А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет23/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


                                     

 
193 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Гимнастика –дене тәрбиесінің құралы екендігін, гимнастиканың 
міндеттерін түсіндіріңіз.   
2.  Жалпы денені дамыту гимнастикасы және оның түрлері қандай? 
3.  Спорттық бағыттағы гимнастика және оның түрлеріне сипаттаңыз. 
4.  Гимнастиканың қолданбалы түрлеріне сипаттама беріңіз. 
5.  Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде 
гимнастиканы қолданудың алатын орны қандай? 
6.  Негізгі гимнастиканың маңызы және мектепке дейінгі кезеңде 
қолданылатын түрлері қандай? 
7.  «Жалпы дамытатын жаттығулар»,  «Сапта тұру жаттығулары» 
тақырыбында мәнжазба дайындау. 
 
             Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға                             
                                             арналған материалдар 
1.Адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, тӛзімділігін 
арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған 
дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі: 
А.  Акробатика 
Ә.  Гимнастика 
Б.  Атлетика 
В.  Биатлон 
2.Гимнастиканың бір міндеті: 
А.  Тұлғаны дұрыс қалыптастыру 
Ә.  Секіруге үйрету 
Б.  Дамыту 
В.  Қалыптастыру 
3.Жалпы денені дамыту гимнастикасына не жатады? 
А.  Топтық гимнастика 
Ә.  Жеке гимнастика 
Б.  Негізгі гимнастика  
В.  Сәбилік гимнастика 
4.Денеге түсетін күшті біршама дәл мӛлшерлеу мүмкіндігі:  
А.  Алуан жаттығулар организмге әсері қатаң ескеріліп пайдаланылады  
Ә.  Жаттығулар кезкелген жаста пайдаланыла береді 
Б.  Жаттығулар тек ересектерге ғана қолданылады. 
В.  Денсаулығы нашар балалармен жүргізілмейді 
5.Жаттығу  сабақтарының  эмоциялығын  арттыру,  эстетикалық  сезімге, 
ырғақтылыққа,  дәлдікке  баулу  және  қимылдың  мәнерлілігін  қалыптастыру 
мақсатында қолданылады: 
А.  Су 
Ә.  Массаж 
Б.  Күн 
В.  Музыка 
6.Негізгі гимнастиканың мазмұнына кіреді: 

 
194 
А.  Ән айту 
Ә.  Негізгі қозғалыстар 
Б.  Ойын ойнау 
В.  Би билеу 
7.Спорттық бағыттағы гимнастикаға не жатады? 
А.  Емдік гимнастика 
Ә.  Кӛркем гимнастика 
Б.  Шынықтыру гимнастикасы 
В.  Дамыту гимнастикасы 
8.Гигиеналық гимнастиканың міндеті: 
А.  Тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу 
Ә.  Спортшы қылып шығару 
Б.  Баланың жүрісін қалыптастыру 
В.  Тыныс алуын қалпына келтіру 
9.Қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, 
икемділікті дамытуға кӛмектеседі, ӛз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр 
сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды: 
А.  Емдік гимнастика 
Ә.  Музыкалық гимнастика 
Б.  Спорттық акробатика 
В.  Дамыту акробатикасы 
10.Белгілі бір мамандықты меңгеруге кӛмектесетін қимыл-қозғалыстар 
дағдысы мен сапасын дамытады және жетілдіреді: 
А.  Кӛркем гимнастика 
Ә.  Оқыту гимнастикасы 
Б.  Кәсіби гимнастика 
В.  Кәсіптік-қолданбалы гимнастика 
11.Адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын 
сақтау мақсатында ұйымдастырылады: 
А.  Емдік гимнастика 
Ә.  Бағыттылық гимнастикасы 
Б.  Кӛркем гимнастика 
В.  Спорттық гимнастика 
12.Негізгі қозғалыс: 
А.  Отыру 
Ә.  Тұру 
Б.  Жату 
В.  Жүру 
13.Адам үшін ӛмірлік қажетті қозғалыстар: 
А.  Жай қозғалыстар 
Ә.  Қарқынды қозғалыстар 
Б.  Негізгі қозғалыстар 
В.  Дамыту қозғалыстары 
14.Үнемі біркелкі циклдерді (айналымдарды) орындау болып табылады: 

 
195 
А. Моноциклді қозғалыс 
Ә. Циклді қозғалыс 
Б. Ациклді қозғалыс 
В. Дара циклді қозғалыс  
15. Мектеп жасына дейінгі балалардың қолымен асылып тұруына болмайды, 
неге? 
А.  Буындар мен сіңірлердің уақытынан бұрын созылуын туғызады 
Ә.  Бойы ұзарып кетеді 
Б. Салмақ тастауын тездетеді 
В.  Дамуын кешеуілдетеді 
16.Адамды қозғаушы, циклді қимыл-қозғалыс типіне жататын, негізгі, табиғи 
әдіс: 
А.  Жүру 
Ә.  Лақтыру 
Б.  Еңбектеу 
В.  Домалау 
17.Алғашында бала аяқтарының арасын кең ашып, қолдарын екі жағына 
сермеп, алға және жоғары созып, құлашын жайып жүре бастайды. Бұл неге 
байланысты? 
А.  Денсаулығына 
Ә.  Қимылына 
Б.  Тепе-теңдікті сақтауына 
В.  Жүруіне 
18.Жүгіру кезінде, жүгірген адамның екі аяғы бірдей жерге тимей кетіп бара 
жатқан кезде қандай фаза болады? 
А.  Қалықтау 
Ә.  Кӛтерілу 
Б.  Екпіндеу 
В.  Тӛмен түсу 
19.Ӛрмелеу екі жасқа қарағанда қалыптасады деген кімнің зерттеуінің 
нәтижесі? 
А.  М.Ю.Кистяковская мен 3.С.Уварованың 
Ә.  Н.К.Крупская мен А.С.Макаренконың 
Б.  П.Ф.Лесгафт мен  Н.М.Аксаринаның 
В.  М.Т.Тұрыскелдина мен С.Г.Бәтібаеваның  
20.4-7 жасқа дейінгі дейінгі балалардың статикалық және динамикалық тепе-
теңдігін зерттеген: 
А.  Р.И.Жуковская 
Ә.  Б.Б.Баймұратова 
Б.  А.К.Меңжанова 
В.  T.И.Осокина  
21.4 жасар балалардың адымының ұзындығы   шамамен: 
А.  39-40 см. 
Ә.  10 см. 

 
196 
Б.  5 см 
В.  25 см.  
22.Жүгіру неше жаста қалыптаса бастайды? 
А. 1 жаста 
Ә.  2 жаста 
Б.  4 жаста    
В.  5 жаста 
23.Жүгіруге үйретуде қолданылатын ойындар: 
А.  Ширақ қимылдайтын ойындар 
Ә.  Баяу қимылды ойындар 
Б.  Дидактикалық ойындар 
В.  Драмалық ойындар 
24.Қол мен аяқтың кезек қимылы: 
А.  Секіру 
Ә.  Ӛрмелеу 
Б.  Тұру 
В.  Отыру 
25.Табанның сыртқы қырымен аяқты қисайтып жүру:  
А.  «Маймақ қонжық» 
Ә.  «Үйрек балпаң» 
Б.   «Жыланша» 
В.  «Қоян жүріс» 
26.Кӛтерілу фазасы 1 жас 10 айдан 2 жас 8 айға дейінгі балалардың 30%-нан 
байқалған. Кімнің мәліметі? 
А.  Ә.С.Әмірованың 
Ә.  Қ.М.Меңдаяқованың 
Б.  С. Я. Лайзаненің 
В.  Н.М.Щеловановтың     
2 7 . Қай жаста жүгіру техникасының дәлдігін, жеткілікті, дәрежеде толық 
болмағанымен, негізінен меңгереді? 
А.  2 жаста 
Ә.  3 жаста 
Б.  4 жаста 
В.  5 жаста 
2 8 . Кейбір балаларда еңбектеудің неғұрлым жетілген формасы бірден пайда 
болады: олар қолдары мен аяқтарын бірінен соң бірін алма-кезек басады. 
Кімнің мәліметі? 
А.  М.Ю.Кистяковскаяның 
Ә.  Д.В.Элькониннің 
Б.  М.С.Сәтімбекованың 
В.  М.Жұмабаевтың  
29.Бес жаста аяқтардың кезектесіп адым аттауы іштей әсер етумен, үйретусіз 
пайда болады. Кімнің мәліметі? 
А.  Р.И.Жуковскаяның 
Ә.  Г.Х.Дукенбаеваның 

 
197 
Б.  А.Д.Удаланың 
В.  Т.Иманбековтың 
30. Лақтыру  қандай қозғалысқа жатады? 
А. Моноциклді қозғалыс 
Ә. Циклді қозғалыс 
Б. Ациклді қозғалыс 
В. Дара циклді қозғалыс  
 
 
 
12-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін тәрбиелеу 
әдістемесі 
 
1.  Дене  қасиеттері қабілеттерін қалыптастыру  
2.  Негізгі дене қасиеті қабілеттері: ептілік, жылдамдық (шапшаңдық), күш, 
тӛзімділік, икемділік. Дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі 
3.  Денені жалпы дамытатын жаттығулар. Балаларға қойылатын талаптар 
Балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру. Заттарды пайдалану  
 
"Дене  қуатынын  қасиеті"  және  "қозғалыс  қасиеті"  деген  терминдер  бір 
мағынада  пайдаланылады.  Олар  адамның  қозғалыс  мүмкіндігінің  екі  жағын 
кӛрсетеді.  Дене  қуаты  қасиетінің  әрекеті  жағына  "даму"  және  "тәрбиелеу" 
деген терминдер қолданылады. "Даму" термині дене қуаты қасиетінің табиғи 
ӛзгеру  сипатын,  ал  "тәрбиелеу"  қозғалыс  қасиетінің  кӛрсеткіштерін  белсенді 
ӛсіру  бағытын  білдіреді.  Дене  қуаты  қасиетін  тәрбиелеу  қажеттілігі  дене 
тәрбиесінің мақсатында кӛрсетілген екі негізгі элементтерге байланысты: бұл 
–  Отанды қорғауға және ұзақ уақыт  шығармашылық еңбекке жарамды адамдарды 
тәрбиелеп  қалыптастыру.  Осыған  байланысты  дене  қуатының  қасиетін 
тәрбиелеу  қажеттілігі:  денесі  жан-жақты  дамыған  дене  қуатының  қасиеттері 
жоғары деңгейі  мен  еңбек әрекетін іске  асыруға  функционалдық  дайындығы 
бар  азаматтармен  қанағаттандыру;  педагогикалық  процестің  бағытын  және 
методологиялық  негізін  айқындайтын  дене  тәрбиесінің  әлеуметтік 
қағидаларына  сүйену  жағдайларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Дене 
қасиеті  қабілетін  қалыптастыру  дене  тәрбиесінің  негізгі  жақтарының  бірі 
болып табылады. Дене қасиеті қабілетінің даму дәрежесі балалардың қозғалыс 
әрекетінің  жетістігін  және  қозғалыстың  жаңа  формаларын  игеру,  оларды 
ӛмірде  тиімді  пайдалана  білуге  икемділігін  анықтайды.  Негізгі  дене  қасиеті 
қабілетінің  дамуы  (шапшаңдық,  ептілік,  тӛзімділік,  күш,  икемділік, 
жылдамдық) 
қимыл-қозғалыс 
дағдылардың 
қалыптасуымен 
тығыз 
байланысты болады. Бұған кӛмектесетін жаттығулар қатаң дәйектілікпен және 
қимыл-қозғалыстық тапсырмаларды біртіндеп күрделендірумен дене тәрбиесі 
сабақтарына,  қозғалыстық  ойындарға,  спорттық  жаттығуларға  енгізіледі, 
сондай-ақ  балалардың  серуендеген  кезінде  ӛз  бетінше  қозғалу  әркеттерінде 
қолданылады. 

 
198 
Күшті дамыту әдістемесі 
Сыртқы қарсылықты  жеңу немесе бұлшық ет кӛмегі арқылы оған  қарсылық 
кӛрсетуді  күш  дейміз.  Күш  үш    түрлі  бұлшық  ет  жұмысы  тәртібінде  пайда 
болады:  
1.Жеңу тәртібінде бұлшық ет жиырылады.  
2.Кӛну тәртібінде бұлшық ет созылады.  
3.Қозғалмайтын (статикалық) тәртіпте бұлшық еттің ұзындығы ӛзгермейді.  
Күштің  пайда  болу  түрлері:    күш  мүмкіншілігі  -  статикалық  кезде  (дене 
қалыбын  ұстау)  және  ақырын  қозғалыс  кезінде  пайда  болады.  Күш 
жылдамдылығының  мүмкіншілігі  тез  жылдам  қозғалыста  пайда  болады 
(секіру, лақтыру т.б.). Адам денесі күштің пайда болу процесінде үлкен маңыз 
атқарадыАдамның қозғалысқа ӛз дене салмағын есептемей кӛрсеткен күшін-
абсолютті  күш  дейміз.  Әрқилы  салмақтағы  адамдардың  күшін  салыстыру 
үшін  салыстырмалы  күш  деген  ұғым  пайдаланылады.    Спортшылардың 
салмағы  ӛсумен  бірге  абсолюттік  күші  кӛбейеді,  ал  салыстырмалы  күші 
азаяды.  Жаттығушылар  абсолюттік  немесе  салыстармалы  күштерін  спорт 
түрлеріне  байланысты  дамытады.  Мысалы,  жеке  сайыстағы  спортшыларға 
(ауыр салмақ дәрежесіндегілерге), лақтырушыларға (найза, гранат) абсолюттік 
күш  кажет,  ал  гимнастикамен  айналысатындарға,  акробаттарға,  палуандарға, 
штангашыларға  (жеңіл  салмақ  дәрежесіндегі)  салыстырмалы  күш  керек.  Ол 
күш  неғұрлым  кӛп  болса,  соғұрлым  спортшылардың  дене  қуатының 
дайындығы жоғары болмақ. 
  
Күшті дамытудың амалдары мен әдістері. Күшті дамыту үшін жоғары 
қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бӛлінеді:  
1.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әртүрлі спорт 
құралдарының салмағы, серігінің қарсы әрекеті, сыртқы ортаның қарсылығы 
жатады. 
2.Ӛз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (серіппеде тартылу, 
отырып тұру, секіру, т.б.). Ауырлық шамасын білу үшін спортшы қанша рет 
кӛтере алатыны белгілі салмақ колданылады. Oл салмақ қайталау максиумы 
(ҚM) деп аталады. Мысалы: 2 ҚМ дегеніміз - спортшы екіден артық кӛтере 
алатын салмақ.  
Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынадай кең тараған күш дамыту әдістері бар: 
1.Максималдық күш салу әдісі. Жаттығуларды аса ауыр заттармен орындау 
сипаты (ауыр салмақты штангіні кӛтеру, салмақ қосып тарту, т.б.), жүйкені 
бұлшық ет аппаратының жұмысын шегіне жете қолдануға, сол арқылы күштің 
кӛп ӛсуіне мүмкіндк береді. Алайда, бұл әдіс психологиялық ауруға 
соқтырады, сондықтан да балалармен жұмыс істегенде бұл әдісті байқап 
қолдану керек. Қарсыласу шамасы 1-4 ҚМ бір жаттығу сабағында 3-4 
бӛліммен орындалады. Бӛлім аралығында тынығу толық бастапқы қалыпқа 
келгенге дейін 3-5 минутке созылады.  
2.Қайталап  күш  салу  әдісі.    Бұл  әдіс  екі  негізгі  ауырлық  шегі  аймақтарына 
бӛлінеді. Әрбір аймақта жаттығу әбден болдырғанша немесе шамасы келмей 

 
199 
қалғанша орындалады. Бұл жағдайда соңғы әрекеттерде күш түсірудің шегіне 
жету  әсері  байқалады,  жаттығуға  кӛптеген  бұлшық  еттер  саны  қатысып, 
кӛмектесе бастайды. 
Бірінші аймақ: жаттығу сабағында қарсыласу шамасы 4-12 ҚМ (максимумнан 
30-70),  3-6  сериямен  орындалады.  Серия  арасындағы  тынығу  2-4  минут. 
Мұнда  организм  толық  бастапқы  қалпына  келмейді.  Бұл  жерде  абсолюттік 
күш және күш тӛзімділігі дамиды. 
Екінші  аймақ:  қарсылық  шамасы  15-25  ҚМ  (максимумнан  30),  15  сериядан 
артық  орындалады.  Серия  арасындағы  тынығу  2-4  минут.  Мұнда  күш 
тӛзімділігі  дамиды.  Жаттығу  ӛте  тез  қарқында  орындалса,  күш 
жылдамдылығы  қасиеті  ӛседі.  Қайталап  күш  салу  әдісі  балаларды 
зақымдандырмайды.  Тәсілді  жақсарту  жұмысын  жеңілдетеді,  зат  алмасу 
процесін жеңілдетеді, бұлшық етті ӛсіреді. Жеке бұлшық ет топтарын дамыту 
үшін қолдануға болады. 
3.Статикалық  (қозғалмайтын)  күш  салу  әдісі:  балалар  мен  жасӛспірімдердің 
күшінің  ӛсу  қарқыны  сүйек-бұлшық  ет  жүйелерінің  морфофункционалдық 
ӛзгеруіне,  организмнің  жалпы  биологиялық  жетілуіне,  қозғалыс  белсенділігі 
деңгейіне, т.б. кӛптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппаратты 
ӛзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан мектепке дейінгі, бастауыш 
және  орта  мектеп  жасындағы  оқушылардың  күшін  дамытуды  жылдамдатуға 
болмайды.  Статикалық  жаттығуларды  шектеп  жалпы  қозғалыс  сипатындағы 
жаттығуларды  кӛп  қолдану  қажет.  Күштің  пайда  болуы  бірінші  кезекте 
күштен  және  бұлшық  ет  аппаратының  қызметін  реттеп  отыратын  жүйке 
процестерін  шоғырландырудан  туындайды  (JI.А.Крестовников).  Мектеп 
жасына дейінгі балалар тәрбиесінде олардың организмінің жасқа байланысты 
ерекшеліктері  –  бұлшық  еттерінің  әлсіздігі,  жүйке  жүйелері  реттеуінің 
жеткіліксіздігі,  бүгу-бұлшық  еттері  тонусының  басымдығы  ескеріледі. 
Сондықтан  күшті  біртіндеп  дамытуға  арналған  жаттығу  негізгі  бұлшық 
еттерді  күшейтуге  және  омыртқаларды  түзетуге  бағытталуы  керек  (денені 
жалпы  дамытатын  жаттығу).  Тиянақтылықпен  іріктелген  «тірек-қимыл 
аппараттың  мүмкіндіктерімен,  ірі  бұлшық  ет  топтарының  басым  дамуымен, 
қысқа  мерзімді  шапшаңдық-күш  салуды  балалардың  жүрек-қан  тамыр 
жүйесінің  жақсы  сезінуі  айқындайтын  динамикалық  жаттығулар  (жүгіру, 
лақтыру,  секіру  кезіндегі  әртүрлі  жаттығулар,  сондай-ақ  тік  тұрған  және 
кӛлбеу  қойылған  сатыға  ӛрмелеу)  қысқа  мерзімді  шапшаңдық-күш  салуды 
кӛздеуі  керек  (E.  Н.  Вавилова).  Секіруді,  жүгіруді  (30  м),  лақтыруды 
ұзақтыққа  орындау  процесінде  баланың  қозғалыс  тездігін  дамытуы,  шапшаң 
күш  қолдана  –  қозғалыстың  тез  орындалуын  жүйке-бұлшық  ет  күштерінің 
үйлесімімен  ұштастыра  білуі,  яғни  шапшаңдық-күш  қабілетін  кӛрсете  білуі 
қажет.  Бұл  қасиеттерді  дамыту  үшін,  Е.  Н.  Вавилованың  деректеріне 
қарағанда, шағын биіктіктен секіріп түсіп, одан әрі жоғары немесе алға карай 
ырғуды,  жақын  жерден  жүгіріп  келіп,  орнынан  жоғарыға  қарғуды,  жүрелеп 
отырған  қалыпта  жоғары,  бір  орында  және  ілгері  қарай  жылжи  секіруді, 
сызықтың  немесе  таяқтың  үстінен  бірде  жай  және  бірде  тез  қарқынмен 
секіруді  қолдануға  болады.  Секіруді  орындаған  кезде  бір  немесе  екі  аяқпен 

 
200 
жерден  ширақ  серпілуге,  тізені  сәл  ғана  бүгіп,  жерге  жайлы  түсуге  және 
аяқтың тез тіктелуіне кӛп кӛңіл белу керек. Бұлшық ет күштерінің бір-біріне 
сай  дамуына,  қимыл  үйлесіміне,  тыныс  беретін  бұлшық  ет  қызметін  және 
соған  сәйкес  сыртқы  тыныс  алу  қызметін  функциялық  жағынан  жетілдіруге 
доппен жаттығу жасау кӛмектеседі. Қимыл жасағаннан кейін шапшаңдық пен 
басқару кезінде бұлшық еттердің тез тартылуының кезектесуі  жүйке бұлшық 
еттерінің  реттелуін  жетілдіруге,  бұлшық  еттердің  және  сол  арқылы 
шапшаңдық-күш  қабілеттерінің  дамуына  кӛмектеседі.  Жалпы  денені 
дамытатын  жаттығуларды  жүргізу  кезінде  балалардың  ӛздерінің  жасына  сай 
келетін,  күш  түсірмейтін  жаттығуларды  (мысалы,  допты  жоғары,  алға  қарай 
қолды  созып,  кӛтеріп  тұру,  тӛмен  түсіру,  допты  қолға  ұстап  отыру,  оны 
домалату, допты кеудесіне тіреп тұрып лақтырып жіберу немесе итеріп қалу, 
басынан  асырып  лақтыру)  кеңінен  пайдалану  керек.  Бұл  жаттығуларды 
балалардың  игеруіне  қарай  оларды  серуен  кезінде  кӛп  қимылдайтын 
ойындарда және спорттық жаттығуларда қолдануға болады. Ал кіші және орта 
мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдірудің негізгі міндеттері: барлық 
бұлшық  ет  топтарының  үйлесімді  дамуы,  дененің  түзу,  дұрыс  қалпын 
қалыптастыру, берік "бұлшық ет белдемесін" құру. Мектепке дейінгі жастағы 
балалардың  күшін  жетілдірудің  қарапайым  амалдары:  гимнастикалык 
қабырғаға, сүйенбелі сатыларға ӛрмелеу, ұсақ доп лақтыру, секіру, жеке сайыс 
элементтері  бар  қозғалмалы  ойындар  ойнау  және  т.б.  Бірте-бірте  күшін 
жетілдіру  талабы  артады:  доппен  жаттығулар,  арқанға  ӛрмелеу,  қозғалыс 
сипатта  күш  түсіретін  қозғалмалы  ойындармен  жаттығу,  т.б.  қолданылады.  
Мектеп  жасында  күшті  арттыру  амалдарын  кӛбейтуге  болады.  Бұл 
жастағыларға  арнайы  кұрастырылған,  бұлшық  ет  топтарына  арналған  ұсақ 
ауырлықтармен  қозғалыс  сипаттағы  күш  жаттығуларының  кешенін  ұсынған 
жӛн.  14-15  жастағы  жасӛспірімдердің  денеге  күш  түсіретін  жаттығулар 
жасауына  шамалары  жетеді.  Осы  жастан  күшке  бағытталған  жаттығулар 
беруге  болады.  Осы  міндеттерді  орындау  үшін  дене  тәрбиесі  сабақтарында  
доптармен  жаттығу,  айналмалы  жаттықтыру,  арқан  тартысу  сияқты  күш 
ойындары,  т.б.  қолданылады.  Жаттығу  динамикалық,  статикалық  сипаттарда 
орындала  береді.  Абсолюттік  күштің  табиғи  ӛсуі  бозбалалардың  16-17, 
қыздарда  10-11  және  16-17  жаста  айқын  байқалады.  Осы  кезеңдерде 
жүргізілген жаттығулар күш дайындығының жедел жетілуіне кӛмектеседі. 
 
Тӛзімділік және оны дамыту әдістері 
Адамның  жұмысты  ұзақ,  қарқынын  азайтпай  орындай  алу  қабілетін 
тӛзімділік дейміз. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға 
қарсылық  ете  алу  уақытын  тӛзімділік  ӛлшемі  деп  атаймыз.  Тӛзімділікті 
анықтаудың,  түзу  және  жанама  деген  екі  әдісі  бар.  Түзу  әдісінде 
сыналатын 
спортшыға 
бір 
тапсырма 
беріледі 
де 
(мысалы, 
велоэргометрмен  жұмыс  істеу,  стадионды  айналып  жүгіру,  т.с.с),  сол 
жұмыстың орындалған уақыты анықталады. Жанама жолмен тӛзімділікті 
ұзақ  қашықтыққа  (500,1000,3000  м.)  жүгіру  уақыты  немесе  белгілі 

 
201 
уақытта  бір  жұмысты  орындаумен  анықтайды.  Тӛзімділіктің  екі:  жалпы 
және  арнайы  түрі  бар.  Жалпы  тӛзімділіктің  сипаты-спортшының  ұзақ 
уақытқа,  жай  қарқынды,  бұлшық  ет  топтарының  кӛпшілігін  қатыстыра 
жұмыс  істей  алу  қабілеттілігі  (жүгіру,  шаңғы  тебу,  ескек  есу  т.с.с.). 
Жалпы  тӛзімділіктің  физиологиялық  негізі  -  адамның  аэробты  (тыныс 
алу  деңгейін  жоғары  дамыту  және  сол  деңгейді  ұзақ  уақыт  ұстап  тұра 
алу  қабілеттілігі)  мүмкіндігі.  Белгілі  әрекетке  арналған  спорт  түріне 
бейімделген  тӛзімділікті  арнайы  тӛзімділік  дейміз.  Мысалы,  палуанның 
арнайы  тӛзімділігі,  шаңғышының  арнайы  тӛзімділігі,  т.с.с.  Арнайы 
тӛзімділіктің:  шапшаңдық  тӛзімділігі,  күш  тӛзімділігі,  шапшаңдық  күш 
тӛзімділігі,  статикалық  күш  тӛзімділігі  және  аралас  тӛзімділік  сияқты 
кӛптеген  түрлері  бар.  Жұмысты  энергиямен  қамтамасыз  етуде  аэробты, 
анаэробты және аралас (аэробты - анаэробты) деген тӛзімділіктің үш түрі бар. 
Аэробты  тӛзімділікті  дамытудың  амалдары  мен  әдістері.  Аэробты 
тӛзімділіктің  физиологиялық  негізі,  ол  оттегін  жұмыс  күшіне  сәйкес 
пайдалану немесе "дем жетімсіздігінің пайда болмауы".  Аэробты тӛзімділікті 
дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:  
1.Тыныс алу деңгейін жоғары дамыту.  
2.Сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту.  
3.Тыныс алу процестерін тез ӛрістетуді жоғары шамаға кӛтеру. 
Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және 
ациклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар, тыныс, жүрек-қан тамыры 
жүйелерінің ӛнімділігін арттырады, аэробты тӛзімділікті дамыту амалдары 
табылады. Аэробты тӛзімділікті дамыту үшін стандартты үздіксіз, интервалды 
күш түсіру, қатаң тәртіп жаттығулары қолданылады. 
Стандартты  үздіксіз  жаттығулар  әдісі.  Жаттығуды  орындау  уақыты 
интервалы 30 минутқа дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде минутына 150-
170  рет.  Осындай  жаттығуларды  орындау  тәртібі  жүректің  соғу  шамасын, 
тыныс  алу  деңгейін  кӛтеруге  кӛмектеседі.  Бұл  әдіс  тӛзімділікті  дамытудың 
бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады. 
Интервалды  жаттығу  әдісі.  Бұл  жаттықгыруды  жүргізу,  жүрек  қызметінің 
мүмкіншіліктерін  арттыруға  бағытталған.  Интервалды  жаттықтыру  кезінде 
жұмыс ұзақтығы 1-ден 3 минутқа дейін, күш түсіру қарқыны минутына  170-
180  рет,  тынығу  ұзақтығы  45-90  секунд.  Жаттығуды  орындау  ұзақтығы, 
жаттығушының  дайындығына байланысты беріледі. 
 
Анаэробты  тӛзімділікті  дамытудын  амалдары  мен  әдістері.  Анаэробты 
тӛзімділікті  жаттықтыру  анаэробты  жағдайдағы  жұмысты  энергиямен 
қамтамасыз етудің екі негізі – алактатты және лактатты жолмен жұмыс қуаты 
деңгейін  кӛтеруге  бағытталған.  Шегіне  дейінгі  және  шегіне  жақын  күшпен 
орындалған, циклді немесе ациклді сипаттағы жаттығулар қолданылады. 
  
Алактаттық  тӛзімділікті  арттыру  үшін  ұзақтығы  5-тен  10  секундқа 
дейінгі  (мысалы,  30-70  метр  жүгіру,  т.б.)  қатты  қарқында  орындалатын 
жаттығулар қолданылады. Тынығу аралығы 20-30 минут.  Креатинфосфаттың 

 
202 
қоры  бұлшық  еттерде  ӛте  аз,  3-4  әрекетке  ғана  жетеді,  соңынан  7-10  минут 
тынығу қажет. Бір сабақта 4-5 серия орындалады. Қарқыны жұмыс шегі не 85-
95  пайызға  жетпей  ұзақтығы  20  секундтан  2  минутке  дейінгі  (мысалы,  200- 
600  метр  жүгіру)  жаттығуды  орындау  кезінде  лактатты  тӛзімділік  дамиды. 
Қайталау  арасындағы  тынығу  20-40  секунд.  Тез  арада  болдыру 
ӛрістейтіндіктен  серияда  қайталау  саны  3-5  реттен  аспайды.  Орындайтын 
серия  саны  жаттығушының  функционалды  дайындығына  байланысты  4-тен 
10-ға  дейін  ауытқиды.  Серия  арасындағы  тынығу  15-20  минут.  Анаэробты 
сипаттағы  ауырпалықты  тиімді  пайдалану  бұлшық  еттегі  креатинфосфаттың 
гликогеннің  кӛбеюіне,  ферментті  ауысу  белсенділігі,  гликолиздің  қарқын 
белсенділігі  ӛсуіне  кӛмектеседі.  Анаэробты  тӛзімділікті  дамыту  организмнің 
алу  (аэробты)  мүмкіншілігіне  байланысты.  Ол  неғұрлым  жоғары  болса, 
спортшы  анаэробты  жүктемеден  кейін  соғұрлым  тез  қалпына  келеді.  Дене 
тәрбиесі  тәжірибесінде  кӛптеген  жаттығулар  араласқан  (аэробты,  анаэробты) 
тәртіпте  орындалады.  Сондықтан  да  бірінші  аэробты,  сонан  соң  анаэробты 
тӛзімділікті  дамыту  қажет  (гликолектикті,  сонан  соң  креатин-фосфаты). 
Сонымен,  тӛзімділік  дегеніміз  қандай  да  бір  іс-әрекетте  шаршауға  карсы 
тұратын 
қабілет. 
Тӛзімділік 
жүйке 
орталықтарының 
функциялық 
тұрақтылығымен,  қорғаушы  аппарат  пен  ішкі  органдар  қызметінің 
үйлесімімен  айқындалады  (A.Н.Крестовников).  Мектепке  дейінгі  жаста 
организмнің күш-қуат ресурстары жасқа қарай дамуға жұмсалады, сондықтан 
ӛте ауыр күш түсіру ӛсу процесіне зиянын тигізеді. Баланың бойында жалпы 
тӛзімдіділікті,  яғни  организмнің  негізгі  жүйелерінің  қызметін  арттыратын, 
баяу  интенсивті  ұзаққа  созылған  жұмыстағы  тӛзімділікті  біртіндеп 
қалыптастыру  керек.  Қызметтің  сан  алуан  түрлері  шаршаудың  сан  алуан 
түрлерін-ой  қызметінің,  сезіммен  байланысты  қызметін,  эмоция  қызметінің, 
дене  күші  қызметінің  шаршауын  туғызады.  Кез  келген  қызмет  қандай  да 
дәрежеде  шаршаудың  тиісті  компоненттерін  туғызуы  мүмкін,  алайда,  дене 
тәрбиесі  процесінде  бұлшық  ет  қызметімен  байланысты  дене  күшінің 
шаршауы  неғұрлым  зор  маңызға  ие.    «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту 
бағдарламасында» баяу және бір қалыпты қарқында велосипедпен жүру, жүзу 
жүзеге    асырылады.  Орындалатын  жаттығулардың  кӛлемін,  интенсивтілігін 
және  ұзақтығын  әр  топта  арттыру  (жүру,  жүгіру,  секіру  және  т.б.),  қимыл-
қозғалысты 
ойындарда 
олардың 
ұзақтығын 
арттыру, 
қимылдау 
тапсырмаларын  күрделендіру  жолымен  жалпы  тӛзімділікке  біртіндеп 
тәрбиелеуді  кӛздейді.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жалпы  тӛзімділік 
кӛрсетудегі мүмкіндіктері мол. Балаларда бұл қасиеттің даму деңгейі олардың 
жасына, жынысы мен әзірлік дәрежесіне байланысты.  
В.Г.Фроловтың  деректеріне  қарағанда,  жалпы  тӛзімділікке  тәрбиелеу  үшін 
орташа  жылдамдықпен  жүгіру,  асықпай  баяу  жүгіру,  ұзақ  уақыт  ырғу  және 
секіру  тиімді  болады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тӛзімділікке 
тәрбиелеудің негізгі  формасы  таза ауада  жүйелі  түрде  жаттығу  ӛткізу  болып 
табылады, оның негізгі мазмұны 2-3 қимыл ойынынан тұрады. Бұл ойындарда 
уақыттың  жартысы  жүрумен,  денені  дамытатын  жалпы  жаттығулармен, 
секірумен  және  лақтырумен  кезектесетін  жүгіруге  бӛлінеді.  Тӛзімділікке 

 
203 
тәрбиелеу  спорттық  жаттығулар  процесінде  (шаңғымен  жүру,  велосипедпен 
жүру,  жүзу)  жүзеге  асырылады.  Ал,  бастауыш  кластарда  тӛзімділікті 
дамытқанда  организмнің  анаэробты  мүмкіншілігіне  үлкен  талаптар 
қоймайтын,  бірқалыпты  және  ауыспалы  қарқында  орындалатын  жаттығулар 
қолданылады.  Олар:  ұзақ  және  қатты  қарқында  орындалатын  қозғалмалы 
ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа  жүгіру  (300, 500,  700,  1000  м),  екі 
километр  жүгіру  мен  жүруді  алмастыру,  т.с.с.  Орта  сыныптарда  қарқынды 
жүгіруге  кӛп  маңыз  беріледі  (200-400  метр).  Ақырын  және  орта  қарқында 
жүруді  алмастырып  2-3  шақырымға  жүгіруге  кӛп  маңыз  беріледі  (200-400 
метр)  шақырымға  жүгіру,  шаңғымен  3-5  шақырымға  жүру.  Жоғары  мектеп 
оқушыларына  кросс  дайындықтары  3-5  шақырымға  жүгіру  ӛзгермелі  және 
қайталап жүгіру, т.б. жаттығулар қолданылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет