А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет32/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Сергіту сәттері, сергіту сәттерінің маңызы.  

 
280 
2.  Сергіту сәттерін ұйымдастырудың  әдістемесі.  
3.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда    дене  тәрбиесі  мерекелерін    ӛткізудің 
маңызы неде? 
4.  Мереке кезінде балаларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз. 
5.  Мерекелерге  жетекшілік  ету  әдістемесі  туралы  айтылған  пікірлерге 
қосар ойыңыз қандай? 
6.  Мәдени тынығуды ұйымдастыру туралы не айтар едіңіз? 
7.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  бағдарламаларындағы  мерекелер, 
ойын-сауықтар туралы талдау. Ӛз ой-пікіріңізді   ортаға салу. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1.Ортаңғы ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, 
сондай-ақ нақ сабақ процесінде ӛткізіледі: 
А.  Сергіту минуттары 
Ә.  Ойындар 
Б.  Концерт 
В.  Кезекшілік 
2.Шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-жағымды жай-күйін 
қалпына келтіретін қимыл: 
А.  Ойын 
Ә.  Сергіту 
Б.  Еңбек 
В.  Сабақ 
3.«Баланың аздап қимылдауына мүмкіндік беріңіз, ал ол сізге тағы да ондаған 
минуттық зейін сыйлайды»,- деп айтқан: 
А.  А.С.Макаренко 
Ә.  Н.К.Крупская 
Б.  К.Д.Ушинский 
В.  Н.Ф.Лесгафт 
4.Сергіту минутын ӛткізу кезіндегі міндетті шарт:  
А.  Құралдың болуы 
Ә.  Музыка 
Б.  Сурет 
В.  Таза ауа 
5.Сергіту ӛткізілетін орын: 
А.  Сабақ ӛткізілетін столдың жанында 
Ә.  Спорт залда 
Б.  Педагогикалық ұжымның алдында 
В.  Тәрбие сағаты кезінде 
6.Сергіту кезіндегі жаттығулар саны:  
А.  4-5 
Ә.  2-3 
Б.  6-7 
В.  9-10 
7.Сергіту ұзақтығы: 

 
281 
А. 5-10 минут 
Ә. 10-15 минут 
Б.  1-2 минут 
В.  4-5 минут 
8.Мейрамның ұзақтығы 4-5 жастағы балалар үшін:  
А.  45-50 минут 
Ә.  2-3 сағат 
Б.  2,5 сағат  
В.  1,5-2 сағат  
9.Мерекелер неше бӛлімнен тұрады? 
А.  1 
Ә.  2 
Б.  3 
В.  4 
10.Дене тәрбиесі мерекелері мазмұнына кіреді: 
А.  Дене жаттығулары 
Ә.  Әңгіме 
Б.  Ертегі 
В.  Орманға серуендеу 
 
19-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен 
есепке алу 
 
1.  Жұмысты  жоспарлау  мен  есепке  алудың  маңызы  (Жоспарлаудың  түрлері: 
перспективалық,  күнделікті.  Құжат  түрлері:  жылдық,  апталық,  күнтізбелік 
жоспар. Жоспарлауға қойылатын талаптар) 
2.  Есепке алу түрлері  
3.  Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі 
Жоспарлау  -  бұл  белгілі  бір  уақыт  аралығында  қандай  құралдармен, 
әдістермен,  қандай  ұйымдастыру  формаларында  дене  тәрбиесінің  міндеттерін 
шешетінін, сондай-ақ  одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала 
кӛре  білу.  Дұрыс  жоспарлау  белгілі  бір  жүйеде  және  бір  ізділікте  дене 
шынықтыру  жаттығуларын  қолдана  отырып,  кӛзделген  мерзімде  оқу-тәрбие 
жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге кӛмектеседі. Есепке алу 
-  бұл  денсаулық  жағдайын,  дененің  даму  деңгейі  мен  дайындығын  анықтау. 
Осы  есепке  алудың  негізінде  жұмыс  жоспары  жасалады.  Есепке  алу 
балалардың түрлі кӛрсеткіштерінің ӛзгеруін кӛруге жоспарлаудың дұрыстығын 
анықтауға,  оған  дер  кезінде  кейбір  ӛзгерістерді  енгізіп  отыруға  мүмкіндік 
береді. 
Жоспарлау  мен  есепке  алу  бір-бірімен  байланысты.  Тек  дер  кезінде 
мұқият  есепке  алу  және  жұмысты  дұрыс  жоспарлау  арқылы  ғана  денені 
жетілдіруде  жоғары  кӛрсеткіштерге  жетуге  болады.  Мектепке  дейінгі 
мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене 
жаттығуларын  белгілейтін  жоспар-график,  апталық  күнтізбелік  жоспар,  дене 

 
282 
шынықтыру  сабақтарының,  ертеңгілік  гимнастиканың,  қимыл-қозғалыс 
ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері 
талдап  жасалады.  Сондай-ақ,  тәрбиеші  әдістемелік  жұмысты,  ата-аналармен 
ӛткізілетін шараларды да жоспарлайды.  
Жалпы  жұмыс  жоспары  (жылдық  жоспар).  Бұл  жоспарды  барлық 
педагогикалық  ұжымның қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі 
жасайды.  «Дене  тәрбиесі»-  бӛлімінде  алдағы  жылдың  негізгі  міндеттері 
кӛрсетіліп,  атқарылатын  жұмыстарға  дайындық,  оларды  ӛткізуге  қажетті 
шаралар алдын ала белгіленеді. Мысалы, балаларды шаңғы тебуге, жүзуге, т. б.-
ға  үйрету  міндеті  қойылады.  Осыған  орай,  шаңғы  және  шомылу  костюмдерін 
сатып  алу,  шаңғымен  жүретін  орындарды  белгілеу,  хауыздарды  жабдықтау 
жұмыстары  да  белгіленеді.  Тәрбиешілерді  (әдебиеттер  оқу,  үйрету  әдістерін 
талдау т. т.), балаларды (оларда қажетті дене қасиеттерін дамыту), ата-аналарды 
(әдебиеттерді  оқу,  костюмдер  сатып  алу  т.б.)  даярлау.  Жоспарда 
тәрбиешілердің  мамандығын  арттыруды  қарастыру  маңызды:  дене  тәрбиесі 
бойынша  нақты  мәселелерді  зерттеу  және  оларды  педагогикалық  кеңестерде 
талқылау,  үйірмелерде,  семинарларда,  әдістемелік  бірлестікте,  балабақшаның 
жұмыс  тәжірибесін  талдап  қорыту,  баяндама  дайындау,  педагогикалық 
оқуларда  сӛйлеу.  Бұдан  басқа  қабырға  газеттерін,  ата-аналар  бұрышын,  спорт 
мерекелерін  пайдалана  отырып  дене  тәрбиесін  насихаттау  жӛніндегі  шаралар 
белгіленеді.  Жоспарда  тәрбиешілердің,  музыка  жетекшілерінің,  мектепке 
дейінгі  мекемелердің  қызметкерлерінің  денсаулық  жағдайын,  дене  күшінің 
дамуын,  дене  дайындығын  жақсарту  жӛніндегі  жұмыс  формалары  (спорт 
секцияларындағы  жалпы  дене  әзірлігі  топтарындағы  сабақтар,  дене 
жаттығуларымен ӛз бетінше айналысу, т.б.) кӛрсетілуі тиіс. Жұмыстың жалпы 
жоспары  педагогикалық  кеңесте  талқыланып  бекітіледі.  Жоспарлау  кезінде 
жағдайларды  (бӛлменің,  алаңның  мӛлшері,  дене  тәрбиесі  жабдықтарының, 
ойыншықтардың, 
атрибуттардың 
болуы), 
сондай-ақ 
климаттық-
метеорологиялық  факторларды  ескеру  қажет.  Кӛктемде,  жазда,  күзде 
құралдарды (секіру үшін құмы бар шұңқыр, жүруге арналған бӛрене, ӛрмелеуге 
арналған  кішкене  қоршау)  және  үлкен  кеңістікті  (қашықтыққа  лақтыру, 
жүгірумен  қозғалыс  ойындары  т.б.)  пайдалана  отырып,  алаңда  ӛткізуге  тиімді 
жаттығуларды  жоспарлау  қажет.    Бір  жасқа  аяқ  басқан  балалар  үшін  шартсыз 
рефлекстерді  табандық-саусақтарды  бүгу,  жазу,  шалқалап,  рефлекторлы 
еңбектеу,  тірек  реакциясы,  мойынмен,  етпетімен,  шалқасынан,  бүйіріне  жату; 
массаждың  бірнеше  түрлері  (қолды,  аяқты,  жауырынды,  ішті  сипалау,  аяқты, 
ӛкшені,  қарынды  ысқылау;  жауырынның,  аяқтың  еттерін  қимылға  келтіру, 
жауырынды  шапалақтау  т.  б.),  сонымен  қатар  белсенді-енжар  және  енжар 
жалпы  дамыту  жаттығуларының  аттарын  жазу  керек.  Жалпы  дамыту 
жаттығуларын  жоспарлағанда  алдымен  иық  белдеу  мен  қолдың  бұлшық 
еттеріне  арналған  жаттығуларды,  содан  кейін  жауырынның,  іштің,  аяқтың 
еттеріне арналған жаттығуларды жазу керек. Ӛз тобына арналған бағдарламаны 
белгілеп алғаннан кейін тәрбиеші жаттығуларды әр айдың аптасына бӛледі.  

 
283 
Апталық  жоспар.  Бір  жылдық  жоспар  негізінде  апталық  жоспар  жасалады. 
Жоспарда әр күнге дене тәрбиесі жұмысының барлық түрлері (сенбі, жексенбіні 
қоса  отырып)  таңертеңнен  кешке  дейін  тек  мектепке  дейінгі  орындарда  ғана 
емес, сонымен бірге баланың үйге келген кездегі уақыты да қаралады. Тәрбиеші 
«Tаңертең» деген  бағанда сол күні пайдаланылатын дене жаттығуларын және 
оған  қажетті  дене  шынықтыру  құрал-жабдықтарын  жазады.  Оның  үстіне, 
сабаққа  қатысатын  балалардың  аттарын,  сабақтың  негізгі  мақсаттарын 
кӛрсетеді.  Бұл  графада  балалар  үйде  ұйқыдан  кейін  орындайтын  жаттығу 
кешендерінің  нӛмірін  белгілеуге  болады.  «Eртеңгілік  гимнастика»  бағанында 
кешен  нӛмірі  кӛрсетілуі  керек.  Тәрбиеші  дене  тәрбиесі  жұмысын  бір  аптаға 
белгілі  бір  жүйелілікпен  жоспарлайды.  Алғашқыда  екі  дене  шынықтыру 
сабақтарының  мазмұны  мен  міндеттерін  анықтайды.  Содан  кейін  шағын 
топтармен  және  жеке-жеке  ӛткізілетін  сабақтардың  мазмұны  мен  міндеттерін, 
таңертеңгі  және  кешкі  серуендер  кезінде  ӛткізілетін  қимыл-қозғалыс 
ойындарының  аттары  мен  міндеттерін  жазады.  Бұдан  кейін  кешкі  және 
ертеңгілік  жұмыстардың  мазмұны  анықталып,  ертеңгілік  гимнастиканың 
кешендері  жасалады.  Мұндай  жүйелілік  жұмыстың  барлық  формаларының 
ӛзара байланыстылығын қарауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін оларды 
неғұрлым  дұрыс  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  іс-әрекеттің  алуан 
түрлерінен  алынған  білімдерді,  дағдыларды  сабақтар  процесінде  ойдағыдай 
бекітуге болады. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілген жұмысты басқа іс-әрекет 
түрлерімен  байланыстыра  отырып,  жүзеге  асыру  керек.  Мысалы,  қимыл-
қозғалыс  ойындарында  математикалық  кӛзқарастарын  кеңейту  мақсатында 
жүргізілген  сабақ  бойынша  жан-жануарлар  туралы  білімдері  немесе  қозғалыс 
бағыты  жайлы  (жоғары,  тӛмен,  алға,  артқа)  ойлары,  т.  б.  тексеріледі. 
Күнтізбелік  жоспар  негізінде  бір  аптаға  жоспар-конспектілер  (сабақтар, 
ертеңгілік гимнастика, қимыл-қозғалыс ойындары т. б.) жасалады. 
Дене шынықтыру сабағының жоспар-конспектісі 
Сабақ жоспарын құрудың бірнеше нұсқасы қолданылып жүр 
1-нұсқа (дәстүрлі нұсқа) 
Сабақ атауы 
Тақырыбы 
Топ  
Ӛткізілетін күні  
Ӛткізілетін уақыты  
Ӛткізілетін орны 
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары) 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары 
Сабақтың мақсат, міндеттері 
Сабақтың барысы 
Кіріспе бӛлім 
Негізгі бӛлім 
Қорытынды бӛлім 
 

 
284 
2-нұсқа    (ҚР-дың  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  2009-2010  оқу 
жылының басталуы туралы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ-тан алынған) 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 
Білім саласы 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті  
Тақырыбы 
Топ атауы 
Ӛткізілетін күні 
Ӛткізілетін уақыты  
Ӛткізілетін орны 
Балалардың саны (балалар және қыздар)  
Балалардың киімі мен аяқ киімі 
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары) 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары 
Сабақтың мақсат, міндеттері 
Сабақтың барысы 
Іс-әрекет 
кезеңдері 
Тәрбиеші әрекеті 
 
Балалардың іс-әрекеті 
Мотивациялық-
қозғаушылық 
 
 
Ұйымдастыру-
іздестіру 
 
 
Рефлексивті-
түзетушілік 
 
 
 
Күтілетін нәтиже: 
Нені біледі:  
Қандай түсініктерді игерді:  
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:  
 
3-нұсқа 
 
Сабақтың  мазмұны  және  оны  жүргізу  әдістемесі  форма  бойынша 
жазылады (А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева) 
Сабақ атауы 
Тақырыбы 
Топ  
Ӛткізілетін күні  
Ӛткізілетін уақыты  
Ӛткізілетін орны 
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары) 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары 
Сабақтың мақсат, міндеттері 

 
285 
 
Сабақ 
бӛлімде
рі 
Мазмұны 
(жаттығула
р) 
Мӛлшерле
у 
Қарқы
н 
Тыны
с алу 
Ұйымдасты
ру 
(әдістемелік 
нұсқау) 
Ескертула
р 
 
 
 
 
 
 
 
 
Міндет  кӛрсетілгенде  сабақтың  негізгі  бӛліміне  ғана  қатысты  міндеттер 
қарастырылады.  Оларды  қысқа  әрі  нақты  тұжырымдау  керек.  Мысалы,  егер 
жаңа жаттығу-лақтыру қосылатын болса, онда міндет: «Oң қолмен қашықтыққа 
лақтыруды  үйрену»,-  деп  жазылады  (қалыпты  жағдай).  Бұл  жағдайда  жақша 
ішінде берілген сабақта қозғалыс техникасының қай элементтеріне кӛңіл аудару 
қажет  екені  кӛрсетіледі.  Жаттығулардың  негізгі  элементтерінің  техникасын 
үйренгеннен  кейін  ғана  балалардың  қозғалыс  дағдылары  нығайтылады.  Онда 
міндет: «0ң қолмен қашықтыққа лақтыру дағдыларын үйреніп нығайту» («Kім 
алысқа  лақтырады»),-  деп  жазылады.  Егер  дағды  ойын  формасында  бекитін 
болса,  жақша  ішінде  қимыл-қозғалыс  ойынының  аты  кӛрсетіледі.  Дене 
шынықтыру  сабақтарында  барлық  дене  қасиеттері  (ептілік,  шапшаңдық,  күш, 
тӛзімділік,  серіппелік,  кӛзбен  мӛлшерлегіштік,  тепе-теңдік,  т.б.)  одан  әрі 
дамытылады, бірақ бұл үшін жаттығулар мен ойындардың әрқайсысына ӛзіндік 
жүргізу әдістемесі, ерекше жағдайлар қажет етіледі. Әдеттегідей, бір сабақтарда 
кӛп  мӛлшерде  қандай  да  бір  дене  қасиеті  дамиды,  сондықтан  сол  қасиетке 
(мысалы,  ептілік)  баса  назар  аударылады,  осыған  орай  дене  жаттығуларын 
жүргізудің  әдістемелері  ойластырылады  және жағдай жасалады.  Бұл  жағдайда 
міндет:  «Eптілікті  дамыту»  («JIенталармен  ұстау)  немесе  «Жылдамдықты 
дамыту» («Ұстап алу»),- деп жазылады. Сабақ процесінде басты міндеттермен 
қатар,  жоспар-конспектіде  белгіленбеген  ӛзге  де  міндеттер  шешіледі.  Алайда, 
қажетті жағдайда оларды былайша жазуға болады. Мысалы, «Иық тірестіре сап 
түзеуді үйрену» (сабақтың кіріспе бӛлімі) және басқалары. 
Сабақтың  міндетін  анықтап  болғаннан  кейін  дене  жаттығуларын  іріктеп 
алу керек: алғашқыда сабақтың негізгі, сосын кіріспе және қорытынды бӛлімі, 
ӛйткені  сабақтың  бұл  бӛлімдері  үшін  жаттығуларды  іріктеу  негізгі  бӛлімнің 
мазмұнына байланысты. 
Сабақтың  міндетін  анықтап,  оның  мазмұнын  белгілеп  алғаннан  кейін 
негізгі  бӛлімнен  бастап  әр  жаттығуды  жүргізу  әдістемесін  және  басқаларды 
ұйымдастыруды  нақтылы  ойластыру  керек.  Мұны,  әсіресе,  сабақтың  болатын 
кезіне  дәл  балалардың  даму  барысындағы  ӛзгерістер  мен  жетістіктерді  ескере 
отырып жасау керек. 
«Cабақ  бӛлімдері»  бағанында  сабақ  бӛлімдерінің  (кіріспе,  негізгі, 
қорытынды) аттары жазылады. 
«Mазмұндар»  бағанында  сабақта  берілгендей  рет-ретімен  дене 
жаттығуларының  барлық  түрлері  кӛрсетіледі.  Егер  сабаққа  қимыл-қозғалыс 
ойындары  қосылған  болса,  оның  аты  және  оған  кіретін  дене  жаттығулары 
кӛрсетіледі.  Дене  шынықтыру  сабағына  (бірінші  жылы)  шартсыз  рефлекстер, 
массаж,  жай  жаттығулар  кіретін  болса,  онда  жоспар-конспектіде  олардың 

 
286 
аттары  жазылады.  Жалпы  дамытатын  жаттығулар  гимнастикада  қабылданған 
ереже бойынша жүргізіледі. Нақты жазу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.    
«Mӛлшерлеу»  бағанында  қайталанатын  жаттығулар  олардың  уақыты, 
жүру,  жүгіру,  қашықтығы  кӛрсетіледі.  «Қарқын»  бағанында  орындалатын 
жаттығулардың  (баяу,  тез)  жылдамдығы  кӛрсетіледі;  егер  жаттығу  орташа 
қарқынмен орындалатын болса, онда «орташа» сӛзі жазылмайды. «Tыныс алу» 
бағанында  дене  жаттығуларын  орындау  кезіндегі  дем  шығару  сәті  мен  тыныс 
алу сипаты белгіленеді. 
«Ұйымдастыру-әдістемелік 
нұсқаулар» 
бағанында 
балаларды 
ұйымдастыру,  балалар  мен  тәрбиешілерді  орналастыру,  дене  шынықтыру 
құралдарының  орналасуы  ашып  кӛрсетіліп,  әрбір  жаттығуды  жүргізу 
әдістемесіне  ұсыныстар  беріледі.  Оның  үстіне  барлық  анықтамалар; 
түсініктемелер,  кӛрсеткіштер,  бұйрықтар,  жарлықтар,  есеп,  кӛру  сигналдары 
түгелдей  жазылады.  Бұл  бағанда  сабақ  уақытында  балалар  мен  тәрбиешінің 
отырған  орнын  кӛрсететін  суреттер  және  сызықпен  түсірілген  бейнелер  де 
берілуі мүмкін. Тәрбиешінің тәжірибесі неғұрлым аз болған сайын, бұл бағана 
соғұрлым  толық  толтырылады.  Жұмысты  алғаш  бастаған  тәрбиешіге  дене 
жаттығуларын  оқыту  әдістемесін  толық  жазып  алған  пайдалы.  Мұнымен 
барлық 
қайталау 
жаттығуларының 
кӛрсеткіштері, 
түсініктемелері 
ойластырылып  жазылады.  Мысалы,  денені  жалпы  дамытатын  жаттығулар 
бірнеше қайталанады, тәрбиеші  қайталағанда балаларға қандай нұсқаулар беру 
керек  екенін  жазып  отырады.  Егер  қимыл-қозғалыс  ойындары  тӛрт  рет 
қайталанса, онда ойындарды қайталауда қандай анықтама берілетіні жазылады. 
Егер  тәрбиешінің  тәжірибесі  жеткілікті  болса,  онда  ол  сабақ  барысын 
ойластыра отырып, ең қажетті әдістемелік кезеңдерді қысқаша жазып отырады. 
«Eскертулер»  бағанында  сабақ  жүргізуге  дейінгі  болатын  ӛзгерістерді 
алдын  ала  кӛрсету  керек.  Мысалы,  ауа  температурасының  ӛзгеруіне 
байланысты жұмыс мӛлшерінің азаюы немесе кӛбеюі дене шынықтыру сабағын 
жүргізгеннен  кейін  осы  сабақ  барысында  болған  ӛзгерістерді  жазу,  олардың 
қандай  себептермен  болғанын  кӛрсетіп,  ескертулерді  тіркеу  және  келесі 
сабаққа жоспар-конспекті құрастырғанда ескеретін жағдайларды кӛрсету керек. 
Ашық  сабақтардың  жоспар-конспектісін  әдіскер  немесе  балабақшаның 
меңгерушісі, дәрігер, музыка жетекшісі қарайды. 
Ертеңгілік гимнастиканың жоспар-конспектісі 
Ертеңгілік  гимнастиканың  жоспар-конспектісі  дене  шынықтыру  сабағы  үшін 
жоғарыда  кӛрсетілген  формада  құрылғанымен,  міндеттері  кӛрсетілмейді  және 
сабақ бӛлімдері белгіленбейді. 
Ертеңгілік гимнастиканыц жоспар-конспектісі 
Ӛткізілетін тобы 
Ӛткізілетін күні  
Ӛткізілетін уақыты  
Ӛткізілетін орны 
Балалардың саны (ұлдар мен қыздар)  
Балалардың киімі мен аяқкиімі  
Құралдар 

 
287 
 
Мазмұны 
(жаттығулар) 
Мӛлшерлеу  Қарқын  Тыныс 
алу 
Ұйымдастыру 
(әдістемелік 
нұсқау) 
Ескертулар 
 
 
 
 
 
 
 
Кешен  жасай  отырып,  тәрбиеші  ең  бірінші  денені  жалпы  дамытатын 
жаттығуларды іріктеп алады да сосын ертеңгілік гимнастиканың басында және 
соңында қандай қозғалыстарды қосу керектігін анықтайды. 
 
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісі 
Қимыл-қозғалыс  ойындарының  жоспар-конспектісін  алдын  ала  жасаудың 
маңызы  аз  емес,  ӛйткені  ойында  тәрбиешінің  қандай  мақсатты  кӛздегеніне 
қарамай әр ойын түрліше жүргізіледі. 
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісі  
Ойын атауы 
Ӛткізілетін топ 
Ӛткізілетін күні  
Ӛткізілетін уақыты  
Ӛткізілетін орны 
Балалардың саны (ұлдар және қыздар)  
Балалардың киімі және аяқкиімі  
Дене шынықтыру құралдары, ойыншықтар, атрибуттар  
Қимыл-қозғалыс ойындарындағы шешілетін міндеттер 
Ойынның жүргізілу әдістемесі мен мазмұны мына формада жазылады: 
 
Ойынға 
кіретін 
қозғалыстар 
Қарқын  Мӛлшерлеу  Ұйымдастыру-
әдістемелік нұсқау 
Ескертулер 
 
 
 
 
 
 
Қимыл-қозғалыс  ойындарында  ең  бастысы  қозғалыс  дағдысы  қалыптасады, 
сондықтан міндетті: «Белгілі бір бағытқа лақтыру дағдысын қалыптастыру» деп 
жазу  керек.  Ойын  процесінде  балалардың  дене  қасиеттері  дамиды  және  бұл 
«Kӛз мӛлшерін дамыту» міндетіне де кіреді. 
«Oйынға  кіретін  қозғалыстар»  бағанында  осы  ойында,  осы  жүйелілікте 
бірінші  рет  және  одан  кейінгі  барлық  ойындарда  қалай  орындалса,  солай 
қайталанатын барлық қозғалыстар жазылады. 
«Mӛлшерлеу»  бағанында  әр  қозғалыстың  қанша  рет  орындалатыны 
кӛрсетіледі. 
     «Қарқын»  бағанында  әр  қозғалыстың  орындалу  жылдамдығы  (баяу,  тез, 
т.б.) белгіленеді. 

 
288 
 «Ұйымдастыру-әдістемелік  нұсқаулар»  бағанында  ойынның  бүкіл 
барысы  мен  балаларды  ұйымдастыру  жазылады.  Серуеннің,  сергіту 
минутының,  шынықтыру  процедурасының,  дене  тәрбиесі  мерекелерінің  және 
мектепке  дейінгі  мекемелерде  жүргізілетін  дене  тәрбиесінінің  басқа  да 
түрлерінің  жоспар-конспектісін  осындай  үлгіде  құруға  болады.  Әдістемелік 
жұмысты  жоспарлай  отырып,  тәрбиеші  әдебиеттерді  оқу,  ашық  сабақтар 
ӛткізу,  педагогикалық  кеңесте  сӛйлеу,  қабырға  газетіне,  ата-аналар  мүйісіне 
мақалалар  беру,  үйірмелер  мен  семинарларға,  әдістемелік  бірлестіктерге 
қатысуды  белгілейді.  Бұдан  басқа  ашық  сабаққа  дайындалу,  оны  ӛткізу,  ӛз 
жұмысының,  басқа  тәрбиешілер  жұмысының  тәжірибесін  қорытындылау, 
педагогикалық оқуларда баяндама дайындап, сӛйлеу маңызды. 
Ӛз  басының  дене  дайындығын  жетілдірудің  міндеттерін  анықтаудың 
маңызы  да  бұдан  кем  емес:  оларды  шешуге  арналған  құралдарды  іріктеу  ӛз 
басының  дене  дайындығын  жетілдірудің  барлық  формаларын  жоспарлау 
(спорт  секцияларында  айналысу  т.б.).    Ата-аналармен  істелетін  жұмыс  та 
жоспарлануға  тиіс.  Тәрбиеші  ата-аналар  жиналыстарының,  баяндамалардың, 
жеке және топтық әңгімелесулердің, кеңес берулердің тақырыбын анықтайды. 
Оның  үстіне,  тәрбиеші  ата-аналар  үшін  дәрістерді,  баяндамаларды,  ашық 
сабақтарды,  ата-аналар  мүйісін,  фотоальбомдарды  безендіруді  және 
балалардың  үйлеріне  баруды  белгілейді.  Тәрбиешінің  жоспарында  балалар 
емханасындағы  емдік  жаттығулар  жӛніндегі  кабинеттерімен,  балабақша 
балаларды  дене  жаттығуларымен  айналысатын  мәдени  парктермен, 
хауыздармен, балалардың спорт мектептерімен байланысы ӛз кӛрінісін табады. 
 Есеп.      Дене  тәрбиесі  жӛніндегі  жұмыста  алдын  ала,  күнделікті  және  
қорытынды  есеп  жасалады.  Алдын  ала  есеп.  Дене  тәрбиесі  жұмысын  дұрыс 
жоспарлау  үшін  балалардың  денсаулығы  олардың  дене  дамуы  мен  дене 
дайындығы  жӛніндегі  мәліметтерді  білу  қажет.  Бұл  үшін  дәрігерден,  ата-
аналардан  алынған  мәліметтер,  бақылаулардың  деректері,  тексерулер  жеке 
журналға жазылады. Журналдың бірінші бетінде баланың туған жылы,  мекен-
жайы, ата-анасы, тұрмыс жағдайы туралы мәліметтер мына үлгіде жазылады: 
 
№  Аты-
жӛні 
Туған 
күні, 
жылы 
Мекен-
жайы, 
телефон № 
Ата-анасының 
жұмыс 
орны, 
қызметі, 
туған 
жылдары 
Отбасы 
жағдайы 
 
 
 
 
 
 
 
Келесі  бетінде  дененің  даму  мәліметтері:  бойы,  салмағы  кеудесінің  аумағы 
(дем  алғанда,  дем  шығарғанда,  үзіліс  (пауза)),  ӛкпенің  сыйымдылығы, 
омыртқалардың  иілуінің  шамасы  (мойын,  бел  омыртқалары),  тұлға  жағдайы, 
жауырын  бұрыштарының  арақашықтығы,  табан  қалыңдығының  ӛлшеу 
кӛрсеткіштері бұлшық ет күші (оң және сол қол басының күші т.б.) толықтай 
жазылады.  Тексерудің  әртүріне  бір  беттен  қалдырып  және  барлық  тексерудің 
кӛрсеткіштері мен ӛткізілген күнін белгілеу даму барысын талдауға мүмкіндік 

 
289 
береді.  Стандартты  кӛрсеткіштермен  бірге  осы  зерттеулерді  салыстыру 
нәтижесінде осы топтағы балалар үшін дене тәрбиесін жоспарлауда ескеріледі. 
     Дәрігерлік  тексеру,  антропометрикалық  ӛлшеуді  дәрігер  тәрбиешімен 
бірлесе  отырып  жүргізеді.  Балалар  туралы  қосымша  мәліметтерді  хабарлай 
отырып,  тәрбиеші  балалардың  денсаулығы  мен  дамуындағы  ауытқушылық 
себебін  ашып  дәрігерге  кӛмектеседі.  Ал,  дәрігер  ӛз  кезегінде  тәрбиешіге 
балалардың  мінез-құлқындағы  кейбір  жағымсыз  ӛзгерістердің  себептерін 
түсінуге кӛмектеседі. 
Бақылауға  ата-аналар  да  қатыстырылады.  Осы  мақсатпен  арнаулы 
әңгімелер ӛткізіліп, онда балалардың денсаулығын, дамуын, бақылауға алудың 
жолдары  түсіндіріледі.  Ата-аналарды  да  балалардың  бойын,  салмағын,  табан, 
кеуде  қуысының  аумағын  ӛлшеуге  және  т.б.  үйрету  керек.  Осы  қосымша 
кӛрсеткіштердің  бәрі  қосыла  келе  балалардың  денсаулығы  мен  дамуы  жайлы 
дәрігерге  толық  түсініктеме  алуға  мүмкіндік  береді.  Келесі  беттерде  дене 
дайындығының  кӛрсеткіштері  белгіленеді  (дене  қасиеттері  мен  қозғалыс 
дамуының  дағдысы,  мӛлшері)  де,  бұларға  екі  беттен  қою  қажет.  Мынадай 
қозғалыстарға  ғана  есеп  жүргізуге  болады:  жүру,  жүгіру,  секіру,  лақтыру, 
ӛрмелеу-бұлар  негізінен  балалардың  дене  дайындығының  мӛлшерін 
бейнелейді. Қозғалыс дағдысымен дене шынықтыру қабілетінің даму деңгейін 
жылына екі рет (күзде және кӛктемде) есепке алып отырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет