А. Ж. Сисенбердиева


Спорттық ойындар элементі



Pdf көрінісі
бет11/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Спорттық ойындар элементі  
Қалашық.  Бастапқы  қалыпты  дұрыс  ұстап  тұрып  бір  қырынан  таяқты 
лақтыру.  3-4  пішіндерді  білу.  Қалашықты  2-3  м  және  5-6  м  аралықтан  таяқ 
лақтыру арқылы ұшырып құлату. 
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң 
және сол қолмен алып жүру. Кеуде тұсынан екі қолмен допты лақтыру. Ойынды 
топпен игеру. 
Бадминтон. Белгіленген жаққа ракетканың воланын тойтару. Тәрбиешімен 
жұптасып ойнау. 
Футбол.  Берілген  бағытқа  допты  оң  және  сол  аяқпен  домалату.  Заттың 
айналасына  допты  айналдыру.  Допты  шұңқырға,  қақпаға  домалату.  Допты 
қатарынан  бірнеше  рет  қабырғаға  соғу.  Жұптасып  тұрып  допты  аяқпен 
қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғып аяқпен бір-біріне беру.  

 
83 
Хоккей.  Берілген  бағытқа,  қақпаға  доптаяқпен  шайбаны  домалату. 
Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне домалату. 
Ӛзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру 
Ойынды түрлендіріп, қызықты ӛткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-
саймандармен,  спорттық  керек-жарақтармен  жабдықталған  қозғалыс  әрекетін 
дамытатын  қозғаушы  орта  құру.  Зауыттық  спорт  құрал-жабдықтармен  қатар 
жүйелі  түрде  массажерлар,  жүру  мен  жүгіруге  арналған,  ептілікті, 
үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жӛн. 
Ойын  алаңын  басқа  да  ойындарды  ойнауға  ыңғайлы  болатындай  етіп 
ұйымдастыру  керек.  Ойындардың,  қимыл-қозғалыстардың,  жаттығулар  түрі 
жазылған  карточкалар  жиынтығы  болуы  қажет.  Балаларды  құрдастарымен 
жарыс ұйымдастыру  барысында ережеге  бағынуға  үйрету.  Балалардың  қалауы 
бойынша  қимылды  ойындар  ұйымдастыруға  жағдай  жасау.  Серуен  кезінде 
меңгерген  қимыл-қозғалыс  іскерліктері  мен  дағдыларын  жетілдіру.  Серуендеу 
орынын  дұрыс  жабдықтау.  Қыс  мезгілінде  мұз  жолдарымен  сырғанау, 
шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде 
велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы 
жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс. 
 
Айына  бір  рет  дене  шынықтыру  ойын-сауығын,  жылына  2  рет  –  қыста 
және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру. 
  
Жоғарыда  қазіргі  таңда  қолданыста  жүрген  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек 
бала»,  «Біз  мектепке  барамыз»  және  тұңғыш  ұлттық  негізде  құрылған 
«Балбӛбек»  бағдарламалары  мен  ондағы  дене  тәрбиесі  мазмұнына    шолу 
жасалды.  Аталған  бағдарламалардан  ӛзге  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  дене 
тәрбиесіне  арналған  бейінделген  бағдарламалар  да  қолданыста.  Қоғамымызда 
болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ӛзгерістер  мен  еліміздің  білім  беру 
саласының  әлемдік  білім  кеңістігіне  шығуы  -  білім  беру  саласында,  соның 
ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай ӛзгерістер 
енгізуді талап етіп отыр. 
Қазіргі  таңда  адамзат  қоғамына  ғылыми  жаңалықтар  мен    инновациялық 
технологиялар  қаншалықты  маңызды  болса,    мектеп  жасына  дейінгі  баланы 
тәрбиелеу  мен  оқыту  саласын  да  заман  талабына  сай,  уақыт  сұранысын 
қанағаттандыратын  жаңа  бағдарламалармен,  технологиялармен  қамтамасыз 
ететін кез келді. 
Бізді қоршаған табиғаттың ӛзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған 
әлемді  жаңаша  қабылдауға  қабілетті,  жаңаша  ойлайтын,  жан-жақты  білімді 
«Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.  
Қазіргі  таңда  баланы  дамыту  мен  тәрбиелеудегі  әлемдік  озық  тәжірибеге 
негізделіп  жасалған  баланың  жеке  ерекшеліктерін,  қабілетін,  дарыны  мен 
талантын  ашуға  және  оны  жан-жақты  дамытуға  бағытталған  бағдарламалар 
қажет.  
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі 
мен  оның  қыр-сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен  қабілетінің  дамуына 
жағдай  туғызу  қажет.  Жаңа  заман  баласы  —  бүгінгі  қазақ  қоғамының  ұлттық 
қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі 

 
84 
де  соншалықты жемісті  болмақ.  Осыған орай,  жаңа бағдарламалар  әзірленуде. 
Бұл  бағдарламалар  жаңа  білімдерді  қабылдауға,  оларды  тиімді  қолдануға 
қабілетті,  ортаға  мейлінше  тез  бейімделгіш  бала  тұлғасын  қалыптастырудағы 
қоғамның,  ата-аналар  мен  бастауыш  мектептің  талаптарын  орындау  мақсатын 
кӛздейді.  
Тапсырмалар 
1.  Еліміз  тәуелсіздік  алғанға  дейінгі    «Бағдарламалардың»  хронологиялық 
кестесін құрыңыз. 
2.  1996,  2000  жылдары  жарық  кӛрген  «Балбӛбек»  бағдарламасына  дене 
тәрбиесі бойынша талдау жасаңыз. 
3.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңына  және  Қазақстан 
Республикасы  Yкіметінің  1999  ж.  22  қарашадағы  №  1762  «Балаларды 
міндетті  мектепалды  даярлау  мәселелері»  туралы  қаулысына  сәйкес 
отбасында  және  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  мен  жалпы  білім 
берегін мектептерде 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындауға арналған 
бағдарламалардағы дене тәрбиесі мәселелері.  
4.  Бейімделген бағдарлама және дене тәрбиесі мазмұны. 
5.  Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға 
арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасының «Денсаулық» білім саласын 
талдау, пікір білдіру. 
6.  Мектепке  дейінгі  кіші  жастағы  (3  жастан  5  жасқа  дейін)  балаларды 
тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Зерек  бала»  бағдарламасының 
«Денсаулық» білім саласын талдау, пікір білдіру. 
7.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  (5  жастан  6  жасқа  дейінгі)  балаларды 
тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcының   
«Денсаулық» білім саласын талдау, пікір білдіру. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1.Оқу пәнінің қысқаша тұжырымдамасы:  
А.  Анықтама 
Ә.  Бағдарлама 
Б.   Стандарт 
В.  Оқулық 
2.  РСФСР  Халық  ағарту  комиссариаты  бағдарламаның  бірінші  жобасын 
қай жылы шығарды? 
А.  1932 жылы 
Ә.  1955 жылы 
Б.   1936 жылы 
В.   1964 жылы 
3.  Аймақтық,  ұлттық  және  әлемдік  мәдени  құндылықтарды  пайдалану  арқылы 
балалар  ұйымының  жұмысын  мәдени  орталық  қатынас  жасау  арқылы 
ұйымдастыру: 
А.  Мәдени сәйкестілік ұстанымы 
Ә.  Дене тәрбиесі ұстанымы 
Б.  Шығармашылық ұстанымы 

 
85 
В.  Тарихилық ұстанымы 
4.  «Балалар  бақшасы  тәрбиешісі  үшін  басшылық»  қай  жылы  басып 
шығарылды?  
А.  1938 жылы  
Ә.  1925 жылы 
Б.   1935 жылы  
В.   1347 жылы 
5.  Тұңғыш ұлттық бағдарлама: 
А.  «Қайнар» 
Ә.  «Тәй-тәй» 
Б.  «Балбӛбек» 
В.  «Кәусар бұлақ» 
6. «Алғашқы қадам» бағдарламасы қай жастағы балаларға арналған? 
А.  1-3 
Ә. 3-4 
Б.  4-5 
В.  5-6 
7. «Зерек бала» бағдарламасы тәрбиелеудің авторитарлық модельдерін 
ауыстырып, қанша білім беру салаларына бӛлінген? 
А. 3 
Ә. 4 
Б.  5 
В.  6 
8. Жетілдірілген «Tәрбие бағдарламасы» қай жылы басып шығарылды? 
А.  1935 жылы 
Ә.  1966 жылы 
Б.   1934 жылы  
В.   1957 жылы 
9.Баланың нақты ақыл-ойы мен тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның 
бойына  ұйымшылдық,  тәртіптілік,  ұқыптылық,  жауапкершілік  қасиеттерін 
қалыптастыру ұстанымы: 
А.  Тәрбиелей отырып оқыту  
Ә.  Дамыта отырып оқыту 
Б.  Үйрете отырып оқыту 
В.  Ойната отырып оқыту 
10.  Оқытудың  эмоционалдық  және  кӛрнекілік  технологияларын  үйлесімді 
қолдану арқылы қоршаған әлемді қабылдау мен тануға мүмкіншілік туғызу? 
А.  Шығармашылық ұстаным 
Ә.  Кӛрнекілік ұстаным 
Б.  Ғылымилық ұстаным 
В.  Бірізділік ұстаным 
11.Авторлардың  үлкен  ұжымы  әзірлеген  және  РСФСР  Оқу  министрлігі 
бекіткен  сәбиліктен  бастап  мектепке  түскенге  дейінгі  балалармен  жұмыс 
істеудің  білім-тәрбие  беру  жӛніндегі  бірыңғай  бағдарламасы  тұңғыш  рет 
қай жылы жарияланды? 

 
86 
А.  1962 жылы  
Ә.  1975 жылы 
Б.  1986 жылы 
В.  1965 жылы 
12.Мектепке  дейінгі  балалардың  бойында  бұрын  қалыптасқан  дағдыларын 
ӛзіндік  іс-әрекет  жағдайларында  қолдану  мүмкіндіктерін  арттыру  арқылы 
шығармашылыққа тәрбиелеу: 
А.  Кӛрнекілік ұстанымы 
Ә.  Табиғилық ұстаным 
Б.   Креативтілік ұстанымы 
В.  Тарихилық ұстаным 
13. «Зерек бала» бағдарламасы қай жастағы балаларға арналған? 
А.  2-3 
Ә.  2-4 
Б.   4-5 
В.  3-5  
14.  Ернеуде  тұрып  суда  бұрылыс  жасап  секіру  және  басқа  да  жалпы  дамыту 
жаттығуларын  жасау  (Гидроаэробика)  қай  жас  топтарының  дене  шынықтыру 
мазмұнына кіреді? 
А.  Ерте жас тобы 
Ә.  Ересектер тобы 
Б.  Ортаңғы топ 
В.  2 сәбилер тобы 
15. Ерте жас тобы бағдарламасы («Алғашқы қадам») неше бӛлімнен тұрады? 
А.   2 
Ә.   3 
Б.   4 
В.   5 
 
6-тақырып. Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі 
 
1.  Сәби шақтың даму ерекшелігі 
2.  Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы 
3.  Перинаталдық онтогенез туралы ғылым.  Перинаталдық кезеңдегі дамудың 
маңызы 
 
Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, баланың даму кезеңдерін ең 
алғаш  рет  бӛліп  берген  Аристотель  болатын.  Ол  жеті  жасқа  дейін,  жетіден  14 
жасқа  дейін,  14-тен  21-жасқа  дейін  кезеңдерге  бӛлді.  Жеті  жасқа  дейін  бала 
үйде  тәрбие  алады.  Мектепке  дейінгі  тәрбиені  ұйымдастыру  жӛнінде,  жас 
ерекшеліктеріне  сай  тамақтандыру,  дене  қозғалысының  қажеттілігі,  денені 
шынықтыру, баланың тәрбие ортасын ескеру кӛрсетілді. 
Я.A.Kоменский адамның ӛсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала 
отырып,  бір-бірімен  байланысты  құрылған  оқудың  тӛрт  сатылы  кезеңін 
ұсынды. Туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әр қауымда «Aна мектебі», 6-

 
87 
12 жастағылар үшін «Aна тілі» мектебі, 12-18 жастағылар үшін латын мектебі; 
гимназия;  18-24  жастағы  жастар  үшін  әрбір  мемлекетте  академия  болу  керек 
деді. 
Баланың ӛсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак 
Руссо  тӛрт  кезеңге  бӛлді:  бірінші  кезең  -  баланың  туған  күнінен  2-жасқа 
дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең  - 12-ден 15 жасқа 
дейінгі,  тӛртінші  кезең  -  15  жастан  ер  жетуіне  дейінгі  ӛсу  дәуірлері.  Жас 
ерекшеліктеріне  қарай  тәрбиенің  салаларын  ұсынды.  Екі  жасқа  дейінгілерге 
негізінен  дене  тәрбиесі,  денесінің  ӛсуіне  мүмкіндік  беруді  талап  етті.  2-12 
жаста  баланың  сезім  мүшелерін  жетілдіру,  12-15  жаста  ақыл-ой  мен  еңбек 
тәрбиесі  негізгі  болады.  Жас  ӛспірімнің  тӛртінші  дәуірінде  адамгершілік 
тәрбиесі басталатынын айтты. 
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың жас ерекшелігін және дара 
қабілеттерін  ескеруді  орыс  педагогтары  мен  психологтары  K.Д.Ушинский, 
Н.П.Пирогов,  H.Ф.Бунаков,  В.П.Вахтеров,  В.И.Водовозов,  И.Н.Ульянов, 
А.С.Макаренко, П.Л.Блонский, B.A.Cухомлинский талап етті. 
Соңғы  кезге  дейін  Кеңестік  дәуір  педагогтары  мен  физиологтары 
балалардың даму кезеңдерін тӛрт кезеңге бӛліп келді: 
1  кезең-Мектепке  дейінгі  кезең  (сәбилік  -  1  жасқа,  бӛбектік  1-3  жас,  мектепке 
дейінгілер 3-7 жас арасындағылар) 
2 кезең - Тӛменгі мектеп жасындағылар (7-10 жастағылар) 
3 кезең -Жас ӛспірімдер (11-16 жас) 
4 кезең -Жас ӛрендер (аға мектеп жасындағылар 16-18 жастағылар) 
K.Д.Ушинский  -  егер  педагогика  адамды  барлық  жағынан  тәрбиелегісі 
келсе, онда ол оны барлық жағынан  білуге де тиіс деп атап кӛрсеткен 6олатын. 
Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау және олардың ӛсу кезеңдерін белгілеу 
үшін  анатомиялық  кӛрсеткіштері  ескеріледі.  Сонымен  бірге,  физиологиялық 
процестердің жүру ерекшеліктері: бойының ӛсуі, психикалық эмоциялық - еркі 
дамуы,  рухани  -адамгершілік  жағынан  жетілу  деңгейі,  іс-әрекет  практикалық 
сапаларының  қалыптасуы,  бәрі  есепке  алынады.  Балалардың  дамуының  ішкі 
заңдары,  белгілі  жүйесі,  ерекше  құбылыстары бар.  Дегенмен,  акселерацияның 
балалар дамуында рӛлі ерекше, ол ӛсуді тездетеді, тістері ерте шығады, кеуде 
кеңейіңкірейді,  ӛкпенің  тыныс  алуының  мүмкіндігі  артады.  Акселерация 
педагогиканың,  физиологияның,  гигиенаның  алдына  күрделі  мәселелерді 
қойды. Қазіргі кезде балалар ӛсуінің кезеңдеріне  үлкен ӛзгерістер әкелді, яғни 
дене  жағынан  ӛсуді  тездетті,  дене,  эмоциялық-психикалық  және  ақыл-ой  жүгі 
ауырлады, 
оған 
тӛзу 
қабілеті 
артты, 
әлеуметтік 
қатынастардың 
кӛпжақтылықтарын қабылдауға рухани дайындықты қажет етті. 
Бала  ӛзінің  қалыптасуында  екі  кезеңнен:  ана  құрсағындағы  тоғыз  айлық 
даму  барысында  биологиялық  кезеңінен,  17-18  жыл  шамасы  аралығында 
әлеуметтік  тәрбиенің  әртүрлі  формаларынан,  яғни,  әлеуметтік  даму  кезеңінен 
ӛтеді. 
Әлеуметтік  даму  сатысы  кезеңдерінің  тӛмендегідей  құрылымдары 
қалыптасты: 

 
88 
1. Туғаннан 1 жасқа дейін - сәбилік кезең. Мағжан Жұмабаев: «Жаңа туған бала 
бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан 
ата-ана  жас  баланы  тәрбие  қылғанда  күшінің  кӛбін  баланың  тәрбиесіне 
жұмсауға  міндетті.  Дене  тәрбиесіне  жеңіл  қарауға  болмайды.  Дене  -  жанның 
қабы.  Қап  берік  болса,  ішіндегі  зат  та  берік  болмақ.  Дене  -  жанның  құралы. 
Құрал  мықты  болса,  иесі  де  мықты»,  -  деп  жазды.  Баланың  анадан  туғандағы 
халі осындай екенін сипаттап отыр. Одан әрі даму үшін баланың денсаулығын 
да, жан саулығын да тәрбиелеу процесі басталады. 
2.  1-3 жасқа дейін бӛбектік кезең. Бала әлеуметтік тәжірибені жинақтап, дене 
қызметі, психикалық сапалары мен процестері қалыптаса бастайды. 
3.  3-6 жасқа дейін ерте балалық шақ басталады. 
Бұл  үш  кезеңді  мектепке  дейінгі  кезең  деп  атайды.  Біздің  балаларымыз—
ұрпақтарымыз, мемлекетіміздің болашағы. Олар қай жағынан болса да жоғары 
сапада  дамыған,  дені  сау,  еңбек  сүйгіш,  қоғамдық  ӛмірге  белсене 
араласатындай болуы тиіс. Міне, осы мақсатта тәрбиені сәбилік шақтан жүзеге 
асыру  кезектегі  міндеттердің  бірі.  Жас  ұрпақтың  дене  құрылысы  мықты, 
рухани  даму  қабілеті  күшті,  жан-жақты  дамыған  болуға  тиіс.  Рухани  даму  - 
қоғамдық  дамудың  құрамдас  бӛлігі.  Бала  дүниеге  келген  алғашқы  күннен 
қоршаған  табиғи  және  әлеуметтік  ортаның,  басқаша  айтқанда,  сыртқы 
дүниенің  әсеріне  түседі.  Баланың  дүниетанымдық  кӛзқарастары  мен 
адамгершілік  қасиеттері:  ақыл-ойы,  сана  сезімі,  кӛңіл  күйі,  талаптары  мен 
мүдделері,  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлері  қалыптаса  бастайды.  Бұл 
мақсатты  жүзеге  асыруда  мектепке  дейінгі  ұйым  қызметкерлерінің  тәрбиенің 
міндетін барынша дұрыс түсіне білуі маңызды.  
Бала  организмінің  қалыптасуы  мен  аса  шапшаң  даму  кезеңі  –  сәбилік 
шақ.  Дамудың  бұл  кезеңінде  баланың  бойы  шапшаң  ӛседі,  салмағы  да  тез 
қосылады,  тұтас  организмнің  бүкіл  қызметінің  дамуы  барынша  тездейді. 
Сәбилік  кезеңдегі  бала  дамуында  бұдан  басқа  да  ерекшеліктер  кӛп:  бала  аса 
сезімтал  және  тез  ренжігіш,  сондықтан  жас  сәби  организмін  дер  кезінде 
шынықтырып,  дене  түзілісі  сымбатты  да  сәнді  болуын  ерте  қамтамасыз  ету 
кӛзделеді. Бұл - ең алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі. 
Организмнің  қалыптағыдай  дұрыс  дамуы  мен  мықты  денсаулығы  үшін 
қажетті  жағдайлар:  тамақ,  ұйқы,  сергіту  кезеңдерін  дер  кезінде,  дұрыс 
ұйымдастыру,  сондай-ақ  таза  ауа,  су,  күн  сәулесін  орынды  пайдалану. 
Kӛрсетілген жағдайлар жас нәрестенің нәзік организміне тиімді әсер ету үшін 
әлі  де  жеткіліксіз.  Бұл  баланың  бүкіл  ӛмірін  дұрыс  ұйымдастырып,  тәлім-
тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізгенде ғана нәтиже береді. Алғашқы екі жыл 
дамудың аса тез, қарқынды кезеңі. Бұдан былайғы кезеңдердің бірде-біреуінде 
бала  алғашқы  екі  жылдағыдай  аса  кӛп  ӛзгеріске  ұшырамайды.  Мектепке 
дейінгі  ғылыми  әдебиеттерде  бала  ӛмірінің  дамуындағы  сәбилік  кезең  деп 
аталатын  алғашқы  екі  жылын  арнайы  қарастырады.  Жеке  бастың 
қалыптасуында осы шақтың ерекше мәні бар. Жеке бастың дамуы дегеніміз - 
адамгершілік,  ақыл-ой,  эстетикалық  және  дене  т.б.  тәрбиелердің  тұтастығы. 
Сәбилік  шақты  зерттеген  ғалымдарымыздың  бірі  -    Н.М.Аксаринаның 
«Cәбилік  шақтағы  балалар  тәрбиесі»  деп  аталатын  еңбегінде  баланы  туған 

 
89 
күнінен  бастап  тәрбиелеудің  аса  қажеттігі  ғылыми  негізделген.  Сондай-ақ, 
дене  құрылысының  даму  ерекшеліктері  де  беріледі.  Баланың  бүкіл  организмі 
ӛсіп  нығаяды,  жүйке  жүйесі  анағұрлым  тӛзімдірек  келеді.  Сонымен  сәбилік 
шақтағы  баланың  даму  ерекшеліктері  мыналар:  а)ересек  адамдардың 
кӛмегінсіз  әртүрлі  қимыл  әрекеттерді  орындауға  бағытталуы,  дербестіктің  ең 
қарапайым  түрлерінің  жетілуі;  ә)кӛрнекі  ойдың  дамуы.  Баланың 
айналасындағылар жайлы ӛз ойын, пікірлерін білдірудің аса қарапайым түрі.  
Сәбилік  шақтан  бастап,  бала  әрекеті  қай  жағынан  болса  да,  күрделене 
түседі.  Күнделікті  ӛмірден  кӛргендерін,  білгендерін,  іс-әрекеттерін, 
қимылдарын  ойын  үстінде  бейнелеудің  негізі  осы  сәбилік  шақтан  басталады. 
«Мектепке  дейінгі    тәрбие  мен  оқыту  бағдарламасында»  ойын  түрлерінің 
күрделене түсетіндігі айтылған. 2,5 жасқа қарай мазмұнды  ойынға ерекше мән 
беріледі.  Осылайша  бала  дүниеге    келген  алғашқы  күннен  бастап,  дамудың 
үлкен  жолынан  ӛтеді.  Егер  туғаннан  бастап  бала  дене  құрылысын,  қимылын, 
мәдени-гигиеналық  дағдыларын  қалыптастыру,  дамыту  бағытында  жұмыстар 
жүйелі,  реттілікпен  жүргізілетін  болса,  мынадай  қорытынды  шығады: 
уақытылы  жүргізілген    тәрбие  тәсілдерінің  дұрыстығынан  баланың  дамуы 
кешеуілдемейді.  Дене  тәрбиесі    дұрыс  жүргізілген    жағдайда,  алғашқы 
нәтижелер  білінеді.  Қазіргі  кезде  біздің  елімізде  мектепке  дейінгі  тәрбиенің, 
соның ішінде дене тәрбиесінің  барынша дамуына қажетті жағдайлардың бәрі 
де  жасалуда.  Дене  түзілісі  мықты,  кӛңіл  күйі  кӛтеріңкі,  ширақ  бала  ауруға 
тӛзімді болады да, жұқпалы ауруларға аз шалдығады. Атақты физиологтардың 
еңбектерінде  (И.  М.  Сеченов,  В.  М.  Бехтерев,  И.  П.  Павлов)  даму  тұқым 
қуалаушылық  жолмен  емес,  организмнің  қоршап  тұрған  ортамен  ӛзара 
әрекетінің  нәтижесінде  болатындығы  кӛрсетілген.  Бұл  еңбектер  тұқым 
қуалаушылықты  мүлдем  жоққа  шығармай,  белгілі  бір  жағдайға  байланысты 
тұқым қуалау жолымен болатын қасиеттерді ӛзгерту мүмкін екенін анықтады. 
Сонымен  қатар  организмнің  қалыпты  дамуы  үшін  тәрбиенің  жетекші  рӛлі 
кӛрсетіледі.  Белгілі  бір  анализатордың  жұмысын  шапшаңдату  жаттығуға 
байланысты.  Мысалы,  мезгілінен  6  апта  бұрын  туған  нәрестеде  туған  соң  5 
аптадан кейін шартты түрде есту рефлексін қалыптастыруға болатын кӛрінеді. 
Табиғи  пісіп  жетілу  процесі  де  сыртқы  ортаның  әсер  етуіне  байланысты, 
сондай-ақ  ми  сыңарлары  қабығының  қызметі  тұқым  қуалау  жолымен  емес, 
ішкі-сыртқы тітіркендіргіштердің әсерімен ӛмір процесінде дамиды. Ол туралы 
сәбилік  кезең  педагогикасының  негізін  қалаушы  проф.  Н.  М.  Щелованов: 
«Eгер  сыртқы  әсер  болмаса  немесе  жеткіліксіз  болса,  онда  ми  қабығының 
жасалуы  дұрыс  болмайды  немесе  кешеуілдейді»,  -  деген.  Бұл  ӛзара  әсер  ету 
Н.М.Щелованов,  И.И.Красногорский, 
Н.И.Касаткин,  Н.М.Аксаринаның 
анықтауынша,  баланың  алғашқы  күнінен  басталады.  Олай  болса,  тәрбие 
процесі  де  (дене  тәрбиесі  т.б.)  нәресте  дүниеге  келген  алғашқы  күннен 
басталады.  Бала  туғаннан  бір  жасқа  дейін  дұрыс  тамақ,  күтім,  тәрбие  болған 
жағдайда ӛте тез ӛседі. Жылдың алғашқы жартысында ай сайын 600-700 грамм 
салмақ қосса, екінші жартысында 400-300 грамм қосады. Бойы ай сайын 2-3 см 
ӛседі.  Орта  есеппен  1  жастағы  баланың  салмағы  10-10,5  кг,  бойы  74-75  см 
болады. 7-8 айда баланың сүт тісі шыға бастайды, ал бір жасқа келгенде 8 тісі 

 
90 
болады.  7  апталығында  миы  екі  есе  ӛсіп,  орталық  жүйке  жүйесінің  жұмысқа 
қабілеттілігі  артады,  баланың  ұйықтамай  кӛңілденіп,  сергек  жүру  мезгілі 
кӛбейеді.  Әуелі  20-30  минут  болса,  1  жасқа  келгенде  3,5  сағатқа  дейін 
созылады
.
  Бір  жасқа  дейінгі баланы  тәрбиелеудегі  негізгі міндет-денсаулығын 
сақтау  және  нығайту,  баланың  денесінің,  психикасының  дамуына  қажетті 
жағдай  жасау,  жалпы  қимылын,  ӛзіне  жақын  адамдармен  қарым-қатынасын 
калыптастыру.  Бала  кӛру,  ұстау  арқылы  қабылдауын  дамытады.  Ойыншықты 
ұстау, кеудесіне апару, кӛру, бір қолынан екінші қолына ауыстыру арқылы сол 
заттың  қасиетімен  танысады.  Баланың  түсіп  кеткен  ойыншыққа  талпынуы, 
жылжуға дайындығы басталады. 5 айлығында бала екі алақанына сүйеніп, ұзақ 
уақыт  етпетінен  жата  алады.  6  айлығында  бала  кӛбіне,  етпетінен  жатып 
аударылып,  аяғымен  жылжиды.  Бұл  әрекеттердің  бәрі  де  баланың  бұлшық 
еттерінің,  аяқ-қолының,  карын  еттерінің,  кеуде  сүйегінің  дамуына  әсер  етіп, 
енбектеуіне қажетті алғы шарттар дайындайды. 
Ойыншықтармен  ойнату 
арқылы  баланың  іс-әрекеті  ұйымдастырылады.  Ойыншықты  ұстайды,  кӛреді, 
айналасындағы заттарға тоқталады. 6-7 айда еңбектеп, кӛп кешікпей отырады. 
9  айда  жар  жағалап,  жайлап  жүреді.  9-10  айдан  1  жасқа  дейінгі  кезеңде 
тәрбиенің  бір  негізгі  міндеті  -  баланың  қимылын  дамыту.  Балалардың 
ойыншықтармен  ұзақ  ойнау  әрекетін  ұйымдастырудың  ерекше  орны  бар. 
Мысалы, қорапты ашып, жабу, ойыншықтарды тізілтіп, қаз-қатар қою, шарды 
қорапқа  салу  т.  б.    11-12  айда  бала  еркін  жүруге  үйренеді.  Бұл  кезеңде 
тыныштық,  тамақ,  ұйқы,  сергектік,  дене  жаттығуларының,  әр  балаға  кӛңіл 
бӛлудің мәні зор. 
Екіншіден,  ұйқысын  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Таза  ауада  5-6  сағат 
ұйықтау  қамтамасыз  етіледі,  оның  ішінде  бірден  тез  ұйықтауға  үйретудің 
маңызы  зор.  Кішкентайлар  мен  әлсіздер,  ерте  тұрғандар  алдымен 
жатқызылады. Бұл әрекеттердің бәрі тыныш, асықпай, баппен істеледі. 
Үшіншіден, тұрғызу мен тамақтандыру. Дұрыс күн тәртібімен ұйықтаған бала 
жыламай, жайбарақат тұрады. Тамақты қолдан бӛтелкемен, қасықпен ішкізуде 
баланың  ӛзі  ұстауын,  ӛзі  алуын  үйрету  керек.  Ойынмен  шұғылдану  баланың 
жан-жақты дамуына әсер етеді. Ойын жерде, столда, манежде ӛткізілуі мүмкін. 
2,5—12  айлық  балалардың  кӛру,  есту  мүшелерін  барынша  дамыта  отырып, 
ойыншықтарды  кӛрсету,  атын  айту,  қол  қимылын,  еңбектенуге  қажетті 
қимылдарын  дамытудың  маңызы  зор.  Сәбилердiң  екiншi  тобы  (1  жастан  2 
жасқа  дейін).  Арнаулы  ғылыми  еңбектерде  бұл  топта  тәрбиеленушілер  екі 
кезеңге  бӛлінеді:  1  жастан  1,5—1,6  айға  дейін,  1  жас  5—6  айдан  2-ге  дейін. 
Мұның  әрқайсысында  да  баланың  дер  кезінде  тамақтануы,  ұйқы  және  басқа 
қызметтердің  дұрыс  ауысып  отыруы  оның  денсаулығы  мен  дене  құрылысы 
жағынан  дамуына,  кӛңіл  күйі  мен  мінез-құлқына  үлкен  әсер  етеді,  яғни  күн 
тәртібінің  тәрбиелік  үлкен  мәні  бар.  Балалар  белгілі  бір  тәртіпке  үйренеді. 
Белгілі бір уақытта тыныш ұйықтайды, сондай-ақ тамаққа да тәбеті белгілі бір 
уақытта  шабатын  болады.  Екі  жасқа  қараған  баланың  жүйке  жүйесінің  қызу 
дамуына байланысты сергіту кезеңі ұзарып, күндіз аз ұйықтайды. 1 жастан 1,6 
айға дейінгі бала күндіз екі  мезгіл ұйықтайды (2,5-1,5 сағат) да, үздіксіз 3,5-4 
сағат  сергиді.  Ал  1  жас  6  айдан  кейін  күндіз  бір-ақ  мезгіл  (3,5-4  сағат) 

 
91 
ұйықтайды,  4,5-5  сағаттан  соң  сергиді.  Бұл  топтағы  балалардын  күн  
тәртібіндегі  ӛзгеріс  сол-екі  күн  тәртібі  жасалады.  Әр  баланың  күн  тәртібін 
белгілеу үшін оның жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге жалпы дамуы мен 
денсаулығы еске алынады. Нәзік, денсаулығы нашар, жүйке жүйесінің жұмысы 
тұрақсыз балаларға ерекше назар аударып, бірінші топта ұстай тұруға болады. 
Осы  кемшіліктері  әбден  жойылған  соң  барып,  тәрбиеші  немесе  күтуші 
дәрігерге  айтып,  содан  кейін  ғана  күн  тәртібі  ауыстырылады.  Бұл  -  күн 
тәртібіне байланысты сәттер.  Екі жасқа қараған баланы сергіту едәуір ұлғаяды. 
1  жас  2-3  айдағы  бала  үздіксіз  3-4  сағат,  ал  1  жас  6  айдағы  бала  4-5  сағат 
үздіксіз  серги  алады,  сондықтан  баланың  қызмет  әрекетін  түрлендіріп, 
анағұрлым мазмұнды ӛткізуге болады. Бұл жаста бала, аяғымен жүріп, кӛбірек 
қозғалуға  тырысады.  Ол  үшін  жағдай  жасалып,  бӛлме  ішінен  арнаулы  орын 
бӛлінеді,  түрлі  ойыншықтар  беріледі,  ойынның  түрлері  кӛбейеді.    Қимылдық 
ойындарға, дене жаттығуларына, организмді шынықтыруға кӛп кӛңіл бӛлінеді. 
Балалардың  организмін  шынықтыруда  киімнің  маңызы  зор.  Киім  ыңғайлы, 
жеңіл  және  баланың  денесіне  қонымды,  баланың  қозғалысына  дем  алуына 
кесел  келтірмейтіндей  болуы  керек.  Тәрбие  жұмысын  жоспарлау  белгілі  бір 
мақсатқа бағытталады. Балалардың жас ерекшелігі, дене құрылымының дамуы 
мен  жүйкелік-психикалық  қызметі  еске  алына  отырып,  денсаулығын  сақтау, 
денені  шынықтыру,  негізгі  қозғалыс  қимылдарын  дамыту  (жүру,  ӛрмелеу, 
жүгіру,  қол  қимылдары),  баланың  қуанышты  кӛңіл  күйін  тудыратын  жағдай 
жасау, қарапайым дағдыларды қалыптастыру, үй бұйымдарын, ойыншықтарды 
ұстауға  үйрету,  сондай-ақ  тілін  дамыту,  сӛйлеуге  үйрету,  кӛру,  есту,  түйсіну 
арқылы  қабылдауын  жетілдіру,  заттар  мен  құбылыстар  туралы  түсініктерін, 
басқа  балалармен  қарым-қатынасын  дамыту,  қарапайым  ойлау  процестерін, 
эстетикалық  тұрғыда  алғашқы  кӛркемдік  ұғымдарын  қалыптастыру,  зейінін 
тәрбиелеу  міндеттері  қойылады.  Сонымен  қатар:  1)  балаларды  күту  және 
олардың  ӛмірін  дұрыс  ұйымдастыру,  күн  тәртібін  сақтау;  2)  шынықтыру;  3) 
мәдени-гигиеналық  дағдысын  тәрбиелеу  және  оны  үнемі  жетілдіріп  отыру 
сияқты нақты міндеттер іске асырылады. 
  
Баланың  алғашқы  екі  жылы  барлық  ағзалар  мен  жүйелердің  қарқынды 
дамуымен  сипатталады.  Бала  белгілі  бір  туа  бітетін  биологиялық 
қасиеттермен,  оның  ішінде  негізгі  жүйке  процестерінің  типологиялық 
ерекшеліктерімен  де  (күш,  ұстамдылық  және  ширақтық)  туады.  Бірақ  бұл 
ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және психикалық дамудың негізі ғана болып 
табылады,  ал  ӛмірдің  алғашқы  айларынан  бастап  баланы  қоршаған  орта  мен 
тәрбие  анықтағыш  фактор  болып  саналады.  Сондықтан  баланың  сергек, 
жағымды  эмоциялық  қалыпта,  дене  және  психикалық  дамуының  толыққанды 
болуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың және тәрбие ұйымдастырудың 
маңызы ӛте зор. 
Морфологиялық құрылымының және ми қабыршағының функционалдық 
дамуының  аяқталмауы  -  баланың  алғашқы  жылдардағы  ӛміріндегі  орталық 
жүйке  жүйесінің  ерекшелігі  болып  табылады.  Ол  бұдан  кейінгі  жылдарда 
сыртқы  және  ішкі  қоздырғыштардың  әсерімен  жүзеге  асады.  Туа  біткен 

 
92 
шартсыз  рефлекстер  (қорғаныстық,  сақтанғыштық,  тағамдық,  бағдарлық) 
негізінде жоғары жүйке қызметі дамиды. Бала ӛмірінің алғашқы апталарынан 
бастап-ақ  кӛру  және  есту  қоздырғышына,  сондай-ақ,  (H.  И.  Касаткиннің 
зерттеулері  кӛрсеткендей)  алуан  түрлі  сыртқы  қоздырғыштарға  шартты 
рефлекстер  пайда  болуы  мүмкін.  Жас  артқан  сайын  шартты  рефлекстердің 
пайда болуы шапшаңдай түседі.  Егер сыртқы қоздырғыштардың бірін белгілі 
бір  ізділікпен  ұзақ  қолданса,  онда  реакцияларға  жауаптың  біртұтас  жүйесі-
динамикалық  стереотип  құрылады.  Дұрыс  тәрбиелеген  жағдайда  балада 
кӛптеген  әртүрлі  стереотиптерді  қалыптастыруға  болады,  ол  сыртқы 
жағдайлардан  әсер  алуды  айтарлықтай  жеңілдетеді,  жүйке  клеткаларының 
жұмыс  қабілетін  арттырады.  Мысалы,  бүкіл  күн  тәртібіне,  уақытылы 
ұйықтатуға,  ұйқыдан  соң  ертеңгі  гимнастиканы  міндетті  түрде  орындауға, 
содан  соң  жуынуға,  стереотип  жасауға  болады.  Дегенмен,  балаларда  айнала 
қоршаған дүниеден саналы түрде әсер алу қабілетін дамыта отырып, баланың 
жасының,  жағдайлардың  ӛзгеруіне  байланысты  кейбір  стереотиптерді 
(әдеттерді)  ӛзгерту  мақсатында  баланың  жүйке  жүйесін  жаттықтыруды 
сақтықпен  жүргізу  керек.  Мәселен,  екі  жасқа  аяқ  басқан  бала  қозғалысының  
даму ерекшеліктерін ескере отырып, балалар кәдімгі жүрісті игергеннен кейін 
дене  шынықтыру  сабақтарына  күрделендірілген  жүрісті  (жолмен,  тақтайдың 
үстімен  жүру)  ендіру  керек.  Бала  жаңа  қозғалысқа  қызыға,  оны  орындауға 
ұмтыла  отырып,  оған  ұсынылған  тапсырманы  оңай  меңгереді.  Соның 
нәтижесінде  тек  жаттығуларды  орындау  кезінде  ғана  емес,  күнделікті  ӛмірде 
де  қозғалыс  дағдыларын  жетілдіру  жүріп  жатады.  Орталық  жүйке  жүйесінің 
дамуы  және  тармақтануына  (пісіп  жетілуіне)  қарай  статикалық  және  қимыл-
қозғалыстық функциялар пайда болады. Бұл функциялардың пайда болуы мен 
нығаюы  ішкі  де,  сыртқы  да  факторлармен  анықталады.  И.  М.  Сеченов  жаңа 
туған бала қаңқалық бұлшық еттер саласындағы инстинктік қозғалыстардың аз 
мӛлшеріне  ғана  ие  екенін  атап  кӛрсеткен.  Ал  ықтиярлы  қозғалыстар  деп 
аталатындардың  бәрі  баланың  ӛмірі  барысында  сыртқы  әрекеттер  әсерімен 
қалыптасады.  Мұның  ӛзінде  айналадағы  орта  әсерлерін  қабылдайтын  сезіну 
мүшелері  жай-күйінің  елеулі  мәні  болады  (баланың  туар  сәтіне  таман  оның 
сезіну мүшелері қозғалысқа қарағанда, кӛбірек дамыған болады). 
М.Ю.Кистяковскаяның  зерттеулері  арқылы  қимыл-қозғалыстың  және 
басқа  анализаторлар  арасында  байланыс  құрылуының  белгілі  бір  ізділігі 
анықталды.  Ӛмірдің  екінші  айында  кинестетикалық  және  сезім  мүшелері 
анализаторлары  арасында  байланыс  орнайды,  бұл  баланың  әртүрлі 
жағдайларда: етпетінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын кӛтеру және 
ұстау  қозғалыстарынан  кӛрінеді.  Жас  шамасының  осы  кезінде  қолдың 
кинестетикалық  анализаторы  мен  еріннің,  ауыз  қуысының  сілекей  қабығында 
және  қолдың  терісінде  рецепторлары  бар  дене  түйсігі  анализаторлары 
аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. Бұл қолдың ауызға бағытталуынан, 
саусақ  сорудан  сырттай  кӛрініс  береді.  Кейінірек  қолдың  кинестетикалық 
анализаторы мен кӛру анализаторы арасында байланыс орнайды, сол кезде бала 
қолын бетінен жоғарырақ кӛтереді және оған кӛз тоқтатып қарайды. Тӛртінші 
айдың  соңы  мен  бесінші  айдың  бас  кезінде  әлдеқайда  күрделірек  кӛру-

 
93 
кинестетикалық  байланыстары  пайда  болады,  соның  арқасында  бала  кӛзге 
түскен  затқа  қол  созады  және  оны  ұстайды.  Пайда  болып  жатқан 
рецептораралық  байланыстар  күрделі  функционалдық  жүйелер  құрайды, 
мұның  кӛріністерінің  бірі  —  алуан  түрлі  қозғалыс  болып  табылады.  Мұның 
ӛзінде  тиісті  сенсорлық  нәтижемен  аяқталатын  қозғалыстар  бұрын 
тұрақтанады.  Балалардың  күнделікті  тіршілігінде  қажетті  жабдықтар  мен 
құралдардың  болуы,  жүйелі  айналысу  қозғалыс  дағдыларын  жетілдіруге 
кӛмектеседі. 
Мектеп 
жасына 
дейінгі 
балаларда 
қимыл-қозғалыс 
анализаторының тез дамитындығы байқалады (H. И. Красногорский). Бұл жас 
шамасында  шартты  рефлекстер  тез  қалыптасады,  бірақ  бірден  тұрақтанбайды 
да  баланың  дағдылары  алғашында  тұрақсыз  болады.  Қозу  және  тежеу 
процестері ми қабыршағында оңай тарқап кетеді, сондықтан балалардың назар 
сала қарауы тұрақсыздау, жауап реакциялары эмоциялық сипатта болып келеді 
және  шаршайды.  Мұның  үстіне  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қозу 
процестері  тежеу  процесінен  басымдау  болады.  Сӛйтіп,  белгілі  бір  қимыл-
қозғалыстық дағдылардың құрылуы және олардың шартты рефлекстер ретінде 
тұрақтауы, 
яғни 
қимыл-қозғалыстық 
стереотиптің 
құрылуы 
үшін 
қоздырғыштарды қолданудың белгілі бір шамада қайталанғыштығы, бір ізділігі 
талап етіледі. Белгілі жоспар бойынша ӛткізілетін дене жаттығулары осындай 
қоздырғыштар  болып  табылады.  Арнаулы  сабақтарды  ӛткізген  кезде 
балалардың  еркін  қимыл-қозғалыстық  әрекетіне  жағдай  жасау  орталық  жүйке 
жүйесінің  неғұрлым  дұрыс  және  уақытылы  дамуына,  демек,  баланың 
психикалық және қимылдық жағынан дамуына кӛмектеседі. 
Екі  жасқа  қараған  бала  жүру  сияқты  күрделі  қимыл-қозғалыс  актіні 
меңгереді, ал осы жылдың аяғына таман бала жүгіре бастайды. Екі жаста және 
үш  жаста  тәрбиелеу  және  үйрету  әсерімен  ӛрмелеу,  лақтыру  күрделіленеді 
және сапасы жетіле түседі.  
Сәби  және  мектепке  дейінгі  жаста  дененің  жетілуі  негізгі  
кӛрсеткіштердің  -  бойдың,  салмақтың,  бас,  кеуде  ауқымының  дамылсыз 
ӛзгеріп отыруымен сипатталады. 
Баланың  б  о  й  ы  ӛмірінің  алғашқы  жылында  шамамен  25  сантиметрге 
дейін  ӛседі  -  бұл  мектепке  дейінгі  кезең  ішіндегі  ең  мол  қосу.  5  жасқа 
таянғанда баланың бойы туғандағы бойымен салыстырғанда екі есе ӛседі. 
Баланың  с  а  л  м  а  ғ  ы  ӛмірінің  алғашқы  жылында  үш  есе  артады 
(туғандағы  салмағымен  салыстырғанда),  ал  бір  жастан  кейін  салмақтың  бір 
қалыпты  -  жылына  2-2,5  кг  қосылып  отыратындығы,  6-7  жас  шамасында 
баланың бір жастағы салмағы екі еселенетіндігі байқалады. 
        К  е  у  д  е          а  у  қ  ы  м  ы      да      біркелкі  ӛзгеріп  отырмайды,  ол  әсіресе, 
алғашқы  жылы  тез  ӛзгереді,  бұл  кезде  кеуденің  ауқымы  12-15  сантиметрге 
дейін артады. Мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл қалған мерзімі ішінде ол осы бір 
жастағы шамада артады. Кеуде ауқымының кӛлемі баланың толықтығына, оның 
денесінің  дамуына  және  дене  әзірлігіне  (бұлшық  етінің,  тыныс  қызметінің 
дамуына, жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуына) байланысты болады. 

 
94 
Сәби  шақта  б а с   а у қ ы м ы н ы ң   ӛзгеруі  негізінен  алғанда  ми  
салмағының артумен анықталады, бірақ бас сүйегінде рахит салдарынан ӛзгеріс 
болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. 
Дене  жаттықтырудың  игі  әсері  балалар  денесінің  даму  деңгейінен    ғана 
емес  (денесінің  даму  деңгейі  тӛмен  балалар  санының  азаюы,  орташа  және 
жоғары денгейде дамудың артуы), дене құрылысының жақсаруынан да (денесі 
жарасымды дамыған балалар санының артуы) кӛрінеді. 
Балалар с ү й е к   ж ү й е с і  үлкендердікіне қарағанда шеміршек  тканьге 
бай.  Сондықтан  да  баланың  сүйектері  жұмсақ,  солқылдақ,  жеткілікті  түрде 
қатпаған,  оңай  майысады  және  қолайсыз  сыртқы  факторлардың  (балалардың 
тіршілік  қызметі  мен  жас  шамасы  мүмкіндіктеріне  сай  келмейтін  дене 
жаттығулары,  баланың  бойына  сай  емес  киім,  аяқ  киім,  жиһаз  және  т.  б.) 
әсерінен дұрыс емес формаға енеді. Екі-үш жастан бастап солқылдақ құрамды 
қалыптасқан  сүйек  ткані  құрыла  бастайды.  Қаңқаның  сүйекке  айналу  процесі 
бүкіл балалық шақ бойына бірте-бірте жүреді. Омыртқаның, мойын, арқа және 
бел  бӛліктерінде  физиологиялық  иілістердің  қалыптасуы  алғашқы  жылдан 
басталады  да  мектепке  дейінгі  кезеңнің  бүкіл  бойына  созылады  (бала  басын 
ұстай  бастағанда,  шалқасынан  жататын,  отыратын,  жүретін  кездерінде). 
Балалардың 
омыртқасы 
қозғалғыштығымен 
ерекшеленеді, 
оның 
физиологиялық иілістері тұрақты болмайды және бала жатқан кезде тегістеліп 
кетеді.  Қаңқаның  жұмсақ  массасы  оның  формасын  ӛзгертетін  әсерлерге  оңай 
бейімделгіш  келеді:  отырған,  тұрған,  жатқан  кезде  дененің  дұрыс  жағдайда 
болмауы,  жұмсақ  және  дұрыс  тӛселмеген  тӛсеніш,  баланың  бойы  мен  дене 
пропорциясына үйлеспейтін жиһаз. Мұндай кезде дене қалпын дұрыс ұстамау 
әдетке  айналады,  тұлға  түрі  бұзылады,  мұның  ӛзі  қан  айналу,  тыныс  алу 
қызметіне теріс әсерін тигізеді, сүйек дұрыс қалыпта ӛспейді. 
Т а б а н   к ү м б е з і н і ң   қалыптасуы  бір  жастағы  кезден  басталады, 
әсіресе,  жүре  бастағанда  қарқынды  ӛтеді  де,  мектепке  дейінгі  шақта  одан  әрі 
жалғаса береді. Сондықтан мектепке дейінгі шақта сай келетін аяқ киім таңдап 
алуға  (ӛкшелі),  табан  күмбезінің  нығаюы  және  дұрыс  қалыптасуы  үшін 
жаттығулар  пайдалануға  ерекше  назар  аудару  қажет.  Қаңқаның  жедел  жетілуі 
бұлшық  еттердің,  сіңірлердің  және  буын-сіңірлері  аппаратының  жетілуімен 
тығыз  байланысты.  Кішкентай  балалардың  буындарының  үлкендермен 
салыстырғанда,  айтарлықтай  қозғалғыш  болатындығы  олардың  бұлшық 
еттерінің,  сіңірлерінің,  бунақтарының  әлдеқайда  солқылдақ  екеніне 
байланысты. Шамадан тыс қозғалғыштық - буындардың былқ-сылқ етіп тұруы - 
рахит белгілерінің бірі болып табылады. Кішкентай баланың бұлшық ет жүйесі 
ересек адаммен салыстырғанда, әлі жеткілікті дамымаған болады және бұлшық 
еттік  масса  бүкіл  дене  салмағының  25%-ын  құрайды,  ал  ересектерде  ол  орта 
есеппен  40-43%-ға  тең.  Бала  қозғалыстарының  дамуына  қарай  бұлшық  ет 
тканінің массасы және жиырылғыштық қабілеті артады. Бұлшық еттер күшінің 
артуы  дене  жаттығулары  кезінде  ширығуды,  бірте-бірте  ӛсіре  түсумен 
анықталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жазылдырғыш бұлшық еттері 
жеткіліксіз және едәуір нашар дамыған, сондықтан баланың тұру қалпы кӛбіне, 

 
95 
дұрыс  болмайды  -  бастың  салбыраңқылығы,  жауырынның  қушықтығы, 
арқаның бүкіреюі, кеуденің солыңқылығы.  
Ӛмірінің алғашқы жылында баланың ж ү р е к-қ а н    там ы р   ж ү й е с і  
айтарлықтай  морфологиялық  және  функционалдық  ӛзгерістерге  ұшырайды. 
Балалардың  жүрегінің  салмағы  3-4  жас  кезіндегі  70,8  грамнан  6-7  жаста  92,3 
грамға дейін артады, соның арқасында жүректің жұмыс қабілеті артады. 
Артериялық қысым жас ӛскен сайын артады: ӛмірдің алғашқы жылында ол 80-
85/55-60  мм  сынап  бағанасы  деңгейінде  болады,  3-7  жаста  ең  кӛбі  80-нен  110 
мм  с.  б.  дейін,  ең  азы  -50-70  мм  с.  б.  болып  ӛзгеріп  отырады.  Осымен  бірге 
жүректің  жұмыс  қабілеті  артады,  денеге  түсетін  жүкке  үйрену  қабілеті 
жоғарылайды:  бұлшық  етке  түскен  стандарттық  күшке  жауап  ретінде  жүрек-
қан  тамырлары  жүйесінің  кӛрсеткіштері  кӛлемі  тӛмендейді  (жүректің  соғуы, 
артериялық  қысым,  қан  айналымының  соғуы  мен  минуттық  кӛлемі),  қайта 
қалыпқа  келу  кезеңі  қысқарады.    Тыныс  алу  жиілігі  ӛскен  сайын  кеми  түседі: 
бір жастың соңына таман ол минутына 30-35-ке, үш жастың соңына қарай-25-
30-ға, ал 4-7 жаста 26-22-ге тең болады. Ӛсумен бірге тыныс алу тереңдігі және 
ӛкпе  желдеткіштік  2-2,5  есе,  оттегін  жұту-2  есе  дерліктей  артады.  Осы 
мәліметтер  балалардың  функционалдық  мүмкіндігінің  мол  екендігін 
дәлелдейді.  Жаттығу  процесінде  тыныс  алу  жүйесінің  жауап  реакциялары 
жетіледі.  Бұлшық  етке  жүк  түскен  кезде  ӛкпе  желдеткішінің  артуы  тыныс 
алудың  жиілеуінен  емес,  оның  тереңдеу  есебінен  болып  жатады.  Ӛкпе 
желдеткіші  аз  болып  тұрған  кезде  де  оттегі  жұту  осы  кӛлемде  қамтамасыз 
етіледі. Мұнымен бірге негізгі қуат бергіш жүйелердің - жүрек-қан тамырлары 
және тыныс алу жүйелерінің әлдеқайда үнемді әрекет етуі байқалады, бұл жас 
ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ дене жаттықтырумен айналысқан кезде 
функционалдық  мүмкіндіктердің  артуымен  де  анықталады.  Балалар  денесінің 
жұмысқа  қабілеттілігі  дене  тәрбиесі  ерекшеліктеріне  де  тәуелді.  Ӛз  қарқыны 
жӛнінен  әртүрлі  қимыл-қозғалыстық  режимдер  балалар  денесі  жұмыс 
қабілеттілігінің  әртүрлі  деңгейі  мен  ӛсуін  қамтамасыз  етеді.  Дене 
жаттығуларын  қолдану  болса,  ол  ағзадан  барлық  негізгі  жүйелер  әрекеттерін 
едәуір  үдетуді  және  үйлестіруді  талап  етеді,  сондықтан  әрбір  жас  кезеңінде 
даму  ерекшеліктерін  осыған  сәйкес  ұйымдастырып,  денеге  түсірілетін  жүкті 
қатаң  түрде  мӛлшерлеп  отыру  қажет  (мысалы,  дене  жаттығуларының  ұзаққа 
созылуы,  жаттығуларды  қайталау  саны,  олардың  қиындығы,  т.б.).  Балалардың 
әрбір 
жас 
кезеңіндегі 
морфологиялық-функционалдық 
дамуының 
ерекшеліктерін  білу  бала  ағзасын  жетілдіру  үшін  дене  тәрбиесі  құралдарын 
әлдеқайда  тиімді  пайдалануға,  оның  ақыл-ой  және  дене  жұмыс  қабілетін 
арттыруға мүмкіндік береді.                                                                                           

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет