А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет17/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


әдістері  де  қолданылады,  ол  балаларға  сӛзбен,  кӛрнекілік  және  практикалық 
басшылық  кезінде  қолданылады.  Проблемалық  оқыту  әдістерін  пайдалану 
кезінде балалардың алдына нақты міндет қойылады, оны бұлар ӛз беттерімен 
шешеді. 
Балаларды  қимыл-қозғалыстарға  үйретудің  әдістемелік  тәсілдері.  Тәсіл  - 
әдістің бір бӛлігі, оның бӛлшегі, әдісті толықтырушы, нақтылаушы. Балаларды 
қимыл-қозғалыс  әрекеттеріне  үйрету  процесінде  әдістемелік  тәсілдер  әрбір 
жеке  жағдайда  міндеттерге  және  қимыл-қозғалыс  материалының  мазмұнына 
сәйкес,  оны  балалардың  игеруіне,  олардың  жалпы  дамуына,  дене  жағдайына, 
жасына  және  типологиялық  ерекшеліктеріне  қарай  іріктеліп  алынады.  Осыған 
байланысты  үйрету  тәсілдері  әртүрлі  үйлесімділікте  бір  жағынан,  балалар 
тапсырмаларды  қабылдаған  кезде  барлық  анализаторларға  жан-жақты  әсер 
жасауды,  екінші  жағынан,  балалардың  қимыл-қозғалыстық  тапсырмаларды 
орындау  саналылығын  және  дербестігін  қамтамасыз  ететіндей  болып 
ұштастырылады.  Балаларды  қимыл-қозғалыстарға  үйреткен  кезде  тәсілдердің 
үйлестірілуі олардың ӛзара әрекеттесуімен анықталады. Тәрбиешінің кӛрнекілік 
әдіске  жататын  тәсілдерді,  мәселен,  үйретудің  барлық,  кезеңдерінде  және 
әртүрлі  жас  топтарында  қимыл-қозғалыс  үлгісін  кӛрсетуді  басымырақ 
пайдалану  (бұл  кейде  практикада  ұшырасады)  баланың  оларды  санаға  жӛнді 
сіңірмей  механикалық  түрде  қайталануын  тудыруы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда 
баланың  қабылдауын  байыта  отырып,  тек  қабылдау  органдарына  басым  әсер 
ету бір жағынан қажетті ақыл-ой ынтасын бәсеңдетеді, осы жаттығудың барлық 
элементтерін санада логикалық бір ізділікпен сақтап қалуға кӛмегін тигізбейді, 
кейде  оны  баланың  бұдан  былай  ықтиярлы  орындау  мүмкіндігін  жояды. 
Дегенмен, балалардың мүмкіндіктерін ескерместен (әсіресе, кішкентайлар мен 
естиярларды  (орта  топ))  тек  сӛзді  басым  пайдалану  баланы  қимыл-қозғалыс 
бейнелілігін,  түйсіктердің,  нақтылы-бейнелі  ойлау  процесінің  кӛрнекілік 
анықтығын  қабылдаудан  айырады.  Сондықтан  тәрбиеші  балаларды  дұрыс 
қимыл-қозғалыстарға  үйретуде  жақсы  нәтижелерге  жетуге  ұмтыла  отырып, 
үйретудің әртүрлі тәсілдерін - кӛрнекілік, сӛйлесу және практикалық тәсілдерді 

 
139 
ӛзара байланыстыра пайдаланады. Сӛйтіп ол балалардың жан-жақты дамуына, 
қимыл-қозғалыстарды  ӛз  беттерімен  игеруіне,  оларды  тиісті  жағдайларда  ӛз 
беттерінше және шығармашылықпен қолдануына кӛмектеседі.  
Кӛрнекі  ықпал  ету  әдісі.  Бұл  әдістер  жиынтығы  кӛру,  есту  және  үйренетін 
жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа:  
а) кӛру кӛрнекілігі әдістеріне;  
ә) есту кӛрнекілігі әдістеріне;  
б) қимыл кӛрнекілігі әдістеріне бӛледі. 
Кӛру  кӛрнекілігі  әдістеріне  жататындар:  үйренетін  қозғалысты  баланың  
(немесе  педагогтың  тапсырмасымен)  кӛрсетуі.  Кӛрсету  кезінде  педагог 
мынадай әдістемелік талаптарды басшылыкқа алуы керек: 
1.Кӛрсетудің мазмұны сӛз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс. 
2.Кӛрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет: 
а)бірінші  рет  жаттығу  тәсілін  кӛрсеткенде  ол  стандартты  түрде,  балаларға 
түсінікті деңгейде толық орыңдалуы керек;  
ә)үйрету кезінде балалар қиын элементерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық 
немесе бӛлшектеліп, жай ӛз қарқынында немесе баяу қарқында кӛрсетіледі;  
б)жетілдіру кезеңінде  педагог жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері 
орындағандай  кӛрсетуі  керек,  ол  балаларды  сол  деңгейде  орындауға 
ұмтылдырады. 
3.Педагог жаттығуды  кӛрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, бәріне 
кӛрінетін, ӛзі де жаттығудың орыңдалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы 
керек. 
4.Қарапайым,  жалпы  жетілдіру  жаттығуларын  кӛрсеткенде  "айна  тәсілін" 
қолданған жӛн. 
5.Педагог кӛрсетуді ӛзі орыңдай алмайтын жағдайларда:  
а)денсаулығына байланысты;  
ә) кӛрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса
б)  жаттығуды  орыңдағанда  мүмкін  болатын  қателіктерді  баланың  ӛзі  арқылы 
кӛрсету  керек  болса,  кӛрсетуді  жақсы  дайындығы  бар  балаға  тапсыруына 
болады. 
Кӛрнекі  құралдарды  кӛрсету.  Жаттығуларды  бӛлшектеп  қарауда  оның 
орындалу  тәсілін  түсіндіруде  кӛрнекі  кұралдар,  суреттер,  плакаттар,  фото, 
кино,  бейне  кӛріністер  үлкен  рӛл  атқарады.  Мысалы,  тақтаға  немесе  қағазға 
жаттығудың  орындалу  сызбасын  түсіру.  Педагог  сол  суреттеме  арқылы 
жаттығуды  орындауды  түсіндіреді.  Сонымен  қатар,  кино  және  бейне 
магнитофон  таспаларына  жазып  алынған  жаттығуды  кӛрсету  арқылы  үлкен 
жетістікке қол жеткізуге болады. Ӛйткені ол қозғалысты әр қырынан кӛрсетіп, 
тәсілдің  барлық  бӛлшектерін  анықтап  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Балаларды 
қимыл-қозғалыстарға  үйрету  кезінде  кӛрнекіліктің  әртүрлі    тәсілдері 
қолданылады.  Кӛрнекілік-кӛру  тәсілдерінің  мәні  тәрбиешінің  қимыл-қозғалыс 
бейнесін  немесе  оның  кимыл-қозғалыстық  жеке  элементтерін  дұрыс,  айқын 
етіп  кӛрсетуінде,  айнала  қоршаған  ӛмірдегі  бейнелерге  еліктеуде,  кеңістіктен 
ӛту  кезінде  кӛру  бағдарлағыштарын  пайдалануда,  кӛрнекі  құралдарды  – 
кинофильмдерді,  кинограммаларды,  теледидар    хабарларын,  фотосуреттерді, 

 
140 
суреттерді,  т.  б.  пайдалануда.  Т а к т и л ь д і  
б ұ л ш ы қ  
е т т і к  
к ӛ р н е к і л і к   дене  шынықтыру  құралдарын балалардың  қимыл-қозғалыс іс-
әрекетіне  ендіру  жолымен  қамтамасыз  етіледі.    Тактильді-бұлшық  еттік 
кӛрнекілік  бала  денесінің  жеке  мүшелерінің  қалпын  анықтайтын  тәрбиешінің 
тікелей  кӛмегінен  кӛрінеді  (мысалы,  тұлғаны  дұрыс  бұлшық  еттік  тонус 
түйсігін  тудыратын  қолмен  ұстау  жолымен  түзету).  Дегенмен,  тәрбиешінің 
мұндай  кӛмегі  ол  осы  динамикалық  стереотипті  жасауға  жәрдемдесетін 
тұрақты  қоздырғыштар  жүйесінде  сигналдық  мәнге  ие  болмайтындай  болуы 
тиіс.  Бұдан  әрі  дағды  сӛзбен  нұсқау  беру  кӛмегімен  нығайтылады. 
К ӛ р н е к і л і к - е с т у   т ә с і л д е р і   -   қимыл-қозғалыстарды  дыбыспен 
реттеу болып табылады. Ең жақсы есту кӛрнекілігі – аспаптық, музыка және ән. 
Олар  балаларда  эстетикалық  сезім,  эмоциялық  ӛрлеу  тудырады,  қимыл-
қозғалыс  сипатын  анықтайды,  оның  қарқыны  мен  ырғағын  реттейді.  Кӛбіне, 
балабақшаларда музыкалық аспапта ойнай білмейтін тәрбиеші қимыл-қозғалыс 
қарқынын  реттеу  мақсатында  сылдырмақты  қолданады.  Мұның  ӛзі  ырғақ 
қалпын  ауыстыру  жағдайында  ӛзін-ӛзі  жеткілікті  дәрежеде  ақтайды.  Осымен 
бірге  қимыл-қозғалысты  реттеу  үшін  ұлттық    тақпақтарды,  ӛлеңдерді  («Mаң-
маң  басқан,  маң  басқан  екі  аяғын  тең  басқан»),  балаларды  ӛзінің  ойнақы 
мазмұнымен  және  ырғағымен  тартатын  басқа  да  мәтіндерді  пайдалануға 
болады.  Сӛйтіп,  аталып  ӛтілген  кӛрнекілік  тәсілдері  дұрыс  қабылдауға    және 
баланың  қимыл-қозғалыс  туралы  ұғымына,  сезімдік  танымының  неғұрлым 
кеңеюіне,  қимыл-қозғалысты  орындау  кезінде  ӛзін-ӛзі  бақылаудың  пайда 
болуына,  қимыл-қозғалыс  қарқыны  мен  ырғағын  есту  арқылы  реттеуге, 
баланың сенсорлық қабілетінің дамуына кӛмектеседі. 
Сӛздік  (сӛйлесу)  әдісі.  Тез  хабарлау  әдісі.  Бұл  әдіс  кезінде  тәсілдік  құрал-
жабдықтар және кӛмекші құралдар (мысалы, айна) арқылы тәрбиеші мен бала 
қозғалысты  орындау  сипаттамасы  туралы  тез  мағұлмат  алады  және қателерін 
жылдам  түзете  кояды.  Мектепке  дейінгі  жаста  баланың  жүйке  жүйесі  және 
бүкіл  ағзасы  тұтас  алғанда  тым  икемді,  сыртқы  әсерлерге  бейім  келеді. 
Сондықтан  ауыртпалық  кӛлемі  мен  қарқынын  орынды  мӛлшерлеу,  оны 
демалыспен  үнемі  кезектестіріп  отыру  бала  ағзасының  ықтималдығын 
анықтайтын,  қалыпқа  келу  процестерін  дер  кезінде  қамтамасыз  ететін  және 
жұмыс  қабілетін  арттыратын  болады.  Ауыртпалық,  бір  жағынан,  дене 
жаттығуларының  организмге  әсер  ету  кӛлемімен  және  оларды  орындау 
қарқынынан  кӛрінеді,  бұл  ағзаның  функционалдық  процестерін  арттырады, 
екінші  жағынан,  баланың  ақыл-ой  іс-әрекетінен  кӛрініс  беретін  психикалық 
функциялардың  динамикасы  әсерінен,  жаттығуларды  түсіндіру,  кӛрсету 
кезінде  баса  назар  аудару  мен  қабылдаудан,  тапсырманы  ойластыруынан, 
оларға жауап реакциясының дәлдігінен т. б. кӛрінеді.  
Сӛз  қолдану  әдісі.  Қозғалысқа  үйрету  процесінде  жеке  дене  қуаты 
қасиетін  тәрбиелеуде  сӛз  қолдану  әдісінсіз  табысқа  жету  мүмкін  емес.  Сӛз 
қолдану әдісі үш топқа бӛлінеді:  
1.  Баяндау,  әңгімелесу,  түсіндіру  әдістерінде  сӛз  балаларға  білім  беру 
мақсатында пайдаланылады.  

 
141 
2.  Бұйрық  беру,  тапсырма,  нұсқау  беру  әдістері  жаттығушылардың 
әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.  
3.  Талқылау,  бағалау  әдістері  жаттығушылардың  әрекетін  талдауға,  баға 
беруге арналады. 
Осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. 
Баяндау  -  теориялық  бір  түсінікті  айтуға,  ойын  кезіндегі  қозғалыс  әрекетін 
түсіндіруге,  спорттық  жаңалықтарды  хабарлауға  пайдаланылады.  Балаларды 
жаттығуды орындау техникасымен таныстыруда түсіндіру әдісі қолданылады. 
Балалардың  білімін  бір  нәрсеге  құштарлығын  білу,  ойлау  қабілетін  дамыту, 
белсенділігін  кӛтеру  үшін  әңгімелесу  әдісі  қолданылады.  Қысқа    бұйрықты 
раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сӛйлеу 
түрін  бұйрық  дейміз.  Бұйрық  саптық  (әскери)  және  тӛрешілдік  (старт  беру 
кезіндегі  бұйрықтар,  тӛрешілердің  бұйрық  сӛздері)  болып  бӛлінеді.  Бұйрық 
ұжымдық  әрекеттерді  ұйымдастыруға  колданылады.  Мысалы,  жаттығуды 
орындауға  берілетін  бұйрықтар  жаттығушылардың  саптағы  әр  түрлі 
қозғалыстары,  т.б.  Қысқаша  айтылып,  бұлжытпай  орындалуды  талап  ететін 
сӛз әсерін - нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс кӛбінесе, қозғалысқа үйретуде 
қолданылады.  "Жылдамдат",  "тездет",  "асықпа",  "еркін  жүр",  т.с.с. 
нұсқаулармен  тәрбиеші  қимыл-қозғалысты  бақылап  отырады.  Белгілі  бір 
тапсырма  орындалған  соң  (мысалы,  ойын)  талдау  жасалады.  Талдаудың 
кӛмегімен  қателер,  оларды  түзету  жолдары  кӛрсетіледі,  келешектегі  оқу-
дайындық, әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып 
болғаннан соң, оған "жақсы", "жаман" дегендей ауызша баға беріледі. Қимыл-
қозғалысты үйрету кезінде сӛйлесу тәсілдеріне енетіндер: балаларға олардың 
бойында бар ӛмір тәжірибелері мен ұғымдарына сүйене отырып, жаңа қимыл-
қозғалыстарды  анық,  қысқа  етіп    бір  мезгілде  суреттеу  және  түсіндіру,  
қимыл-қозғалысты нақты кӛрсете сүйемелдеп немесе оның жеке элементтерін 
ұғындыру, тәрбиеші кӛрсеткен қимыл-қозғалыстарды қайталау кезінде немесе 
балалар жаттығуларды ӛздігінен орындағанда қажетті нұсқау беру, жаңа дене 
жаттығулары  мен  қимыл-қозғалыс  ойындары  енгізілер  алдында  немесе 
қимыл-қозғалыс  әрекеттерін  түсіндіру,  қимыл-қозғалыс  ойындар  мазмұнын 
анықтау,  т.б.  талап етілетін кезде  әңгімелесу,  дене жаттығулары басталғанға 
дейін  әрекеттердің  бір  ізділікпен  орындалуының  санаға  сіңу  дәрежесін 
анықтау немесе мазмұндық қимыл-қозғалыс ойынының бейнелері туралы бар 
ұғымды  тексеру,  ережелерді,  ойын  әрекеттерін  анықтау,  т.б.  мақсаттар  мен 
тәрбиеші  балаларға  қоятын  сұрақтар.  Оның  үстіне,  кӛрсетілген  тәсілдер, 
алуан 
түрлі 
б ұ й р ы қ т а р д ы ,  
ж а р л ы қ т а р д ы  
ж ә н е  
с и г н а л д а р ды    анық,  эмоциялы  және  әсерлі  беруден  тұрады.  Мысалы: 
«Cекіріп,  аяғыңды  иық  кеңдігіне-қой!»,    «Oрныңа-тоқта!»,  «Бір,  екі,  үш-
жүгір!»  т.  б.  Бұл  командалар  балалардың  жауап  қимыл-қозғалыс 
реакцияларының  шапшаңдығы  мен  дәлдігін  тудыратын  әр  түрлі 
интонацияларды  және  динамикаларды  талап  етеді.  Бұған  халық 
шығармасында мол ұшырасатын тақпақ санамақтарды топтасып айтуды және 
ойындық  бастамаларды  мәнерлеп  айтуды  жатқызу  керек.  Ұйқас  сӛздердің 
әуезділігі  мен  ырғақтылығы  балаларда  эмоциялық  әсер  тудырады,  олардың 

 
142 
жадында  оңай  сақталады  және  кейін  ӛз  беттерімен  ойнағанда  пайдаланатын 
болады. 
Сӛйлесу тәсілдеріне б е й н е л і   м а з м ұ н д ы   ә ң г і м е л е с у     жатады. 
Ол  қимыл-қозғалыс  мәнерлілігін  дамыту  және  ойындық  бейнеге  жақсы  ену 
мақсатында қолданылады. Қысқа әңгімелесу, іс жүзінде, балаларда эмоциялық 
түйсінуге ынталандыратын ойындар мен әрекеттердің бүкіл ситуациясын кӛріп 
қабылдау  ретінде  қиялдау  тудыратын  қысқа  ертегі  айтып  бергенге  ұқсас. 
Мысалы,  тәрбиеші  «Eшкі,  лақтар  және  қасқыр»  ойынын  былай  бастайды: 
«Баяғыда әдемі қайқы мүйізді, мейірімді үлкен ақ ешкі тіршілік кешіпті. Оның 
кішкентай  балалары-лақтары  болыпты...»  т.б.  Мұндай  тәсіл  балалардың 
эмоциясын оятады, қиялдауын тудырады, түсінікті нақтылайды, бүкіл әрекетті 
ситуацияны  кӛз  алдына  әкелуге  итермелейді,  қимыл-қозғалыс  бейнелілігін 
күшейтеді.  Мазмұнды  әңгіме  сипаты  жағынан  ӛзгере  отырып,  жас  шамасы 
әртүрлі топтарда пайдаланылуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс ойындарында текстер 
жиі  кездеседі,  оларға  сәйкес  ойын  мазмұны  ашылады.  Мысалы,  кішкентайлар 
тобында тәрбиеші «Торай» ойынында: 
Томпаң-томпаң торай, 
Дауысыңның зоры-ай...; 
«Түйелер» ойынында: 
Маң-маң басқан, маң басқан 
Екі ӛркешін шаң басқан..., - дейді. 
Балалар ол айтқан қимыл-қозғалыстарды орындайды және сӛзге сәйкес әрекет 
етеді. 
Сӛзбен нұсқау беру. Педагогтар мен психологтардың зерттеулері 4,5 әсіресе, 6 
жастағы  балалардың  міндеттер  және  ӛздерінің  әлі  жетерлік  әртүрлі  іс-
әрекеттерді  саналы  ұғынуға  жеткілікті  мӛлшерде  дайын  екенін  кӛрсетеді.  Бұл 
қимыл-қозғалыс  дағдыларды  қалыптастыру  кезінде  сӛзбен  әсер  етуді  кең 
пайдалануға мүмкіндік береді, ол дағдыны меңгеруді шапшаңдатуды ғана емес, 
оның  сапасын  арттырады.    Осыған  байланысты  ересек  балалар  топтарында 
тәрбиеші  беретін  үлгіге  еліктеу  тәсілі  басым  болуына  жол  берілмейді.  Бұлай 
болғанда  балалардың  қимыл-қозғалыс  әрекетін  игеру  процесі  кӛбіне 
механикалық  түрде  игеру  жолымен  жүреді.  Дегенмен,  егер  жаттығу 
аяқталғаннан  кейін  балаға  нені  қалай  жасау  жайын  әңгімелеп  беруді  ұсынса, 
онда ол кӛбіне бұл сауалға анық жауап бере алмайды. Бала кӛбіне жауап беру 
орнына    қимыл-қозғалысты  кӛрсете  бастайды.  П.Ф.Лесгафт:  «Eгерде  бала 
белгілі бір механикалық әдісті оның жеке тәсілдерінің қандай мәні бар екенін 
түсінбей игерсе, онда ол механикалық түрде әрекет ететін болады да осы әдісті 
жеке  жағдайда  қолдана  алмайды»  -  деп  жазған  болатын.  Ересек  балалар 
топтарының тәжірибелі тәрбиешілері үйрету процесінде сӛзбен тапсырма беру 
тәсілдерін  пайдалана  отырып,  бала  санасында  оның  орындауы  тиіс  қозғалыс 
бейнесін  тудыруға  талпынады.  Мысалы,  тәрбиеші:  «Cендер,  барлықтарың  да 
жалаушаны  алға-жоғары  кӛтересіңдер.  Денелеріңді  түзетіп,  жалаушаларға 
қарайсыңдар,  содан  соң  қолдарыңды  екі  жаққа  қарай  жазасыңдар  да  «түсір» 
дегенде  түсіресіңдер»,  —  дейді.  Дауыс  екпінін  ӛзгерте  отырып,  тәрбиеші 
жаттығулардың  негізгі сәттерін  атап кӛрсетеді (алға-жоғары  кӛтеріңдер,  соған 

 
143 
қараңдар,  екі  жаққа  жайыңдар).  Бұл  тапсырманы  кӛрнекі  кӛрсетусіз  орындау 
жағдайында алдын ала бағдар жасауға мүмкіндік туғызады. Сӛйтіп, балаларда 
қимыл-қозғалыс туралы, олар қалай және қандай ретпен орындалуы тиіс екені 
жайлы  ұғым  пайда  болады.  Бұл  бастапқы  және  ӛте  маңызды  сәт  болып 
табылады. Ол балалардың жаттығуларды дұрыс орындауын қамтамасыз етеді.  
П.Ф.JIесгафттың  анықтауы  бойынша  «қимыл-қозғалыс  туралы  ұғым» 
дененің  қозғалатын  мүшелері,  амплитуда,  бағыт,  шапшаңдық,  ширығу, 
қозғалыстың  тағы  басқа  компоненттері  туралы  ұғымдардан  тұрады.  Демек, 
мұндай  жағдайда,  балада  дененің  қозғалатын  мүшелерінің  бейнесі  оның 
барлық  түйсінетін  компоненттері  құрамы  жиынтығымен  бірге  пайда  болады. 
Балалар жаттығуларды сӛзбен берілген тапсырма бойынша орындағаннан соң 
педагог  оның  жеке  элементтерінің  орындалуы  дұрыстығын  осы  жағдайға 
қажетті  кез  келген  тәсіл:  нұсқау  беру,  кӛрнекі  кӛрсету,  түсіндіру  жолымен 
нақтылай  түседі.  Бұл  балалардың  санасына  сіңген  тапсырмаларды 
практикалық тексерумен нақтылай түсу қызметін атқарады. 
Қимыл-қозғалыс әрекеттерге үйретудің келтірілген әдістемесі профессор 
А.Ц.Пунидің  еңбектеріне  сүйенеді,  оларды  елестетудің  қимыл-қозғалыс 
дағдыларын  қалыптастырудағы  рӛлі  және  қимыл-қозғалысты  елестетудің 
жаттықтырғыштық  әрекет-әсері  ашылып  кӛрсетіледі.  Ол  психологияда 
«идеомоторлық  реакциялар»  деп  аталатын  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  процестен 
кӛрінеді. 
Идеомоторлық  реакциялар  негізінен  И.П.Павловтың:  «Cіз  белгілі  бір 
қозғалыс  жайлы  ойлап  тұрсаңыз  (яғни  кинестезиялық  түсінігіңіз  бар),  сол 
қозғалысты  еріксіз,  байқамай  жасайсыз»,  деген  қағидасымен  анықталады.
.
 
Адам  ӛзінше  қозғалысты  елестеткенде  оның  ми  қыртысында  кинестезиялық 
клеткалардың  орталық  қозу  процесі  пайда  болады.  Бұл  сол  қозғалысты 
практика  жүзінде  орындау  кезінде  жасалған  және  бекіне  түскен  жүйенің 
мерзімді  жүйкелік  байланыстарының  жандануы  ӛтіп  жатқанын  білдіреді. 
Орталық  қозу  себебі  сыртқы  қоздырғыш  рӛлін  атқаратын  сӛз  болуы  мүмкін. 
Қимыл-қозғалыстық  тапсырма  ұсыну  сәтіндегі  айтылған  сӛз  қимыл-
қозғалыстың  мазмұны  мен  құрылымын  кӛз  алдына  әкелуге  кӛмектеседі.  Кей 
жағдайда сӛз тілсіз болуы да мүмкін, мұндайда ол адамның белгілі бір әрекетті 
қалай  жасау  жайындағы  ойы  болып  табылады.  Ол  да  кинестезиялық 
клеткалардың  қозуын  тудырады.  Мұның  нәтижесі  -  осы  қозғалысты  тәжірибе 
жүзінде  орындауға  сәйкес  адамда  туған  елес  болып  табылады.  Егер 
«жаттығуды меңгеру кезінде байланыстар қалыптасса, онда, кез келген, соның 
ішінде  ойша  қайталау  кезінде  де  осы  байланыстарды  жетілдіру,  соның 
нәтижесінде  жаттығуды  атқарудың  тәжірибе  жүзінде  жақсаруы  да  жүріп 
жатады».  Осының  бәрін  ескере  отырып,  тәрбиеші  балаларда  қимыл-қозғалыс 
дағдыларын  қалыптастыру  процесінде  әртүрлі  тәсілдерді  пайдаланады. 
Мәселен,  балаларды  үйрету  процесінде  тәрбиеші  дағдыларды  қалыптастыру 
орнықты  дәрежеге  жетіп,  балалар  қимыл-қозғалыс  әрекеттерін  ӛз  беттерімен 
орындауы  тиіс  болған  кезде  олардың  біреуіне  қазіргі  сәтте  жаттығуды 
орындамай-ақ,  осы  әрекеттің  бүкіл  ретін  еске  түсіріп,  әңгімелеп  беруді 
ұсынады. Бала қимыл-қозғалыс ретін еске түсіріп отырып, мысалы: «Aлдымен 

 
144 
таяқты жоғары кӛтеріп, соған қарау керек, содан соң оны жоғары кӛтерген оң 
тізеге  түсіріп,  бұдан  кейін  қайта  жоғары  кӛтеру  және  тӛмен  түсіру  керек»,  - 
дейді.  Алғашқы  кезде  балалар  әдетте  ӛз  сӛзін  тиісті  қимыл-қозғалыстармен 
сүйемелдеуге  тырысады.  Мұндай  жағдайда  сӛзбен  бірге  қимылдап  қозғалу 
естің  кӛру-қимылдық  елесінің  кӛрінісі  болып  табылады  және  баланың 
тапсырмаға жауап реакциясын жеңілдетеді. Кейде тәрбиеші балалардың бәріне 
қимыл-қозғалысты еске түсіруді ұсынады, яғни олар, үндемей, іштерінен нені 
қалай жасау керектігін елестетулері керек. Yйретудің мұндай тәсілдері қимыл-
қозғалыс  жайлы  елес  пайда  болуына  кӛмектеседі,  бұл  балалардың  қимыл-
қозғалысты  орындау  дұрыстығымен,  олардың  белсенді  ынталы,  эмоциялық 
күйімен, ден қоюдың жинақылығымен және тұрақтылығымен дәлелденеді. Бұл 
тәсілдерді  жүйелі  түрде  қолданғанда  балалар  тәрбиешіден  қимыл-
қозғалыстарды  міндетті  түрде кӛрсетуді  күтпейді: олар  назарды  тапсырманың 
түсіндірілуіне  аударады,  содан  соң  жаттығуды  сенімділікпен  және  ӛз  бетінше 
орындауға  кіріседі.  Бұдан  әрі  тәрбиеші  сӛйлесу  тәсілін  жаңа  жаттыруларды 
үйрену кезінде пайдалана алады. Жаңа қимыл-қозғалыстардың қай-қайсысында 
да  балаларға  таныс  элементтер  үнемі  болады,  сондықтан  ол  тегінде  таныс 
элементтердің  жаңа  үйлесімі  ғана  болып  табылады.  Жүйелі  жұмыстың 
нәтижесінде  балалардың  бәрі  де  тәрбиешілердің  талаптарын  ойдағыдай 
меңгереді,  оларға  практикалық  қимыл-қозғалыстармен  дұрыс,  саналы  және 
эмоциялы  жауап  қайырады.  Олар  сӛзбен  берілген  тапсырмаларды  жақсы 
бағдарлайды және оларды қимыл-қозғалысқа дәлме-дәл айналдырады. Осының 
бәрін  ескере  отырып,  тәрбиеші  балаларда  қимыл-қозғалыс  дағдыларын 
қалыптастыру процесінде әртүрлі тәсілдер пайдаланады. 
Практикалық  әдіске  жататын  тәсілдер.  Балаларды  қимыл-қозғалыс 
әрекеттеріне  үйрету  процесінде  тәрбиеші  кӛрнекілік  және  сӛзбен  ӛзара 
байланысқан  әртүрлі  практикалық  тәсілдер  кешенін  пайдаланады.  Ол 
жаттығулардың, қимыл-қозғалыс ойындарындағы жеке рӛлдердің орындалуын, 
жетекшінің рӛлін кӛрсетеді, балаларды тапсырмамен еліктіре және үлгі кӛрсете 
отырып  -  қимыл-қозғалысты  кім  жақсы,  кім  шапшаң,  кім  дұрысырақ 
орындайтынын  кӛрсетіп  ынталандырады,  ол  жарыс  кезінде  тӛреші,  команда 
капитаны  рӛлін  орындайды,  ондағы  мақсат  -  олардың  әрекет  тәсілдерін 
ойнаушыларға  қарап  әділ  шешім  қабылдау  тәртібін  кӛрсету  (JI.М.Коровина). 
Балалардың  практикалық  іс-әрекетін  ұйымдастыра  отырып,  тәрбиеші 
үйретудің  бүкіл  процесін  сабақ  міндеттерімен,  мазмұнымен,  құрылымымен 
сәйкес  реттейді.  Ол  балаларды  жаппай  үйретеді,  оларға  таныс  қимыл-
қозғалыстарды  жетілдіре  отырып,  ӛз  беттерімен  әрекет  етуді  ұсынып,  оларды 
шағын топтарға таратады, балаларға жаттығуларды үйреткенде жаттығулардың 
бүкіл  процесін  бірнеше  рет  қайталайды  және  алмастырады,  шығармашылық 
ізденіске  ынталандыра  отырып,  жаттығуларды,  қимыл-қозғалыс  ойындарын 
ӛзгерту,  олардың  нұсқаларын  құру,  жаңаларын  ойлап  табу  тапсырмаларын 
ұсынады.Yйрету  процесінде  бала  әр  жас  кезеңінде  барған  сайын  білім  мен 
іскерлікті  мол  меңгереді.  Осыған  байланысты  қимыл-қозғалыстардың 
дербестігі,  ойындық  және  ӛмірлік  жағдайда  игерілген  дағдыларды  қолдану 
тапқырлығы  күшейеді.  Балалардың  практикалық  іс-әрекетіне  басшылық  ете 

 
145 
отырып  тәрбиеші  білім  беру  міндеттерін  жүзеге  асыру,  баланың  ақыл-ойын 
дамыту  мүмкіндіктері  туралы  естен  шығармайды.  Ол  балалардың  оларға 
ұсынылған  қимыл-қозғалыстық  тапсырмаларға  неғұрлым  тұрақты  ынта-
ықыласы  мен  эмоциялық  қарым-қатынасын  тудыруға  және  оны  сақтауға 
қамқорлық  жасайды;  бұл  тапсырмалар  балалардың  жеке  ұсыныстары 
формасында  кӛрінетін  қажетті  шешімді  іздестіруге  бағытталған  ой 
белсенділігін  талап  етеді.  (Mысалы,  жүруді,  жүгіруді  және  қосаяқтап  секіруді 
кезектесе  орындау  кезінде  мынадай  тапсырмаларды  ұсынады:  қимыл-
қозғалыстың  әртүрін  ауыстыру  үшін  сигналдардың  формаларын  ойлап  табу, 
олардың  алмасу  тәртібін  ұсыну  және  себеп-дәлелін  беру.  Неге  басқаша  емес, 
осылайша болуы керек, т. б).  Тәжірибе балаларға мұндай (аса қарапайым және 
түсінікке жеңіл) тапсырмаларды, сондай-ақ, оларды игерген білім мен қимыл-
қозғалыс  дағдылары  негізінде  қызықты  шешуді  (қимыл-қозғалыс  әрекеті 
техникасы  және  оларды  орындау  тәсілдері  туралы,  кеңістікті  бағдарлау, 
сабақта қимыл-қозғалыс әрекеттерін алмастыру, т. б.) ұсынғанда олар белсенді 
және  қуанышпен  жауап  беретіндігін  кӛрсетіп  отыр.  Кӛрсетілген  тапсырмалар 
ақыл-ойдың  дамуына  және  шығармашылық  белсенділікке,  ұйымдастыру 
дағдыларын  тәрбиелеуге,  әрекеттің  мақсатты  бағыттылығына,  тапқырлыққа 
және айнала қоршаған жағдайдан бағдар табуға кӛмектеседі. Сӛйтіп, балаларды 
үйретудің  суреттелген  әдістері  мен  тәсілдері  қимыл-қозғалыс  дағдыларын 
қалыптастыру  кезінде  нәтижелерге  жетуге  бағытталған.  Дыбыс  және  жарық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет