А. Ж. Сисенбердиева


Тәрбиелік ықпалдар бірлігі принципі



Pdf көрінісі
бет19/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Тәрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-
бала  тәрбиесіне  қатысты  ықпалдардың  баршасын  (жанұя,  мектепке  дейінгі 

 
153 
ұйым, мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске 
қосып,  тәрбиеленушілерге  ӛзара  үйлестіріліп,  келісілген  талаптар  қоюды 
жүйелеу.  Егер  мұндай  бірлік  пен  үйлесім  болмаса,  тәрбие  процесінің 
қатысушылары  А.И.Крыловтың  кейіпкерлері  Шаян,  Аққу  және  Шортан 
секілді әрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен 
зиян кӛретін алдымен тәрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң 
болады,  ӛзіне  абырой  тұтқан  «пірлерінің»  ішінен  жӛндісін  айыра  алмай, 
күйзеліске келеді. Мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін 
тәрбиелік  ықпалдардың  бәрін  бір  арнаға  келтіріп,  тұлғаға  бағытталған 
күштердің  ұнамды  әсерін  кӛтеру  –  тәрбиелік  ықпалдар  бірлігі  принципінің 
басты талабы.  
Аталған  принципті  іске  асырудың  тӛменде  келтірілген  ережелері 
тәрбиешіге  ӛз  қызметінің  барша  саласында  кезігетін  жағдайларды  ескеруге 
кӛмектеседі:  
1)Тәрбиеленуші  тұлғасы  отбасы,  жолдас-достары,  тӛңірегіндегі  ересек 
адамдар,  қоғамдық  мекемелер  мен  оқушылар  ұжымы  және  т.б.  ықпалында 
қалыптасады.  Осы  сан  қилы  ықпалдар  арасында  біршама  маңызды  рӛл  топ 
(сынып)  ұжымы  мен  тәрбиеші  тұлғасына  тиісті  болатынын  еске  ұстай 
отырып, басқа да тәрбиелік әсер кӛздері болатынын ұмытпаған жӛн. Топтағы 
балалар  (сыныптағы  оқушылар)  мен  тәрбиешіден  болатын  талаптардың  бір-
біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет.  
2)Тұлға  қалыптастырудағы  бас  жетекші–отбасы.  Ӛз  баласының  даралық 
ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тәрбиесінде қайталанбас жол таба білу 
мен  сол  тәрбиеге  мейір,  жүрек  жылуын  қосу  тек  ата-аналарға  ғана  берілген 
шеберлік.  Бұл  тұрғыдан  оларды  ешқандай  тәрбиеші-педагог  не  оның  істері 
ауыстыра алмайды. «Ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деп атам қазақ 
бекерге  айтпаған.  Осыдан,  талап–отбасымен  қажет  байланысты  қолдап, 
қуаттау, бекіте түсу, қай тәрбиелік мәселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе 
шешу.  
3)Тұрмыста  осы  тәрбиеге  байланысты  кейде  табиғи  тәрбиелеуші  -  жанұя 
ресми  тәрбиеші  -  педагог  талаптарын  ұнатпай  қалатын  да  жағдайлар  кезігіп 
қалады.  Кӛп  жағдайда  ата-аналар  ӛз  балаларын  шектен  тыс  еркелетіп, 
олардың  жанаярлыққа  түсуіне  себеп  болады  да  педагогтардың  сол  бала 
тәрбиесіндегі  барша  жетістіктерін  демде  желге  ұшырады.  Мұндай 
келісімсіздіктерді жоюда бала тәрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бәрі 
ортақтастық табуға ынталы болғаны жӛн.  
4)Кейде  тәрбиеші  ұжым,  қоғамдық  ұйымдар  пікірлерімен  келіспей,  ӛз 
әріптестерін  сынға  алатын  жағдайлар  да  болып  қалады.  Бұл  балалар 
кӛзқарастары  мен  нанымдарына  әсер  етпей  қоймайды.  Сондықтан  бала 
тәрбиесі мекемелерінің мүшелері ӛзара келісімде, бірлікте қызмет жүргізгені 
жӛн.  
5)Тәрбие жұмысында бұрыннан орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген 
абзал.  Педагогикалық  ықпалдар  мен  талаптар  біртіндеп  күрделеніп  отыруы 
керек.  Бірлікті  талаптардың  орындалуы  жолында  отбасы  мен  ата-аналарға 
тікелей кеңесші - тәрбиеші-педагог.  

 
154 
6)Тәрбиелік  ықпалдары  үйелестіру  тәсілі  –  тәрбиеге  қатысты  адамдардың, 
қызмет  түрлері  мен  әлеуметтік  мекемелердің  басын  қосып  күш  біріктіру. 
Тәрбиеші  қоғамдық  мекемелер,  әлеуметтік  қауымдастықтар  және  отбасымен 
байланыс түзуде шаршап-шалдығу білдірмегені жӛн.  
Сонымен, тәрбие принциптері – тәрбие процесінің мазмұнына,  
әдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы 
бастау тұжырымдары.  
 
Оқыту  әдістері  және  тәсілдері.  Әдіс  (методос  деген  грек  сӛзінен  туады-
зерттеу  немесе  таным  жолы)  –  тәсілдер  жиынтығы.  Әдіс  педагогикалық 
әдебиеттерде  тәсіл  деп  түсіндіріледі.  Мысалы,  швейцар  энциклопедиясында 
әдіс  ұғымын  тәсіл  деп  түсінеді.  Педагогикалық  энциклопедияда  "Оқыту 
әдістері" - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың кӛмегімен 
білімді,  іскерлікті  және  дағдыны  игереді,  оқушылардың  дүниетанымы 
қалыптасады,  қабілеттер  дамиды,  -  деп  жазылған.  Демек,  оқыту  әдістері  бұл 
педагог  пен  оқушылардың  оқу-тәрбие  жұмысының  міндеттерін  ойдағыдай 
шешуге  бағытталған  ӛзара  байланысты  іс-әрекетінің  тәсілдері.  Оқыту  әдісін 
осылай  дидактика  тұрғысынан  түсіндіру  жалпы  философиялық  анықтамаға 
сай  келеді.  Әдіс  дәл  жалпы  мағынасында  мақсатқа  жету  іс-әрекетін  нақты 
ретке  келтіру  тәсілдері.  Оқу  әдістері  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің 
дамуына  мүмкіндік  туғызуы  тиіс,  яғни,  оқушылардың  ойын  дамытады,  ӛз 
бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдістері ғылыми 
таным  әдістеріне  байланысты,  ӛйткені,  оқытуда  ең  бастысы  оқушылардың 
танымдық  іс-әрекеті.  Ғылыми  танымға  қатысты  бірсыпыра  ережелер 
оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінде  қолданылатын  оқыту  әдістерінің 
ерекшелігін  анықтайды.  Бұл  ережелер:  оқыту  әдістері  ең  анық  фактілерді 
білуді  қамтамасыз  етеді;  оқыту  әдістері  практика  мен  теорияны 
жақындастырады;  оқыту  әдістері  шындықты  тануға  әрекет  жасайды;  идея 
нақты  ӛмір  мәліметтерінен  қорытылады.  Осы  ережелердің  бәрі  оқушылар 
кӛзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. 
Оқыту әдісі– мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа 
жету  педагогтың  шеберлігіне,  оның  оқыту  процесін  тиімді  ұйымдастыра 
білуіне,  оқушылардың  даярлық  дәрежесіне,  педагог  пен  оқушылардың 
белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. 
"Оқыту  әдісі"  және  "әдістемелік  тәсіл"  ұғымдары  бір-бірімен    тікелей 
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды 
бӛлімдер). Мысалы, жеке сӛздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б. 
Әдістердің  жіктелуі.  Әдіс  -  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған 
міндеттерді  дұрыс  орындау  үшін  педагог  пен  оқушылардың  бірлесіп  жұмыс 
істеуі үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін 
жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, 
оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. 
Оқытуда ең басты нәрсе – балалардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері 
ең  анық  фактілерді  білуді  қамтамасыз  етеді,  теория  мен  тәжірибенің  арасын 
жақындатады. 

 
155 
  
Тәсіл – оқыту әдістің элементі. Жоспарды хабарлау, балалардың зейінін 
әрекетке  аудару,  балалардың  педагог  кӛрсеткен  іс-қимылдарды  қайталауы, 
ақыл-ой  жұмыстары  тәсілге  жатады.  Тәсіл  оқу  материалын  түсінуге  үлес 
қосады. 
Оқыту тәсілдерінің түрлеріне: 
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту; 
• мәселелі жағдаят тудыруға кӛмектесетін; 
• сезімдеріне әсер ететін; 
• қарым-қатынасты басқару. 
Тәсілдер  оқыту  әдістерінің  құрамына  кіреді,  әдістің  жүзеге  асуына 
кӛмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, 
тәрбиелеу, ұйымдастыру. 
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бӛлінеді. XIX ғасырдың 20-
30-жылдарында  Б.Е.Райков,  К.П.Ягодовский  түсіндіру,  тәжірибелік,  зерттеу, 
зертханалық  әдістерін  жетілдірді.  Оқушылар  сӛзден,  кітаптан,  кӛрнекіліктен, 
тәжірибелік  жұмыстардан  білім  алды.  Осыны  ескеріп,  20-30-жылдарда 
Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сӛздік, тәжірибелік, кӛрнекілік әдістерін ұсынды. 
М.А.Данилов  (1899-1973),  Б.П.Есипов  (1899-1967)  дидактикалық  мақсатқа 
жету  үшін  қолданылатын  әдістерді  топтастырды.  Олар:  білім  алу,  іскерлік 
және  дағдыларды  қалыптастыру,  білімді  қолдану,  шығармашылық  іс-әрекет, 
бекіту,  білім,  іскерлік,  дағдыларды  тексеру.  Аталған  авторлардың  пікірлері 
бойынша  оқыту  әдісі  -  дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін  оқушылардың  іс-
әрекетін  реттеп,  ұйымдастыру  тәсілдері.  Бұл  саралауда  әдістер  оқытудың 
алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. 
  
И.Я.Лернер,  М.Н.Скаткин  оқыту  әдістерін  оқушылардың  танымдық 
жұмыстарының  түріне  қарай  топтастырған.  Авторлар  балаларға  ақыл-ой 
жұмысының,  ӛз  бетімен  білім  алудың  жолдарын  кӛрсетеді.  Педагогтың 
басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. 
Репродуктивтік  әдіс  арқылы  оқушы  "дайын"  білімдерді  есінде  сақтап,  кейін 
қатесіз  айтып  бергенмен,  оның  ақыл-ой  белсенділігі  тӛмен  болады. 
Эвристикалық  әдіс  арқылы  ақыл-ой  жұмысы  күшейеді,  оқушы  білімді ӛзінің 
танымдық  іс-әрекеті  арқылы  алады.  Бірақ  сабақты  тұрақты  түрде  мәселелік 
(проблемалық),  эвристикалық,  зерттеу  әдістерімен  ӛткізу  мүмкін  бола 
бермейді.  
Ю.К.Бабанский  оқу-танымдық  іс-әрекетті  ынталандыру  әдістерін  
топтады.  Ол  іс-әрекет  3  бӛліктен:  ұйымдастыру,  ынталандыру,  бақылаудан 
тұратынын  атап  кӛрсетіп,  әдістерді  оқу-танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыру, 
ынталандыру, бақылау әдістері деп бӛледі.  
М.И.Махмутов  оқыту  әдісіне  сәйкес  келетін  оқу  әдістерін    іріктеген. 
Оқыту  әдістері:  а)ақпарат  беру  әдісі;  ә)түсіндіру  әдісі;  б)ынталандыру  әдісі; 
в)тәжірибелік әдіс.  
Бинарлық  әдістер  бір-бірімен  тығыз  байланысты  оқыту  мен  оқудың 
тәсілдерін  (хабарлау,  міндеттер  қою,  мұғалімнің  тапсырма  беруі, 
оқушылардың  тыңдауы,  жаттығулар  орындауы,  есептер  шығаруы,  мәтінді 
оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, педагог оқушыларға фактілер мен 

 
156 
ережелерді  хабарлайды,  заттарды  кӛрсетеді,  фактілердің  мәнін  түсіндіреді, 
оларға  сұрақтар  қояды.  Егер  осы  тәсілдердің  арасында  түсіндіру  тәсілдері, 
дәлірек айтсақ, фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда 
оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, 
фактілерді  ұсынумен  шектелсе  (мысалы:  педагог  оқушыларға  ережелерді 
жаттауды  ұсынады,  бірақ  ереженің  мәнін  түсіндірмей,  оны  жаттау  тәсілін 
айтады),  онда  оқыту  әдісі  ақпараттық-хабарлау  немесе  оны  жай  ғана 
хабарлама  әдісі  деп  атайды.  Осыған  сәйкес  бірінші  жағдайда  оқушылар 
заттарды  бақылап,  фактілерді  есінде  сақтайды,  педагогтың  түсіндіргенін 
тындайды және ой елегінен ӛткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл 
жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын 
күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер 
оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың 
үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық 
деп  атаймыз.  Оқушының  кітаппен  жұмысы  оқу  әрекетінің  тәсілі  болып 
табылады.  Егерде  оқушы  мәтінді  талдаса,  түсінгенін  ӛз  сӛзімен  айтса,  онда 
кітаппен  жұмыс  оқу  әдісі  болып  табылады.  Егер  монологтық  баяндау  әдісі 
қолданылса,  онда  педагог  әңгімелейді,  ғылымның  дайын  қорытындыларын, 
ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін 
кӛрсетеді  және  оқушыларға  тапсырмалар  береді.  Эвристикалық  әдісті 
қолданғанда  мәселелік  деңгей  (оқушылардың  белсенділігі)  едәуір  кӛтеріледі, 
эвристикалық әңгімелерге  танымдық (логикалық) есептер және проблемалық 
тапсырмалар  қосылады.  Оқушылар  педагогтың  кӛмегімен  "жаңалық"  ашады, 
бірақ  негізінен  оқушылар  ӛз  бетімен  жұмыс  істейді.  Зерттеу  әдісін 
қолданғанда  мұғалім  оқушыларға  тәжірибелік  сипаттағы  тапсырмалар 
(тәжірибе  жүргізу,  қосымша  ақпарат,  фактілерді  жинап,  оларды  ӛз  бетімен 
талдау және қортындылау, ӛз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, 
т.б)  береді.  Оқушылар  оларды  ӛз  бетімен  орындайды,  бірақ  бұдан  педагог 
басшылығы  керек  емес  деген  сӛз  тумайды.    Оқыту  әдістерін  таңдау  әдетте, 
сабаққа  оқу  материалының  мазмұнын  іріктеген  кезде  жүреді.  Ол 
дидактикалық  мақсатқа,  оқушылардың  білім  деңгейіне  педагогтың  ӛзінің 
дайындық деңгейіне байланысты.  
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сӛзден әдемілеп 
әңгіме  шығару  ӛнері  үй  салу  ӛнеріне  ұқсас"  дейді.  Сӛз  ӛнерінің  айшықты 
болуы сӛздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, кӛркемділігіне, тіл 
тазалығына  байланысты  екенін  дәлелдеп,  алмастыру,  кейіптеу,  бейнелеу 
(ұқсату),  әсірелеу  тәсілдерінің  мәнін  ашады.    Міржақып  Дулатов  оқытудың 
баяндау,  әңгіме,  түсіндіру  әдістеріне  ерекше  мән  беріп,  тұрмыс-салтқа,  әдет-
ғұрыпқа  байланысты  тақырыптарды  әсерлі  баяндаудың  тәсілдерін  кӛрсетіп 
берді.  Ол  "баланы  толық  жауап  беруге  әдеттендіру  керек",  -  деп  айтқан. 
Сӛйтіп,  оқытушы  кӛркемдеп  оқытудың  жаңаша  жолдарын  ұсынып, 
педагогтардан  соны  іс-әрекеттерді  талап  етеді.  "Балалар  дұрыс  оқи  алмай, 
қиналған жерде педагог ӛзі оқып, кӛрсету лайық", - деген. Сӛздік әдісі барлық 
сатыларда қолданылып, әңгіменің сипаты, кӛлемі, ұзақтығы ӛзгереді. Әңгіме 
арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар: 

 
157 
•    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі; 
•    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы; 
•  ой  пікірдің  дұрыстығын  дәлелдейтін  жарқын  және  нанымды  мысалдардың, 
фактілердің жеткіліктілігі; 
•    әңгіменің жүйелілігі болуы керек; 
•    әңгіменің әсерлілігі; 
•    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі; 
•    педагогтың фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы. 
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, кӛрнекі құралдардың жұмыс 
істеу  әдіс-тәсілдерін  ауызша  баяндау.  Мысалы,  шет  тілі  сабағында  жаңа 
мәтінді  ӛтер  алдында  оқушыларға  жаңа  сӛздердің  мағынасы  түсіндіріледі. 
Педагог оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа кӛрнекі құралдарды 
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға 
түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, 
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. 
Химиялық,  физикалық,  математикалық  есептерді  шығарғанда  теоремаларды 
оқығанда,  табиғат  және  қоғам  құбылыстарының  түбірлі  себептерін  және 
салдарын  ашу,  жаңа  ойынды,  қимылды    үйрету  кезінде  түсіндіру  әдісі  жиі 
қолданылады. 
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: 
•    сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау; 
•    себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; 
•    салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; 
•    жүйелілік. 
Түсіндіру  –  оқыту  әдісі  ретінде  әр  жастағы  балалар  тобымен  жұмыста  кең 
қолданылады.  Бірақ  орта  және  жоғары  сатыларда  оқу  материалының 
күрделеніп,  оқушылардың  ақыл-ой  жұмысының  мүмкіндіктері  ӛскенде  бұл 
әдіс  кіші  жастағы  оқушылармен  жұмысқа  қарағанда,  кӛбірек  қолданылады. 
Әңгімелесу  –  оқытудың  диалогтық  әдісі,  педагог  оқушыларға  мұқият 
ойластырылған  сұрақтарды  жүйелі  қою  арқылы  олардың  жаңа  оқу 
материалын  меңгеруіне  жағдай  жасап,  бұрын  оқылған  материалдарды  қалай 
меңгергенін  тексереді.  Әңгімелесу  -  дидактикалық  әдістің  ескі  түрі,  оны 
Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп 
атайды.  Оқу  материалының  мазмұны,  оқушылардың  шығармашылық 
танымдық  қызметіне  қарай  дидактикалық  процестегі  әңгімелесу  әдісінің 
кӛптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, 
жаңа  білімді  қалыптастыру  (сократ,  эвристикалық),  жинақтаушы,  жүйелеуші 
және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа 
білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі оқушыны жаңа 
білімді  алуға  белсене  қатыстырып,  оны  білім  алу  әдістеріне,  мұғалім  қойған 
сұрақтарға  ӛз  бетімен  жауап  беруге  үйретеді.  Эвристикалық  әңгімелесу 
барысында  педагог  оқушылардың  білімі  мен  тәжірибесіне  сүйеніп,  олардың 
жаңа  білімді  түсінуін,  қорытынды  жасауын  жеңілдетеді.  Бірлескен  іс-әрекет 
арқылы  оқушылар  ӛздері  еңбектеніп,  ойланып  жаңа  білім  алады.  Білімді 
жинақтайтын,  бекітетін  әңгіме  оқушылардың  теориялық  білімдерін,  оны 

 
158 
қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы ӛз білімін жаңа оқу және 
ғылыми  мәселелерді  шешуге  қолданады.  Әңгімелесу  барысында  педагог 
сұрақты  бір оқушыға  (жеке  әңгімелесу)  немесе  барлық  сынып  оқушыларына 
(жаппай)  қояды.  Әңгімелесудің  бір  түрі  -  оқушымен  әңгімелесу. 
Әңгімелесудің  нәтижесі  кӛп  жағдайда  сұрақтардың  дұрыс  қойылуына 
байланысты. 
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: 
•    ес пен тілді дамытуы; 
•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; 
•    оқушылардың білімінің белгілі болуы; 
•    жақсы диагностикалық құрал; 
•    үлкен тәрбиелік күші бар. 
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: 
•    уақыттың кӛп кетуі; 
•    қауіп  элементі  бар  (оқушы  дұрыс  жауап  бермеуі  мүмкін,  оны  басқа 
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады).  
 
Оқытуда қолданылатын кӛрнекілік әдістер. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі 
әдісі - кӛрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, 
есте  қалдыру)  ұсынады.  Оқу  материалын  меңгеру  кӛп  жағдайда  оқыту 
процесінде  қолданылатын  кӛрнекі  құралдарға  және  техникалық  құралдарға 
байланысты.  Кӛрнекілік  әдісі  оқытудың  сӛздік  және  тәжірибелік  әдістерімен 
ӛзара  байланыста  қолданылады  және  құбылыстармен,  объектілермен 
оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі 
сурет,  кӛшірме,  сызба  арқылы  құбылыс,  процесс,  объектілердің  символдық 
бейнелерін  немесе  оларды  табиғи  күйінде  қабылдайды.  Қазіргі    білім  беру 
саласында  осы  мақсатпен  экрандық  және  техникалық  құралдар  кең 
қолданылады.  Кӛрнекілік  әдістерін  шартты  түрде:  иллюстрация  және 
демонстрация екі үлкен топқа бӛлуге болады. 
Иллюстрация  әдісі  арқылы  оқушыларға  иллюстрациялық  құралдар  –  атап 
айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер кӛрсетіледі. 
Демонстрацияның 
(кӛрсету) 
оқыту 
әдісі 
ретіндегі 
ерекшеліктері. 
Демонстрация  әдісі  арқылы  заттар  мен  құбылыстар  тәжірибе  жасау  арқылы 
немесе  техникалық  құралдардан,  кинофильмдерден,  диафильмдерден 
кӛрсетіледі.  Оқу  процесіне  жаңа  техникалық  құралдарды  енгізу  (теледидар, 
бейнемагнитофондар) оқытудың кӛрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. 
Қазіргі  уақытта  кӛрнекі  құралдың  жаңа  түрі  –  жеке  тұлғалар  қолданатын 
компьютерлерге  ерекше  кӛңіл  бӛлініп,  мектептерде  электронды-есептегіш 
техникасы  кабинеттерін  құру  міндеті  шешілуде,  оқу  процесіне  белгілі  бір 
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді 
енгізу  міндеті  де  қолға  алынуда.  Олар  оқушыларға  бұрын  оқулық  мәтінінен 
меңгерілген кӛптеген процестерді қозғалыста, кӛрнекі түрде кӛруге мүмкіндік 
береді. 
Компьютерлер, 
кӛрнекілік 
әдістерінің 
оқыту 
процесіндегі 
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. 
Оқытудың кӛрнекілік әдісінің шарттары: 

 
159 
•    кӛрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; 
•    кӛрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану; 
•    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың кӛруі; 
•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бӛлу; 
•        құбылыстарды  демонстрациялау  кезінде  берілетін  түсініктерді  мұқият 
ойластыру; 
•    демонстрацияланатын  кӛрнекіліктің  оқу  материалы  мазмұнымен  сәйкес 
келуі; 
•  кӛрнекі  құрал  мен  демонстрациялық  қондырғылардан  керекті  мәліметтерді 
табуға оқушыларды қатыстыру. 
 
Оқушылардың  таным-белсенділігі  деңгейіне  қарай  топтастырылған  әдістер 
(И.Я.Лернер,  М.Н.Скаткин).  Түсіндірмелі-иллюстративтік  әдіс.  Бұл  әдіс 
арқылы  оқушылар  ақпараттарды  меңгереді.  Оны  басқаша  ақпараттық-
рецепция  (қабылдау)  әдісі  деп  атайды.  Осы  әдіс  арқылы  мұғалім  дайын 
ақпараттарды  оқушыларға  түрлі  құралдармен  түсіндіреді,  ал  оқушылар 
ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, 
кітап,  қосымша  құралдар,  кӛрнекі  құралдар  арқылы  беріледі.  Мұғалім  – 
есептер  шығарады,  теоремаларды  дәлелдейді,  жоспар  құруға  үйретеді. 
Оқушылар  -  мұғалімнің  іс-әрекетін  қайталайды,  тыңдайды,  кӛрнекіліктеріне 
қарайды,  заттармен  жұмыс  істейді,  оқиды,  бақылайды,  жаңа  оқу 
материалдарын  бұрынғы  білімдеріне  қосады.  Түсіндірмелі-иллюстративтік 
әдіс  арқылы  адамзат  жинақтаған  тәжірибені  аз  уақыт  ішінде  беруге  болады. 
Оның  пайдасы  ғасырлар  бойы  тексерілген  және  кӛп  елдерде  қолданылады. 
Кӛп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сӛзі, оқу кітаптары, жұтаңдау 
кӛрнекі  құралдар  қолданылады.  Қазір  ақпараттар  техникалық  құралдар 
арқылы  да  берілуде.  Олар  арқылы  ғалымдармен,  жазушылармен, 
суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу ӛткізуге болады. 
Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге 
кӛмектеседі.  Олар  арқылы  ӛсімдіктің  қалай  ӛсетінін,  ғарыштағы 
микроағзалардағы  құбылыстарды  кӛреді.  Жұмыс  істеп  тұрған  үлгілерді, 
табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек. 
  
Түсіндермелі-иллюстративтік  әдіс  бастауыш  мектептерде  кең  тараған. 
Ол  арқылы білім "дайын"  күйінде  беріледі. Мұғалім  материалды  қабылдауға 
кӛмектеседі,  оны  оқушылар  түсініп,  естерінде  қалдырады.  Бұл  әдісті  шектен 
тыс қолдануға болмайды. 
Репродуктивтік  әдіс.  Бұл  әдіс  арқылы  мұғалім  оқушының  іскерлігін 
және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, ӛзі меңгерткен білімді, 
үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Репродуктивтік әдіс 
мұғалімнен  ұйымдастырушылық  қабілетті  талап  етеді.  Мұғалім  сӛздік, 
кӛрнекілік,  тәжірибелік  әдістер  арқылы  жаңа  оқу  материалын  түсіндіреді,  ал 
оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің кӛлемі 
кӛп  болғанда  репродуктивтік  әдіс  түсіндірмелі-иллюстративтік  әдіспен  бірге 
қолданылады.  Репродуктивтік  әдіс  бағдарламалық  оқытумен  тығыз 
байланысты.  Ол  арқылы  тәжірибелік  жұмыстар  атқарылады.  Оқушылар  ӛз 

 
160 
бетімен  меңгере  алмайтынын,  олар  үшін  мүлдем  жаңа  тақырыптарды 
репродуктивтік әдіспен беру керек. 
  
Эвристикалық әдіс арқылы сабақ ӛткізетін мұғалім алдын ала мәселені 
шешуге  алып  келетін,  оқушылардың  білімдерін  еске  түсіртетін  сұрақтар 
әзірлейді.  Эвристикалық  әңгіме  үшін  құрастырылған  сұрақтар  мәселелік 
сипатта  болады.  Оқушылар  ізденеді,  шығармашылықтарын  кӛрсетеді. 
Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің 
қолданылғаны.  Мұғалім  тапсырма  әзірлеп,  оның  қай  жерлерін  оқушылар 
зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді. 
  
Зерттеу  әдісі  шығармашылық  жұмыс  тәжірибесін  жақсы  үйрену  үшін 
қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным 
әдістерімен  жұмыс  істеп  үйреніп,  жаңа  мәселелерді  шешу  тәжірибесін 
жинақтайды. 
  
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сӛзі, бейнелеу) әдісі арқылы 
жасалған  жағдайда  оқушылар  нақты  құндылықтар  жасап,  ӛздерін  танытады. 
Оның  жақсы  мысалы  оқушылардың  сахналық  қойылымдарда  түрлі  рӛлдерде 
ойнауы,  сценарий  жазулары,  режиссер,  ұйымдастырушы  болулары, 
қарапайым  шығарманы  сахнаға  лайықтап  қоюы.  Мұғалім  экспрессивтік  әдіс 
арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа 
метражды  фильм  шығартады.  Оқушылар  жұмысының  кӛрмесі,  тарихи 
оқиғаларды  сахнаға  лайықтап  қою  да  экспрессивтік  әдіс  арқылы  жасалады. 
Адамдардың  қарым-қатынасын  әнмен  айтылатын  қысқа  комедиялы  пьеса 
немесе  психологиялық  драма  түрінде  кӛрсету  оқушыны  жақсы  болуға 
тәрбиелейді.  Бала  тебірене,  толғана  отырып  рухани  құндылықтарға  баға 
береді. 
Бұл 
баға 
ӛзгермейді. 
Экспрессивтік 
әдіс 
оқушылардың 
шығармашылық  белсенділігін  туғызады,  фотоаппарат,  ұнтаспа,  радио, 
теледидар, 
ұлғайтқыш 
аппараттар, 
кинокамера, 
күйтабақ, 
бейнемагнитафондар  адамдар  жасап  шығарған  рухани  мәдениетті  кӛруге, 
үйренуге кӛмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады. 
  
Ынталандыру әдісі. Қызығушылықтың үш түрі: 
•    іс-әрекетке деген оң кӛзқарастың болуы; 
•    танымның баланы жақсы сезімге бӛлеуі; 
•    іс-әрекеттің баланы ынталандыруы. 
Оқыту  процесінде  баланың  оқу  іс-әрекетіне  оң  кӛзқарасын  туғызу  керек. 
Оқылып  отырған  материалдың  оқушыны  тебірентуі,  қуанышқа  бӛлеуі, 
таңғалдыруы,  аяушылық  сезімін  тудыруы  сабақтың  мақсатына  жетуін 
тездетеді.  Ақын  М.Жұмабаев  ақыл  кӛріністері  әсерленуден  пайда  болады, 
әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі 
деп  кӛрсетеді.  Жаңашыл  мұғалім  Е.Н.Ильин  әдеби  шығармалардың 
адамгершілік  туралы  жазған  жерлерін  оқушыларға  талдатады.  Қызықты 
мысалдар,  тәжірибе  жүргізу,  бір-біріне  кереғар  келетін  айғақтар  оқушының 
түрлі  сезімдерін  туғызып,  оны  оқуға  ынталандырады.  Атақты  ғалымдардың 
және  қоғам  қайраткерлерінің  ӛмірі  мен  қызметі  туралы  кештер,  кӛркем 
әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады. Мұғалімнің 

 
161 
сӛйлеу  мәдениеті  де  оқушы  сезіміне  әсер  етеді.  Оқулық  тақырыптарының 
мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал. 
Оқуға  қызықтырудың  ӛте  жақсы  әдісі  -  танымдық  ойындар.  
Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі тӛмен оқушыларды 
жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады. 
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері. Тәсілдері: 
•    оқушыға оқудың ӛзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру; 
•    талап қою; 
•    талаптарды орындауға үйрету; 
•    ӛз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау; 
•    керек жағдайда жазалау әдісін қолдану; 
•  оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге кӛмектесу. Оқушыға оқудың 
ӛзіне  және  қоғамға  пайдасын  түсіндіру  үшін  мұғалім  ӛндірістің  дамуына 
ғылымның  қалай  әсер  еткенін  айтып,  білімділік  еңбек  ӛнімділігін  арттырып, 
жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді. 
  
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау түрлері: 
•    баға қою; 
•    тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу; 
•    оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге кӛмекші етіп 
алу; 
•    топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бӛлімшелерді басқарту; 
•    үлгерім және сабаққа қатынас кӛрсеткіштерін шығару; 
•    білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; 
•    жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі тӛмен оқушыларға кӛмектесуі, т.б. 
Жазалау түрлері: 
•    сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау; 
•    күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою; 
•    қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету. 
Ойын  -  оқыту  әдісі.  Оқыту  мақсатында  қолданылатын  ойындардың  түрлері 
кӛп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі 
балалардың  іс-әрекетінің  негізгі  түрі,  ал  оқушылар  мен  ересектер  ойынды 
сабақтан  және  жұмыстан  қолы  бос  кездерінде  ойнайды.  Бірақ  оқуда  да, 
еңбекте  де  ойын  элементтерін  қолдануға  болады.  Ойын  туралы  кӛптеген 
теориялар  бар.  Солардың  бірін  алғаш  рет  жасаған  Ф.Врубель.  Ол  ойын 
арқылы  бала  ӛзін-ӛзі  кӛрсеткісі  келеді  дейді.  М.Лазарус  жұмыстан  кейін 
демалу  теориясын,  Г.Спенсер  ойын  арқылы  денедегі  артық  энергияны 
шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн 
еңбекке  дайындайтын  ойындарының  теорияларын  жасады.  Ойын  туралы 
қазіргі  кӛзқарастар  оның  кӛптеген  қызметін  анықтап  отыр.  Ол  баланың 
қажеттіліктерін,  қызығушылықтарын  қанағаттандырып,  оның  ӛмірге 
бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға кӛмектеседі. Ойын 
арқылы  бала  білім  алады,  тәрбиеленеді,  қоғамды  құрметтеуге  үйренеді, 
ынтымақтасып  жұмыс  істеуге  дағдыланып,  ұтылуға  емес,  ұтуға  тырысады. 
Оқушылар  ертегілерді,  аңыздарды,  әдеби  шығармаларды,  ӛмірден  алынған 
оқиғаларды  сахнаға  лайықтап  қойып,  ӛздері  түрлі  рӛлдерде  ойнайды. 

 
162 
Мұғалімдер  кӛптеген  танымдық  ойындар  ӛткізеді.    Алуан  түрлі  ребустар, 
сӛзжұмбақтар, құпияхаттар, сӛзтуымдар, логикалық есептер білім береді және 
оқушыларды  ынталандырады.  Математикада  "Кім  жылдам",  "Ең  үздік 
есепші",  "Хоккей"  ойындары  тез  санауға  үйретеді.  "Бағдаршам",  "Дым 
білмес"ойындары  арқылы  жол  жүру  ережелері  қайталанады.  Ал 
"ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары 
еліміздің  спорт  шеберлерінің  жетістіктерімен  таныстырады.  "Ағашты  кім  тез 
отырғызады"  ойыны  табиғатты  күтіп  ұстауға  тәрбиелейді.  Іскерлік  ойындар 
ойнағанда  бала  нақты  оқиғалардың  куәгері  болып  еңбек  етуге  отбасылық 
ӛмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді. 
  
Идеялар  банкі.  Бұл  әдіс  ой  майданы  деп  аталады.  Топтың  алдына  бір 
міндет  қойылады,  осы  міндетті  шешу  үшін  топ  мүмкіндігінше  жаңа,  тың 
ұсыныстар  айту  керек.  Барлық  ұсыныстарды  топ  жинап  алып,  оларға  баға 
береді.  Бұл  әдіс  арқылы  проблемалық  жағдаят  жасалып,  оны  шешу  туралы 
ұсыныстар  айтылып,  ол  ұсыныстар  тексеріліп,  бағаланады  және  ең  жақсы 
ұсыныстар  таңдалып  алынады.  Ой  майданы  әдісін  1939  жылы  А.Ф.Осборн 
бірінші  рет  қолданған.  Ол  балаларға  ұнаған,  себебі  олар  ӛздеріне  қызықты 
мәселелерді шешіп отырған. Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. 
Бұл  әдіс  арқылы  ӛткен  сабақтың  нәтижелі  болуы  мұғалімнің  біліктілігіне, 
топтың даму деңгейіне байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ 
мүшелерінің  санын  кӛбейтуге  болады.  Бұл  әдіс  арқылы  педагогикалық 
бӛлімнің  студенттері  шағын  топтарға  бӛлініп,  мектеп  оқулығынан  бір 
тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, 
бағаланады,  оны  келесіде  жақсы  ӛткізу  жолдары  белгіленеді.  Сабақты  түгел 
бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа 
дағдыландырады. Оны шет тілін оқытуда пайдалануға болады. 
  
Оқыту  әдістерін  жетілдіру  бүгінгі  күннің  басты  мәселесі  болып  отыр. 
Оқыту  әдістерінің  тиімділігін  арттырып,  оқытудың  жаңа  нысандары  мен 
тәсілдерін  меңгеру  қажеттігіне  педагогикалық  зерттеулерде  айрықша  маңыз 
беріледі.  Алайда,  оқыту  әдісін  таңдау  -  күрделі  процестің  бірі.  Кейбір 
әдістерді  қолдануда  біржақты  асыра  сілтеушілікке  жол  бермеу  керек.  Әр 
тақырып  оқытудың  ерекше  тәсілдері  мен  жолдарын  талап  етеді.  Соңдықтан, 
оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, 
оқу  материалының  мазмұны  мен  кӛлеміне,  балалардың  жас  ерекшелігіне, 
дайындығына,  қабылдауына,  сабақтың  құрылысы  мен  оқу  әдісін  ұдайы 
толықтырып  отыруды  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогы  ӛзі  белгілеп,    таңдап 
алады.  Жоғарыда  сипатталған  әдістердің  басым  кӛпшілігі  мектептерде 
қолдануға    ұсынылған.  Бірақ,  бүгінгі  таңдағы  мектепке  дейінгі  балалар 
дамуындағы  акцелерацияны  есепке  алсақ,  кӛрсетіліген  әдістерді  мектепке 
дейінгі  оқу  іс-әрекетінде  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестеп  қолдануға  әбден 
болады.  Бұл  жастағы  балаларға  үйреншікті  ойын,  сӛздік,  тәжірибелік,  т.б. 
әдістерді  қолдану  бала  дамуына  белгілі  дәрежеде  әсер  етіп,  оның  ойын 
баласынан,    тұлғаға  айналуына    кедергі  келтіруі  әбден  мүмкін.    Бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі ӛзгерістер, әлемдік білім кеңістігіне қосылу қажеттілігі 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуда  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданып  кӛруді 

 
163 
қажет етеді. Бұл бір жағынан мектепке дейінгі ұйым педагогына үлкен міндет, 
жауапкершілік жүктейді. Біз алуан түрлі әдісті ретіне қарай оқу іс-әрекетінде 
қолдана  отырып  мектепке  дейінгі  бала  дамуының  жарқын  болашағына  жол 
ашатынымызды  естен  шығармауымыз  керек.  Жоғарыда  келтірілген  әдістер 
жалпы түсіндірмелі сипатта берілді. Әр әдістің қолдану жолдары айтылды. Ол 
әдістерді мектепке дейінгі дене шынықтыруда қолдануға болады. Сондықтан 
аталған  әдістерді  мектеп  жасына  лайықтап  қолдану  тәрбиешінің  асқан 
шеберлігін керек етеді. 
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 
1.Оқыту  әдістерін  оның  мақсат-міндеттеріне,    жас  және  таным  әрекетінің 
ерекшеліктеріне сай қолдану; 
2.Ұйымның материалдық - техникалық негізін ескеру; 
3.Ұйымның  орналасқан  жерін  ескеру.  Мысалы,  қалада  ӛндіріс  орындарына 
экскурсияға,  ауылда  учаскелерге,  табиғатқа,  ауылшаруашылық  ӛндірісіне 
апару; 
4.Педагогтың  шығармашылығы  және  шеберлігі.  Оқытудың  нәтижелі  ӛтуіне 
негіз  болатын  сабақ  мақсатының  айқындығы.  Себебі  оқу  материалын 
баяндауда  негізгі  идеясын  немесе  балалардың  іс-әрекетін  анықтап  алмай, 
оқыту мақсатына жету мүмкін емес. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет