденің алдында
тұрған қолды жан-жаққа созу, желкені ұстап тұрған қолды жоғары кӛтеріп, жан-
жаққа созу. Қолдың «құлып» болып ұстасқан саусақтарын жоғары алға кӛтеру
(алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және
кезектесіп кӛтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою.
Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың
саусақтарын ашып, жұму.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден
алмай, ӛкшені жоғары кӛтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-
тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және
басты иіп жүрелеп жүру. Алға және жан-жаққа ұмтылу. Ұсақ заттарды аяқтың
саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың ұшын тірей отырып
ӛкшемен таяқпен арқан үстімен бір жағымен аттап жүру. Таяқ, білікше
бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып бір қырындап
ӛкшені ӛкшеге қойып жылжу. Табанды майыстырып, түзеп, айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа)
бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық
қабырғаға бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға
еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреп тұрып қолын белінің
тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгіп және тіке кӛтеру. Арқасына
ұстасқан қолдарын кӛтеріп алақанын еденге тигізіп, алға еңкею. Тізерлеп
тұрып, алға еңкейіп отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа
бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып аяқты жоғары кӛтеру, велосипед
айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен
тіреуішке ӛту. Ішпен жатып, аяқты майыстырып, қайта жазу (алдымен бір
аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Арқамен жату, одан кейін ішпен
жатып ауысу және керісінше. Ішпен жатып қолды жан-жаққа созып
майыстыру және иығын аздап жоғары кӛтеру.
82
Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолды орындыққа сүйеп, аяқты
бірге керіп тартылу 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала
бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол
желкеде, арқамен жату, екінші бала бірінші баланың аяғына отырады (5-10 рет),
гимнастикалық қабырғада қолымен ілініп тұрып, аяқтарын қосып, бұрау (5-10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа «әткеншек» жасап
домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың кӛмегімен ішпен жорғалау.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Тӛбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен
сырғанау. Шанамен тӛбешікке кӛтерілу. Тӛмен түсіп келе жатып тежеу. Бірін-
бірі сырғанату.
Сырғанау. Мұз айдынында екпіндеп келіп ӛз еркімен сырғанау. Сырғанау
кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар
орындау.
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға
жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге
шаңғымен жүріп ӛту. Бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа
шеңбер жасап тұру. Тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап
тӛбешікке шығу. Аласа тіреу бойымен тӛмен түсу. Ӛз еріктерімен шаңғы алып,
орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына алып жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен
қос дӛңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және
сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау
(жоғары, тӛмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын
кӛлденеңінен созып). Иекке, кӛзге дейін суға батырып отыру, суға бетті түгел
батырып, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі
аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау. Арқамен және кеудемен сырғанап, суға
демін жіберу. Баланың ӛзіне ыңғайлы кез-келген тәсілімен жүзу.
Гидроаэробика. Ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да
жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |