Сабақтың типтері. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында ӛткізілуі
немесе гимнастикалық жаттығуларды және қимыл-қозғалыс ойындарын
ұштастыруы мүмкін (аралас тип). Жоғарыда қарастырылған, бала организмінің
жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескеретін, сабақ құрылымы сабақтың
кӛрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын
анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастағы топта ӛткізіледі,
әсіресе 1,2 кішкентайлар тобында ӛткізу тиімді болады. Олар шартты формада
баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізгі қимылдар мен денені жалпы
дамытатын жаттығулардың («Құстар», «Cеруен», «Ұябасар және балапан», ал
неғұрлым ересектер тобында «Oйыншықтар дүкені», «Cпортшылар»,
249
«Автодром», «Cаяхат» т.т.) сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен
тұратын тұтастай мазмұндық-ойын жағдайын құрауы мүмкін. Ойын
әрекеттерінің жүйелілігі организм жағдайының динамикасы мен жасқа
байланысты мүмкіндігін ескеретін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Сабақ,
жай жүріспен аяқталады. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жӛнінен әртүрлі
қимыл-қозғалыс ойындарынан да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл
материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын
кӛздейді (мысалы, «Ӛзіңе серік тап», «Aйна», «Eң ынтымақты кімнің тобы?»,
«Tап та үндеме» ойындары). Бұл типтегі сабақ қимыл-қозғалыс ойындарының
ӛзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шығармашылық әдістемесін
талап етеді.
Сабақ ӛткізу әдістемесі. Сабаққа арнап дене жаттықтыруларын іріктеп алу
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағдарламасы негізінде жасалған жұмыс
жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың
жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар
игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық
ерекшелігін, жыл мезгілін, сабақ ӛткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ
балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық
және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және
нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын
талдап жасауға бұрын ӛткен 2-3 сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты
талдауы алғы шарт болады. Талдау процесінде ӛткен сабақта қойылған
міндеттердің жүзеге асырылу дәрежесі, балалардың реакциясынан кӛрінетін
және әрбір сабақты есепке алу негізінде белгіленетін нәтижелер (жаңа
бағдарламалық материалды барлық және жекелеген балалардың игеру дәрежесі,
ӛздеріне таныс қимылды игерудегі прогресс, қосымша жаттығуларды,
жеңілдетілген нұсқаларды неғұрлым дәлдікпен үйренуді, сабақта балаларды
ұйымдастыру формаларын ӛзгертуді, жеке бӛліп сабақ жүргізуді т.б.)
анықталады. Бұрын ӛткізілген және соңғы сабақтың тығыз байланысы, олардың
жалпыға ортақ мақсаттылығы орындалу кезінде бірте-бірте күрделенетін
міндеттердің айқын дәйектілігін белгілейтін үйлесімді жүйесін, бағдарламаның
ӛтуін және сол арқылы кез келген жастағы топтың балаларын үйретудің
табысты нәтижесін қамтамасыз етеді. Ӛткен сабаққа талдау жасау негізінде, ең
алдымен, негізгі бӛлімнің: балаларға жаңа жаттығулар үйрету, бұрын ӛздеріне
таныс жаттығуларды қайталау, жетілдіру міндеттері анықталады. Нақты дене
тәрбиесі жаттығулары атап кӛрсетіледі. Одан кейін сабақтың кіріспе және
қорытынды бӛлімі анықталады. Сабақта тәрбиеші балаларды ұйымдастыруда
әртүрлі яғни әдістерін жаппай, топтық, жеке әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Ж а п п а й ә д і с т і пайдалана отырып, балалардың бәріне орындалу
тәртібі бірдей жаттығу ұсынады, олар бір мезгілде орындалады. Жаппай әдісті
қолдану сабақтың кез келген бӛлімінде, әсіресе балаларға жаңа жаттығу үйрету
және ӛздеріне бұрыннан таныс жаттығуларды жетілдіру кезінде тиімді болады.
Бұл әдіс балалардың бойында әрекет үйлесімділігін қалыптастыру, оларды
250
жалпыға ортақ міндетті шешуге біріктіру, тәрбиешінің балалармен тікелей
қатынаста болуы, сондай-ақ сабақтың қозғаушы күшін арттыру үшін пайдалы.
Жаттығуды үйрету және оның егжей-тегжейін анықтау процесінде
балалар к е з е к п е н әрекет ететін шағын топтарға бӛлінуі мүмкін. Тәрбиеші
бір немесе екі топтың жаттығуды орындауын бақылау мүмкіндігіне ие болады,
ал қалған балалар ӛз жолдастарының әрекеттерін бақылайды және тәрбиешіні
тыңдайды.
Жаттығуды орындаудың бұдан да басқа, толассыз әдісі пайдаланылады,
мұндайда балалар кезекпен, бірінің соңынан бірі, үзіліс-толассыз бір ғана
жаттығуды орындайды. Жаттығудың кӛп қайталануын жүзеге асыру үшін
жаттығу жасау екі, үш дүркін ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір баланың әртүрлі
жаттығуларды шеңбер бойлап, станциялық жүйелі тәртіппен толассыз
орындауды (мысалы, шығыршықтан ӛту отырғыштың үстімен бойды тік ұстап
ӛту, секіру, қоңырауды соғу, жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру) пайдалы
болады.
Дене тәрбиесі жаттығуларын толассыз әдіспен орындауды ересектер және
дайындық топтарының балаларымен жаттығу ӛткізгенде қолдану тиімді. Бұл
әдістің жаттығуларды жетілдіру кезіндегі маңызының ерекшелігін, ал
жаттығуларды үйрену кезіндегі маңызының болмашылығын атап кӛрсетуіміз
керек. Толассыз қимылдың үздіксіздігі кейде балалардың дәл емес қимыл-
әрекеттерін тәрбиешінің түзетуіне мүмкіндік бермейді, ол әрбір баланы бақылап
тұрады және сол кезде жаттығудың орындалуына қысқаша баға бере алады
немесе ескерту жасай алады. Сонымен бірге қимыл дағдыларын жетілдіру
кезінде толассыз әдісті қолдану балалардың дене күшінің тездік, ептілік, күш,
тӛзімділік, кеңістікте бағдар белгілей білу қабілеттерін қалыптастыруға
кӛмектеседі.
Ересектер
және
даярлық
топтарында
топталып
ойнау
әдісі
пайдаланылады. Бұл әдіс сабақта тәрбиешінің балаларды үйрету және
балалардың ӛздері бұрын игерген қимыл дағдыларын ӛз беттерінше жетілдіру
процесі ұштастырылған жағдайда ғана қолданылады. Бұл орайда балалардың бір
тобы тәрбиешінің басшылығымен қандай да бір қимыл әрекетін үйренеді, екінші
топ (немесе шағын екі топ) бұл кезде қимылдың басқа түрімен ӛз бетінше
(қайталап) жаттығады. Балалардың екі немесе үш тобы ӛздеріне таныс, бірақ әр
түрлі жаттығуларды (доппен ойнау, ӛрмелеу, тепе-теңдік жаттығуы т.б.)
орындап жатуы мүмкін. Тікелей балалардың бір тобын үйрете жүріп, тәрбиеші
жаттығу жасап жатқандардың бәрін ӛз назарында ұстайды, ӛз қимылдарының
дұрыстығын, рет-ретін, тәртібін ӛздері бақылауын ұсынады. Мұндай
ұйымдастыру жағдайында балалардың бойында жауапкершілік, ұстамдылық,
жалпыға бірдей іскерлік кӛңіл күйді бұзбай тапсырманы ӛз бетінше орындай
білу, ӛз дағдыларын саналы түрде жетілдіру қабілеті қалыптасады, сондай-ақ
сабақ барысында бүкіл топтың қимыл ширақтылығын, сабақтың қозғаушы
күшін сақтауға мүмкіндік береді. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі
олардың
эмоциялық
жағдайы
әртүрлі
жастағы
топтарда
қимыл
материалдарының іріктеп алынуына, тәрбиешінің қолданатын тәсілдері мен
сабақ кезінде балаларды ұйымдастыру әдістеріне байланысты. Егер балалар
251
ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-
қозғалыс ойындарын ӛткізу процесінде қимылға бір мезгілде тартылса оларда
тұрақты зейінділік, эмоциялық-жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі
реакция байқалады. Қимыл әрекетіне балалардың тек бір бӛлігі ғана тартылып,
ал екінші бӛлігі орындайтын тапсырма болмай, әрекет ету үшін ӛз кезегін күтіп
тұрған жағдайда, кезек күтіп тұрған топ «қозғаушы, алаңдаушылық» белгі-
деректік тұрақтылығының жеткіліксіздігінің белгілерін кӛрсете бастайды.
Сабақ процесінде ж е к е ә д і с пайдаланылуы мүмкін, ондайда әрбір
бала ӛзіне берілген тапсырманы тәрбиешінің бақылаумен ӛз бетінше
орындайды. Жалпыға бірдей жаттығудың егжей-тегжейін анықтау мақсатында
ол да тәрбиешінің шақыруымен жеке орындалады. Мұндай әдіс тәрбиешінің
ерекше кӛңіл аударуын, балаларды жақсы ұйымдастыруды, балалардың бәрін
сергек бақылауға және тапсырманың орындалу дұрыстығына талдау жасауға
тартуды, тәрбиешінің шақыруымен жаттығуды қайта жасауға дайын тұруды
талап етеді. Сабақ кезінде ұйымдастырудың кӛрсетілген әдістерін пайдалану
тәрбиеші қойған міндеттерге, сабақ ӛткізілетін жағдайларға, тиімді түрде
жүзеге асыруға байланысты. Балаларды үйрету кезінде ұйымдастыру
сабақтарының тиімділігін арттыруға жеткізетін әртүрлі әдістерді аралас
қолдану неғұрлым пайдалы болады. Мектеп жасына дейінгі балалармен дене
шынықтыру сабағын жүргізу кезінде организмге түсетін ауыртпалықтың
неғұрлым тиімді кезектесуі талап етіледі. Сабақ процесіндегі тынығу белсенді
және енжар болуы мүмкін. Белсенді тынығу біршама қажу туғызатын алдыңғы
әрекетке
ауыстыруды
кӛздейді. Енжар
тынығуға
қимыл
әрекетін
болдырмайтын тыныштық тән. Сабақтарда денеге түсетін ауыртпалық пен
белсенді тынығуды дұрыс кезектестіре білу баланың зейінінің мейлінше
дәрежеде болуын сақтауды қамтамасыз етеді, табиғи түрде дамитын қажуды
болдырмайды. Бұл орайда белгілі дәрежеде дененің ширығуын және күш
жұмсауды, ал осыған байланысты қажуды тудыратын ауыртпалық организмді
қалпына келтіру процестері үшін стимул, оның функциялық мүмкіндіктерін
арттыру болып табылады.
Жұмыс пен тынығуды кезектестірген кезде организмнің жұмыс істеу
қабілеті белгілі бір фазалардың ауысуы процесінде заңды түрде ӛзгеретінін
қолда бар зерттеулер кӛрсетіп отыр. Айтарлықтай күш түскен жағдайда жұмыс
істеу қабілеті біршама қажумен қатарласа келіп, біртіндеп тӛмендейді. Баланың
организмді тынықтыратын қимыл әрекетінің алмасуы қалпына келтіру
процестерін жеделдетуге кӛмектеседі, олар денеге түсетін бұдан бұрынғы
ауыртпалықтан стимул алады. Сӛйтіп, қажу мен қалпына келтіру процестерінің
табиғи байланысы және бір-біріне ӛзара ауысуы жұмыс пен тынығудың заңды
түрде ӛзара алмасуын айқындайды. Сабақтың кіріспе бӛлімі организмнің
біртіндеп жұмыс істеуіне және баланы сабақтың негізгі бӛліміне дайындайтын
психикалық функцияның жандануына жағдай жасайтындығы жоғарыда
кӛрсетілді. Негізгі бӛлімнің бас кезінде балаларға назар аударуды барынша
жинақтауды талап ететін жаңа материал ұынылады. Баланы жаңа қимыл
әрекетіне үйрету кезінде баланың кӛз алдында ол қимылдың алғашқы бейнесі,
қимыл түсінігі пайда болады. Бұл тәрбиешінің балалардың кӛз алдында жасап
252
кӛрсетпей жаттығуды орындау әдісін айтып беруге немесе түсіндіруіне қарай
балалардың тапсырманы ұғынуымен, жаттығу элементтерінің жүйелілігін
бақылаумен байланысты. Бұдан кейін балалар оны ӛз беттерінше қайта жасай
бастайды. Бұл кезде бала жаттығуды мүмкіндігінше дәл орындауға тырысып
ерік (ой және дене) күшін кӛрсетеді. Мұның бәрі жүйке жүйесінің жеткілікті
дәрежеде ширығуын организмнің психикалық және физиологиялық
функциясының артуын туғызады. Сондықтан мұндай процесс ӛте ұзаққа
созылмауы керек. Ми қыртысы клеткаларының бір тобының немесе тұтастай
учаскесінің ұзақ уақыт қозуы басқа клеткалардың немесе учаскенің тежелу
құбылысын сӛзсіз туғызады. Сырттай қарағанда бұл балалардың зейінінің
шашыраңқылығынан, қызығушылығы мен эмоциясының тӛмендеуінен, қимыл
үйлесімінің қандай да бір бұзылуынан, кейде күшті елігуінен кӛрінеді.
Тежеудің маңызды функцияларының бірі - ми қыртысының клеткаларын артық
елігуден қорғау. Егер тітіркендіргіш ӛте ұзаққа созылатын болса немесе жиі
қайталанса немесе егер ол шектен тыс күшті, қауіпті титықтату болып шықса,
онда қабық еліктіруді тӛмендетеді және қоздыруға жауап беруден қалады.
Осыған байланысты жұмыс мӛлшерінің, баланы бір әрекеттен екінші әрекетке
дер кезінде ауыстырудың, жұмыс пен тынығудың жүйелі түрде кезектесуінің
қандай рӛл атқаратындығы түсінікті болады. Балалар жаңа жаттығуды
игергеннен кейін оларға қайталайтын, кӛп күш жұмсамай-ақ орындайтын
жаттығулар ұсынылады. Ӛздеріне таныс жаттығуды орындар алдында балалар
тәрбиешінің сӛзбен айтқан нұсқауын тыңдап алады, содан кейін қимыл
әрекеттерін сан рет қайталап жасайды. Тәрбиешінің нұсқау беруге кеткен
уақыты балалардың ақыл-ой әрекетін жандандыра түсіп, бұлшық ет қызметін
тынықтырады. Осыдан кейін қимыл әрекетінің әрбір егжей-тегжейін саналы
түрде орындайды, бақылайды, бірнеше рет қайталау арқылы игере отырып,
оның дұрыстығын анықтайды. Осының ізінше балаларға бұрыннан таныс
жаттығу немесе тұрақты игеру сатысына жеткен бір нұсқасы ұсынылады. Бұл
жаттығулардың орындалуы балалардың тапсырманы ұғынуын сақтауды
кӛздейді,
бірақ
бұған
дейін
игерілген
жүйенің,
олардың
автоматтандырылуының арқасында қимыл әрекетін орындау әдісінің ӛзіне
назар аударуды талап етпейді. Жаттығудың орындалу әдісін әрбір баланың
жеке ӛзінің еске түсіру және айтып беруі ұсынылады, содан кейін оны барлық
бала қайталап жасайды. Кӛрсетілген (үлгі ретіндегі) сабақтың кезектесуі
тәрбиешіге бүкіл сабақтың организмнің психикалық және дене функциясының
қажетті ӛзара байланысын туғызатын қолайлы (асығыссыз) қарқыны,
балалардың әрекет сипатының алмастырылуын, жаттығуларды қайталау санын
кӛздеуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде балалардың әрекетін дұрыс
кезектестіру оның жалпы тығыздығын қамтамасыз етеді. Сабақтың жалпы
және қозғау тығыздығы. Сабақтың жалпы тығыздығы педагогикалық
тұрғыдан ақталып пайдаланылған уақыттың сабақтың бүкіл ұзақтығына қатысы
ретінде анықталады. Педагогикалық тұрғыдан ақталған дегеніміз балалардың
түсіндірулерді, кӛрсетпелерді, сӛзбен айтылған нұсқауларды қабылдауы,
тәрбиешінің дене жаттығуларын кӛрсетуін бақылауы, тапсырмаларды ұғынуы,
балалардың жаттығуларды орындау әдістерін түсіндіруі, дене жаттығуларын
253
орындау және тынығу болып табылады. Дене шынықтыру сабағын сипаттау
үшін дене жаттығуларын орындауға кеткен уақыттың сабақтың бүкіл
ұзақтығына қатысы ретінде түсінілетін қозғау тығыздығы ӛте маңызды, мұның
ӛзі әрбір нақты сабақтың пайдалылығын анықтайды. Алайда сабақтың қозғау
тығыздығына талап қою оқу-тәрбие міндетін жүзеге асыруды теріске
шығармайды. Сабақтың ойластырылған мазмұнын және оның біліктілікпен
жүргізілуінің кӛрсеткіші бола отырып, балалардың ой және дене күші әрекетін
дұрыс тиімді кезектестіру оқу-тәрбие мақсатында да қажет. Сабақ процесіне
қажетті қосымша әрекеттерге (оқу құралдарын таратып беру, балаларды қайта
сапқа тұрғызу, дене шынықтыру құралдарының орнын ауыстырып қою) ӛте аз
уақыт беріледі. Тәрбиеші бұл әрекеттерді ұйымдастыруды алдын ала
ойластырады және уақыттың пайдасыз кету мүмкіндігін жояды. Кездейсоқ
ұйымдастыру олқылықтары (жаттығуларды орындау үшін қажетті құралдардың
болмауы, балалардың костюмдерінің немесе аяқ киімдерінің жетіспеуі, залға
бӛгде адамдардың кіруі) педагогикалық тұрғыдан ақталмаған уақыт шығыны
ретінде белгіленеді. Дене шынықтыру сабақтары алға қойылған тәрбие, білім
беру және сауықтыру міндеттеріне жауап беру үшін олар балалардың белгілі
бір эмоциялық ӛрлеуін туғызатын қызықты болуы керек. Кез келген жастағы
топтың сабағындағы қызығушылық жаттығулар мен ойындардың белгілі бір
жаңалығымен және ақыл-ой жұмысын, әрекет ширақтығын, оңды эмоцияны,
нәтижеге жету құштарлығын туғызатын міндеттердің біртіндеп күрделенуімен
қамтамасыз етіледі. Кішкентайлар тобында қызығушылық пен эмоция бұлшық
еттер қимылының сезімінен қарапайым қимыл міндеттерін табысты шешуден
туындайтын әрекеттерді нақ орындау процесінің серігі болып табылады.
Ересектер тобында балалардың қызығушылығы, жаттығуларды ӛз беттерінше
орындауы, кейбір қиындықтарды саналы түрде жеңуі артады. Сондықтан
сабақты табысты ӛткізу үшін тәрбиеші әрбір баланың ерекшелігін жақсы білуі
қажет, осының негізінде психика мен денеге түсетін ауыртпалық
интенсивтілігінің ықтимал мӛлшерін ескеріп және оларды дер кезінде реттей
отырып, ұжымдық сабақ процесінде жеке басшылықты шеберлікпен жүзеге
асыруы керек. Мысалы, балалардың қызығушылығы мен эмоциясының
әлсіреуі, реакцияның кешеуілдеуі, зейіннің нашарлауы мұның бәрі бір жағдайда
түсетін
ауыртпалықтың
аздығының,
екінші
жағдайда-ауыртпалықтың
басымдығының, шаршап-шалдығудың салдары болуы мүмкін. Кейбір ентігудің,
жеңіл-желпі терлеудің, қимылдың баяулауының пайда болуы денеге артық
ауыртпалық түсуі кезінде кӛрінеді. Мұның бәрі сабақтың мазмұны мен
әдістемесінде қандай да бір кемшіліктің бар екендігін дәлелдейді. Мұндай
құбылыстардың бір жағдайда балалардың әрекеттерін алмастыруға және сол
арқылы шаршап-шалдығудың байқалған белгілерін әлсіретуге, организмнің
психикалық, физиологиялық функциясын теңестіретін және жұмыс істеу
қабілетін сақтауға кӛмектесетін міндеттерді іріктеп алуға, екінші жағдайда-
эмоцияны және мақсатты әрекетті арттыратын ойын, жарыс әдістерін
пайдалануға бағытталған бірқатар әдістемелік тәсілдермен алдын алу керек.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасы» бойынша («Денсаулық»
білім саласына) дене шынықтыруға аптасына 2 сағат (ересектер тобы 3 сағат)
254
бӛлінген. Олардың бірі музыкамен сүйемелденеді. Мұның қажетті шартты
музыкалық шығармаларды тиянақты әрі жан-жақты іріктеп алу және оларды
біліктілікпен орындау болып табылады. Дене шынықтыру сабақтары
процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой,
эстетикалық, еңбек т.б. Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке
басының жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік
қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы
түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының
ерекшелігі балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдігінен кӛрінеді,
мұның ӛзі жалпыға бірдей карқында қимыл үйлесімін, саналылықты,
жинақылықты ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар
үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, ӛзін-ӛзі
билеуді және ептілік кӛрсетуді (мінбеге шығу, арқаннан жасалған сатымен
ӛрмелеу, теңестірілген бӛрененің, енсіз тақтайшаның т.б. үстімен жүру) талап
етеді. Бұл жаттығуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен,
ерік-жігер ширығумен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі
қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын
жағдайының күтпеген жерден ӛзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ
жолдастық, ӛзара кӛмек, адалдық, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезі-
мін кӛрсете отырып жаттығады. Сабақта балалардың аталған қасиеттерді
қайталауына және тәрбиешінің басшылығына қарай олардың белсенділік
кӛрсетуі біртіндеп күнделікті ӛмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші
балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық
нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдай талап ететін
ықпал ету әдістерін: баланың бойында, әсіресе кішкентайлар тобындағы
баланың бойында батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында
қолданылатын, кӛрнекі түрде баланың кӛзін жеткізетін тәсілді, баланың әр
әрекеті арқылы практика жүзінде үйретуді (тәрбиешінің кӛмегімен) және
табысқа жетуіне байланысты кӛтермелеуді, әртүрлі қылықтарды (ол қылыққа
ӛзінің кӛзқарасын және барлық балалардың кӛзқарасын) салыстыруды,
сендіруді пайдаланады. Балалардың дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл
әрекеттері олардың ӛзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелеуге, сезімдері мен тілегін
балалардың бәріне бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға кӛмектеседі.
Мұның бәрі баланың бойында теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы,
жедел тежеуді қалыптастырады. «Eгер адам бала кезінде белгілі бір әлеуметтік
себептерді, яғни тежегіш қозуларды басшылыққа ала отырып, ӛз қылықтарын
тежей алмаған болса, - деп жазады профессор П. К. Анохин, - онда ол үшін
алдағы уақытта эмоциялардың кез келген мәжбүрлі және үзілді-кесілді тежелуі
кенеттен болады, ал нақ осының ӛзі қауіпті болуы мүмкін. Біз баланың бойында
тежегіш қозулар кешенін қалыптастырамыз, яғни саналылықты кең мағынада
дамытуымыз керек. Эмоцияны тәрбиелеу адамның жеке басын үйлесімді
дамытуға жеткізеді. Ал осындай жоспарлы жаттығу жасау сәби жастан
басталуы керек». Дене шынықтыру сабақтарында, әсіресе ережелі қимыл-
қозғалыс ойындарында балаларды үйрету процесінде тәрбиеші оларды ӛздеріне
лайық эстетикалық нормаларды сақтауға баулиды. Бала тәрбиешінің
255
ықпалымен эмоционалды, саналы түрде жалпы талапқа бағынады: түсіндіріп
айтқандарды кӛңіл қойып тыңдайды, тапсырманы дер кезінде орындайды,
сабақта белгіленген жүйелілікпен әртүрлі әрекеттерге қосылады. Біртіндеп
күрделі тежеу реакциясының дамуымен тығыз байланысты баланың қоғамдық
сезімі мен санасы қалыптасады. Іс жүзінде бұл ұстамдылыққа, тәртіпке белгілі,
балаларға түсінікті тәртіп нормасын тануға, балалардың жеке бастарының
қылықтарымен балалардың басқа қылықтарының қажетті мӛлшерін
қалыптастыруға, адамгершілік сананы бойға сіңіруге үйретеді. Қимыл-қозғалыс
ойындары баланың белгілі бір адамгершілік қасиетін ашпай қоймайтын жағдай
жасайды. Мысалы, «Батыл балалар», «Eкі аяз», «Aйлакер түлкі» ойындарында
бала екі ұстап алушының ортасымен жүгіреді, ӛзін ұстап алуға тиіс «түлкі»
жанында тұруы мүмкін екендігін біле тұра сигнал берілгенге дейін шеңберден
шықпайды, ӛзін жетекші ұстап алу қаупі тӛніп тұрса да жолдастарына
кӛмектеседі т.б. Осылардың бәрі онын бойында батылдықты, табандылықты,
ұстамдылықты, достық сезімді жүйелі түрде қалыптастырады. Ойынның белгілі
шарттары, оның ережесі балалардың оларға ӛз еріктерімен бағыну қажеттігін
туғызады. Ойын кезінде жағымды әрекеттің және қылықтардың бірнеше рет
қайталануы балалардың бойында адамгершілік қасиеттері дағдысын біртіндеп
қалыптастырады. Одан әрі балалар ӛз беттерінше, белгілі бір сәтте тәрбиешінің
әсер етуінсіз-ақ оларды саналы әрі эмоционалды түрде кӛрсете бастайды.
Сӛйтіп, дене шынықтыру сабақтарында балаларды ӛздерінің нақты жағдайында
мінез-құлықтық этикалық нормаларын орындауға біртіндеп іс жүзінде үйрету
адамгершілік сезім мен сананы қалыптастыруға кӛмектеседі. Дене шынықтыру
сабақтары балалардың ақыл-ойының дамуына кӛмектеседі. Сабақ кезінде
қимыл әрекеттеріне үйрету процесінде тәрбие-білім беру міндеті жүзеге
асырылады. Балалар дене жаттығуларының және оларды дұрыс орындаудың
денсаулық үшін маңызы туралы, гигиена және шынығу жӛніндегі ӛздеріне
қолайлы мәліметтер жайлы, спорттың жекелеген түрлері жӛніндегі кейбір
қарапайым білімді игереді, спорттық терминологияны меңгереді. Олардың
қоршаған орта жӛніндегі түсінігі нақтылана түседі, кеңістікті, уақытты
бағдарлауы, жаңартушы және шығармашылық елестетуі, есте сақтау қабілеті
дамиды, ойлау қызметі жанданады. Баланы қимыл әрекеттеріне үйрету процесі
сана ісімен байланысты. Тәрбиеші, әрбір жастағы кезеңде балалардың ақыл-
ойының даму дәрежесін ескеріп, оларды ұсынылған қимыл тапсырмаларын
түсінуге, соған байланысты қимылдарды дұрыс орындауға, жекелеген
әрекеттерді бақылап, салыстыра білуге, оларды жинақтап қорытуға біртіндеп
үйрете отырып, тиісті әдістемені қолданады. Ол қарапайым формада баланы ӛз
қимыл әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын
тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сӛзі, балаларға
ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындығы, қимылды
дұрыс орындағанды мақұлдауы, кемшілік жӛнінде ескерту жасау, ойынды
жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беру және с.с. маңызды рӛл атқарады.
Yйретудің бүкіл процесі балалардың бойында зейін жинақтылығы мен
белсенділігін туғызады: қимыл әрекеттерін тәрбиешінің тиісті түсіндірулерімен
кӛрнекі түрде кӛрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін
256
ұғынуды, балаларға таныс жаттығуларды тәрбиешінің сӛзбен берген нұсқауы
бойынша қайталап жасау есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген
дербес қимылды талап етеді, бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сӛзбен
айтып суреттеумен кӛрсетілген тапсырманы балалардың орындауы олардың
санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы
түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл баланың санасында қимыл әрекетінің
бүкіл жүйелілігінің егжей-тегжейін нақтылауға, оны іс жүзінде дәл орындауға
кӛмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарында тәрбиешінің ойын мазмұнын
бейнелі түрде баяндауы немесе мазмұнсыз ойынды, оның ережесін қысқаша дәл
түсіндіруді, ересектер тобының балаларының ойынымен оның ережесінің
мазмұнын ӛз беттерінше түсіндіруі, сондай-ақ оны тәрбиешінің бақылауымен
ӛз беттерінше ұйымдастыруы - мұның бәрі ойлау процесін дамытуды, есте
сақтау қабілетін жаттықтырады. Дене шынықтыру сабақтары баланың
эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған ӛмірдің, сұлулықтың
кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен
тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне
байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын
игерген денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның
бейнесінен басталады. Сырт кӛрінісі сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі,
пропорционалды дене бітімі, еркіндік, қысылып-қымтырылмаушылық, ізгілік,
қимыл мәнерлілігі-адамның барлық мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі
мен санасының жоғары дамуынан, адамдарға кіші пейілділік пен тілектестік,
немқұрайдылыққа,
принципсіздікке
тӛзбеушілігінен
кӛрінетін
жан
сұлулығымен ажырағысыз байланысты. Бұл бейнеге, ең алдымен, тәрбиеші сай
болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның ӛзін-ӛзі ұстау
мәнерін, сӛйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кіші пейілділігін
қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Дене
шынықтыру сабақтары процесінде балалар ӛздері үйренген жаттығуларды ӛз
беттерінше заттармен: таяқтармен, құрсаумен, ленталармен, доптармен,
секіргіштермен, серсолармен және с.с. әсем орындайды. Олар, әсіресе
музыкамен сүйемелденген кезде ұжымдық қимылдың ӛздеріне қолайлы
жатықтығын, үйлесімділігін, дәлдігін кӛрсете жүріп, әртүрлі сапқа тұру, қайта
сап түзеуге қатысады. Мұның бәрі балалардың эстетикалық эмоциясын
туғызып, талғамын, қимылға деген сүйіспеншілігін дамытады және
эмоционалдық-эстетикалық қанағат сезімін туғызады. Балаларды қимыл-
қозғалыс ойындары зор қуанышқа бӛлейді, олардағы әртүрлі ойын бейнелері
баланың ӛз басының шығармашылық инициативасын кӛрсетуіне мүмкіндік
береді. Демек, сабақ процесіндегі балалардың барлық қимыл әрекеті
эстетикалық эмоцияларға толы дене күші мен психикалық күштің ӛрлеуін
туғызады, сондай-ақ организмді сауықтыруға, ӛмірдің қуанышты сезімін
арттыруға әсер етеді. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда
сыртқы ортаның, сабақ үшін гигиеналық жағдай жасалуының, балалардың және
тәрбиешінің әдемі спорт костюмі болуының, барлық құралдар мен
жабдықтардың кӛркем безендірілуінің зор маңызы бар. Сабақ процесінде
тәрбиешінің айтқан сӛзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рӛл атқарады.
257
Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, халықтық
фольклорды (ойын бастау, санамақ, әндету) пайдалану, балалардың мінез-
құлқына, олардың қимылды орындау санасына эстетикалық-этикалық баға беру
- бұлардың бәрі балаларда эстетикалық белгіні, эстетикалық бағасының ӛзара
қатынасы мен нақтылығын біртіндеп қалыптастырады. Тәрбиеші кӛрсеткен
дене жаттықтыруларының кӛрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы
керек. Олардың әсем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға
қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық
белсенділігін, әсіресе ересектер тобында нысаналы түрде қалыптастыру
балаларды ӛз беттерінше жаттығуға және ойынға ӛзіндік бірдеңе қосуға,
сондай-ақ ӛз ойындарын ойлап шығаруға үйретеді, балалардың шығармашылық
елестетумен, ӛз әрекетіне шығармашылық қатынасымен байланысты
эстетикалық ұмтылысын дамытады. Сабақта эстетикалық сезімді, талғамды
және әсемдікке сүйіспеншілікті қалыптастыруда музыканың ерекше зор
маңызы бар. Дене шынықтыру сабақтарындағы эстетикалық ықпал етудің
аталған кешені дене тәрбиесімен табиғи бірігіп кеткен эстетикалық тәрбие
бағдарламасының айтарлықтай үлесі болып табылады. Дене шынықтыру
сабақтары балалардың қарапайым еңбек іс-әрекетімен байланысты. Бұл
байланыс кәдімгідей формадан, ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсетуден, кезекшіліктен,
тәрбиешінің кейбір тапсырмаларын орындаудан кӛрінеді. Алайда балаларды
еңбекке тарту олардың жасына, жеке бастарының мүмкіндіктеріне сәйкес
тәрбиешінің сараланған кӛзқарасын кӛздейді. Бұл балалардың кӛлемі және саны
жӛнінен әртүрлі қимыл жасап білуімен, заттармен (ойыншықтар, ұсақ дене
шынықтыру құралдары, ірі дене тәрбиесі жабдықтары) ойнай білу дағдысының
болуымен, баланың ӛз әрекетінің мақсатын түсінуінің, оған жетуге
тырысуының дәрежесімен анықталады. Тәрбиешінің ең маңызды міндеттерінің
бірі балалар еңбегінің қоғамдық бағытын, әрекеттің қоғамдық себептерін
қалыптастыру болып табылады (балаларды еңбекке итермелейтін болуы,
ӛздерінің еңбек ету міндеттерін не үшін және кім үшін орындайтынын білу
маңызды). Мысалы, кезекшілер дене шынықтыру сабағына кілемшелер мен
құрсауларды дер кезінде дайындап, олар барлық балалардың пайдалануына
қолайлы болуы үшін оларды белгілі орындарға қояды. Мақсатты және оның
қоғамдық маңызын (сабақтағы барлық балаларға нақты пайдасын) айқын түсіне
отырып, олар тәжірибе кӛрсетіп отырғанындай, ӛздеріне тапсырылған істі
жігерлі, ізгі ниетпен, құштарлықпен орындайды. Кішкентайлар топтарында
негізінде тәрбиешінің ӛзі, балаларды қарапайым тапсырмаларды: жалаушаны,
допты, қуыршақты және с.с. әкелуді орындауға тарта отырып әрекет етеді.
Алайда осы тапсырмалардың ӛзінде әрекеттің қоғамдық мәні бар: допты,
жалпы, ойын үшін әкелу керек, орындықтарды ойнайтын балалар үшін қою
керек және т. б. Жасына қарай еңбек тапсырмалары мен кезекшілік кӛлемі,
оларды балалардың ӛз беттерінше орындауы, бағдар ұстау белгілерінің азаюы
жӛнінен күрделене түседі. Тәрбиеші не істеу керек екенін айтады, ал әрекетті
орындаудың жоспары мен әдісін таңдау балалардың ӛздеріне беріледі.
Балалардың алдына міндеттердің нақты қойылуы, жалпы және жеке
тапсырмалардың олардың арасында бӛлінуі, олардың ӛз беттерінше
258
орындауына сенім жағдайында және орындалған тапсырманы міндетті түрде
қысқаша бағалау кезінде дене шынықтыру сабақтарындағы жүйелі қарапайым
еңбек әрекеті жеткілікті дәрежеде берік ұйымдастыру дағдыларын
қалыптастырады. Жаттығу нәтижесінде балалардың бойында заттарды
(жалаушаларды, құрсауларды, таяқтарды және с. с.) күтіп ұстау дағдысы
қалыптасады, олардың орны және оларды сақтау әдісі (шкаф, кәрзеңке және с.
с.) туралы біліктілігі, ықшам дене тәрбиесі жабдықтарын бірлесіп, жігерлі,
топтасып, тез және келісімділікпен орналастыра білуі, тарсылдатпай, асықпай,
уақытты үнемді жұмсай білуі нығаяды. Мұндай әрекеттер қимыл үйлесімін,
олардың ептілігін, кеңістікте, уақыт бойынша бағдар белгілеуін, дербестігін,
жинақылығын, әрекет келісімділігін жетілдіруге, сондай-ақ ұжымдық сезім мен
тапсырылған іске жауапкершілікті дамытуға кӛмектеседі. Жасы жӛнінен аралас
топтағы дене шынықтыру сабағы дене жаттығуларын ерекше мұқият іріктеп
алуды талап етеді, олар бір топқа біріктірілген барлық балалардың жас
ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |