17-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балаларды шынықтыру
1. Шынықтырудың бала денсаулығы мен дене дамуындағы маңызы.
2. Шынықтыру шаралары.
3. Шынықтырудың маңызы.
4. Шынықтыру принциптері мен әдістері.
5. Шынықтыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
"Шынықтыру" деген сӛздің негізгі мазмұны мен мағынасы адам
ағзасының ӛзін қоршаған ортаның кейбір тиімсіз, әсіресе денсаулығына әсер
ететін жағымсыз құбылыстардың зардабына қарсы тұра білетін дененің
сарқылмас күш-қуаты. "Шынықтыру" - дене жаттығуларымен айналысудағы
сауықтыру жұмыстарының ең алғашқы бастамасы - күнделікті ӛткізілетін бой
жазу жаттығулары. Шынықтыру дегеніміз - аз күш жұмсай отырып күш-
қуатымызды жан-жақты арттыруымыздың негізгі құралы. Балалық шақта бұл
нәрестенің үйлесімді дамуына жақсы әсерін тигізетін, болашақта тәрбиелі және
үйлесімді дамыған адам болып жетілуіне жол ашатын құдіретті күш.
Жаттығуларды орындаудың мақсаты - бала ағзасын алдынала жұмысқа
дайындау, ынтасы мен қабілетін арттыру. Жаттығулар бастапқыда балалардың
орындауына жеңіл, қарапайым болса, кейін күрделендіріледі. Қайталау санын
бірте-бірте кӛбейтіп, жүктемені арттыра түскен жӛн. Қайталанатын жүктеме
артып отырған сайын реакцияның жауап қайтаруы да дами түседі. Осы
тұрғыдан алып қарағанымызда шынықтыру сыртқы орта жағдайына үйлесімді
қалыптаса білудің бірден-бір тиімді процесі деп қарағанымыз дұрыс болады.
Шынықтыруды тек суық пен ыстыққа ғана емес, басқа да кез-келген жағдайға:
денеге түсетін ауырлық пен ақыл-ой жүктемесіне, атқарылатын жұмысқа
қарама-қайшы келетін жүктемеге тӛзе білуді тәрбиелеу деп қарағанымыз жӛн.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды шынықтыру мақсатында ауа
ванналары, су процедуралары (ысқылау, шайыну, душ, шомылу), күн сәулесі
268
ванналары пайдаланылады. Оларды кешенді (ауа, су, күн) қолдану неғұрлым
тиімдірек болады. Tабиғат факторларын кешенді қолдану балалардың бойында
қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз ықпалдарына (дымқыл ауа, жаңбыр, жел,
қапырық) тӛзімділік қабілетін қалыптастырады. Қандай да бір процедура бала
организмінің толық шынығуын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды
(мысалы, балалардың денесін күн сайын ысқылау, сонымен бірге олардың
жеткілікті дәрежеде далада болмауы). Дене жаттығуларымен ұштастырылған
шынықтыратын процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің
ширақ жұмыс істеуі жылу реттеу процесін жетілдіруге, сол арқылы
организмнің қоршаған сыртқы ортаға бейімделуіне кӛмектеседі. Шынықтыру
процесінде организмнің терең ӛзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол
ӛзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады. Балалар үшін қызықты дене
жаттығуларымен, ойындармен ұштастырылған шынықтыру шаралары
эмоциялық ӛрлеуді туғызады, жоғары жүйке орталықтарының қызметін
жақсартады, ішкі органдардың жұмысы мен зат алмасуды реттейтін
вегетативтік жүйке жүйесіне жақсы ықпал жасайды. Шынықтыру күрделі
шартты рефлекторлық процесс ретінде жүйелілікті талап етеді. Жүйелілік
болмай, күн тәртібі бұзылса, уақытша байланыстар жойылады, ал баланың
организмі табандылықты, әртүрлі қолайсыз ықпалдарға қарсы тұруды
қалыптастырған, қоршаған ортаның жағдайына бейімделу қабілетін жоғалтады.
Шынықтыру процесі сан алуан: бір жағынан, ол дәрігер белгілеген арнайы
шараларды (ауа, су, күн), екінші жағынан, күн тәртібінде белгіленген
жағдайдың қатаң тұрақтылығын (жүйелі түрде бӛлмені желдету, фрамугаларды
ашып қою, балалардың костюмі мен аяқ киімін жеңілдету, серуендеудің
белгіленген ұзақтығын және балалардың қимыл ширақтығын сақтау, терезелері
ашық верандада ұйықтау) қамтиды. Бұлардың бәрі организмді шынықтырудың
толық пайдалылығын қамтамасыз етеді (жүйке жүйесінің жағдайы мен
қызметін, алмасу процестерін, қан құрамын жақсартады, тыныс алуды
тереңдетеді, психикалық эмоциялық-жағымды күйді туғызады), баланың
жағдайы мен мінез-құлқын осы жағдайға стереотиптендіреді. Сӛйтіп, баланы
сәби кезінен және мектепке дейінгі жасынан шынықтыру адамның одан әрі
қалыпты тіршілік әрекетінің, оның жоғары жұмыс істеу қабілетінің, шат
кӛңілінің негізі болып табылады.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасы» ӛмірге келген
алғашқы жылдан бастап, барлық жастағы топтарда шынықтыру процедурасын
қолдануды кӛздейді: шынықтыру түрлері, оларды ӛткізу уақыты, ұзақтығы
белгіленген, дәрігердің ұсынысына сәйкес әркімнің жеке басының ыңғайына
қарау міндеттелген. Бағдарламада гигиеналық және шынықтыру шаралары
үшін арнайы уақыт белгіленіп күн тәртібінде кӛрсетілген. Қимыл кезіндегі ауа
ваннасы балалардың қимыл-әрекеті процесінде жалаңаш терінің сыртына
ауаның тікелей ықпал етуін қамтамасыз етеді. Мұндай ауа ваннасының
неғұрлым тиімді әрі табиғи түрі ертеңгілік гимнастика болып табылады. Оның
үстіне ауа ваннасын балалар дене шынықтыру сабағы кезінде, кӛбінесе
ересектер мен мектепке даярлық топтарында дәрігердің белгілеуімен
қабылдайды. Дене шынықтыру сабақтарының, сондай-ақ ертеңгілік
269
гимнастиканың ауа ваннасы ретінде ӛз ерекшеліктері бар. Оларды ӛткізу
кезінде әрбір 2-3 күнде балалардың костюмін біртіндеп жеңілдету арқылы
бӛлме ішіндегі ауаның температурасы біртіндеп тӛмендетіледі. Бұл
балалардың денсаулық жағдайын ескеру, олардың жеке басының ыңғайына
қарау арқылы дәрігердің нұсқау беруімен жүзеге асырылады. Қолда бар
зерттеулер, балабақша жұмыстарының тәжірибесі мұндай жүйелі сабақтардың
нәтижелерінің жоғары екендігін дәлелдейді: балалардың денсаулығы күшейеді,
суық тиіп ауыру мен жұқпалы аурулар азаяды; организм шынығады, белгілі
тӛзімділік қалыптасады.
Су процедуралары - ысқылау, шайыну, душ, шомылу (бассейнде, ӛзенде,
кӛлде, теңізде). Балалардың жеке бастарының ерекшелігі, денсаулық жағдайын
ескеру дәрігердің бұл процедураларды белгілеуі үшін негіз ретінде қызмет
етеді. Су процедуралары процесінде баланың ӛзін ширақ ұстауы тиімді әрі
қажет.
Бірінші кішкентайлар тобында белсенділік, негізінен, баланы қимылға
ынталандыратын үлкен адамнан басталады. 3 жастан бастап бала ӛз бетінше
әрекет етуге үйренеді. Сонымен, мысалы, жеңіл (массаждайтын) қимылмен
байланысты шеттен ортаға қарай бағытта ысқылау кезінде сығылған қолғаптың
кӛмегімен балалар ӛздері ысқылай алады. Шеңберде немесе жартылай
шеңберде тұрып олар бәрі бір мезгілде кеудесін, иықтарын, қолдарын
ысқылайды, ал одан кейін артына қарай кері айналып, қолғаптарын артында
тұрған балаға береді, ал олардың әрқайсысы ӛзінің жолдасының арқасын
ысқылайды. Сӛйтіп, ысқылау процесінде бала қимыл үстінде болады,
тоңбайды, тәрбиешінің басшылығымен қажетті ӛмірлік дағдыларға
бейімделеді. Шайыну баланың организміне ӛзінің әсер етуі жӛнінен ӛзіне
дейінгілерден әлдеқайда күштірек. Судың ағыны денені сергітеді, бұлшық
еттердің тонусын кӛтереді, олардың жұмысын жандандырады, жүйке жүйесін
қоздырады, сергектік туғызады. Бала жоғарыдан ағып тұрған суға арқасын,
кеудесін, қапталын, қарнын, қолдарын тосып бұрылады. Оның үстіне ол
денесін судың ағысына байланысты жеңіл ысқылап, шалпылдатып, қимыл
жасауы мүмкін. Шара аяқталғаннан кейін барлық балалар тәрбиешінің
бақылауымен денесін жақсылап сүртеді. Балабақшалардың ең озық
тәжірибелері жүйелі түрде шынықтыруды баланың сәби жасынан бастап,
балалар мекемелерінде болатын соңғы күндеріне дейін жалғастыру керек
екендігін, сонда ол үйреншікті сипатқа ие болатынын дәлелдейді. Бұл орайда
педагогикалық, медициналық, техникалық қызметкерлердің келісімі, сондай-ақ
ата-аналармен қарым-қатынас орнату негізгі шарт болып табылады. Кӛптеген
балалар мекемелерінде жүйелі түрде шынықтыру кезінде дәрігердің
ұсынысымен ертеңгілік гимнастикадан кейін белдікке дейін баланың үстінен су
құю (кӛбіне дайындық топтарында) практикасы қолданылады. Балалар ӛздері
үстерінен суды құйып, мойын, кеудесін, иықтарын, қолдарын ысқылайды, одан
кейін денесін жақсылап сүртеді. Белдікке дейін үстінен су құю - әртүрлі
жағдайдағы ең қолайлы процедура, сондықтан балаларды оған үйрету тиімді.
Шомылу - күнделікті жүйелі процедура ретінде (хауызда, ӛзенде, кӛлде,
теңізде) сауықтырудың, балалар организмін шынықтырудың тамаша құралы.
270
Ультракүлгін сәулелермен ұштасқан салқын су, таза ауа баланың организміне,
оның жүйке жүйесіне, эмоционалдық жағдайына ерекше жақсы әсер етеді.
Алайда бұл процедураның тиімділігіне қарамастан оған балаларды абайлап
алдын ала жүйелі түрде ысқылау, судың температурасын біртіндеп тӛмендетіп,
оларды душтың астында тұрғызып үстерінен су құю жолымен апару керек.
Жоғарыда аталып ӛткеніндей, бала организмінің ерекшеліктерінің бірі -
терморегуляторлық функциясының жергілікті дәрежеде толыспағандығы және
осыған байланысты тері арқылы қоршаған ортаға жылуды кӛп бӛлуі.
Сондықтан балалардың шомылу кезіндегі ширақтығы міндетті түрде қажет.
Тәрбиешінің шағын топтармен (6-8 адам) ұйымдастырған қарапайым кӛңілді
ойындары балалардың бойында жағымды эмоция туғызады, ал бұлшық ет
қимылдары жылылықты күшейтеді. Осының арқасында бала ӛзін жақсы
сезінеді, тоңбайды, судан қорықпайды. Шынықтыру мақсатымен шомылдыру
«Бағдарламада» естиярлар, ересектер және даярлық топтарына ұсынылады.
Суға үйретуді практика кӛрсетіп отырғанындай 1,5-2 жастан бастау тиімді.
Суда тар жерден жүру, тастарды теру, ойыншықтармен ойнау, шалпылдату
ӛздері бұрын кӛрмеген суға үйренісуіне кӛмектеседі, жағымды эмоция
туғызады, батылдыққа тәрбиелейді. Шомылатын орынды мұқият тексеру,
ересектердің жіті бақылауымен суда бір мезгілде 3-4 баладан кӛп болмауы,
дәрігердің барлық нұсқауларын сақтау - бұл процедураны ӛткізудің міндетті
шарты. Әрбір жастағы топтар үшін суға шомылу уақытының ұзақтығын
балалар мекемелерінің дәрігері белгілейді. Бұл орайда метеорологиялық жағдай
(ауаның, судың, желдің температурасы, шуақты немесе бұлыңғыр ауа райы)
және барлық балалардың организмінің қол жеткен шынығу дәрежесі ескеріледі.
Күн ваннасы. Күн баланың жалпы жағдайын күшейтіп, алмасу
процестерін жақсарта отырып оның организміне ӛте жақсы әсер етеді.
Бактерицидтік (бактериялардың дамуын тоқтататын), мешелге қарсы (жүйке
жүйелерінің қызметін жақсартатын, алмасу процестерін арттыратын, сүйек-
бұлшық ет жүйесін нығайтатын), эритемдік (қан ағымын күшейтетін және
терінің қызаруын туғызып, күюге ауысатын) әрекеттерге ие ультракүлгін
сәулелер барынша тиімді болады. Күннің бала организміне бұлай жан-жақты
әсер етуі ерекше сақтықты талап етеді. Күн ваннасын шамадан тыс пайдалану
кезінде балалардың бойында теріс құбылыс (елігу, ұйқының қашуы,
тамырлардың күрт кеңейіп кетуі, қан құрамының нашарлауы, т.б.) пайда болуы
мүмкін. Сондықтан балалар мекемелерінде күн ванналары балалардың жеке
бастарының ерекшеліктерін міндетті түрде ескерген дәрігердің белгілеуіне
сәйкес ӛткізілуі керек. «Бағдарламада» бірінші, екінші кішкентайлар
топтарында серуен кезінде күн процедурасын сағат 11-ге дейін, сондай-ақ
естиярлар, ересектер топтарында серуен және ӛз беттерінше әрекет ету кезінде
қабылдау ұсынылады. Күн сәулесінің тікелей ықпалында болу дәрігердің
нұсқауларымен сәйкес болып, тәрбиешінің қатаң бақылауында болуы тиіс.
Сӛйтіп, жоғарыда кӛрсетілген шынықтыру процедураларының бәрі балалардың
ширақ қимыл әрекетімен, сипаты мен дәрежесі әртүрлі интенсивтілігімен
(жайбарақат жатқан қалыптағы күн ваннасынан басқа) байланысты. Егер ауа
ванналары ертеңгілік гимнастика мен дене шынықтыру сабағы формасында
271
арнайы іріктеп алынған дене жаттығуларына құрылса, онда қалған барлық
процедуралар - ысқылау, үстінен су құю, шомылу процесінде орындалатын
процедураның сипатына сәйкес сан алуан қимыл әрекеттері кӛзделеді. Олар
бала организмінде жылу реттеу процесінің дер кезінде пайда болуына, оның
бойында жаттығуға саналы кӛзқарасты, психикалық эмоциялық кӛңіл күйді
қалыптастырады.
Шынықтыру шараларын ӛткізуге арналған ұсыныстар. Сәбилерді
шынықтыру
1. Бӛлменің температурасы + 20-22 градустан кем болмауы тиіс.
2. Ауа ваннасын 2-4 минут ішінде сәбидің киімін ауыстырған және жӛргегіне
ораған уақытында қабылдау.
3. Гимнастикалық, сондай-ақ денені уқалап-сылауға, емдеуге арналған ауа
ваннасы. Алғашқы айларда ауа ваннасының ұзақтығын 4 минуттан бастап 1
жасқа толғаннан кейін 10-12 минутқа дейін жеткізу.
4. Ауа ваннасын алу үшін жаз айларында ашық алаңқай жерлерде, ал қысқы
күндері ауасы тазартылған бӛлмеде ұйықтату.
5. Ӛмірдің алғашқы күндерінен бастап 28 градус жылы суға шомылдыру, кейін
судың жылылығын 20 градусқа дейін біртіндеп тӛмендету.
6. Судың ваннадағы жалпы жылылығы 36-37 градус болады, ұзақтығы 5-6
минут. Ваннаға қосымша құйылған судың жылылығы 34-35 градус болуы
керек.
7. Жазғы маусымда сәбилерге арналған ауа ваннасын тәулігіне 2-3 рет күн
сәулесі шашыраңқы түскен жерде ӛткізу. Ұзақтығын 3-4 минуттан бастап, кейін
10 минутқа дейін ӛсіру.
1-3 жастағы сәбилерді шынықтыру
1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан оянған кездерінде, үстіндегі киімдерін
ауыстырған уақытта, ауаның жылылығы 19-20 градус болғанда, осы жастардағы
балаларға арналған гигиеналық гимнастикаларды орындау кезінде шынықтыру.
2. Ауа температурасы 10 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында
болған күндері балалардың таза ауада демалып, ұйықтауын ұйымдастыру.
3. Ауа температурасы 15 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында
болғанда тәулігіне 2 рет таза ауаға серуенге шығару.
4. Жылылығы 20 градус шамасындағы сумен шынықтыру жаттығуларын
орындағанда су температурасын 16-20 градусқа дейін тӛмендету.
5. Таза ауада серуендеп, демалғаннан кейін, олардың денесіне су құйып
шынықтыру. Судың алғашқы жылылығы 34-35 градус болып, оны жайлап 24-26
градусқа дейін түсіру.
6. Күндізгі ұйқы алдында судың жылылығы 28 градус болғанда аяқты шаю, су
құю, су жылылығын 18 градусқа дейін біртіндеп тӛмендету.
272
7. Ұйықтар алдында ванна қабылдау. Аптасына 2 рет, судың жылылығы 36
градус, ұзақтығы 5 минут. Су температурасын 34 градусқа дейін тӛмендетіп,
денесіне су құюды күн сайын жалғастыру.
8. Жазғы маусымның ашық күндерінде күнге қыздырыну жолымен денені
шынықтыруға арналған шараларды тәулігіне 2-3 рет 6 минуттан бастап, 8-10
минутқа жеткізу.
4-7 жас аралығындағы бүлдіршіндердің денесін шынықтыру
1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан кейін балдырғандардың киімдерін
ауыстырғанда ертеңгілік гимнастика жаттығуларын орындау. Балалар
жуынғаннан кейін күн сәулесін қабылдайды. Гимнастика жаттығуларымен
айналысуға 6-7 минут уақыт беріледі. Олардың ӛтінішіне орай ауа ваннасының
кӛлемін 10-15 минутқа дейін созуға болады.
2. Балдырғандар ұйықтайтын бӛлмелердің терезелерін ашып, салқын ауамен
шынықтыру. Таза ауамен шынықтыруға бағытталған шараларды тӛбесі
жабулы,
басқа
да
ашық
жерлерде
ұйымдастыруға
болады.
3. Ауа температурасы 15 градус салқындықтан 30 градус жылылық
аралығындағы балалардың күндізгі серуендерін 2 рет ұйымдастыруға болады.
4. Балдырғандарды жылылығы 14-16 градус сумен шомылдыру. Мойнынан,
кеудесінен
және
қолдардың
шынтақтарынан
бастап
жуындыру.
5. Судың алғашқы температурасы 34 градустан оны біртіндеп +24 градусқа
дейін
тӛмеңдетіп,
бүлдіршіндердің
денесін
сумен
шынықтыру.
6. Күндізгі ұйықтар мезгілі алдында судың бастапқы температурасын +28
градустан +16 градусқа дейін біртіндеп тӛмендетіп аяқтарына су құю.
7. Судың температурасы +35 градус шамасында болғанда ванна қабылдау.
Түнгі ұйқының алдында аптасына 2 рет денесіне су құю, судың жылылығы 33
градустан кем болмауы керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шынықтырудың бала денсаулығы мен дене дамуындағы маңызы қандай?
2. Шынықтыру шараларын атаңыз.
3. Шынықтырудың маңызы неде?
4. Шынықтыру принциптері мен әдістері туралы не білесіз?
5. Шынықтыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар қандай?
6. Балаларды үй жағдайында шынықтырудың ерешеліктерін атаңыз?
7. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы (барлық
жас ерекшелік топтары үшін) бойынша шынықтыру шаралары уақытына
кӛңіл бӛлу. Әр жас топтары үшін шынықтыру шаралары үлгісін ұсыну.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған
материалдар
273
1. Адам ағзасының ӛзін қоршаған ортаның кейбір тиімсіз, әсіресе
денсаулығына әсер ететін жағымсыз кұбылыстардың зардабына қарсы тұра
білетін дененің сарқылмас күш-қуаты:
А. Қалыптастыру
Ә. Дамыту
Б. Шомылдыру
В. Шынықтыру
2.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды шынықтыру мақсатында
қолданылады:
А. Тамақ
Ә. Ұйқы
Б. Ауа
В. Ән тыңдау
3.Tабиғат факторларын кешенді қолданудың нәтижесі:
А. Дене қимылын дамытады
Ә. Қоршаған орта жағдайына тӛзімділік қабілетін қалыптастырады
Б. Бала мүсінін сұлуландырады
В. Организмінің толық жетілуін қамтамасыз етеді
4. Балалардың қимыл-әрекеті процесінде жалаңаш терінің сыртына тікелей
ықпал етеді:
А. Ауа ваннасы
Ә. Ойын
Б. Еңбек
В. Серуен
5. Су процедурасы:
А. Демалу
Ә. Оқу
Б. Жату
В. Ысқылау
6. Бұлшық еттердің тонусын кӛтереді, олардың жұмысын жандандырады,
жүйке жүйесін қоздырады, сергектік туғызады:
А. Еңбек
Ә. Музыка
Б. Судың ағыны
В. Қалыпты ұйқы
7. Шомылатын орынға қойылатын талап:
А. Үстерінде міндетті түрде спорт киімі болуы
Ә. Суды мұқият тексеру
Б. Ата-анасын ертіп келуі
В. Суда 30 минутқа дейін тұруы
8. Ересектердің жіті бақылауымен суда бір мезгілде неше бала болуы тиіс?
А. 3-4 бала
Ә. 10-15 бала
Б. 15-20 бала
274
В. 20-25 бала
9. Шынықтыру процедурасын ӛткізудің міндетті шарты:
А. Күн жылы болуы
Ә. Дәрігердің барлық нұсқауларын сақтау
Б. Ата-анасынан рұқсат сұрау
В. Шарттың қажеті жоқ
10. Әрбір жастағы топтар үшін суға шомылу уақытының ұзақтығын балалар
мекемелерінде кім белгілейді?
А. Дәрігер
Ә. Тәрбиеші
Б. Меңгеруші
В. Әдіскер
11.Суға шомылуды белгілегенде ескеріледі:
А. Бала жасы
Ә. Оның бойының биіктігі
Б. Балалар организмінің қол жеткен шынығу дәрежесі
В. Баланың сол бойдағы дене салмағы
12.Күн ваннасын шамадан тыс пайдалану кезінде балалардың бойында пайда
болуы мүмкін:
А. Ойынға қызығушылық
Ә. Сергектік
Б. Ертеңге деген үміт
В. Елігу және ұйқының қашуы
13.Кішкентайлар тобында серуен кезінде күн процедурасын қабылдау уақыты:
А. Сағат 11-ге дейін
Ә. Сағат 2-де
Б. Сағат 3-те
В. Сағат таңғы 8.00-де
14.Қан ағымын күшейтетін және терінің қызаруын туғызып, күюге ауысатын
әрекет:
А. Ойын әрекеті
Ә. Эритемдік
Б. Еңбек
В. Спорт
15.Бактериялардың дамуын тоқтататын әрекет:
А. Ойындық
Ә. Оқу
Б. Индукциялық
В. Бактерицидтік
18-тақырып. Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар
1. Сергіту
сәттері,
сергіту
сәттерінің
маңызы
(Сергіту
сәттерін
ұйымдастырудың әдістемесі).
275
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі мерекелерін ӛткізудің маңызы
(Балаларды ұйымдастыру. Оларға жетекшілік ету әдістемесі. Мәдени
тынығуды ұйымдастыру).
Сергіту сәттері (физкультминутка) (қысқа мерзімді дене жаттығулары)
естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте,
сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі, т. б.) ӛткізіледі.
Сергіту сәттерінің маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-
жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың
іс-әрекет сипаты мен дене қалпының ӛзгеруінде болып табылады. Егер сабақ
процесінде бала ұзақ отырып қалса, онда бұлшық еттердің статикалық
жағдайының салдарынан жүйке жүйесіне әсер ететін, шаршап-шалдығу сезімін
туғызатын тоқырау құбылысы пайда болады. Бала «тықыршып қимылдай»
бастайды, кейде қалыптасып келе жатқан тұлғасына қолайсыз қалыпты
ӛзгертуге тырысады. Бақылау мынаны кӛрсетіп отыр: біртектес жұмысты істеу
кезінде, сондай-ақ сабақты дұрыс мӛлшерлеуді бұзу кезінде қажудың дендеуі
күшейе түседі, мұның ӛзі баланың зейінін нашарлатады. Бұл ми қыртысындағы
тежелудің күшеюімен және осыған байланысты рефлекторлық реакция
жылдамдығының, баланың оқу материалын игеру қабілетінің нашарлауымен
түсіндіріледі. Ол әр нәрсеге алаңдай бастайды, зейін белсенділігі кеміп,
қабылдауы тӛмендейді. Осы белгілердің бәрі сол алаңдау кезінде әрекетті
ӛзгерту қажеттігін кӛрсетеді.
Ӛз заманында К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Баланың аздап
қимылдауына мүмкіндік беріңіз, ал ол сізге тағы да ондаған минуттық зейін
сыйлайды». Сергіту минуты зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын
қалпына келтіруге бағытталған. Дене жаттығуларын орындау немесе қимыл-
қозғалыс ойындары бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуін туғызады, ал бұл ӛз
кезегінде қан айналысын жақсартады, сол арқылы жүректің жұмыс істеу, тыныс
алу интенсивтілігін күшейтеді, симпатикалық жүйке жүйесінің әрекетін, тұтас
алғанда миды қанмен қамтамасыз етуді жандандыра түседі. Осылардың бәрі
қосылып бала психикасының эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына кел-
тіруге, зейінін, ақыл-ой қызметін, жалпы дене жағдайын арттыруға әсер етеді.
Шаршағаны басылып, бала тынығады, қайтадан құлшынып сабаққа кіріседі.
Сабақтарды жоспарлау кезінде олардың сипатын ескеру керек. Зейін мен ақыл-
ойдың ӛте күшті ширығуын туғызатын есептеу жӛніндегі сабақтарды
эмоциялық тонусты күшейтетін музыкалық немесе дене шынықтыру
сабақтарымен кезектестіру тиімді болады. Әрекетті ӛзгерту кезінде баланың
бірінші сабақ кезіндегі шаршағаны шығады. Сергіту минутын ӛткізу кезіндегі
міндетті шарт таза ауа (фрамуганың, терезенің ашық тұруы, желдетілген бӛлме)
болып табылады. Сабақ процесіндегі сергіту балалармен сабақ ӛткізілетін
үстелдің жанында отырып немесе түрегеп тұрып ӛткізілуі мүмкін. Ол бұлшық
еттердің жұмысын жандандыратын және кӛкірек қуысын кеңейтетін кеудені
тӛмен июге, орнында тұрып аяқ басуға құрылған 2-3 жаттығудан тұрады.
Бұлардың бәрі 1-2 минуттың ішінде орындалады. Екі сабақтың аралығындағы
сергіту қимыл-қозғалыс ойыны немесе жаттығу түрінде ӛткізілуі мүмкін.
276
Эмоциялық тонусты ерекше күшейтетін ойындардың ішінде секіріп ойнауды,
қуып жетуді, ұстап алуды әртүрлі нұсқаларымен пайдалану тиімді болады.
Барлық балаларды ширақ қимылға тарта отырып, бұл ойындар қан айналымын
күшейтеді, тыныс алуды тереңдетеді, құрсақ қуысындағы, бас сүйегі мен
аяқтағы қанның ұю құбылыстарын жоюға кӛмектеседі. Жаттығулардың ішінде
иық, белдеу еттерінің, кеуде, аяқтың негізгі топтарын интенсивті жұмыс істеуге
тартатын, тұлғаны түзейтін, жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын
балаларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолдарды жоғары кӛтеру,
оларды бұлғау, жан-жаққа созу, тӛмен түсіру; тартылу, жартылай отыру, отыру,
аяқты тізеден бүгу; кеудені жан-жаққа қисайту, алға-тӛмен иіліп, ізінше бойды
тіктеп түзеу, т. б. Жаттығу аяқталысымен, егер ұзаққа созылмайтын қимыл-
қозғалыс ойыны ӛткізілсе, тәрбиеші балаларға немен айналысуы керектігін
ескертеді, асықпай ӛзі орындарын табуды ұсынады.
Балалар мекемесіндегі дене тәрбиесі мерекесі. Мереке балалардың
қалыпты, шат кӛңілді жағдайын, қимыл дағдыларын қалыптастыруда олардың
жетістіктерін кӛрсетеді. Қимыл мазмұнының динамикасына толы, таза ауада
ӛткізілген мереке балалар ӛміріндегі қуанышты оқиға болып табылады. Дене
тәрбиесі мерекесі бағдарламасының негізін балалардың белгілі бір уақыт
кезеңінде игерген қимыл дағдыларын бейнелейтін қимыл-қозғалыс ойындары
мен сан алуан дене жаттығулары құрауы керек. Жүйелі дене шынықтыру
сабақтарында игерілген ойындар, жаттығулар арнайы дайындықты талап
етпейді және балаларды зор рақат сезіміне бӛлейді. Мерекеге дайындалу
жоспарлы тәрбие жұмысына зиянын тигізбеуі керек. Уақыт жӛнінен ұзақтығын
үнемі ескермей мерекеге дейін «нӛмірді» сан рет қайталау балалардың дене
күшінің, психикасының шаршап-шалдығуын, қызығушылығының жоғалуын,
эмоциясының тоқырауын, оларды мерекеде жаттап алған сабақ ретінде
орындауын туғызады. Мереке балалармен жүргізілген жүйелі жұмыстың табиғи
нәтижесі болуы керек. Дене тәрбиесі мерекелері тек ӛздеріне ғана тән мазмұн
ерекшелігімен ӛзгешелене отырып, бағдарламасы мен құрылымы жӛнінен
мүлде сан алуан болуы мүмкін. Дене тәрбиесі (спорт) мерекесі күнделікті ӛмір
фонында балабақша аумағын (мереке ӛткізетін орынды) әдеттегіден тыс
безендірумен, дене шынықтыру құралдарымен тамаша сәндендірумен
ерекшеленеді: гүлдер, фонарлар, ленталар және с. с. балалалардың қуанышты
үмітін, мерекелік кӛңіл күйін туғызып, балалар ойнайтын алаңның қалыпты
түрін ӛзгертеді. Мереке процесінде эмоциялық ӛрлеу туғызатын, балаларды
қуанышты, сергек кӛңіл күймен біріктіретін музыка зор рӛл атқарады.
Мерекенің бірінші бӛлімі спорт парады формасында құрылуы мүмкін, ол
жеке командаларға бӛлінген, ӛздерінің вымпелдерімен, белгілерімен ӛтетін
балалардың жалпы салтанатты шеруімен басталады. Балалардың әнмен,
ӛлеңмен ұштасқан қимылдары жоғары эмоциялық ӛрлеу туғызады. Оның
ізінше балалар ӛздерінің ойындағы және жаттығулардағы жетістіктерін
кӛрсетулері мүмкін. Ересектер топтары ӛздеріне қолайлы жарысқа (жүгіруге,
лақтыруға, секіруге, т. б.), спорттық ойындар элементі қолданылатын
ойындарға қатысады.
277
Мерекенің екінші бӛлімі балалардың күшті қызығушылығын, сезімінің
жарқындығын, таңғалуын, қуанышын туғызатын сыйлық түрінде болуы
мүмкін. Мысалы, барлық балалар мен қонақтарды «тылсым орманға»
серуендеуге шақыру, ол орман алаңында қол ұстасып, ән салу, би билеу,
балаларға «сиқырлы дастарқаннан» шай беріп, дәм татқызумен аяқталады.
Мерекелер қыста да қызықты болады. Олардың мазмұны белгілі бір маусымға
тән балалардың қимыл-әрекеттерін құрайды. Ептілікті шыңдауға арналған
әртүрлі тапсырмалармен шана тебу, коньки теуіп ойнау, шаңғымен жүру,
хоккей ойнау, кӛңілді қимыл ойындары, ересектер немесе мектеп оқушылары
дайындаған, кӛпшілік билейтін күрделі емес билер және сыйлық жасау сәттері.
Қыс мерекесі жаңа жылдық шырша тӛңірегінде немесе белгілі бір тақырыпқа
құрылған ойын түрінде («Cолтүстікке сапар шегу», «Cаяхат жасау», т.б.)
ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғарыда атап кӛрсетілгеніндей, бағдарламаның
негізін қыс айларына дейін балалар игеріп үлгерген қыс айларындағы дене
жаттығулары, ойындар құрайды. Әсем атрибуттар, музыка (баян, аккордеон)
оларды ерекшелендіреді, тартымды етеді. Қыс мерекесінде балалардың
орындауында әндер мен ӛлеңдер естілмейді, алайда музыка, жетекшінің
(ӛлеңмен немесе қара сӛзбен) үн қатуы мерекелік кӛңіл күйді туғызады,
балалардың жекелеген әрекеттері мен ойындарын біртұтас етіп біріктіреді.
Қуанышты таңырқау мен күлкінің бастауы ретінде сыйлық жасау сәтін
ересектер немесе мектеп оқушылары орындайды.
Балалар бақшасындағы дене жаттығулары мейрамдары балалардың
белсенді демалысының бір түрі - ол белгілі бір уақыт аралығында ойындарды,
дене жаттығуларын балалардың меңгеруі кезінде қол жеткен нәтижелерді
кӛрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа балаларға күтпеген жағдайларда
бағытты ӛзгертуден, зеректіктен, икемділіктен, күш сынасудан мерекелік
жағдайда жарысуға мүмкіндік туғызылады. Мейрамдар бір топ үшін де, бір
жастағы бірнеше топ пен жастары жӛнінен аралас топтар үшін де ӛткізіледі.
Мейрамды ӛткізу орны дене шынықтыру залы, алаң, хауыз (бассейн), мұз
айдыны, шаңғы жолы болуы мүмкін. Дене шынықтыру мейрамының маңызды
қорытындысы - бұл қатысудан, жеңуден, қарым-катынастан, бірігіп атқарған
қызметтен туындаған қуаныш пен шаттық. Қозғалыс белсенділігін
ұйымдастырудың ӛзге түрлеріне қарағанда, кез келген дене шынықтыру-
спорттық мейрамы үлкен дәрежеде баланың қимыл-қозғалысының сұранысына
сәйкес келеді, оның денесінің үйлесімді дамуына себепші болады.
Кез келген мейрамды ұйымдастыру - дайындықты, ӛткізуді,
қорытындысын шығару сатылары енетін күрделі, кӛп күш жұмсауды қажет
ететін процесс. Мейрамға дайындық - бұл сценарийді кұрастыру, атқаратын
жұмыс пен міндеттерді қатысушылардың арасында бӛлу, музыкалық
сүйемелдеуді таңдау, алаңды немесе залды безендіру, спорттық киімдерді,
эмблеманы, шақыруларды, т.б. дайындау.
Мейрамның жоспар-сценарийін құрастырғанда тӛмендегілерді орындау
қажет:
278
ойындар мен тапсырмаларды жоғары дене жүктемесімен, сондай-ақ
күйзеліс-қиналысты
түсіруге
арналған
тапсырмалармен
кезектестіруді қарастыру;
бұқаралық және жеке ойындар мен тапсырмаларды кезектестіру
баланың қатысуын, іс-қимылын оның жеке ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін есептей отырып бағалауды қарастыру;
жаңа белгілерді, музыканы, кейіпкерлерді кірістіре отырып,
балаларға таныс және оларда жағымды сезімталдық жағдайды
туғызатын ойындар мен тапсырмаларды үйлестіру.
Мейрамның ұзақтығы қатысушылардың жасына сәйкес белгіленеді: 4-5
жастағы балалар үшін 45-50 минут; 6-7 жастағы балалар үшін 60-90 минут.
Егер мейрамға әртүрлі жастағы балалар мен ересектер қатысатын болса, онда
балалардың катысу ұзақтығы олардың жүйкесі мен дене мүмкіндіктерімен
анықталады. Дегенмен де, мейрам кез келген жағдайда 1,5 сағаттан артыққа
созылмауы керек, әйтпесе, қызығушылықты азайтатын шаршау пайда болады.
Мейрамға қатысушылар 4 жастан 7 жасқа дейінгі түрлі жастағы балалар да,
ересектер де болуы мүмкін. Мұндай мейрам, әдетте, қозғалыс ойындарынан,
атракциондардан, ермек ету жұбаныштарынан құрылады, оған (кезекпен
немесе бірдей жастағы азғантай топпен) барлық балалар қатысады, ал қол
ұстасып жүріп ән айту мен билер секілді кӛпшілікті қамтитын ойындарға
ынталылардың бәрі бір мезгілде қатыса алады. Мейрам бірдей жастағы немесе
сол жасқа жақын жастағы балаларды қосу негізінде де ұйымдастырылуы
мүмкін. Егер ол жарыстың элементтері бар ойындардан немесе спорттық
ойындардан құрылса, онда оның қатысушылары 5-7 жас аралығындағы балалар
болады. Мазмұндық ойындар мен музыкалық сыйлық басым болатын кӛңіл-
кӛтеру, саяхат жасау мейрамы болса, оған 4-6 жастағы балалар қатысады.
Мейрамды кӛңілді жарыс есебінде ӛткізуге болады, оған ата-аналары,
атасы мен әжесі, аға-інісі және апа-сіңлісі де қатыса алады. 2-3 жастағы балалар
да қатыса алатын жекелеген және арнайы ойындық тапсырмалары мен кӛпшілік
қатысатын әзіл-күлкілі эстафеталар да белгіленеді (ӛздерінің аға-апаларының
аяғының арасынан еңбектеп ӛту, әжелер үшін ӛзінің немересін қайткенде де
жылдам киіндіру тапсырмалары және т.б).
Мейрамның құрылымында шартты түрде 3 бӛлімді қарастыруға болады.
Бірінші кіріспе бӛлімі - қатысушылардың шеруі түрінде, ертегідегі
кейіпкерлердің күтпеген жерден немесе кӛпшілік қатысатын ойындарға,
атракционға және ойын-күлкіге барлығының да қатысуы керектігін айтатын
шақырушының шыға келуі түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Қыста мейрамды
ұзын шана поездың немесе үш ат жеккен шананың қозғалысынан да бастауға
болады. Су тасқынынан, ӛрттен, жер сілкінісінен зардап шеккендерді құтқару
үшін барлық батылдар мен күштілерді шақыратын дабыл қағу түрінде,
құтқарушылардың, саяхатшылардың, ғарышкерлердің ойын-мейрамы түрінде
де басталуы мүмкін.
Сабақтың басты міндеттерін шешуге бағытталған мейрамның негізгі
бӛлімі ойындар, жарыстар, атракциондар түріндегі тиісті қозғалыстар
мазмұнымен толықтырылады. Әр баланың қатысуын қарастырған маңызды.
279
Әдетте, "Бізде кім батыл?" немесе "Kім мына ойынды ойнағысы келеді?" деп
сұрақ-шақыруларға үнемі бір балалар ғана қол кӛтереді де, ал шешімсіз және
ұялшақ балалар жұмысқа (ойынға) қатыспайды. Бұл жағдайда былай жасауға
болады. Залға кіргенде әрбір бала билет алады (билеттің түрі, түсі, т.б. әртүрлі
болуы мүмкін), мейрамның барысында жүргізуші қоян түріндегі билеті
барларды "Cекіргіштер" жарысына қатысуға шақырады. Билеттерді әр баланың
ерекшеліктерін жақсы білетін ересек адам таратады. Жағымсыз сезімге тап
болмас үшін, кімге қандай билетті беру керектігін алдынала шешіп алған жӛн.
Егер мейрам кӛпшілікті қамтитын сипатта болса, онда жабдықтарды, қоятын
және жинайтын, музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, сыйлықтарды
тапсыратын, тәрбиешілер мен оқушы-балалардың ішінен жүргізушінің бірнеше
кӛмекшісі болғаны жӛн. Айқын байқалатын жарыстық бағыттағы мейрамда
жекелеген қатысушылардың немесе команданың кӛрсеткен ӛнерін уақытылы
бағалау маңызды. Бұл үшін алдын ала үш-бес адамнан қазылар (жюри) алқасы
сайланады және кӛрінетін жерге кӛрсеткіш тақта (табло) ілінеді. Ол дәстүрлі
немесе әдеттен тыс болуы да мүмкін, мысалы, құрылыс материалынан
тұрғызылған мұнара түрінде болуы мүмкін, кімнің мұнарасы биік тұрғызылса,
сол жеңіске жетеді және т.б.
Қорытынды шығарғанда жүргізуші ӛте әдепті, сыпайы болғаны жӛн:
ӛйткені балалар ӛте кінәмшіл болып келеді, олар ӛз қабілеттерін дұрыс
бағалай алмайды, сәтсіздіктеріне жаны қатты ауырады. Сондықтан,
біріншіден, командаларды дұрыс кұрған жӛн, олар күші жӛнінен және ер
балалар мен қыздардың саны тұрғысын да тең болуы тиіс. Екіншіден, жеңіс
және жеңіліс туралы ұқыпты түрде айту, балаларда үміт пен сенімділік рухын
колдау қажет. Мейрамның соңына карай ұқыпты түрде нәтижелерді теңестіру
немесе түрліше ретте (номинациямен) екі команданы да марапаттау керек,
мысалы, бірінші команда "Eң епті және жылдам", екіншісі "Eң ұйымшыл
және кӛңілді" деген ретте. Кез келген мейрамның шарықтау шегі күтпеген
сәттер болып табылады. Оның мазмұны мен күтілетін уақыты
қатысушылардың жасына байланысты. Кӛп
жағдайда күтілмеген сәт есебінде
ертегідегі кейіпкерлердің (ересектер, үлкен балалардың) күтпеген жағдайда
кӛрінуі пайдаланылады. Соңында "Tышқан аулау", "Әткеншектер" түріндегі
орташа қозғалыстағы кӛпшілік катысатын ойындарды (шеңберде болса
жақсы) ӛткізу, кӛпшілік үшін би ұйымдастыру орынды болады. Марапаттау
салтанатты және кӛтеріңкі жағдайда жүргізілуі тиіс. Эмблемаларды, үшкір
жалаушаларды (вымпелдерді), кәде-сыйларды (сувенирлерді) топтағы ең
кӛрнекті, құрметгі орынға орналастырған дұрыс болады. Егер бұл жеке
сыйлық болып және оны балалар үйге алғысы келсе, балалар бӛлмесінен
"жеңіс" бұрышын тауып, қоюға ата-аналарға кеңес берген жӛн. Бұл салауатты
ӛмір салтын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Дене жаттығуларымен шұғылдануға орнықты кызығушылықты балаларда
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |