А. Ж. Сисенбердиева


Тереңдете үйрету әдістемесі



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Тереңдете үйрету әдістемесі. Баланың үйренетін қимыл-қозғалыстарды бірте-
бірте  игеру  процесінің  физиологиялық  механизмін  ескере  отырып,  тәрбиеші 
тиісті  методикалық  тәсілдерді  іріктеп  алады.  Yйрету  барысында  ол 
балалардың  назарын  орындайтын  әрекеттерінің  дұрыстығына  аударып, 
оларды  құптап  қояды:  «Жақсы  тұрсыңдар,  жоталарыңды  тік  ұстап, 
қолдарыңды  бәрің  артқа  ысырыңқырап  ұстайсыңдар»  немесе  керісінше, 
қателіктерге  назар  аударады:  «Tаяқты  еденге  түсіргенде  тізелеріңді 
бүкпеңдер»  (тежеу  қоздырғыш).  Әр  баланың  қимыл-қозғалысты  орындауын 
жақсы  кӛріп  тұру  үшін  тәрбиеші  оларды  сап  бойынша  тексереді.  Мұндай 
жағдайда  ол  кей  баланың  қасына  келіп,  сӛзбен  және  баланың  тұрыс  кейпіне 
жай  ғана  түзету  енгізуімен  әрқайсысына  жеке-жеке  кӛмек  кӛрсете  алады. 
Басқа  бір  сапта  тұрған  балалар  да  тәрбиешінің  нұсқауларын  тыңдап  тұрады 
және  тәжірибе  жүзінде  неге  талпыну  керек  екенін  кӛреді.  Yйретудің  екінші 
кезеңінде  қимыл-қозғалыстық  әрекеттер  балаларға  әрқашанда  таныс  болады, 
сондықтан  тәрбиеші  тәсілдерді  таңдау  кезінде  ұсынылған  әр  қозғалыстың 
күрделілік  дәрежесін  ескереді.  Мазмұны  және  құрылым  жағынан  қарапайым 
қимыл-қозғалыстарды  балаларға  кӛрнекі  кӛрсетуді  пайдаланбай  аз  сӛзбен 

 
173 
ескерткен  жӛн.  Балалар  орындарына  тұрғаннан  соң  тәрбиеші:  «Балалар,  біз 
ӛткен сабақта жасаған жаттығуды еске түсіріңдер. Екі қолды жая артқа қарай 
апарып,  содан  кейін  оларды  бүкпестен  алға  созып  алақандарыңды 
шапалақтаңдар»,-дейді.  Мұндай  еске  түсіру  балаларға  қозғалыс  бейнесінің 
бәрін  рет-ретімен  елестеді  де  балалар  оны  тәрбиеші  кӛрсетпей-ақ,  орындай 
алады.  Мұнымен  бірге  оларда  ықылас  қою,  ойлау  және  ӛз  бетімен  орындау 
тілегі  артады.  Егер  қимыл-қозғалыс  неғұрлым  күрделі  болса,  нақты  еске 
түсіруді  қимыл-қозғалысты  түсіндіріп  кӛрсетуді  (дәлдеп  лақтыру,  биіктіктен 
секіру  т.б.)  пайдаланған  жӛн.  Қимыл-қозғалыс  күрделілігін  талдау  негізінде 
тәсілдерді таңдауда оларды қолданудың баланы әлі жетерліктей ақыл-ой және 
дене күшін жұмсауға тарту қажеттілігі кӛрінеді. 
Yшінші кезеңдегі міндеттің мәні қимыл-қозғалыстық әрекет техникасын 
меңгеруде  ие  болған  дағдыны  бекіту  және  жетілдіруде,  балаларды  қимыл-
қозғалысты  тұтасынан  ӛз  бетімен  орындауға  ынталандыруда  және  оны 
ойындарда, ӛмірде қолдануға мүмкіндік жасауда болады.  
Бекіту  және  жетілдіру  әдістемесі.  Yйретудің  үшінші  кезеңінде  бала 
тапсырманы  саналы  қабылдайды,  мақсатты  бағытта  әрекет  етеді,  бірақ  бұл 
кезеңде  қимыл-қозғалысты  орындау  әдісі  автоматтандырылған  дәрежеге 
жетеді,  сондықтан  оның  назары  негізінен  сапа  жағына  топтастырылады. 
Балалардың  үйренген  қимыл-қозғалыс  әрекеттерді  үшінші  кезеңде  дұрыс 
жасауы  олардың  бұрынғы  ӛткен  уақытта  жұмсалған  күш-жігерінің  нәтижесі 
болып 
табылады. 
Балалардың 
қимыл-қозғалыстары 
анықтығымен, 
сенімділігімен, эмоциялылығымен ерекшеленеді, сондықтан тәрбиеші кӛбіне, 
ауызша  тапсырма  берумен  шектеледі,  бұл  үшін  жаттығулардың  аттарын 
пайдаланады:  «Tізені  шапалақтайсыңдар».  Немесе:  «Қазір  жүгіріп  келіп, 
биіктікке  секіресіңдер».  Балалардың  санасында  және  кӛз  алдына  ӛздеріне 
таныс әрекет атынан ғана сол әрекеттің бүкіл реті пайда болады да, олар оны 
шапшаң әрі дәлме-дәл орындайды. 
И.М.Сеченов  «бӛлікке  болмашы  ғана  сырттай  ишара  ету  тұтас  ассоциация 
жасауды тудырады» деп атап кӛрсеткен. Белгілі бір жаттығуды ӛз беттерімен 
орындаған  кезде  балалардың  барлығының  қимыл-қозғалыстары  үйлесімді 
болуы үшін тәрбиеші оларды жеке сӛздермен ретке салып отырады, мысалы, 
алғашқы  жағдайда:  «Жоғары»  дейді  де  бұдан  соң  қолын  тізеге  түсіреді, 
балалардың  ӛздері:  «Tізеге»  немесе  «Шапалақ»  дейді,  тәрбиеші  қайтадан: 
«Жоғары»  дегенде  балалар  қолдарын  дене  бойымен  тӛмен  түсіре  отырып, 
«Tӛмен»  деп  жауап  қайтарады.  Бұл  кезеңде  бала  меңгерілген  дағдыны 
ойындық  және  ӛмір  жағдайларында  ӛз  бетімен  пайдалануға  және 
шығармашылық  тапсырмаларды  орындауға  әзір.  Бар  тәжірибені  және  кейбір 
бойға  сіңген  жаттығуларды  орындау  техникасын  ескере  отырып,  оған 
шығармашылық  тапсырмалар  ұсынады,  оған  белгілі  жаттығуға  нендей  бір 
ӛзгеріс  енгізу  және  оның  нұсқасын  жасау,  таныс  элементтерді  араластырып, 
одан ӛзінше, жаңа айрықша элемент ойлап табу. Сӛйтіп, жоғарыда кӛрсетілген 
тапсырмалар  пайдаланылатын  үйрету  әдістемесі  балада  оның  алдағы  ӛмірі 
үшін  маңызды  ӛз  іс-әрекетіне  деген  шығармашылық  қарым-қатынасты 
тәрбиелейді.  Осылайша,  балаларда  дұрыс  қимыл-қозғалыс  дағдылардың 

 
174 
қалыптасуы  бірінен  соң  бірі  заңды  түрде  келіп  отыратын  процесте  және 
үйретудің негізгі үш кезеңі бойында ӛзара байланысты сатымен ӛтіп жатады. 
Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерімен байланысты әр сатының сипатын 
есепке  алып  отыру,  педогогқа  балаларды  үйретудің  практикалық  міндеттері 
мен әдістемесін мақсатты түрде белгілеуге мүмкіндік береді. 
                                    Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгерту және оларды оқыту процесінде 
балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары 
туралы не білесіз? 
2.  Сана мен эмоцияның рӛлі туралы  әңгімелеңіз. 
3.  Тапсырманы алға қоюдың, іс-әрекет мотивтерінің, психологиялық 
бағдардың әсері қандай? 
4.  Қимыл-қозғалыс дағдыларының пайда болуына қандай жағдай жасау 
керек? 
5.  Қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгертуде музыканың әсері 
қаншалықты? 
6.  Дене жаттығулары дегенді қалай түсінесіз? 
7.  Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі туралы 
сипаттаңыз. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға                             
                                             арналған материалдар 
1.Үйрету процесiнде балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру 
процесі неше сатыға бӛлінеді? 
А.  3 
Ә.  2 
Б.  4 
В.  5 
2.Бастапқы іскерлікті қалыптастыру қай сатының мазмұнына кіреді? 
А.  2 
Ә.  1 
Б.  3 
В.  4 
3.Қимыл-қозғалысты меңгерту кезінде  ықылас қою артады, тапсырманы 
орындауға ұмтылыс, қимыл- қозғалыстың сапасын жақсарту күшейеді. Бұл 
ненің әсеріне байланысты? 
А.  Музыкаға 
Ә.  Тәрбиешіге 
Б.  Сана мен эмоцияның рӛліне 
В.  Қимыл-қозғалысқа 
4.Балалардың білім мен қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруінің ойдағыдай 
болуы кӛбіне  неге байланысты? 
А. Тәрбиешіге 
Ә.  Балаға 
Б.  Жаттығу түріне 
В.  Үйретудің жүргізілуі жағдайына 

 
175 
5.Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға музыканың әсері 
қандай? 
А.  Жүруі жақсарады 
Ә.  Сергек болады 
Б.  Ырғақтылықты жақсартады 
В.  Музыкаға әуестенуді қалыптастырады 
6.Дене жаттығуларына үйретудің бірінші кезеңінің міндеті: 
А.  Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бастапқы үйретілуі 
Ә.  Қимыл-қозғалысқа қызығуы 
Б.  Қимыл-қозғалысының реттелуі 
В.  Қалыпты жағдайға түсуі 
7.Дене жаттығуларына үйретудің екінші кезеңінің міндеті: 
А.   Қызыға үйрену 
Ә.  Еріксіз үйрену 
Б.  Есте сақтау 
В.  Тереңдей үйрену 
8.Қимыл-қозғалыс әрекетін нығайту және жетілдірумен сипатталатын кезең: 
А.  1- кезең 
Ә.  2- кезең 
Б.  3- кезең 
В.  4- кезең 
9.Бастапқы үйрену әдістемесінің мазмұнына кіреді: 
А.  Yлгіні дұрыс, айна қатесіз анық кӛрсету 
Ә.  Баланың ӛзінен қимылды кӛрсетуді талап ету 
Б.  Тәрбиешімен қосылып қимыл жасау 
В.  Ӛзгелер қимылын бақылау 
10.Тереңдете үйрету әдістемесінің мазмұнына кіреді: 
А.  Балалар тәрбиешімен қосылып жаттығады 
Ә.  Тәрбиеші тиісті әдістемелік тәсілдерді іріктеп алады 
Б.  Топпен бірге жаттығу жасау 
В.  Отбасында үйренген жаттығуды қайталау 
11.Бекіту және жетілдіру әдістемесінің мазмұнына кіреді: 
А.  Баланың тапсырманы саналы қабылдауы 
Ә.  Баланың тапсырманы қабылдамауы 
Б.  Баланы секіруге үйрету 
В.  Баланы спортшы қылып шығару 
12.Дене жаттықтыруға үйретудің қай кезеңінде қимыл-қозғалысты орындау  
автоматтандырылған дәрежеге жетеді: 
А.  1 
Ә.  2 
Б.  3 
В.  4  
13.Балалардың үйренген қимыл-қозғалыс әрекеттерді үшінші кезеңде дұрыс 
жасауы неге байланысты? 
А.  Ӛткен уақытта жұмсалған күш-жігердің нәтижесіне  

 
176 
Ә.  Тәрбиешінің ақылына 
Б.   Баланың тез қабылдауына 
В.   Жаттығулардың жеңілдігіне 
14.3 кезеңде тәрбиеші қандай тапсырма береді? 
А.  Кинофильмдер арқылы 
Ә.  Ауызша айту арқылы 
Б.  Қайталап түсіндіру арқылы 
В.  Сезу кӛрнекілігі арқылы 
15.Yйрету қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындау кезінде ақыл-ой дене 
және ерік-жігер күшін талап етеді, сондықтан бұл кезде балалар қандай болу 
керек? 
А.  Ашушаң 
Ә.  Байсалды 
Б.  Шапшаң 
В.  Қозғалғыш 
11- тақырып. Гимнастика 
 
1.  Гимнастика –дене тәрбиесінің құралы. Гимнастиканың міндеттері 
2.  Гимнастика түрлері (жалпы денені дамыту гимнастикасы, негізгі 
гигиеналық гимнастика, спорттық бағыттағы гимнастика-спорттық 
гимнастика, акробатика, кӛркем гимнастика, гимнастиканың қолданбалы 
түрлері-спорттық қолданбалы, кәсіптік қолданбалы, емдеу гимнастикасы) 
және олардың сипаттамасы 
3.  Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде 
гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы 
дамытатын жаттығулар.  Сапта тұру жаттығулары 
 
Гимнастика  -  дене  тәрбиесінің  құралы.  Гимнастика  (грекше  gymnazo–
жаттықтырамын)-дене 
тәрбиесінің 
құралы, 
сондай-ақ 
ол 
адамның 
денсаулығын  нығайту,  күш-қуатын,  икемділігін,  тӛзімділігін  арттырып 
жетілдіру  үшін  қолданылатын  әдістер  мен  арнайы  іріктеліп  алынған  дене 
шынықтыратын  жаттығулар  жүйесі.  Гимнастика  адамды  дұрыс  жүруге, 
жүгіруге  жаттықтырады,  мүсіннің  дұрыс  қалыптасуына    әсер  етеді. 
Гимнастика  -  жан-жақты  дене  тәрбиесінің  негізгі  құралдары  мен  әдістерінің 
бірі  ретінде  анықталатын  кең  ұғым.    Гимнастика  -  адам  организміне  жан-
жақты  әсер  етіп,  оның  негізгі  функционалдық  процестерін  күшейтеді, 
үйлесімді  дамуына  кӛмектеседі,  кӛңіл  күйін  кӛтереді.  Гимнастикалық 
жаттығулар  жасау  арқылы  ӛмірлік  қажетті  қозғағыш  дағды,  әсемдік  пен 
қозғалыс  дәлдігі  қалыптасады,  дененің  негізгі  қабілеті  -  ептілік  шапшаңдық, 
күш,  тӛзімділік,  икемділік  дамиды.  Гимнастика  жасау  сәби  кезден  басталып, 
барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады. 
Гимнастиканың  міндеті  денсаулықты  күшейту,  дене  күшін  жетілдіру  және 
әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру 
болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, 
дененің    әртүрлі  ӛзгеруінің  алдын  алу  және  оны  түзету,  жарақаттан  кейін 

 
177 
қимыл-қозғалыс апаратының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, ӛзіне тән 
қимылды меңгеруіне баулу сияқты арнайы міндеттері бар. 
  
Гимнастика  -  дене  тәрбиесі  әдісі.  Гимнастикада  жан-жақты  дене 
тәрбиесінің  міндеттерін  шешуге  жәрдемдесетін  мейлінше  әр  алуан  дене 
тәрбиесі жаттығулары пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер 
мен  организмнің  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  кез 
келген  қимыл  мен  қозғағыш  әрекетті  қолдануға  болады.  Гимнастикада 
организмнің құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды 
жүзге асыруға болады. 
Гимнастикаға  тән  әдістемелік  тәсілдер  дене  тәрбиесі  жаттығуларының 
кӛмегімен жекелеген органдар мен жекелеген бұлшық ет топтарына, сондай-
ақ  дененің  әртүрлі  қасиеттерін  дамытуға  ерекше  ықпал  жасауға  мүмкіндік 
береді. 
Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мӛлшерлеу мүмкіндігі бар: әр 
алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес 
әрі ол жаттығулардың организмге әсері қатаң ескеріліп пайдаланылады және 
белгіленеді. 
Жаттығу  сабақтарының  эмоциялығын  арттыру,  эстетикалық  сезімге, 
ырғақтылыққа,  дәлдікке  баулу  және  қимылдың  мәнерлілігін  қалыптастыру 
мақсатында  гимнастика  жасау  кезінде  музыканы  қолдану  тиімді. 
Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: ӛзінің қозғалыс    
мүмкіндіктерін  бағалай  білуге  баулиды,  қозғалыс  әрекеттерінің  жалпы 
заңдылықтарын  ашып  кӛрсетеді.  Бұл  оның  міндеттерін  бӛлу,  қозғалыстың 
анализі  мен  синтезін  кеңінен  қолдану,  қозғалысты  жаңа  қозғағыш  әрекетіне 
ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге 
асырылады.  Гимнастикада  тәрбие беру  міндеттерін жүзеге  асырудың  ерекше 
құралдары  бар.  Ол  қозғағыш  әрекеттердің  дәл,  алдын  ала  келісіліп 
орындалуын  талап  етеді,  оның  әрекет  саналылығы  мен  дербес  тәуелсіздігін 
талап ететін тәртібі белгіленген сабақ кестесі, оқу процесін ұйымдастырудың 
ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен 
мінез-құлықтың  нығаюына  кӛмектеседі.  Сӛйтіп,  гимнастика  тәсілдері  жалпы 
дененің  жетілуін  қалыптастыру  міндеттерін  шешуге,  жаттығу  жасаумен 
айналысатындардың  жасы  мен  дайындығына  сәйкес  дене  шынықтыру 
жаттығуларын  қолдануға,  дене  тәрбиесінің  сауықтыру,  тәрбиелік-білім  беру 
міндеттерін 
ойдағыдай 
жүзеге 
асыруға 
мүмкіндік 
береді. 
Гимнастиканың  түрлерi  және  олардың  сипаттамасы.  Дене  тәрбиесі 
жүйесінің  даму  процесінде  гимнастиканың  міндеттері  біртіндеп  анықталды 
және  оның  түрлері  белгіленді:  1)  жалпы  денені  дамыту  гимнастикасына-
негізгі  гимнастика  және  гигиеналық,  т.б.  жатады;  2)  спорттық  бағыттағы 
гимнастика-спорттық  гимнастика,  спорттық  акробатика  және  кӛркем 
гимнастика;  3)  гимнастиканың  қолданбалы  түрлері-спорттық-қолданбалы, 
кәсіптік-қолданбалы, емдеу гимнастикасы, т.б. Негізгі гимнастиканың міндеті 
денсаулықты  күшейту,  қозғалыс  дағдыларын  жетілдіру  және  тұрақты  етуге 
бағытталған  жалпы  дене  дайындығы,  тұлғаны  дұрыс  қалыптастыруға 
тәрбиелеу,  организмнің  функциялық  дәрежесін  арттыру  (жүрек-қан 

 
178 
тамырларының және тыныс алу жүйелерінің) және шынығуын қамтамасыз ету 
болып  табылады.  Н е г і з г і   г и м н а с т и к а н ы ң   мазмұнына  бойды  тік 
ұстап  қозғалу,  жалпы  денені  дамытатын  және  негізгі  қозғалыстар  кіреді. 
Жаттығуды  орындаған  кезде  гимнастиканың  саймандары  мен  дене 
шынықтырудың  ұсақ-түйек  жабдықтары  пайдаланылады.  Негізгі  гимнастика 
адам  организмнің  функциялық  процестерін  арттыруға,  оның  дене  күшін 
дамытуға,  әр  алуан  қозғалыс  дағдыларын  жетілдіруге,  дене  қасиетін  тәр- 
биелеуге,  ӛмірде  кездесетін  әртүрлі  жағдайларда  меңгерген    қозғалыс 
әрекеттерін  ӛз  бетінше  пайдалана  білу  іскерлігіне,  ӛз  мүмкіндіктерін 
бағалауға,  козғалыс  іс-әрекетінің  негізгі  заңдылықтарын  танып-білуге,  ӛмір 
және  іс-әрекет  үшін  жинақтаған  білім  мен  дағдылардың  маңызын  түсінуге 
кӛмектеседі. 
Г и г и е н а л ы қ  
г и м н а с т и к а н ы ң  
міндеті 
адам 
денсаулығын нығайту және сақтау, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, 
организмнің негізгі жүйелерінің қызметін жетілдіру (тыныс, қан айналыс, зат 
алмасу  процестерін  жеделдету).  Гигиеналық  гимнастиканың  құралдары 
ретінде 
жалпы 
денені 
дамытатын, 
қолданбалы 
жаттығулар 
су 
процедурасымен,  сылау  және  организмді  шынықтырумен  ұштастырыла 
пайдаланылады.  Гигиеналық  гимнастика  барлық  жастағы    балаларға 
ұсынылады. С п о р т т ы қ   бағыттағы гимнастиканың  негізгі  міндеті дененің 
қалыптасуы мен  спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жету үшін адамды 
қозғала  білу  ӛнерінде  жетілдіру  болып  табылады.  Қазіргі  заманғы  спорттық 
гимнастиканың  классификациялық  бағдарламасы  бар,  оны  гимнаст  дәйекті 
түрде  меңгереді.  Спорттық  гимнастика-спорттың  олимпиадалық  түрі. 
Спорттық а к р о б а т и к а  қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін, 
күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға кӛмектеседі, ӛз денесін ширақ меңгере 
білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды. К ӛ р к е м  
г и м н а с т и к а   қимыл-қозғалысты  жетілдіруді  кӛздейді  және  спорттық 
сипатқа  ие.  Кӛркем  гимнастиканың  негізгі  жаттығулары  қимыл-қозғалыстың 
жоғары  әсемділігін,  үйлесімділігі  мен  мәнерлілігін  меңгеруге  кӛмектесетін 
музыкамен табиғи байланысты. Кӛркем гимнастиканың мазмұны сапта тұрып 
жасайтын,  жалпы  денені  дамытатын  жаттығулардан  және  кейбір  негізгі 
құралдарсыз  жасалатын  түрлі  би  комбинацияларынан  тұрады.  Спорттық-
қолданбалы  гимнастика  арнайы  дене  тәрбиесі  дайындығына,  оның  дене 
қасиеттерін  дамытуға,  олар  зерттеп  үйренетін  спорттың  қимыл-қозғалыс 
әрекеттеріне  кіретін  жекелеген  қимылдарды  жетілдіруге  бағытталған. 
Спорттық-қолданбалы  гимнастиканың  мазмұны  белгілі  бір  спортшы 
шыңдалып  жетілетін  спорттың  түріне  байланысты  нақтыланады.  Кәсіптік-
қолданбалы г и м н а с т и к а  белгілі бір мамандықты меңгеруге кӛмектесетін 
қимыл-қозғалыстар  дағдысы  мен  сапасын  дамытады,  жетілдіреді  (биікте 
жұмыс  істейтін  монтажшы,  шахтер,  транспорт  жүргізуші  және  басқалар). 
Ӛ н д і р і с т е г і   г и м н а с т и к а  адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру 
және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс 
күні  тәртібіне  кіреді:  кіріспе  гимнастика-жұмыс  басталар  алдында,  ал  дене 
шынықтыру  үзілісі  (физкульт-пауза)-  жұмыс  күні  процесінде,  үзілісте 
жасалады.  Е м д е у   г и м н а с т и к а с ы   емдік  дене  шынықтыруға  жатады 

 
179 
және  денсаулық  пен  жұмыс  істеу  қабілетін  қалпына  келтіруге  бағытталған. 
Кез  келген  аурумен  сырқаттанған  кезде  қолданылады,  спецификалық  емес 
функциялық  терапия  құралы  болып  табылады.  Ол  жарақат  алғаннан  және 
аурудан  тәуір  болғаннан  кейін  қимыл-қозғалыс  аппаратының  қызметін 
қалпына  келтіру  үшін,  дене  бітімінің  кемшіліктерін  түзету  үшін  (дене 
бітімінің  әртүрлі  ӛзгерістері)  пайдаланылады.  Емдеу  гимнастикасы  жүйке 
жүйесінің жағдайын және ауру адамның ӛзін-ӛзі сезінуін жақсартуға, олардың 
ӛмірлік  кӛңіл  күйін  кӛтеруге  және  жағымсыз  әсерлерді  жоюға  бағытталған. 
Сонымен,  гимнастика  дене  тәрбиесі  құралдары  мен  тәсілдерінің  бірі 
болуымен  қатар  әртүрлі  оқыту-тәрбие  беру  мекемелерінде,  емдеу 
орындарында, 
кәсіпорындардағы, 
мекемелердегі, 
фабрикалардағы, 
зауыттардағы  дербес  дене  тәрбиесі  қимыл-қозғалысында,  дене  тәрбиесімен 
жеке  айналысу  кезінде  балаларға,  жастар  мен  ересектерге  арналған  дене 
тәрбиесінің  бүкіл  мемлекеттік  бағдарламаларының  ажырағысыз  бір  бӛлігін 
құрайды. 
 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесі  процесінде 
гимнастиканы  қолдану.  Негізгі  гимнастиканың  маңызы.  Жалпы 
дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың  тәрбие  жұмысында  жоғарыда  аталған  гимнастиканың  барлық 
түрлерінің  ішінде  мыналар  қолданылады:  негізгі  гимнастика,  емдеу 
(қалыптастыру)  гимнастикасы  және  гимнастиканың  негізі  түрі  ретінде 
массаж. 
  
Негізгі гимнастиканың маңызы балалардың денесін жан-жақты дамыту, 
организміндегі  функциялық  процестерді  жақсарту,  денсаулығын  нығайту 
үшін  оның  тиімділігінде  болып  табылады.  Негізгі  гимнастикаға  кіретін 
жаттығу  тұлғаның  дұрыс  қалыптасуына,  дағдылы  қимыл-қозғалысқа, 
қозғалыстың жалпы үйлесімі мен дене қасиетінің дамуына әсер етеді. 
  
Негізгі  қозғалыстар-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, ӛрмелеу және тепе- 
теңдікті сақтауды дамытатын жаттығу жасау. Бұл жаттығуларды алда тұрған 
міндетке  байланысты  үлкенді-кішілі    дене  тәрбиесі  құралдарын  (дӛңгелек, 
құрсау,  секіріп  ойнайтын  жіп,  доп,  ӛрмелейтін  мінбелер,  лақтыру  үшін 
қажетті  нысаналар,  секіруге  арналған  бағаналар,  т.б.)  пайдалану  арқылы 
жүргізуге болады. 
  
 Жалпы  денені  дамытатын  жаттығулар  бұлшық  еттердің  жекелеген 
топтарын  дамыту  және  нығайту,  тұлғаны  дұрыс  қалыптастыру  мақсатында 
қолданылады.  Жаттығу  организмге  жалпы  физиологиялық  ықпал  жасайды 
және  қозғалыстарды  үйлестіруді,  кеңістікте  бағдарлай  білуді  жетілдіруге 
кӛмектеседі.  Ол  жаттығулар  жалаушалар,  таяқшалар,  дӛңгелек  құрсаулар, 
ленталар, т.б.құралдармен және құралдарсыз да орындалады. 
           Сапта  тұру  жаттығулары  -  сапқа  тұрғызу  (шеңберде,  тізбек-сапта, 
қатарлы-сапқа  т.б.),  сапқа  қайта  тұрғызу  (бір  тізбекті  саптан  екі,  үш,  тӛрт 
тізбекті  сапқа,  қатарлы  сапқа  және  с.с.  тұрғызу),  жан-жаққа  бұрылу  (оңға, 
солға,  кері  қарай),  саптың  созылып,  сиректеуі  және  тұтасуы,  кеңістіктегі 
барлық  қозғалыс  әртүрлі  сапқа  тұрғызуда  және  бытыраңқы  (сабақтарда, 

 
180 
ертеңгілік  гимнастикада,  кӛп  қозғалысты  ойындарда,  қол  ұстасып  әндетіп 
билейтін  ойындарда,  мереке  салтанатында,  қыдыру,  экскурсия  кезінде) 
пайдаланылады.  Кішкентайлар  мен  ортаңғы  топ  балалары  кеңістік 
терминологиясын затқа қарай бағдарлау арқылы қабылдайды: «Tерезеге қарай 
оңға  бұрылыңдар!»  Ересектер  тобында  бағдарлаусыз:  «Диагонал  бойлап-
марш!», «Қарама-қарсы жаққа тізіліңдер!», «Бірінші звено-оңға, екінші-солға 
марш» және с.с. 5-6 жасар балалардың кеңістік терминологиясын меңгеруінің 
қолайлылығы  және  ӛз  бетінше  пайдалануын  эксперимент  арқылы 
(Э.Я.Степаненкова)  анықтаған.  Осы  жаттығуларды  орындау  барысында 
балалардың  кеңістікте  бағдар  ұстауы,  ұжымда  әрекет  ету  үйлесімділігі 
(әртүрлі  тапсырмаларды  жалпыға  ортақ    қарқында  және  ӛзара  байланыста 
орындау)  қалыптасады.  Сапта  орындалатын  жаттығулар  балалардың  дене 
бітімінің  дұрыс  қалыптасуына  ықпал  жасайды.  Олар  әртүрлі  заттармен 
орындалуы,  әнмен,  музыкамен,  ұрып  ойнайтын  аспаптармен  (даңғыра, 
барабан) сүйемелденуі мүмкін. Негізгі қозғалыстар, денені жалпы дамытатын 
және  сапта  жүріп  жасайтын  жаттығулар    дене  шынықтыру  және    музыка 
сабақтарында,  сондай-ақ  ертеңгілік  гимнастикада  жүзеге  асырылады. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасындағы гимнастика жӛніндегі 
барлық  материал  әрбір  жастағы  кезеңнің  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  әр 
жастағы  топтың  ӛз  ішіндегі,  сондай-ақ  олардың  арасындағы  қиындықты 
біртіндеп ӛсіру арқылы орналастырылған. Бұл жаттығулар арқылы әрбір бала 
балабақшада  болған  кезеңі  ішінде  бағдарламалық  материалды  дер  кезінде 
меңгеру,  ӛзінің  жасына  лайық  қимыл-қозғалыс  техникасын  игеру  және 
мектептегі  оқуға  дайын  болу  мүмкіндігі  қатамасыз  етіледі.  Бұл 
жаттығулардың бәрі балалардың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, зейінділігін 
дамытуға, кеңістікте бағдарлай білуге, келісімді әрекет жасауға, тәртіптілікке 
кӛмектеседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет