Жүйелілік қағидасы. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа
үйретудегі жақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда
ғана болады. Жүйелілік - сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы
жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеген абзал.
Сондықтан да жүйелілік қағидасын қолданғаңда ӛткен сабақтың ізін, ӛтіліп
жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында кӛп
сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің
берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайындық деңгейі
кӛтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу
кезендерінің алмасуымен ӛтеді, бұлардын негізінде бір-бірімен байланысты
организмнің болдыру және қалпына келу процесі жүреді.
Бұл жүйе тӛрт кезеңнен тұрады:
Жұмыс кезеңі - бұл кезеңде белгілі бір жұмыс кӛлемі орындалады, қозғалысты
қамтамасыз ететін қуат кӛзі таусыла бастайды, организмнің жұмыска
қабілеттілігі тӛмендейді.
Салыстырмалы қалыптасу кезеңі. Мұңда жұмыс ауытқуының орнына жұмыс
қабілеттілігі, функционалдық кӛрсеткіштер жұмысқа дейінгі деңгейге келе
бастайды.
Жоғары ӛтем кезеңі. Организм жұмысқа кеткен қуатты артығымен қалпына
келтіреді.
Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс
қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.
Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы
демалысты екі күннен әрі созбау керек. Ӛткен сабақтың әсері толық жоғалмай
тұрғанда келесі сабақ ӛтілуге тиіс. Оқу материалының жүйелілігі және оны
жүзеге асыру әдістері оқытудың міндеттері мен мақсаттарына байланысты. Ӛз
кезегінде
міндеттер
мен
мақсаттар
жаттығушылар
контингентінің
ерекшеліктерін, жаттығуды жасау кезіндегі жағдайын, т.б.-ды бейнелейді.
Балалардың жасының, дене дайындығының деңгейі оқытудың жүйелілігіне тез
арада әсер етеді. Бағдарламадағы оқу материалы, оның мазмұны
жаттығушылардың жас ерекшеліктеріне сай келіп белгілі бір жүйелілікке ие
болуы қажет. Бұл қағиданың негізі-педагогикалық процестің мазмұнының
тұтастық дәрежесіне үйрету тиімділігінің тәуелділігін ашып кӛрсететін
заңдылық болып табылады. Мазмұнның тұтастығы үйретудің кез келген
бӛлігінде жаттығуды ұйымдастыру формаларын, әдістерін, құралдарын, ӛзара
байланысты міндеттер жүйесінің болуын қамтиды. Педагогикалық процестің
бұл элементтерінің қабілеттілігі, әрбір жеке элементтерге жатпайтын сонымен
қатар, жаңа мүмкіншіліктер тудыратын ӛзара байланыстарға әкелу жүйелік
мақсатын кұрайды. Жүйелілік пән ішіндегі және пән аралық байланысты
орнықтыру арқылы қамтамассыз етіледі. Білім мен дағдының жүйелілігі - ойлау
кезіндегі жүйелілік дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
124
Жеке сабақтың жүйелілігі оның барлық элементтерінін логикалык бір-біріне
бағыныштылығына тәуелді. Сабақтардың бірыңғай тіркесі, белгілі календарлық
уақыттың шеңберінде оқу материалдарының кейбір кӛлеміне үйренуге
бӛлінетін сабақтар сериясынан құралады. Қандай да болмасын оқыту жүйесі
дене тәрбиесі білімінің деңгейі мен нақты бағытын анықтайды. Олай дейтін
болсақ, білімнің әрбір түрі, тиісті, әдістер, кұралдар кӛмегімен оқу-тәрбие
міндеттерінің арнайы жүйесін шешуді талап етеді. Жүйелілік қағидасы дене
тәрбиесі мақсатында пайдаланылатын шараларының бүкіл кешені үшін
(шынықтыру, қимыл-қозғалыстық дағдыларды қалыптастыру) жетекші,
міндетті болып табылады. Жүйелілік - мектеп жасына дейінгі кезеңнің бүкіл
бойында
дене
тәрбиесі
процесінің
үздіксіздігінде,
реттілігінде,
жоспарлылығында; ағза үшін жүк түсіру мен дем алдыруды алмастыру,
міндетті дене шынықтыру сабақтарының ширақ реттелуінде, олардың
сабақтастығының, мазмұндарының әртүрлі жақтарының ӛзара байланысының
бір ізділігінде болады. Сипаты жӛнінен әртүрлі дене жаттығуларын (ертеңгілік
гимнастика, дене шынықтыру сабақтары, серуендегі қимыл-қозғалыстық іс-
әрекет т. б.), сондай-ақ шынықтыратын шараларды жүйелі түрде күн сайын
белгілі бір уақытта орындап тұру балаларды белгіленген денсаулық сақтау-
тәрбиелеу тәртібіне әдеттендіреді. Дене жаттықтырумен үнемі айналысу
әсерімен ағзада әртүрлі жүйелердің, мәселен, жүрек-қан тамырлары жүйесінің
және т. б. жақсы ыңғайда қайта құрылуы жүріп жатады. Жүйелі айналысуды
тоқтатқан, үзіліс кезде қол жеткен функционалдық мүмкіндіктер деңгейінің
тӛмендеуі, ал кейде белсенді бұлшық еттік тканьнің меншікті салмағының
азаюынан, оның құрылымдық компоненттерінің ӛзгеруінен және басқа
жағымсыз құбылыстардан кӛрінетін регресс те байқалады. Сӛйтіп, дененің
толық дәрежеде жетілуі үшін алдағы сабақтар тудырған жақсы ӛзгерістердің
дамуын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі процесінің үзіліссіздігін сақтау және
оларды бұдан кейінгі сабақтарда (дене шыныктыру сабақтары, ертеңгілік
гимнастика, ойындар және жаттығулар) бекемдендіре түсу қажет. Дене тәрбиесі
қалыптасатын қимыл-қозғалыстық дағдыларды қайталауды талап етеді. Қимыл-
қозғалыстық динамикалық стереотиптер кӛптеген қайталаулар кезінде ғана
қалыптасады. Тиімді қайталау үшін игерілген нәрсе жаңамен үйлесетін, яғни,
қайталау процесінің түрленгіштік сипаты болатындай (жаттығуларды,
орындалу шарттарын ӛзгерту, әдістер мен тәсілдердің әртүрлілігі, сабақтың
формасы мен мазмұнының тұтас алғанда айырмашылығы) жүйе қажет.
Мұнымен бірге қайталау морфологиялық және функционалдық реттегі ұзақ
уақыттың бейімделгіштік қайта құрылуын қамтамасыз етеді, осылардың
негізінде дене қасиеттері дамиды (A. Н. Крестовников). Жаттығулардың
түрленгіштігі балаларда бағдарлау-зерттеу рефлексін, ынта, эмоция, назар
тудырады. Қалыптасқан динамикалық стереотипке жаңа қоздырғыштарды
ендіру күрт ӛзгеріссіз бірте-біртелікті сақтаған кезде болып жатады. И. П.
Павлов педагогикада бірте-біртелік пен жаттығуды негізгі физиологиялық
ереже деп санау қажет екенін атап кӛрсетті.
125
Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты-дене
тәрбиесі процесінде жаттығушылардың сапалы, белсенді және шығармашылық
әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Саналылық және белсенділік
қағидасы мынадай талаптарды қамтиды: 1.Дене шынықтыру сабағының
мақсаты мен міндеттерін орындауға балалардың ынтасын саналы түрде
қалыптастыру. Егер бала алдына қойған мақсаттың маңызын түсініп, оның
міндеттерін орындауға ынта танытса, оқу барысы тезірек, сапалы болады.
Жаттығушылар алдына кезекті (жақын) және перспективалық (алыс) мақсаттар
қойылады. Перспективалық мақсаттар: спорттық разряд алу, мектептің,
ауданның құрама командаларына мүше болу. Кезекті мақсаттар: бір күрделі
жаттығудың тәсілін меңгеру, кейбір дене қуаты қасиетін дамыту.
Жаттығушылардың денсаулығын күшейтуге, әртүрлі дене қуаты қасиетін
дамытуға ұсынылып отырған тапсырманың мәнін, маңызын айқын түсіндіре
білу
керек
(мысалы,
жаттығуды
орындау
түрі,
мӛлшері).
2.Сабаққа ынталы қатысу. Дене шынықтыру сабағы кезінде балаларға қызықты
тапсырмалар беру, ойындар ӛткізу, жүйелі түрде бағалау, жетістіктерін
мадақтау, марапаттау оларды ынталандыра түседі. Yйрету және тәрбиелеу
процестері жаттығушылардың білімін, танымын қалыптастырады. Жаңа
амалдар, әдістер, қозғалыстың жаңа элеметтерін орыңдау, әртүрлі тәсілдер іздеу
балаларды қызықтырады, шығармашылық белсенділікке ынталандырады.
3.Жаттығушылардың ӛз әрекетін байқауға, бақылауға қабілетін ояту. Бұл
талапты орындау үшін, жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз
әрекеттеріне ӛздері талдау жасай білуі, орындау тәсілінен қате таба алуы,
олардың пайда болғанын, оны қалай түзету керек екенін үйренулері қажет. Ӛз
кӛңіл күйін, машықтылығын бақылау, жаттығу күнделігін жүргізе білу,
объективті жәие субъективті мәліметтерге талдау жасау жаттығушылардың
қабілетін жетілдіреді. Қазір дене шынықтыру сабақтарында саналы бақылауға
ынталандырудың:
1.Жаттығуды тек қана сӛз қолдану әдісі арқылы үйрету;
2.Педагогтың тапсырмасымен дене қуатының қасиетін дамыту жаттығуларын
ӛз бетімен іріктеп алу;
3.Жаттығуды орындаған соң нәтижесін ӛзі бағалауы немесе екі-екіден
орындағанда бір-біріне дұрыс баға бере білу;
4.Жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезінуге кӛмектесетін
арнайы тренажерлер қолдану;
5.Жаттығудың орындалу сапасы туралы ақыл-кеңестерді пайдалану, т. б.
әдістер қолданылады. Дене тәрбиесі және үйрету процесінде баланың ӛз іс-
әрекетіне деген саналы және белсенді қарым-қатынасына сүйенудің маңызы ӛте
зор. Белгілі бір мақсатқа ойдағыдай қол жетуі үшін ең алдымен, нені және
қалай орындау, оны басқаша емес, неліктен дәл осылайша орындау керек
екендігін айқын ұғынып алу қажет. Саналылық принципін ең алғаш ғылыми
талдап жасаған П.Ф.JIесгафт, ол қимыл-қозғалыстарды механикалық түрде
меңгеруге үзілді-кесілді қарсы тұрған. JIесгафт «балаларды олар сӛз бойынша
126
жалпы тәсілдер негізінде, мүмкіндігінше сырттай ғана еліктеуден қашқалақтай
отырып, атқара алатын кез келген жұмысқа, яғни... әрекеттерде мүмкіндігінше
ӛзіндік бет және ерік-жігер кӛрсетуге даярлау...» қажет деп санады. Баланың
ӛзіндік белсенді іс-әрекеті ұсынылған тапсырмаға деген ынтаның пайда
болуына, оны саналы қабылдауға, ойдағыдай нәтижеге жетуді қамтамасыз
ететін орындау мақсаты мен тәсілін ұғынуға тәуелді болады. Бұдан кейінгі
кезде қимыл-қозғалыстарды дамыту баланың шығармашылық белсенділік
кӛрсету мүмкіндігіне, оның педагогтық шығармашылық тапсырмаларын
орындауына байланысты (жаттығуларды ӛз бетімен ӛзгерту, оның нұсқаларын
жасау, жаңасын ойлап табу). Балалар алдында олардың шама-шарқы жетерлік
шығармашылық іс-әрекеттер мүмкіндіктерін ашып кӛрсету алғашқы
ұмтылыстарға тілектестікпен кӛңіл аударуды, жаңалық іздеуге үнемі
ынталандырып отыруды талап етеді.
Кӛрнекілік қағидасы. Дене тәрбиесінде бұл қағиданы пайдалану — адамды
(баланы) айнала қоршаған болмыспен тікелей байланыстыратын бүкіл сыртқы
және ішкі анализаторлар кӛрсеткіштерінің кең түрде ӛзара әрекеттесуі ретінде
ұғынылады. Кез келген танымның сезімдік сатысы болады. Қимыл-
қозғалыстардың қалыптасуы, оларды оқып үйрену барлық рецепторлардың, ең
алдымен кӛру, есту мүшелерінің, сезім мүшелерінің, бұлшық еттерінің,
буындардың, бунақтардың т. б. кӛрсеткіштерімен ӛзара байланыста жүзеге
асырылады. Әртүрлі рецепторлар кӛрсеткіштерінің ӛзара байланысы қимыл-
қозғалыс дағдылардың қалыптасуына, еріктік қасиеттердің кӛрініс беруіне
кӛмектесе отырып, қимыл-қозғалыс бейнесін, оның әлдеқайда нақтыланып
қабылдануын байыта түседі. Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйрену кезінде
кӛрнекілік қағидасы тәрбиешінің қимыл-қозғалыстарды практика жүзінде
мүлтіксіз кӛрсетуі жолымен эстетикалық қабылдаудың пайда болуына, қимыл-
қозғалыстарды нақты елестетуге, дұрыс қимыл-қозғалыстың түйсік пен дәл
беруге ұмтылумен жүзеге асырылады. Дегенмен, әртүрлі сезім мүшелерінің
рӛлі мен олардың ӛзара әрекеттесу сипаты ӛзгеруі мүмкін. Мәселен, жаңа
жаттығуды кӛрсеткенде кӛру анализаторы басты рӛл атқарса, соңғы сатысында,
қимыл-қозғалыстардың бүкіл жүйесі автоматтанатын кезде бұл рӛл қимыл-
қозғалыс анализаторы үлесіне тиеді. Балалардың дене тәрбиесі міндеттерінің
бірі сезім мүшелерін жан-жақты дамыту болып табылатындығымен
байланысты әртүрлі қабылдау жүйелерінің белсенділігін арттыруға, оларды
таңдап әрекет ету әдістерімен (мысалы, сәулелік және дыбыстық кӛрнекі
бағдарлар) мақсатты түрде жаттықтыруға болады. Қимыл-қозғалыстық
дағдыларды жетілдіру процесінде біртұтас «комплекстік анализатор» болып
үйлесетін әртүрлі сезім мүшелерінің ӛзара әрекеттесуі күшейеді. Бұл бір
жағынан неғұрлым нәзік қабылдауға, екінші жағынан анағұрлым жалпылама
(«қарды сезіну», «суды сезіну» қабылдауға кӛмектеседі. Айнала қоршаған
болмысты қабылдаудың тікелей кӛрнекілігінен басқа қимыл-қозғалыстардың
кӛзге кӛрнекі түрде түспейтін және тікелей қабылдаудан жасырын (мысалы,
қимыл-қозғалыс
жайлы
ұғымды
тереңдететін
кино
түсірмелерді,
кинограммаларды, кинофильмдерді пайдалану) жеке бӛлшектері мен
мехнизмдерін ұғындыру қажет болғанда жанама түрдегі кӛрнекілік үлкен рӛл
127
атқарады. Кӛрнекілік санаға сіңірумен тығыз ӛзара әрекеттес сӛзбен тапсырма
берген кезде адам ой елегінен ӛткізетін нәрселер практикамен, қимыл-
қозғалысты келтірумен тексеріледі, мұнда түйсік әсіресе қимыл-қозғалыстық
түйсіктер маңызды рӛл атқарады. Бұдан басқа баланың ӛмір тәжірибесіне
сүйенетін, қимыл-қозғалыстық ұғымдармен байланысты және қимыл-
қозғалыстардың нақты бейнесін тудыратын кӛрнекілік пен бейнелі сӛз ӛзара
байланысының үлкен мәні бар. Бірте-бірте жанама түрдегі кӛрнекілік мәні бар
сӛздің рӛлі баланың бойына сіңірген тәжірибеге сәйкес ӛсе түседі. Белгілі бір
қимыл-қозғалыстық тәжірибе бар кезде бейнелі сӛз қажетті қимыл-қозғалыстық
ұғымдар тудырады. Кӛрнекіліктің кӛрсетілген формаларының мұндай ӛзара
байланысы танымның сезімдік және логикалық сатыларының бірлігімен, яғни,
бірінші және екінші сигналдық жүйелердің ӛзара әрекеттесуімен анықталады.
Қозғалысқа үйретуді кӛру арқылы емес, бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне
білу керек. Әртүрлі анализаторлар белгілері балалардың санасында үйренетін
жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Кӛрнекілік приципін іске қосу
мынадай жолдармен пайдаланылады:
1.Yйрететін жаттығуды бӛлшектеп немесе толық кӛрсетуді жаттықтырушы, не
болмаса жақсы дайындықтан ӛткен жаттығушы орындайды.
2.Әртүрлі кӛрнекі құралдарды кӛрсету арқылы (суреттер, сызбалар, фотолар,
кинограммалар, бейне магнитофон жазулары, т.б.).
3.Педагогтың бейнелі сӛзі (баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық, сӛздер, т.б.)
арқылы.
Қозғалыс тәсілінің қиын элементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей қайталау
(ойша) идеомоторлық қайталау деп аталады. Кӛрнекілік принципін қолданғанда
әрбір адамның жетекші анализаторы кайсысы екенін ескеру керек. Біреуде
жетекші кӛру анализаторы болса, екіншісінде-есту, үшіншісінде-қимыл
анализаторлары болуы мүмкін. Кӛрнекілік принципін қолдану сипаты үйрену
кезеңіне, жасына және жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл принцип
түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталылықты арттырады, тапсырманы түсіну
және оны орындауды жеңілдетеді. Кӛрнекілік кағидасында кӛрсетілген оқыту
заңдылығы, обьективтік шындықты және тануды тӛмендегі ережелерден
байқауға болады: «Даму тіршілігінен абстрактылы ойлауға және одан
тәжірибеге айналу». Яғни ғылыми таным процесін оқыту кезіндегі таным
процесімен салыстыруға болмайды.
Біріншіден, кӛрнекілік кағидасы кӛптеген анализаторлық жүйеге әсер ету
жолымен қозғалыс-қимылын игеру үшін кең кӛлемдегі бағыттаушы фактор.
Олай дейтін болсақ, қозғалыс-қимылдарына қойылған талапқа сай орындалуын
қадағаласақ, нағыз кӛрнекі болатындай әдістерін колдануды қажет етеді.
Екіншіден, баланың кӛрнекі түрде қабылдайтыны түсінікті, сонымен
бірге, саналы түрде түсінгені талап етіледі.
Yшіншіден, жаттығулардың кӛрнекі әсерлі болуын қағида талап етеді.
Жаттығушыда (балада) жаңа ой туғызуға, козғалыс міндеттерін шешудін ең
тиімді жолдарын іздеуге итермелеуге, белсенді кимылдарға ұмтылдырады.
Сезіммен қабылдауға сүйене отырып, жаттығушы үйренетін кимылдың
сыртқы жақтарына ғана назар аударады, оның ойы бір жақты болып
128
калыптасуы мүмкін. Нәтижесінде психикалық процестердің деңгейі
тӛмендейді, үйренем дейтін қимылдың заңдылықтары мен байланыстары
туралы деректер мен түсініктер кең кӛлемде пайда болмайды.
Кӛру кӛрнекілігі екі түрлі жағдайда байқалады: дене тәрбиесі
теориясында кӛрсету деп аталатын табиғи кӛру кӛрнекілігі (адамның дене
жаттығуларын орындауы) және демонстрация (суреттер, сызбалар, фотолар,
кинограммалар, кинофильмдерді пайдалану). Бұл жағдайда, ең жоғары
дидактикалық тиімділік, кӛрнекі құралды кӛру арқылы таным міндеттері
жетілуі мүмкін. Есту кӛрнекілігі жаттығудың ұзақтығы және қозғалыс
екпіндігін қимыл ретімен дыбыс арқылы қалыптастыру үшін дыбысты
шығарып естіртудің әртүрлі әдістері қолданылады. Олар – дауыспен белгі беру,
алақанды шапалақтау, ысқырғышпен дыбыс беру, т.б.
Қозғалыс кӛрнекілігі баланың қозғалыс қимылдарын орындау
барысында, онда пайда болатын бұлшық ет сезімдерінің есебінен дене
жаттығулары туралы түсінікті қалыптастырады. Yйренетін қимылдың
ерекшелігін сезіну бақылаудан тыс қимылдар элементтерін, мақсатын
түсінуден немесе алдын ала қалыптасқан ойлау, естуді нақты бұлшық ет сезінуі
мен байланыстыру қажеттілігінен туындайды. Ритмдік сезімталдық дене
жаттығуларын орындау кезінде қарсыласпен жақындасқан кездерде жаттығу
жасау кезінде қалыптасатын қозғалыс кӛрнекілігін толықтырады. Сӛз
кӛрнекілігі үйренетін дене жаттығуларының мақсатын, әсіресе, тура бақылауға
қиын тиімсіз элементтерін ұқыпты түрде түсіндіру есебінде, қозғалыс қимылы
туралы түсінікті қалыптастыруға қолданылады. Дұрыс қолданылған әрбір сӛз,
үйреніп жатқан қимылды талдауға кӛмектеседі, сезімдік қабылдауды
синтездейді және нақтылайды. Жинақталған түсініктерге жол ашады,
жаттығушы назарын қимылдың қажеті кезеңдеріне аударады. Қозғалыс
амплитудасы туралы түсінікті қалыптастырудың кӛрнекілік тәсілдері жоғарыда
келтірілген бағыт-тәсілдері ғана емес, сонымен қатар кейбір әдістерді: 1)
арнаулы жабдықтарды; 2) жаттығушыны қоршаған орта; 3) жаттығушы
(оқушы, бала) денесінің бӛліктері (мысалы алға созылған сол қолға оң аяқтың
серпілуі); 4) жаттығуды жасау кезінде бар мүмкіндігінше орындау жӛнінде
нұсқау беруде қолдануды қарастырады. Кӛрнекілік қағидасын жүзеге
асырудың тиімділігі кейбір ережелерді сақтаған жағдайда ғана артпақшы:
1.Оқытудың кез келген кезеңінде кӛрнекіліктің әртүрлі тәсілдерін
тұтастай қолдану кажет. Бірақ, тұтастық ӛзара тепе-тендікті білдірмейді.
Қимылды игеру жағдайында, анализаторлық жүйенің ӛзара бірлесіп қимыл
жасау сипатын ӛзгертеді.
2.Кері байланысты қолдану кӛрнекілік әдістерінің тиімділігін арттырады.
Ӛте тез арада, кері байланыстың нәтижесін айна алдындағы жасалынатын
жаттығулардан байқауға болады.
3.Кӛрнекілік қағидасының әртүрлі жастағы балалардың психикалық
дамуының ерекшіліктерін есептей отырып, жаттығушылардың барлық жас
топтарында жүзеге асыруға болады. Мектепке дейінгі кезеңнен сезіммен
кабылдаудың кӛбірек болуы және түсінік жӛнінде жеткілікті кордың
129
болмауы педагогты кӛру кӛрнекілігінің табиғи тәсілдерін колдануға күш
салдырады.
4.Кӛрнекілік қағидасын жүзеге асыруда жаттығушының тәжірибесінде
болған түсінік-түйсіктерге сүйенген жӛн.
5.Кӛрнекілік тәсілдері, қозғалыс қимылының сыртқы түрі арқылы бұлшық
еттің жиырылуы жаттығудың динамикалық образын қалыптастыруға
жәрдемдесуі керек.
Жекелік қағидасы. Yйрету тиімділігі жаттығушы мүмкіншілігіне сай, тандап
алынған әсердің сәйкес келуіне байланысты. Үйретудің жекелігі жалпы
анықтамада баланың жеке мүмкіншілігіне сәйкес оқу тапсырмаларын
дифференциялау және оны шешу түрінде кӛрінеді. Бұл заңдылықтар, жекелілік
қағидасының мазмұнын анықтай отырып үш жағын анықтауға мүмкіндік
береді: а) баланың жеке ерекшеліктерінен оның даму болашағын кӛруге
болады; ә) баланың күшті жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын дамытуға;
б) кез келген жекелілік қағидасы үйретудің жалпы заңдылықтары негізінде
құрылуы тиіс. Жекелілік белсенді процесс болып табылады. Ол баланың
ерекшелігін есепке алып қана қоймайды, сонымен қатар үйрету процесінде
оның формалары мен функцияларын жетілдіреді. Мысалы, спорттың
координациясы күрделі түрлерінде кӛпжылғы жаттығулар әсерімен
қозғалыстағы ойлау қабілетінің артуына жәрдемдесетін жүйке процесінің
инерциялығы біршама артады. Жаңа пайда болған ерекшеліктер үйретудің
келесі сатысында жекелілік сипатына түзетулер енгізуді талап етеді. Жекелілік
кағидасы қазіргі балалардың даму деңгейін есепке алып отыруды қажет етеді.
Сондықтан да, мысалы, он жыл бұрын оқығандарға арналған стандартпен
қазіргі баланың дене дайындығы дәрежесін бағалау дұрыс болмас еді.
Дегенмен, жас жеткіншектер белгілі бір қызметі атқару барысында ӛздерінің
мүмкіншіліктерін бірдей кӛрсете алмайды. Осыған байланысты жекелілік
қағидасы балалардың жеке айырмашылық сипатын есептеуді талап етеді. Бұл
айырмашылық кӛп жақты және тӛмендегі жайлардан байқауға болады;
а)балалар денсаулығы бірыңғай деңгейде емес; ә)бір медициналық топтың
ӛзінде әртүрлі дене дайындығы бар екендігі ескеру; б)бірыңғай
бағдарламалармен бір оқу тобына жасы бірдей емес балалардың оқу
жағдайларында; в)бір топтың ӛзінде екі жыныстағы оқушылардың болуы;
г)басқа да мінездемелер болғанымен білім және қозғалыс дағдыларының
кӛлемі әртүрлі болуы; ғ)ойлау процесінің бірдей сипатта болмауы;
ж)балалардың
әртүрлі
дене
жұмыс
қабілеттілігі;
з)шығармашылық
белсенділігінің, танымдық және практикалық қызмет етудің бірдей деңгейде
болмауы; и)әртүрлі типте жасай алмайтыннан жасайтынға ұмтылыс; к)оқуға
деген ұмтылыстың бірдей болмауы; л)еріктің әртүрлі деңгейдегі кӛрінуі.
Оқытудың дербес жекелілігі нақты жеке адамға тән ғана сипаттауларды
есепке алуды қарастырады, бірақ бұл ӛте кӛп жақты және күнбе-күнгі жұмыс
процесінде анықтау ӛте қиынға соғады. Дербес жекеліліктің күрделілігі
жаттықтырушының бір мезгілде жаттығушылардың санының кӛбеюімен
байланысты. Жекелілік жолдарын байланыстырудың негізгі қағидалары нақты
130
типтік жекеліліктің ең кең кӛлемдегі дербес жекелілікке сүйенуін қарастырады,
не болмаса бұл «типтік жекеліліктің ішіндегі дербестік» деген формула түрінде
кӛрінеді. Жекеліліктің қай жолы болмасын әртүрлі жағдайдағы дене
тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуі қажет. Мысалы, білім беру
мекемелерінде бірыңғай мемлекеттік бағдарламамен міндетті түрде
жүргізілетін жалпы дене тәрбиесінде типтік жекеліліктің үлес салмағы үлкен.
Типтік жекелілік спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі қажеттілік
болып қала береді. Ақырында оқытудың типтік және дербес жекелілігі
бірыңғай жүйенің деңгейінде міндетті жаттығуды жеке жаттығумен
байланыстыруға
мүмкіндік
туғызатын,
жекеленген
балалардың
қызығушылығын арттыру және оқу бағдарламасы белгілеген деңгейге
ӛзгелерді жетістіру жағдайын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |